Әділетті төрт халифа (الخلفاء الراشدون әд-Хулафаур Рашидун) - Мұхаммед пайғамбардан соң халифатты басқарған әділетті төрт Әбу Бәкір, Омар, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб халифа-сахабалар.
Пайғамбар қайтыс болған соң
Мұхаммед пайғамбар Раббысынан алған уахиларымен адамдық қасиеттерден жұрдай болған араб қоғамындағы адами құндылықтардың толығымен жоғалып кетуін тежеп, адамдардың өмірге деген көзқарасын тұтастай өзгертті. Ол өз қызметін толық орындап, бұл істі жалғастырар артында сахаба жамағатын тастап кетті. Ислам туын биікте желбірету жолындағы шайқаста жанын пида етуден тайынбаған сахабалар Аллаһ пен Расулының разылығын дүниенің көз тартып, көңіл байлар алдамшы салтанатынан әрқашан да жоғары қойды. Алғашқы Ислам мемлекетінде Пайғамбардан кейін билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттерінен ойып тұрып орын алды.
Ел басқарған жылдары
Әділетті халифалардың ел басқарған жылдары-Христиан жыл санағы бойынша
Халифа есімі | Халифалық жылы | туған, қайтыс болған жылы |
---|---|---|
Әбу Бәкір | 11 жыл - 13 жыл | Һижреттен бұрын 38 жыл - 13 жыл |
Омар ибн әл-Хаттаб | 13 жыл - 23 жыл | һижреттен бұрын 27 жыл - 23 жыл |
Осман ибн Аффан | 23 жыл - 35 жыл | һижреттен бұрын 33 жыл - 35 жыл |
Әли ибн Абу Толиб | 35 жыл - 40 жыл | һижреттен бұрын 11 жыл - 40 жыл |
Әділетті халифалар
Отыз жылдық бұл қысқа заман «Хулафаур Рашидин дәуірі» (әділетті, турашыл халифалар) делінеді. Осы уақыт аралығында мемлекет басқару ісінде Исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Төрт халифа да ел билеген кезінде қарапайымдылық пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне бөленді.
Әбу бәкір әл-Сыддық
Әбу Бәкір халифа болмай тұрып Синх аймағындағы халықтың қойларын сауып, оларға жәрдемдесетін. Ол халифа болып тағайындалған кезде көрші аймақтағы бір күңнің: “Сірә, Әбу Бәкір бұдан кейін біздің қойларымызды саумас”, – дегенін естіген Әбу Бәкір: “керісінше, өміріммен ант етейін, мен бұдан кейін де қойларыңызды сауамын. Мойныма алған бұл жауапкершілік мінез-құлқым мен әдеттерімді өзгерте қоймас”, – деп жауап берген. Ол қой саууды Мәдинаның орталығына көшкенге дейін алты ай бойы жалғастырған.
Омар ибн әл-Хаттаб
Хазірет Омар (р.а.) да саудамен айналысатын. Ол мемлекет басшысы болып тағайындалғаннан кейін халық қамына кірісіп, саудамен айналысуға уақыты қалмағанды. Сахабалардың ұйғаруымен оған өзіне және отбасына жетерліктей ғана айлық бекітілді. Омар бұған қанағат етіп ризашылық көрсетті.
Осман ибн Аффан
Хазірет Осман (р.а.) қызметкерлерге айлық таратқан кезінде, жағдайы нашарларға өз байлығынан қосымша қаражат бөлетін. Онсыз да Осман (р.а.) жомарттығымен, садақа таратуымен және Аллаһ жолында дүние бағыштауымен атағы шыққан кісі еді.
Әли ибн Әбу Талиб
Хазірет Әлидің де жағдайы осы кейіптен тыс кетпеді. Осы орайда, сол шақта салтанат құрған әділдік пен теңдіктен бір шағын мысал келтіре кетпекпіз. Бір күні хазірет Әлиге Жуда ибн Хубайра келіп: – Ей, мүминдердің басшысы! Кейде біреуі сені жанындай жақсы көретін, екіншісі саған жаны қас екі адам келіп сенің төрелігіңе жүгінеді. Сен екінші адамдікін – дұрыс, бірінші адамдікін – жаңылыс дейсің. Бұл қалай болғаны? – деп сұрағанда, оған хазірет Әли: – Бұл өте күрделі мәселе... Бұл іс маған ғана байланысты болса, өзімнің пайдама қарай шешер едім. Бірақ бұл Аллаһтың әмір еткен әділдік жүйесі болғандықтан, оны бұзуға менің хақым жоқ,– деп жауап берген.
Олар әділетті болды
Халифалардың қара қылды қақ жарған турашылдығы Исламдық тәрбиеден, Аллаһқа деген сүйіспеншілік пен қорқыныштан туындаған еді. Олар Аллаһ тағаланың алдында өз жауапкершіліктерін терең сезініп, қандай да бір қате басқан қадамдары болса, қияметте оған жауап беретіндіктеріне сенетін. Олардың басқаруындағы халық та Ислам тәрбиесінде болғандықтан, басшыларына қалтқысыз бағынды. Осылайша, алқаракөк аспаннан сәуле шашқан жұлдыздар шоғырындай боп тарихтың айқара бетіне өрнек салып, өшпес із қалдырған бірқауым үмбет пайда болды.
Дереккөздер
- Taraweeh: 8 or 20? Мұрағатталған 17 мамырдың 2017 жылы.
- Ағылшын Уикипедиясы
- Арабша Уикипедия
- Ибн Асакир, Канзуль-уммаль, 3/166.
- М.Шакир; Дөрт Халифа, ауд. Ф. Айдын, Истанбул, 1994, 10- 17.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әdiletti tort halifa الخلفاء الراشدون әd Hulafaur Rashidun Muhammed pajgambardan son halifatty baskargan әdiletti tort Әbu Bәkir Omar Osman ibn Affan zhәne Әli ibn Әbu Talib halifa sahabalar Halifat 622 750 Muhammed pajgambar dәuirindegi halifattyn keneyuui 622 632 Әdiletti halifalar dәuirindegi halifattyn keneyuui 632 661 Umajyad halifaty 661 750Osman sozinin arabsha zhazyluy Stambul Ajya SofiyaMuhammed on zhakta zhәne Әli sol zhakta sozderinin arabsha zhazyluyPajgambar kajtys bolgan sonMuhammed pajgambar Rabbysynan algan uahilarymen adamdyk kasietterden zhurdaj bolgan arab kogamyndagy adami kundylyktardyn tolygymen zhogalyp ketuin tezhep adamdardyn omirge degen kozkarasyn tutastaj ozgertti Ol oz kyzmetin tolyk oryndap bul isti zhalgastyrar artynda sahaba zhamagatyn tastap ketti Islam tuyn biikte zhelbiretu zholyndagy shajkasta zhanyn pida etuden tajynbagan sahabalar Allaһ pen Rasulynyn razylygyn dүnienin koz tartyp konil bajlar aldamshy saltanatynan әrkashan da zhogary kojdy Algashky Islam memleketinde Pajgambardan kejin bilik basyna kelgen tort halifa әdildikti ornatu halykty zhokshylyk pen azgyndyktan kutkaru mejirimdilik pen zhanashyrlyk halykty bir birinen bole zharmaj bәrine ten karau sekildi kasietteri arkyly kajtalanbas birtuar basshylar retinde adamzat tarihynyn abyrojly betterinen ojyp turyp oryn aldy El baskargan zhyldaryӘdiletti halifalardyn el baskargan zhyldary Hristian zhyl sanagy bojynsha Әdiletti halifalar һizhri zhyl sanagy bojynsha Halifa esimi Halifalyk zhyly tugan kajtys bolgan zhylyӘbu Bәkir 11 zhyl 13 zhyl Һizhretten buryn 38 zhyl 13 zhylOmar ibn әl Hattab 13 zhyl 23 zhyl һizhretten buryn 27 zhyl 23 zhylOsman ibn Affan 23 zhyl 35 zhyl һizhretten buryn 33 zhyl 35 zhylӘli ibn Abu Tolib 35 zhyl 40 zhyl һizhretten buryn 11 zhyl 40 zhylӘdiletti halifalarOtyz zhyldyk bul kyska zaman Hulafaur Rashidin dәuiri әdiletti turashyl halifalar delinedi Osy uakyt aralygynda memleket baskaru isinde Islamdyk baskarudyn en tamasha үlgisi korsetildi Tort halifa da el bilegen kezinde karapajymdylyk pen kishipejildilikti pash etip zhurt sүjispenshiligine bolendi Әbu bәkir әl Syddyk Tolyk makalasy Әbu Bәkir Әbu Bәkir halifa bolmaj turyp Sinh ajmagyndagy halyktyn kojlaryn sauyp olarga zhәrdemdesetin Ol halifa bolyp tagajyndalgan kezde korshi ajmaktagy bir kүnnin Sirә Әbu Bәkir budan kejin bizdin kojlarymyzdy saumas degenin estigen Әbu Bәkir kerisinshe omirimmen ant etejin men budan kejin de kojlarynyzdy sauamyn Mojnyma algan bul zhauapkershilik minez kulkym men әdetterimdi ozgerte kojmas dep zhauap bergen Ol koj sauudy Mәdinanyn ortalygyna koshkenge dejin alty aj bojy zhalgastyrgan Omar ibn әl Hattab Tolyk makalasy Omar Haziret Omar r a da saudamen ajnalysatyn Ol memleket basshysy bolyp tagajyndalgannan kejin halyk kamyna kirisip saudamen ajnalysuga uakyty kalmagandy Sahabalardyn ujgaruymen ogan ozine zhәne otbasyna zheterliktej gana ajlyk bekitildi Omar bugan kanagat etip rizashylyk korsetti Osman ibn Affan Tolyk makalasy Osman ibn Affan Haziret Osman r a kyzmetkerlerge ajlyk taratkan kezinde zhagdajy nasharlarga oz bajlygynan kosymsha karazhat boletin Onsyz da Osman r a zhomarttygymen sadaka taratuymen zhәne Allaһ zholynda dүnie bagyshtauymen atagy shykkan kisi edi Әli ibn Әbu Talib Tolyk makalasy Әli ibn Әbu Talib Haziret Әlidin de zhagdajy osy kejipten tys ketpedi Osy orajda sol shakta saltanat kurgan әdildik pen tendikten bir shagyn mysal keltire ketpekpiz Bir kүni haziret Әlige Zhuda ibn Hubajra kelip Ej mүminderdin basshysy Kejde bireui seni zhanyndaj zhaksy koretin ekinshisi sagan zhany kas eki adam kelip senin toreligine zhүginedi Sen ekinshi adamdikin durys birinshi adamdikin zhanylys dejsin Bul kalaj bolgany dep suraganda ogan haziret Әli Bul ote kүrdeli mәsele Bul is magan gana bajlanysty bolsa ozimnin pajdama karaj shesher edim Birak bul Allaһtyn әmir etken әdildik zhүjesi bolgandyktan ony buzuga menin hakym zhok dep zhauap bergen Olar әdiletti boldyHalifalardyn kara kyldy kak zhargan turashyldygy Islamdyk tәrbieden Allaһka degen sүjispenshilik pen korkynyshtan tuyndagan edi Olar Allaһ tagalanyn aldynda oz zhauapkershilikterin teren sezinip kandaj da bir kate baskan kadamdary bolsa kiyamette ogan zhauap beretindikterine senetin Olardyn baskaruyndagy halyk ta Islam tәrbiesinde bolgandyktan basshylaryna kaltkysyz bagyndy Osylajsha alkarakok aspannan sәule shashkan zhuldyzdar shogyryndaj bop tarihtyn ajkara betine ornek salyp oshpes iz kaldyrgan birkauym үmbet pajda boldy DerekkozderTaraweeh 8 or 20 Muragattalgan 17 mamyrdyn 2017 zhyly Agylshyn Uikipediyasy Arabsha Uikipediya Ibn Asakir Kanzul ummal 3 166 M Shakir Dort Halifa aud F Ajdyn Istanbul 1994 10 17