Қожалар (парсы: «хваджа» خواجه - қожайын, мырза, ие) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 1366 жылы келгендігі айтылады. Қожалардың қазақ жеріне жаппай көп келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген. Оған дейін тіпті Шыңғыс хан заманында да Қожалар қазақ жерінде болғаны жөнінде дерек жоқ. Шыңғыс әскерінің құрамындағы тайпалар тәңір дінін, кей тайпалар христиандықтың да тармағын ұстанған. Мысалы Қожалар қазақ даласына көшпелі тайпалардың көсемі Байдібек би өмір сүрген 6-7 ғасырда келді деген деректер кездеседі. Бұл жалған дерек, себебі, ол заманда Дешті-Қыпшақ даласында қожалар да, исламда болмаған. Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда сопылықты ұстанды. Әли Әбу Тәліптің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафидан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа - парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.
- Мұхаммед пайғамбардың және төрт халифасынан тараған ұрпақтар.
- Жергілікті халыққа Ислам дінін уағыздаған, дін жолында білім берген тұлғалар және олардың ұрпақтары.
- Атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғыр әлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и-азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-19 ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған.
Қазақ шежіресі
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:
- Пайғамбардың ұрпағы деп саналатын әулеттер
- екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).
- Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.
- Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.
- Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
- Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.
- Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.
- Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» - дін жолын үйреткен тұлғалар және олардың ұрпақтары. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.
Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф - әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».
Қожа-молдалар совет үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы қожалар әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. қожалар әулетіндегі Қылышты және Сабылт қожалар нақшбандийа тариқатын ұстанды. қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, тағыда басқа болып аталады. Қазақстанда қожалар көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Ахмад Касанидің ұрпақтары
Исхақилер («қара тағлықтар»)
Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли (белгісіз - 1599) Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын.
Афақилер («ақ тағлықтар»)
Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанидің үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп (? - 1652/53). Махдумзадалардың бұл тармағы Қашқарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың (? - 1693/94) Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі.
Тұлғалар
- Болат Жамитұлы Өтемұратов
- Шортанбай жырау
- Мұхтар Омарханұлы Әуезов
- Қалила Нематұлы Омаров
- Мұхтар Қабылұлы Әблязов
- Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин
- Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин
- Болат Жамитұлы Өтемұратов
- Айман Қожабекқызы Мұсақожаева
- Садриддин Алиханұлы Ахмедов
- Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов
- Күдеріқожа Көшекұлы
- Қалқаман Айымғазыұлы Сарин
- Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев
- Майлықожа Сұлтанқожаұлы
- Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед
- Мұхамеджан Сералин
- Тәкей Есетов
- Сейілбек Шаухаманов
- Исатай Әбдікәрімов
- Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
- Кәмел Жүністегі
- Қалтай Мұхамеджанов
- Алтынқожа Биқожаұлы
- Мәделі Жүсіпқожаұлы
Тағы қараңыз
- Қожа Ахмет Яссауи
- Қожанасыр
Сыртқы сілтемелер
http://www.kozhalar.kz
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қozhalar parsy hvadzha خواجه kozhajyn myrza ie Ortalyk Aziyada islam dinin taratuda belsendilik tanytkan әuletter Қozhalar argy tegi bojynsha Muhammed pajgambardan kejingi halifalar Әbu Bәkr as Sydyk 632 634 Omar 634 644 Ospan 644 656 zhәne Әli Әbu Talib 656 661 urpagy bolyp esepteledi 13 gasyrdyn 1 zhartysynda Maulana Safi ad din Oryn Қojlaki zhazyp kaldyrgan Nasabnama shezhiresinde din taratushy Yskak Bab Bab Ata Abd al Zhalil Horasan Ata Abd ar Rahim Ortalyk Aziya aumagyna 1366 zhyly kelgendigi ajtylady Қozhalardyn kazak zherine zhappaj kop kelui әsirese Aksak Temir zamanynan kejin ote karkyndy zhүrgen Ogan dejin tipti Shyngys han zamanynda da Қozhalar kazak zherinde bolgany zhoninde derek zhok Shyngys әskerinin kuramyndagy tajpalar tәnir dinin kej tajpalar hristiandyktyn da tarmagyn ustangan Mysaly Қozhalar kazak dalasyna koshpeli tajpalardyn kosemi Bajdibek bi omir sүrgen 6 7 gasyrda keldi degen derekter kezdesedi Bul zhalgan derek sebebi ol zamanda Deshti Қypshak dalasynda kozhalar da islamda bolmagan Tүrki dalasyna kelgen kozhalar orta gasyrlarda sopylykty ustandy Әli Әbu Tәliptin arabtyn halifa tajpasynan algan әjeli Hauladan tugan imam Muhammed ibn al Hanafidan tarajtyn kozhalar әuleti Қozha Ahmet Iasaui tarikatynyn okilderi bolyp tabylady Osy tarikattagy kozhalar Altyn Orda memleketi dәuirinen bastap kazak halkynyn rulyk tajpalyk zhүzdik kurylymdarynyn pirlerine ajnaldy Қozha parsy tilinen engen bul sozben Ortalyk Aziyada tomendegi toptardy atagan Muhammed pajgambardyn zhәne tort halifasynan taragan urpaktar Zhergilikti halykka Islam dinin uagyzdagan din zholynda bilim bergen tulgalar zhәne olardyn urpaktary Atakty Nakshbandi sopy ustazy Ahmad Kasanidin 1461 1542 urpaktary atalady Қozhalar Shynzhandagy ujgyr әleumetinin arasynda zhetekshilik atkaryp kelgen Mahdum i azam uly ie degen zhanama atpen de belgili Ahmad Kasanidin ozi shygys Tүrkistanda eshkashan bolmasa da onyn mahdumzadalar dep atalyp kozha atagyna ie urpaktary 17 19 gasyrlarda sol ajmaktyn sayasatynda manyzdy rol atkargan Қazak shezhiresiDәstүrli kazak shezhiresinde kozhalar kelesige bolingen Pajgambardyn urpagy dep sanalatyn әuletter eki uly Husejnnin urpagy Sejt kozhalar Hasannyn urpagy Hovandyk kozhalar Tashkent kalasynda biraz үj bar Hazreti Alidin Rum patshasynyn kyzy Hanafiyadan tugan uly Muhammad Hanafiyanyn urpagy Abdul Zhappar Abdul Fattah Abdul Қahhar Abd ar Rahman Abd Rahym Abd Ar Rahman Ishak bab pen Abd ul Zhalil bab Abd ul Zhalil babtan tarajtyn Horasan kozhalar Duana kozhalar zhәne Niyaz kozha balalary Ishak babtyn urpaktary Akkorgandyk kozhalar men Bahshajysh kozhalar Abd Rahym Babtyn urpagy Қarahandyk kozhalar Bul әulet Қarahandyk Қulanbastyk Ak koldik zhәne Zerger kozhalar Әbu Bәkr Syddyktyn urpagy Sunak kozhalar alty syjyk zhәne Shәmshi kozhalar men Қylauyz kozhalar Hazreti Omardyn әuleti Қyryk sadak kozhalar Shajhantauyr kozhalar zhәne Babajlyk kozhalar Zhergilikti halyktan shykkan Islami bilim algan halykka ilm hikmet din zholyn үjretken tulgalar zhәne olardyn urpaktary Olar Kerejt Tүrikpen kozhalar Shezhire bojynsha kazak halkynyn asyl tekti bolyp sanalatyn boligi Shyngys hannyn urpagy zhәne kozhalardan turady zhәne үsh zhүzge enbejdi Қozha ruynyn tanbasy ﺁ әlif әrpi urany Alla Қozha Ahmet Қozha moldalar sovet үkimeti ornykkanga dejin halyk arasynda dindi uagyzdaumen katar neke kiyu sүndetke otyrgyzu zhanaza shygaru zikir salyp emdeu zhәne t b rәsimderin atkaryp otyrgan Қazak halkynyn rulyk tajpalyk zhүzdik kurylymdarynyn pirlerine ajnaldy Akkorgandyk kozhalar Ұly zhүz rulary men Orta zhүzdin bir boliginin Horasan kozhalar Orta zhүzdin bir boligi men tutas Kishi zhүz rularynyn sonymen katar Zhoshy hannyn Shibannan taragan urpaktarynyn piri bolyp sanaldy Duana kozhalardy Orta zhүz ben Ұly zhүzdin kej rulary sondaj ak Orda Ezhen urpaktary kejinnen kazak handary pir tutty Қarahan kozhalar Ұly zhүzdin kejbir rularynyn zhәne ozbek halky men kyrgyz halkyna sinip ketken ru tajpalardyn piri boldy Iasaui tarikatyndagy kozhalar әuleti kazak halkynyn ruhani mәdeni әdet guryp salt dәstүrlik birligin kamtamasyz etude kazak memlekettiginin kalyptasuynda manyzdy rol atkardy kozhalar әuletindegi Қylyshty zhәne Sabylt kozhalar nakshbandija tarikatyn ustandy kozhalarga kazak handygynda zhogary kurmet korsetilip erekshe kukyktyk artykshylyktar berildi k Zheti Zhargy Қazirgi uakytta kozhalar Ortalyk Aziya elderindegi etnostardyn tarihi kuramdas bir boligi bolyp kalyptaskan Otbasylyk әdet guryptarynda kejbir etnomәdeni erekshelikteri saktalganymen әdet guryp salt dәstүrleri zhergilikti halyktarmen astasyp ketken Өmir sүrgen ortasyna karaj shartty tүrde ozbek kozha tүrikmen kozha tatar kozha tagyda baska bolyp atalady Қazakstanda kozhalar kop shogyrlangan zherler Қyzylorda zhәne Ontүstik Қazakstan oblystary Ahmad Kasanidin urpaktaryIshakiler kara taglyktar Ahmad Kasanidin ekinshi uly Muhammad Ishak Uәli belgisiz 1599 Shygys Tүrkistanda birneshe zhyl bolgan Onyn izbasarlary kara taglyktar yagni kara tauda turatyndar dep ataldy Olardyn ykpaly negizinen Yarkand kalasyna zhүrip turatyn Afakiler ak taglyktar Қozhalardyn tagy bir tarmagy Ahmad Kasanidin үlken uly Muhammad Әminnen bastau alady Ol tagy ishon i kalon degen atpen belgili Olardyn Shygys Tүrkistanga kelgenderinin algashkysy Muhammad Әminnin uly Қozha Zhүsip 1652 53 Mahdumzadalardyn bul tarmagy Қashkarda konys teuip olar Қozha Һidayatullanyn 1693 94 Қozha Afak degen atymen afakiler dep atalyp ketti Olar ak taglyktar yagni ak tauda turatyndar degen atpen de belgili TulgalarBolat Zhamituly Өtemuratov Shortanbaj zhyrau Muhtar Omarhanuly Әuezov Қalila Nematuly Omarov Muhtar Қabyluly Әblyazov Nurlan Zajrollauly Nygmatulin Erlan Zajrollauly Nygmatulin Bolat Zhamituly Өtemuratov Ajman Қozhabekkyzy Musakozhaeva Sadriddin Alihanuly Ahmedov Әlihan Muhamediyauly Bәjmenov Kүderikozha Koshekuly Қalkaman Ajymgazyuly Sarin Arystan Mәulenuly Ғazaliev Majlykozha Sultankozhauly Muhtar Abraruly Қul Muhammed Muhamedzhan Seralin Tәkej Esetov Sejilbek Shauhamanov Isataj Әbdikәrimov Bauyrzhan Әlimuly Muhametzhanov Kәmel Zhүnistegi Қaltaj Muhamedzhanov Altynkozha Bikozhauly Mәdeli ZhүsipkozhaulyTagy karanyzҚozha Ahmet Yassaui ҚozhanasyrSyrtky siltemelerhttp www kozhalar kzDerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet