Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді.
Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде Кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір де тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі масаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суретшінің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
- -сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);
- қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар;
- сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).
- Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады.
Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да Кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.
Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар.
Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.
Кескіндеме туындыларын жасауда , тушь та молынан қолданылады.
Кескіндемелік шығармалар
- ұзыншалай жатығынан бейнелеу,
- көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді.
Кескіндеме шығармалары ( ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеме нің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі. Барлығы да Кескіндеме туындысының жалпы идеясына, стиліне, көркіне сай және жарасымды болуға тиісті.
Тарихы
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8-мыңжылдық) саяды (мысалы, Оңтүстік Франциядағы , Солтүстік Испаниядағы үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір Кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние Кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы Кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндеме сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мысалы, Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орталық Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік Кескіндеме дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзірбайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.
Ренессанс дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған Кескіндеменің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның Кескіндемелері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланд) Кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда).
17 – 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.
Психол. мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. 17 ғ-да жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17 – 18 ғасырларда монументтік-сәндік Кескіндеме (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеум. жіктелу – осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). 19 ғ-да Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада Кескіндеме нің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, т.б.) Кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері: Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде), т.б. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары Кескіндемеде жаңа бағыт туғызды.
Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы Кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, “модерн” өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік Кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық Кескіндеме техникасы жасала бастады.
19 ғ-дың аяғында және 20 ғасырдада дүние жүзі бойынша Кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде Кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм К-сінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара “модерн” Кескіндемесінде де 20 ғ-ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады.
20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка Кескіндемесі “топ-арттың” бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік Кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар – Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.
Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 – 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады.
Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше Кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді.
Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: “Сырымбет” (1850), “Сартайдың портреті” (1856), “Шақырым бағандары” (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: (“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі , белгілі кескіндемешісі . Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ Кескіндеме өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер , ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ Кескіндеме өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең ( пен ), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті ( пен ) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., , т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ Кескіндемесін әлемге таныта білді.
Галерея
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- ., Современное изобразительное искусство Казахстана и республик Средней Азии, М., 1963;Всеобщая история искусств, 1 – 6, М., 1956 – 66;
- , Статьи об искусстве, М., 1970;
- Живопись Казахской ССР. (Альбом, предисл. Н.Б. Нурмухаммедова), М., 1970; , Искусство Казахстана, М., 1970;
- , Батыс Еуропа өнері, А., 1982; Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері, Альбом, А., 1990.
- Таңбаланған тізім элементі
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Keskindeme keskindeu oneri bejneleu onerinin bir salasy belgili bir zattyn betine kenep agash kagaz t b boyau arkyly salynatyn korkem shygarmalar atauy Luvr ParizhKlod Mone kolshatyrly әjel Mone hanym zhәne onyn uly Kamill men Zhan Mone 1875 Ұlttyk oner galereyasy Vashington Kolumbiya okruguAnri Matiss Desert kyzyl үjlesimdilik kyzyl bolme Keskindeme zattyn syr sipatyn nәrse men kenistiktin karym katynasyn sәule men kolenkenin kulpyrymyn үndestire bejnelejtin korkemdik zhәne tanymdyk kuatymen erekshelenedi Ol korermennin sezimine ojyna әser etu arkyly estetikalyk lәzzat beredi Keskindeme tuyndylary zheke bir tulgany dara korinisti bejnelep kana kojmaj kүrdeli syuzhetke okigalarga kurylgan shytyrman soktygystardy da bejnelep olardyn mәnin ashady Keskindeme dәuirdin ruhani mazmuny men әleumettik damuyn bejnelep kana kojmaj korermennin sezimine ojyna әser etu arkyly bejnelengen shyndyktan tәlim alyp ozinshe korytyndy zhasauyna sebepker bolady Sondyktan da Keskindemenin kogamdyk tәrbielik mәni zor zhәne ol derektemelik maglumatta beredi Keskindemenin pajdalanatyn kuraly sәule boyau ren Sәuleni boyau renderimen nәzik astastyru arkyly omir kubylystarynyn ajkyn da shynajy korinisteri zhasalady Suretshi sheberliginin koriner zheri de osynda Zattyn syr sipatyn nәrse men kenistiktin karym katynasyn sәule men kolenkenin kulpyrymyn kyskasy ken dүnienin barlyk zharasymyn tauyp bejneleude Keskindemenin tilindej nәzik te otkir de til zhok Ol korermendi birden baurajdy eliktiredi kozgagan takyrybymen tolgandyrady Keskindemenin danyshpandyk tuyndylaryna adamzattyn mәngi masattanatyny da sodan Keskindeme tuyndysy bir zhasalgan kalpynda kalatyndyktan nazarga da sol kalpynda birden shalynady Birak suretshinin kyl kalamyna ilingen sol bir mezettik korinis zamannyn dәuirdin ortanyn san aluan syrlaryn shertedi sezim kubylystarynan zhan tebirenisterinen derek beredi korermenmen үnsiz tildesedi Keskindeme tuyndylary zheke bir tulgany dara korinisti bejnelep kana kojmaj kүrdeli syuzhetke sabakty okigalarga kurylgan shytyrman soktygystardy da bejnelep olardyn mәnin ashady Keskindeme takyryp ayasy ken kop zhanrly turmys salt korinisteri sogys zhanry hajuanattar takyryby t b oner salasy Arnaluyna oryndalu sipatyna bejnelerine karaj keskindeme birneshe topka bolinedi Olar sәndik keskindeme kabyrga betine үjdin ishki tobesine plafondar kabyrgasyna panno salynatyn suretter kondyrgyly keskindeme suretter yagni kartinalar sәndik suretter teatr kino korinisterin ondagy kiim үlgilerin әsemdejtin suretter ikona salu miniatyura t b Diorama panorama da keskindeme tүrlerine zhatady Medeya 1838 Surettin onin keltiretin boyaulardyn tүrleri men ony salu әdisterine karaj da Keskindeme tuyndylary zhikteledi Mysaly majly boyauly keskindeme freska keppegen sylakka suly boyaumen salynady asekko kepken sylakka suly boyaumen salynady tempera zhelimdi boyaumen balauyzben syrly boyaumen salynatyn suretter Keskindemenin keramikalyk boyaumen tez balkityn әjnek syrdy kүjdirip zhapsyratyn silikattyk boyaumen eritin әjnek salynatyn t b tүrleri bar Mozaika men vitrazh da keskindememen ushtasyp zhatady Keskindeme tuyndylaryn zhasauda tush ta molynan koldanylady Keskindemelik shygarmalar uzynshalaj zhatygynan bejneleu kolem kenistigin keltire bejneleu bolyp shartty tүrde eki topka bolinedi Keskindeme shygarmalary agashka kagazga mukabaga taska shynyga әjnekke metalga t b zattarga salynady Әdette olardyn betteri zhakpa kabatpen sylanyp onyn үstine syrly kabat tүsiriledi Keskindeme nin baurau eliktiru mүmkinshiligi zhumsalatyn boyauga ony koldanu tәsilderine pajdalangan kuralyna boyau eritkishterine suret salynatyn zattyn beti kanshalyk budyrly nemese tegistigine onyn boyaudy kanshalyk siniretindigine t b bajlanysty Қatty zattyn betine salyngan suret pen zhumsak zattyn zhyltyr nemese budyrly zattyn betine salyngan suretter ozderine lajykty boyau renderin tilejdi Surettin salynu stiline karaj ony koyatyn zhaktaudyn tүri men formasy da sәjkestendiriledi Kartinalar kobine tortburyshty bolady al kejde dongelek pishinge de keltiriledi Barlygy da Keskindeme tuyndysynyn zhalpy ideyasyna stiline korkine saj zhәne zharasymdy boluga tiisti TarihyZhylkynyn keskini Үngir sureti shamamen 16 000 zhb Keskindemenin ezhelgi үlgileri paleolit dәuirine b z b 40 8 mynzhyldyk sayady mysaly Ontүstik Franciyadagy Soltүstik Ispaniyadagy үngirlerinde zhartastyn betine salyngan suretter Ezhelgi dәuir Keskindemesinde zherden shygatyn sary kyzyl koshkyl boyaularmen katar mineraldyk kok zhasyl boyaular da koldanylgan Ezhelgi Shygys elderi men Amerikada kүrdeli Keskindeme oneri kulpytastardy үjlerdi ornekteu orkendedi Kone dүnie Keskindemesi arhitektura men mүsindi ozara үndestire koldandy Boyau renderi bargan sajyn azharlanyp mifologiyalyk syuzhettermen katar turmys salt takyryptary tarihi okigalar tabigat korki bejnelendi portret natyurmorttar zhasaldy Ғibadathanalardy үjlerdi kabyrgalardy ustyndardy әshekejleuge koldanylgan monumentti sәndik keskindeme Pompej Gerkulanum Pestum Қazanlyk k larynda Қara tenizdin soltүstik zhagalauynda saktalgan arhitekturalyk kenistigi men formasy zhagynan birte birte ozgerip otyrgan Ezhelgi dәuir freskalarynyn beti zhyltyr mәrmәr untagyn aralastyrgan bolyp keledi Ezhelgi Grekiyada kondyrgyly Keskindeme taktaga kejde kenepke salyngan pajda boldy Orta gasyrlardagy Batys Europa Vizantiya Rus Kavkaz Balkan keskindeme sinde ruhani askaktykka kurylgan dini takualyk takyryptar kobirek kezdesedi Bul dәuirdin keskindemesi belgili bir takyryptyn dini takyryptar tonireginde bolganymen onda ulttyk dil men nakty turmys korinisteri de bejnelendi mysaly Ruste Feofan Grektin Andrej Rublevtin ikonalary men freskalarynda Ol kezde keskindeme nin negizgi tүri freska kurgak kejde ylgal sylaktyn budyrly betine salynatyn keskindeme boldy Ikonalar men miniatyuralar saluda bejneleu kurastyru boyau t b әdisterdin katan tәrtibi saktalgan Қol onerine tәn mukiyattylykpen zhasalgan ikonalar kabyrga betindegi ojmysh әshekejler mozajkalar men vitrazhdar shirkeu sәuletinin birtutas ansamblin kurady B z 1 mynzhyldygynda Aldyngy zhәne Ortalyk Aziya elderinde Үndistan Қytaj Cejlon monumenttik Keskindeme damydy Mesopotamiya Iran Үndistan Ort Aziya men Әzirbajzhan Tүrkiyada sәndik miniatyura oneri orkendedi Adam men tabigattyn kelbet korinisterin sonshalyk nәzik te teren surettejtin ashyk rendi kanyk boyauly Қiyr Shygys K si Қytaj Koreya Zhaponiya damydy Adamnyn zharatyluy freska Mikelandzhelonyn freskasynan үzindi 1511 Renessans dәuirinde Batys Europada omirge zhanasymdy gumanistik oner үrdisteri kalyptasty Bolmysty shynajy bejneleuge den kojgan Keskindemenin manyzy artty 14 g da italiyalyk suretshi Dzhottonyn Keskindemeleri Қajta orleu dәuirindegi biraz oner үlgilerinen asyp tүsti Majly boyaumen saludyn zhetilgen tehnikasyn pajdalanu Ya van Ejktin Niderland Keskindeme tabigatyndagy bar mүmkinshilikterdi asha tүsuine sebepshi boldy Әsirese freska zhanry damydy kondyrgyly kartinalar da san salaly takyryptarmen bajydy Dүnienin zharasymyn sezinu omirdin zheke bir zharkyn korinisterin bejneleu ajryksha tulgalardy daralau ruhani kүshtilikti әspetteu tәn sululygymen katar zhan sululygyn da askaktata bejneleu keskindemenin negizgi maksatyna ajnaldy Қajta orleu dәuirinin en iri suretshileri Mazachcho Bottichelli Leonardo da Vinchi Mikelandzhelo Rafael Dzhordzhoni Tician Paolo Veroneze Yakopo Tintoretto Italiyada Ya van Ejk P Brejgel Niderlandda A Dyurer H Holbejn kishisi Germaniyada Leonardo da Vinchi 17 18 g larda Europada K nin damuy odan әri zhalgasty Franciya N Pussen A Vatto Zh B Sharden Zh L David Italiya M Karavadzho Dzh B Teopollo Ispaniya El Greko D Velaskes F Surbaran F Gojya Flandriya P P Rubens Ya Jordans A van Dejk Gollandiya Rembrandt Ya Vermer Angliya G Gejnsboro U Hogort pen Resejde F S Rokotov D G Levickij V L Borovikovskij Keskindemenin ulttyk mektepteri pajda boldy Keskindeme de zhana ideyalar koterildi naktyly omirdi aluan tүrli kyrymen adamdy korshagan ortamen shynajy bejneleu maksaty kozdeldi Psihol mәnde bejneleu terendedi zheke adam men dүnie katysyn korsetu damydy 17 g da zhanrlar zhүjesi ulgajyp kalyptasa tүsti 17 18 gasyrlarda monumenttik sәndik Keskindeme әsirese barokko stilinde orkendedi Takyryp aukymynyn keneyui aldyna kojgan mindetterinin artuy dүnieni sezinudegi әleum zhiktelu osynyn bәri keskindeme de zhana bagyttar tugyzdy barokko klassicizm rokoko t b 19 g da Europa Balkan elderinde men Amerikada Keskindeme nin zhana ulttyk mektepteri kalyptasty Europa men baska elder Үndistan Қytaj Zhaponiya t b Keskindemesinin bajlanysy ulgajyp bir birinin damuyna әseri tidi Tүrli agymdar men bagyttar arasyndagy shygarmashylyk tartys nәtizhesinde zhana stildik zhүjeler omirge keldi Osy kezende akademizm ajryksha damydy Keskindemenin nәziktik ereksheligin sezimtaldyk derbestigin zhokka shygaratyn naturalistik үrdis te boj koterdi Solarmen shygarmashylyk tartys barysynda romantizm tudy Bul bagyt omirdin zharkyn zhagymdy zhaktaryn kobirek alyp kotere askaktata surettedi Onyn kornekti okilderi T Zheriko E Delakrua G Kurbe Zh F Mille O Dome K Koro Franciyada Dzh Konstebl Angliyada A Mencel V Lejbl Germaniyada K P Bryullov A A Ivanov A G Venecianov P A Fedotov Resejde t b Қogamdagy әleumettik ozgeristerge otkir synshyldyk turgydan kelip bejnelegen suretkerler V G Perov I P Kramskoj I V Repin V I Surikov V V Vereshagin I I Levitannyn t b tuyndylary Keskindemede zhana bagyt tugyzdy Қorshagan dүnieni tabigi kalpynda ozgerip tүrlenip otyratyn zhandy kүjinde ajnytpaj bejneleude 1870 zhyldardyn bas kezindegi impressionizm K Mone O Renuar K Pissarro A Sislej E Mane E Dega t b erekshe tabyska zhetti 19 g da Europada majly boyaumen salyngan kondyrgyly Keskindeme ken oris aldy Majly boyauly Keskindemenin tehnikasy erkin avtordyn daralyk stiline bajlanysty boldy Boyau palitrasy ulgajdy buryngy konyr tүsti zhakpa kabattyn ornyna ak tүsti zhakpalar koldanyldy Keskindemenin әr aluan tүrlerin sәn zhәne kosalky onermen zhәne arhitekturamen үndestiru negizinen modern onerinde korinis tapty Monumenttik sәndik Keskindemenin tehnikalyk kuraldary zhanardy Silikattyk Keskindeme tehnikasy zhasala bastady 19 g dyn ayagynda zhәne 20 gasyrdada dүnie zhүzi bojynsha Keskindeme onerinin damuy zor kajshylyktarga tap boldy Realistik zhәne modernistik agymdar kүres үstinde katar omir sүrdi Aziya Afrika Avstraliya Lat Amerikasy elderinde Keskindemenin zhana mektepteri tudy Postimpressionizm K sinin ozinde ak P Sezann V Van Gog P Gogen A Tuluz Loterek ishinara modern Keskindemesinde de 20 g ga tәn kejbir agymdardyn erekshelikteri ajkyndala bastady Leonardo da Vinchidin әjgili sureti Mona Liza Dzhokonda 20 g dyn bas kezinde koptegen modernistik agymdardyn kubshyldyk futurizm syurrealizm tuyndylarynda korinip turgan dүnienin op onaj angarylatyn elementteri retsiz syzyktarmen suretteldi kejde ojda zhok abstrakt formalarga ajnalady Mundaj agymdardyn kobi bara bara ozindik bagytka ajnaldy 1960 zhyldardyn orta sheninen Batys Europa men Amerika Keskindemesi top arttyn bir salasynyn boligin kurady 20 g da monumenttik sәndik Keskindemenin roli artkanymen kondyrgyly Keskindeme buryngysha kүrdeli orynda turdy Keskindeme tehnikasynda zhanalyk izdeu үrdisi kүshejdi Balauyz ben temperany pajdalanu zhiiledi Monumenttik Keskindeme de zhana boyaular Meksikada piroksilindik buryngy KSRO da kremnij organik boyaular tabyldy Sonda da majly boyau basym koldanyldy Қazak halkynyn bejneleu oneri onyn ishindegi Keskindeme zhanrynyn ezhelgi eskertkishteri paleolit zhәne neolit dәuirine sayady Olar үngirlerge salyngan bejneler retinde kezigedi Қaratau Hantau Zhasybaj Zarautsaj үngirleri t b Sonymen katar Tanbaly tas shatkalynda Zhambyl oblysy Bugytas korymynda Shygys Қazakstan oblysy zhanuarlar adam keskini tүrinde kezigedi Zarautsaj үngirlerindegi Keskindemeden sol kezdegi suretshilerdin birneshe tүsti boyaumen sүjkej zhagu retti boyau әdisterin katar koldanu arkyly zhan zhanuarlar men adamnyn әrkily pishinin bejnelegenin koruge bolady Sol siyakty kola dәuirindegi taska ojmyshtap shekilip kyna zhәne zhosamen әrlengen anshylyk zhaugershilik korinister bar Keskindemeni ajtuga bolady Esik kazynasy b z b 5 3 g lar Shelek korganynan b z b 7 6 g lar kazylyp alyngan bajyrgy sak gun үjsin onerine zhatatyn muralar ajtylmysh kezde tutynu zattarynda kiiz үj sүjegi үj zhiyiazdaryndagy syrly ornekter boyau koldanylgandygyn ajgaktady Keskindeme oneri әsirese orta gasyrlarda kysh ydystarda karu zharak at әbzelderinde kүndelikti tutynu zattarynda tosek asayak shkaf t b koptep kezdesedi Osy kezendegi birneshe Keskindeme shygarmalaryn ajtuga bolady Olar Taraz kalasynan tabylgan arystan bejnesi bar tabak 10 12 g lar zhәne Sarajshyk kalasynan shykkan toty kus bejnesi 11 15 g lar Toty kustyn tүrli tүsti boyaumen salyngan kejpi shiyrshyk atkan kozgalysy ote әdemi bejnelengen Bul sol kezendegi keskindemeshinin sheberligin pash etedi Sonymen katar iri sәulettik keshen kesenelerde mys Қozha Ahmet Yasaui kesenesi oyu ornektin pejzazhdyk үlgileri zhүkayak kebezhe zhagylan siyakty үj bujymdaryndagy syrly әlemish nuskalary zamanyndagy halyk oneri okilderinin askan sheber bolganyn korsetedi Halyk arasynda koptegen keskindemeshi sheberler bolgan birak solardyn kobinin aty bizge bejmәlim Қazaktan shykkan algashky kәsibi keskindemeshi Sh Uәlihanov Onyn akvarel boyauymen salgan portrettik pejzazhdyk zhumystary Syrymbet 1850 Sartajdyn portreti 1856 Shakyrym bagandary 1950 nagyz shynshyl suretker bolganyn dәleldejdi 19 g da kazak halkynyn omirin ozderinin shygarmalaryna ozek etken suretshiler Tүje Kiiz үj tusyndagy korinis A Gornovich Akmeshitti alu Қazaktardyn koshi Қonyp zhatkan kazaktar t b kazak tabigatyn kazak halkyn ote sheberlikpen zhazyp Anshy kyrgyz kazak Lepsi dalasyndagy taular t b baskalarga tanyta bildi 1847 57 zh kazak dalasynda kugynda zhүrgende zhergilikti halyktyn omirine bajlanysty Bajgustar Kiiz үjde Memleket zhudyrygy degen suretter saldy Қazaktyn bejneleu onerinin negizin kalauda enbegi zor boldy Ol 1877 zh kazak dalasyna kelip omirinin akyryna dejin osynda bolyp kazak halky omirinen kop suretter saldy Onyn algashky shәkirtteri Қazakstannyn halyk suretshisi belgili keskindemeshisi Қazak halkynyn kәsibi K onerinin tarihy 20 g dyn 20 zhyldarynan bastalady Ol damudyn kiyn zholdarynan otti Algashky kazak Keskindeme mektebinin negizin salushy Қasteev ozinin shygarmalarynda ken dala sululygyn tarihi kezenderdi tulgaly adamdar portretin Abaj Shokan Amangeldi t b zhazyp korsete bildi Қasteevten kejin kazak Keskindeme onerinin tarihy bir top daryndy suretshiler agajyndy Қozhahmet pen Қulahmet Қozhykovtar B Sәrsenbaev O Tansykbaev esimderimen tolykty 1960 70 zh kazak Keskindeme onerinin dankyn shygargan suretshiler M Kenbaev Қ Telzhanov G Ysmajlova V Antoshenko Olenev K Baranov A Ғalymbaeva L Leontev N Nurmuhanbetov S Mәmbeev Ү Әzhiev S Romanov Zh Shәrdenov t b esimderi kopshilikke tanyldy Olar kazakstandyktardyn zhetken zhetistikterin til zhetpes tabigat sululygyn pash etti 1970 90 zhyldary kazak Keskindemede zhana lep zhana kozkarastagy suretshiler toby E Sidorkin Sh Sariev S Ajtbaev B Sadyhanov K Mullashov A Akanaev M Amanzholov E Tolepbaev B Tүlkiev Z Tүsipova t b Keskindeme onerin zhana biikke koterdi Osy kezende buryn zhabyk takyryp bolyp kelgen 20 g dyn 30 zhyldaryndagy zulmat kezen pen atom poligony zardaptary Akanaev pen Amanzholov zhәne Aral kasireti pen ashyk zhazyldy Өnerdin zhana agymdaryna boj uru mys t b bajkaldy Tolepbaev buryn kazak suretshileri zhetpegen dәrezhege koterilip kazak Keskindemesin әlemge tanyta bildi GalereyaPortretPejzazhMarinaTarihi keskindemeNatyurmortDerekkozderҚazak Enciklopediyasy Sovremennoe izobrazitelnoe iskusstvo Kazahstana i respublik Srednej Azii M 1963 Vseobshaya istoriya iskusstv 1 6 M 1956 66 Stati ob iskusstve M 1970 Zhivopis Kazahskoj SSR Albom predisl N B Nurmuhammedova M 1970 Iskusstvo Kazahstana M 1970 Batys Europa oneri A 1982 Sovettik Қazakstannyn bejneleu oneri Albom A 1990 Tanbalangan tizim elementi