Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Мұқағали Мақатаев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
Азаматтығы | |
Ұлты | қазақ |
Мансабы |
Өмірбаяны
Ол 1931-ші жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ұлы жүз Албан тайпасының Шоған абыз ұрпақтары — Алжан руынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
- 1948–1949 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
- 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
- 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
- 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
- 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
- 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
- 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
- 1960–1962 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
- 1963–1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962–1963 жылдары), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963–1965 жылдары), «Жұлдыз» (1965–1972 жылдары) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972–1973 жылдары) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Поэзиядағы алғашқы қадамдары
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
Шығармалары мен аудармалары
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 жылы), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 жылы), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 жылы) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 жылы), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 жылы), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 жылы) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир, Н.Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Поэмалары
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұны, пішіні жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы толғайды.
Өлең үзіндісі
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.
Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді
Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.
Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.
1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай "Ақын, туған күнінмен!" деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.
Дереккөздер
- «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет, http://alashainasy.kz/interested/26110/
- "Аңыз адам" журналы, №3, 15 ақпан 2011
- Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Сыртқы сілтемелер
- Мұқағали Мақатаев Adebiportal.kz сайтында
- Қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mukagali Sүlejmenuly Makataev 9 akpan 1931 Almaty oblysy Rajymbek audany Қarasaz 27 nauryz 1976 Almaty shyn aty Muhammedkali kazaktyn lirik akyny muzbalak akyn oz zamanynda lajyk bagasyn ala almasa da ozinen kejingiler үshin mәrtebesi biik akiyk akyn Mukagali MakataevTugan kүni9 akpan 1931 1931 02 09 Tugan zheriAlmaty oblysy Narynkol audany Shalkode auylyҚajtys bolgan kүni27 nauryz 1976 1976 03 27 45 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty Қazak KSR KSROAzamattygy Қazak KSRҰltykazakMansabyakyn zhazushy audarmashyӨmirbayanyOl 1931 shi zhyly 9 shy akpanda Almaty oblysy kazirgi Rajymbek buryngy Narynkol audanynyn Қarasaz auylynda dүniege kelgen Ұly zhүz Alban tajpasynyn Shogan abyz urpaktary Alzhan ruynan shykkan Akynnyn tugan kүni zhoninde eki tүrli akparat bar Alajda kuzhattar bojynsha akynnyn tugan kүni akpannyn 9 nda tojlanady Ekinshi akparat akynnyn anasy Nagiman apa bylaj degen Mukagaliym 1931 zhyly nauryz ajynyn 8 inde dүniege kelgen bolatyn Zhanylysuym mүmkin emes Sebebi balam mynau fәnidin esigin ashkannan biraz uakyt kejin Nauryz tojy bolady nauryz kozhe zhasajmyz dep kүtip otyrganbyz Mukagali Makataev atyndagy әdebi syjlyktyn laureaty Orazakyn Askar akynnyn ekinshi tu gan kүnine bajlanysty mynadaj soz ajta dy Al kuzhat bojynsha Mukagali 9 akpan da dүniege kelgen Bul kuәlikti akyn es bilgen kezde sol kezdegi sajlau naukanyna bajlanysty ozi zhazdyryp algan eken Azan shakyryp kojylgan aty Muhammedkali Әkesi karapajym sharuashy kolhozda sushy shalgyshy bolyp istegen Mukagali үjdin tungyshy bolgan onyn artynan bir kyz zhәne үsh ul tugan Akynnyn karyndasy men algashky inisi erte koz zhumgan Songylarynyn esimderi Toktarbaj men Korpesh Қazak dәstүri bojynsha үjdin algashky balasy ata әzhesinen tәrbie aluy tiis sondyktan Mukagali әzhesi Tiynnyn kolynda osip anasyn zhengesindej kabyldajdy Balalyk shagy sogyspen katar otkendikten akyn tagdyrdyn ashy dәmin erte tatady Nendi senin ansajmyn bala shagym Mukagalidin әkesi 1941 zhyly Kalinigrad majdanynda kaza tabady Ұly zhүzdin Alban tajpasynan shykkan 1948 1949 ҚazMU dyn filologiya fakultetinin studenti 1948 okuyn tastap Shibut auylynda auyldyk kenestin hatshysy 1949 koktemde zhary Lashynmen otau kurady 1949 Sovettik shekara gazeti akynnyn Қyrman basynda Қojshy bala Әkitaj degen olendirin zhariyalady 1950 Almatydagy Shet tilder institutynyn nemis tili fakultetine okuga tүsip kop uzamaj turmystyk zhagdajyna bajlanysty okuyn tastajdy 1954 Қarasazdyn bastauysh mektebinde orys tili mugalimi bolyp tagajyndalady osy zhyly akynnyn үsh oleni Әdebiet zhәne iskusstvo zhurnalynda zhariyalandy 1957 Respublikalyk radionyn diktor kyzmetin atkarady 1960 1962 Sovettik shekara gazetinin bolim mengerushisi 1963 1965 Mәdeniet zhәne turmys zhurnalynda zhumys istejdi Ol 1962 zhyly Almatyga konys audaryp әdebi ortaga etene aralasa bastajdy Almaty Shet tilderi institutynyn nemis tili Қazak memlekettik universitetinin filologiya fakultetterinde okyp zhәne Mәskeudegi M Gorkij atyndagy әlem әdebieti institutynda bilim alady Munan son Socialistik Қazakstan kazirgi Egemen Қazakstan gazetinin 1962 1963 zhyldary Mәdeniet zhәne turmys kazirgi Parasat 1963 1965 zhyldary Zhuldyz 1965 1972 zhyldary zhurnaldarynyn redakciyasynda Қazakstan Zhazushylar odagynda 1972 1973 zhyldary kyzmet atkarady Mukagali Almatydagy kazak әdebieti men onerinin kajmaktary shogyrlangan ortada otkergen az gana zhyldar ishinde ozindik dara үnin suretkerlik kajtalanbas darynyn tanytyp onimdi enbektene bildi Ilich 1964 Armysyndar dostar 1966 Қarlygashym keldin be Mavr 1970 Akkular ujyktaganda 1973 Shuagym menin 1975 atty zhyr zhinaktaryn kozinin tirisinde zhariyalap үlgerdi Mukagali poeziyasynyn kajnar kozi shabyt tugyry tugan eli osken zheri Otan tagdyry zamana tynysy zamandastarynyn arman ansary Osynyn bәrin Mukagali zhas darynga tәn kajtalanbas sheberlikpen tәnirdin tandajynan togilgendej poetikalyk minsiz үjlesimmen әr zhүrekpen til tabysar syrshyl da shynshyl sezimmen nagyz poeziyaga gana tәn bejneli obrazdarmen bederlep olmes oner dengejinde tuyndatyp otyrgan Poeziyadagy algashky kadamdaryAkynnyn tungysh olenderi Қyrman basynda Қojshy bala Әkitaj audanyndagy Sovettik shekara gazetinde zhariyalandy 1949 Inimnin ojy Sheber olenderi Zhastyk zhyry atty zhinakka endi 1951 Algash Mukagali talantyn bagalagan Ә Tәzhibaev Өzinnen de zhigerlileu ottylau zhas zhetkinshek zhetkende maktanbaska bola ma degen edi Қazak әdebieti 18 3 1960 Shygarmalary men audarmalary Mukagali Makataevtyn sureti bejnelengen poshta markasy 2006 zhyl Mukagalidin Қarlygashym keldin be Dariga zhүrek 1972 zhyly Akkular ujyktaganda Shuagym menin 1975 zhyly Sogady zhүrek Sholpan Zhyrlajdy zhүrek Өmir ozen Өmir dastan zhәne t b zhyr zhinaktary sondaj ak Қosh mahabbat 1988 zhyly atty prozalyk kitaby da bar Birshama olenderine әn zhazyldy Өzin audarmashylyk kyrynan da synap korgen Mukagali Қudiretti komediyasynyn Tamuk degen bolimin 1971 zhyly Shekspirdin Sonetterin 1970 zhyly Uolt Uitmennin olenderin 1969 zhyly kazak tiline audardy Akynnyn kozi tirisinde 3 audarma kitaby U Uitmen Shop zhapyraktary 1969 U Shekspir Sonetter 1970 D Aligeri Қudiretti komediyasynyn Tamuk bolimi 1971 8 zhyr zhinagy Ilich 1964 Armysyndar dostar 1966 Қarlygashym keldin be 1968 Mavr 1970 Dariga zhүrek 1972 Akkular ujyktaganda 1974 Shuagym menin 1975 Өmirdastan 1976 zharyk kordi U Uitmen U Shekspir N Tihonov R Berns F Ansari A Akopyan A Isaakyan E Evtushenko F Morgunnin birneshe olenderin audardy Yu A Aleksandrov M M Kurgancev tәrzhimalagan akyn olenderi Zov dushi degen atpen orys tilinde basylyp shykty Poemalary Mukagalidin Ilich Ak kajyn әni Aru ana Mavr Akkular ujyktaganda Қyrandastar kosh bolyndar Chili shuagym menin Shekarada Bolshevikter Өmirdastan Arman Sholpan Dosyma hat Altaj Atyrau Otanym sagan ajtam Rajymbek Rajymbek Қashkyn Zher үstinen reportazh Mocart Zhan azasy atty poema tolgaulary bar 650 den astam lirikalyk olenderinde adam omirinin mәni әsemdik pen sululyk tazalyk erlik eldik tugan zher turasynda teren tolgagan Akyn omirinin songy kezeninde zhazgan Mocart Zhan azasy rekviemi pәlsapalyk mazmuny psihologiyalyk tini ozgeshe tuyndy Tabyt үni Halyk үni Zhesirler үni Besik zhyry atalatyn 4 bolimdi tuyndynyn әrbir boliminde birde tabyt birde zhesir Ana birde Zher Besik atynan Өmir men olim turaly filosofiyalyk pajymdaular ajtylgan Akyn Mocart tagdyryn tilge tiek ete otyryp omir turaly oz zhanynyn optimistik ruhyn әrbir adamnyn zhan tүkpirindegi arman әnin zhetkizedi Akyn kaj takyrypta zhazsa da zhalgan sezim zhyltyrak sozge әues bolmady ol turaly Men zhyrlamajmyn Syrlasamyn Syry bir zamandaspen mundasamyn Kogendep zhyr kosagyn Kelmejdi zhyr zhasagym nemese Tipti de men emes ti Men degenim Өzgenin zhany syryn ugu үshin Өzimdi zerttegendi zhon koremin dejdi Mukagali shygarmashylygynyn tini ozin ozi zertteuden turady Mukagalidin meditativti lirikasyndagy lirik Men ozin ozi izdegen omir men olim adam men kogam galamnan үjlesimdilik izdep shark urgan tolassyz izdenistegi pәlsapashyl Men Mukagalidin shygarmalarynda filosofiyalyk terendik adamnyn psihologiyalyk zhan kүjzelisin suretteu meditaciya basym Өmirdastan atty toptamaly tolgauynda zhesir zhenge Dariga obrazy arkyly tyldagy halyk omiri men adamdyk azamattyk adaldyk ar namys ruh pen nәpsi arasyndagy tolassyz kүres psihol shielenis arkyly sheber zhetkizilgen Mukagalidin sheberligi ozi omirden korgen bilgenin konil eleginen otkize teren zhetkizuinde Imandylyk islam dini turasynda Ya Zharatushy Allam Satkan emen Din gylymnyn anasy Ya Alla Bүkil dүnie musylmandaryna hat Adam kajdan zharalgan Zhүrek aryzy Kүn batty mine kesh kirdi Ne kerek osy adamga t b olender zhazdy Satkan emen satpajtyn dinimdi men Muhammedtin үmbeti musylmanmyn Sajtannyn da kүnәsiz perishtenin Bal men uyn talgamaj nege ishkenmin Perishtenin kajgysyn bolispedim Sajtanmenen bolsa da kelispedim sekildi zhyr zholdarynda adam tabigatyna saj tartys pendenin zhan tylsymyndagy zhumbak kaktygystar korinis tapkan Ol әsirese taudy kazak auylyn kop zhyrlajdy Tauda ostim Tau bir anyz t b Өlmesin dep bergen goj taudy magan Men kүnirensem kүrsinip tau zhylagan Ol kazak olenin mazmuny pishini zhagynan tүrlentti Қazaktyn kara oleni kudiretim onda bir sumdyk syr bar estilmegen dejdi akyn Mukagali dәstүrshil akyn ol olenge intonaciya inversiya mazmun turgysynan zhanalyk engizdi Mukagalidin poeziyasy ulttyk harakterimen minezimen erekshelenedi Su surasam sүt bergen ajran bergen Қartajyp kalypsyn au kajran zhengem Akyn olenge erekshe kie dep karap Muzaga tabyngan O Muza magan alys sorendi ber uajyptan kel de meni demep zhiber Mukagali adam zhanynyn dialektikasyna teren bojlap onyn bolmysyn shynajy bederlejdi Zhapyrak zhүrek zhas kajyn Ol Nagyz akyn aldymen ojshyl filosof boluy kazhet Poeziyada filosof bolu ozin korshagan әlemdi ugynu әr zattyn mәnin bilu akyryna dejin adam zhanynyn inzheneri bolyp kalu degendi ustandy Kүndelik 10 2 1976 Akynnyn sheberligi omirden ozin ozinen omirdi kore biluinde Bүkil menin zhazganym bar zhogy bir gana bүtin poema Adamnyn omiri men olimi kasireti men kuanyshy turaly poema dejdi akyn Mukagalidin adamzat gumyry men әlem syryn zhyr etken lirikasy kazak әdebietine komakty mura bop endi Mukagali poeziya zhanrynda gana emes proza drama syn salasynda da kalam tartty Қalamgerdin Қosh mahabbat zhinagyna 1988 әr zhyldary zhazylgan Қulpytas Marusyanyn tauy Өzgermepti Әzhe әngimeleri Қos karlygash Zhyl kustary povesteri men Қosh mahabbat pesasy birneshe syni enbekteri engen Ruh zhәne sezim Sezim najzagajy 1969 zhylgy kazak poeziyasy atty әdebi syn enbekterinde O Sүlejmenov M Әlimbaev Қ Myrzaliev Zh Nәzhimedenov S Mәulenov t b shygarmalaryna taldau zhasap oner poeziya turaly tolgajdy Өlen үzindisi Mukagali ozine dejingi olen oru men zhyr somdaudagy kazak halkynyn ulttyk mektepteri men dәstүrlerin zhalgap kana kojmaj ony zhan zhakty damytkan terendetken kazaktyn olen sozin zhana zangarlarga kotergen zhana kenistikterge alyp shykkan zhiyrmasynshy gasyrdyn sanauly sanlaktarynyn biri akynnyn oz sozimen ajtkanda Akynmyn dep kalaj men ajta alamyn Halkymnyn oz ajtkanyn kajtaladym Kүpi kigen kazaktyn kara olenin Shekpen zhauyp ozine kajtaramyn degen eren zhyrdyn zharatushysy Ұly tulga Ұly akyn Poeziya Menimen egiz be edin Sen meni sezesin be nege izdedim Alauyrtkan tandardan seni izdedim Қarauytkan taulardan seni izdedim Seni izdedim kezdesken adamdardan Bulaktardan baktardan alandardan Shyraktardan ottardan zhalaulardan Seni izdedim zhogalgan zamandardan Seni izdedim Ӏzdejmin tagat bar ma Seni magan egiz gyp zharatkan ba Osy olen zholdaryn okygan kezde alyp zhyrdyn zharatylysyn zhana kyry men sipatyn tanygandaj kүj keshesiz Akyn ozinin kyska gumyrynda ozine ozi sengen Ary taza zhany moldir zhүregi otty ruhy askak zhyrlary men korkem dastandary sol seniminin zhemisi Akyn zhana gasyr kakpasyn entikpej erkin ashyp zhana mynzhyldyk ajdynyna shygyp otyr Akynnyn zaty olgenmen aty olmejdi Almaty kalasynda dүnieden otti Negizgi zhyr zhinaktaryn kozinin tirisinde zharykka shygardy Mavr Dariga zhүrek Akkular ujyktaganda Shuagym menin Dүnieden oter aldyn Rekviem atty tolgau olenin zhazdy Shygarmalary ozbek kyrgyz t b tilderge audarylgan Akynnyn әdebi murasyn zertteude 3 kandidattyk dissertaciya korgalyp K Sejtova Mukagalidyn akyndyk murasy 1991 K Hamidullaev Mukagalidyn akyndyk sheberligi 1993 til biliminde Z Қazanbaeva M Makataev lirikasynyn grammatikalyk erekshelikteri 1999 shygarmashylygy turasynda 700 ge tarta enbek makala estelik esse roman poema olen t b zhazylgan Mukagali kajtys bolgannan kejin ҚR Zhazushylar odagy Mukagalidin atyndagy әdebi syjlyk tagajyndady 1985 ogan ҚR Memlekettik syjlyk 1999 Ғasyr akyny atagy berildi 60 zhyldyk merejtojy karsanynda akynnyn tugan zherinde murazhajy ashyldy Almatyda akyn atynda mektep koshe zhәne sol koshe bojynda Mukagaliga arnalgan eskertkish bar Mukagali olenderine N Tilendiev D Rakyshev Sh Қaldayakov I Zhakanov A Altynbek Қorazbajuly Қorazbaev T Rahimov M Rүstemov T Muhamedzhanov Ә Tinәliev B Oraluly T Dosymov t b sazgerler әn zhazdy 1985 zhyly Қazakstan Zhazushylary Odagynyn bastamasymen үzdik әdebi shygarma avtorlaryna M Makataev atyndagy syjlyk tagajyndaldy Al 2008 zhyly M Makataev atyndagy zhana syjlyk tagajyndaldy 1999 zhyly Mukagalidyn Amanat atty kitaby Memlekettik syjlykka ie boldy Abaj atyndagy Memlekettik syjlyk 2011 zhyly Mukagali Makataevtyn 80 zhyldygy tүrli dengejde atalyp otpek Osy merekege oraj Akyn tugan kүninmen degen Askarov Alimzhan olen arnagan Derekkozder Alash ajnasy respublikalyk kogamdyk sayasi kүndelikti gazet http alashainasy kz interested 26110 Anyz adam zhurnaly 3 15 akpan 2011 Almabekov T Alban ata enciklopediyalyk shezhire 1 Almaty 2003 1352 b ISBN 9965 00 838 8 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6Syrtky siltemelerMukagali Makataev Adebiportal kz sajtynda Қazak poeziyasynyn simvoly Mukagali Makataevtyn omirbayany