Қазақ халық поэзиясы - қазақ әдебиетінің бір саласы.
Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық талап-тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қазақ халық поэзиясы синкретті (ажыратылмас) құбылыс. Сондықтан оның халық ауыз әдебиетімен, музыка мәдениетімен, фольклормен тоғысар арнасы мол. Қазақ халық поэзиясында елдік жолындағы ерлік пен өрлік, рух асқақтығы мен қайсар батырлық, табиғаттың ғажайып үйлесімді көрінісі, ғашықтықтың күйініш-сүйініші, рухани асқақ сезім, адам мейірімі мен дүниетанымы ажырамас тұтастықта көрініс табады. Қазақ халық поэзиясының жанрлық құрамы сан салалы. Дастан, толғау, айтыс, жыр, т.б. бастауын халық шығармасынан алады. Қазақ халық поэзиясын жанрлық, түрлік жағынан Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.О.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, Е.С.Ысмайылов, М.С.Сильченко, т.б. ғалымдар ғылыми тұрғыдан жүйеледі.
Әуезов қазақ халық өлеңдеріне сыршылдық салт өлеңдер деген анықтама бере отырып, оны туу ретіне қарай үш түрге бөлген:
- жалпақ елдің салтымен байланысқан шерлі өлеңдер;
- дін салты мен ұғымынан туатын өлеңдер;
- қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері. Ел салтындағы шерлі өлеңдерді мазмұнына қарай: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту деп жіктейді.
Қоштасудың өзін іштей тақырыптарға бөледі: а) жермен қоштасу, елмен қоштасу; ә) өмірдің өткен шағымен қоштасу; б) өтіп бара жатқан заманмен қоштасу. Досмұхамедұлы қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін жүйелеп, халық поэзиясының шілдехана, бесік жыры, ғашықтық әдебиет, үйлену тойы жырлары (жар-жар, тойбастар, беташар), қоштасу, көрісу, сәлем, сәлемдеме, жерлеу, мақтау, көңіл айту жырлары, бата мен алғыс, қарғыс, болжам өлеңдер, насихат, зар заман мен толғау, батырлық жырлар, тарихи өлеңдер, тұрмыстық жырлар, жарапазан түрлерін атайды.
Н.Төреқұлов ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдерінің (лирика) жеті саладан тұратынын көрсетеді:
- саяси-әлеуметтік лирика: арнау, мадақтау, тарихи өлеңдер, қара өлеңдер, хат өлең, ән өлең;
- тұрмыс-салт лирикасы: тойбастар, сыңсу, жар-жар, беташар, бесік жыры, қоштасу, жоқтау, естірту, көңіл айту, жұбату;
- еңбек-кәсіп өлеңдер: төрт түлік, егіншілік, саяткерлік және наурыз өлеңдері; # ғақылият өлеңдер: өсиетнаме, алғыс, бата, тілек, , жұмбақ өлеңдер;
- қиял-ғажайып өлеңдер: аңыз өлең, өтірік өлең;
- күлкі-сықақ өлеңдер;
- діни өлеңдер: бақсы сарыны, бәдік, арбау-байлау, жарапазан. Поэзиядағы дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық тұрғысынан алғанда лириканың негізі – халық өлеңдерінде.
Бұл ретте халық мәдениетінің, ән-күй өнерінің өкілдері Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Шашубай, т.б. сал-серілер шығармашылығы қазақ халық поэзиясындағы лириканың тамаша үлгілері болып табылады. Сал-серілер – әншілік өнер мектебін қалыптастыра отырып, халықтық поэзияны көркемдік, тақырыптық, идеялық арнада дамытты. Әнші-ақындар поэзиясы қазақ әдебиетінде ерекше дәстүрлер қалыптастырды. Мыс, Арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Батыс Қазақстандағы Мұхит, Сыр бойындағы Нартай дәстүрі соның дәлелі.
Қазақ халық поэзиясы – ұлттық рухани мәдениеттің асыл арнасы, ажырамас бөлігі болғандықтан, дәуір талабына, замана рухына сай жаңарып, жаңғырып отырады. Бұл ретте Жамбыл, , Иса, Доскей, Шашубай, , , Естай, Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі, Көшен, , Нұрлыбек, Сәт, Омар, Қалқа сынды халық ақындарының шығармалары халық әдебиеті дәстүрлерін сақтаудағы, жалғастырудағы қазақ халық поэзиясының өміршеңдігін айқындайды. Мұның өзі халық талантының сарқылмас көркемдік қуатын да танытады. Қазақ халық поэзиясының көркемдігі, бейнелілігі қашанда ақындық шеберлікті ұштауда үлкен маңызға ие және қоғамдық-әлеуметтік сипаты, тәлім-тәрбиелік мәні зор. Өлең, жыр түрінде шығарылатын қазақ халық поэзиясы өмір құбылысын, адамның жан әлемін сыршылдықпен, сезімталдықпен көркем, бейнелі түрде жеткізеді.
Дереккөздер
- («Әдебиет тарихы», Ташкент, 1927)
- («Аламан», 1991, 15–25 бб.)
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak halyk poeziyasy kazak әdebietinin bir salasy Қazak halkynyn sayasi әleumettik kogamdyk tarihi damu satylaryna tәn korkemdik estetikalyk talgam tүjsigin etikalyk zhәne filosofiyalyk talap tuzhyrymyn tanytady Kone dәuirlerden bastau alatyn kazak halyk poeziyasy sinkretti azhyratylmas kubylys Sondyktan onyn halyk auyz әdebietimen muzyka mәdenietimen folklormen togysar arnasy mol Қazak halyk poeziyasynda eldik zholyndagy erlik pen orlik ruh askaktygy men kajsar batyrlyk tabigattyn gazhajyp үjlesimdi korinisi gashyktyktyn kүjinish sүjinishi ruhani askak sezim adam mejirimi men dүnietanymy azhyramas tutastykta korinis tabady Қazak halyk poeziyasynyn zhanrlyk kuramy san salaly Dastan tolgau ajtys zhyr t b bastauyn halyk shygarmasynan alady Қazak halyk poeziyasyn zhanrlyk tүrlik zhagynan Ahmet Bajtursynuly H Dosmuhameduly M O Әuezov S Sejfullin B Kenzhebaev M Ғabdullin E S Ysmajylov M S Silchenko t b galymdar gylymi turgydan zhүjeledi Әuezov kazak halyk olenderine syrshyldyk salt olender degen anyktama bere otyryp ony tuu retine karaj үsh tүrge bolgen zhalpak eldin saltymen bajlanyskan sherli olender din salty men ugymynan tuatyn olender kyz uzatu үstindegi salt olenderi El saltyndagy sherli olenderdi mazmunyna karaj zhoktau estirtu koshtasu konil ajtu dep zhiktejdi Қoshtasudyn ozin ishtej takyryptarga boledi a zhermen koshtasu elmen koshtasu ә omirdin otken shagymen koshtasu b otip bara zhatkan zamanmen koshtasu Dosmuhameduly kazak folklorynyn zhanrlary men tүrlerin zhүjelep halyk poeziyasynyn shildehana besik zhyry gashyktyk әdebiet үjlenu tojy zhyrlary zhar zhar tojbastar betashar koshtasu korisu sәlem sәlemdeme zherleu maktau konil ajtu zhyrlary bata men algys kargys bolzham olender nasihat zar zaman men tolgau batyrlyk zhyrlar tarihi olender turmystyk zhyrlar zharapazan tүrlerin atajdy N Torekulov auyz әdebietindegi halyk olenderinin lirika zheti saladan turatynyn korsetedi sayasi әleumettik lirika arnau madaktau tarihi olender kara olender hat olen әn olen turmys salt lirikasy tojbastar synsu zhar zhar betashar besik zhyry koshtasu zhoktau estirtu konil ajtu zhubatu enbek kәsip olender tort tүlik eginshilik sayatkerlik zhәne nauryz olenderi gakyliyat olender osietname algys bata tilek zhumbak olender kiyal gazhajyp olender anyz olen otirik olen kүlki sykak olender dini olender baksy saryny bәdik arbau bajlau zharapazan Poeziyadagy dәstүr men zhalgastyk tarihi sabaktastyk turgysynan alganda lirikanyn negizi halyk olenderinde Bul rette halyk mәdenietinin әn kүj onerinin okilderi Segiz seri Birzhan sal Akan seri Zhayau Musa Shashubaj t b sal seriler shygarmashylygy kazak halyk poeziyasyndagy lirikanyn tamasha үlgileri bolyp tabylady Sal seriler әnshilik oner mektebin kalyptastyra otyryp halyktyk poeziyany korkemdik takyryptyk ideyalyk arnada damytty Әnshi akyndar poeziyasy kazak әdebietinde erekshe dәstүrler kalyptastyrdy Mys Arkadagy Birzhan sal Akan seri Batys Қazakstandagy Muhit Syr bojyndagy Nartaj dәstүri sonyn dәleli Қazak halyk poeziyasy ulttyk ruhani mәdeniettin asyl arnasy azhyramas boligi bolgandyktan dәuir talabyna zamana ruhyna saj zhanaryp zhangyryp otyrady Bul rette Zhambyl Isa Doskej Shashubaj Estaj Kenen Әzirbaev Үmbetәli Koshen Nurlybek Sәt Omar Қalka syndy halyk akyndarynyn shygarmalary halyk әdebieti dәstүrlerin saktaudagy zhalgastyrudagy kazak halyk poeziyasynyn omirshendigin ajkyndajdy Munyn ozi halyk talantynyn sarkylmas korkemdik kuatyn da tanytady Қazak halyk poeziyasynyn korkemdigi bejneliligi kashanda akyndyk sheberlikti ushtauda үlken manyzga ie zhәne kogamdyk әleumettik sipaty tәlim tәrbielik mәni zor Өlen zhyr tүrinde shygarylatyn kazak halyk poeziyasy omir kubylysyn adamnyn zhan әlemin syrshyldykpen sezimtaldykpen korkem bejneli tүrde zhetkizedi Derekkozder Әdebiet tarihy Tashkent 1927 Alaman 1991 15 25 bb Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazak enciklopediyasyBul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz