Өзбек хан, Мұхаммед Сұлтан Өзбек хан (шамамен 1280 – 1341) – Алтын Орда ханы (1313 – 1341). Бату хан әулетінен, Меңгу Темір ханның немересі.
Өзбек хан Сұлтан Мұхаммед | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1312 — 1341 | ||
Ізашары | Тоқта хан | |
Ізбасары | Тыныбек хан | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 1280 Қазақстан | |
Қайтыс болуы | 1341 Сарай Бату | |
Жерленді | Сарай Берке | |
Әкесі | Тоғылық | |
Балалары | Тыныбек, Жәнібек, Хызырбек. | |
өңдеу |
Басқаруы
Алтын Орда билігіне Тоқта хан өлген соң билікке жақын сұлтандардың көмегімен келді. Өзбек хан билеген тұста Алтын Орда мемлекетінде елеулі өзгерістер болды. Алтын Ордада ислам ресми дін болды. Өзбек ханның Шыңғыс хан ұрпақтарынан ислам дініне кіргісі келмегендерін аяусыз жазалағаны туралы мәліметтер кездеседі. Қазіргі кейбір тарихшылар Шыңғыс өкілдері мен нояндарының Ордадан Мәскеу княздарына қызметке көптеп кетуін осы оқиғалармен байланыстырады. Ол билік құрған кезеңде Алтын Орда нағыз өрлеу кезеңін бастан кешті, оның саяси-әскери қуаты мен экон. дамуы шарықтау шегіне жетті. Бұл өрлеуді қалалардың өсуінен, халықар. қатынастар мен сыртқы сауданың, мәдениеттің дамуынан көруге болады. Алтын Орданың екінші астанасы – Сарай әл-Жадид гүлденіп, жаңа құрылыстар жүрді. Өзбек хан бұйрығымен Еділ, Қырым бойындағы, Хорезмдегі қалаларда мешіт-медреселер, түрлі сарайлар салынды. Оның тұсында Алтын Ордаға бағынышты орыс князьдіктерінің ішінде Мәскеу ерекше күшейді. Өзбек хан Ұлы Владимир князьдігі үшін болған күресте Мәскеу князьдарына қолдау көрсетті. Өзінен бұрынғы хандар сияқты Өзбек хан да Русьтегі православие дінін қудалаған жоқ, қайта олардың барлық жеңілдіктерін сақтады. Алтын Орданың мәмлүктер билеген Египетпен сауда, мәдени, дипломат. байланысын жандандырды. 1319 ж., 1335 ж. Хулагу иелігіндегі Әзірбайжанға екі рет жорық жасады. Өзбек хан 1330 ж. Ақ Орда хандарының бұрынғы тәуелді кезін қалпына келтіру үшін Мүбәрәк қожамен соғысып, ұлы Тыныбекті Сығанақ қ-нда хан тағына отырғызды. Өзбек хан өлген соң Алтын Орда тағына ұлы Жәнібек отырды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Oz Beg Khan |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өzbek han Muhammed Sultan Өzbek han shamamen 1280 1341 Altyn Orda hany 1313 1341 Batu han әuletinen Mengu Temir hannyn nemeresi Өzbek han Sultan MuhammedLauazymyAltyn Ordanyn 9 shy hany1312 1341Izashary Tokta hanIzbasary Tynybek hanӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui 1280 1280 ҚazakstanҚajtys boluy 1341 1341 Saraj BatuZherlendi Saraj BerkeӘkesi TogylykBalalary Tynybek Zhәnibek Hyzyrbek ondeu Өzbekke kelgen Mihail Yaroslavich TverskojBaskaruyAltyn Orda biligine Tokta han olgen son bilikke zhakyn sultandardyn komegimen keldi Өzbek han bilegen tusta Altyn Orda memleketinde eleuli ozgerister boldy Altyn Ordada islam resmi din boldy Өzbek hannyn Shyngys han urpaktarynan islam dinine kirgisi kelmegenderin ayausyz zhazalagany turaly mәlimetter kezdesedi Қazirgi kejbir tarihshylar Shyngys okilderi men noyandarynyn Ordadan Mәskeu knyazdaryna kyzmetke koptep ketuin osy okigalarmen bajlanystyrady Ol bilik kurgan kezende Altyn Orda nagyz orleu kezenin bastan keshti onyn sayasi әskeri kuaty men ekon damuy sharyktau shegine zhetti Bul orleudi kalalardyn osuinen halykar katynastar men syrtky saudanyn mәdeniettin damuynan koruge bolady Altyn Ordanyn ekinshi astanasy Saraj әl Zhadid gүldenip zhana kurylystar zhүrdi Өzbek han bujrygymen Edil Қyrym bojyndagy Horezmdegi kalalarda meshit medreseler tүrli sarajlar salyndy Onyn tusynda Altyn Ordaga bagynyshty orys knyazdikterinin ishinde Mәskeu erekshe kүshejdi Өzbek han Ұly Vladimir knyazdigi үshin bolgan kүreste Mәskeu knyazdaryna koldau korsetti Өzinen buryngy handar siyakty Өzbek han da Rustegi pravoslavie dinin kudalagan zhok kajta olardyn barlyk zhenildikterin saktady Altyn Ordanyn mәmlүkter bilegen Egipetpen sauda mәdeni diplomat bajlanysyn zhandandyrdy 1319 zh 1335 zh Hulagu ieligindegi Әzirbajzhanga eki ret zhoryk zhasady Өzbek han 1330 zh Ak Orda handarynyn buryngy tәueldi kezin kalpyna keltiru үshin Mүbәrәk kozhamen sogysyp uly Tynybekti Syganak k nda han tagyna otyrgyzdy Өzbek han olgen son Altyn Orda tagyna uly Zhәnibek otyrdy DerekkozderҚazak enciklopediyasy 7tomOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Oz Beg Khan