Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: “Оның мінезі – Құран”, – деп жауап берген. Құранда: “Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Сілтемелер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Imandylyk adamnyn kogamdagy kүndelikti omirdegi is әreketterin belgili bir kalypka tүsiretin ishki ruhani retteuish kadir kasiet adam bojyndagy adamgershilik izgilik kisilik belgisi Dәstүrli kazak kogamynda adamnyn imandylygyna minez kulyk zhүjesindegi erekshelikterine kop konil bolingen Adamnyn zharyk dүniege kelui osui erzhetui tirshilik etui kartayuy ata men balanyn karym katynasy үlkendik pen kishilik syjlastyk әdeptilik pen arlylyk inabattylyk tәrizdi manyzdy mәseleler imandylyktyn manyzdy kuramdas boligi retinde eshkashan da nazardan tys kalmagan Zhastardyn үlkenderge kurmet korsetui үlkenderdin kishilerge izet bildirui omir sүru saltyna ajnalgan Қogamda berik kalyptaskan osyndaj korgendilikpen omir keshu dagdylary zhinala kelip barsha adamgershilik kagidalardyn imandylyktyn zhazylmagan kodeksterinin kalyptasuyna negiz bolgan Bojyna adamgershilik asyl kasietterdi zhinap osken zhasty korgendi dep zhүreginen nur oninen zhylu ketpejtin әrdajym zhaksylyk zholyn ojlajtyn әr iste әdildik korsetetin adamdardy imandy dep atagan Musylmandyk dүnietanym bojynsha imandylyk imannan pajda bolady Al iman zhүrektegi nur nurdyn syrtky bolmysy yagni imandylyk Alla tagalaga iman etken adamga bitetin korkem minez Alla zhibergen әrbir pajgambarynyn mindeti iman men imandylykka uagyzdau dep sanalgan En songy pajgambar Muhammed g s Men en gazhap korkem minezdi tolyktyru үshin zhiberildim deu arkyly әlemdegi tәlim tәrbie men imandylyktyn kanshalykty manyzdy ekenin korsetken imandylykka ozi birinshi үlgi bolgan delinedi Alla tagala adamdy iman men imandylyk үshin zharatkan sondyktan Allanyn minezinen үlgi onege alyndar Muhammed pajgambar dep uagyzdalady Imandylyktyn negizin musylmandar Қuranda dep biledi Қuran Kәrimnen en kop үlgi algan Muhammed pajgambardyn g s minezi zhajly Hazireti Ajsha Onyn minezi Қuran dep zhauap bergen Қuranda Negizinen iman etip izgi is zhasagandar namazdy tolyk oryndap zeket bergenderge Rabbylarynnyn zhanynda syjlyk bar delingen Bakara 2 277 Bul ayattagy izgi ister dini ugym bojynsha imandylyk bolyp tabylady Қazirgi zajyrly orkenietti kogamda da imandylyk asa kasterli biik adamshylyk kasiet retinde ugynylady Imandylykka karama karsy zhagymsyz sipat imansyzdyk SiltemelerIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet