Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
- мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (, );
- Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (, , );
- Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, );
- Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты ();
- Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (, , т.б.);
- Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, , , исламдық, конфуцийшілдік, , және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
Оның мынадай өзіндік белгілері бар:
а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;
ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;
б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;
в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады;
г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.
Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:
1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;
2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды;
3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары () қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (, Иран, , , т.б.);
4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;
5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;
6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;
7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өrkeniet lat sivilis azamattyk kogamnyn materialdyk zhәne ruhani zhetistikterinin zhiyntygy Ezhelgi rimdikter bul ugymdy varvarlyktar dep ozderi atagan baska halyktar men memleketterden ajyrmashylyktaryn korsetu maksatynda koldangan Olardyn tүsinikteri bojynsha Өrkeniet azamattyk kogam kalalyk mәdeniet zanga negizdelgen baskaru tәrtibi kalyptaskan rim imperiyasynyn damu dәrezhesin bildirgen Өrkeniet mәdeniet ugymymen tygyz bajlanysty Ғasyrlar bojy kalyptaskan Өrkeniet pen mәdeniet ugymynyn magynalaryn tomendegidej toptastyruga bolady mәdeniet pen Өrkeniet bir olar sinonimder Өrkeniet mәdeniettin akyry onyn kәrilik shagy ruhanilyktyn antipody Өrkeniet mәdeniettin progresi bolashakka boj sermeui kogamnyn parasattylyk dengeji Volter Өrkeniet tagylyk pen varvarlyktan kejingi tarihi mәdeni saty Өrkeniet etnostar men memleketterge tәn mәdeniettin okshau tүri t b Өrkeniet mәdeniettin tehnikalyk damu dengeji onyn materialdyk zhagy Agartushylyk dәuirinde Өrkeniet әleumettik mәdeni damudy sipattau үshin koldanyldy 19 g da Shpengler men enbekterinde bul termin ozindik ereksheligi bar zhergilikti kauymdastyk magynasynda yagni tarihi orkenietter Қytaj Vavilon Tүrki Musylman Orta gasyr t b retinde koldanyldy Degenmen Өrkenietti saralaudyn biregej olshemderi men ustanymdary әli kүnge dejin zhasalgan zhok Songy kezderi Өrkenietke bir ajmakta turatyn halyktardyn tarihi tagdyrlastygy olardyn arasyndagy uzak әri tygyz mәdeni bajlanys nәtizhesinde әleumettik ujymdasu men retteludin etnosaralyk zhergilikti kauymdastygy degen anyktama berildi Өrkeniet kategoriyasy mәdeni tipterdi zertteude nemese mәdeni tarihi tipologiyany zhasauda keninen koldanylady Sondaj ak Өrkeniet tipterin shygys zhәne batys dep bolip galamdyk Өrkeniet zhәne tehnogendik Өrkeniet ugymdary da koldanylady Mәdeniettanushylar Өrkenietti mәdeniet ugymymen salystyra karastyrady zhiktemesi bojynsha kazirgi әlemde batystyk islamdyk konfucijshildik zhәne afrikalyk sekildi 8 superorkeniet katar omir sүrude Қazirgi otandyk mәdeniettanu gylymynda kazak orkenieti ugymy kalyptasty Ol ezhelgi koshpeli orkenietterden bastau alyp sak үjsin kanly gun ortagasyrlyk tүrkilik dala imperiyalary Altyn Orda Ak Orda t b kejin kazak handygy tusynda kalyptaskan tүrki sogdy tүrki arab sintezderi nәtizhesinde islamdyk superorkeniettin kuramyna enetin etnomәdeni birlestikti sipattau үshin koldanylady k Dala orkenieti Қazak Өrkenieti 3 үlken orkenietterdin pravoslaviyalyk islamdyk konfucijlik togyskan zherinde ornalaskan Onyn mynadaj ozindik belgileri bar a koshpeli orkeniettin mәdeni negizine rulyk tajpalyk odak zhatady ә tүrki tilinde sojlegen tajpalar tүrki etnonimi pajda bolgannan talaj gasyrlar buryn kalyptaskan b musylman dinin tүrki tajpalary birtindep oz erkimen kabyldagan zhәne bul үrdis Shyngys han imperiyasy tusynda bayaulaganymen tүbinde tabysty ayaktalgan v orta gasyrlardyn sonynan bastap tүrki tajpalary mongoldyk etn elementterdi ozine sinire bastady g 15 g da tүrkilik Ortalyk Aziyada kazak dep buryngy memleketinen bolingen adamdardy ajtty Қazak halkynyn zhәne onyn ata tekterinin әlemdik Өrkenietke koskan basty kundylyktaryna mynalar zhatady 1 euraziyalyk koshpeliler kenistikti igerude adamzat tarihyndagy birinshi zhetistikke zhetti 2 koshpeliler shol men sholejtterdi үjlesimdi igere aldy 3 euraziyalyk koshpeliler tarih katalizatorlary kyzmetin atkardy olardagy migraciyalyk procester zhana orkenietterdin kalyptasuynyn sebebi boldy Iran t b 4 Ұly Zhibek zholy zhәne baska da mәdeni bajlanys zhүjeleri arkyly tүrkiler batys pen shygystyn arasynda dәnekerlik kyzmet atkardy olardyn suhbatyna sebepker boldy 5 kazaktyn argy tekteri әlemdik orkeniettiliktin shalbar aldaspan kiiz үj kүjme metall ondeu zergerlik ustalyk siyakty artefaktilerin algashkylardyn biri bolyp engizdi 6 tүrkilerdin әmbebap dүnietanymdyk zhүjesi tәnirshildik adamdyk yntymaktastyk pen kelisimdiliktin manyzdy formasy boldy 7 adam bol ustanymy әlemdi zharyk dүnie dep tүsinu adamnyn konil kүjine mәn beru garyshpen zhәne adamdarmen үjlesimdilikte bolu zhasy үlkender men balany kasterleu siyakty kazaktyn dәstүrli әdep zhүjesinin kundylyktary kazirgi ruhaniyatta erekshe oryn alady Қazirgi kazak Өrkenieti aldynda ulttyk arhetipterdi saktaj otyryp olardy kazirgi әlemdik Өrkeniet kundylyktarymen үjlesimdi etu mindeti tur Derekkozder Қazak Enciklopediyasy Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet