Абхаздар (өз атауы — а́псуа, абх. аԥсуаа; груз. აფხაზები) — Абхазияның негізгі халқын құрайтын .
Абхаздар тарихи отаны деп танылған Абхазия Республикасының аумағында орналасқан. Ингур өзенінен Бзыбь өзеніне дейін (Үлкен Абхазия) және Бзыбь өзенінен Мзымта өзеніне дейін (Кіші Абхазия). Абхаздар Абхазия Республикасы халқының басым бөлігін құрайды - 2011 жылғы мәліметтер бойынша 122 мыңнан астам адам (жалпы халық саны 250 мың).
Абхаздар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
шамамен 300 000 - 500 000 адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Түркия | 162 000 (2011) |
Ресей | 133 000 (2011) |
Тілдері | |
Діні | |
Православ шіркеуі, суннизм, дәстүрлі сенім-наным. | |
Этникалық топтары | |
садзалар, ахчипстар, айбга, псхувцтар, бзыптар, гумц, цабальци, абжуйц, самурзакандар. |
Автоэтнонимі (өз аты)
Өз атауы «Аҧсны» [Апсна], «аҧс» [апс] — абхаздар атауының түбірі, «ны» — жергілікті жұрнақ — «апстар (абхаз) елі».
Эндоэтнонимдері
Грузинше - «აფხაზები»; түрікше - «Abhazlar»; осетинше - «Абхазæгтæ»; грекше - «Αβασγοί»; арабша - « أبخاز »; орысша - «Абхазы»; украинша - «Абхази»; ағлшынша - «Abkhazians»; полякша - «Abchazowie».
Субэтникалық топтары
Садзалар (Түркия, сондай-ақ Аджарияда), ахчипстар (Түркияда), айбга (Түркияда), псхувцтар (Түркияда), бзыптар (Абхазия, Гудаутада), гумц (Орталық Абхазия), цабальци (Түркияда), абжуйц (Кодор мен Охурей өзендерінің арасында), самурзакандар (Ткуарчал ауданы, Агубедия және Чуартал ауылдарында, Очамчира ауданы, Река ауылында).
Нәсілі
Олар үлкен европеоид нәсілінің Балқан-кавказдық кіші тобына жатады.
Сырт келбеті
Сыртқы жағынан абхаздар черкестерге ұқсайды, бірақ олардан тұрақты бет ерекшеліктерімен ерекшеленеді:
- терісі қара, орташа бойлы;
- сымбатты және мығым денелі;
- сопақ бетті;
- үлкен мұрынды;
- қара қоңыр шашты;
- қара көзді (қоңыр, қою қоңыр, ашық қоңыр, сары).
Тілі
Тілі - абхаз тілі, абхаз-адыг тілдеріне жатады (абхаз-абаза топшасы). Абхазия аумағында 2 диалектісі бар: абжуй (әдеби тілдің негізінде) және бзыб. Диаспорада гум және белдин-даль диалектілері де сақталған. Псху диалектісі жойылып кеткен. Диалектілердің негізгі айырмашылықтары фонетика саласында.
Абхаз жазуы
Абхаз жазуы – абхаз тілінің жазуы. Өзінің графикалық негізін бірнеше рет өзгертіп, реформаланған. 1862 жылы Абхаз жазуы графикасына негізделді. Осы жылдары Ресей ғалымы П.Услар абхаз тілінің «Абхаз тілі» деп аталатын алғашқы грамматикасын жазды. Бұл еңбекте кирилге негізделген абхаз әліпбиінің алғашқы нұсқасы ұсынылған. Алғашқы әліпбиде 55 таңба болды. 1926 жылдан бастап Абхаз жазуы латын әліпбиіне көшірілді. 1938 жылы грузин графикасы негізіндегі екі әліпби жобасы ұсынылып, Д.Гулиа, С.Джанашиа және А.Шанидзенің жобасы қабылданды. 1954 жылы Абхаз жазуы қайтадан кирил әліпбиіне көшірілді. Әліпбиге біраз өзгерістер енгізілсе де, Услар-Завадский әліпбиіне негізделді. Лабиалданған дауыссыздар «ә» – шва таңбасы арқылы диграфтармен белгіленді. Қазіргі уақытта Абхаз жазуы кирил әліпбиін қолданады. Әліпбиде жеке 38 әріп пен 18 бар. 1996 жылғы орфографиялық реформаға дейін лабиалданған алты дыбыс «ә» таңбасы арқылы емес, у: гу, ҕу, ку, қу, ҟу, ху арқылы белгіленді және бұл алты диграфқа әліпбиде жеке орын берілмеген. Х.Бгажбының тұжырымы бойынша, бұл лабиализациялаудың басқаша сипатына ие. Жіңішке дауыссыздар жіңішкелік «ь» таңбасы арқылы диграфтармен белгіленеді.
Кириллица әліпбиіне негізделген қазіргі жазу:
Аа Бб Вв Гг Гьгь Ҕҕ Ҕьҕь Дд Дәдә Џџ Џьџь Ее Ҽҽ Ҿҿ Жж Жьжь Жәжә Зз Ҙҙ Ӡӡ ; Ӡәӡә Ӡ'ӡ' Ии Кк Кькь Ққ Қьқь Ҟҟ Ҟьҟь Лл Мм Нн Оо Ҩҩ Пп Ҧҧ Рр Сс Ҫҫ Тт Тәтә Ҭҭ Ҭәҭә Уу Фф Хх Хьхь Х'х' Ҳҳ Ҳәҳә Цц Цәцә Ц'ц' Ҵҵ Ҵәҵә Ҵ'ҵ' Чч Ҷҷ Шш Шьшь Шәшә Ыы
Діні
Діні — сүнниттік мұсылмандар, православие дінін ұстанатындар да бар. Абхазияда христиандық 6 ғасырда қабылданған. Мұнда ислам бірте-бірте келді, бірақ пұтқа табынушылықтың өкілдері әлі күнге дейін бар.
Негізгі қоныстану аймағы және халқы
Әртүрлі бағалаулар бойынша, әлемде барлығы 200-ден 500 мыңға дейін халық өкілдері тұрады. Қазіргі таңда тарихи отанында азшылық өмір сүріп жатыр. Абхаздардың ең көп саны Түркияда тұрады – 2011 жылғы мәліметтер бойынша 162 000 адам. Абхазиядан кейін – Ресей келеді. 2010 жылғы халық санағы бойынша елде 11 249 абхаздар тұрады. Ең көбі Мәскеуде – 3604 адам. Одан кейін Краснодар өлкесі (2092), Ростов облысы (851), Санкт-Петербург қаласы (783) және Мәскеу облысы (715) келеді. 2020 жылғы халық санағы бойынша – 8177.
Жалпы абхаздар 52 елде тұрады. Шағын диаспоралар Сирияда, Германияда және Украинада кездеседі. Грузияда өзін-өзі жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияны есептемегенде 864 абхаз бар.
Этнонимі
Абхазия туралы алғашқы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі XII ғасырдағы ассириялық деректерде (Тиглатпаласара I жазбасы) «абешла» деген атпен кездеседі, ал біздің эрамыздың I—II ғасырларында «апсильдер» мен «абазгилер» жазылған.
Олардың абхаз халқымен генетикалық байланысы «апсуа» (абхаздардың өз атауы), «абаза» (абхаздарға жататын абазиндердің өзіндік аты), орыстардың «обезы» және грузин жылнамаларының «абхаздары». Абхаздар өз отанын «Апсный», яғни «Жан елі» деп атаған.
Тарихы
VIII-X ғасырларда Абхаз патшалығы кезінде көп тайпалар абхаз халқының құрамына кірді, оның бірінші патшасы қуатты Хазар қағанының қызының ұлы Леон II болды. Араб шапқыншылығының қалқаны бола отырып, ол объективті түрде бүкіл Батыс Кавказдың бірігуіне әкелді.
Абхазия патшаларының әулеті Теодосийдің өлімімен аяқталып, билік оның немере інісі Баграт III-ке өтті (978-1014). Баграт III Абхазия патшаларының отбасылық шежіресін жасады. Одан жаңа мемлекет - "абхаздар мен картвелдер патшалығы" қалыптаса бастады, ол біраз уақытқа дейін "Абхазия"деп аталды.
XIII ғасырдың 2-жартысында Абхаз патшалығын моңғол-татарлар жаулап алды. XVI-XVIII ғасырларда бастап Түркия бодандығында болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап билеуші Келешбей Чачба (Шервашидзе) тұсында Абхаз княздігі қайтадан күшейіп, флоттың көмегімен Қара теңіз жағалауын Анападан Батумға дейін бақылайды.
1810 жылы шілдеде орыс теңіз десанты шайқаста Сухум-Кале бекінісін басып алды. Еркін тау қоғамдарын қоспағанда, жағалаудағы Абхазия Ресейге қосылды. Абхазия тағына Георгий деген жаңа есімді қабылдаған Сефер бей Чачбаны отырғызды. Абхаз княздігінің айрықша белгілерінің бірі Грузиядан айырмашылығы Ресейге қосылғанда мемлекеттілігін толық жоғалтпағандығы. 1810 жылдан 1864 жылға дейін Абхазия княздігі Ресейдің құрамында автономиялық басқаруды сақтап қалды және Кавказда басқаларына қарағанда ұзақ өмір сүрді.
1864 жылдан 1917 жылға дейін Абхазия («Сухуми әскери бөлімі», «Сухуми округі») Кавказдағы патша әкімшілігіне бағынды. XIX ғасырда Абхазия әлі де Солтүстік-Батыс Кавказ таулықтарыныі демократиялық еркін қоғамдары мен Грузияның феодалдық құрылымы арасында аралық орынды иеленді. Дегенмен, қоғамдық құрылым рухында ол черкес-убых әлемімен тығыз байланысты болды. Абхазияда жерге феодалдық меншік болған жоқ, крепостнойлық құқық болмады, еркін қауымдастық мүшелері ел халқының 3/4 бөлігін дерлік құрады.
1866, 1877 жылдардағы Кавказ соғысы мен отаршылдыққа қарсы көтерілістердің нәтижесінде абхаздар этникалық апатқа ұшырады. Халықтың жартысынан көбі Отанын тастап, босқындар болуға мәжбүр болды. Абхазияға жаңа қоныстанушылар, ең алдымен грузиндер (негізінен мегрелдер), сондай - ақ армяндар, гректер, орыстар, болгарлар, немістер, эстондықтар және т.б. ағылды, осылайша 1886 жылы абхаздар 85,7%, ал 1897 жылы халықтың 55,3% құрады.
Ресей империясы ыдырағаннан кейін Абхазия Кавказ және Оңтүстік-Шығыс Біріккен Таулы Одағына қосылды. 1917 жылы 8 қарашада Сухумда өткен съезде бірінші парламент – Абхаз халық кеңесі сайланды, ол Абхаз халқының Конституциясы мен Декларациясын қабылдады.
1921 жылы Абхазия КСР-і құрылды. 1921 жылдан бастап Грузия КСР-нің құрамына енді, 1931 жылдан АКСР құқығын иемденді. 1990 жылдың желтоқсанынан Абхазия автономиялық республикасы, 1992 жылы шілдесінен Абхазия Республикасы. 1992—94 жылдары аралығында Абхазия Республикасы территориясында елдің мемлекет мәртебесіне байланысты қарулы қақтығыстар болды.
Кәсібі
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың басында Абхаздардың негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік, мал шаруашылығы, көмекші кәсіптері – ара шаруашылығы және аңшылық болды. Дақылдардан негізінен тары, чумиза, арпа, жүгері, және темекі. Ал талшықтардан - зығыр, қарасора және мақта егілді. Олар сондай-ақ жүзім өсірумен айналысқан. Абхазиялықтардың өмірінде аңшылық пен ара шаруашылығы ерекше орын алды, сонымен қатар орман ара шаруашылығымен айналысты – олар жабайы аралардың балын жинады. Ірі қара, тауда ешкі өсіреді.
Қазіргі уақытта абхаздардың негізгі дәнді дақылы жүгері болып табылады. Темекі де аз мөлшерде өсіріледі. Темекі өнеркәсібі республиканың ішкі қажеттіліктері үшін жұмыс істейді. Соғыстан кейін Абхазияда мал шаруашылығы іс жүзінде құлдырады. Ірі қара, ешкі, қой табындары айтарлықтай азайып кетті. Бұл азық-түлік қорының азаюына байланысты болды.
Дәстүрлі қолөнерден – ауылшаруашылық құрал-саймандарын, ыдыс-аяқ, киім-кешек, металл және аң мүйізінен бұйымдар жасау, ағаштан ою, кесте тігу, тоқу дамыған. Соңғы жылдары республикада ұмыт болып бара жатқан қолөнер түрлері жандана бастады. Мысалы, көркем соғу, ұсталық, дәстүрлі абхаз қырлы қаруларын (қанжарлар, пышақтар) жасау, былғары өндірісі т.б. Ұсталық бағзы заманнан абхаздар арасында қасиетті кәсіп саналған.
Бүгінде көптеген қолөнершілер шағын қолөнер қауымдастықтарына бірігіп, темірден көркем ою-өрнектері бар үй бұйымдарын – қақпалар, үстелдер, төсек-орындар, торлар, т.б. жасайды. Олардың жұмысы жергілікті халықтың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан үлкен сұранысқа ие. Дәстүрлі абхаз қолөнері қуыршақ жасауды да қамтыды, бүгінде оны Очамчиралық шебер Асида Ахуба жасайды.
Тұрмыс салты
Қазіргі абхаз атаацəа отбасының негізгі формасы шағын, үш түрге бөлінеді. Халқы негізінен егіншілікпен айналысатын ойпат және әсіресе жағалау аймақтарында шағын отбасылар басым болды. Барлық жерде екі ұрпақтан тұратын отбасылар басым, ал екінші орынды үш ұрпақ отбасы алады. Олардан кейін бір буынды отбасылар келеді, ал төрт буынды отбасылар сирек кездеседі. Абхазиялық неке патрилокальды болып табылады.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
Дәстүрлі абхаз ауласы - бұл қоршалған кең аумақ. Ауланың қоршаулары әртүрлі болды: таулы ауылдардағы тақтайшалардан жасалған қоршау (штакетник), таулы ауылдарда тастан немесе жұмыр тастан жасалған қоршаулар.Жеміс ағаштарынан бұталы қоршаулар да кең таралған. Қақпалар емен және каштан сырықтарынан жасалған болса, қазіргі уақытта олар көбінесе металдан жасалған.
Бұрынғы дөңгелек, төртбұрышты шетеннен тоқылған баспаналар XIX-ғасырда ағаш үйлермен, 2 қабатты тас үйлермен ауыстырылды. Абхаз үйінің ең көрнекті ерекшелігі - бүкіл қасбет бойымен созылған кең балкон. Абхаздар бірінші қабатты іс жүзінде пайдаланбады, ол қосалқы шаруашылық бөлмелерге бейімделген. Екінші қабатта бір үлкен бөлме және бірнеше кішірек бөлмелер болды. Үлкен бөлме әрқашан безендірілген, онда ең жақсы жиһаздар мен әшекейлер болды - қонақтар сонда орналастырылды. Қабырғалар бойымен әдемі төселген төсек-орындар, ал бөлменің ортасында үстел мен бірнеше орындық болды. Бұл бөлменің қабырғалары әрқашан үй иесі мен оның қыздары кестелеген маталар мен сүлгілермен безендірілген. Үйдің иелері тамақ ішетін және ұйықтайтын басқа бөлмелерді пайдаланған. Абхаз үйінде әрқашан шығыс камині болды, оның ең әдемі бөлігі қонақ бөлмесіне қараған. Абхаздар үйінде асхана болған жоқ. Ол бөлек салынған және өте қарапайым көрінетін - ортасында ошағы бар төбесі жоқ, үнемі от жағылатын шағын тас бөлме.
Сарай, астық сақтайтын ғимараттар, жерге қазылған шарап құйылған құмыралар, омарта - мұның бәрі үйден сәл алыс жерде орналасқан. Үйдің алдында әрқашан қысқа кесілген жасыл шөптер мен үлкен ағаш - пальма немесе грек жаңғағы бар үлкен көгал болатын.
Дәстүрлі ұлттық киімдері
Абхазияның мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Әрбір абхаздың гардеробында үш жұп костюм болды, біреуі күнделікті киюге арналған, екіншісі мерекелік рәсімдерге арналған, ал үшіншісі діни мерекелерден бастап жерлеуге дейін барлық рәсімдерге қажет болды.
Ерлерге арналған киімнің дәстүрлі түрі черкеска болды - белбеулі, ұзын қой терісінен жасалған тон. Жүннен тоқылған немесе мақталы шалбар, көйлек, бешпет, киіз қалпақ киді. Аяқтарына былғарыдан тігілген аяқ киім киген. Дәстүр бойынша ерлер костюмі аң терісінен жасалған қалпақпен толықтырылды. Әр салт аттының киізден жасалған шапан – буркасы болған. Бурка өте биік иықтарға ие болды.
Әйел киімдері — бүрмелі шалбар, тік жағалы көйлек, бешпент, байлауыш, кебіс. Қыздарға белдік тағу талап етілді. Бас киім ретінде не орамал, не еркектікіне ұқсас үлбіреген қалпақ пайдаланылды.
Дәстүрлі тағамдары
Тағамдары аймақтың табиғи, климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерінің әсерінен қалыптасты. Абхаз тұрғындарының диетасының негізін сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, жүзім, бақша дақылдары, сондай-ақ бал және жаңғақ құрайды. Ең танымал ет - ешкі мен қой еті, сонымен қатар сиыр мен құс етінен тағамдар дайындалады. Айта кету керек, дәстүрлі абхаз асханасында теңіз өнімдері іс жүзінде жоқ. Балық тағамдарын әлі де сирек, ал устрицалар, шаяндар, кальмарлар, асшаяндар және басқа да дәмді тағамдар мұнда тұтынылмайды.
Абхаздарда ас үлесі негізінен жыл мезгіліне байланысты, көктем мен жазда дастарханға негізінен көкөніс пен сүт өнімдері қойылады, жұмыртқа тағамдары мол дайындалады, ал жидектер десертке беріледі. Күзгі-қысқы кезеңде - ірімшіктер және басқа ашытылған сүт өнімдері, бұршақ пен каштаннан жасалған тағамдар, сондай-ақ ет беріледі.
Ұлттық тағамдары — мамалыга, ашыған сүт, ірімшік, көкөніс, пісірілген қой, қуырылған құс еті (аджика).
Фольклоры
Абхаз фольклорында мифтер, аңыздар, халық ертегілері, әндер, билер және ұлттық салт-дәстүрлер бар. Абхаз фольклорының ең жарқын элементтерінің бірі - халық ертегілеріі. Олар фантастикалық жаратылыстардың әлемі, керемет ерлік жасайтын кейіпкерлер туралы айтады. Ертегілер абхаз мәдениетінің ерекшеліктерін, моральдық құндылықтарын, сенімдері мен әдет-ғұрыптарын көрсетеді. Олар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп, ұлттық бірегейлікті сақтау мен жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Абхаз фольклорында ертегілерден басқа ән мен музыка да маңызды орын алады. Абхаздарда халықтың оқиғаларын, эмоциялары мен сезімдерін жеткізетін халық әндерінің бай мұрасы бар. Абхаз әндері көбінесе ұлттық рухты, патриоттықты және туған жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейді. Олар әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалады, мысалы, сухуми гудогы, долей, тарханка және т.б.
Абхаз фольклорында дәстүрлі билер де маңызды орын алады. Абхаз билерінің жігерлі және серпінді стилі бар. Олар абхаз халқының шынайы эмоционалдылығы мен құмарлығын жеткізеді. Дәстүрлі абхаз билері адамдарды біріктіреді, олар мерекелерде, үйлену тойларында немесе басқа ұлттық іс-шараларда орындалады. Би Абхаздардың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және халықтың дәстүрлері мен тарихын сақтау және жеткізу тәсілі болып табылады.
Абхаз халқының қазіргі жағдайы
1992—1993 жж. Абхазиядағы соғыс елдің күнделікті өмірінде өз ізін қалдырды. Мұнда әлі де көптеген қираған және қараусыз қалған үйлер бар. Қылмыс деңгейі жоғары. Бірақ адамдар қазірдің өзінде бейбіт өмірге үйреніп, аймақ біртіндеп қалпына келуде.
Олар мүмкіндігінше жұмыс істейді. Абхаздар негізінен үйлеріне қосымша қонақ бөлмелер салып, жазда туристерге жалға береді. Кейбіреулері демалушылар үшін өте тиімді экскурсиялар ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтерді тек абхаздар атқарады. Жеке кәсібі барлар - білікті мамандарды жалдайды және адамның қай ұлттан екені маңызды емес. Жастардың көбі Ресейге, көбінесе Санкт-Петербургке немесе Мәскеуге оқуға барады, ұлдар әскери оқу орындарына жіберіледі. Қазіргі абхаз мәдениеті – христиандық пен ислам дәстүрлерінің ерекше үйлесімі болып табылады.
Қазақстандағы абхаздар
Қазақстандағы абхаз диаспорасы халықтарды соғыс алдындағы және соғыс жылдарындағы күштеп қоныс аударумен байланысты қалыптасты. Қазақстанда жүргізілген санақ мәліметтері бойынша абхаздардың саны:
- 1970 ж. - 187 адам;
- 1979 ж. - 237 адам;
- 1989 ж. - 326 адам;
- 1999 ж. - 185 адам;
- 2009 ж. - 76 адам.
Танымал абхаздар
- Фазил Абдулович Ескендір - прозаик және ақын;
- Нугзар Нуриевич Ашуба - Абхазия саясаткері, Абхазия халық ассамблеясының төрағасы;
- Илья Несторович Векуа (1907-1977) - кеңес математигі;
- Нестор Аполлонович Лакоба - КСРО мемлекет және саяси қайраткері;
- Самсон Яковлевич Чанба (1886-1937) - жазушы және мемлекет қайраткері;
Бейнетаспалар
- https://yandex.kz/video/preview/16369071880584714330
- https://yandex.kz/video/preview/5394718860532440299
- https://yandex.kz/video/preview/12964991789566033976
Дереккөздер
- Абхазы - Аҧсуаa. Тексерілді, 30 мамыр 2024.
- Кавказдық келбет. Тексерілді, 30 мамыр 2024.
- Абхаздар. Тексерілді, 30 мамыр 2024.
- Абхаз алфавиті. Тексерілді, 10 маусым 2024.
- Абхаздар (Апсуа) - тәкаппар және әдемі. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхаздар. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхазия тарихы. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы.
- Бгажба О. және Лакоба С. «Жан елінің» тұрғындары. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхаздар. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхаз қолөнерінің даму болашағы. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхаздар. Отбасы: құрылымы және ішкі ұйымы. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Дәстүрлі абхаздардың тұрғын үйі. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхазиядағы ұлттық киімдер. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхаздар. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхазия тағамдары. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Фольклор. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Абхазиядағы өмір. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева Қазақстан халқы. Энциклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. — Б. 78. — ISBN 978-601-7472-88-7.
- Фазиль Абдулович Искандер. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Ашуба Нугзар Нуриевич өмірбаяны. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Гварамия: математик Илья Векуаның идеялары өмір сүруін жалғастыруда. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Нестор Лакоба: өлімнен кейінгі өмір. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
- Самсон Чанба: абхаз драматургиясының әкесі. Тексерілді, 31 мамыр 2024.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abhazdar oz atauy a psua abh aԥsuaa gruz აფხაზები Abhaziyanyn negizgi halkyn kurajtyn Abhazdar tarihi otany dep tanylgan Abhaziya Respublikasynyn aumagynda ornalaskan Ingur ozeninen Bzyb ozenine dejin Үlken Abhaziya zhәne Bzyb ozeninen Mzymta ozenine dejin Kishi Abhaziya Abhazdar Abhaziya Respublikasy halkynyn basym boligin kurajdy 2011 zhylgy mәlimetter bojynsha 122 mynnan astam adam zhalpy halyk sany 250 myn AbhazdarBүkil halyktyn sanyshamamen 300 000 500 000 adamEn kop taralgan ajmaktar Tүrkiya162 000 2011 Resej133 000 2011 TilderiAbhaz tiliDiniPravoslav shirkeui sunnizm dәstүrli senim nanym Etnikalyk toptarysadzalar ahchipstar ajbga pshuvctar bzyptar gumc cabalci abzhujc samurzakandar Avtoetnonimi oz aty Өz atauy Aҧsny Apsna aҧs aps abhazdar atauynyn tүbiri ny zhergilikti zhurnak apstar abhaz eli EndoetnonimderiGruzinshe აფხაზები tүrikshe Abhazlar osetinshe Abhazaegtae grekshe Abasgoi arabsha أبخاز oryssha Abhazy ukrainsha Abhazi aglshynsha Abkhazians polyaksha Abchazowie Subetnikalyk toptarySadzalar Tүrkiya sondaj ak Adzhariyada ahchipstar Tүrkiyada ajbga Tүrkiyada pshuvctar Tүrkiyada bzyptar Abhaziya Gudautada gumc Ortalyk Abhaziya cabalci Tүrkiyada abzhujc Kodor men Ohurej ozenderinin arasynda samurzakandar Tkuarchal audany Agubediya zhәne Chuartal auyldarynda Ochamchira audany Reka auylynda NәsiliAbhazdar 1860 Olar үlken evropeoid nәsilinin Balkan kavkazdyk kishi tobyna zhatady Syrt kelbetiSyrtky zhagynan abhazdar cherkesterge uksajdy birak olardan turakty bet erekshelikterimen erekshelenedi terisi kara ortasha bojly symbatty zhәne mygym deneli sopak betti үlken muryndy kara konyr shashty kara kozdi konyr koyu konyr ashyk konyr sary TiliTili abhaz tili abhaz adyg tilderine zhatady abhaz abaza topshasy Abhaziya aumagynda 2 dialektisi bar abzhuj әdebi tildin negizinde zhәne bzyb Diasporada gum zhәne beldin dal dialektileri de saktalgan Pshu dialektisi zhojylyp ketken Dialektilerdin negizgi ajyrmashylyktary fonetika salasynda Abhaz zhazuyAbhaz zhazuy abhaz tilinin zhazuy Өzinin grafikalyk negizin birneshe ret ozgertip reformalangan 1862 zhyly Abhaz zhazuy grafikasyna negizdeldi Osy zhyldary Resej galymy P Uslar abhaz tilinin Abhaz tili dep atalatyn algashky grammatikasyn zhazdy Bul enbekte kirilge negizdelgen abhaz әlipbiinin algashky nuskasy usynylgan Algashky әlipbide 55 tanba boldy 1926 zhyldan bastap Abhaz zhazuy latyn әlipbiine koshirildi 1938 zhyly gruzin grafikasy negizindegi eki әlipbi zhobasy usynylyp D Gulia S Dzhanashia zhәne A Shanidzenin zhobasy kabyldandy 1954 zhyly Abhaz zhazuy kajtadan kiril әlipbiine koshirildi Әlipbige biraz ozgerister engizilse de Uslar Zavadskij әlipbiine negizdeldi Labialdangan dauyssyzdar ә shva tanbasy arkyly digraftarmen belgilendi Қazirgi uakytta Abhaz zhazuy kiril әlipbiin koldanady Әlipbide zheke 38 әrip pen 18 bar 1996 zhylgy orfografiyalyk reformaga dejin labialdangan alty dybys ә tanbasy arkyly emes u gu ҕu ku ku ҟu hu arkyly belgilendi zhәne bul alty digrafka әlipbide zheke oryn berilmegen H Bgazhbynyn tuzhyrymy bojynsha bul labializaciyalaudyn baskasha sipatyna ie Zhinishke dauyssyzdar zhinishkelik tanbasy arkyly digraftarmen belgilenedi Kirillica әlipbiine negizdelgen kazirgi zhazu Aa Bb Vv Gg Gg Ҕҕ Ҕҕ Dd Dәdә Џџ Џџ Ee Ҽҽ Ҿҿ Zhzh Zhzh Zhәzhә Zz Ҙҙ Ӡӡ Ӡәӡә Ӡ ӡ Ii Kk Kk Қk Қk Ҟҟ Ҟҟ Ll Mm Nn Oo Ҩҩ Pp Ҧҧ Rr Ss Ҫҫ Tt Tәtә Ҭҭ Ҭәҭә Uu Ff Hh Hh H h Ҳҳ Ҳәҳә Cc Cәcә C c Ҵҵ Ҵәҵә Ҵ ҵ Chch Ҷҷ Shsh Shsh Shәshә YyDiniDini sүnnittik musylmandar pravoslavie dinin ustanatyndar da bar Abhaziyada hristiandyk 6 gasyrda kabyldangan Munda islam birte birte keldi birak putka tabynushylyktyn okilderi әli kүnge dejin bar Negizgi konystanu ajmagy zhәne halkyӘrtүrli bagalaular bojynsha әlemde barlygy 200 den 500 mynga dejin halyk okilderi turady Қazirgi tanda tarihi otanynda azshylyk omir sүrip zhatyr Abhazdardyn en kop sany Tүrkiyada turady 2011 zhylgy mәlimetter bojynsha 162 000 adam Abhaziyadan kejin Resej keledi 2010 zhylgy halyk sanagy bojynsha elde 11 249 abhazdar turady En kobi Mәskeude 3604 adam Odan kejin Krasnodar olkesi 2092 Rostov oblysy 851 Sankt Peterburg kalasy 783 zhәne Mәskeu oblysy 715 keledi 2020 zhylgy halyk sanagy bojynsha 8177 Zhalpy abhazdar 52 elde turady Shagyn diasporalar Siriyada Germaniyada zhәne Ukrainada kezdesedi Gruziyada ozin ozi zhariyalagan Abhaziya men Ontүstik Osetiyany eseptemegende 864 abhaz bar EtnonimiAbhaziya turaly algashky mәlimetter bizdin dәuirimizge dejingi XII gasyrdagy assiriyalyk derekterde Tiglatpalasara I zhazbasy abeshla degen atpen kezdesedi al bizdin eramyzdyn I II gasyrlarynda apsilder men abazgiler zhazylgan Olardyn abhaz halkymen genetikalyk bajlanysy apsua abhazdardyn oz atauy abaza abhazdarga zhatatyn abazinderdin ozindik aty orystardyn obezy zhәne gruzin zhylnamalarynyn abhazdary Abhazdar oz otanyn Apsnyj yagni Zhan eli dep atagan TarihyApsni tuyn ustap turgan Apsua balalaryAbhaziya tularyn ustagan sherushilerAbhaz generaldary VIII X gasyrlarda Abhaz patshalygy kezinde kop tajpalar abhaz halkynyn kuramyna kirdi onyn birinshi patshasy kuatty Hazar kaganynyn kyzynyn uly Leon II boldy Arab shapkynshylygynyn kalkany bola otyryp ol obektivti tүrde bүkil Batys Kavkazdyn biriguine әkeldi Abhaziya patshalarynyn әuleti Teodosijdin olimimen ayaktalyp bilik onyn nemere inisi Bagrat III ke otti 978 1014 Bagrat III Abhaziya patshalarynyn otbasylyk shezhiresin zhasady Odan zhana memleket abhazdar men kartvelder patshalygy kalyptasa bastady ol biraz uakytka dejin Abhaziya dep ataldy XIII gasyrdyn 2 zhartysynda Abhaz patshalygyn mongol tatarlar zhaulap aldy XVI XVIII gasyrlarda bastap Tүrkiya bodandygynda boldy XVIII gasyrdyn ayagynan bastap bileushi Keleshbej Chachba Shervashidze tusynda Abhaz knyazdigi kajtadan kүshejip flottyn komegimen Қara teniz zhagalauyn Anapadan Batumga dejin bakylajdy 1810 zhyly shildede orys teniz desanty shajkasta Suhum Kale bekinisin basyp aldy Erkin tau kogamdaryn kospaganda zhagalaudagy Abhaziya Resejge kosyldy Abhaziya tagyna Georgij degen zhana esimdi kabyldagan Sefer bej Chachbany otyrgyzdy Abhaz knyazdiginin ajryksha belgilerinin biri Gruziyadan ajyrmashylygy Resejge kosylganda memlekettiligin tolyk zhogaltpagandygy 1810 zhyldan 1864 zhylga dejin Abhaziya knyazdigi Resejdin kuramynda avtonomiyalyk baskarudy saktap kaldy zhәne Kavkazda baskalaryna karaganda uzak omir sүrdi 1864 zhyldan 1917 zhylga dejin Abhaziya Suhumi әskeri bolimi Suhumi okrugi Kavkazdagy patsha әkimshiligine bagyndy XIX gasyrda Abhaziya әli de Soltүstik Batys Kavkaz taulyktarynyi demokratiyalyk erkin kogamdary men Gruziyanyn feodaldyk kurylymy arasynda aralyk oryndy ielendi Degenmen kogamdyk kurylym ruhynda ol cherkes ubyh әlemimen tygyz bajlanysty boldy Abhaziyada zherge feodaldyk menshik bolgan zhok krepostnojlyk kukyk bolmady erkin kauymdastyk mүsheleri el halkynyn 3 4 boligin derlik kurady 1866 1877 zhyldardagy Kavkaz sogysy men otarshyldykka karsy koterilisterdin nәtizhesinde abhazdar etnikalyk apatka ushyrady Halyktyn zhartysynan kobi Otanyn tastap boskyndar boluga mәzhbүr boldy Abhaziyaga zhana konystanushylar en aldymen gruzinder negizinen megrelder sondaj ak armyandar grekter orystar bolgarlar nemister estondyktar zhәne t b agyldy osylajsha 1886 zhyly abhazdar 85 7 al 1897 zhyly halyktyn 55 3 kurady Resej imperiyasy ydyragannan kejin Abhaziya Kavkaz zhәne Ontүstik Shygys Birikken Tauly Odagyna kosyldy 1917 zhyly 8 karashada Suhumda otken sezde birinshi parlament Abhaz halyk kenesi sajlandy ol Abhaz halkynyn Konstituciyasy men Deklaraciyasyn kabyldady 1921 zhyly Abhaziya KSR i kuryldy 1921 zhyldan bastap Gruziya KSR nin kuramyna endi 1931 zhyldan AKSR kukygyn iemdendi 1990 zhyldyn zheltoksanynan Abhaziya avtonomiyalyk respublikasy 1992 zhyly shildesinen Abhaziya Respublikasy 1992 94 zhyldary aralygynda Abhaziya Respublikasy territoriyasynda eldin memleket mәrtebesine bajlanysty karuly kaktygystar boldy KәsibiHIH gasyrda zhәne HH gasyrdyn basynda Abhazdardyn negizgi dәstүrli kәsipteri eginshilik mal sharuashylygy komekshi kәsipteri ara sharuashylygy zhәne anshylyk boldy Dakyldardan negizinen tary chumiza arpa zhүgeri zhәne temeki Al talshyktardan zygyr karasora zhәne makta egildi Olar sondaj ak zhүzim osirumen ajnalyskan Abhaziyalyktardyn omirinde anshylyk pen ara sharuashylygy erekshe oryn aldy sonymen katar orman ara sharuashylygymen ajnalysty olar zhabajy aralardyn balyn zhinady Iri kara tauda eshki osiredi Қazirgi uakytta abhazdardyn negizgi dәndi dakyly zhүgeri bolyp tabylady Temeki de az molsherde osiriledi Temeki onerkәsibi respublikanyn ishki kazhettilikteri үshin zhumys istejdi Sogystan kejin Abhaziyada mal sharuashylygy is zhүzinde kuldyrady Iri kara eshki koj tabyndary ajtarlyktaj azajyp ketti Bul azyk tүlik korynyn azayuyna bajlanysty boldy Dәstүrli kolonerden auylsharuashylyk kural sajmandaryn ydys ayak kiim keshek metall zhәne an mүjizinen bujymdar zhasau agashtan oyu keste tigu toku damygan Songy zhyldary respublikada umyt bolyp bara zhatkan koloner tүrleri zhandana bastady Mysaly korkem sogu ustalyk dәstүrli abhaz kyrly karularyn kanzharlar pyshaktar zhasau bylgary ondirisi t b Ұstalyk bagzy zamannan abhazdar arasynda kasietti kәsip sanalgan Bүginde koptegen kolonershiler shagyn koloner kauymdastyktaryna birigip temirden korkem oyu ornekteri bar үj bujymdaryn kakpalar үstelder tosek oryndar torlar t b zhasajdy Olardyn zhumysy zhergilikti halyktyn kүndelikti kazhettilikterin kanagattandyratyndyktan үlken suranyska ie Dәstүrli abhaz koloneri kuyrshak zhasaudy da kamtydy bүginde ony Ochamchiralyk sheber Asida Ahuba zhasajdy Turmys saltyҚazirgi abhaz ataacea otbasynyn negizgi formasy shagyn үsh tүrge bolinedi Halky negizinen eginshilikpen ajnalysatyn ojpat zhәne әsirese zhagalau ajmaktarynda shagyn otbasylar basym boldy Barlyk zherde eki urpaktan turatyn otbasylar basym al ekinshi oryndy үsh urpak otbasy alady Olardan kejin bir buyndy otbasylar keledi al tort buyndy otbasylar sirek kezdesedi Abhaziyalyk neke patrilokaldy bolyp tabylady Eldi mekenderi men dәstүrli baspanalary Dәstүrli abhaz aulasy bul korshalgan ken aumak Aulanyn korshaulary әrtүrli boldy tauly auyldardagy taktajshalardan zhasalgan korshau shtaketnik tauly auyldarda tastan nemese zhumyr tastan zhasalgan korshaular Zhemis agashtarynan butaly korshaular da ken taralgan Қakpalar emen zhәne kashtan syryktarynan zhasalgan bolsa kazirgi uakytta olar kobinese metaldan zhasalgan Buryngy dongelek tortburyshty shetennen tokylgan baspanalar XIX gasyrda agash үjlermen 2 kabatty tas үjlermen auystyryldy Abhaz үjinin en kornekti ereksheligi bүkil kasbet bojymen sozylgan ken balkon Abhazdar birinshi kabatty is zhүzinde pajdalanbady ol kosalky sharuashylyk bolmelerge bejimdelgen Ekinshi kabatta bir үlken bolme zhәne birneshe kishirek bolmeler boldy Үlken bolme әrkashan bezendirilgen onda en zhaksy zhiһazdar men әshekejler boldy konaktar sonda ornalastyryldy Қabyrgalar bojymen әdemi toselgen tosek oryndar al bolmenin ortasynda үstel men birneshe oryndyk boldy Bul bolmenin kabyrgalary әrkashan үj iesi men onyn kyzdary kestelegen matalar men sүlgilermen bezendirilgen Үjdin ieleri tamak ishetin zhәne ujyktajtyn baska bolmelerdi pajdalangan Abhaz үjinde әrkashan shygys kamini boldy onyn en әdemi boligi konak bolmesine karagan Abhazdar үjinde ashana bolgan zhok Ol bolek salyngan zhәne ote karapajym korinetin ortasynda oshagy bar tobesi zhok үnemi ot zhagylatyn shagyn tas bolme Saraj astyk saktajtyn gimarattar zherge kazylgan sharap kujylgan kumyralar omarta munyn bәri үjden sәl alys zherde ornalaskan Үjdin aldynda әrkashan kyska kesilgen zhasyl shopter men үlken agash palma nemese grek zhangagy bar үlken kogal bolatyn Dәstүrli ulttyk kiimderi Burka kigen abhaz zhigiti Abhaziyanyn mәdenietinin bir boligi bolyp tabylady Әrbir abhazdyn garderobynda үsh zhup kostyum boldy bireui kүndelikti kiyuge arnalgan ekinshisi merekelik rәsimderge arnalgan al үshinshisi dini merekelerden bastap zherleuge dejin barlyk rәsimderge kazhet boldy Erlerge arnalgan kiimnin dәstүrli tүri cherkeska boldy belbeuli uzyn koj terisinen zhasalgan ton Zhүnnen tokylgan nemese maktaly shalbar kojlek beshpet kiiz kalpak kidi Ayaktaryna bylgarydan tigilgen ayak kiim kigen Dәstүr bojynsha erler kostyumi an terisinen zhasalgan kalpakpen tolyktyryldy Әr salt attynyn kiizden zhasalgan shapan burkasy bolgan Burka ote biik iyktarga ie boldy Әjel kiimderi bүrmeli shalbar tik zhagaly kojlek beshpent bajlauysh kebis Қyzdarga beldik tagu talap etildi Bas kiim retinde ne oramal ne erkektikine uksas үlbiregen kalpak pajdalanyldy Dәstүrli tagamdary Tagamdary ajmaktyn tabigi klimattyk zhәne әleumettik ekonomikalyk erekshelikterinin әserinen kalyptasty Abhaz turgyndarynyn dietasynyn negizin sүt onimderi kokonister men zhemister zhүzim baksha dakyldary sondaj ak bal zhәne zhangak kurajdy En tanymal et eshki men koj eti sonymen katar siyr men kus etinen tagamdar dajyndalady Ajta ketu kerek dәstүrli abhaz ashanasynda teniz onimderi is zhүzinde zhok Balyk tagamdaryn әli de sirek al ustricalar shayandar kalmarlar asshayandar zhәne baska da dәmdi tagamdar munda tutynylmajdy Abhazdarda as үlesi negizinen zhyl mezgiline bajlanysty koktem men zhazda dastarhanga negizinen kokonis pen sүt onimderi kojylady zhumyrtka tagamdary mol dajyndalady al zhidekter desertke beriledi Kүzgi kysky kezende irimshikter zhәne baska ashytylgan sүt onimderi burshak pen kashtannan zhasalgan tagamdar sondaj ak et beriledi Ұlttyk tagamdary mamalyga ashygan sүt irimshik kokonis pisirilgen koj kuyrylgan kus eti adzhika Folklory Abhaz folklorynda mifter anyzdar halyk ertegileri әnder biler zhәne ulttyk salt dәstүrler bar Abhaz folklorynyn en zharkyn elementterinin biri halyk ertegilerii Olar fantastikalyk zharatylystardyn әlemi keremet erlik zhasajtyn kejipkerler turaly ajtady Ertegiler abhaz mәdenietinin erekshelikterin moraldyk kundylyktaryn senimderi men әdet guryptaryn korsetedi Olar urpaktan urpakka auyzsha berilip ulttyk biregejlikti saktau men zhetkizude manyzdy rol atkarady Abhaz folklorynda ertegilerden baska әn men muzyka da manyzdy oryn alady Abhazdarda halyktyn okigalaryn emociyalary men sezimderin zhetkizetin halyk әnderinin baj murasy bar Abhaz әnderi kobinese ulttyk ruhty patriottykty zhәne tugan zherge degen sүjispenshilikti bejnelejdi Olar әrtүrli muzykalyk aspaptarda oryndalady mysaly suhumi gudogy dolej tarhanka zhәne t b Abhaz folklorynda dәstүrli biler de manyzdy oryn alady Abhaz bilerinin zhigerli zhәne serpindi stili bar Olar abhaz halkynyn shynajy emocionaldylygy men kumarlygyn zhetkizedi Dәstүrli abhaz bileri adamdardy biriktiredi olar merekelerde үjlenu tojlarynda nemese baska ulttyk is sharalarda oryndalady Bi Abhazdardyn mәdeni murasynyn azhyramas boligi bolyp tabylady zhәne halyktyn dәstүrleri men tarihyn saktau zhәne zhetkizu tәsili bolyp tabylady Abhaz halkynyn kazirgi zhagdajy1992 1993 zhzh Abhaziyadagy sogys eldin kүndelikti omirinde oz izin kaldyrdy Munda әli de koptegen kiragan zhәne karausyz kalgan үjler bar Қylmys dengeji zhogary Birak adamdar kazirdin ozinde bejbit omirge үjrenip ajmak birtindep kalpyna kelude Olar mүmkindiginshe zhumys istejdi Abhazdar negizinen үjlerine kosymsha konak bolmeler salyp zhazda turisterge zhalga beredi Kejbireuleri demalushylar үshin ote tiimdi ekskursiyalar ujymdastyrady Memlekettik kyzmetterdi tek abhazdar atkarady Zheke kәsibi barlar bilikti mamandardy zhaldajdy zhәne adamnyn kaj ulttan ekeni manyzdy emes Zhastardyn kobi Resejge kobinese Sankt Peterburgke nemese Mәskeuge okuga barady uldar әskeri oku oryndaryna zhiberiledi Қazirgi abhaz mәdenieti hristiandyk pen islam dәstүrlerinin erekshe үjlesimi bolyp tabylady Қazakstandagy abhazdarҚazakstandagy abhaz diasporasy halyktardy sogys aldyndagy zhәne sogys zhyldaryndagy kүshtep konys audarumen bajlanysty kalyptasty Қazakstanda zhүrgizilgen sanak mәlimetteri bojynsha abhazdardyn sany 1970 zh 187 adam 1979 zh 237 adam 1989 zh 326 adam 1999 zh 185 adam 2009 zh 76 adam Tanymal abhazdarFazil Abdulovich Eskendir prozaik zhәne akyn Nugzar Nurievich Ashuba Abhaziya sayasatkeri Abhaziya halyk assambleyasynyn toragasy Ilya Nestorovich Vekua 1907 1977 kenes matematigi Nestor Apollonovich Lakoba KSRO memleket zhәne sayasi kajratkeri Samson Yakovlevich Chanba 1886 1937 zhazushy zhәne memleket kajratkeri Bejnetaspalarhttps yandex kz video preview 16369071880584714330 https yandex kz video preview 5394718860532440299 https yandex kz video preview 12964991789566033976DerekkozderAbhazy Aҧsuaa Tekserildi 30 mamyr 2024 Kavkazdyk kelbet Tekserildi 30 mamyr 2024 Abhazdar Tekserildi 30 mamyr 2024 Abhaz alfaviti Tekserildi 10 mausym 2024 Abhazdar Apsua tәkappar zhәne әdemi Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhazdar Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhaziya tarihy Tekserildi 31 mamyr 2024 Қazak ulttyk enciklopediyasy Bgazhba O zhәne Lakoba S Zhan elinin turgyndary Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhazdar Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhaz kolonerinin damu bolashagy Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhazdar Otbasy kurylymy zhәne ishki ujymy Tekserildi 31 mamyr 2024 Dәstүrli abhazdardyn turgyn үji Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhaziyadagy ulttyk kiimder Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhazdar Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhaziya tagamdary Tekserildi 31 mamyr 2024 Folklor Tekserildi 31 mamyr 2024 Abhaziyadagy omir Tekserildi 31 mamyr 2024 Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Қazakstan halky Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 B 78 ISBN 978 601 7472 88 7 Fazil Abdulovich Iskander Tekserildi 31 mamyr 2024 Ashuba Nugzar Nurievich omirbayany Tekserildi 31 mamyr 2024 Gvaramiya matematik Ilya Vekuanyn ideyalary omir sүruin zhalgastyruda Tekserildi 31 mamyr 2024 Nestor Lakoba olimnen kejingi omir Tekserildi 31 mamyr 2024 Samson Chanba abhaz dramaturgiyasynyn әkesi Tekserildi 31 mamyr 2024