Гесиод (шамамен б.з.б. VІІІ-VІІғғ.) — көне грек ақыны. «Теогония» (құдайлардың шығуы) және «Еңбектер мен күндер» аталатын поэмалардың авторы. «Теогонияда» тіршіліктің бастауын іздеуге талпынған. Гесиод – дидактикалық поэзияның негізін салушы. Гесиод шамамен алғанда б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі грек ақыны. Гесиод – антика дәуірінің анық белгілі болған алғашқы тарихи тұлғасы деуге болады.
Оның есімі бізге толық сақталған «Еңбектер мен күндер» және «Теогония» атты поэмаларымен танымал. Осы аталған екі поэма б.з.б. VІІ-VІ ғғ. грек әдебиетіндегі дидактикалық және генеологиялық жаңа бағыттың негізін салды. Гесиодтың туған жылы және дүниеден өткен жылдары белгісіз. Антикалық эпиграммалардың бірі – «дана Гомердің отаны болуға жеті қала таласты» деп басталады, яғни бүкілеуропалық әдебиеттің көшбасшысы болып есептелетін Гомердің отаны болуға жеті қала, ал кей деректерде он қала таласады. Гесиодтың дүниеге келген жері жөнінде ешқандай талас жоқ. Ол өз әкесінің Эгей теңізі жағалуында, Лесбос аралының оңтүстік-шығысында орналасқан эолийлық Ким қаласында дүниеге келгендігін «Еңбектер мен күндерде» жазып қалдырған. Гесиод Кіші Азиядағы Кимде, нақтырақ айтқанда, Эолида деген жерде дүниеге келген. Әкесі саудамен айналысқан. Бірақ, бар мүлкінен айрылғаннан кейін Грекияға көшіп, Беотия деген жерде орналасқан Аскра елді мекеніне қоныстанады. Бұл Геликон тауының етегіне орналасқан қысы суық, жазы қатты ыстық, шаруашылыққа қолайсыздау жер болатын. Жастайынан қиындықты, жоқшылықты көп көрген Гесиод ауыр жұмыс пен кедейліктің не екенін біліп өседі. Әкесінің қазасынан жолы болмай, үнемі сәтсіздіктерге ұшырап жүреді. Себебі, әкесі қайтыс болғаннан кейін артында қалған жер иелігін Гесиодтың туған бауыры Перс тартып алады. Бұл жайға Гесиод қарсы болып, келіспеушілік білдіргенімен, Перс сот мүшелерінің аузын алып, істі өз пайдасына шешкізеді. Сөйтіп, Гесиод тақыр кедей болып қалады. Мұнан кейінгі ағайындылардың қарым-қатынасы белгісіз. Бірақ Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасында өз бауырын адал еңбек етуге, жақсылыққа шақыруын зерттеушілер екі ағайынды жігіттің татуласқандығы деп түсіндіреді. «Еңбектер мен күндер» – біздің заманымызға дейін жеткен гректің дидактикалық (уағыздаушылық) поэмасының жалғыз үлгісі. Ол ақынның бауыры Персті тәрбиелеу үшін жазылған дүниедей болып көрінеді. Бірақ, бұл адресатқа қарата сөйлеу – тек дидактикалық дәстүрдің ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде поэма қалың бұқараға бағытталған болатын.
Көптеген ғалымдар пікіріне сүйенсек, Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасының сюжеті ақынның өз өмірімен тығыз байланысты.</ref> Гесиодтың өмірі мен шығармашылығы және ондағы қазақы сарындар. «Айт» журналы, 2006, №2, 17-21б.</ref> Туындыда ақынның Перс есімді бауырымен арасындағы қарым-қатынасы жырланады. Әкесінен қалған мұраны бөліскенде Перс оны сазға отырғызып кеткен болатын. Бірақ, бар уақытын сауық-сайранмен, көңіл көтерумен өткізген Перс аз күнде барынан айрылып, кешірім сұрап Гесиодқа келеді. Бізге жеткен деректер поэманың Гесиодтың өз қолымен жазылған, төлтумасы екендігін айтады. Шығарманы басқаша «Адал еңбек» деп те атайды. Себебі, поэмада Перске арналған: «Жұмыс істеуден шаршама, ақылсыз Перс!», «бір жұмысты бітірсең, басқасына кіріс!» деген сөздер жиі кездесіп отырды. Ақын айтайын деген ойын поэмада алуан түрлі тәсілдермен жеткізеді. Оның негізгі мақсаты – бұқара халыққа адал еңбектің арқасында ғана игілікке қол жеткізуге болатындығын дәлелдеу болады. Ол өмірдің игілігін тек еңбек арқылы ғана иеленуге болды деп сенді. Адам баласы ерінбей, көп еңбектену қажет деп білді, себебі бұл ауыр жұмысты Прометейдің әрекеті үшін Зевстің жіберген жазасы деп түсінді. Гесиод шығармаларының уағыздаушылық, тәрбиелік бағытта жазылуын зерттеуші М.Иманғазинов ақын өмір сүрген заман талабы деп түсіндіреді. «Қоғам мен заман талабы бірге өрістесе, ертеде айтылып жүрген эпикалық шығармаларға тек адам тәрбиесіне қажетті материал есебінде қарайтын кезең туындағанда, мифологиялық шығармалар екінші қатардан орын алған кезең Гесиодтың заманында да болған. Архаикалық кезеңде мифтік шығармалардың көтеретін аса ауыр салмағының бір бөлігі, бұл – ру-тайпалық одақтардың пайдасына шешілу мақсатында, өз ата-бабаларының тегі сонау тәңірие-құдайлардан бастау алатындығын таныту, елге мойындату еді. Енді бұл үрдістің бірте-бірте әлсіреп, саналы қоғам қалайда өзінің ата-бабасына жүгінуден гөрі, тіршілік қамын күйттеп, еңбек арқылы өмір сүруді көздеген кезеңде, мифологиялық ой-санадан арыла бастайды. Міне, осы тұста тәрбие-дидактикалық әдеби шығармаға қажеттілік туындағанда, Гесиод өзінің дидактикалық шығармасын жазды». Гесиод шығармаларын талдап, түйіндей келе, зерттеуші В.Н.Ярхо: «шындығында оның поэмалары Гомер поэмалары секілді батырлық эпосқа жатпайды, дидактикалық (уағыздаушылық, үйретуші) поэмалар болып табылады. Ал дидактикалық поэмалар үшін сюжеттің бірізді болуы немесе оқиғаның жүйелі дамуы міндетті емес, бірақ өлең өлшемі (гексаметр), тілі, лексикалық тәсілдері көп жағдайда сол қалпында қала береді» деп қорытады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
- Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1986
- Гесиод. Полное собрание текстов. Теогония. Труды и дни. Щит Геракла. Фрагменты. М., Лабиринт, 2001.//В.Н.Ярхо. Гесиод и его поэмы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gesiod shamamen b z b VIII VIIgg kone grek akyny Teogoniya kudajlardyn shyguy zhәne Enbekter men kүnder atalatyn poemalardyn avtory Teogoniyada tirshiliktin bastauyn izdeuge talpyngan Gesiod didaktikalyk poeziyanyn negizin salushy Gesiod shamamen alganda b z b VIII VII gasyrlarda omir sүrgen ezhelgi grek akyny Gesiod antika dәuirinin anyk belgili bolgan algashky tarihi tulgasy deuge bolady Geosid pen Muza Gyustav Moro suterti 1891Hesiodi Ascraei quaecumque exstant 1701 Onyn esimi bizge tolyk saktalgan Enbekter men kүnder zhәne Teogoniya atty poemalarymen tanymal Osy atalgan eki poema b z b VII VI gg grek әdebietindegi didaktikalyk zhәne geneologiyalyk zhana bagyttyn negizin saldy Gesiodtyn tugan zhyly zhәne dүnieden otken zhyldary belgisiz Antikalyk epigrammalardyn biri dana Gomerdin otany boluga zheti kala talasty dep bastalady yagni bүkileuropalyk әdebiettin koshbasshysy bolyp esepteletin Gomerdin otany boluga zheti kala al kej derekterde on kala talasady Gesiodtyn dүniege kelgen zheri zhoninde eshkandaj talas zhok Ol oz әkesinin Egej tenizi zhagaluynda Lesbos aralynyn ontүstik shygysynda ornalaskan eolijlyk Kim kalasynda dүniege kelgendigin Enbekter men kүnderde zhazyp kaldyrgan Gesiod Kishi Aziyadagy Kimde naktyrak ajtkanda Eolida degen zherde dүniege kelgen Әkesi saudamen ajnalyskan Birak bar mүlkinen ajrylgannan kejin Grekiyaga koship Beotiya degen zherde ornalaskan Askra eldi mekenine konystanady Bul Gelikon tauynyn etegine ornalaskan kysy suyk zhazy katty ystyk sharuashylykka kolajsyzdau zher bolatyn Zhastajynan kiyndykty zhokshylykty kop korgen Gesiod auyr zhumys pen kedejliktin ne ekenin bilip osedi Әkesinin kazasynan zholy bolmaj үnemi sәtsizdikterge ushyrap zhүredi Sebebi әkesi kajtys bolgannan kejin artynda kalgan zher ieligin Gesiodtyn tugan bauyry Pers tartyp alady Bul zhajga Gesiod karsy bolyp kelispeushilik bildirgenimen Pers sot mүshelerinin auzyn alyp isti oz pajdasyna sheshkizedi Sojtip Gesiod takyr kedej bolyp kalady Munan kejingi agajyndylardyn karym katynasy belgisiz Birak Gesiodtyn Enbekter men kүnder poemasynda oz bauyryn adal enbek etuge zhaksylykka shakyruyn zertteushiler eki agajyndy zhigittin tatulaskandygy dep tүsindiredi Enbekter men kүnder bizdin zamanymyzga dejin zhetken grektin didaktikalyk uagyzdaushylyk poemasynyn zhalgyz үlgisi Ol akynnyn bauyry Persti tәrbieleu үshin zhazylgan dүniedej bolyp korinedi Birak bul adresatka karata sojleu tek didaktikalyk dәstүrdin ereksheligi bolyp tabylady Shyn mәninde poema kalyn bukaraga bagyttalgan bolatyn Koptegen galymdar pikirine sүjensek Gesiodtyn Enbekter men kүnder poemasynyn syuzheti akynnyn oz omirimen tygyz bajlanysty lt ref gt Gesiodtyn omiri men shygarmashylygy zhәne ondagy kazaky saryndar Ajt zhurnaly 2006 2 17 21b lt ref gt Tuyndyda akynnyn Pers esimdi bauyrymen arasyndagy karym katynasy zhyrlanady Әkesinen kalgan murany boliskende Pers ony sazga otyrgyzyp ketken bolatyn Birak bar uakytyn sauyk sajranmen konil koterumen otkizgen Pers az kүnde barynan ajrylyp keshirim surap Gesiodka keledi Bizge zhetken derekter poemanyn Gesiodtyn oz kolymen zhazylgan toltumasy ekendigin ajtady Shygarmany baskasha Adal enbek dep te atajdy Sebebi poemada Perske arnalgan Zhumys isteuden sharshama akylsyz Pers bir zhumysty bitirsen baskasyna kiris degen sozder zhii kezdesip otyrdy Akyn ajtajyn degen ojyn poemada aluan tүrli tәsildermen zhetkizedi Onyn negizgi maksaty bukara halykka adal enbektin arkasynda gana igilikke kol zhetkizuge bolatyndygyn dәleldeu bolady Ol omirdin igiligin tek enbek arkyly gana ielenuge boldy dep sendi Adam balasy erinbej kop enbektenu kazhet dep bildi sebebi bul auyr zhumysty Prometejdin әreketi үshin Zevstin zhibergen zhazasy dep tүsindi Gesiod shygarmalarynyn uagyzdaushylyk tәrbielik bagytta zhazyluyn zertteushi M Imangazinov akyn omir sүrgen zaman talaby dep tүsindiredi Қogam men zaman talaby birge oristese ertede ajtylyp zhүrgen epikalyk shygarmalarga tek adam tәrbiesine kazhetti material esebinde karajtyn kezen tuyndaganda mifologiyalyk shygarmalar ekinshi katardan oryn algan kezen Gesiodtyn zamanynda da bolgan Arhaikalyk kezende miftik shygarmalardyn koteretin asa auyr salmagynyn bir boligi bul ru tajpalyk odaktardyn pajdasyna sheshilu maksatynda oz ata babalarynyn tegi sonau tәnirie kudajlardan bastau alatyndygyn tanytu elge mojyndatu edi Endi bul үrdistin birte birte әlsirep sanaly kogam kalajda ozinin ata babasyna zhүginuden gori tirshilik kamyn kүjttep enbek arkyly omir sүrudi kozdegen kezende mifologiyalyk oj sanadan aryla bastajdy Mine osy tusta tәrbie didaktikalyk әdebi shygarmaga kazhettilik tuyndaganda Gesiod ozinin didaktikalyk shygarmasyn zhazdy Gesiod shygarmalaryn taldap tүjindej kele zertteushi V N Yarho shyndygynda onyn poemalary Gomer poemalary sekildi batyrlyk eposka zhatpajdy didaktikalyk uagyzdaushylyk үjretushi poemalar bolyp tabylady Al didaktikalyk poemalar үshin syuzhettin birizdi boluy nemese okiganyn zhүjeli damuy mindetti emes birak olen olshemi geksametr tili leksikalyk tәsilderi kop zhagdajda sol kalpynda kala beredi dep korytady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Filosofiya zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 ISBN 9965 808 82 1 Antichnaya literatura Pod red Prof A A Taho Godi Vtoroe izdanie pererabotannoe M 1986 Gesiod Polnoe sobranie tekstov Teogoniya Trudy i dni Shit Gerakla Fragmenty M Labirint 2001 V N Yarho Gesiod i ego poemy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet