Сары бидің өмірбаяны
Сары би, Нұрмұхамбет Мыңбайұлы (1812 — 1901) — әйгілі би, батыр. 13 жасында төбе билердің батасын алып, Сары би атанған. Аузы дуалы, әрі жұлдызшы адам ретінде халық арасында беделді болған. 1868 ж. Жызақ аймағында билік еткен Сары би Ресейге бағынудан бас тартып, қол астындағы халқымен қарақалпақтар арасына көшіп кеткен. Халық арасында Сары би айтты деген аңыз-әңгімелер көп.
Қазақ шежірелерінде Сары бидің шыққан тегі туралы қысқаша: Орта жүздік Қоңырат тайпасынан, Көктің ұлы Көтенші, одан Ботан - Оразгелді - Тиекті - Андағұл - Көкі одан Нұрмағамбеттің әкесі Мыңбай боп таралады. Мыңбай ауқатты, дастарқанды, кең пейілді, елге сыйлы, қадірлі кісі екен. Мыңбайдың Асан, Үсен, Нұрмахамбет, Нармахамбет деген төрт ұлы болыпты. Бәрі де шетінен енбекқор, шаруа әрі батыр, палуан боп ержеткен.
Он үш жасынан ел билігіне, дау-дамайға араласып, "Сары би" аталып кеткен Нұрмахамбеттен басқасы жігіт, бозбала кезінен қайтыс болып кеткен. Бүгінде олардан ұрпақ жоқ. Ал Нұрмахамбет болса тоқсанға келіп, ұзақ ғұмыр сүрген, өсіп-өнген, атақты, аруақты ата болған. Сары биден тараған үрім-бұтақтардың көпшілігі бүгінде Өзбекстанның ауылында, Хорезм облысында, Қазақстанның Жетісай төңірегінде және Қарақалпақстанның қала, қыстақтарында еңбек етеді.
Сары би туралы әңгіме
Сары би Атақорғаннан жеті шақырым жердегі Темірқазық жағында Сарыжалдағы құдық басында қоныстап отырған. Осында іздеп келіп, бір топ қария сауал беріпті деседі.
- -Би-аға, ел сізді қиыннан жол тапқыш, даулы жерде сөз тапқыш деп қадірлеп, құрметтейді. Біз де өзімізді толғандырған көп сауалдың үшеуін сұрап келдік, - депті қарияның бірі.
- -Үшеуіне де жауап берсеңіз данышпанның данышпаны деп ел]е даңқыңызды жаятын біз боламыз, - депті екіншісі.
Сонда Сары би:
- -Сөздеріңізге құлдық, қариялар. Сынай келдік десеңіздерші. Сындарыңызға жарасам, сауалдарыңызды қоя беріңіздер, - деп күліпті.
- -Дәсеуелгі сауал, адам неден қорықпауға тиіс? - деп сұрапты бірінші қария.
Сонда Сары би:
- -Адам - , тумақ бар жерде өлмек те бар. Алланың қарызынан ешкім қашып құтыла алмайды. Солай екенін біле тұра, адам - пенде өлімнен қорықпауға тиіс деп білемін. "Өлімнен ұят күшті" деген тағы бір сөз бар. Өлімнің өзінен гөрі, одан келмей жатып қорыққан ұят саналмақ, - деп жауап беріпті.
- -Бәлі! - депті қариялар. - Жаңа жауған қардан таза дүниеде не бар? Білсеңіз соны айтыңызшы?
Сонда Сары би:
- -Болғаннан болмаған нәрсе қызықты. Білгеннен білмеген тартымды. Көргеннен көрмеген ұнамды. Сондықтан жаңа жауған қардан таза нәрсе бар. Ол - әлі жаумаған қар, - депті.
Рас, рас. Жөн сөз, - десіпті қарттар.
- -Топырақтан жаралған, қам сүт емген пендеміз. Сөйте тура кейде Құдайымызды ұмытып кетіп жатамыз. Аллаға теңдік бермейміз. Адам баласы мен Құдайдың теңелер тұсы бар ма? Екі сұрақтан мүдірмедіңіз. Үшінші, соңғы сауал - осы.
Сонда Сары би:
- -Дүниеге шыр етіп келген баланың ана өзін туғанмен мінезін тумайды екен жақсылар. Сондықтан қанша адам болса, сонша мінез бар десек қателеспейміз. Құдайына құлшылық еткендер де, Құдайын ұмытқан да өз арамызда жүр. Адамды сынағанда сөзіне, ісіне қарап сынайды. Сөйлеген сөзіне, істеген ісіне қарап бағалайды.
Кейбіреудің сөзі көп, ісі жоқ. Біткеннен бітіремін деген уәдесі көп. Пендені Аллаға теңеу - күпірлік. Пенденің басы - Алланың добы. Соларды таразылай келе, өз жұмысын үндемей бітірген ниеті таза пенде Кұдайдың сүйікті құлы деуге аузым барады, - депті.
Сары бидің жауабына тәнті болтан, сонғы сауалы жөнсіздеу болған кісілер қонақ болып, тағы бір таң сұхбаттасып, риза болып тарасқан екен деседі.
Сары би туралы әңгіме
Сары би ел аралап, әр алуан кісілермен сұхбаттас болып, ел арасындағы жағдайлармен танысып, насихат сөздер айтып, кеңес беріп ел-жұртпен тығыз байланыста жүреді екен.
Ел аралап жүріп, бір үйге түсіп, ауыл кісілерімен әңгіме-дүкен құрып отырады. Сол түскен үйдің шолжаңдау үш-төрт жасар баласы еркелеп, болмашыға жылап, отырған кісілердің мазасын ала береді. Үйдің иесіне Сары би:
- -"Баланы - жастан, қатынды - бастан" деген бұрынғылардың сөзі бар. Баланы бұлай еркіне жіберіп еркелетуге болмайды. Сендердің еркелеткендеріңнен ештеңе шықпайды, оны Кұдай еркелетсе ерке болады, - дейді әбден дегбірі кеткендіктен. - Кейбіреулер баланы шолжаңдатып, ақымақ етіп өсіреді, еркеліктің мәнісіне, байыбына бармайды. Сөйтіп санын соғып қалады.
Сендерге мұны мен айтайын, "Кұдай ерке қылса ерке болады" деген сөз, ертең бала өсіп, жігіт ағасы болғанда жолдас-жоралары, ағайын-туыстары еркелетсе, әсіресе қартайып аузынан тісің, беліңнен күшің кеткенде, балаларың, немерелерің, туыстарың еркелетіп бағып-қақса, бұл Құдайдың еркелеткені болады дегенде қасындағы отырған кісілер:
- -Биеке, рас айтасыз, пендешілікпен көп нәрсенің парқына бара бермейміз, бұл айтқаныңыз бізге де, келешек ұрпаққа да өнеге болмақ, - деп бәрі қоштау білдіріпті. Сары би сонда тағы да сөзін жалғап:
- -Ата-ана лажы болса, балаға қаталдау болып, бағыт-бағдар беріп тіршілікке ертерек баулыған жөн. Өмірдің қиындығын татып өспеген бала, өскенде қиыншылыққа көбірек ұшырайды, - деген екен.
Сары би туралы әңгіме
Сары би жол жүріп келе жатып намаз уақыты болған соң, құм арасында отырған үйге бұрылып, атын керме ағашка байлап, үйге кіреді. Үйде жап-жас келішектен басқа ешкім жоқ екен, келіншек шамасы жаңа түскен болса керек. "Балам, дәрет су жылытып бере қойшы", - дейді Сары би. Келіншек суды дайындап берген соң, сыртқа шығып, дәретін алып, үйге кіріп намазын оқуға кіріседі. Келіншек үлкен кісі шай ішіп кетсін деген болу керек, даладан жалпылдақ отынды үйге кіргізіп, босағаға тарс еткізіп тастайды да, үй ортасындағы ошаққа от жатып, қара құманға су құйып, отқа қояды. Намазын бітіріп, тәспісін аударып отырған би босағаға қараса, кебісі әлгінде жас келін әкелген отынның астында қалыпты. Сары би кебісін киіп тұрып, жас келіншекті қамшымен тартып жібереді. Таяқ жеген келіншек бетін басқан бойда қыр астындағы құдықтан су тартып, мал суарып жүрген ата-енесіне, күйеуіне барып, болған жайды айтады. Құдық басындағы қайын атасы үйге баса көктеп кірмей, туырлықтың жапсарынан үйге көз жіберсе, төрде отырған кісі - Сары би екен. Үйге кіріп, сәлем беріп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін: "Биеке, келінді қапа қылыпсыз", - дегенде, Сары би: "Келінің келешекте тазалыққа әдептілікке, көргендікке үйір, арам-адалдың ара-жігін ажырата білетін адам болып өсуіне алғашқы тәрбие сабағы болсын деп нұқыдым, келін жаман екен, жастың есінен жас кездегі болған окиғалар шықпай қалады. Намаз оқып отырғанымда даладан отын әкеліп дүрс еткізіп тастай салды, онымен қоймай, үйге келген кісінің кебісін бастыра тастапты. Бұл бір балалығы, шалалығы десек те, "әйелді бастан" деген сөз тағы бар ғой, есінде жүрсін дедім, айыпқа бұйырмаңыз, отағасы, — деген екен.
Сары бидің қамшысы тиген келіншек Молдабайдың (ағайын Келдібектің әкесі) шешесі екен. Келдібек ақсақал бұл әңгімені көзі тірісінде айтып отыратын. Оның ұрпақтары Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызылқұм" кеңшарында тұрады.
Сары би туралы әңгіме
Сары бидің жасы келіп, қартайып қалған шағы екен. Ел болғасын әр түрлі жағдайлар, ағайын арасының да дау-жанжалы өршімей тұрмайды. Сондай жағдай тектілердің арасында болып, Сары биге төрелікке барғанда, бидің айтканы:
- Тоқсанға келген жасымда,
- Ақ қырау шалды басымды.
- Жүгінуге жақсылар,
- Келіпсіңдер қартыңа.
- Жас шағымнан би болып,
- Пайдам тиді халқыма.
- Жаман іске бармадым,
- Келіспейтін салтыма.
- Төрелік қыл деп қинама,
- Сөзімнің барғын парқына.
- Өлгенше билік қылған деп,
- Сөз қалмасын артымда.
- Наразы болмай қайтыңдар,
- Басымды ием жалпыңа,
- - деп біраз ойланып отырып:
- Айтқаныма көнсеңдер,
- Ел бірлігін сақтаңдар.
- Әзәзілдік сөзге еріп,
- Бір-біріңді сатпаңдар.
- Мұражат қылып орысқа,
- Шығынға бекер батпаңдар.
- Түсінсең мезгіл болғандай,
- Достасып бірге аттанар,
- деген екі жағы бір-біріне қарап келісімге келген деседі.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sary bidin omirbayanySary bi Nurmuhambet Mynbajuly 1812 1901 әjgili bi batyr 13 zhasynda tobe bilerdin batasyn alyp Sary bi atangan Auzy dualy әri zhuldyzshy adam retinde halyk arasynda bedeldi bolgan 1868 zh Zhyzak ajmagynda bilik etken Sary bi Resejge bagynudan bas tartyp kol astyndagy halkymen karakalpaktar arasyna koship ketken Halyk arasynda Sary bi ajtty degen anyz әngimeler kop Қazak shezhirelerinde Sary bidin shykkan tegi turaly kyskasha Orta zhүzdik Қonyrat tajpasynan Koktin uly Kotenshi odan Botan Orazgeldi Tiekti Andagul Koki odan Nurmagambettin әkesi Mynbaj bop taralady Mynbaj aukatty dastarkandy ken pejildi elge syjly kadirli kisi eken Mynbajdyn Asan Үsen Nurmahambet Narmahambet degen tort uly bolypty Bәri de shetinen enbekkor sharua әri batyr paluan bop erzhetken On үsh zhasynan el biligine dau damajga aralasyp Sary bi atalyp ketken Nurmahambetten baskasy zhigit bozbala kezinen kajtys bolyp ketken Bүginde olardan urpak zhok Al Nurmahambet bolsa toksanga kelip uzak gumyr sүrgen osip ongen atakty aruakty ata bolgan Sary biden taragan үrim butaktardyn kopshiligi bүginde Өzbekstannyn auylynda Horezm oblysynda Қazakstannyn Zhetisaj tonireginde zhәne Қarakalpakstannyn kala kystaktarynda enbek etedi Sary bi turaly әngime Sary bi Atakorgannan zheti shakyrym zherdegi Temirkazyk zhagynda Saryzhaldagy kudyk basynda konystap otyrgan Osynda izdep kelip bir top kariya saual beripti desedi Bi aga el sizdi kiynnan zhol tapkysh dauly zherde soz tapkysh dep kadirlep kurmettejdi Biz de ozimizdi tolgandyrgan kop saualdyn үsheuin surap keldik depti kariyanyn biri Үsheuine de zhauap berseniz danyshpannyn danyshpany dep el e dankynyzdy zhayatyn biz bolamyz depti ekinshisi Sonda Sary bi Sozderinizge kuldyk kariyalar Synaj keldik desenizdershi Syndarynyzga zharasam saualdarynyzdy koya berinizder dep kүlipti Dәseuelgi saual adam neden korykpauga tiis dep surapty birinshi kariya Sonda Sary bi Adam tumak bar zherde olmek te bar Allanyn karyzynan eshkim kashyp kutyla almajdy Solaj ekenin bile tura adam pende olimnen korykpauga tiis dep bilemin Өlimnen uyat kүshti degen tagy bir soz bar Өlimnin ozinen gori odan kelmej zhatyp korykkan uyat sanalmak dep zhauap beripti Bәli depti kariyalar Zhana zhaugan kardan taza dүniede ne bar Bilseniz sony ajtynyzshy Sonda Sary bi Bolgannan bolmagan nәrse kyzykty Bilgennen bilmegen tartymdy Korgennen kormegen unamdy Sondyktan zhana zhaugan kardan taza nәrse bar Ol әli zhaumagan kar depti Ras ras Zhon soz desipti karttar Topyraktan zharalgan kam sүt emgen pendemiz Sojte tura kejde Қudajymyzdy umytyp ketip zhatamyz Allaga tendik bermejmiz Adam balasy men Қudajdyn teneler tusy bar ma Eki suraktan mүdirmediniz Үshinshi songy saual osy Sonda Sary bi Dүniege shyr etip kelgen balanyn ana ozin tuganmen minezin tumajdy eken zhaksylar Sondyktan kansha adam bolsa sonsha minez bar desek katelespejmiz Қudajyna kulshylyk etkender de Қudajyn umytkan da oz aramyzda zhүr Adamdy synaganda sozine isine karap synajdy Sojlegen sozine istegen isine karap bagalajdy Kejbireudin sozi kop isi zhok Bitkennen bitiremin degen uәdesi kop Pendeni Allaga teneu kүpirlik Pendenin basy Allanyn doby Solardy tarazylaj kele oz zhumysyn үndemej bitirgen nieti taza pende Kudajdyn sүjikti kuly deuge auzym barady depti Sary bidin zhauabyna tәnti boltan songy saualy zhonsizdeu bolgan kisiler konak bolyp tagy bir tan suhbattasyp riza bolyp taraskan eken desedi Sary bi turaly әngime Sary bi el aralap әr aluan kisilermen suhbattas bolyp el arasyndagy zhagdajlarmen tanysyp nasihat sozder ajtyp kenes berip el zhurtpen tygyz bajlanysta zhүredi eken El aralap zhүrip bir үjge tүsip auyl kisilerimen әngime dүken kuryp otyrady Sol tүsken үjdin sholzhandau үsh tort zhasar balasy erkelep bolmashyga zhylap otyrgan kisilerdin mazasyn ala beredi Үjdin iesine Sary bi Balany zhastan katyndy bastan degen buryngylardyn sozi bar Balany bulaj erkine zhiberip erkeletuge bolmajdy Senderdin erkeletkenderinnen eshtene shykpajdy ony Kudaj erkeletse erke bolady dejdi әbden degbiri ketkendikten Kejbireuler balany sholzhandatyp akymak etip osiredi erkeliktin mәnisine bajybyna barmajdy Sojtip sanyn sogyp kalady Senderge muny men ajtajyn Kudaj erke kylsa erke bolady degen soz erten bala osip zhigit agasy bolganda zholdas zhoralary agajyn tuystary erkeletse әsirese kartajyp auzynan tisin belinnen kүshin ketkende balalaryn nemerelerin tuystaryn erkeletip bagyp kaksa bul Қudajdyn erkeletkeni bolady degende kasyndagy otyrgan kisiler Bieke ras ajtasyz pendeshilikpen kop nәrsenin parkyna bara bermejmiz bul ajtkanynyz bizge de keleshek urpakka da onege bolmak dep bәri koshtau bildiripti Sary bi sonda tagy da sozin zhalgap Ata ana lazhy bolsa balaga kataldau bolyp bagyt bagdar berip tirshilikke erterek baulygan zhon Өmirdin kiyndygyn tatyp ospegen bala oskende kiynshylykka kobirek ushyrajdy degen eken Sary bi turaly әngime Sary bi zhol zhүrip kele zhatyp namaz uakyty bolgan son kum arasynda otyrgan үjge burylyp atyn kerme agashka bajlap үjge kiredi Үjde zhap zhas kelishekten baska eshkim zhok eken kelinshek shamasy zhana tүsken bolsa kerek Balam dәret su zhylytyp bere kojshy dejdi Sary bi Kelinshek sudy dajyndap bergen son syrtka shygyp dәretin alyp үjge kirip namazyn okuga kirisedi Kelinshek үlken kisi shaj iship ketsin degen bolu kerek daladan zhalpyldak otyndy үjge kirgizip bosagaga tars etkizip tastajdy da үj ortasyndagy oshakka ot zhatyp kara kumanga su kujyp otka koyady Namazyn bitirip tәspisin audaryp otyrgan bi bosagaga karasa kebisi әlginde zhas kelin әkelgen otynnyn astynda kalypty Sary bi kebisin kiip turyp zhas kelinshekti kamshymen tartyp zhiberedi Tayak zhegen kelinshek betin baskan bojda kyr astyndagy kudyktan su tartyp mal suaryp zhүrgen ata enesine kүjeuine baryp bolgan zhajdy ajtady Қudyk basyndagy kajyn atasy үjge basa koktep kirmej tuyrlyktyn zhapsarynan үjge koz zhiberse torde otyrgan kisi Sary bi eken Үjge kirip sәlem berip amandyk saulyk suraskannan kejin Bieke kelindi kapa kylypsyz degende Sary bi Kelinin keleshekte tazalykka әdeptilikke korgendikke үjir aram adaldyn ara zhigin azhyrata biletin adam bolyp osuine algashky tәrbie sabagy bolsyn dep nukydym kelin zhaman eken zhastyn esinen zhas kezdegi bolgan okigalar shykpaj kalady Namaz okyp otyrganymda daladan otyn әkelip dүrs etkizip tastaj saldy onymen kojmaj үjge kelgen kisinin kebisin bastyra tastapty Bul bir balalygy shalalygy desek te әjeldi bastan degen soz tagy bar goj esinde zhүrsin dedim ajypka bujyrmanyz otagasy degen eken Sary bidin kamshysy tigen kelinshek Moldabajdyn agajyn Keldibektin әkesi sheshesi eken Keldibek aksakal bul әngimeni kozi tirisinde ajtyp otyratyn Onyn urpaktary Ontүstik Қazakstan oblysynda Қyzylkum kensharynda turady Sary bi turaly әngime Sary bidin zhasy kelip kartajyp kalgan shagy eken El bolgasyn әr tүrli zhagdajlar agajyn arasynyn da dau zhanzhaly orshimej turmajdy Sondaj zhagdaj tektilerdin arasynda bolyp Sary bige torelikke barganda bidin ajtkany Toksanga kelgen zhasymda Ak kyrau shaldy basymdy Zhүginuge zhaksylar Kelipsinder kartyna Zhas shagymnan bi bolyp Pajdam tidi halkyma Zhaman iske barmadym Kelispejtin saltyma Torelik kyl dep kinama Sozimnin bargyn parkyna Өlgenshe bilik kylgan dep Soz kalmasyn artymda Narazy bolmaj kajtyndar Basymdy iem zhalpyna dep biraz ojlanyp otyryp Ajtkanyma konsender El birligin saktandar Әzәzildik sozge erip Bir birindi satpandar Murazhat kylyp oryska Shygynga beker batpandar Tүsinsen mezgil bolgandaj Dostasyp birge attanar dd degen eki zhagy bir birine karap kelisimge kelgen desedi SiltemelerBatyrDerekkozderҚazak enciklopediyasy 7 tom Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet