Әбу Абдаллаһ Мұхаммед Ибн Баттута (24.2.1304, Танжер қ. — 1377, Фес қ. қазіргі Марокко) – араб саяхатшысы.
Әбу Абдуллаһ Мұхаммад Ибн Абдуллаһ әл-Лауати әл-Танжи Ибн Баттута أبو عبد الله محمد ابن عبد الله اللواتي الطنجي بن بطوطة | |
---|---|
Ибн Баттута | |
Дүниеге келгені: | ақпан, 1304 Танжер, Марокко |
Қайтыс болғаны: | 1369 Марокко |
Ethnicity | бербер |
Мансабы: | / |
Дiнi: | сүнни Мәлики |
Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323—53). Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде), Египетте, Иранда, Кіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен Ауғанстанда, Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Суданда, Испанияда, Қырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болғаны туралы мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде Өзбек ханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 — 52) болды. Оның 1352 — 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Мали мемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. Өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған.
Жасаған саяхаты туралы
«Ибн Баттута саяхаты туралы» кітап XIV ғ. жазылды және көптеген тілдерге тәржімаланды. Онда автордың Еуропаға, Азия мен Африкаға жасаған көптеген сапарлары туралы шынайы мәліметтері жинақталған еді.
Шығыс Африкаға жасаған жорығы оны үлкен әсерге бөледі. Персия, Сирия мен Кіші Азияны сайрандағаннан кейін ол Қара теңізді кесіп өтті, және құрлықпен жүріп отырып, Еділ бойына жетті. Ибн Баттута Еділ бойымен Кама өзені сағасына көтерілді, мұндағы Бұлғар қаласында Алтын Орданың маңызды сауда орталығы орналасқан. «Түнек елінде» елтірімен сауда жасау пысық көпес үшін қауіпті әрі табысы аз болып көрінді, сөйтіп ол әрі қарай солтүстікке жүріп кетті. Келесі жылдары Ибн Баттута Орта Азия мен Үндістанға сапар шекті. Үндістанда ол сегіз жылға таяу тұрды. 1342 ж. үнді сұлтаны оны Қытайға жөнелтті, бірақ бұл саяхаттың сәті түспеді. Кейінірек Мальдив аралдарындағы билеушінің қолындағы қызметінен кейін ол Цейлонға жетті және ақырында Қытайдан бір-ақ шықты.
1349 ж. Ибн Баттута Цейлон, Арабия мен Мысыр арқылы Отанына оралды, бірақ оның саяхаты осымен тәмәм болмады. Испанияда аялдағаннан кейін қайтадан Африкаға жолаушылап, құпия Тимбукту қаласына (Мали) келді. Ол 1352 ж. жолға шықты. Бұл қажырлы арабтың өміріндегі ең ірі сапары болатын. Малиге бағыт ала отырып, ол Сахара шөлін кесіп өтті. Жол қиындыққа толы болды, шөл далада қарақшылар торып жүрді, сондықтан саяхатшы керуенге қосылды. Керуен Тагазда алғаш үйлер тұз бен түйенің көн терісінен тұрғызылған. Жолаушылар өздерімен он күнге есептеп, су қорын алып жүрді. Тасаралыға дейінгі жол көп күнге созылды. Содан соң жаңа қормен Валатаға дейін жетті. Баттута Малиге аяқ басқаннан кейін, Нигер өзеніне дейін тағы жүрді. Тәуекелге бас тігуге тура келді, дегенмен Ибн Баттута бай Мали шаһары Тимбуктуды тапты және Сулеймен патшамен дидарласты. Ибн Баттута елуге келгеннен кейін, туған жері Танжерге қайтып оралды және өзінің бастан кешірген таңғажайып саяхаты мен сапарларын кітапқа түсіртті.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әbu Abdallaһ Muhammed Ibn Battuta 24 2 1304 Tanzher k 1377 Fes k kazirgi Marokko arab sayahatshysy Әbu Abdullaһ Muhammad Ibn Abdullaһ әl Lauati әl Tanzhi Ibn Battuta أبو عبد الله محمد ابن عبد الله اللواتي الطنجي بن بطوطةIbn BattutaDүniege kelgeni akpan 1304 Tanzher MarokkoҚajtys bolgany 1369 MarokkoEthnicity berberMansaby Dini sүnni Mәliki Onyn Қyrym men Altyn Orda ielikterinde bolyp zhazgan makalalary Өzbek hannyn sarajy turaly habarlamalary tүrik halyktarynyn tarihy үshin ote kundy derekter Ol 30 zhyl bojy sayahat zhasagan 1323 53 Arabiyada Saud Arabiyasy tүbeginde Egipette Iranda Kishi Aziya tүbeginde Ortalyk Aziya men Auganstanda Үndistanda Indoneziyada Қytajda Sudanda Ispaniyada Қyrym men Resejde bolgan Onyn Қyrym men Altyn Orda ielikterinde bolgany turaly makalalary Өzbek hannyn sarajy turaly habarlamalary tүrik halyktarynyn tarihy үshin ote kundy derekter Derekterdin birinde Өzbek hannyn әjeli grek hanymyna erip Konstantinopol k na bargan sapary zhajly zhәne sayahatshynyn sol kalany tolyk bayandagany zhazylady Batuttanyn Iranga zhasagan sayahaty zhonindegi әngimesi Hulagu әuleti bilegen Irannyn zhagdajyn korsetedi Үndistanda bolganyn tүgel surettep zhazgan enbegi ol Deli sultany Muhammed Tuglaktyn sarajy zhanynda sot bolyp kyzmet istegen erekshe nazar audararlyk Odan kejin ol musylman Ispaniyasynda 1349 52 boldy Onyn 1352 53 zh Batys zhәne Ortalyk Sudanga zhasagan sayahaty turaly esebi ote bagaly Batutta Mali memleketin zhәne Batys Afrikanyn ogan zhapsarlas zhatkan olkelerin tungysh ret Europa sayahatshylaryna dejin tүbegejli bayandap berdi Өmirinin ayagyna dejin ol Marokkoda turgan Zhasagan sayahaty turaly Ibn Battuta sayahaty turaly kitap XIV g zhazyldy zhәne koptegen tilderge tәrzhimalandy Onda avtordyn Europaga Aziya men Afrikaga zhasagan koptegen saparlary turaly shynajy mәlimetteri zhinaktalgan edi Shygys Afrikaga zhasagan zhorygy ony үlken әserge boledi Persiya Siriya men Kishi Aziyany sajrandagannan kejin ol Қara tenizdi kesip otti zhәne kurlykpen zhүrip otyryp Edil bojyna zhetti Ibn Battuta Edil bojymen Kama ozeni sagasyna koterildi mundagy Bulgar kalasynda Altyn Ordanyn manyzdy sauda ortalygy ornalaskan Tүnek elinde eltirimen sauda zhasau pysyk kopes үshin kauipti әri tabysy az bolyp korindi sojtip ol әri karaj soltүstikke zhүrip ketti Kelesi zhyldary Ibn Battuta Orta Aziya men Үndistanga sapar shekti Үndistanda ol segiz zhylga tayau turdy 1342 zh үndi sultany ony Қytajga zhoneltti birak bul sayahattyn sәti tүspedi Kejinirek Maldiv araldaryndagy bileushinin kolyndagy kyzmetinen kejin ol Cejlonga zhetti zhәne akyrynda Қytajdan bir ak shykty 1349 zh Ibn Battuta Cejlon Arabiya men Mysyr arkyly Otanyna oraldy birak onyn sayahaty osymen tәmәm bolmady Ispaniyada ayaldagannan kejin kajtadan Afrikaga zholaushylap kupiya Timbuktu kalasyna Mali keldi Ol 1352 zh zholga shykty Bul kazhyrly arabtyn omirindegi en iri sapary bolatyn Malige bagyt ala otyryp ol Sahara sholin kesip otti Zhol kiyndykka toly boldy shol dalada karakshylar toryp zhүrdi sondyktan sayahatshy keruenge kosyldy Keruen Tagazda algash үjler tuz ben tүjenin kon terisinen turgyzylgan Zholaushylar ozderimen on kүnge eseptep su koryn alyp zhүrdi Tasaralyga dejingi zhol kop kүnge sozyldy Sodan son zhana kormen Valataga dejin zhetti Battuta Malige ayak baskannan kejin Niger ozenine dejin tagy zhүrdi Tәuekelge bas tiguge tura keldi degenmen Ibn Battuta baj Mali shaһary Timbuktudy tapty zhәne Sulejmen patshamen didarlasty Ibn Battuta eluge kelgennen kejin tugan zheri Tanzherge kajtyp oraldy zhәne ozinin bastan keshirgen tangazhajyp sayahaty men saparlaryn kitapka tүsirtti