Целиноград ауданы (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) — Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан орталығы — Ақмол ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Целиноград ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 21 |
Ауыл саны | 48 |
Әкімі | Дарын Сабырғали |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, №34 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 7,8 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 81 803 адам (2023) |
Тығыздығы | 10,5 адам/км² |
Ұлттық құрамы | қазақтар (81,37%), орыстар (10,32%), немістер (1,68%), украиндар (1,61%), татарлар (1,2%), беларустар (0,84%), поляктар (0,41%), басқалары (2,57%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 010016-010029 |
Автомобиль коды | 03 |
Целиноград ауданының әкімдігі | |
| |
|
Тарихы
Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола уезінің Ақмола және жартылай Ереймен, Есіл болыстарының жерінен Ақмола атауымен Ақмола округінің құрамында құрылған. Әкімшілік орталығы Ақмола қаласы болған. 1940 жылы 30 маусымда аудан орталығы бір-бірінен 2,5 шақырым қашықтықтағы Новоишимка және Семёновка ауылдарына, ал 1949 жылы Кирово ауылына (қазір Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал кенті) көшірілген. 1961 жылы аудан атауы Целиноград ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 243 Жарлығымен аудан орталығы кейін Ақмол болып өзгертілген Малиновка ауылына ауыстырылды.
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Шортанды ауданымен, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Астрахан, Қорғалжын аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Астана қаласы ауданды екі бөлікке бөледі.
Жер бедері
Жер бедері негізінен жазық. Батысы — борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы — ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі.
Климаты
Климаты континенттік. Қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың жылдық орташа температурасы –17 — 18°С, қардың орташа қалыңдығы 20 см. Жазы ыстық, құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 мм.
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Аудан аумағының көп жері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жыртылған. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пен түлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйрек, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қо-ректілерден: дала суыры, кіші сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатра, күзен кездеседі.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
33726 | ▲45855 | ▲54250 | ▼53322 | ▲54367 | ▼42068 | ▲58451 | ▲78806 |
Тұрғындар саны 76891 адам (2019). Халқы көп ұлтты: қазақтар (79,32%), орыстар (11,42%), немістер (1,93%), украиндар (1,80%), беларустар (1,00%), татарлар (1,31%), поляктар (0,48%), басқалары (2,75,00%) Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,0 адамнан келеді.
Әкімшілік бөлінісі
Аудан аумағындағы 48 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 16 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақжар ауылдық округі | 1436 | ▼1172 | 81,6 | 711 | ▼583 | 82 | 725 | ▼589 | 81,2 |
Ақмол ауылдық округі | 6143 | ▲13851 | 225,5 | 2960 | ▲6839 | 231 | 3183 | ▲7012 | 220,3 |
Арайлы ауылдық округі | 4049 | ▼3909 | 96,5 | 2012 | ▼1996 | 99,2 | 2037 | ▼1913 | 93,9 |
Жаңаесіл ауылдық округі | 3431 | ▼3145 | 91,7 | 1688 | ▼1568 | 92,9 | 1743 | ▼1577 | 90,5 |
Жарлыкөл ауылдық округі | 2776 | ▼2626 | 94,6 | 1387 | ▼1316 | 94,9 | 1389 | ▼1310 | 94,3 |
Қабанбай батыр ауылдық округі | 5937 | ▲8939 | 150,6 | 2973 | ▲4446 | 149,5 | 2964 | ▲4493 | 151,6 |
Қажымұқан ауылдық әкімдігі | 683 | ▲960 | 140,6 | 339 | ▲485 | 143,1 | 344 | ▲475 | 138,1 |
Қаражар ауылдық әкімдігі | 579 | ▲805 | 139 | 291 | ▲415 | 142,6 | 288 | ▲390 | 135,4 |
Қараөткел ауылдық округі | 4655 | ▲10125 | 217,5 | 2369 | ▲5134 | 216,7 | 2286 | ▲4991 | 218,3 |
Қоянды ауылдық әкімдігі | 2954 | ▲9545 | 323,1 | 1537 | ▲4762 | 309,8 | 1417 | ▲4783 | 337,5 |
Қызылсуат ауылдық округі | 1598 | ▼1289 | 80,7 | 790 | ▼700 | 88,6 | 808 | ▼589 | 72,9 |
Мәншүк Мәметова ауылдық әкімдігі | 817 | ▼709 | 86,8 | 404 | ▼356 | 88,1 | 413 | ▼353 | 85,5 |
Нұресіл ауылдық округі | 2598 | ▼2458 | 94,6 | 1306 | ▼1230 | 94,2 | 1292 | ▼1228 | 95 |
Оразақ ауылдық округі | 1825 | ▲2201 | 120,6 | 918 | ▲1133 | 123,4 | 907 | ▲1068 | 117,8 |
Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі | 2516 | ▼2069 | 82,2 | 1268 | ▼1052 | 83 | 1248 | ▼1017 | 81,5 |
Родина ауылдық округі | 1721 | ▼1650 | 95,9 | 821 | ▼811 | 98,8 | 900 | ▼839 | 93,2 |
Софиевка ауылдық округі | 2106 | ▲2565 | 121,8 | 1074 | ▲1287 | 119,8 | 1032 | ▲1278 | 123,8 |
Талапкер ауылдық әкімдігі | 3111 | ▲7969 | 256,2 | 1625 | ▲4027 | 247,8 | 1486 | ▲3942 | 265,3 |
Тасты ауылдық округі | 1895 | ▼1375 | 72,6 | 947 | ▼692 | 73,1 | 948 | ▼683 | 72 |
Шалқар ауылдық округі | 1260 | ▼833 | 66,1 | 609 | ▼426 | 70 | 651 | ▼407 | 62,5 |
Ыбырай Алтынсарин ауылдық әкімдігі | 529 | ▲611 | 115,5 | 275 | ▲308 | 112 | 254 | ▲303 | 119,3 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 52619 | ▲78806 | 148,1 | 26707 | ▲39730 | 148,8 | 26744 | ▲39409 | 147,4 |
Өнеркәсiп
Ауданның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы 2006 жылы 2650,8 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп орындарынан “Цефар” АҚ-ның (1992 жылдан) фарфор зауыты (Фарфоровое а.) жұмыс істейді. Ол 2005 жылы 8,4 мың т фарфордан жасалған асхана және ас үй ыдыстарын шығарды. Бұдан басқа “АРЭК” АҚ мен “АРЭК — энергосбыт” ЖШС-і халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен 55 шағын кәсіпорын, 273 шаруа қожалығы, 11,4 мың жеке шаруашылықтар шұғылданады (2005). Олардың ішінде 2 ААҚ, 17 ЖШС, 1 ӨК, 1 АҚ, 1 мемл. кәсіпорын, 1 ұжымдық серіктестік, т.б. бар. Осылардың қарамағында 7 шұжық цехы, 3 шағын диірмен, 3 макарон цехы, 2 сүт өңдейтін блок, 1 май сығатын цех, 3 наубайхана, т.б. жұмыс істейді. Аудан аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 834,5 мың га, оның ішінде жыртылған жер 411,6 мың га, шабындығы 33,1 мың га, жайылымы 325,4 мың га, орманы 400 га. 247,8 мың га егістік жердің 229,8 мың гасына дәнді дақылдар егілген; малазықтық дақылдар 16,6 мың га жерге егілді (2006). 2007 жылдың басында ауданда 33,0 мың мүйізді ірі қара, 24,3 мың қой мен ешкі, 7,9 мың жылқы, 7,6 мың шошқа, 515,5 мың құс болды. Олардан 10,0 мың т ет (тірі салмағы), 41,9 мың т сүт, 55,3 млн. жұмыртқа өндірілді. Ауданда 2006 ж. басында 1 балабақша, 26 орта, 14 орталау, 10 бастауыш мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, 1 жоғары оқу орнының бөлімшесі, 1 музыка, 1 спорт мектебі, 62 клуб, 68 кітапхана, 15 отбасылық-дәрігерлік емхана, 31 фельдш.-акушерлік пункт болды. Автомобиль жолы жақсы дамыған, олар Астана, Көкшетау, т.б. елді мекендермен байланыстырады. Аудан аумағы арқылы Астана — Қараталды (Қарталы), Қарағанды — Петропавловск, Астана — Павлодар темір жол өтеді.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Зерттелмеген өлке Мұрағатталған 20 ақпанның 2022 жылы.
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Қазақстан Республикасы тұрғындарының облыстар, қалалар мен аудандар, жынысы мен жас ерекшелігі топтары, этностық бөлігі бойынша 2019 жылдың басындағы саны Мұрағатталған 17 қаңтардың 2013 жылы.
- 2009 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Celinograd audany 1961 zhylga dejin Akmola audany Akmola oblysynyn ontүstik shygysyndagy әkimshilik aumaktyk birlik Audan ortalygy Akmol auyly Қazakstan audanyCelinograd audanyӘkimshiligiOblysyAkmola oblysyAudan ortalygyAkmolAuyldyk okrugter sany21Auyl sany48ӘkimiDaryn SabyrgaliAudan әkimdiginin mekenzhajyAkmol auyly Nauryz koshesi 34Tarihy men geografiyasyKoordinattary51 23 35 s e 72 03 55 sh b 51 39306 s e 72 06528 sh b 51 39306 72 06528 G O Ya Koordinattar 51 23 35 s e 72 03 55 sh b 51 39306 s e 72 06528 sh b 51 39306 72 06528 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy7 8 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny81 803 adam 2023 Tygyzdygy10 5 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 81 37 orystar 10 32 nemister 1 68 ukraindar 1 61 tatarlar 1 2 belarustar 0 84 polyaktar 0 41 baskalary 2 57 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi010016 010029Avtomobil kody03Celinograd audanynyn әkimdigiTarihyAudan 1928 zhyly 17 kantarda Akmola uezinin Akmola zhәne zhartylaj Erejmen Esil bolystarynyn zherinen Akmola atauymen Akmola okruginin kuramynda kurylgan Әkimshilik ortalygy Akmola kalasy bolgan 1940 zhyly 30 mausymda audan ortalygy bir birinen 2 5 shakyrym kashyktyktagy Novoishimka zhәne Semyonovka auyldaryna al 1949 zhyly Kirovo auylyna kazir Astananyn Saryarka audanyndagy Koktal kenti koshirilgen 1961 zhyly audan atauy Celinograd audany bolyp ozgertildi Қazakstan Respublikasy Prezidentinin 2007 zhylgy 9 kantardagy N 243 Zharlygymen audan ortalygy kejin Akmol bolyp ozgertilgen Malinovka auylyna auystyryldy Geografiyalyk ornyAudan soltүstiginde Shortandy audanymen shygysynda Erejmentau Arshaly batysynda Astrahan Қorgalzhyn audandarymen ontүstiginde Қaragandy oblysynyn Nura audanymen shektesedi Astana kalasy audandy eki bolikke boledi Zher bederiZher bederi negizinen zhazyk Batysy borpyldak zhynystan tүzilgen sәl belesti zhazyk shygysy usak shokyly belesti tobeli zhazyk Ken bajlyktarynan silikattyk bujymdar zhasajtyn kum kirpish shikizaty otka tozimdi saz mineraldyk boyau kum kiyrshyktas t b kezdesedi KlimatyKlimaty kontinenttik Қysy suyk yzgarly Қantardyn zhyldyk ortasha temperaturasy 17 18 S kardyn ortasha kalyndygy 20 sm Zhazy ystyk kurgak Shildenin ortasha temperaturasy 20 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 250 300 mm Topyragy osimdigi men zhanuarlar dүniesiNegizinen kara zhәne kyzgylt konyr topyrakty Audan aumagynyn kop zheri tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeruge bajlanysty zhyrtylgan Өsimdikten borte zhusan ak toskejshop bidajyk dalalyk sәlben shalgyndyk atkonak pen tүlkikujryk seleu betege kode ozen bojynda kajyn kokterek karagaj terek shegirshin tal shilik t b butalar osedi Қustardan dala bүrkiti uzak sauyskan dala boztorgajy sary zhәne ak shakshakaj kokek shalgyn zhәne dala kuladyny baryldauyk үjrek shүregej kamys sulykeshi t b mekendejdi sүt ko rektilerden dala suyry kishi saryshunak kosayak dala tokaltisi kaskyr borsyk tүlki koyan ondatra kүzen kezdesedi Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 33726 45855 54250 53322 54367 42068 58451 78806 Turgyndar sany 76891 adam 2019 Halky kop ultty kazaktar 79 32 orystar 11 42 nemister 1 93 ukraindar 1 80 belarustar 1 00 tatarlar 1 31 polyaktar 0 48 baskalary 2 75 00 Halyktyn ortasha tygyzdygy 1 km ge 5 0 adamnan keledi Әkimshilik bolinisiAudan aumagyndagy 48 eldi meken 5 auyldyk әkimdik pen 16 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAkzhar auyldyk okrugi 1436 1172 81 6 711 583 82 725 589 81 2Akmol auyldyk okrugi 6143 13851 225 5 2960 6839 231 3183 7012 220 3Arajly auyldyk okrugi 4049 3909 96 5 2012 1996 99 2 2037 1913 93 9Zhanaesil auyldyk okrugi 3431 3145 91 7 1688 1568 92 9 1743 1577 90 5Zharlykol auyldyk okrugi 2776 2626 94 6 1387 1316 94 9 1389 1310 94 3Қabanbaj batyr auyldyk okrugi 5937 8939 150 6 2973 4446 149 5 2964 4493 151 6Қazhymukan auyldyk әkimdigi 683 960 140 6 339 485 143 1 344 475 138 1Қarazhar auyldyk әkimdigi 579 805 139 291 415 142 6 288 390 135 4Қaraotkel auyldyk okrugi 4655 10125 217 5 2369 5134 216 7 2286 4991 218 3Қoyandy auyldyk әkimdigi 2954 9545 323 1 1537 4762 309 8 1417 4783 337 5Қyzylsuat auyldyk okrugi 1598 1289 80 7 790 700 88 6 808 589 72 9Mәnshүk Mәmetova auyldyk әkimdigi 817 709 86 8 404 356 88 1 413 353 85 5Nuresil auyldyk okrugi 2598 2458 94 6 1306 1230 94 2 1292 1228 95Orazak auyldyk okrugi 1825 2201 120 6 918 1133 123 4 907 1068 117 8Rakymzhan Қoshkarbaev auyldyk okrugi 2516 2069 82 2 1268 1052 83 1248 1017 81 5Rodina auyldyk okrugi 1721 1650 95 9 821 811 98 8 900 839 93 2Sofievka auyldyk okrugi 2106 2565 121 8 1074 1287 119 8 1032 1278 123 8Talapker auyldyk әkimdigi 3111 7969 256 2 1625 4027 247 8 1486 3942 265 3Tasty auyldyk okrugi 1895 1375 72 6 947 692 73 1 948 683 72Shalkar auyldyk okrugi 1260 833 66 1 609 426 70 651 407 62 5Ybyraj Altynsarin auyldyk әkimdigi 529 611 115 5 275 308 112 254 303 119 3ZhALPY SANY 52619 78806 148 1 26707 39730 148 8 26744 39409 147 4ӨnerkәsipAudannyn onerkәsibi men auyl sharuashylygy 2006 zhyly 2650 8 mln tengenin onimin shygardy Өnerkәsip oryndarynan Cefar AҚ nyn 1992 zhyldan farfor zauyty Farforovoe a zhumys istejdi Ol 2005 zhyly 8 4 myn t farfordan zhasalgan ashana zhәne as үj ydystaryn shygardy Budan baska AREK AҚ men AREK energosbyt ZhShS i halykka kyzmet korsetedi Auyl sharuashylygy onimin ondeumen 55 shagyn kәsiporyn 273 sharua kozhalygy 11 4 myn zheke sharuashylyktar shugyldanady 2005 Olardyn ishinde 2 AAҚ 17 ZhShS 1 ӨK 1 AҚ 1 meml kәsiporyn 1 uzhymdyk seriktestik t b bar Osylardyn karamagynda 7 shuzhyk cehy 3 shagyn diirmen 3 makaron cehy 2 sүt ondejtin blok 1 maj sygatyn ceh 3 naubajhana t b zhumys istejdi Audan aumagynda auyl sharuashylygyna zharamdy zher aumagy 834 5 myn ga onyn ishinde zhyrtylgan zher 411 6 myn ga shabyndygy 33 1 myn ga zhajylymy 325 4 myn ga ormany 400 ga 247 8 myn ga egistik zherdin 229 8 myn gasyna dәndi dakyldar egilgen malazyktyk dakyldar 16 6 myn ga zherge egildi 2006 2007 zhyldyn basynda audanda 33 0 myn mүjizdi iri kara 24 3 myn koj men eshki 7 9 myn zhylky 7 6 myn shoshka 515 5 myn kus boldy Olardan 10 0 myn t et tiri salmagy 41 9 myn t sүt 55 3 mln zhumyrtka ondirildi Audanda 2006 zh basynda 1 balabaksha 26 orta 14 ortalau 10 bastauysh mektep kәsiptik tehn mektep 1 zhogary oku ornynyn bolimshesi 1 muzyka 1 sport mektebi 62 klub 68 kitaphana 15 otbasylyk dәrigerlik emhana 31 feldsh akusherlik punkt boldy Avtomobil zholy zhaksy damygan olar Astana Kokshetau t b eldi mekendermen bajlanystyrady Audan aumagy arkyly Astana Қarataldy Қartaly Қaragandy Petropavlovsk Astana Pavlodar temir zhol otedi DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Zerttelmegen olke Muragattalgan 20 akpannyn 2022 zhyly Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary Қazakstan Respublikasynyn Statistika agenttigi Қazakstan Respublikasy turgyndarynyn oblystar kalalar men audandar zhynysy men zhas ereksheligi toptary etnostyk boligi bojynsha 2019 zhyldyn basyndagy sany Muragattalgan 17 kantardyn 2013 zhyly 2009 zhylgy sanak bojynsha Қazakstan turgyndarynyn ulttyk kuramy 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary