Садық Аюкеұлы Аманжолов - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер.
Садық Аюкеұлы Аманжолов | |||
| |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
шілде 1917 — 1920 | |||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | Алаш | ||
Білімі | Қазан император университеті | ||
Мамандығы | заңгер | ||
Діні | ислам | ||
Дүниеге келуі | 28 тамыз 1889 Жетісу облысы, Верный уезі, (қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылы) | ||
Қайтыс болуы | 5 желтоқсан 1941 (52 жас) Ташкент, Өзбек КСР | ||
Әкесі | Аюке | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Балалық-шағы
1889 жылы 28 тамызда Жетісу облысы, Верный уезі, Бақай болысында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауқатты отбасында туған. Ұлы жүздің Қаңлы тайпасы Еңке руынан шыққан. Балалық шағы туған ауылында өтеді.
Арманшыл әке Аюке баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен істерге дайындап, кесек мінез қалыптастыруына себепші болады.
Садық білімге құштар болып өседі. Әкесі оны 1898 жылы Верныйдағы (Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті 1907 жылы бітірген екен. Бірақ өзінің алған білімін қанағат тұтпайды. Еліне адал қызмет ету үшін әлі де көп білім керек еді. Осыны жақсы түсінген ол Қазандағы император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университеттен өзіне керекті мол білім алады. 1912 жылы университетті тамамдап, елге оралады. Алғашында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Садық Аюкеұлы 1917 жылға дейін Жетісу облысының (Аягөз, Үржар) заң орындарында қызмет атқарады. Бұл жұмысты ол тындырымды да әділ атқарады.
Алашорда үкіметінің мүшелігінде
1917 жылы Садық Үржар уезінде қазақ комитетінің төрағасы болады. Садықтың ұлт үшін күрескен өмірінде бұл кездің орны бөлек еді. Осы жұмыста жүріп ол Алаш зиялыларымен жақын танысып, ойы ұшталып, кемелдік түседі.
1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда бірінші жалпықазақ съезі өткенде, сол съезге Садық та қатысады. Съезге жиналған қазақ зиялыларының ұйғаруымен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланады. Бұл бірінші жалпықазақ съезіне жиналған қазақ көсемдерінің Садықтың білімі мен біліктілігін бағалап, Бүкілресейлік құрылтайда қазақ халқының мүддесін қорғай алатынына сенгендігі еді. Бүкілресейлік съезде Садықтың өз ұстанымын, ұлтының аманатын қалай қорғағаны туралы дерек жоқ. Съезден кейінгі атқарған жұмыстарына қарағанда Алаш көсемдерінің күткен жерінен шыққаны анық. Садық Бүкілресейлік съезден кейін «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құру ісіне араласып, мәнді әрі ауыр міндетті мойнына алады. Жетісу өңірінде Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне Садық Аюкеұлы бір кісідей тер төкті.
1918 жылғы Екінші жалпықазақ сиезінде Садық Ұлт Кеңесіне мүше болып сайланды. Бұл мәртебелі орын халықшыл азаматтың сенімін бекемдеп, белсенді де пәрменді қызмет істеуіне түрткі болғаны айтпасақ та түсінікті. Садық сол жылғы Жетісуда Алашорда жасақтарын құру ісінде ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түссе керек. Кейін Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын құруға жетекшілік етеді. Алашорда көсемдерінің бәрі де өздері үлгі көрсете алатын, жан-жақты жетілген кемел азаматтар еді. Бұл қасиетті Садықтан да көреміз. Ол кезінде әділ заңгер, талантты ұйымдастырушы, білікті басшы болды. Алаш әскері қатарында қолына қару алып, майданға шықты. Кеңес әскерлерімен болған шайқаста ауыр жарақат алған.
Кеңес үкіметі кезінде
Алашорда үкіметі таратылғаннан кейін кеңес үкіметі алашордашыларға біраз уақыт еркіндік бергені белгілі. Сол тұстарда (1923-1930 жылдары) Садық Аюкеұлы Аманжолов Қазақ автономиялык социалистік кеңестік республикасы заң халық комиссариатында қызмет атқарады. Жасынан әлеуметтік қызметпен шұғылданған, кәсіби маман Садықтың бұл жұмысты аса тыңғылықты атқарғанында дау жоқ. Алайда елшілдік бағыт ұстанып, туған халқының азаттығы үшін күрескен азаматтың кеңестік дәуірде қайдан жолы болсын, 1930 жылдардың зобалаңы басталғанда оның да тағдыры тәлкекке түседі. Садық Аюкеұлы Қазақстаннан қуғындалады. Басында жан сауғалап Мәскеуге барады. Алайда Ресей астанасы ұзақ мекен бола алмайтынын түсініп, Бішкекке, одан Ташкентке кетеді. Ол жақта қалай өмір өткізгені туралы нақты дерек аз.
1941 жылы 5 желтоқсанда Ташкентте қайтыс болған. Ұзын да, қысқа да емес, қиындығы мен қызығы бірдей, арманға толы 56 жыл өмір сүріпті. Осы өмірінің ішінде қазақ халқы үшін оның ұлттық мемлекеті - Алашорда үкіметі үшін бір кісідей үлес қосып, елеулі еңбек етеді.
Дереккөздер
- http://almaty-akshamy.kz/alash-ajratkeri-nemese-almaty-da-tuy-p/ Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2020 жылы.
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаңлы — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2008. — Т. 12. — 430 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-22-7.
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sadyk Ayukeuly Amanzholov Alash ziyalysy kүresker kajratker Alashorda үki me ti nin mүshesi zanger Sadyk Ayukeuly AmanzholovLauazymyTu Alashorda үkimetinin mүshesishilde 1917 1920ӨmirbayanyPartiyasyAlashBilimiҚazan imperator universitetiMamandygyzangerDini islamDүniege kelui 28 tamyz 1889 1889 08 28 Zhetisu oblysy Vernyj uezi kazirgi Almaty oblysy Shelek audany Қaraturyk auyly Қajtys boluy 5 zheltoksan 1941 1941 12 05 52 zhas Tashkent Өzbek KSRӘkesi Ayukeondeu ӨmirbayanyBalalyk shagy 1889 zhyly 28 tamyzda Zhetisu oblysy Vernyj uezi Bakaj bo lysynda kazirgi Enbekshikazak audany aukatty otbasynda tugan Ұly zhүzdin Қanly tajpasy Enke ruynan shykkan Balalyk shagy tugan auylynda otedi Armanshyl әke Ayuke balasynan үlken үmit kүtse kerek ony zhastajynan үlken isterge dajyndap kesek minez kalyptastyruyna sebepshi bolady Sadyk bilimge kushtar bolyp osedi Әkesi ony 1898 zhyly Vernyjdagy Almaty uldar gimnaziyasyna okuga beredi Ol mektepti 1907 zhyly bitirgen eken Birak ozinin algan bilimin kanagat tutpajdy Eline adal kyzmet etu үshin әli de kop bilim kerek edi Osyny zhaksy tүsingen ol Қazandagy imperator universitetinin zan fakultetine okuga tүsedi Universitetten ozine kerekti mol bilim alady 1912 zhyly universitetti tamamdap elge oralady Algashynda oz mamandygy bojynsha zhumys istejdi Sadyk Ayukeuly 1917 zhylga dejin Zhetisu oblysynyn Ayagoz Үrzhar zan oryndarynda kyzmet atkarady Bul zhumysty ol tyndyrymdy da әdil atkarady Alashorda үkimetinin mүsheliginde 1917 zhyly Sadyk Үrzhar uezinde kazak komitetinin toragasy bolady Sadyktyn ult үshin kүresken omirinde bul kezdin orny bolek edi Osy zhumysta zhүrip ol Alash ziyalylarymen zhakyn tanysyp ojy ushtalyp kemeldik tүsedi 1917 zhyly 21 26 shilde aralygynda Orynborda birinshi zhalpykazak sezi otkende sol sezge Sadyk ta katysady Sezge zhinalgan kazak ziyalylarynyn ujgaruymen Bүkilresejlik kuryltaj zhinalysyna deputat bolyp sajlanady Bul birinshi zhalpykazak sezine zhinalgan kazak kosemderinin Sadyktyn bilimi men biliktiligin bagalap Bүkilresejlik kuryltajda kazak halkynyn mүddesin korgaj alatynyna sengendigi edi Bүkilresejlik sezde Sadyktyn oz ustanymyn ultynyn amanatyn kalaj korgagany turaly derek zhok Sezden kejingi atkargan zhumystaryna karaganda Alash kosemderinin kүtken zherinen shykkany anyk Sadyk Bүkilresejlik sezden kejin Alash partiyasynyn zhergilikti ujymdaryn kuru isine aralasyp mәndi әri auyr mindetti mojnyna alady Zhetisu onirinde Alash ujymdarynyn kuryluy men onyn kyzmetinin tyngylykty zhүruine Sadyk Ayukeuly bir kisidej ter tokti 1918 zhylgy Ekinshi zhalpykazak siezinde Sadyk Ұlt Kenesine mүshe bolyp sajlandy Bul mәrtebeli oryn halykshyl azamattyn senimin bekemdep belsendi de pәrmendi kyzmet isteuine tүrtki bolgany ajtpasak ta tүsinikti Sadyk sol zhylgy Zhetisuda Alashorda zhasaktaryn kuru isinde ujymdastyrushylyk kabiletimen kozge tүsse kerek Kejin Shynzhannyn Shәueshek kalasynda Alashorda zhasaktaryn kuruga zhetekshilik etedi Alashorda kosemderinin bәri de ozderi үlgi korsete alatyn zhan zhakty zhetilgen kemel azamattar edi Bul kasietti Sadyktan da koremiz Ol kezinde әdil zanger talantty ujymdastyrushy bilikti basshy boldy Alash әskeri katarynda kolyna karu alyp majdanga shykty Kenes әskerlerimen bolgan shajkasta auyr zharakat algan Kenes үkimeti kezinde Alashorda үkimeti taratylgannan kejin kenes үkimeti alashordashylarga biraz uakyt erkindik bergeni belgili Sol tustarda 1923 1930 zhyldary Sadyk Ayukeuly Amanzholov Қazak avtonomiyalyk socialistik kenestik respublikasy zan halyk komissariatynda kyzmet atkarady Zhasynan әleumettik kyzmetpen shugyldangan kәsibi maman Sadyktyn bul zhumysty asa tyngylykty atkarganynda dau zhok Alajda elshildik bagyt ustanyp tugan halkynyn azattygy үshin kүresken azamattyn kenestik dәuirde kajdan zholy bolsyn 1930 zhyldardyn zobalany bastalganda onyn da tagdyry tәlkekke tүsedi Sadyk Ayukeuly Қazakstannan kugyndalady Basynda zhan saugalap Mәskeuge barady Alajda Resej astanasy uzak meken bola almajtynyn tүsinip Bishkekke odan Tashkentke ketedi Ol zhakta kalaj omir otkizgeni turaly nakty derek az 1941 zhyly 5 zheltoksanda Tashkentte kajtys bolgan Ұzyn da kyska da emes kiyndygy men kyzygy birdej armanga toly 56 zhyl omir sүripti Osy omirinin ishinde kazak halky үshin onyn ulttyk memleketi Alashorda үkimeti үshin bir kisidej үles kosyp eleuli enbek etedi Derekkozderhttp almaty akshamy kz alash ajratkeri nemese almaty da tuy p Muragattalgan 28 kyrkүjektin 2020 zhyly H M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Қanly Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2008 T 12 430 b 1000 taralym ISBN 9965 765 22 7 Muhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8 Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet