Координаттар: 53°30′ с. е. 90°00′ ш. б. / 53.500° с. е. 90.000° ш. б. (G) (O) (Я)
Хакасия немесе Хакас Республикасы (хақ. Хакас Республиказы) — Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Хакасия жері Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Хакасия Республикасы | |||||
| |||||
| |||||
Елордасы | Абакан | ||||
Барлығы | 61 569 км² | ||||
| |||||
Барлығы | ▲533 025 (2013) 8.66 адам/км² | ||||
|
| ||||
Барлығы, ағым. баға | 93,7 млрд руб. (2010) 137,8 мың руб. | ||||
Сібір | |||||
Шығыс Сібір | |||||
Хакасша, Орысша | |||||
Үкімет төрағасы | Валентин Коновалов | ||||
Жоғарғы Кеңестің төрағасы | Владимир Штыгашев | ||||
| 19 | ||||
| RU-KK | ||||
() |
Халқы және этникалық құрамы
Жерінің аумағы 61,9 мың км², халқы 523,7 мың адам (2010). Ұлттық құрамы: орыстар — 428 мың (81,7%), хакастар — 64 мың (11,9%), немістер — 6 мың (1,14%), украиндар — 5 мың (0,9%), татарлар — 3,1 мың (0,58%), қырғыздар — 1,9 мың (0,35%), чуваштар — 1,8 мың (0,34%), т.б.
Негізгі мәліметтер
Астанасы — Абакан қаласы. Мемлекеттік тіл — орыс және хакас тілдері. Негізгі заңы — қолданыстағы РФ Конституциясын басшылыққа ала отырып қабылданған конституция. Осы құжатқа сәйкес Хакасия “парламенттік-атқарушылық” басқару пішімін таңдады. Атқарушы биліктің басшысы — бүкілхалықтық дауыс берумен сайланатын төраға, ол парламент арқылы халыққа есеп береді.
Табиғаты және климаты
Хакасияның жер бедері таулы (Кузнецк Алатауы мен Абакан жотасы, Батыс Саянның солтүстік беткейі, биіктігі 2930 м) және төбелі жазық (оңтүстігінде — Минуса қазаншұңқырын, солтүстігінде Чулым (Шұлым) — Енисей қазаншұңқырын қамтиды) болып бөлінеді. Климаты қатаң континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –15, –20°С, шілдеде 17 — 20°С болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері далалық зонада — 300 — 700 мм, таулы-тайгалық зонада 1500 мм-ге дейін. Ірі өзендері — Енисей (Абакан саласымен), Чулым, Томь. Көптеген тұщы (Қара, Фыркал, Иткөл) және тұзды (Беле, Шира) көлдер бар. Топырағы шым ормандық, күлгін, қара. Жерінің 40%-ын орман алып жатыр. Аумағын жан-жануарлар мен құстардың көптеген түрлері (көртышқан, ақкіс, құндыз, тиін, ақ қоян, қасқыр, түлкі, аю, бұлдырық, саңырау құр, самырсын торғай, т.б.) мекендейді. Су айдындарында балықтың бірнеше түрлері (мень, оңғақ, шортан, нәлім, т.б.) бар.
Қазба байлықтары
Хакасияны “жақұтты өлке” деп атайды. Мұнда 140 кен орны бар. Тас көмір, темір кені, титан, кобальт, қорғасын, мырыш, мыс, уран, алтын мен күміс қоры мол. Хакасия — Ресейдегі басты молибден мен мәрмәр өндіруші ел.
Тарихы
Ежелгі Хакасия
Хакасия жерін адам баласы ерте кезден, тас ғасырынан мекендеген. Олардың аң және балық аулап күнелткенін дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер мол. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңында жергілікті тұрғындар егін шаруашылығымен айналысқан. Б.з.б. 4 — 3 ғ-лардың соңында жергілікті халық динлиндер темірді қолдана бастады. Ғалымдардың топшылауынша, динлиндер угор тілінде сөйлеген. Б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда олардың түркі тілдес тайпалармен араласа сіңісуінің нәтижесінде чяньгундар немесе Енисей (Енесай) қырғыздары пайда болды. Аралас тайпалар археологияда Таштық мәдениеті деген атпен белгілі мәдениет жасады. Осы кезеңде олар Қытаймен байланыс орнатты. 6 — 10 ғ-ларда қырғыздар басқарған хакастың біріккен ежелгі мемлекеті құрылды (Қытай деректерінде “қырғыз” сөзі “хягас” — хакас болып аталған (қ. Қырғыз қағандығы). Олар Орхон түріктерімен (555 — 754), ұйғырлармен (745 — 840) соғысты. Ұйғыр қағандарын талқандаған қырғыздар 924 ж. қидандардың қысымына ұшырап, бұрынғы жеріне ығысты. Мал өсіру, егін егумен шұғылданды. Қолөнер түрлері темір, алтын, қалайы, т.б. өндіру мен өңдеу жақсы дамыған. 8 — 11 ғ-ларда олар Тибетпен, Орталық Азиямен және арабтармен сауда байланысын орнатты. Осы кездегі хакас тілі түрікше (қырғызша) болғанын дәлелдейтін көптеген жазба ескерткіштер бар. 1209 ж. біріккен хакас (қырғыз) мемлекетін моңғолдар құлатты. Хакастардың 13 — 17 ғ-лар аралығындағы тарихы туралы деректер мардымсыз. 17 ғ-да Тыва, Алтынсары, Алтыр және Езер, алғашқы Хакас (қырғыз) князьдіктері құрылды. Хакас ұлысына моңғол және жоңғар хандары, Ресей патшалығының жіберген казактары тыныштық бермеді. 17 ғ-дан бастап Сібірді игере бастаған Ресей өкіметі Енисей қырғыздарын (хакастар) ығыстырып, 1604 ж. Томск, 1622 ж. Мелецк, 1628 ж. Краснояр қалаларын, 1641 ж. Ачинск түрмесін салды. Ресей отаршылдары мен жоңғарлардың қысымына қатар ұшыраған жергілікті халықтың көпшілік бөлігі Алтай таулары арқылы Тянь-Шань өлкесіне қоныс аударып, қазіргі қырғыздарға қосылды. Қалған хакастар отар елге айналып, шұрайлы жерлерге орыстар жаппай қоныстана бастады. Алғашқы кен орындары, сауда нүктелері ашылды. Хакастар “көшпелі бұратаналар” деп аталды.
XX-ғасырдағы Хакасия
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін 1918 — 1923 ж. елде азамат соғысы жүрді. 1923 ж. 14 қарашада Хакас ұлттық уезі, 1925 ж. 25 мамырда Хакас округі құрылды. 1930 ж. 20 қазанда ол РКФСР-дың құрамындағы “Хакас автономиялық облысы” атанып, орталығы Абакан қаласы болды. 1920 — 30 ж. Кеңес Одағын шарпыған репрессия Хакасияны да қамтыды. екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға 57311 адам аттанып (елдегі әрбір бесінші тұрғын), оның 18830-ы қаза тапты. Соғыстан кейін елде индустриалды кәсіпорындар құрылып, 1970 — 1980 жылдары энергетикалық өнеркәсіп пен түсті металлургия күшті дамыды. 1991 ж. шілдеде РФ-ның арнайы заңымен Ресей құрамындағы егемен Хакас Кеңестік Социалистік республикасы құрылды. 1992 ж. қаңтарда ол Хакасия Республикасы атанды. Республиканың негізгі құқықтары, уәкілеттері мен міндеттемелері туралы декларация жарияланды. 1995 ж. 25 мамырда Хакасия конституциясы қабылданды. Заң шығарушы және атқарушы билік атынан Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы мен Министрлер кеңесінің төрағасы РФ-ның федерация кеңесіне қатысады. Байырғы тұрғындар арасында қоғамдық ұйым — “Чоң чоби” (халықтық жиналыс) үлкен беделге ие. Бұл ұйым өнеркәсіпті аймақты игеру нәтижесінде азшылыққа айналған хакас халқының мәдениетін өркендете дамыту, этнос пен тілді сақтап қалу мұратын жақтайды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Әкімшілік-аумақтық құрылым шеңберінде Хакас Республикасы келесі әкімшілік-аумақтық бірліктерді қамтиды:
- Республикалық маңызы бар 5 қала: Абакан, , , , ,
- 8 аудан, оның ішінде:
- 83 ауылдық кеңес және 1 қоныс кеңесі (орталығы аттас ауылдық елді мекендерде: мекендер, ауылдар, қоныстар, аалахтар бар)
- 4 кент (қоныс кеңесі):
Республиканың муниципалдық құрылымы шеңберінде Хакасияның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасында 100 муниципалды құрылым құрылды, оның ішінде:
- 5 қалалық аймақ
- 8 муниципалды аудан
- 83 ауылдық қоныс (82 ауылдық кеңес және 1 қоныс кеңесі),
- 4 қалалық қоныс
Аудандары мен қалалары
№ | Туы | Елтаңбасы | Аудан, қала | Әкімш. орталығы | Ауданы (км²) | Тұрғыны (адам) |
---|---|---|---|---|---|---|
Аудандар (муниципалды аудандар) | ||||||
1 | хақ. Алтай аймағы | ауылы | 1710,53 | ↘25 133 | ||
2 | хақ. Асхыс аймағы | ауылы | 8201,14 | ↘35 929 | ||
3 | хақ. Пии аймағы | ауылы | 4536,30 | ↘16 814 | ||
4 | хақ. Тис аймағы | ауылы | 4410,37 | ↘14 042 | ||
5 | хақ. Орджоникидзе аймағы | ауылы | 6610,55 | ↘10 409 | ||
6 | хақ. Тастып аймағы | ауылы | 19 989,88 | ↘14 631 | ||
7 | хақ. Ағбан пилтірі аймағы | кенті | 7520,00 | ↘41 329 | ||
8 | хақ. Сыра аймағы | ауылы | 6826,03 | ↘24 777 | ||
Қалалар (қалалық аймақтар) | ||||||
I | қаласы | 90,00 | ↘14 816 | |||
II | Абакан қаласы хақ. Ағбан город | Абакан қаласы | 112,77 | ↗187 239 | ||
III | хақ. Наа сойан тура | қаласы | 117,49 | ↘58 152 | ||
IV | хақ. Сорығ город | қаласы | 1323,20 | ↘11 103 | ||
V | хақ. Харатас город | 117,87 | ↘77 662 |
Шаруашылығы
Хакасия — аграрлы-индустриалды ел. Негізгі өнеркәсіп салалары — тау-кен, ағаш, құрылыс материалдары, жеңіл, тамақ өндірісі. Тас көмір, темір кентасы, түсті және сирек металдар (мыс, молибден, қорғасын, алтын, т.б.), гипс, әктас, мәрмәр өндіріледі. Өндіргіш күштерінің қалыптасу ерекшелігіне орай Хакасия өнеркәсібі біркелкі дамығанымен, шикізаттық-ресурстық сипаттағы аймақ болып саналады. Республика өнеркәсібі 20 ғ-дың 70 — 80-жылдарында қалыптасты. Саян аумақтық-өнеркәсіптік кешенінің құрамына шамамен 10 кәсіпорын кіреді. Осы кәсіпорындардың көпшілігінің базасында моноқалалар пайда болды. Саяногорскіде — Ресейдегі ең ірі алюминий зауыты, Сорскіде молибден комбинаты орналасқан. Кен өндіру ісі мен құрылыс материалдары өнеркәсібі, машина жасау саласы, әсіресе, вагондар, контейнер, автокрандар шығару саласы жақсы дамыған. Енисей өзенінде Саян — Шуша және Майнск СЭС-ы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 1,5 млн. га жердің 600 мың га (40%) алқабын егістік алып жатыр. Оған негізінен астық дақылдары — бидай, сұлы, тары, қара құмық, сондай-ақ картоп, көкөніс, мал азығы дақылдары егіледі. Мал шаруашылығы ет-сүт және жүн өндіру бағытына мамандандырылған. Көптеген су қоймалары тауарлы балық өсіру, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшін қолданылады. “Шира көлі” курорты мен “Тұманды” санаторийі емдік мақсатта жұмыс істейді. Темір жолдарының ұзындығы 781 км. Автомобиль жолының ұзындығы 2498 км. Енисей, Абакан өзендерінде кеме жүзеді. Елде халықаралық және федералдық деңгейдегі екі авиакомпания — “Хакасия” және “Абакан-Авиа” бар. Туризм жақсы жолға қойылған. 1995 ж. Хакасия үкіметі “Хакасия” еркін экономиялық аймағын (Абакан қаласынан 28 км) құру туралы шешім шығарды. Осы аймақ кәсіпорындары жергілікті шикізатты пайдалана отырып, полимер бұйымдарын, әр түрлі пластмассалар мен полиэтилен үлдіріктерін шығара бастады.
Мәдениеті
Хакастарда әр түрлі жанрдағы фольклорлық шығармалар: мифтік аңыз-әңгімелер, ертегілер, батырлық тарихи жырлар, т.б. жақсы сақталған. “Алтын Арыг”, “Албынжи”, “Пора Нинжи”, т.б. эпик. дастандарда ертедегі хакас тайпаларының жат жұрттық шапқыншыларға қарсы күресі баяндалады. 1926 ж. хакастардың жазу алфавиті қалыптасып, алғашқы кітаптар — ұлттық әдебиет туындылары жарық көре бастады. В.А. Кобяков (1906 — 1937) хакас жазба әдебиетіндегі алғашқы көлемді шығарма — “Айдо” (1934) повесін жарыққа шығарды. 1949 ж. РКФСР Жазушылар одағының хакас бөлімшесі құрылды. Хакастардың дәстүрлі ұлттық тұрақжайлары — киіз үй, бөренеден қиып салған шағын баспаналар, қостар мен жертөлелер болған. Сондықтан халық арасында ерте ғасырлардан ағаш ою, зер төгу өнері жақсы дамыған. 20 ғ-дың басына дейін халықтық дәстүр деңгейінде дамыған музыкасы, ән-саз жанрлары алтайлықтардың, тыва халқының музыка мәдениетімен туыстас. Халық әнінің арасында кең тараған түрлері — тахпах (тақпақ) пен ыр (жыр). Тахпах өлеңді ойдан суырып салу шеберлігіне, ал ыр белгісі бір текстке құрылды. Эпос шығармалары (“Алтын Арыг”, “Хан Марген”, “Алтын Чус”) “чатхан” деп аталатын ішекті соқпалы аспаптың сүйемелдеуімен ерекше көмей дыбыстары (хай) арқылы орындалды. Көне музыкалық аспаптары: хомыс (қобыз) (ішекті — шертпелі), ыық (ішекті — ысқылы). 1950 — 1960 ж. хакас музыкасы кәсіби классикалық сатыға көтерілді. 1970 ж. тұңғыш ұлттық опера “Чанар Чус пен Ах Чибектің” дүниеге келуі хакас халқының мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Сондай-ақ көшпелі ойын-сауық отауы ретінде 1931 ж. құрылған труппа кәсіби театрға айналды (1939). Белгілі драматургтер А.Топанов, М.Коков, М.Кильчичаков, Н.Доможаков, Г.Саражаков, С.Чарков, т.б. ұлттық сахна өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. 1942 ж. Топанов пен Н.М. Зингеровский “Келеке болған Хорхло” атты тұңғыш хакас комедиясын жазды. Театр репертуарында орыс және шет ел классикасының орын алуы ұлт актерлерінің кәсіби-шығарм. жағынан өсуіне игі әсер етті. Қазіргі кезде байырғы халықтың өзін-өзі тануға, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғыртуға құлшынысы артып отыр. Республика Жоғарғы Кеңесі осы мүдде тұрғысынан Мәдениет туралы заң қабылдап, ұлт руханиятын қайта өрлету үшін құқықтық негіз қалады. Жоғары оқу орындарында музыка факультеттері қайта ашылып, аймақаралық және халықар. мәдени байланыстар арнасы кеңейтілді.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Khakassia |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koordinattar 53 30 s e 90 00 sh b 53 500 s e 90 000 sh b 53 500 90 000 G O Ya Hakasiya nemese Hakas Respublikasy hak Hakas Respublikazy Resej Federaciyasynyn kuramyndagy ulttyk memlekettik kurylym Hakasiya zheri Shygys Sibirdin ontүstik boliginde ornalaskan Resej Federaciyasynyn subektisiHakasiya Respublikasy Respublika Hakasiya hak Hakas RespublikazyHakasiya tuy Hakasiya eltanbasyElordasy AbakanZher aumagyBarlygy su beti 61 569 km 0 8ZhurtyBarlygy Tygyzdygy 533 025 2013 8 66 adam km Barlygy agym baga Zhan basyna shakkanda 93 7 mlrd rub 2010 137 8 myn rub Federaldy okrug SibirEkonomikalyk audan Shygys SibirMemlekettik tili Hakassha OrysshaҮkimet toragasy Valentin KonovalovZhogargy Kenestin toragasy Vladimir Shtygashev19RU KKUakyt beldeui Halky zhәne etnikalyk kuramyZherinin aumagy 61 9 myn km halky 523 7 myn adam 2010 Ұlttyk kuramy orystar 428 myn 81 7 hakastar 64 myn 11 9 nemister 6 myn 1 14 ukraindar 5 myn 0 9 tatarlar 3 1 myn 0 58 kyrgyzdar 1 9 myn 0 35 chuvashtar 1 8 myn 0 34 t b Negizgi mәlimetterAstanasy Abakan kalasy Memlekettik til orys zhәne hakas tilderi Negizgi zany koldanystagy RF Konstituciyasyn basshylykka ala otyryp kabyldangan konstituciya Osy kuzhatka sәjkes Hakasiya parlamenttik atkarushylyk baskaru pishimin tandady Atkarushy biliktin basshysy bүkilhalyktyk dauys berumen sajlanatyn toraga ol parlament arkyly halykka esep beredi Tabigaty zhәne klimatyHakasiyanyn zher bederi tauly Kuzneck Alatauy men Abakan zhotasy Batys Sayannyn soltүstik betkeji biiktigi 2930 m zhәne tobeli zhazyk ontүstiginde Minusa kazanshunkyryn soltүstiginde Chulym Shulym Enisej kazanshunkyryn kamtidy bolyp bolinedi Klimaty katan kontinenttik Қantar ajynyn ortasha temperaturasy 15 20 S shildede 17 20 S bolady Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri dalalyk zonada 300 700 mm tauly tajgalyk zonada 1500 mm ge dejin Iri ozenderi Enisej Abakan salasymen Chulym Tom Koptegen tushy Қara Fyrkal Itkol zhәne tuzdy Bele Shira kolder bar Topyragy shym ormandyk kүlgin kara Zherinin 40 yn orman alyp zhatyr Aumagyn zhan zhanuarlar men kustardyn koptegen tүrleri kortyshkan akkis kundyz tiin ak koyan kaskyr tүlki ayu buldyryk sanyrau kur samyrsyn torgaj t b mekendejdi Su ajdyndarynda balyktyn birneshe tүrleri men ongak shortan nәlim t b bar Қazba bajlyktaryHakasiyany zhakutty olke dep atajdy Munda 140 ken orny bar Tas komir temir keni titan kobalt korgasyn myrysh mys uran altyn men kүmis kory mol Hakasiya Resejdegi basty molibden men mәrmәr ondirushi el TarihyEzhelgi Hakasiya Hakasiya zherin adam balasy erte kezden tas gasyrynan mekendegen Olardyn an zhәne balyk aulap kүneltkenin dәleldejtin arheologiyalyk eskertkishter mol B z b 2 mynzhyldyktyn sonynda zhergilikti turgyndar egin sharuashylygymen ajnalyskan B z b 4 3 g lardyn sonynda zhergilikti halyk dinlinder temirdi koldana bastady Ғalymdardyn topshylauynsha dinlinder ugor tilinde sojlegen B z b 2 1 g larda olardyn tүrki tildes tajpalarmen aralasa sinisuinin nәtizhesinde chyangundar nemese Enisej Enesaj kyrgyzdary pajda boldy Aralas tajpalar arheologiyada Tashtyk mәdenieti degen atpen belgili mәdeniet zhasady Osy kezende olar Қytajmen bajlanys ornatty 6 10 g larda kyrgyzdar baskargan hakastyn birikken ezhelgi memleketi kuryldy Қytaj derekterinde kyrgyz sozi hyagas hakas bolyp atalgan k Қyrgyz kagandygy Olar Orhon tүrikterimen 555 754 ujgyrlarmen 745 840 sogysty Ұjgyr kagandaryn talkandagan kyrgyzdar 924 zh kidandardyn kysymyna ushyrap buryngy zherine ygysty Mal osiru egin egumen shugyldandy Қoloner tүrleri temir altyn kalajy t b ondiru men ondeu zhaksy damygan 8 11 g larda olar Tibetpen Ortalyk Aziyamen zhәne arabtarmen sauda bajlanysyn ornatty Osy kezdegi hakas tili tүrikshe kyrgyzsha bolganyn dәleldejtin koptegen zhazba eskertkishter bar 1209 zh birikken hakas kyrgyz memleketin mongoldar kulatty Hakastardyn 13 17 g lar aralygyndagy tarihy turaly derekter mardymsyz 17 g da Tyva Altynsary Altyr zhәne Ezer algashky Hakas kyrgyz knyazdikteri kuryldy Hakas ulysyna mongol zhәne zhongar handary Resej patshalygynyn zhibergen kazaktary tynyshtyk bermedi 17 g dan bastap Sibirdi igere bastagan Resej okimeti Enisej kyrgyzdaryn hakastar ygystyryp 1604 zh Tomsk 1622 zh Meleck 1628 zh Krasnoyar kalalaryn 1641 zh Achinsk tүrmesin saldy Resej otarshyldary men zhongarlardyn kysymyna katar ushyragan zhergilikti halyktyn kopshilik boligi Altaj taulary arkyly Tyan Shan olkesine konys audaryp kazirgi kyrgyzdarga kosyldy Қalgan hakastar otar elge ajnalyp shurajly zherlerge orystar zhappaj konystana bastady Algashky ken oryndary sauda nүkteleri ashyldy Hakastar koshpeli buratanalar dep ataldy XX gasyrdagy Hakasiya 1917 zhylgy Akpan revolyuciyasynan kejin 1918 1923 zh elde azamat sogysy zhүrdi 1923 zh 14 karashada Hakas ulttyk uezi 1925 zh 25 mamyrda Hakas okrugi kuryldy 1930 zh 20 kazanda ol RKFSR dyn kuramyndagy Hakas avtonomiyalyk oblysy atanyp ortalygy Abakan kalasy boldy 1920 30 zh Kenes Odagyn sharpygan repressiya Hakasiyany da kamtydy ekinshi dүniezhүzilik sogys zhyldarynda majdanga 57311 adam attanyp eldegi әrbir besinshi turgyn onyn 18830 y kaza tapty Sogystan kejin elde industrialdy kәsiporyndar kurylyp 1970 1980 zhyldary energetikalyk onerkәsip pen tүsti metallurgiya kүshti damydy 1991 zh shildede RF nyn arnajy zanymen Resej kuramyndagy egemen Hakas Kenestik Socialistik respublikasy kuryldy 1992 zh kantarda ol Hakasiya Respublikasy atandy Respublikanyn negizgi kukyktary uәkiletteri men mindettemeleri turaly deklaraciya zhariyalandy 1995 zh 25 mamyrda Hakasiya konstituciyasy kabyldandy Zan shygarushy zhәne atkarushy bilik atynan Hakasiya Zhogargy Kenesi toragasy men Ministrler kenesinin toragasy RF nyn federaciya kenesine katysady Bajyrgy turgyndar arasynda kogamdyk ujym Chon chobi halyktyk zhinalys үlken bedelge ie Bul ujym onerkәsipti ajmakty igeru nәtizhesinde azshylykka ajnalgan hakas halkynyn mәdenietin orkendete damytu etnos pen tildi saktap kalu muratyn zhaktajdy Resej Bankinin Hakasiyaga arnagan estelik akshasyӘkimshilik aumaktyk bolinisiTolyk makalasy Әkimshilik aumaktyk kurylym shenberinde Hakas Respublikasy kelesi әkimshilik aumaktyk birlikterdi kamtidy Respublikalyk manyzy bar 5 kala Abakan 8 audan onyn ishinde 83 auyldyk kenes zhәne 1 konys kenesi ortalygy attas auyldyk eldi mekenderde mekender auyldar konystar aalahtar bar 4 kent konys kenesi Respublikanyn municipaldyk kurylymy shenberinde Hakasiyanyn әkimshilik aumaktyk birlikterinin shekarasynda 100 municipaldy kurylym kuryldy onyn ishinde 5 kalalyk ajmak 8 municipaldy audan 83 auyldyk konys 82 auyldyk kenes zhәne 1 konys kenesi 4 kalalyk konysAudandary men kalalary Tuy Eltanbasy Audan kala Әkimsh ortalygy Audany km Turgyny adam Audandar municipaldy audandar 1 hak Altaj ajmagy auyly 1710 53 25 1332 hak Ashys ajmagy auyly 8201 14 35 9293 hak Pii ajmagy auyly 4536 30 16 8144 hak Tis ajmagy auyly 4410 37 14 0425 hak Ordzhonikidze ajmagy auyly 6610 55 10 4096 hak Tastyp ajmagy auyly 19 989 88 14 6317 hak Agban piltiri ajmagy kenti 7520 00 41 3298 hak Syra ajmagy auyly 6826 03 24 777Қalalar kalalyk ajmaktar I kalasy 90 00 14 816II Abakan kalasy hak Agban gorod Abakan kalasy 112 77 187 239III hak Naa sojan tura kalasy 117 49 58 152IV hak Soryg gorod kalasy 1323 20 11 103V hak Haratas gorod 117 87 77 662SharuashylygyHakasiya agrarly industrialdy el Negizgi onerkәsip salalary tau ken agash kurylys materialdary zhenil tamak ondirisi Tas komir temir kentasy tүsti zhәne sirek metaldar mys molibden korgasyn altyn t b gips әktas mәrmәr ondiriledi Өndirgish kүshterinin kalyptasu ereksheligine oraj Hakasiya onerkәsibi birkelki damyganymen shikizattyk resurstyk sipattagy ajmak bolyp sanalady Respublika onerkәsibi 20 g dyn 70 80 zhyldarynda kalyptasty Sayan aumaktyk onerkәsiptik kesheninin kuramyna shamamen 10 kәsiporyn kiredi Osy kәsiporyndardyn kopshiliginin bazasynda monokalalar pajda boldy Sayanogorskide Resejdegi en iri alyuminij zauyty Sorskide molibden kombinaty ornalaskan Ken ondiru isi men kurylys materialdary onerkәsibi mashina zhasau salasy әsirese vagondar kontejner avtokrandar shygaru salasy zhaksy damygan Enisej ozeninde Sayan Shusha zhәne Majnsk SES y zhumys istejdi Auyl sharuashylygyna pajdalanylatyn 1 5 mln ga zherdin 600 myn ga 40 alkabyn egistik alyp zhatyr Ogan negizinen astyk dakyldary bidaj suly tary kara kumyk sondaj ak kartop kokonis mal azygy dakyldary egiledi Mal sharuashylygy et sүt zhәne zhүn ondiru bagytyna mamandandyrylgan Koptegen su kojmalary tauarly balyk osiru sporttyk zhәne әueskojlyk balyk aulau үshin koldanylady Shira koli kurorty men Tumandy sanatoriji emdik maksatta zhumys istejdi Temir zholdarynyn uzyndygy 781 km Avtomobil zholynyn uzyndygy 2498 km Enisej Abakan ozenderinde keme zhүzedi Elde halykaralyk zhәne federaldyk dengejdegi eki aviakompaniya Hakasiya zhәne Abakan Avia bar Turizm zhaksy zholga kojylgan 1995 zh Hakasiya үkimeti Hakasiya erkin ekonomiyalyk ajmagyn Abakan kalasynan 28 km kuru turaly sheshim shygardy Osy ajmak kәsiporyndary zhergilikti shikizatty pajdalana otyryp polimer bujymdaryn әr tүrli plastmassalar men polietilen үldirikterin shygara bastady MәdenietiHakastarda әr tүrli zhanrdagy folklorlyk shygarmalar miftik anyz әngimeler ertegiler batyrlyk tarihi zhyrlar t b zhaksy saktalgan Altyn Aryg Albynzhi Pora Ninzhi t b epik dastandarda ertedegi hakas tajpalarynyn zhat zhurttyk shapkynshylarga karsy kүresi bayandalady 1926 zh hakastardyn zhazu alfaviti kalyptasyp algashky kitaptar ulttyk әdebiet tuyndylary zharyk kore bastady V A Kobyakov 1906 1937 hakas zhazba әdebietindegi algashky kolemdi shygarma Ajdo 1934 povesin zharykka shygardy 1949 zh RKFSR Zhazushylar odagynyn hakas bolimshesi kuryldy Hakastardyn dәstүrli ulttyk turakzhajlary kiiz үj boreneden kiyp salgan shagyn baspanalar kostar men zhertoleler bolgan Sondyktan halyk arasynda erte gasyrlardan agash oyu zer togu oneri zhaksy damygan 20 g dyn basyna dejin halyktyk dәstүr dengejinde damygan muzykasy әn saz zhanrlary altajlyktardyn tyva halkynyn muzyka mәdenietimen tuystas Halyk әninin arasynda ken taragan tүrleri tahpah takpak pen yr zhyr Tahpah olendi ojdan suyryp salu sheberligine al yr belgisi bir tekstke kuryldy Epos shygarmalary Altyn Aryg Han Margen Altyn Chus chathan dep atalatyn ishekti sokpaly aspaptyn sүjemeldeuimen erekshe komej dybystary haj arkyly oryndaldy Kone muzykalyk aspaptary homys kobyz ishekti shertpeli yyk ishekti yskyly 1950 1960 zh hakas muzykasy kәsibi klassikalyk satyga koterildi 1970 zh tungysh ulttyk opera Chanar Chus pen Ah Chibektin dүniege kelui hakas halkynyn mәdeni omirindegi eleuli okiga boldy Sondaj ak koshpeli ojyn sauyk otauy retinde 1931 zh kurylgan truppa kәsibi teatrga ajnaldy 1939 Belgili dramaturgter A Topanov M Kokov M Kilchichakov N Domozhakov G Sarazhakov S Charkov t b ulttyk sahna onerinin damuyna үlken үles kosty 1942 zh Topanov pen N M Zingerovskij Keleke bolgan Horhlo atty tungysh hakas komediyasyn zhazdy Teatr repertuarynda orys zhәne shet el klassikasynyn oryn aluy ult akterlerinin kәsibi shygarm zhagynan osuine igi әser etti Қazirgi kezde bajyrgy halyktyn ozin ozi tanuga ulttyk mәdenieti men dәstүrlerin zhangyrtuga kulshynysy artyp otyr Respublika Zhogargy Kenesi osy mүdde turgysynan Mәdeniet turaly zan kabyldap ult ruhaniyatyn kajta orletu үshin kukyktyk negiz kalady Zhogary oku oryndarynda muzyka fakultetteri kajta ashylyp ajmakaralyk zhәne halykar mәdeni bajlanystar arnasy kenejtildi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomDerekkozderOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Khakassia