Уильям Шекспир (ағылш. William Shakespeare; 23 сәуір 1564, , Англия — 23 сәуір 1616 сол жерде) — ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, кем дегенде 12 трагедия, 16 комедия, 6 тарихи хроника - соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударылып, басқа авторларға қарағанда ең көп қойылады, Шекспирдің шығармалары ағылшының тілінің байытылуына орасан үлесін қосты. Мысалы, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылады.
Уильям Шекспир | |
William Shakespeare | |
Жалғыз анық нанарлық суреті | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Стратфорд Эйвон, , Англия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Стратфорд Эйвон, , Англия |
Мансабы | XVII ғасыр драматургы, ақыны |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы |
|
Өмірбаяны
Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді ( болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.
XVI ғ. аяғында театр ағылшын халқының сүйікті өнері болды. Ол кезде Лондонда онға жуық театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы көрген театрды төңіректейді: әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан актер, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланысты болды. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылды. Сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болды.
1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды.
1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді.
Шекспир шығармашылығы
Шекспир ескі, феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының – сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр. «Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық», – деп үндейді ақын.
Шекспир адамның ұлылығын терең түсінді. Шекспирдің ұлы трагедиясының кейіпкері Гамлет: «Адам қандай тамаша жаралған! Оның ақыл-ойы қандай ізгі. Іс-әрекеті қандай дәл, қандай тамаша. Әлемнің сұлуы», – дейді. Өзінің «Гамлет», «, «, «Ромео және Джульетта» және басқа трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге қабілеті жетпейді. Шекспир 37 пьеса (трагедия, комедия, ), сондай-ақ көптеген өлең жазды. Шекспирдің антик мифологиясының сюжеттеріне жазылған 2 поэмасы бар («Венера мен Адонис», «Лукреция»).
Шекспир көптеген сонеттер жазды. Сонет (сыңғырлау, сылдырлау деген итальян сөзінен шыққан) – әр шумағы 14 тармақтан құрылатын өлең түрі. Тармақтар екі рет төрт-төрттен, онан соң екі рет үштен топтасады (З.Ахметов «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі»). Оның 154 сонеттен тұратын жинағы сақталды. Бұл жинақ ақынның алғашқы, оның тірі кезінде жарық көрген жинағы. Кітапқа кірген 126 сонет ақынның досына, ал 28 қарашашты сұлуға арналған. Зерттеушілердің ойынша, Шекспирдің досы ретінде шығатын бейне – граф Саутгемптон, ал қарашашты сұлудың кім екені белгісіз, оның аты тарихта сақталмаған. Сонеттерді бірнеше циклге бөлуге болады. Олардың тақырыптары – достық, сүйіспеншілік, қызғаныш, тағдыр туралы толғау. Сонеттерінде ақын достықты, сұлулықты, махаббатты мадақтайды. Сонымен қатар бақытсыз махаббат, әлеуметтік, философиялық мәселелер көтереді.
Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі
Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді. Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жж. басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреция» (1594). Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Осы жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді («Қателіктер комедиясы» - қойылуы 1594 ж., басылуы 1623 ж.; «Асауға тұсау» - қойылуы және басылуы 1594 ж. т.б. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштарын мадақтайды. Драматург орта ғасырлық жазушыларда бұрын болмаған сұлулықтың жаңа, гуманистік идеалын жасады, сондықтан оның шығарған образдары айқын және көп-кырлы. Шекспир комедиялары мен драмаларының әрекеті әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі. Драматург өткен ғасырды суреттесе де, оның жасаған кейіпкерлері Қайта өрлеу дәуірінің өкілдері болып көрінеді.
Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса-хроникаларында айқын көрінеді. «Генрих VI» (3 бөлімнің басылуы 1594-1623), «Ричард III» қойылуы басылуы т.б. пьеса хроникаларының негізгі идеясы – мемлекеттік бірліктің қажеттігі, феодалдық анархияны жою. Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистік әдіспен бейнеледі. Ол шығармаларына феодалдық қоғамның барлық өкілдерін, сондай-ақ демократиялық пікірдегілерді де қатыстырды. Алайда Шекспир өз дәуіріндегі гуманистердің күмәншылдығынан асып кете алмай, халықтың өз тағдырын және мемлекет мәселесін өзі басқара алатындығына сеніңкіремей қарады.
Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі
Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен тұтас келді. Бұл кезде корольдық үкімет реакциялық күштердің тірегіне айналды да, капиталдың әуелгі шоғырлану процесі халықтың жағдайын әлсірете түсті. Осы жағдайлар Шекспир шығармаларында трагедиялық сарынның молаюына себепкер болды. Бұл жылдары ол бірқатар әлеуметтік-философиялық пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) т.б. Шекспир шығармашылығының желісі – қоғамның жаңаруын көрсету, қоғамдық зұлматтықтар мен адамды аздырар, өмірді сүреңсіз көрсетер діни сенімдерді әжуалау. Шекспир туындылары шындыққа қалтқысыз сенуді, өмірді сүюді уағыздайды.
Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі
Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар – мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар.
Шекспир Ресейде XVIII ғ. кеңінен таныла бастады. Ол туралы Н.М.Карамзин, А.С.Пушкин, К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхельбекер т.б. жақсы лебіз білдірген. В.Г.Белинский 1838 ж. «Гамлет» атты арнайы мақала жазды.
Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», «Асауға тұсау» т.б. туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары қазақ тілінде талай рет кітап болып басылды. «Сонеттер» 1970 ж. жеке кітап болып шықты. Сонеттерді алғаш рет қазақ тіліне аударған Х.Ерғалиев, М.Мақатаев. "Midsummer Nigh's Dream" (Жазғы түнде көрген түс) пьесасын қазақ тіліне аударған Ү. Кеңесбаева.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Uilyam Shekspir agylsh William Shakespeare 23 sәuir 1564 15640423 Angliya 23 sәuir 1616 sol zherde agylshynnyn uly dramaturgy әri akyny әlemnin en әjgili dramaturgtarynyn biri kem degende 12 tragediya 16 komediya 6 tarihi hronika sonyn ishinde birneshe bolikten turatyn 4 poema zhәne 154 sonetten kuralatyn cikldar avtory Onyn pesalary әlemnin tүgel derlik tiri tilderine audarylyp baska avtorlarga karaganda en kop kojylady Shekspirdin shygarmalary agylshynyn tilinin bajytyluyna orasan үlesin kosty Mysaly koptegen soz tirkesteri kanatty soz retinde kүni bүginge dejin koldanylady Uilyam ShekspirWilliam ShakespeareZhalgyz anyk nanarlyk suretiTugan kүni23 sәuir 1564 1564 04 23 Tugan zheriStratford Ejvon AngliyaҚajtys bolgan kүni23 sәuir 1616 1616 04 23 52 zhas Қajtys bolgan zheriStratford Ejvon AngliyaMansabyXVII gasyr dramaturgy akynyShygarmalardyn tiliagylshynҚoltanbasyӨmirbayanyUilyam Shekspir 1564 zhyly 23 sәuirde Ejvon ozeninin bojyndagy degen kishkentaj kalada dүniege kelgen Onyn әkesi ajtarlyktaj aukatty kala turgyny edi bolgan kala mery bolyp da sajlangan Uilyam Dzhon Shekspirdin үshinshi balasy edi odan baska tagy zheti balasy bolgan 7 zhasynda Uilyam en zhaksy dep esepteletin grammatikalyk mektepke bardy 1571 1578 onda latyn zhәne kone grek tilderin үjrendi Әkesinin kedejlenuine bajlanysty mektepti bitire almaj 16 ga tolar tolmas zhasynda zhumys isteuge mәzhbүr bolady et satushynyn shәkirti auyldyk mektepte repetitor t b 18 zhasynda Uilyam Anna Hesuej degen ozinen 8 zhas үlken fermerdin kyzyna үjlenedi Dzhon Shekspir үji Uilyam Shekspirdin tugan үji dep esepteledi XVI g ayagynda teatr agylshyn halkynyn sүjikti oneri boldy Ol kezde Londonda onga zhuyk teatr bolgan 1585 1612 zh Shekspir Londonda turdy Ol ozi zhaksy korgen teatrdy tonirektejdi әueli teatrga kelushilerdin atyn bagushy sonynan akter rezhisser dramaturg bolady Londonga kelgen algashky kүnderinen ak Shekspir studenttermen tygyz bajlanysty boldy Onyn psalary algash ret student zhastardyn kүshimen kojyldy Sol kezden bastap Uilyam Shekspirdin barlyk omiri teatrmen bajlanysty boldy 1593 zh Shekspir Dzhejms Berbedzh baskargan en zhaksy truppaga kirdi Truppanyn mүsheleri 1599 zh Globus teatryn saldy Bul teatrda Shekspirdin pesalary zhii kojyldy Shakespeare s grave 1612 zh Shekspir tugan kalasyna kajtyp oralady Onyn ajnalasynda tugandary bolady birak sүjikti teatry bolmajdy al teatrsyz Shekspir omir sүre almady 4 zhyldan son ozinin tugan kүninde 23 sәuirde 52 zhasynda Shekspir koz zhumdy Ol Stratford shirkeuinde zherlendi Shekspir shygarmashylygyShekspir eski feodaldyk dүnienin kүni bitip zhatkandygyn tүsindi Birak ol aksha men bayuga kumarlyk үstemdik etken burzhuaziyanyn zhana dүniesimen de kelise almady Zhazushynyn pikiri bojynsha zhauyzdyk barlyk zherdi zhajlagan ol sezim ataulynyn senim әdilet sүjispenshiliktin bәrin de ulandyryp otyr Menin ajnalamda korip otyrganymnyn bәri de zheksuryndyk dep үndejdi akyn Shekspir adamnyn ulylygyn teren tүsindi Shekspirdin uly tragediyasynyn kejipkeri Gamlet Adam kandaj tamasha zharalgan Onyn akyl ojy kandaj izgi Is әreketi kandaj dәl kandaj tamasha Әlemnin suluy dejdi Өzinin Gamlet Romeo zhәne Dzhuletta zhәne baska tragediyalarynda Shekspir kajyrymdylyk pen әdilettilik turaly izgi batyl adamdar armandarynyn zhүzege aspajtyndygyn korsetti Ol kүshti er zhүrek kejipkerlerdi olardyn zhogary sezimderin sүjispenshilik pen dostykty adaldyk pen erlikti madaktady Shekspirdin kejipkerleri tagdyrdyn әlsiz kurbandary emes olar kinalady zhәne kүresedi birak dүnieni ozgertuge kabileti zhetpejdi Shekspir 37 pesa tragediya komediya sondaj ak koptegen olen zhazdy Shekspirdin antik mifologiyasynyn syuzhetterine zhazylgan 2 poemasy bar Venera men Adonis Lukreciya Shekspir koptegen sonetter zhazdy Sonet syngyrlau syldyrlau degen italyan sozinen shykkan әr shumagy 14 tarmaktan kurylatyn olen tүri Tarmaktar eki ret tort tortten onan son eki ret үshten toptasady Z Ahmetov Әdebiettanu Terminder sozdigi Onyn 154 sonetten turatyn zhinagy saktaldy Bul zhinak akynnyn algashky onyn tiri kezinde zharyk korgen zhinagy Kitapka kirgen 126 sonet akynnyn dosyna al 28 karashashty suluga arnalgan Zertteushilerdin ojynsha Shekspirdin dosy retinde shygatyn bejne graf Sautgempton al karashashty suludyn kim ekeni belgisiz onyn aty tarihta saktalmagan Sonetterdi birneshe ciklge boluge bolady Olardyn takyryptary dostyk sүjispenshilik kyzganysh tagdyr turaly tolgau Sonetterinde akyn dostykty sululykty mahabbatty madaktajdy Sonymen katar bakytsyz mahabbat әleumettik filosofiyalyk mәseleler koteredi Shekspir shygarmashylygynyn birinshi kezeni Shekspir shygarmashylygy үsh kezenge bolinedi Shekspir shygarmashylygynyn birinshi kezeni 1590 1600 zhzh kamtidy Onyn algashky shygarmalary 90 shy zhzh basynda zhazylgan dramalyk hronikalar komediyalar zhәne eki poema Venera men Adonis 1593 Lukreciya 1594 Bul eki poemany Shekspir graf Sautgemptonga arnagan Osy zhyldary aralygyndagy pesalary optimistik sarynda bolyp keledi Komediyalarynda adamdardyn bakytka umtylu zholyndagy kezdesetin kiyndyktarmen kүresi suretteledi zhana dendep kele zhatkan burzhuaziyalyk katynastar әshkerelenedi Қatelikter komediyasy kojyluy 1594 zh basyluy 1623 zh Asauga tusau kojyluy zhәne basyluy 1594 zh t b I kezendegi pesalarynda Shekspir adamnyn zhәne onyn turgan zherinin sululygyn omirdin karapajym kuanyshtaryn madaktajdy Dramaturg orta gasyrlyk zhazushylarda buryn bolmagan sululyktyn zhana gumanistik idealyn zhasady sondyktan onyn shygargan obrazdary ajkyn zhәne kop kyrly Shekspir komediyalary men dramalarynyn әreketi әr tүrli elderde bolady birak olar kaj zherde otse de barlygynda Angliyanyn ruhy seziledi Dramaturg otken gasyrdy surettese de onyn zhasagan kejipkerleri Қajta orleu dәuirinin okilderi bolyp korinedi Shekspirdin sayasi kozkarasy pesa hronikalarynda ajkyn korinedi Genrih VI 3 bolimnin basyluy 1594 1623 Richard III kojyluy basyluy t b pesa hronikalarynyn negizgi ideyasy memlekettik birliktin kazhettigi feodaldyk anarhiyany zhoyu Shekspir pesalarynda dүnie zhүzinde algash ret dramaturgiya sayasi kүresti miftik emes realistik әdispen bejneledi Ol shygarmalaryna feodaldyk kogamnyn barlyk okilderin sondaj ak demokratiyalyk pikirdegilerdi de katystyrdy Alajda Shekspir oz dәuirindegi gumanisterdin kүmәnshyldygynan asyp kete almaj halyktyn oz tagdyryn zhәne memleket mәselesin ozi baskara alatyndygyna seninkiremej karady Shekspir shygarmashylygynyn ekinshi kezeni Shekspir shygarmashylygynyn ekinshi kezeni 1601 1608 Angliya omirindegi kogamdyk sayasi ozgeristermen tutas keldi Bul kezde koroldyk үkimet reakciyalyk kүshterdin tiregine ajnaldy da kapitaldyn әuelgi shogyrlanu procesi halyktyn zhagdajyn әlsirete tүsti Osy zhagdajlar Shekspir shygarmalarynda tragediyalyk sarynnyn molayuyna sebepker boldy Bul zhyldary ol birkatar әleumettik filosofiyalyk pesalar zhazdy Gamlet 1602 Otello 1604 Korol Lir 1606 Makbet 1606 Antonij men Kleopatra 1607 Afinalyk Timon 1608 Koriolan 1608 t b Shekspir shygarmashylygynyn zhelisi kogamnyn zhanaruyn korsetu kogamdyk zulmattyktar men adamdy azdyrar omirdi sүrensiz korseter dini senimderdi әzhualau Shekspir tuyndylary shyndykka kaltkysyz senudi omirdi sүyudi uagyzdajdy Shekspir shygarmashylygynyn үshinshi kezeni Shekspir shygarmashylygynyn үshinshi kezeni 1609 1612 buryngysynsha zulymdyk pen adamgershiliktin kүresin arkau ete otyryp tartysty kobine unamdy kasiettin iesine moraldyk zhәne realdyk zhendiru arkyly sheshedi Bul kezenge Perikl 1609 Cimbelin Қysky ertegi shygarmalary zhatady Bul tragikomediyalar mazmuny dramalyk bolsa da sonynan zhaksy ayaktalatyn pesalar Shekspir Resejde XVIII g keninen tanyla bastady Ol turaly N M Karamzin A S Pushkin K F Ryleev V K Kyuhelbeker t b zhaksy lebiz bildirgen V G Belinskij 1838 zh Gamlet atty arnajy makala zhazdy Shekspir pesalary kazak tiline audarylyp respublikalyk koptegen teatrlarynda kojylyp keledi Otello Asauga tusau t b tuyndylary M Әuezovtin audaruymen kүni bүginge dejin sahnadan tүsken emes Pesalary kazak tilinde talaj ret kitap bolyp basyldy Sonetter 1970 zh zheke kitap bolyp shykty Sonetterdi algash ret kazak tiline audargan H Ergaliev M Makataev Midsummer Nigh s Dream Zhazgy tүnde korgen tүs pesasyn kazak tiline audargan Ү Kenesbaeva Derekkozder