Николай Семенович Тихонов (4.12.1896, Санкт-Петербург – 1979, сонда) – орыс жазушысы, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1966).
Қолөнершінің отбасында дүниеге келген.
Санкт-Петербургтегі сауда мектебін бітірген (1911). 1915 – 18 ж. атты әскер қатарында 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1918 – 22 ж. Қызыл әскер қатарында борышын өтей жүріп, орыс халқының патриотизмі мен ұлтшылдық идеясын қолдаушылар қатарында болды.
Әскерде жүргенде ең алғашқы көлемді әдеби шығармасы – “Жұлдыздар астындағы өмір” атты өлеңдер жинағын жариялады. Ол жырларында адамзаттың күрескерлік жігері мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін сөз етті. Кейіннен революция мен азамат соғысы тақырыбын тірек еткен “Орда”, “Брага” (1922) туындыларын жазды. 1923 жылдан Тихонов Қазақстан, Грузия, Армения, Кавказ елдерін аралады. 1930 жылдың көктемінде бір топ ленинградтық жазушылармен бірге Түрікменстанға барған сапарының нәтижесінде “Юрга” (1930) өлеңдер топтамасы мен “Көшпенділер” (1931) атты очерктер, әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Тихоновтың “Вамбери” (1925) повесінде түрікмен, “Тұмандағы ант” (1933) повесінде сван, “Кахетия жырлары” (1935) өлеңдер жинағында грузин, “Теңізден теңізге дейін” повесінде латыш, “Ляби-хоуздағы шайхана” әңгімесінде өзбек халқының өмірі көрсетілген. Осы кезеңде А.Абашели, И.Абашидзе, С.Шаншиашвили, С.Чиковани, Г.Леонидзе, т.б. грузин ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударды. 1935 ж. Парижде өткен Халықаралық конгреске қатысқаннан кейін дүниеге келген “Дос көлеңкесі” (1936) атты өлеңдер жинағында ол әлемді соғыс бұлты торлап, Еуропаны қара түнек жапқалы тұрғанын болжай келе, фашизмді сынады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Тихонов Ленинград майданында әскери қызмет атқарды.
“Киров бізбен бірге” (1941, КСРО Мемл. сыйл. 1942) атты романтик. поэмасында қоршауда қалған Ленинград қаласының қиын-қыстау кезеңін бейнеледі. 50-жылдардан бастап ол шетел тақырыбына қалам тарта бастаған: “Болгар жазбалары”, “Югославия жырлары”, “Грузин көктемі” (1948; КСРО Мемл. сыйл. 1949), “Екі тасқын” (1951, КСРО Мемл. сыйл. 1952), “Пәкстан туралы әңгімелер” атты өлеңдер жинақтары мен “Шаңқан ғажайып” (1956) повесі, “Жасыл түнек” (1966), “Алты колонна” (1970, Лениндік сыйл.) әңгімелер мен повестер жинағында шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне баса назар аударған.
Оның “Қос кемпірқосақ” атты естеліктер жинағында (1964) замандастары туралы толғаныстары топтастырылды. Тихоновтың Абайға арналған бірнеше мақалалары (1971), Ж.Жабаев пен М.Әуезов туралы келелі пікірлері баспасөз беттерінде жарияланған. Оның қазақ тілінде “Ақын дауысы” (1959), “Замана саңлақтары” (1972) атты жинақтары жарық көрген.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nikolaj Semenovich Tihonov 4 12 1896 Sankt Peterburg 1979 sonda orys zhazushysy kogam kajratkeri Socialistik Enbek Eri 1966 Nikolaj Semenovich Tihonov Қolonershinin otbasynda dүniege kelgen Sankt Peterburgtegi sauda mektebin bitirgen 1911 1915 18 zh atty әsker katarynda 1 dүniezhүzilik sogyska katyskan 1918 22 zh Қyzyl әsker katarynda boryshyn otej zhүrip orys halkynyn patriotizmi men ultshyldyk ideyasyn koldaushylar katarynda boldy Әskerde zhүrgende en algashky kolemdi әdebi shygarmasy Zhuldyzdar astyndagy omir atty olender zhinagyn zhariyalady Ol zhyrlarynda adamzattyn kүreskerlik zhigeri men Otanga degen sheksiz sүjispenshiligin soz etti Kejinnen revolyuciya men azamat sogysy takyrybyn tirek etken Orda Braga 1922 tuyndylaryn zhazdy 1923 zhyldan Tihonov Қazakstan Gruziya Armeniya Kavkaz elderin aralady 1930 zhyldyn kokteminde bir top leningradtyk zhazushylarmen birge Tүrikmenstanga bargan saparynyn nәtizhesinde Yurga 1930 olender toptamasy men Koshpendiler 1931 atty ocherkter әngimeler zhinagyn bastyryp shygardy Tihonovtyn Vamberi 1925 povesinde tүrikmen Tumandagy ant 1933 povesinde svan Kahetiya zhyrlary 1935 olender zhinagynda gruzin Tenizden tenizge dejin povesinde latysh Lyabi houzdagy shajhana әngimesinde ozbek halkynyn omiri korsetilgen Osy kezende A Abasheli I Abashidze S Shanshiashvili S Chikovani G Leonidze t b gruzin akyndarynyn olenderin orys tiline audardy 1935 zh Parizhde otken Halykaralyk kongreske katyskannan kejin dүniege kelgen Dos kolenkesi 1936 atty olender zhinagynda ol әlemdi sogys bulty torlap Europany kara tүnek zhapkaly turganyn bolzhaj kele fashizmdi synady 2 dүniezhүzilik sogys kezinde Tihonov Leningrad majdanynda әskeri kyzmet atkardy Kirov bizben birge 1941 KSRO Meml syjl 1942 atty romantik poemasynda korshauda kalgan Leningrad kalasynyn kiyn kystau kezenin bejneledi 50 zhyldardan bastap ol shetel takyrybyna kalam tarta bastagan Bolgar zhazbalary Yugoslaviya zhyrlary Gruzin koktemi 1948 KSRO Meml syjl 1949 Eki taskyn 1951 KSRO Meml syjl 1952 Pәkstan turaly әngimeler atty olender zhinaktary men Shankan gazhajyp 1956 povesi Zhasyl tүnek 1966 Alty kolonna 1970 Lenindik syjl әngimeler men povester zhinagynda shygys elderinin tynys tirshiligine basa nazar audargan Onyn Қos kempirkosak atty estelikter zhinagynda 1964 zamandastary turaly tolganystary toptastyryldy Tihonovtyn Abajga arnalgan birneshe makalalary 1971 Zh Zhabaev pen M Әuezov turaly keleli pikirleri baspasoz betterinde zhariyalangan Onyn kazak tilinde Akyn dauysy 1959 Zamana sanlaktary 1972 atty zhinaktary zharyk korgen DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy 18 tom