Ерейментау ауданы – Ақмола облысының шығысындағы әкімшілік бөлініс.
Қазақстан ауданы | |
Ерейментау ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 13 |
Қалалық әкімдіктер саны | 1 |
Ауыл саны | 32 |
Қала саны | 1 |
Әкімі | Нұрлан Зияйденұлы Мұқатов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Ерейментау қаласы, Абай көшесі, №121 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е. 74.17583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е. 74.17583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 17,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 26 187 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (67,62%), орыстар (22,38%), украиндар (3,28%), немістер (2,78%), татарлар (1,67%), беларустар (0,72%), басқалары (1,55%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 020800-020810 |
Автомобиль коды | 03 |
Ерейментау ауданының әкімдігі | |
| |
|
Тарихы
Аудан Ақмола округінің құрамында Еркіншілік атауымен (орталығы Торғай қонысы) 1928 жылы қыркүйек айында құрылған еді. Ауданның құрамына Ақмола уезінің Еркіншілік және бұрынғы Ермен болысының бөліктері кірді. 1930 жылы таратылғаннан кейін Ақмола округінің аудандары мемлекеттік органдарға бағынышты болған және 1932 жылы жаңадан құрылған орталығы Петропавл қаласындағы Қарағанды облысының құрамына енген еді. 1935 жылдың қаңтар айында аудан орталығы Благодатный ауылына ауыстырылды. 1939 жылы қазан айында аудан Ақмола облысының құрамына берілді.
1948 жылының көктемінде Ерейментау тауының етегінде Ерейментау кенті салынды.
1954 жылдың 11 қыркүйегінде аудан орталығы Благодатный ауылынан Ерейментау кентіне ауыстырылды.
1963 жылдың 2 қаңтарында бұл аудан Ерментау ауданы деп аталды.
Ерментау ауданы 1997 жылының 14 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ерейментау ауданы деген атауға ие болды.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
16158 | ▲44731 | ▲62309 | ▼43245 | ▲45161 | ▼42246 | ▼31303 | ▼26710 |
Әкімшілік бөлінісі
Аудан жеріндегі 33 елді мекен 3 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақмырза ауылдық округі | 813 | ▼669 | 82,3 | 415 | ▼356 | 85,8 | 398 | ▼313 | 78,6 |
Ақсуат ауылдық әкімдігі | 702 | ▼561 | 79,9 | 351 | ▼285 | 81,2 | 351 | ▼276 | 78,6 |
Бестоғай ауылдық округі | 911 | ▼482 | 52,9 | 467 | ▼257 | 55 | 444 | ▼225 | 50,7 |
Бозтал ауылдық округі | 810 | ▼608 | 75,1 | 422 | ▼327 | 77,5 | 388 | ▼281 | 72,4 |
Ерейментау қалалық әкімдігі | 12518 | ▲12652 | 101,1 | 6054 | ▲6136 | 101,4 | 6464 | ▲6516 | 100,8 |
Еркіншілік ауылдық округі | 4060 | ▼2994 | 73,7 | 2069 | ▼1548 | 74,8 | 1991 | ▼1446 | 72,6 |
Күншалған ауылдық округі | 1150 | ▼624 | 54,3 | 607 | ▼329 | 54,2 | 543 | ▼295 | 54,3 |
Қойтас ауылдық округі | 470 | ▼337 | 71,7 | 243 | ▼186 | 76,5 | 227 | ▼151 | 66,5 |
Майлан ауылдық әкімдігі | 1826 | ▼1423 | 77,9 | 917 | ▼726 | 79,2 | 909 | ▼697 | 76,7 |
Олжабай батыр ауылдық округі | 1600 | ▼1234 | 77,1 | 821 | ▼607 | 73,9 | 779 | ▼627 | 80,5 |
Өлеңті ауылдық округі | 1321 | ▼988 | 74,8 | 676 | ▼500 | 74 | 645 | ▼488 | 75,7 |
Сілеті ауылдық әкімдігі | 998 | ▼820 | 82,2 | 491 | ▼467 | 95,1 | 507 | ▼353 | 69,6 |
Тайбай ауылдық округі | 2180 | ▼1785 | 81,9 | 1125 | ▼920 | 81,8 | 1055 | ▼865 | 82 |
Торғай ауылдық округі | 1944 | ▼1533 | 78,9 | 982 | ▼794 | 80,9 | 962 | ▼739 | 76,8 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 31303 | ▼26710 | 85,3 | 15640 | ▼13438 | 85,9 | 15663 | ▼13272 | 84,7 |
Географиялық орны, жер бедері
Аудан батысында Біржан сал, Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандарымен және Степногорск қаласымен, солтүстігінде СҚО-ның Уәлиханов ауданымен, шығысында Павлодар облысының Ақтоғай ауданымен және Екібастұз қаласымен, оңтүстігінде Аршалы және Қарағанды облысының Осакаров ауданымен шектеседі.
Ерейментау ауданы Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, Өлеңті өзендерінің алабында орналасқан. Солтүстік жер бедерінің биіктігі 300 м аспайтын белесті жазық. Оңтүстікке қарай күмбезді, үшкілді төбелер мен жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылар, оңтүстігі делювийлі-пролювийлі аккумуляттық жазықпен және бойлық бағытта созылған Ерейментау тауымен алмасады. Ауданның жер қойнауында алтын, сүрме, тас көмір, боксит, тұз, әктас, гранит, қиыршықтас, құм кен орындары барланған.
Климаты
Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –16 – 18°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Сілетінің басты салалары – Ащылыайрық (сол), Ақмырза, Кедей, Шилі (оң) және Өлеңті өзендері ағып өтеді. Көлдерінің ірілері: Теңіз, Шолақсор, Жақсытұз, , Қарасор, Үлкен және Кіші Шарықты, Көбейтұз, (тұщы), , Бозайғыр, Әжібай, т.б. Өзен мен көлдер жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 метрге дейін) тереңдікте кездеседі. Ерейментау бөктерінде суы тұщы әрі мол бұлақтар көп.
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Аудан жерінің солтүстік бөлігі сортаңды күңгірт қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігі қызыл қоңыр топырақты. Таулы өңірінде қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық сортаң топырақ қалыптасқан. Даласында бетеге, селеу, қылқан селеу, жусан, шығысында түрлі бұта, сұлыбас, қылқан селеу өседі. Ерейментаудың баурайы мен шатқалдарында қайың, көктерек, тал, қараған, тобылғы, түрлі шөп, сұлыбас, қызғылт селеу, өзен аңғарларында түрлі шөп, астық тұқымдас шалғын өседі. Тауда арқар, елік кездеседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақ қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, ақ қалақ, ақкіс; құстардан қаз, үйрек, тырна, құр, бүркіт, дала қыраны, қаршыға, бөктергі, т.б. мекендейді. Ауданда Ерейментау қорықшасы орналасқан.
Ірі елді мекендері: Торғай, Майлан, Бестөбе, Павловка, Сілеті. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 1676,4 мың га, оның ішінде егістік 115,6 мың га, шабындық 23,1 мың га, жайылым 1402,3 мың га, орман 17,5 мың га-ны құрайды. Бестөбе, Ешкіөлмес алтын кендерінен алтын өндіріледі. Аудан жері арқылы Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Айсары темір жол, Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Бестөбе автомобиль жолдары өтеді.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ерейментау ауданы тарихы
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Erejmentau audany Akmola oblysynyn shygysyndagy әkimshilik bolinis Қazakstan audanyErejmentau audanyӘkimshiligiOblysyAkmola oblysyAudan ortalygyErejmentauAuyldyk okrugter sany13Қalalyk әkimdikter sany1Auyl sany32Қala sany1ӘkimiNurlan Ziyajdenuly MukatovAudan әkimdiginin mekenzhajyErejmentau kalasy Abaj koshesi 121Tarihy men geografiyasyKoordinattary51 47 51 s e 74 10 33 sh b 51 79750 s e 74 17583 sh b 51 79750 74 17583 G O Ya Koordinattar 51 47 51 s e 74 10 33 sh b 51 79750 s e 74 17583 sh b 51 79750 74 17583 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy17 5 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny26 187 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 67 62 orystar 22 38 ukraindar 3 28 nemister 2 78 tatarlar 1 67 belarustar 0 72 baskalary 1 55 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi020800 020810Avtomobil kody03Erejmentau audanynyn әkimdigiTarihyAudan Akmola okruginin kuramynda Erkinshilik atauymen ortalygy Torgaj konysy 1928 zhyly kyrkүjek ajynda kurylgan edi Audannyn kuramyna Akmola uezinin Erkinshilik zhәne buryngy Ermen bolysynyn bolikteri kirdi 1930 zhyly taratylgannan kejin Akmola okruginin audandary memlekettik organdarga bagynyshty bolgan zhәne 1932 zhyly zhanadan kurylgan ortalygy Petropavl kalasyndagy Қaragandy oblysynyn kuramyna engen edi 1935 zhyldyn kantar ajynda audan ortalygy Blagodatnyj auylyna auystyryldy 1939 zhyly kazan ajynda audan Akmola oblysynyn kuramyna berildi 1948 zhylynyn kokteminde Erejmentau tauynyn eteginde Erejmentau kenti salyndy 1954 zhyldyn 11 kyrkүjeginde audan ortalygy Blagodatnyj auylynan Erejmentau kentine auystyryldy 1963 zhyldyn 2 kantarynda bul audan Ermentau audany dep ataldy Ermentau audany 1997 zhylynyn 14 karashadagy ҚR Prezidentinin Zharlygymen Erejmentau audany degen atauga ie boldy Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 16158 44731 62309 43245 45161 42246 31303 26710Әkimshilik bolinisiAudan zherindegi 33 eldi meken 3 auyldyk 1 kalalyk әkimdik pen 10 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAkmyrza auyldyk okrugi 813 669 82 3 415 356 85 8 398 313 78 6Aksuat auyldyk әkimdigi 702 561 79 9 351 285 81 2 351 276 78 6Bestogaj auyldyk okrugi 911 482 52 9 467 257 55 444 225 50 7Boztal auyldyk okrugi 810 608 75 1 422 327 77 5 388 281 72 4Erejmentau kalalyk әkimdigi 12518 12652 101 1 6054 6136 101 4 6464 6516 100 8Erkinshilik auyldyk okrugi 4060 2994 73 7 2069 1548 74 8 1991 1446 72 6Kүnshalgan auyldyk okrugi 1150 624 54 3 607 329 54 2 543 295 54 3Қojtas auyldyk okrugi 470 337 71 7 243 186 76 5 227 151 66 5Majlan auyldyk әkimdigi 1826 1423 77 9 917 726 79 2 909 697 76 7Olzhabaj batyr auyldyk okrugi 1600 1234 77 1 821 607 73 9 779 627 80 5Өlenti auyldyk okrugi 1321 988 74 8 676 500 74 645 488 75 7Sileti auyldyk әkimdigi 998 820 82 2 491 467 95 1 507 353 69 6Tajbaj auyldyk okrugi 2180 1785 81 9 1125 920 81 8 1055 865 82Torgaj auyldyk okrugi 1944 1533 78 9 982 794 80 9 962 739 76 8ZhALPY SANY 31303 26710 85 3 15640 13438 85 9 15663 13272 84 7Geografiyalyk orny zher bederiAudan batysynda Birzhan sal Akkol Shortandy Celinograd audandarymen zhәne Stepnogorsk kalasymen soltүstiginde SҚO nyn Uәlihanov audanymen shygysynda Pavlodar oblysynyn Aktogaj audanymen zhәne Ekibastuz kalasymen ontүstiginde Arshaly zhәne Қaragandy oblysynyn Osakarov audanymen shektesedi Erejmentau audany Saryarkanyn soltүstik shygysyndagy dala beldeminde Sileti Өlenti ozenderinin alabynda ornalaskan Soltүstik zher bederinin biiktigi 300 m aspajtyn belesti zhazyk Ontүstikke karaj kүmbezdi үshkildi tobeler men zhondardan turatyn denudaciyalyk usak shokylar ontүstigi delyuvijli prolyuvijli akkumulyattyk zhazykpen zhәne bojlyk bagytta sozylgan Erejmentau tauymen almasady Audannyn zher kojnauynda altyn sүrme tas komir boksit tuz әktas granit kiyrshyktas kum ken oryndary barlangan KlimatyKlimaty tym kontinenttik kysy suyk kary az zhazy ystyk kurgak Auanyn ortasha temperaturasy kantarda 16 18 S shildede 20 21 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 300 350 mm Ontүstik batystan soltүstik shygyska karaj Siletinin basty salalary Ashylyajryk sol Akmyrza Kedej Shili on zhәne Өlenti ozenderi agyp otedi Kolderinin irileri Teniz Sholaksor Zhaksytuz Қarasor Үlken zhәne Kishi Sharykty Kobejtuz tushy Bozajgyr Әzhibaj t b Өzen men kolder zhauyn shashyn zhәne zher asty sularymen tolygady Zher asty sulary 30 50 m ont nde 100 metrge dejin terendikte kezdesedi Erejmentau bokterinde suy tushy әri mol bulaktar kop Topyragy osimdigi men zhanuarlar dүniesiAudan zherinin soltүstik boligi sortandy kүngirt kyzyl konyr topyrakty ontүstigi kyzyl konyr topyrakty Tauly onirinde kara topyrak ozen kol zhajylmalarynda shalgyndyk sortan topyrak kalyptaskan Dalasynda betege seleu kylkan seleu zhusan shygysynda tүrli buta sulybas kylkan seleu osedi Erejmentaudyn baurajy men shatkaldarynda kajyn kokterek tal karagan tobylgy tүrli shop sulybas kyzgylt seleu ozen angarlarynda tүrli shop astyk tukymdas shalgyn osedi Tauda arkar elik kezdesedi Andardan kaskyr tүlki karsak ak koyan borsyk suyr saryshunak ak kalak akkis kustardan kaz үjrek tyrna kur bүrkit dala kyrany karshyga boktergi t b mekendejdi Audanda Erejmentau korykshasy ornalaskan Iri eldi mekenderi Torgaj Majlan Bestobe Pavlovka Sileti Auyl sharuashylygyna pajdalanylatyn zheri 1676 4 myn ga onyn ishinde egistik 115 6 myn ga shabyndyk 23 1 myn ga zhajylym 1402 3 myn ga orman 17 5 myn ga ny kurajdy Bestobe Eshkiolmes altyn kenderinen altyn ondiriledi Audan zheri arkyly Astana Erejmentau Pavlodar Erejmentau Ajsary temir zhol Astana Erejmentau Pavlodar Erejmentau Bestobe avtomobil zholdary otedi DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Erejmentau audany tarihy Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary