Аристофан (көне грекше: Ἀριστοφάνης – Аристофанес; б. з. д. 445-385 жылдар шамасы) — ежелгі грек комедиограф, «комедияның атасы» болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11.
Аристофан | |
көне грекше: Ἀριστοφάνης | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Афина, Ежелгі Грекия |
Қайтыс болған күні | Б. з. д. 386 жыл (60) |
Қайтыс болған жері | Дельфы, Ежелгі Грекия |
Мансабы | Комедиограф, Драматург |
Шығармашылық жылдары | Б. з. д. 427 — Б. з. д. 386 жыл |
Бағыты | Ежелгі комедия |
Жанры | Комедия |
Шығармалардың тілі | |
Ортаққордағы санаты: Аристофан |
Олар: "Ахарняндықтар","Салт аттылар","Бүттар","Аралар","Бітім","Құстар", "Әйелдер Фесмофорий тойында","Лисистрата","Бақалар","Әйелдер халық жиналысында","Байлық".
Аристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы — әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афина демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады. Ол тек шаруалардың ғана емес, бүкіл Грекияның мүддесін айлады. Аристофан комедиялары халықтың театр формаларымен тағыз байланысты еді. Оның кейіпкерлері адам мінезінің бір қырын ғана алған және ол оны өткір, гротескілі түрде көрсетеді. Сонымен қатар актерлер көрермендерді күлдіру үшін шарж, пародия, буффонаданы кең пайдаланды. Аристофанның ең жақсы саяси комедиясы б. з. д. 424 жылы қойылған "Салт аттылар" (салт аттылар — Афина әскерінің ақсүйектер бөлігі) болды.
Эллинизм дәуірінде театр қоғамдық-саяси тақырыптан қол үзді. "Жаңа аттикалық комедия" (Менандр, т. б.) тек үй ішіндегі қарым-қатынасты, жеке адамның күйініш-қасіретін берумен шектелді. Эллинистік дәуірде кең тараған тұрмыстық, пародиялық, сатиралық шағын көріністер — мимдер, — Грекияда ерте кезден-ақ орындалып келді. Мим актерлері маскасыз ойнады. Мұнда әйелдер де қатысты. Эллинистік дәуірде мифологиялық сюжетке кұрылған пантомималық би сауықтары да тарады. Театр халықтың тәрбиешісіне айналып, Эллада азаматтарының еркін көзқарасы мен сенімін қалыптастырды. Грек трагедиясы мифтік тұлғалар арқылы халықтың сыртқы жаулармен саяси теңдік, әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресін бейнеледі. Трагедия кейіпкері қаза тапқанымен, көрермендер көңілінде мақтаныш сезім, тағдырдың қатал, ырыққа көнбейтін күштеріне қарсы тұра алатын адам қабілетіне деген сенім ұялататын. Ол адамның жеке басының еркін өсуіне бөгет жасайтын күштерді күйретуге тырысты, сол күрес көрермендерді таңыркатты. Трагедиялық кейіпкер гректерге өнеге болып, олардың бойында адамгершілік парасат сезімдерін, азаматтың биік этикалық асыл қасиеттерін нығайтты. Грекияның театр мәдениеті театрдың дамуына зор әсер етті. Күрделі қоғамдық-саяси, философиялық және мәселелерді қозғау, зорлық пен қарсы күресу, көрермендердің ой-санасын тәрбиелейтін қаһарман тұлғалар жасай білу, осының бәрі — Ежелгі Грекия театр өнерінің өміршең куатын танытты.
Өмірбаяны
Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин (Кидатенайон) округінде шамамен б. з. б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б. з. б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі.
Әкесінің аты – Филипп, анасының аты – Зенодора. Кей деректерде Аристофанның Филипп, Арар, Никострат, Филетр есімді ұлдары болған және олар комедия жанрының ақындары делінеді. Зерттеушілердің кейбірі Аристофанның афиндық азамат екендігіне күмән келтіреді. Оны Эгинеде, Родоста, енді бірі Египетте дүниеге келген дейді. Эгинелік азамат деген пікір Аристофанның бұл жерде үй-жайы болғандықтан айтылған болуы да ықтимал. Бірақ, антик дәуірінен бізге жеткен жазбалар Аристофанның Афина қаласының тең құқылы азаматы болғанын дәлелдейді.
Аристофанның бүкіл жан-тәнімен афиндық ақын болғандығы оның тілінен, ойынан, тіпті темпераментінен де байқалып отырады. «Ахарндықтар» шығармасындағы ақынның келтірген мәліметтеріне сүйеніп, ол клерух, яғни Эгине аралындағы афиндық болған деген де болжам бар.
Б. з. б. ІV ғасырдың басынан сақталып қалған жазба деректе, Аристофанның Пандионид бесжүздік Кеңес мүшесі болғандығы айтылады. Комедиограф өмірінің көп бөлігі Пелопоннес соғысы кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ол Перикл дәуірі демократиясын жақтаушылардың бірі әрі орта шаруалы жериеленушілердің көзқарасын қолдаушы болды. Оның комедияларының соғысқа қарсы бағытта жазылып, мен құрып отырған «радикалды демократиялық» үкіметке деген оппозициясының өткір болу себебі де осыдан.
Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның «Тойлаушылар», «Вавилондықтар», «Ахарндықтар» атты алғашқы шығармалары (б. з. б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің «Салт аттылар» комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен «Байлық» атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», «Эолосикон» атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді.
Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша келтірсек:
- «Ахарндықтар» - 425 жыл,
- «Салт аттылар» - 424 жыл,
- «Бұлт» - 423 жыл,
- «Аралар» - 422 жыл,
- «Бейбітшілік» - 421 жыл,
- «Құстар» - 414 жыл,
- «Лисистрата» - 411 жыл,
- «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» - 411 жыл,
- «Бақалар» - 405 жыл,
- «Халық жиналысындағы әйелдер» - 392 немесе 389 жыл,
- «Байлық» - 388 жыл.
Сонымен қатар, Аристофан комедияларының мыңдаған фрагменттері жеткен. Антик әдебиетін зерттеуші ғалым әлеуметтік-тарихи кезең тұрғысынан Аристофан шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырады:
1.Бірінші кезең – б. з. б. 427-421 жылдар аралығы (Пелопоннес соғысының алғашқы кезеңінен бастап Никиев заманына дейін). Бұл кезеңге жататын шығармалары саяси сарында, халықтық стиль дәстүрін қатаң сақтай отырып жазған. Оған «Кутила» (б. з. б. 427 жыл), «Вавилондықтар» (б. з. б. 426 жыл) атты сақталмаған туындыларынан басқа, «Ахарндықтар» (б. з. б. 425 жыл), «Салт аттылар» (б. з. б. 424 жыл), «Бұлт» (б. з. б. 423 жыл), «Аралар» (б. з. б. 422 жыл), «Бейбітшілік» (б. з. б. 421 жыл) драмалары жатады.
2.Екінші кезең – б. з. б. 414-405 жылдар аралығы. Б. з. б. 421 жылдан бастап б. з. б. 414 жылға дейінгі шығармашылығы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Бұл кезеңдегі туындыларында саяси сарын байқалмайды. Комедиограф қоғамдық-сатиралық тақырыпты қозғап, саяси талаптар мен оппортунизмге байланысты театр өнері мен ақындарына арналған сатиралар тудырады. Бұл кезеңдегі комедияларына: «Лисистрата» (б.з.б.411 жыл), «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» (б.з.б.411 жыл), «Бақалар» (б.з.б.405 жыл) жатады.
3.Үшінші кезең (б.з.б.392-388) – егін шаруашылығына байланысты туған салттық-саяси комедияның ығысып, кейінгі тұрмыстық комедияларға жол бере бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Оған «Халық жиналысындағы әйелдер» (немесе «Заң шығарушы әйелдер»), «Байлық» (б.з.б.388 жыл) шығармалары жатады.
Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің ұсынысымен бүкіл ілгерішіл адамзат 1954 жылы Аристофанның 2400 жылдық мерейтойын атап өтті. Аристофанның «Лисистрата», «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» атты комедияларын Мүсілім Базарбаев қазақ тіліне аударды.
Аристофан комедиялары
Аристофан комедиялары: «Ахарндықтар» - 425 жыл, «Салт аттылар» - 424 жыл, «Бұлт» - 423 жыл, «Аралар» - 422 жыл, «Бейбітшілік» - 421 жыл, «Құстар» - 414 жыл, «Лисистрата» - 411 жыл, «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» - 411 жыл, «Бақалар» - 405 жыл, «Халық жиналысындағы әйелдер» - 392 немесе 389 жыл, «Байлық» - 388 жыл.
Ғалым, аудармашы М.Базарбаев: «Ескі дүние әдебиет үлгілерін қазақ тіліне аудару етене іске айналғаны құп. Грек әдебиетінің кейбір нұсқалары қазақ тілінде жарық көрді. Бірақ Гомер, Эсхил, Гесиод, Аристофан дүниелері қозғалмастан жатыр. Сондай-ақ, Сократ, Аристотель бастаған бір қауым ойшылдардың шығармалары да аударылған жоқ. Геродот, Фукидид сияқты шежірешілердің де жайы солай» деп антикалық мұралардың қазақ тіліне тәржімалану жайының мәз еместігіне көңіл бөле отырып, комедиографтың «Лисистрата», «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» атты екі комедиясын қазақ тіліне аударып жариялайды. Афина мен арасындағы ұзақ жылдарға созылған соғысты тоқтату үшін айлаға көшкен әйелдердің наразылық әрекетіне арналған «Лисистрата» комедиясына ғалым: «композициясы жағынан «Лисистрата» Аристофанның өзіндік шешімін тапқан айтулы шығармаларының бірі болып табылады. Ақын барлық дәстүрлі тәсілдерді қолдана отырып, өзінің идеялық мақсатын жүзеге асыруға ұмтылған. Басқа комедияларына қарағанда, мұнда хор пьесаның аяғына дейін қатысып, шешуші роль атқарады. Парабасада алғы сөзі жоқ. Қос-қостан төрт шумақ берілген, олар симметриялы болып келеді: олар екі ода, екі ; екі , екі . Мұнда басқа комедиялар сияқты көріністердегі оқиға агонмен ғана шектеліп қоймайды, аяғына дейін, яғни агоннан кейін де өрістей береді» деп құрылысын, мақсатын, ондағы хордың рөлін анықтап береді.
Аристофан ескі-ақсүйектік көзқарасты да, сопылық немесе демократиялық көзқарасты да ұстанған жоқ. Ол мықты, тұрақты егін шаруашылығы идеалдарын жақтады. Аристофан демократия көсемдерінің милитаризмін («Ахарндықтар», «Салт аттылар», «Фесмофорий кешіндегі әйелдер», «Бейбітшілік»), афиндық теңіз экспансиясын («Вавилондықтар» т. б.), демократия радикализмін (әсіресе Клеонды өлтіре әшкерелейді), қала цивилизациясын («Аралардағы» даукестікті, «Ахарндықтардағы» сауда- саттықты), азаматтардың ештеңе істегісікелмей, бойкүйездікке ұрынуын сынға алып, сопылық ағартушылық іліміне («Бұлттар»), байларды байыған үстіне байытып, шаруаларды тақыр кедейлерге айналдырған әскери демократия көсемдеріне ашық түрде қарсы шығады. Әсіресе, ақша фетишизмін жек көріп, қоғамды одан арылтуға талаптанады. Комикалық ақын Аристофанның негізгі қаруы – күлкі болды. Ұсқынсыз маскалар мен оғаш костюмдер киіп шыққан Аристофан кейіпкерлері сахнаға шыққан бойда көрермендерін күлдіруге тиіс болды. Аристофанның тағы бір ерекшелігі – антропоморфтық мифологияға өткір сын айтуында. Антик әдебиетінде Лукианға (б. з. б. ІІ ғ.) дейін ешкім де құдайлар мен батырларды бұлайша келемеждеп, мазаққа айналдырған емес. Аристофанның атеизмі деген мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. В. Г. Белинский Аристофанды «ежелгі Грекияның соңғы ұлы ақыны» деп таныды. Оның шығармаларына деген қызығушылық ХVІІ ғасырда Германия мен Франция әдебиетінде көрініс тапса, ХVІІІ ғасырда Свифт, , Гете еңбектері арқылы жалғасын тапты. Аристофан туындыларына ғалым Ж. Әскербекқызы: «бірқатар шығармаларында басынан аяғына дейін тұнып тұрған тәлім-тәрбие, адамдарды адамгершілікке баулу мәселесі қозғалып, автордың айтар ойынан ізгілік исі аңқып тұрады. Аристофанның ең маңызды сатиралары – әдеби пародияға өте ұқсас. Комедиялық образдардан жазушының өз характерін, мінезін, көркемдік бейнесін толық аңғаруымызға болады. Аристофан – өмірде болған, көзімен көрген жайттарды ғана қағаз бетіне түсіріп отырған. Сондықтан оның барлық шығармаларынан тарихи дәлдікті аңғарамыз. Әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар көне грек әдебиетінің өкілдері туралы көптеген мәліметтерді Аристофан комедияларына сілтеме жасай отырып пайдаланып жүр. Аристофан комедиялары тез, шапшаң оқылуымен, оқиғасының мәнділігімен, сюжетінің саздылығымен, тақырыбының алуан түрлілілігімен ерекшеленеді. Комедияларының басты кереметі кейіпкерлері қай уақытта болсын табан астында тауып айтылған әзілдің арқасында қиыннан жол тауып кетіп отырады. Көп жағдайда автор комедияның ерекше мағыналық типін көрсетуге тырысады» деп толымды пікір білдіреді.
Дереккөздер
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
- Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. –Л., 1981
- О.Е.Людинина. Античная литература. Пропедевтика. Пособие для студентов. Алматы, 2007, стр. 99. ISBN 9965-734-61-5
- Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1973
- Шетел әдебиетінің тарихы. Қобланов Ж.Т. Алматы, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011. ISBN 978-601-217-161-7
- Аристофан. Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер. Аударған М.Базарбаев. Алматы, «Өнер» баспасы, 1991, 166-бет
- Аристофан. Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер. АуданыМ.Базарбаев. Алматы, Өнер, 1991ж. 159-бет
- Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1973. 161-стр.
- Белинский В.Г. Полное собрание сочинении. Москва, 1955, Том 8, стр.90.
- Антик заман драматургиясы. Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан, Менандр. «Әлем әдебиеті» кітапханасы. Астана: Аударма, 2009. -592 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aristofan kone grekshe Ἀristofanhs Aristofanes b z d 445 385 zhyldar shamasy ezhelgi grek komediograf komediyanyn atasy bolyp sanalady Aristofan 44 komediya zhazgan Olardan tolyk saktalgany 11 Aristofankone grekshe ἈristofanhsTugan kүniB z d 446 zhylTugan zheriAfina Ezhelgi GrekiyaҚajtys bolgan kүniB z d 386 zhyl 60 Қajtys bolgan zheriDelfy Ezhelgi GrekiyaMansabyKomediograf DramaturgShygarmashylyk zhyldaryB z d 427 B z d 386 zhylBagytyEzhelgi komediyaZhanryKomediyaShygarmalardyn tiliEzhelgi grek tiliOrtakkordagy sanaty Aristofan Olar Aharnyandyktar Salt attylar Bүttar Aralar Bitim Қustar Әjelder Fesmoforij tojynda Lisistrata Bakalar Әjelder halyk zhinalysynda Bajlyk Aristofan zhәne Menandr Aristofannyn baska komediyalarynan 900 ge zhuyk usak үzindiler fragmentter gana kalgan Aristofan komediyalarynyn takyryby әleumettik tensizdikti ideyalyk agymdardy kүshejtip Afina demokratiyasynyn dәstүrli negizine nuksan keltiretin sogys sayasatyn synau boldy Aristofan sogyska karsy boldy bejbitshilikti ansady Ol tek sharualardyn gana emes bүkil Grekiyanyn mүddesin ajlady Aristofan komediyalary halyktyn teatr formalarymen tagyz bajlanysty edi Onyn kejipkerleri adam minezinin bir kyryn gana algan zhәne ol ony otkir groteskili tүrde korsetedi Sonymen katar akterler korermenderdi kүldiru үshin sharzh parodiya buffonadany ken pajdalandy Aristofannyn en zhaksy sayasi komediyasy b z d 424 zhyly kojylgan Salt attylar salt attylar Afina әskerinin aksүjekter boligi boldy Muza Ellinizm dәuirinde teatr kogamdyk sayasi takyryptan kol үzdi Zhana attikalyk komediya Menandr t b tek үj ishindegi karym katynasty zheke adamnyn kүjinish kasiretin berumen shekteldi Ellinistik dәuirde ken taragan turmystyk parodiyalyk satiralyk shagyn korinister mimder Grekiyada erte kezden ak oryndalyp keldi Mim akterleri maskasyz ojnady Munda әjelder de katysty Ellinistik dәuirde mifologiyalyk syuzhetke kurylgan pantomimalyk bi sauyktary da tarady Teatr halyktyn tәrbieshisine ajnalyp Ellada azamattarynyn erkin kozkarasy men senimin kalyptastyrdy Grek tragediyasy miftik tulgalar arkyly halyktyn syrtky zhaularmen sayasi tendik әleumettik әdilet zholyndagy kaһarmandyk kүresin bejneledi Tragediya kejipkeri kaza tapkanymen korermender konilinde maktanysh sezim tagdyrdyn katal yrykka konbejtin kүshterine karsy tura alatyn adam kabiletine degen senim uyalatatyn Ol adamnyn zheke basynyn erkin osuine boget zhasajtyn kүshterdi kүjretuge tyrysty sol kүres korermenderdi tanyrkatty Tragediyalyk kejipker grekterge onege bolyp olardyn bojynda adamgershilik parasat sezimderin azamattyn biik etikalyk asyl kasietterin nygajtty Grekiyanyn teatr mәdenieti teatrdyn damuyna zor әser etti Kүrdeli kogamdyk sayasi filosofiyalyk zhәne mәselelerdi kozgau zorlyk pen karsy kүresu korermenderdin oj sanasyn tәrbielejtin kaһarman tulgalar zhasaj bilu osynyn bәri Ezhelgi Grekiya teatr onerinin omirshen kuatyn tanytty ӨmirbayanyOnyn omiri zhoninde nakty mәlimetter az Aristofan Pandion zhanyndagy Kidafin Kidatenajon okruginde shamamen b z b 445 zhyly dүniege kelgen al shamamen b z b 385 zhyly kajtys bolgan dep korsetiledi Әkesinin aty Filipp anasynyn aty Zenodora Kej derekterde Aristofannyn Filipp Arar Nikostrat Filetr esimdi uldary bolgan zhәne olar komediya zhanrynyn akyndary delinedi Zertteushilerdin kejbiri Aristofannyn afindyk azamat ekendigine kүmәn keltiredi Ony Eginede Rodosta endi biri Egipette dүniege kelgen dejdi Eginelik azamat degen pikir Aristofannyn bul zherde үj zhajy bolgandyktan ajtylgan boluy da yktimal Birak antik dәuirinen bizge zhetken zhazbalar Aristofannyn Afina kalasynyn ten kukyly azamaty bolganyn dәleldejdi Aristofannyn bүkil zhan tәnimen afindyk akyn bolgandygy onyn tilinen ojynan tipti temperamentinen de bajkalyp otyrady Aharndyktar shygarmasyndagy akynnyn keltirgen mәlimetterine sүjenip ol kleruh yagni Egine aralyndagy afindyk bolgan degen de bolzham bar B z b IV gasyrdyn basynan saktalyp kalgan zhazba derekte Aristofannyn Pandionid beszhүzdik Kenes mүshesi bolgandygy ajtylady Komediograf omirinin kop boligi Peloponnes sogysy kezenimen tuspa tus keledi Ol Perikl dәuiri demokratiyasyn zhaktaushylardyn biri әri orta sharualy zherielenushilerdin kozkarasyn koldaushy boldy Onyn komediyalarynyn sogyska karsy bagytta zhazylyp men kuryp otyrgan radikaldy demokratiyalyk үkimetke degen oppoziciyasynyn otkir bolu sebebi de osydan Aristofan zhazudy erte bastagan Sondyktan onyn Tojlaushylar Vavilondyktar Aharndyktar atty algashky shygarmalary b z b 427 425 zhzh akter Kallistrattyn atynan zhariyalangan Aristofan akter retinde de tanylgan Ol ozinin Salt attylar komediyasynda Paflagondyk Kleonnyn rolin ojnagan Bizge zhetken Bajlyk atty komediyasynan kejin de Aristofan Kokal Eolosikon atty dramalaryn zhazady Birak bul eki dramasy bizge zhetken zhok Ony Aristofannyn kazasynan kejin uly Arar sahnalagan Kej derekterde bul eki dramasyn Aristofan uly Arardyn esimi teatrlyk ortada tanymal bolu үshin ogan syjga bergen delinedi Aristofan 40 tan asa komediya zhazganymen bizge 11 enbegi gana zhetken Hronologiyalyk tәrtip bojynsha keltirsek Aharndyktar 425 zhyl Salt attylar 424 zhyl Bult 423 zhyl Aralar 422 zhyl Bejbitshilik 421 zhyl Қustar 414 zhyl Lisistrata 411 zhyl Fesmoforlar mejramyndagy әjelder 411 zhyl Bakalar 405 zhyl Halyk zhinalysyndagy әjelder 392 nemese 389 zhyl Bajlyk 388 zhyl Sonymen katar Aristofan komediyalarynyn myndagan fragmentteri zhetken Antik әdebietin zertteushi galym әleumettik tarihi kezen turgysynan Aristofan shygarmashylygyn 3 kezenge bolip karastyrady 1 Birinshi kezen b z b 427 421 zhyldar aralygy Peloponnes sogysynyn algashky kezeninen bastap Nikiev zamanyna dejin Bul kezenge zhatatyn shygarmalary sayasi sarynda halyktyk stil dәstүrin katan saktaj otyryp zhazgan Ogan Kutila b z b 427 zhyl Vavilondyktar b z b 426 zhyl atty saktalmagan tuyndylarynan baska Aharndyktar b z b 425 zhyl Salt attylar b z b 424 zhyl Bult b z b 423 zhyl Aralar b z b 422 zhyl Bejbitshilik b z b 421 zhyl dramalary zhatady 2 Ekinshi kezen b z b 414 405 zhyldar aralygy B z b 421 zhyldan bastap b z b 414 zhylga dejingi shygarmashylygy zhoninde eshkandaj mәlimet zhok Bul kezendegi tuyndylarynda sayasi saryn bajkalmajdy Komediograf kogamdyk satiralyk takyrypty kozgap sayasi talaptar men opportunizmge bajlanysty teatr oneri men akyndaryna arnalgan satiralar tudyrady Bul kezendegi komediyalaryna Lisistrata b z b 411 zhyl Fesmoforlar mejramyndagy әjelder b z b 411 zhyl Bakalar b z b 405 zhyl zhatady 3 Үshinshi kezen b z b 392 388 egin sharuashylygyna bajlanysty tugan salttyk sayasi komediyanyn ygysyp kejingi turmystyk komediyalarga zhol bere bastagan kezimen tuspa tus keldi Ogan Halyk zhinalysyndagy әjelder nemese Zan shygarushy әjelder Bajlyk b z b 388 zhyl shygarmalary zhatady Dүniezhүzilik Bejbitshilik Kenesinin usynysymen bүkil ilgerishil adamzat 1954 zhyly Aristofannyn 2400 zhyldyk merejtojyn atap otti Aristofannyn Lisistrata Fesmoforlar mejramyndagy әjelder atty komediyalaryn Mүsilim Bazarbaev kazak tiline audardy Aristofan komediyalaryAristofan komediyalary Aharndyktar 425 zhyl Salt attylar 424 zhyl Bult 423 zhyl Aralar 422 zhyl Bejbitshilik 421 zhyl Қustar 414 zhyl Lisistrata 411 zhyl Fesmoforlar mejramyndagy әjelder 411 zhyl Bakalar 405 zhyl Halyk zhinalysyndagy әjelder 392 nemese 389 zhyl Bajlyk 388 zhyl Ғalym audarmashy M Bazarbaev Eski dүnie әdebiet үlgilerin kazak tiline audaru etene iske ajnalgany kup Grek әdebietinin kejbir nuskalary kazak tilinde zharyk kordi Birak Gomer Eshil Gesiod Aristofan dүnieleri kozgalmastan zhatyr Sondaj ak Sokrat Aristotel bastagan bir kauym ojshyldardyn shygarmalary da audarylgan zhok Gerodot Fukidid siyakty shezhireshilerdin de zhajy solaj dep antikalyk muralardyn kazak tiline tәrzhimalanu zhajynyn mәz emestigine konil bole otyryp komediograftyn Lisistrata Fesmoforlar mejramyndagy әjelder atty eki komediyasyn kazak tiline audaryp zhariyalajdy Afina men arasyndagy uzak zhyldarga sozylgan sogysty toktatu үshin ajlaga koshken әjelderdin narazylyk әreketine arnalgan Lisistrata komediyasyna galym kompoziciyasy zhagynan Lisistrata Aristofannyn ozindik sheshimin tapkan ajtuly shygarmalarynyn biri bolyp tabylady Akyn barlyk dәstүrli tәsilderdi koldana otyryp ozinin ideyalyk maksatyn zhүzege asyruga umtylgan Baska komediyalaryna karaganda munda hor pesanyn ayagyna dejin katysyp sheshushi rol atkarady Parabasada algy sozi zhok Қos kostan tort shumak berilgen olar simmetriyaly bolyp keledi olar eki oda eki eki eki Munda baska komediyalar siyakty korinisterdegi okiga agonmen gana shektelip kojmajdy ayagyna dejin yagni agonnan kejin de oristej beredi dep kurylysyn maksatyn ondagy hordyn rolin anyktap beredi Aristofan eski aksүjektik kozkarasty da sopylyk nemese demokratiyalyk kozkarasty da ustangan zhok Ol mykty turakty egin sharuashylygy idealdaryn zhaktady Aristofan demokratiya kosemderinin militarizmin Aharndyktar Salt attylar Fesmoforij keshindegi әjelder Bejbitshilik afindyk teniz ekspansiyasyn Vavilondyktar t b demokratiya radikalizmin әsirese Kleondy oltire әshkerelejdi kala civilizaciyasyn Aralardagy daukestikti Aharndyktardagy sauda sattykty azamattardyn eshtene istegisikelmej bojkүjezdikke urynuyn synga alyp sopylyk agartushylyk ilimine Bulttar bajlardy bajygan үstine bajytyp sharualardy takyr kedejlerge ajnaldyrgan әskeri demokratiya kosemderine ashyk tүrde karsy shygady Әsirese aksha fetishizmin zhek korip kogamdy odan aryltuga talaptanady Komikalyk akyn Aristofannyn negizgi karuy kүlki boldy Ұskynsyz maskalar men ogash kostyumder kiip shykkan Aristofan kejipkerleri sahnaga shykkan bojda korermenderin kүldiruge tiis boldy Aristofannyn tagy bir ereksheligi antropomorftyk mifologiyaga otkir syn ajtuynda Antik әdebietinde Lukianga b z b II g dejin eshkim de kudajlar men batyrlardy bulajsha kelemezhdep mazakka ajnaldyrgan emes Aristofannyn ateizmi degen mәsele әli de ashyk kүjinde kalyp otyr V G Belinskij Aristofandy ezhelgi Grekiyanyn songy uly akyny dep tanydy Onyn shygarmalaryna degen kyzygushylyk HVII gasyrda Germaniya men Franciya әdebietinde korinis tapsa HVIII gasyrda Svift Gete enbekteri arkyly zhalgasyn tapty Aristofan tuyndylaryna galym Zh Әskerbekkyzy birkatar shygarmalarynda basynan ayagyna dejin tunyp turgan tәlim tәrbie adamdardy adamgershilikke baulu mәselesi kozgalyp avtordyn ajtar ojynan izgilik isi ankyp turady Aristofannyn en manyzdy satiralary әdebi parodiyaga ote uksas Komediyalyk obrazdardan zhazushynyn oz harakterin minezin korkemdik bejnesin tolyk angaruymyzga bolady Aristofan omirde bolgan kozimen korgen zhajttardy gana kagaz betine tүsirip otyrgan Sondyktan onyn barlyk shygarmalarynan tarihi dәldikti angaramyz Әdebiet tarihyn zertteushi galymdar kone grek әdebietinin okilderi turaly koptegen mәlimetterdi Aristofan komediyalaryna silteme zhasaj otyryp pajdalanyp zhүr Aristofan komediyalary tez shapshan okyluymen okigasynyn mәndiligimen syuzhetinin sazdylygymen takyrybynyn aluan tүrlililigimen erekshelenedi Komediyalarynyn basty keremeti kejipkerleri kaj uakytta bolsyn taban astynda tauyp ajtylgan әzildin arkasynda kiynnan zhol tauyp ketip otyrady Kop zhagdajda avtor komediyanyn erekshe magynalyk tipin korsetuge tyrysady dep tolymdy pikir bildiredi DerekkozderӨner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8 Antichnaya literatura Anpetkova Sharova G G Chekalova E I L 1981 O E Lyudinina Antichnaya literatura Propedevtika Posobie dlya studentov Almaty 2007 str 99 ISBN 9965 734 61 5 Antichnaya literatura Pod red Prof A A Taho Godi Vtoroe izdanie pererabotannoe M 1973 Shetel әdebietinin tarihy Қoblanov Zh T Almaty ҚR Zhogary oku oryndarynyn kauymdastygy 2011 ISBN 978 601 217 161 7 Aristofan Lisistrata Fesmoforlar mejramyndagy әjelder Audargan M Bazarbaev Almaty Өner baspasy 1991 166 bet Aristofan Lisistrata Fesmoforlar mejramyndagy әjelder AudanyM Bazarbaev Almaty Өner 1991zh 159 bet Antichnaya literatura Pod red Prof A A Taho Godi Vtoroe izdanie pererabotannoe M 1973 161 str Belinskij V G Polnoe sobranie sochinenii Moskva 1955 Tom 8 str 90 Antik zaman dramaturgiyasy Eshil Sofokl Evripid Aristofan Menandr Әlem әdebieti kitaphanasy Astana Audarma 2009 592 bet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet