Науырзым ауданы — Қостанай облысының орталық бөлігінен оңтүстікке қарай орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1964 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 18,3 мың км². Орталығы — Қарамеңді ауылы, Қостанайға дейінгі арақашықтығы — 198 км. Аудан аумағында ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміндегі №1102 нысан саналатын Наурызым қорығы орналасқан.
Қазақстан ауданы | |||
Науырзым ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 8 | ||
Ауыл саны | 11 | ||
Әкімі | Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, №1 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 51°16′48″ с. е. 63°58′12″ ш. б. / 51.28000° с. е. 63.97000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°16′48″ с. е. 63°58′12″ ш. б. / 51.28000° с. е. 63.97000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1964 жыл | ||
Жер аумағы | 15,2 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 9 193 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (72,31%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды | 10 | ||
Науырзым ауданының әкімдігі | |||
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Әулиекөл, батысында Қамысты, оңтүстігінде Амангелді, Жангелдин аудандарымен, шығысында Қарасу және Ақмола облысының Жарқайың ауданымен шектеседі.
Жер бедері
Науырзым ауданы Торғай үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Жерінің оңтүстік жағында өзен аңғарларымен бөлінген, беттері негізінен тегіс Қызбелтау, Қарғалы таулары мен Қыземшек шоқысы орналасқан. Ең биік жері Қарғалы тауында (308 м). Жер қойнауында Панфилов қоңыр көмір кені, Шошқалы құм-қиыршықтас кені, отқа төзімді балшық, Шолақсай кен орны, Қарасу құм кендері бар. Науырзым ауданы жер беті суларына біршама бай. Өзендер жүйесі Үлкен Дәмді, , , солтүстігінде Данабике өзендері мен олардың көптеген сай-салаларынан тұрады. Көлдерінің көпшілігі тұзды сулы.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Науырзым ауданы құрғақ дала белдемінде орналасқан, климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы — -18–-19°С. Өте суық қыста температура Ақсуат кені төңірегінде -46°С-қа дейін төмендеген. Жазы ыстық. Шілденің орташа температурасы — 22°С. Жаз тым ыстық жылдары ауа температурасы 40°С-қа дейін жетеді. Климаттың құрғақ болуына байланысты жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200–250 мм-ден аспайды. Оның 70–75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жер қыртысы түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақтан тұрады. Торғай және қолаттарының табанында сортаң және шақатты қызғылт-қоңыр топырақ тараған. Ауданның солтүстігінде бетеге мен селеуі басым әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен. Наурызым қорығы алқабында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы орман, Торғай қолатының және Қаражылға мен Науырзым Қарасуы өзендерінің бойы бұйырғын аралас қара жусан мен көкпектен және әр түрлі шөп аралас бидайық пен қияқ шөптерден тұрады. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, саршұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, ормандарда тиін, тұяқтылардан елік, қабан, құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, дуадақ, шіл, ақ және қара құрлар, өзен-көлдерде аққу, қаз, үйрек, тырна, қызғыш, жылқышы, т.б. мекендейді.
Халқы
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
18469 | ▲23478 | ▲30323 | ▼17914 | ▼13180 | ▼10126 |
Ауданда халық сирек қоныстанған және түгелдей ауылдық жерде тұрады. Тұрғындар саны – 10 766 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 71,87%, орыстар – 14,82%, украиндар – 5,49%, әзербайжандар – 2,35%, татарлар – 1,64%, беларустар – 1,22%, немістер – 0,93%, башқұрттар – 0,46%, басқа ұлт өкілдері – 1,24%.
Әкімшілік бөлінісі
11 елді мекен 4 ауылдық әкімдік пен 4 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Буревестник ауылдық әкімдігі | Буревестник ауылы | 1 | ▼876 |
Дәмді ауылдық округі | Дәмді ауылы | 3 | ▼788 |
Қарамеңді ауылдық округі | Қарамеңді ауылы | 2 | ▼4236 |
Қожа ауылдық әкімдігі | Қожа ауылы | 1 | ▼726 |
Өлеңді ауылдық әкімдігі | Өлеңді ауылы | 1 | ▼638 |
Раздольный ауылдық округі | Раздольное ауылы | 1 | ▼681 |
Шилі ауылдық округі | Шилі ауылы | 1 | ▼599 |
Шолақсай ауылдық әкімдігі | Шолақсай ауылы | 1 | ▼968 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Қарамеңді | ▼4188 |
Шолақсай | ▼968 |
Буревестник | ▼876 |
Қожа | ▼726 |
Раздольное | ▼681 |
Өлеңді | ▼637 |
Шилі | ▼599 |
Дәмді | ▼502 |
Шаруашылығы
Ауданында негізінен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Мұнда ауыл шарушылығына жарамды жердің жалпы аумағы 1129,8 мың га, оның 187,0 мың га-сы — егістік, 53,7 мың га-сы — шабындық, 889,1 мың га-сы — жайылым. Ауданда 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде таратылған бұрынғы кеңшарлардың, т.б. шаруашылықтардың негізінде жаңа типтегі көптеген ауыл шарушылық бірлестіктері құрылды. Науырзым ауданы негізінен астық және мал өсірумен айналысады. 2003 жылы мұндағы егістіктің аумағы 170,1 мың га-ға жетті. Мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен Науырызым ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 мәдениет үйі, 9 клуб, 11 кітапхана, аудандық аурухана мен емхана, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәріхана жұмыс істейді.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Nauyrzym audany Қostanaj oblysynyn ortalyk boliginen ontүstikke karaj ornalaskan әkimshilik bolik Audan 1964 zhyly kurylgan Zherinin aumagy 18 3 myn km Ortalygy Қaramendi auyly Қostanajga dejingi arakashyktygy 198 km Audan aumagynda YuNESKO әlemdik mura tizimindegi 1102 nysan sanalatyn Nauryzym korygy ornalaskan Қazakstan audanyNauyrzym audanyEltanbasyӘkimshiligiOblysyҚostanaj oblysyAudan ortalygyҚaramendiAuyldyk okrugter sany8Auyl sany11ӘkimiMәdi Өmirzakuly IhtilyapovAudan әkimdiginin mekenzhajyҚaramendi auyly Shakshak Zhәnibek koshesi 1Tarihy men geografiyasyKoordinattary51 16 48 s e 63 58 12 sh b 51 28000 s e 63 97000 sh b 51 28000 63 97000 G O Ya Koordinattar 51 16 48 s e 63 58 12 sh b 51 28000 s e 63 97000 sh b 51 28000 63 97000 G O Ya Қurylgan uakyty1964 zhylZher aumagy15 2 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny9 193 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 72 31 orystar 14 99 ukraindar 5 16 әzerbajzhandar 2 28 tatarlar 1 59 belarustar 1 22 nemister 0 88 baskalary 1 57 Sandyk identifikatorlaryAvtomobil kody10Nauyrzym audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornySoltүstiginde Әuliekol batysynda Қamysty ontүstiginde Amangeldi Zhangeldin audandarymen shygysynda Қarasu zhәne Akmola oblysynyn Zharkajyn audanymen shektesedi Zher bederiNauyrzym audany Torgaj үstirtinin soltүstik zhagynda ornalaskan Zher bederi edәuir kүrdeli Shygys zhagyndagy Torgaj Үstirtinin ortalyk boligi audandy bojlyk bagytta bolip zhatyr Zherinin ontүstik zhagynda ozen angarlarymen bolingen betteri negizinen tegis Қyzbeltau Қargaly taulary men Қyzemshek shokysy ornalaskan En biik zheri Қargaly tauynda 308 m Zher kojnauynda Panfilov konyr komir keni Shoshkaly kum kiyrshyktas keni otka tozimdi balshyk Sholaksaj ken orny Қarasu kum kenderi bar Nauyrzym audany zher beti sularyna birshama baj Өzender zhүjesi Үlken Dәmdi soltүstiginde Danabike ozenderi men olardyn koptegen saj salalarynan turady Kolderinin kopshiligi tuzdy suly Klimaty osimdigi men zhanuarlar dүniesiNauyrzym audany kurgak dala beldeminde ornalaskan klimaty shugyl kontinenttik Қantardyn zhyldyk ortasha aua temperaturasy 18 19 S Өte suyk kysta temperatura Aksuat keni tonireginde 46 S ka dejin tomendegen Zhazy ystyk Shildenin ortasha temperaturasy 22 S Zhaz tym ystyk zhyldary aua temperaturasy 40 S ka dejin zhetedi Klimattyn kurgak boluyna bajlanysty zhyldyk zhauyn shashynnyn ortasha molsheri 200 250 mm den aspajdy Onyn 70 75 y zhyldyn zhyly mezgilinde zhauady Zhelsiz tymyk kүnder az Sogatyn zhelderdin zhyldyk ortasha zhyldamdygy 4 5 5 m s shamasynda Zher kyrtysy tүgeldej derlik kyzgylt konyr topyraktan turady Torgaj zhәne kolattarynyn tabanynda sortan zhәne shakatty kyzgylt konyr topyrak taragan Audannyn soltүstiginde betege men seleui basym әr tүrli astyk tukymdas shop osken Nauryzym korygy alkabynda karagajly kajyndy karagajly orman Torgaj kolatynyn zhәne Қarazhylga men Nauyrzym Қarasuy ozenderinin bojy bujyrgyn aralas kara zhusan men kokpekten zhәne әr tүrli shop aralas bidajyk pen kiyak shopterden turady Zhanuarlardan kaskyr tүlki karsak koyan sarshunak suyr kosayak alaman ormandarda tiin tuyaktylardan elik kaban kustardan bүrkit kezkujryk kүjkentaj duadak shil ak zhәne kara kurlar ozen kolderde akku kaz үjrek tyrna kyzgysh zhylkyshy t b mekendejdi Halky1970 1979 1989 1999 2009 2021 18469 23478 30323 17914 13180 10126 Audanda halyk sirek konystangan zhәne tүgeldej auyldyk zherde turady Turgyndar sany 10 766 adam 2019 Ұlttyk kuramy kazaktar 71 87 orystar 14 82 ukraindar 5 49 әzerbajzhandar 2 35 tatarlar 1 64 belarustar 1 22 nemister 0 93 bashkurttar 0 46 baska ult okilderi 1 24 Әkimshilik bolinisi11 eldi meken 4 auyldyk әkimdik pen 4 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Burevestnik auyldyk әkimdigi Burevestnik auyly 1 876Dәmdi auyldyk okrugi Dәmdi auyly 3 788Қaramendi auyldyk okrugi Қaramendi auyly 2 4236Қozha auyldyk әkimdigi Қozha auyly 1 726Өlendi auyldyk әkimdigi Өlendi auyly 1 638Razdolnyj auyldyk okrugi Razdolnoe auyly 1 681Shili auyldyk okrugi Shili auyly 1 599Sholaksaj auyldyk әkimdigi Sholaksaj auyly 1 968Iri eldi mekenderiAtauy Halky 2021 Қaramendi 4188Sholaksaj 968Burevestnik 876Қozha 726Razdolnoe 681Өlendi 637Shili 599Dәmdi 502SharuashylygyAudanynda negizinen auyl sharuashylygy zhaksy damygan Munda auyl sharushylygyna zharamdy zherdin zhalpy aumagy 1129 8 myn ga onyn 187 0 myn ga sy egistik 53 7 myn ga sy shabyndyk 889 1 myn ga sy zhajylym Audanda 20 gasyrdyn 90 zhyldarynyn orta kezinde taratylgan buryngy kensharlardyn t b sharuashylyktardyn negizinde zhana tiptegi koptegen auyl sharushylyk birlestikteri kuryldy Nauyrzym audany negizinen astyk zhәne mal osirumen ajnalysady 2003 zhyly mundagy egistiktin aumagy 170 1 myn ga ga zhetti Mәdeniet bilim beru zhәne densaulyk saktau mekemelerinen Nauyryzym audanynda zhalpy bilim beretin 22 mektep 1 mәdeniet үji 9 klub 11 kitaphana audandyk auruhana men emhana 14 feldsherlik akusherlik punkt 2 dәrihana zhumys istejdi DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary Қazak enciklopediyasy 7 tom