Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Болпан, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.
Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.
- Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.
- Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің орталығынде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи орталығы болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.
Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90-160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің орталығыне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.
973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном, математик, физик, географ, философ, этнограф, дәрігер Әбу Райхан Бируни өзінің 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған. Ол Птолемей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады. Алғаш рет, Коперниктен 500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспан шырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды. Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тілінде басылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ.
Күн жүйесінің шегі
XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?
XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.
Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.
Дереккөздер
- “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
- Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүn zhүjesi Kүnnen ony ajnala kozgalatyn 8 үlken planetadan Bolpan Sholpan Zher Қyzylzhuldyz Esekkyrgan Қonyrkaj Uran zhәne Neptun planeta serikterinen myndagan kishi planetalardan asteroidtardan shamamen 1011 kometadan zhәne tolyp zhatkan meteorlyk denelerden kuralgan garyshtyk deneler zhүjesi Kүnnen en alys ornalaskan planetaga dejingi ortasha kashyktyk shamamen 40 a b nemese 6 mlrd km ge ten Kүn zhүjesi Kүn Kүn zhүjesindegi ortalyk dene bolyp sanalady onyn massasy Kүn zhүjesindegi barlyk denelerdin zhiyntyk massasynan 750 ese artyk Sondyktan Kүn zhүjesinin massalar ortalygy Kүn kojnauynda ornalaskan Barlyk 9 үlken planeta Kүndi ajnala dongelek derlik orbita bojymen bir bagytta kozgalady Olardyn orbitalarynyn bir birine katysty kolbeuligi ote az Planetalardyn Kүnnen kashyktygy belgili bir zandylykka bagyngan yagni korshiles orbitalardyn ara kashyktygy Kүnnen alystagan sajyn arta tүsedi Planetalar kozgalysynyn fizikalyk kasietterine bajlanysty Kүn zhүjesinin үjlesimdi eki topka bolinui garyshtyk denelerdin kezdejsok zhiyntyk emes ekendigin korsetedi Barlyk kishi planetalar da үlken planetalar kozgalgan bagytta Kүndi ajnala kozgalady birak olardyn orbitalary edәuir sozylynky zhәne ekliptika zhazyktygyna kolbeu ornalasady Kometalardyn kopshiligi parabolaga zhakyn ote sozylynky orbita bojymen kozgalady Ajnalu periody milliondagan zhylga zhetedi Mundaj kometa orbitalarynyn ekliptika zhazyktygyna kolbeuligi aluan tүrli olar Kүndi ajnala tura zhәne keri bagytta da kozgalady Sholpan men Urannan baska planetalardyn barlygynyn oz osinen ajnalu bagyty Kүndi ajnalu bagytymen sәjkes keledi Uran planetasynyn osi orbita zhazyktygyna 98 kolbeu ornalaskan sondyktan onyn ajnalysy syrttaj karaganda keri bolyp korinedi Sholpan planetasy keri bagytta ote bayau ajnalady Kүn men planetalar arasyndagy kozgalys molsherinin taraluy manyzdy kosmogoniyalyk sipattama bolyp esepteledi Kүn zhүjesinin ortalyk denesi Kүn zhuldyz yagni kyzgan gazdy shar Ol ozinin kojnauynan үzdiksiz energiya bolip shygarady Kүn betinin kүshti sәule taratuyna karamastan ol ozinin zhogary temperaturasyn saktap kalady Kүn zhүjesinin kalgan deneleri salkyn deneler Olardyn betinin temperaturasy Kүn sәulesinin kyzdyruyna bajlanysty anyktalady Planetalar massasyna himiyalyk kuramyna ajnalu zhyldamdygyna serikterinin sanyna karaj eki topka bolinedi Alyp planetalar Kүn zhүjesinin tort ishkeri planetasy Zher tobyndagy planetalar Merkurij Sholpan Zher Mars asa үlken emes olar tygyz tasty zattar men metaldardan kuralgan Alyp planetalar Yupiter Saturn Uran Neptun zhәne Pluton әldekajda kolemdirek olar negizinen zhenil zattardan sutek gelij metan t b kuralgan sondyktan olardyn ortasha tygyzdygy kojnauyndagy zor kysymga karamaj az bolady Planetalardyn eki tobynyn aralygynda ornalaskan kishi planetalardyn himiyalyk kuramy Zher tektes planetalardyn kuramyna zhakyn Birshama tar ajmakta kozgalatyn kishi planetalar bir birimen soktygysyp ote majda synyktarga ydyrajdy Osyndaj majda synyktar meteorlyk denelerdin sokkysynan da bolinedi Al ote majda tozandar kosylganda zodiaktik zharyk kubylysy bajkalady Meteoritterdin zhasyn olsheu kuramyndagy radioaktivti elementterge zhәne olardyn ydyrau onimderi bojynsha Kүn zhүjesinin shamamen 4 6 mlrd zhyl buryn pajda bolganyn anyktady Kүn zhүjesinin kurylysy turaly ezhelgi galymdardyn kozkarastaryAdamdar ozin korshagan әlemnin kurylysyn ondagy bolyp zhatkan kubylystardy zertteuge ezhelden ak kumar boldy Kone zamandagy әlem kurylysy turaly algashky tүsinikter ote karapajym zhәne olar dini nanymdarmen astasyp zhatty Aspan men Zher bolek karastyrylyp Zher dүnienin kozgalmajtyn ortalygy retinde kabyldandy Zherdin bүkil әlemnin ortalygynde ornalaskany zhoninde kalyptaskan bul kozkarasty Ezhelgi Grekiya galymdary dүnienin geocentrlik zhүjesinin negizine aldy Mәselen bizdin zamanymyzdan buryngy IV gasyrda omir sүrgen ezhelgi grek ojshyly galym enciklopedist Aristotel osy pikirdi ustanyp Zherdi kozgalmajdy dep eseptedi Sol kezdin ozinde ak Ajdyn tutyluy bojynsha zhүrgizilgen bakylaular arkyly Zher pishininin shar tәrizdi ekeni belgili boldy Ol Zherdin kozgaluyn aspandagy zhuldyzdardyn ornyn auystyruynan bajkauga bolar edi degen bolzham ajtty Aristotel Zher Әlemnin tabigi ortalygy bolgandyktan ol eshkajda kulap ketpejdi zhәne barlyk auyr deneler osy centrge karaj umtylady degen pikirde boldy Aristoteldin mundaj tүsindiruleri kazirgi kozkaraspen karaganda ote karapajym bolganymen sol kezen үshin әzheptәuir zhetistik edi Bizdin zamanymyzdyn II gasyrynda omir sүrgen ezhelgi grek galymy Aleksandriyalyk Klavdij Ptolemej 90 160 zhzh ozinen buryn omir sүrip kejingilerge zhol salyp ketken Aristotel Gipparh t b enbekterine sүjene otyryp dүnienin zhetildirilgen geocentrlik grekshe geo zher zhүjesin zhasady Ol dүnienin ortalygyne kozgalmajtyn Zherdi kojdy da ony ozge shyraktar ajnalyp zhүredi dedi Dүniege geocentrlik kozkaras astronomiyada on tort gasyrga zhuyk uakyt bojy үstemdik etti Degenmen planetalardyn ornalasuy zhonindegi bakylau mәlimetteri molajgan sajyn K Ptolemej tuzhyrymdary tүzetuler engizudi kazhet etti Ony XVI gasyrda uly polyak galymy Nikolaj Kopernik zhүzege asyrdy 973 zhyly Horezmde dүniege kelgen ortaaziyalyk galym astronom matematik fizik geograf filosof etnograf dәriger Әbu Rajhan Biruni ozinin 150 enbeginin 50 in astronomiyaga arnagan Ol Ptolemej kurgan әlem zhүjesinin durystygyna kүmәndanyp geliocentrizmdi zhaktady Algash ret Kopernikten 500 zhyl buryn Zherdin Kүndi ajnala kozgalatyny turaly bolzham zhasagan Biruni bolgany bizge tarihtan mәlim Ol Zherdin kozgalysy men pishini Zher sharynyn radiusyn anyktau tәsili turaly zhazdy Zher globusyn zhasady 20 zhyl bojy Kүnnin kozgalysyn bakylady Biruni Kүndi otty shar dep eseptep Kүn tәzhinin tүtinge uksas tabigaty zhajly pikir ajtty Onyn enbekteri mukiyat oryndalgan bakylaular men zertteulerge negizdeldi Biruni kop sayahat zhasady Sol kezde ol aspan shyraktaryna karap bagdarlaudyn tүrli tәsilderin ojlap tapty Biruni zhinaktagan materialdary men bakylaularyn koryta otyryp 1031 zhyly astronomiyanyn әr tүrli mәselelerin bayandaudy kamtityn үlken enbek zhazdy Ol kitap 1887 zhyly Londonda algash ret arab tilinde basylyp shykty Birunige dejin mundaj gylymi zhүjelengen enbek zhazylmagan әri ortagasyrlyk әdebietterde bugan tendes enbek bolgan zhok Kүn zhүjesinin shegiOorttyn bulty XX gasyrdyn songy zhyldarynan bastap planetalardy zhәne Kүn zhүjesin kyzu zertteu dәuirinde omir sүrip zhatyrmyz Biz baska zhuldyzdardan planetalar zhүjelerin tapkymyz keledi Kүn zhүjesinin ishki kurylymyn zerttep tүsingimiz zherdi baska planetalarmen salystyrgymyz keledi Bul bizder үshin ote manyzdy mәsele Bizdin bәrimizdi tolgandyratyn suraktar Osynyn bәri kalaj pajda boldy Zherde tirshilik kalaj pajda boldy Ol kansha uakytka sozylady Bizdin bolashagymyz kandaj XVIII gasyrdan bastap Kүn zhүjesinin shegi үnemi ulgajyp keledi Әrine Kүn zhүjesinin ajkyn shegi boluy negajbyl Orta bultynyn orbitasynan әri shamamen 100 000 a b kashyktykta Kүn zhүjesinin planetaaralyk zattary shashyrap zhuldyzaralyk zattarga almasady Kүn zhүjesinin perijferiji shetki ajmagy turaly bizdin mәlimetimiz ote mardymsyz Ғaryshtyk zertteuler bul bilimdi eleuli tүrde tolyktyruga komektesedi Derekkozder Balalar Enciklopediyasy V tom Fizika zhәne astronomiya Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 634 8