Кавказ (Қап тау) — батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен, шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке. Солтүстігінде Кума-Маныч ойпатымен шектеледі. Оңтүстігінде шекара айқын емес – Алдыңғы Азия таулы қыраттарына ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мемлекеттері жерінде орналасқан. Негізгі бөлігі – Үлкен Кавказ тау жүйесі (Эльбрус тауы, 5642 м). Оның Солтүстік етегінен Кума-Маныч ойпаңына дейінгі жер Кавказ алды деп аталады. Оңтүстік Колхида ойпаты мен Кура ойпаты Үлкен Кавказды Кавказ сырты таулы қыратынан бөледі. Таулы қыраттың Солтүстік және Солтүстік-шығыс шеткі тізбектері Кіші Кавказ тау жүйесін құрайды, Оңтүстік ішкі бөлігі Армян (Джавахет-Армян) жанартаулы қыратына жатады (Арагац тауы, 4090 м). Кавказ – альпілік қатпарлану кезеңінде көтерілген тау. Климаты қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекарасындағы орнымен тығыз байланысты. Кавказдың батыс бөлігінде – қоңыржай континенттік, далалық шығысында – құрғақ, континенттік, Колхида мен Ленкорань ойпаттарында – ылғалды субтропиктік, Кура – Аракс ойпатында – құрғақ субтропиктік, биік тау бастарында – биік таулық салқын белдеулер қалыптасқан. Үлкен Кавказдағы мұздықтардың жалпы ауданы 1428 км². Өзендері Каспий т. (Кура, Сулак, Терек, Кума), Қара теңіз (Риони, Ингури) және Азов т. (Кубань) алаптарына жатады. Ең ірі көлі – Севан. Үлкен Кавказ бен Кіші Кавказдың беткейлерін орман алып жатыр (емен, шәмшат, граб, шырша, майқарағай). Одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар, Джавахет – Армян таулы қыратында тау даласы қалыптасқан. Колхида мен Ленкорань ойпаттарына ылғалды субтропиктік орман тән. Кавказ мұнай, газ, қара және кендеріне, минералдық су көздеріне бай. “Севан” ұлттық саябағы және бірнеше қорықтар бар. Кавказдың курорттық маңызы зор және альпинизм мен туризм дамыған аймақ.
Жағрапиялық орны мен құрамы
Кавказ — Қара және Каспий теңіздері аралығында орналасқан Еуразиядағы тарихи-жағрапиялық өңір. Мұнда ТМД құрамына өнетін екі ел орналасқан.
Үлкен Кавказдың биік жоталары арқылы Ресей Федерациясымен шекара өтеді. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралық теңіз жолдарына жақындығы себепті Кавказдың жағрапиялық орны барлық уақытта да қолайлы болатын.
Аймақтың геосаяси жағдайының сипаты да, ең алдымен, жағрапиялық орнымен анықталады. Кавказ арқылы шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғастыратын аса маңызды көлік жолдары өтеді. Сол себепті бұл аймақты "Еуразияның басты жол қиылысы" деп те атайды. Мұнда Ресей мен Орта Азия елдерінің, Иран мен Түркияның экономикалық және саяси мүдделері тоғысады. Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалаулары бойымен маңызды көлік дәліздері етеді. Алайда бұл қолайлы мүмкіндіктерді толық пайдалануға белгілі дәрежеде аймақтағы саяси және экономикалық тұрақсыздық кедергі келтіруде. Сол себепті Каспий теңізі мұнайын Иранға, Еуропаға тасымалдау жобалары жүзеге аспай отыр.
Саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жыл бұрын мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы дамып, металдан бұйымдар жасау өркендей бастады. Бағзы замандардан бері өркениет ошағы болған бұл аумақта ежелгі дүниенің қуатты мемлекеттері (Урарту, Иберия, Колхида жәну т.б.) пайда болып, дамудың шарықтау шегіне жетті.
Табиғат ресурстарына бай және географиялық жағдайы қолайлы аймақты жаулап алып, бағындыруға тырысқандар аз болған жоқ. Рим империясы мен Араб халифаты, Иран мен Түркия ұзақ уақыт бойы Кавказды ықпал аймағына бөлісумен болды. Ұзақ жылдарға созылған соғыстар мен халықтардың көші-қоны, ұлттар мен ұлыстардың араласуы жүрді. Сол себепті шағын аумақты қамтып жаткан Кавказ жерінде халықтың ұлттық құрамы аса күрделі. Кавказда мемлекеттің ерте кезден қалыптасып, қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейде дамуы қайталанбас ұлттық мәдениет негіздерінің сақталып қалуына себепші болды. Кавказ халықтарының тағдырында солтүстіктегі қуатты көршісі Ресеймен қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарды.
Тау халықтары ұзаққа созылған (1816—1864 жылдары) Кавказ соғысы барысында Ресей әскеріне жан аямай қарсылық көрсеткенімен, ұлы көрші дегеніне жетті. Жалпы алғанда, Кавказ елдерінің Ресейге қосылуы XIX ғасырдың соңына қарай аяқталды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей экономикасымен біртұтас жүйеде дами бастаған Кавказ елдерінде экономикалық, мәдени өрлеу басталды. Қалалар мен енеркәсіп орталықтары ұлғайып, көлік қатынасы жақсарды.
Қазан революциясынан соң Ресей империясының ыдырауы, Кеңес үкіметінің орнауы нәтижесінде алғашқы жылдары жеке ұлттық мемлекеттер қалыптасып дамыды. 1922 жылы Әзірбайжан, Грузия және Армения Кавказ сырты Кеңестік Социалистік Федерациялық Республикасының құрамына енді. Бұл федерациялық құрылым 1936 жылы ыдырап, әр республика КСРО құрамына жеке мемлекет ретінде енді. КСРО кұрамында бірге болған жылдарында Одаққа енген басқа республикалармен тағдырлас Кавказ елдері 1991 жылы дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қаншама ғасыр бойы жүздеген ұлттардың бесігі болған Кавказ жерін тәуелсіздік таңы атқанда терең экономикалық дағдарыс жайлап, ұлтаралық кикілжіңдер көбейді. Қазіргі кезде Кавказдың оңтүстігінде ТМД құрамына өнетін тәуелсіз мемлекеттер — Әзірбайжан және Армения Республикалары мен 2009 жылы 18 тамызда ТМД құрамынан шыққан Грузия мемлекеті орналасқан.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Кавказ жерінің табиғаты алуан түрлі, мұнда таулы ландшафтылар келеді. Кавказ аумағында Ежелгі Орыс платформасы мен жер кыртысының қозғалмалы бөлігі болып табылатын Кавказ қатпарлы аймағы түйіседі.
Аймақтың солтүстігіндегі Үлкен Кавказ біртұтас тау жүйесі ретінде солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында 1100 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 180 км. Орталық бөлігі арқылы өтетін Бас Суайрық жота мен Бүйірлік жотаға ұзына бойьша және кесе-көлденең жатқан көптеген басқа жоталар келіп қосылады. Үлкен Кавказдың орталық бөлігінде оның ең биік нүктесі — (5642 м) орналасқан. Үлкен Кавказдағы тау асуларының өзі 2000 м-ден жоғарыда орналасқан. Қолайлы тау асулары арқылы аса маңызды тасжолдар өтеді. Кавказ тауларында қарстық үңгірлер өте көп. Үлкен Кавказдың тік жартасты аңғарлары мен биік шыңдары альпинистер назарын ұдайы өзіне аударып келеді, мұнда қазақстандық альпинистер де жиі болады.
Үлкен Кавказдың карлы жоталары Сурам жотасы арқылы оңтүстіктегі Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ одан әрі жанартаулық Армян таулы қыратына ұласады. Сөнген ежелгі жанартауларды қалың базальт қабаты жауып жатыр, олардың ең биігі — Арагац жанартауы (4090 м). Алып Арагацтың көрінісін Армения астанасы — Ереванның тұрғындары күн сайын тамашалайды деуге болады, мұндағы ең әдемі үйлер мен ғимараттар Арагацтан өндірілетін алқызыл туфпен қапталған.
Жалпы, Кавказдың Қара теңіз жаралауындағы жіңішке алабы ойпатты келеді, мұнда әйгілі емдеу-сауықтыру және орындары орналасқан. Сурам жотасынан шығысқа қарай Кура-Аракс ойпаты жатыр, ол оңтүстігінде Талыш тауларымен шектеседі.
Жас тау жүйесінің күрделі құрылымы алуан түрлі пайдалы қазбалардың қалыптасуына негіз болған. Тауаралық иіннің шығысы мен Каспий қайраңында (Әзірбайжан) мұнай кең орындары бар. Қазіргі кезде мұнай тек құрлықтағы кең орындарынан ғана емес, қайраңда орналасқан ұңғымалардан да өндіріледі. Әзірбайжанның орталық бөлігіндегі Нафталан қаласы маңында емдік қасиеті бар мұнай түрі — нафталан табылған, бұл — нафталанның әлемдегі бірден-бір кең орны.
Кенді пайдалы қазбалардың коры Кавказдың қатпарлы құрылымымен байланысты болады. Темір, кобальт кендері Дашкесанда (Әзірбайжан), мыс Армениядағы Кафан, Алаверди кең орындарында өндіріледі. Кавказ алуан түрлі құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмәр, пемза, туф және т.б.) да бай.
Дереккөздер
- География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kavkaz Қap tau batysta Қara teniz ben Azov tenizinen shygysta Kaspij tenizine dejin sozylyp zhatkan tauly olke Soltүstiginde Kuma Manych ojpatymen shekteledi Ontүstiginde shekara ajkyn emes Aldyngy Aziya tauly kyrattaryna ulasyp zhatady Resej Gruziya Әzirbajzhan zhәne Armeniya memleketteri zherinde ornalaskan Negizgi boligi Үlken Kavkaz tau zhүjesi Elbrus tauy 5642 m Onyn Soltүstik eteginen Kuma Manych ojpanyna dejingi zher Kavkaz aldy dep atalady Ontүstik Kolhida ojpaty men Kura ojpaty Үlken Kavkazdy Kavkaz syrty tauly kyratynan boledi Tauly kyrattyn Soltүstik zhәne Soltүstik shygys shetki tizbekteri Kishi Kavkaz tau zhүjesin kurajdy Ontүstik ishki boligi Armyan Dzhavahet Armyan zhanartauly kyratyna zhatady Aragac tauy 4090 m Kavkaz alpilik katparlanu kezeninde koterilgen tau Klimaty konyrzhaj zhәne subtropiktik beldeulerdin shekarasyndagy ornymen tygyz bajlanysty Kavkazdyn batys boliginde konyrzhaj kontinenttik dalalyk shygysynda kurgak kontinenttik Kolhida men Lenkoran ojpattarynda ylgaldy subtropiktik Kura Araks ojpatynda kurgak subtropiktik biik tau bastarynda biik taulyk salkyn beldeuler kalyptaskan Үlken Kavkazdagy muzdyktardyn zhalpy audany 1428 km Өzenderi Kaspij t Kura Sulak Terek Kuma Қara teniz Rioni Inguri zhәne Azov t Kuban alaptaryna zhatady En iri koli Sevan Үlken Kavkaz ben Kishi Kavkazdyn betkejlerin orman alyp zhatyr emen shәmshat grab shyrsha majkaragaj Odan zhogaryda subalpilik zhәne alpilik shalgyndar Dzhavahet Armyan tauly kyratynda tau dalasy kalyptaskan Kolhida men Lenkoran ojpattaryna ylgaldy subtropiktik orman tәn Kavkaz munaj gaz kara zhәne kenderine mineraldyk su kozderine baj Sevan ulttyk sayabagy zhәne birneshe koryktar bar Kavkazdyn kurorttyk manyzy zor zhәne alpinizm men turizm damygan ajmak Zhagrapiyalyk orny men kuramyFizikalyk karta Kavkaz Қara zhәne Kaspij tenizderi aralygynda ornalaskan Euraziyadagy tarihi zhagrapiyalyk onir Munda TMD kuramyna onetin eki el ornalaskan Үlken Kavkazdyn biik zhotalary arkyly Resej Federaciyasymen shekara otedi Kavkaz elderi Қara teniz zhagalauy arkyly Ukrainamen ontүstiginde Tүrkiyamen Iranmen Europa men Aziyanyn togysynda zhatuy zhәne halykaralyk teniz zholdaryna zhakyndygy sebepti Kavkazdyn zhagrapiyalyk orny barlyk uakytta da kolajly bolatyn Ajmaktyn geosayasi zhagdajynyn sipaty da en aldymen zhagrapiyalyk ornymen anyktalady Kavkaz arkyly shygys pen batysty soltүstik pen ontүstikti zhalgastyratyn asa manyzdy kolik zholdary otedi Sol sebepti bul ajmakty Euraziyanyn basty zhol kiylysy dep te atajdy Munda Resej men Orta Aziya elderinin Iran men Tүrkiyanyn ekonomikalyk zhәne sayasi mүddeleri togysady Қara teniz ben Kaspij tenizi zhagalaulary bojymen manyzdy kolik dәlizderi etedi Alajda bul kolajly mүmkindikterdi tolyk pajdalanuga belgili dәrezhede ajmaktagy sayasi zhәne ekonomikalyk turaksyzdyk kedergi keltirude Sol sebepti Kaspij tenizi munajyn Iranga Europaga tasymaldau zhobalary zhүzege aspaj otyr Sayasi kartasynyn kalyptasu kezenderiBizdin zhyl sanauymyzdan myndagan zhyl buryn munda eginshilik pen mal sharuashylygy damyp metaldan bujymdar zhasau orkendej bastady Bagzy zamandardan beri orkeniet oshagy bolgan bul aumakta ezhelgi dүnienin kuatty memleketteri Urartu Iberiya Kolhida zhәnu t b pajda bolyp damudyn sharyktau shegine zhetti Tabigat resurstaryna baj zhәne geografiyalyk zhagdajy kolajly ajmakty zhaulap alyp bagyndyruga tyryskandar az bolgan zhok Rim imperiyasy men Arab halifaty Iran men Tүrkiya uzak uakyt bojy Kavkazdy ykpal ajmagyna bolisumen boldy Ұzak zhyldarga sozylgan sogystar men halyktardyn koshi kony ulttar men ulystardyn aralasuy zhүrdi Sol sebepti shagyn aumakty kamtyp zhatkan Kavkaz zherinde halyktyn ulttyk kuramy asa kүrdeli Kavkazda memlekettin erte kezden kalyptasyp kogamnyn salystyrmaly tүrde zhogary dengejde damuy kajtalanbas ulttyk mәdeniet negizderinin saktalyp kaluyna sebepshi boldy Kavkaz halyktarynyn tagdyrynda soltүstiktegi kuatty korshisi Resejmen karym katynasy da eleuli rol atkardy Tau halyktary uzakka sozylgan 1816 1864 zhyldary Kavkaz sogysy barysynda Resej әskerine zhan ayamaj karsylyk korsetkenimen uly korshi degenine zhetti Zhalpy alganda Kavkaz elderinin Resejge kosyluy XIX gasyrdyn sonyna karaj ayaktaldy XIX gasyrdyn ortasynan bastap Resej ekonomikasymen birtutas zhүjede dami bastagan Kavkaz elderinde ekonomikalyk mәdeni orleu bastaldy Қalalar men enerkәsip ortalyktary ulgajyp kolik katynasy zhaksardy Қazan revolyuciyasynan son Resej imperiyasynyn ydyrauy Kenes үkimetinin ornauy nәtizhesinde algashky zhyldary zheke ulttyk memleketter kalyptasyp damydy 1922 zhyly Әzirbajzhan Gruziya zhәne Armeniya Kavkaz syrty Kenestik Socialistik Federaciyalyk Respublikasynyn kuramyna endi Bul federaciyalyk kurylym 1936 zhyly ydyrap әr respublika KSRO kuramyna zheke memleket retinde endi KSRO kuramynda birge bolgan zhyldarynda Odakka engen baska respublikalarmen tagdyrlas Kavkaz elderi 1991 zhyly damudyn zhana kezenine otti Қanshama gasyr bojy zhүzdegen ulttardyn besigi bolgan Kavkaz zherin tәuelsizdik tany atkanda teren ekonomikalyk dagdarys zhajlap ultaralyk kikilzhinder kobejdi Қazirgi kezde Kavkazdyn ontүstiginde TMD kuramyna onetin tәuelsiz memleketter Әzirbajzhan zhәne Armeniya Respublikalary men 2009 zhyly 18 tamyzda TMD kuramynan shykkan Gruziya memleketi ornalaskan Tabigat zhagdajlary men resurstaryKavkaz zherinin tabigaty aluan tүrli munda tauly landshaftylar keledi Kavkaz aumagynda Ezhelgi Orys platformasy men zher kyrtysynyn kozgalmaly boligi bolyp tabylatyn Kavkaz katparly ajmagy tүjisedi Ajmaktyn soltүstigindegi Үlken Kavkaz birtutas tau zhүjesi retinde soltүstik batystan ontүstik shygyska karaj Қara teniz ben Kaspij tenizi aralygynda 1100 km ge sozylyp zhatyr eni shamamen 180 km Ortalyk boligi arkyly otetin Bas Suajryk zhota men Bүjirlik zhotaga uzyna bojsha zhәne kese koldenen zhatkan koptegen baska zhotalar kelip kosylady Үlken Kavkazdyn ortalyk boliginde onyn en biik nүktesi 5642 m ornalaskan Үlken Kavkazdagy tau asularynyn ozi 2000 m den zhogaryda ornalaskan Қolajly tau asulary arkyly asa manyzdy taszholdar otedi Kavkaz taularynda karstyk үngirler ote kop Үlken Kavkazdyn tik zhartasty angarlary men biik shyndary alpinister nazaryn udajy ozine audaryp keledi munda kazakstandyk alpinister de zhii bolady Үlken Kavkazdyn karly zhotalary Suram zhotasy arkyly ontүstiktegi Kishi Kavkazben zhalgasady Kishi Kavkaz odan әri zhanartaulyk Armyan tauly kyratyna ulasady Songen ezhelgi zhanartaulardy kalyn bazalt kabaty zhauyp zhatyr olardyn en biigi Aragac zhanartauy 4090 m Alyp Aragactyn korinisin Armeniya astanasy Erevannyn turgyndary kүn sajyn tamashalajdy deuge bolady mundagy en әdemi үjler men gimarattar Aragactan ondiriletin alkyzyl tufpen kaptalgan Zhalpy Kavkazdyn Қara teniz zharalauyndagy zhinishke alaby ojpatty keledi munda әjgili emdeu sauyktyru zhәne oryndary ornalaskan Suram zhotasynan shygyska karaj Kura Araks ojpaty zhatyr ol ontүstiginde Talysh taularymen shektesedi Zhas tau zhүjesinin kүrdeli kurylymy aluan tүrli pajdaly kazbalardyn kalyptasuyna negiz bolgan Tauaralyk iinnin shygysy men Kaspij kajranynda Әzirbajzhan munaj ken oryndary bar Қazirgi kezde munaj tek kurlyktagy ken oryndarynan gana emes kajranda ornalaskan ungymalardan da ondiriledi Әzirbajzhannyn ortalyk boligindegi Naftalan kalasy manynda emdik kasieti bar munaj tүri naftalan tabylgan bul naftalannyn әlemdegi birden bir ken orny Kendi pajdaly kazbalardyn kory Kavkazdyn katparly kurylymymen bajlanysty bolady Temir kobalt kenderi Dashkesanda Әzirbajzhan mys Armeniyadagy Kafan Alaverdi ken oryndarynda ondiriledi Kavkaz aluan tүrli kurylys materialdaryna cement shikizaty mәrmәr pemza tuf zhәne t b da baj DerekkozderGeografiya Dүniezhүzine zhalpy sholu TMD elderi Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ө Bejsenova K Kajmuldinova S Әbilmozhinova t b Өnd tolykt 2 bas Almaty Mektep 2010 304 b sur ISBN 978 601 293 170 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet