Шора батыр (тат. Чура Наррәң углы, Чура батыр, қырым. Çora batır) – аңыз, ертегі үлгісіндегі қаһармандық жыр кейіпкері. Шора батыр жөніндегі жыр Румыния, Түркия, Қырым, Қазан татарлары, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар арасында да кең тараған.
Қазақтар арасында «Шора Батыр» жыры Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан аймағында айтылған. Қазақ нұсқаларының мазмұны алуан түрлі: батыс нұсқаларының тарихилық сипаты басым болса, оңтүстіктегі нұсқалар көркемдігімен ерекшеленеді. «Шора Батыр» Арал маңында да жырланған, бұл үлгілер оңтүстік жырларына көбірек ұқсайды. Батыс Қазақстандағы нұсқаларда бас қаһарман мерт болса, оңтүстіктегі нұсқалар бақытты финалмен бітеді.
Жырда қарт Нәріктің баласыздығы, басынан өткен қиыншылықтары, Шораның ғажайып туылуы, ер жетуі, өзі жоқта ата-анасына зорлық қылған Әлі биді кездейсоқ өлтіруі, соның себебінен Қазан қаласына кетуі; Қазанға келген басқыншы жаумен соғысуы, ерліктері айтылады. Бұл оқиғалық желі «Шора Батырдың» барлық нұсқаларында кездеседі. Кейбір нұсқаларда Шораның олжаға келген жау қызынан туған өз ұлымен соғысқаны баяндалады. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің көбінің тарихи негіздері бар.
Бас қаһарманның тарихи түп тұлғасы – орыс жылнамаларында аты кездесетін Чура (Чюра) Нарикович деген кісі. Ол Қазан қаласын орыс басқыншыларынан қорғауда көп ерлік көрсеткен. Қазан хандығы үшін болған саяси күресте белсенді қызмет атқарып, ішкі саяси ахуалы шиеленісті күйде тұрған хандықтың жағдайын жақсартуға, бейбітшілік орнатуға үлкен еңбек сіңірген.
«Шора Батыр» жырының жариялану, зерттелу тарихы 19 ғасырдың орта кезінен басталды. Қазақ даласына жер аударылған поляк қайраткері Б.Зелесский Мырзақай деген кісіден жазып алған нұсқаны 1857 ж. поляк тілінде жариялады. 1884 ж. Қазан қаласында «Шора Батырдың» бір нұсқасын кітап етіп шығарған. 1895 ж. Ә.Диваев Майлықожа ақыннан жазып алған прозалық нұсқаны орыс тілінде бастырған. М.Әлиакбарұлы нұсқасын редакциялаған Төрткүл болысының қарақалпағы Ермұхамед Нығметуллин үлгісін Ә.Диваев бастырады (1917, 1920, 1922). Кеңес дәуірінде бұл нұсқа С.Сейфуллин, С.Мұқановтар тарапынан өңделіп жарияланды. «Шора Батыр» жөнінде ең алғаш ғылыми пікір айтқан Ш.Уәлиханов болды. «Шора Батыр» жырының Кеңес дәуіріндегі зерттелу тарихы екі кезеңнен тұрады: 1947 жылғы Қазақстан КП ОК-інің ұлттық мұраларға қарсы бағытталған қаулыларына дейінгі және 70 жылдардан кейінгі зерттелу кезеңдері. «Шора Батыр» туралы П.А. Фалев, Мұқтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, зерттесе, екінші кезеңде Р.Бердібай тың ғылыми әдістеме тұрғысынан қарастырды. Ғалым Ә.Оспанұлы мен әдебиет сыншысы Т.Тоқбергенов те «Шора Батырдың» қайта зерттелуіне үлес қосты.
1998 ж. жыр бойынша екі кандидат диссертациясы қорғалды. «Шора Батыр» Оңтүстік Қазақстанда ерте кезден жырланған. Тарихи негізі Қырым және Қазан хандықтары мен Орыс мемлекеті арасындағы оқиғаларда жатқан жырды Оңтүстік Қазақстан өлкесіне 16 ғасырдың орта тұсында Еділ бойынан Түркістан, Сығанақ қалалары төңірегіне қоныс аударған қоңырат тайпаларының үлкен бір бөлігі алып келген деуге негіз бар. Бұл этникалық топ қазіргі қарақалпақтар мен қазақтар құрамындағы қоңырат тайпаларының қомақты бөлігін құрайды. «Шора Батырдың» қарақалпақтардағы және Оңтүстік Қазақстандағы нұсқаларының өте ұқсас болуының басты себебі осында. 19 ғасырдың соңында Қаратау атырабына қоныс тепкен тама руының «Шора Батырдың» бұл өлкеде көп айтылуына үлкен ықпалы болған.
Тама руының өкілдері Шораны өз бабалары деп есептейді. Оңтүстік өңірінде жырды Майкөт, Құлыншақ ақындар жырлаған, Молда Мұса жыр желісін өз өңдеуі бойынша хатқа түсірген. Орысша да, ескіше де сауатты ақын көне басылымдар негізінде Шораның өз ұлымен соғысу оқиғасын дамыта жырлап, жырға 2-бөлім етіп қосқан, бірақ ол аяқталмай қалған. Осы нұсқаның алғашқы бөлімі қолжазба түрінде оңтүстік өлкесінде кең тараған. Майкөт Сандыбайұлы жырлаған үлгі де хатқа түсіп, Ә.Диваев тарапынан орысшаға аударылған. Ол Мәскеу мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр. Аударманың түпнұсқасы қайда екенін белгісіз. Бірақ Жетісу өлкесінде тараған қолжазба нұсқалардың осы түпнұсқадан негіз алғаны байқалады.
Қырғыздар арасында жырланған жыр түрлері де Майкөт пен Құлыншақ ақындар айтқан нұсқалардан бастау алған. Майлықожаның қара сөз түрінде айтқан үлгісінің негізі Құлыншақ нұсқасында жатуы мүмкін. «Шора Батырдың» Құлыншақтан үйреніп, Жамбыл да жырлаған. «Шора Батырдың» оңтүстіктегі нұсқалары көп өзгеріске түскен. Оларға осы өлкеге жақсы таныс жер-су, кісі есімдері көп енгізілген. Сондай-ақ жыр оңтүстікте бұрыннан айтылып келе жатқан «Алпамыс батыр» эпосымен өзара ықпалдасуға (контаминация) түскен.
Шора батыр, Шора батыр Кіші жүз Жетіру тайпасынан Тама руынан. Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облыстарында Шора батырдың тікелей ұрпақтары бар.
Дереккөздер
- Татарша толы дастанды оқу https://edebiyatmirasi.jimdofree.com/d%C9%99stannar/%C3%A7ura-bat%C4%B1r-xik%C9%99y%C9%99te/ Мұрағатталған 15 қаңтардың 2019 жылы.
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
- Қырымның қырық батыры жыры, Шежіре
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shora batyr tat Chura Narrәn ugly Chura batyr kyrym Cora batir anyz ertegi үlgisindegi kaһarmandyk zhyr kejipkeri Shora batyr zhonindegi zhyr Rumyniya Tүrkiya Қyrym Қazan tatarlary nogajlar karakalpaktar bashkurttar chuvashtar kyrgyzdar arasynda da ken taragan Қazaktar arasynda Shora Batyr zhyry Batys Қazakstan men Ontүstik Қazakstan ajmagynda ajtylgan Қazak nuskalarynyn mazmuny aluan tүrli batys nuskalarynyn tarihilyk sipaty basym bolsa ontүstiktegi nuskalar korkemdigimen erekshelenedi Shora Batyr Aral manynda da zhyrlangan bul үlgiler ontүstik zhyrlaryna kobirek uksajdy Batys Қazakstandagy nuskalarda bas kaһarman mert bolsa ontүstiktegi nuskalar bakytty finalmen bitedi Zhyrda kart Nәriktin balasyzdygy basynan otken kiynshylyktary Shoranyn gazhajyp tuyluy er zhetui ozi zhokta ata anasyna zorlyk kylgan Әli bidi kezdejsok oltirui sonyn sebebinen Қazan kalasyna ketui Қazanga kelgen baskynshy zhaumen sogysuy erlikteri ajtylady Bul okigalyk zheli Shora Batyrdyn barlyk nuskalarynda kezdesedi Kejbir nuskalarda Shoranyn olzhaga kelgen zhau kyzynan tugan oz ulymen sogyskany bayandalady Shygarmadagy okigalar men kejipkerlerdin kobinin tarihi negizderi bar Bas kaһarmannyn tarihi tүp tulgasy orys zhylnamalarynda aty kezdesetin Chura Chyura Narikovich degen kisi Ol Қazan kalasyn orys baskynshylarynan korgauda kop erlik korsetken Қazan handygy үshin bolgan sayasi kүreste belsendi kyzmet atkaryp ishki sayasi ahualy shielenisti kүjde turgan handyktyn zhagdajyn zhaksartuga bejbitshilik ornatuga үlken enbek sinirgen Shora Batyr zhyrynyn zhariyalanu zerttelu tarihy 19 gasyrdyn orta kezinen bastaldy Қazak dalasyna zher audarylgan polyak kajratkeri B Zelesskij Myrzakaj degen kisiden zhazyp algan nuskany 1857 zh polyak tilinde zhariyalady 1884 zh Қazan kalasynda Shora Batyrdyn bir nuskasyn kitap etip shygargan 1895 zh Ә Divaev Majlykozha akynnan zhazyp algan prozalyk nuskany orys tilinde bastyrgan M Әliakbaruly nuskasyn redakciyalagan Tortkүl bolysynyn karakalpagy Ermuhamed Nygmetullin үlgisin Ә Divaev bastyrady 1917 1920 1922 Kenes dәuirinde bul nuska S Sejfullin S Mukanovtar tarapynan ondelip zhariyalandy Shora Batyr zhoninde en algash gylymi pikir ajtkan Sh Uәlihanov boldy Shora Batyr zhyrynyn Kenes dәuirindegi zerttelu tarihy eki kezennen turady 1947 zhylgy Қazakstan KP OK inin ulttyk muralarga karsy bagyttalgan kaulylaryna dejingi zhәne 70 zhyldardan kejingi zerttelu kezenderi Shora Batyr turaly P A Falev Muktar Әuezov Sәken Sejfullin Қ Zhumaliev S Mukanov B Kenzhebaev zerttese ekinshi kezende R Berdibaj tyn gylymi әdisteme turgysynan karastyrdy Ғalym Ә Ospanuly men әdebiet synshysy T Tokbergenov te Shora Batyrdyn kajta zertteluine үles kosty 1998 zh zhyr bojynsha eki kandidat dissertaciyasy korgaldy Shora Batyr Ontүstik Қazakstanda erte kezden zhyrlangan Tarihi negizi Қyrym zhәne Қazan handyktary men Orys memleketi arasyndagy okigalarda zhatkan zhyrdy Ontүstik Қazakstan olkesine 16 gasyrdyn orta tusynda Edil bojynan Tүrkistan Syganak kalalary toniregine konys audargan konyrat tajpalarynyn үlken bir boligi alyp kelgen deuge negiz bar Bul etnikalyk top kazirgi karakalpaktar men kazaktar kuramyndagy konyrat tajpalarynyn komakty boligin kurajdy Shora Batyrdyn karakalpaktardagy zhәne Ontүstik Қazakstandagy nuskalarynyn ote uksas boluynyn basty sebebi osynda 19 gasyrdyn sonynda Қaratau atyrabyna konys tepken tama ruynyn Shora Batyrdyn bul olkede kop ajtyluyna үlken ykpaly bolgan Tama ruynyn okilderi Shorany oz babalary dep eseptejdi Ontүstik onirinde zhyrdy Majkot Қulynshak akyndar zhyrlagan Molda Musa zhyr zhelisin oz ondeui bojynsha hatka tүsirgen Oryssha da eskishe de sauatty akyn kone basylymdar negizinde Shoranyn oz ulymen sogysu okigasyn damyta zhyrlap zhyrga 2 bolim etip koskan birak ol ayaktalmaj kalgan Osy nuskanyn algashky bolimi kolzhazba tүrinde ontүstik olkesinde ken taragan Majkot Sandybajuly zhyrlagan үlgi de hatka tүsip Ә Divaev tarapynan orysshaga audarylgan Ol Mәskeu memlekettik muzejinde saktauly tur Audarmanyn tүpnuskasy kajda ekenin belgisiz Birak Zhetisu olkesinde taragan kolzhazba nuskalardyn osy tүpnuskadan negiz algany bajkalady Қyrgyzdar arasynda zhyrlangan zhyr tүrleri de Majkot pen Қulynshak akyndar ajtkan nuskalardan bastau algan Majlykozhanyn kara soz tүrinde ajtkan үlgisinin negizi Қulynshak nuskasynda zhatuy mүmkin Shora Batyrdyn Қulynshaktan үjrenip Zhambyl da zhyrlagan Shora Batyrdyn ontүstiktegi nuskalary kop ozgeriske tүsken Olarga osy olkege zhaksy tanys zher su kisi esimderi kop engizilgen Sondaj ak zhyr ontүstikte burynnan ajtylyp kele zhatkan Alpamys batyr eposymen ozara ykpaldasuga kontaminaciya tүsken Shora batyr Shora batyr Kishi zhүz Zhetiru tajpasynan Tama ruynan Aktobe oblysy Atyrau oblysy Batys Қazakstan oblysy Қaragandy oblysy Қyzylorda oblysy Mangystau oblysy Zhambyl oblysy zhәne Tүrkistan oblystarynda Shora batyrdyn tikelej urpaktary bar DerekkozderTatarsha toly dastandy oku https edebiyatmirasi jimdofree com d C9 99stannar C3 A7ura bat C4 B1r xik C9 99y C9 99te Muragattalgan 15 kantardyn 2019 zhyly Ontүstik Қazakstan oblysynyn enciklopediyasy Қyrymnyn kyryk batyry zhyry Shezhire