Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Сырым Датұлы, Сырым батыр (1753 жыл, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан — 1802 жыл, қазіргі Хорезм облысы, Өзбекстан) — Ресей империясы патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарының 1783—1797 жылдарындағы көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Алшын тайпасының Байбақты руының биі. Атақты Байбақты Шолан батырдың немересі.
Сырым Датұлы | |
Сырым Датұлы ескерткіші, Орал қаласы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | қазіргі Хорезм облысы, Өзбекстан |
Ұлты | қазақ |
Қызметі | Қазақ батыры, көтерілісші |
Шыққан тегі — Кіші жүздің Алшын тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.
Нұралы ханмен қақтығыстары
1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783–1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды.
Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.
Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.
1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина II-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
Хиуаға ығысу
Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.
Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.
Сілтемелер
- Сырым батырдың өлiмi екi ғасырдан берi ашылған жоқ Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Syrym Datuly Syrym batyr 1753 zhyl kazirgi Batys Қazakstan oblysy Қazakstan 1802 zhyl kazirgi Horezm oblysy Өzbekstan Resej imperiyasy patshasynyn otarlau sayasatyna karsy kүresken Kishi zhүz kazaktarynyn 1783 1797 zhyldaryndagy koterilisinin kornekti basshysy atakty batyr әjgili sheshen Alshyn tajpasynyn Bajbakty ruynyn bii Atakty Bajbakty Sholan batyrdyn nemeresi Syrym DatulySyrym Datuly eskertkishi Oral kalasyTugan kүni1753 1753 Tugan zherikazirgi Batys Қazakstan oblysy ҚazakstanҚajtys bolgan kүni1802 1802 Қajtys bolgan zherikazirgi Horezm oblysy ӨzbekstanҰltykazakҚyzmetiҚazak batyry koterilisshi Shykkan tegi Kishi zhүzdin Alshyn tajpasynyn Bajbakty ruynan Өzinin askan akyldylygy arkasynda oz ortasynda tym erte tanylyp әdildigimen aty shykkan Bala bi atandy XVIII gasyrdyn ayagyndagy otarlyk ezgige karsy ult azattyk kүrestin ujymdastyrushysy әri kosemi Syrym dүnieden ozgan kezde onyn asynda 2000 zhylky 2500 koj sojylyp 5000 kүbi kymyz ishilgen zhәne birneshe zhүz akshankan kiiz үjler tigilgen Bul bir zhagynan onyn bajlygyn ekinshi zhagynan onyn halyk arasynda bedeldi bolganyn bildiredi Syrym 2000 shanyrakty baskargan Syrym Datuly oz halkynyn nagyz patrioty ekenin tanyta bilgen zhәne otarlyk bugaudan eldi bosatuga zor үles koskan Ol Resejdin otarlau sayasatyn zhүzege asyrgan kazaktarga karsy sogysty bastady Syrym bastagan ult azattyk koterilistin negizgi sebebi patsha sayasaty men Zhajyk kazaktarynyn zhүgensizdigi olardyn kazak halkyn kanauy boldy Halyk koterilisin Syrym batyrmen birge Barak Tilenshi Orazbaj Zhantore sultan syndy eldin bedeldi azamattary baskardy Kishi zhүzdin bajbakty tabyn shekti kete zhәne sherkes rulary koteriliske katysty Koterilistin bas kezinde Syrym batyrdyn 2700 sarbazy Barak batyrdyn 2000 zhәne Tilenshi batyrdyn 1500 sarbazy boldy Nuraly hanmen kaktygystary1783 zhyldyn tamyz ajynda Zhajyk kazaktary Syrym men Nuraly han auyldaryn tonau zhoryktaryn bastady Nuraly han Syrymnyn el arasynda bedeli zhogary ekenin bilgendikten ony orystardyn tүrmesinen bosatyp alady Syrym temir tordan shykkan son halyk koterilisinin karkyny үdej tүsti Bul uakytta patshaga karsy bas koteruden korykkan Nuraly Syrymga karsy shygyp Resejdi komek beruge shakyrady Osy kezden bastap Syrym batyrga eki zhaumen birdej shajkasuga tura keledi 1784 zhyly Syrym Sagyz ozeninin bojynda Nuraly hanga shabuyl zhasaganda ol orys kazak bekinisterine kashyp kutyldy 1785 zhyly Syrymnyn үzengilesteri ornalaskan audandarda tomengi zhagynda iri shajkastar boldy 1783 1785 zhyldary kazaktyn bajbakty tabyn zhәne tama rularynyn zhajylymdykzherlerin kazaktar basyp algan son kiyan keski urystar bolyp otti Bul kezende Kishi zhүzdin batys audandarynda stihiyaly koterilister bastaldy olar Zhajyk pen Embi ozenderi arasynda koship konyp zhүrgen rulardy da kamtydy Қalyptaskan zhagdajdy pajdalana otyryp patsha okimeti tikelej ru starshyn dary men kelissozder zhүrgize bastady Bir zhagynan bul sayasat kazak dalasyndagy handykty zhoyu maksatynda zhүrgizildi 1786 zhyly 13 shildede Ekaterina II Nuraly handy kyzmetinen bosatty 1792 zhyly handyk bilik kajta kүshine engen son Syrym Datuly bastagan halyktyk zhappaj bas koteru kezeni bastaldy Bul kezende koteriliske katyskan koptegen sultandar men biler kүresti odan әri zhүrgizuden bas tartkan son Syrym batyr partizandyk sogyska koshti Sonymen birge el ishinde oryn algan kelensiz zhagdajlar da koterilistin zhalgasa beruine sebepker boldy 1797 zhyly Kishi zhүz hany Esim koterilisshiler kolynan kaza tapty 1797 zhyly 28 tamyzda Syrym Datuly koterilisti toktatu turaly sheshim kabyldady Ol handyk kenestin kuramyna engen bolatyn alajda ony sultandar kudalagandyktan Hiuaga kashuga mozhbүr boldy Syrym Datuly 1 shi koterilisiZhasy ulgajgan kezinde otarlaushylardyn ozbyr sayasatyna karsy shygyp zherinen ajyrylyp zhajylymsyz kalgan patsha әkimshiliginin ezip zhanshuynan tonauynan әbden tityktap bitken halkynyn narazylygyna үn kosyp karuly kүreske shygady Ol ozinin Orynbordyn general gubernatory Igelstromga zhazgan bir hatynda bylaj dep zhazady Sizderdin tүrli әdistermen aldap kolga tүsirgen nogaj bashkurttar siyakty bizge de bugalyk salyp ezbekshi ekendiginiz belgili Budan Syrym batyrdyn kolyna karu alyp koteriliske shygyp basyn bәjgige tigudegi maksatynyn ajkyndygy halkynyn mojnyna tүskeli turgan sol bugaudy үzuge umtylgany anyk angarylady 1783 zhyly Syrym bejkam zhatkan kazak auyldaryn shauyp kezekti tonauga kelgen kazak orys atamany otryadymen shajkasyp ony ojsyrata zhenedi Atamannyn ozin tutkyndap Hiuaga kuldykka satyp zhiberedi Bul patsha әkimshiligine үlken sokky edi Sogan oraj Oral kalasyndagy patsha әskeri tүgel attanyp osy zhyldyn kүzinde Syrymdy kolga tүsiredi Birak ony Nuraly han kyruar mal berip birer ajdan kejin bosatyp alady Syrym Datuly 2 shi koterilisiTүrmeden bosagannan kejin Syrym Tabyn ruynyn starshyny koldauymen oral kazak orys әskerimen kүresin әri zhalgastyrady Birak Nuraly han bul zholy Syrymdy koldamajdy kajta ogan karsy shygyp shekaralyk әkimshilikten koterilisshilerdi basu үshin arnajy әsker zhiberuin talap etedi Sojtip ol bylajgy zherde Syrymga karsy kүreste shekara әkimshiligimen bir bolady Mine osy kezden yagni 1784 zhyly bastap patshanyn otarlau sayasatyna karsy kүreste hanynyn da karashasynyn da ortak niettestigine ie bolyp kelgen koterilisshiler arasyna zhik tүsip Syrym bastagan halyk kozgalysynyn kүresi endi Әbilkajyr әuletinen shykkan han men sultandarga karsy bagyttalady Kishi zhүzdin koptegen rulary Nuraly hanga bagynbaj koterilisshiler zhagyna shygady 1785 zhyly kүzinde bolgan starshyndar zhinalysy Nuralyny han dep tanudan bas tartady Kelesi zhyldyn koktemi karsanynda koterilisshilerdin kysymyna shydamagan Nuraly shekaralyk sheptegi kamalga kashuga mәzhbүr bolady Onyn akyry sol zhyly Ekaterina II nin Nuralyny handyktan tүsiru zhonindegi zharlykka kol koyuyna әkep sogady Han tagyna Nuraly ketip Eraly otyrganymen de zhagdaj tүzelmejdi Halyktyn narazylygy odan sajyn kүsheje tүsedi Syrym bastagan koterilisshiler endi ashyk sogys kimyldaryna koship patsha kamaldaryna shabuyl zhasaj bastajdy Birak olar pәlendej nәtizhege zhete almajdy zhasagan shabuyldyn sәtsizdiginen kejin Syrym sogys tәsilin ozgertip partizandyk әreketter zhasauga koshedi Shekaralyk bekinisterge sultandar men olardy koldaushylardyn auylyna tutkiyldan shabuyldap adamdaryn tutkynga alady 1797 zhyly koterilisshilerdin үlken bir toby Eralydan kejin han tagyna otyrgan Esimnin auylyna tutkiyldan shabuyl zhasap handy oltiredi Esim hannyn oltirilui Syrymga tilektes biler men starshyndardyn odan irge ashuyna sebepshi bolady Hiuaga ygysuEsimnin ornyna Ajshuak han sajlagannan kejin ol Esimnin kegin almak bolyp arnajy әsker zhasaktap Syrymga karsy attanady Sonynan indete kuyp maza bermegen patsha ekspediciyasynan ygysyp Syrym Hiua handygynyn zherine otip ketedi El arasyna atagy keninen taragan batyrdan kauiptengen Hiua hany onyn kozin zhoyudyn amalyn zhasajdy Akyry onyn esebin tauyp ulap oltiredi Bul zhoninde halyk auyzynda tүrli әngimeler ajtylady SiltemelerSyrym batyrdyn olimi eki gasyrdan beri ashylgan zhok Muragattalgan 5 nauryzdyn 2016 zhyly DerekkozderSayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8