Көрермен — түрлі көркем өнер туындыларын театр, кино, телевизия, т.б. арқылы зейінге алып, қабылдайтын қауым. Олар әр түрлі эстетикалық талғамның, өзіндік көзқарастың иелері.
Әдеби процесте жазушы, ақын, тұлғасын оқырмандар қауымынсыз елестету қиын десек, жалпы өнерде де, соның ішінде кино өнерінде, театр өнерінде де творчестволық процестің өзгешелік сипаттарын, көркем туындылардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметін анық түсініп білу үшін оларды жұртшылықтың, көрермен қауымның қалай қабылдап, қандай әсер алып отырғанына назар аудару шарт. Көрермендердің талап-тілегін, талғамын өнер иесі еске алмай, есептеспей отыра алмайды. Халық қабылдамаған көркем шығарманың өмірі ұзақ болмайды. Көрермендердің білім деңгейі, өмір тәжірибесі, талғамы, әрине, әр алуан. Көркем өнер туындылары қоғамдағы ең озат ой-пікір, талап-талғамдарға сай болуы керек. Көрермендер көркемдік туындыларды қабылдаушы, өз игілігіне асырып, пайдаланушы ғана емес, оған баға беретін, сыншы да. Көрермендердің әр алуан пікірлері жинақтала келе, қоғамдық, халықтық пікір қалыптасады. Бұл орайда маман сыншылардың да атқаратын қызметі елеулі. Қандай да болсын өнер туындысының төңірегінде әр түрлі бағалар, пікір таласы болуы ықтимал. Көрермен қандай нәрсені ұнататыны, оған шығарманың қалай әсер ететіні де түрліше болып келеді. Әркім өзінің эстетикалық талғам деңгейіне орай пікір түйеді. Өнер шығармалары көрерменнің жан дүниесіне қозғау салып, идеялық-тәрбиелік міндет атқарады. Сонымен бірге көрермен пікірлері, халықтың өнерге деген тілек-талаптары, көркемдік талғамы көркем өнердің дамуына бағыт сілтейді, өнер иелерін творчестволық жаңашылдыққа бастайды.
Дереккөздер
- Әдебиеттану: терминдер сөздігі / – 3-ші бас. . - Семей-Новосибирск : Талер-Пресс, 2006 . - 400 б. ISBN 9965-776-24-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Korermen tүrli korkem oner tuyndylaryn teatr kino televiziya t b arkyly zejinge alyp kabyldajtyn kauym Olar әr tүrli estetikalyk talgamnyn ozindik kozkarastyn ieleri Әdebi proceste zhazushy akyn tulgasyn okyrmandar kauymynsyz elestetu kiyn desek zhalpy onerde de sonyn ishinde kino onerinde teatr onerinde de tvorchestvolyk procestin ozgeshelik sipattaryn korkem tuyndylardyn kogam omirindegi atkaratyn kyzmetin anyk tүsinip bilu үshin olardy zhurtshylyktyn korermen kauymnyn kalaj kabyldap kandaj әser alyp otyrganyna nazar audaru shart Korermenderdin talap tilegin talgamyn oner iesi eske almaj eseptespej otyra almajdy Halyk kabyldamagan korkem shygarmanyn omiri uzak bolmajdy Korermenderdin bilim dengeji omir tәzhiribesi talgamy әrine әr aluan Korkem oner tuyndylary kogamdagy en ozat oj pikir talap talgamdarga saj boluy kerek Korermender korkemdik tuyndylardy kabyldaushy oz igiligine asyryp pajdalanushy gana emes ogan baga beretin synshy da Korermenderdin әr aluan pikirleri zhinaktala kele kogamdyk halyktyk pikir kalyptasady Bul orajda maman synshylardyn da atkaratyn kyzmeti eleuli Қandaj da bolsyn oner tuyndysynyn tonireginde әr tүrli bagalar pikir talasy boluy yktimal Korermen kandaj nәrseni unatatyny ogan shygarmanyn kalaj әser etetini de tүrlishe bolyp keledi Әrkim ozinin estetikalyk talgam dengejine oraj pikir tүjedi Өner shygarmalary korermennin zhan dүniesine kozgau salyp ideyalyk tәrbielik mindet atkarady Sonymen birge korermen pikirleri halyktyn onerge degen tilek talaptary korkemdik talgamy korkem onerdin damuyna bagyt siltejdi oner ielerin tvorchestvolyk zhanashyldykka bastajdy DerekkozderӘdebiettanu terminder sozdigi 3 shi bas Semej Novosibirsk Taler Press 2006 400 b ISBN 9965 776 24 5