Ислам философиясы — исламдық дәстүр аясында қалыптасқан философиялық ілімдер жиынтығы. Ислам философиясын орта ғасырларда негізінен ислам дінін қабылдаған және араб тілін (сирек кездері парсы тілін) пайдаланған Шығыс халықтарының ойшылдары өндірді, сондықтан философтар мен философия тарихшылары «араб философиясы», «мұсылман философиясы», «араб-мұсылман философиясы» және т.б. терминдерді де пайдаланады. Кейінірек мұсылман елдерінің мемлекеттік тілдерінде (түрік, урду және т.б.) философиялық еңбектер көптеп жазыла бастайды. Қазіргі ислам философтары ағылшын тілінде де жазады, өйткені олардың еңбектері негізінен араб елдерінің, Пәкістанның ағылшын тілін жақсы білетін элитасына, сондай-ақ Батыс елдеріндегі мұсылман диаспораларына бағытталған.
Исламның алтын ғасырымен тұстас келетін ерте ислам философиясы әл-Киндиден (IX ғасыр басы) басталып, ибн Рұшдпен (XII ғасыр аяғы) аяқталады. Ибн Рұшдтың өлімімен ислам философиясының перепатетикалық немесе мәшшаилік мектебі деп аталған ерекше пәні тоқырап, Андалусия сияқты Батыс мұсылман елдерінде және Солтүстік Африкада философиялық белсенділік біршама азайды.
Ислам философиясы Шығыс мұсылман елдерінде айтарлықтай ұзақ сақталып, әсіресе Сефевилік Персияда, Осман империясында және Ұлы моғол империясында бірнеше философиялық мектеп өркендеді, атап айтқанда: авиценнизм (синауия), аверроизм (рұшдия), ишрақия, трансценденттік теософия (мұтағали хикмет), сопылық философия, исфаһандық философия. Ибн Халдун өзінің «Мұқаддима» деген еңбегінде тарих философиясына маңызды үлес қосты. XIX ғасыр аяғы — XX ғасыр басындағы Нәһда («Ояныс») қозғалысы кезінде ислам философиясына қызығушылық қайта жанданып, содан әліге дейін сақталып келеді.
Ислам философиясы христиандық Еуропаға үлкен әсерін тигізген. Арабша философиялық мәтіндердің латын тіліне аударылуы «ортағасырлық латын әлеміндегі барша дерлік философиялық пәннің трансформациясына әкеліп», мұсылман философтарының ықпалы әсіресе табиғат философиясында, психологияда, метафизикада қатты білінді.
Кіріспе
Ислам философиясы — түрліше анықталатын және қолданылатын жалпылама термин. Ауқымды мағынасында ол Ғаламның жаралуы мен Жаратушының еркіне қатысты исламдық мәтіндерден (Құран мен сүннеттен) тарайтын мұсылмандық дүниетанымды білдіреді; және бір мағынасында матұриди, ашғари, мүтәзили секілді кәлам мектептеріне қарата қолданылады; тар мағынасында — ислам империясы билігінің астында немесе араб-мұсылман мәдениеті мен ислам өркениеті аясында дамыған неоплатонизм, аристотелизм секілді грек философиялық жүйелерін білдіретін фәлсафа сөзінің аудармасы. Діни мәтіндерде кездесетін «хикмет» (араб. حكمة, хикмәһ — «даналық», «білгелік») сөзі «философия» сөзіне жақын мағынаны беретіндіктен, ислам философтары осы терминді де жиі пайдаланған.
Классикалық немесе ерте ислам философиясының негізгі қайнарлары — ислам (әсіресе Құраннан алынған идеялар) және ерте мұсылмандар шапқыншылық нәтижесінде мұралаған грек философиясы, сондай-ақ исламға дейінгі үнді философиясы мен парсы философиясы. Ерте философиялық пікірталастар — грек философиясы үлгісімен — дін мен ақыл үйлесімі төңірегінде өрбіген.
Ислам философиясы міндетті түрде діни сұрақтармен айналыспайды және тек мұсылмандар тарапынан өндірілмейді. Сонымен қатар философиялық зерттеулердің пайдасы мен заңдылығын исламдағы ой мектептерінің бәрі мойындай бермейді. Тағы бір ескеретіні — «ақыл» (араб.: عقل, ʿәқл) кейде ислам заңнамасының қайнары деп танылса да, оның мағынасы философиядағы «ақылдан» басқа болуы мүмкін.
Классикалық ислам философиясы
Ерте ислам ойы негізгі екі бағытта дамыды. Біріншісі — схоластикалық ислам теологиясының рационалистік формасына қатысты кәлам (тікелей аудармасы: «сөз»); екіншісі — философиямен қатар логика, математика, физиканы қамтитын фәлсафа (тікелей аудармасы: «философия»). Бұл екі бағытты үйлестіруге тырысқан философ-теологтар да болды, атап айтқанда: ибн Сина, ибн Рұшд, ибн әл-Һайсам, Әбу Райхан әл-Бируни және т.б.
Кәлам
ʿИлм әл-кәлам (араб. علم الكلام) — ислам теологиясы принциптерін диалектика арқылы анықтайтын философиялық бағыт. Кәламдағы алғашқы пікірталастар ерікті жақтайтын қадарилер (араб. قدر, қәдр — «жазмыш» сөзінен) мен тағдырды жақтайтын жабарилер (араб. جبر, җәбр — «құдірет» сөзінен) арасында өрбіген.
Һижра бойынша II ғасырда Басра (Ирак) теологиялық мектебінде жаңа қозғалыс пайда болды. Хасан әл-Басридің шәкірті Уасыл ибн Ата ауыр күнә арқалаған мұсылманның жағдайы мәселесінде ұстазымен келісе алмай, бұл топтан бөлініп шығады. Ол алдыңғы қадарилер мен жабарилердің радикал пікірлерін жүйелеуге кірісіп, ақырында мүʿтәзиләһ (араб. اعتزال, иʿтизал — «бөлінген», «ажыраған» сөзінен) деп аталған жаңа мектептің негізін қалады.
Мүтәзилилер ислам доктриналарын қатаң рационализм арқылы түсіндірді. Олар — исламдағы рационалдық теологияны қалыптастыруға талпынған алғашқылардың бірі. Алайда мүтәзилилер өзге кәлам мектептерінің өкілдері, атап айтқанда, матұриди мен ашғари мүтәкаллимдері (теологтары) тарапынан қатаң сыналады. Ашғари мектебінің ғалымы Фахр әд-Дин әр-Рази мүтәзилилерге қарсы Әл-мүтәкәллимӣн фӣ ʿилм әл-кәлам («Ислам теологиясындағы теологтар») деген еңбек жазды.
Кейіндері кәлам тек жүрек міндеттерін анықтайтын «теология» сөзінің мағынасында қолданылып, дене міндеттерін анықтайтын фиқһ-ке (құқықтануға) қарсы қойылып келді.
Фәлсафа
«Фәлсафа» (араб. فلسفة, фәлсәфәһ) терминін көбіне нақты мұсылмандық перепатетизм немесе Шығыс аристотелизмі мектебіне қатысты қолданады. Одан бөлек Их̣уан әс̣-с̣әфа (Тазалық бауырлары) бастаған тағы бір үрдіс неоплатондық және неопифагорлық дүниетанымды Аристотель тілімен тарқатқан.
Һижра бойынша I ғасырда халифат аумағы жылдам ұлғайып, мұсылмандар жаңа мәдениеттермен танысады. Алдымен Үмәуилер, кейіннен Аббасилер билігі тұсында ежелгі грек, санскрит, сирия тілдерінен ғылыми және философиялық мәтіндер арабшаға аударылды. Грек философиясын дәріптеп, «фәйласуф» атанған алғашқы мәшшаи (мұсылман перепатетик) — «арабтар философы» әл-Кинди саналады. Мұсылман философтары Платон, Аристотель секілді грек ойшылдары көзқарастарын ислам ойымен біріктірді. Мұндай жүйені алғаш ұсынған — «екінші ұстаз» әл-Фараби. Бұдан ары ақыл мен нақыл үйлесімі мәселесіне ерте мұсылман ойшылдары — Их̣уан әс̣-с̣әфа, ибн Сина, ибн Рұшдтен өтіп, кейінгі мұсылман ойшылдары — Сұһрауарди, Мир Дамад, Молла Садраға дейін қалам тартады.
Фәлсафаның келесі бір үлкен өкілі ибн Сина ислам ойындағы логика (мантық), этика (ахлақ), метафизиканы жаңа деңгейге көтерді. Оның негізгі әрі көпшілік еңбегі арабша, бірен-сараны парсыша: ол жазған Данешнамеһ-йе ʿӘлаʾи («ʿӘлаʾ әд-Дәулаға арналған білік кітабы») — жаңа парсы тіліндегі алғашқы философиялық туынды. Аристотельге шәрхтерінде (комментарийлерінде) ол «бірінші ұстазды» жиі сынап, ижтиһад түріндегі пікірталасқа жүгінген. Ибн Синаның неоплатондық эманация схемасы XII ғасырда кәламнан іргелі орын алды.
Классикалық кезеңнің аяғы
XII ғасыр шенінде философтар мен ортодокстар тарапынан бірдей айыпталған кәлам, жақтаушысы табылмай, жоққа айналды. Бірақ сонымен бір кезеңде фәлсафа да қатаң сынға ұшырайды. Мұсылман перепатетизміне ең қарымды соққы жасаған — әл-Ғазали. Ол өзінің Тәһафұт әл-фәласифәһ («Философтардың қисынсыздығы») деген еңбегінде мәшшаилік мектептің негізгі аргументтерін жарамсыз етіп шығарды.
Ерте ислам философиясының соңғы өкілдерінің бірі ибн Рұшд фәлсафа көзқарастарын әл-Ғазали сынынан қорғауға кірісті. Ибн Рұшд теориялары ибн Бажжа мен ибн Тұфайл (олар әл-Фараби мен ибн Сина ілімдеріне сүйенген) теорияларынан қатты ерекшеленбейді. Бірақ әл-Фараби, ибн Сина және т.б. ислам философтары дәстүрлі сенімдерге, былайша айтқанда, қол сұғатын тақырыптарды атүсті қарастырса, ибн Рұшд оларға айрықша нақтылық пен басымдық бере тоқталған. Әл-Ғазали сынына жауап ретіндегі Тәһафұт әт-тәһафұт («Қисынсыздың қисынсыздығы») деген еңбегінде ибн Рұшд философияны рационалистік тұрғыда жақтап шықты.
Батыс ғалымдары классикалық ислам философиясының ибн Рұшдпен аяқталуын тікелей әл-Ғазали сынымен байланыстырып келді. Мысалы, С.Ф. Старр көзқарасынша,
...ибн Рұшд кеш қалды. Әл-Ғазалидің ғылым мен философияны қарқынды әшкерелеуі арабша оқитын бұқара арасында баяғыда-ақ беделге жеткен еді. Бұдан былай мұсылман әлемінде еркін ғылыми зерттеулерге, алшаңдата философия соғуға орын қалмайды…
Дегенмен ислам әлеміндегі рационализмнің құлдырауын әл-Ғазали сынынан көрі әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерге тірейтін пікірлер кейіндері жиі айтылып жатыр.
Кейінгі ислам философиясы
Ерте ислам рационализмінің тоқырауы туралы дәстүрлі көзқарасқа қарамастан, Дмитрий Гутас пен Стэнфорд философия энциклопедиясы (Stanford Encyclopedia of Philosophy) XI—XIV ғасырлар аралығын ислам философиясының нағыз «алтын ғасыры» деп көрсетеді. Бұған әл-Ғазалидің медреселердегі оқу бағдарламасына логиканы сәтті енгізіп, артынша синауияның (авиценнизмнің) өркендегені мұрындық болған.
Мұсылмандық Испания мен Португалиядағы саяси билік христиандар қолына өткен соң Батыс Еуропа мұсылмандары, сәйкесінше, философиямен айналысқан жоқ. Бұл оқиғалар, сонымен қатар, ислам әлемінің «батысы» (мағриб) мен «шығысы» (машриқ) арасындағы байланыс үзілісіне әкелді. Бірақ «шығыс» мұсылмандары философиямен айналыса берген. Осман империясында және қазіргі Иран мен Индия аумағындағы мұсылман патшалықтарында көптеген философиялық еңбек жазылды. Оның үстіне, медреселерде мантық бүгінгі күнге дейін оқытылып келеді. Бұл факт ислам философиясының пре-модерн тарихшылары назарынан тыс қалған.
Ибн Рұшдтан кейін ислам философиясының бірнеше кейінгі мектебі өркендеді. Мир Дамад бастаған Исфаһан мектебі шиғалық исламның интеллектуалдық мұрасына зор үлес қосты. Бұл жаңа мектептердің кейбірі ислам әлемінде әліге дейін белсенді. Олардың арасындағы ең маңыздылары:
• Ишрақия
• Сопылық философия
• Мұтағали хикмет
Ишрақия
Ишрақия немесе ишрақ хикметі (араб. حكمة الإشراق, хикмәт әл-ишрақ) — XII ғасырда Шиһабуддин Сұһрауарди негізін қалаған ислам философиясының мистикалық мектебі. Сұһрауардидің Китәб хикмәт әл-ишрақ («Ишрақ хикметі кітабы») деген еңбегі — авиценнизм, перепатетизм, неоплатонизм ықпалында жазылса да, ислам философиясы тарихына жаңашыл әрі толымды үстеме. Ишрақия мектебі «кесімді міндеттілік» идеясын дамыта отырып, ислам философиясындағы логикада грек логикасына жүйелі терістеме ұсынды.
Сопылық философия
Сопылық философия, басқа философиялық дәстүрлер секілді, көптеген тармаққа бөлінеді. Оның өзіндік космологиясы, метафизикасынан бөлек, бірқатар бірегей концепциясы бар. Сопылық философияның алғашқы авторларының бірі әл-Ғазали (1058—1111) «Мен» концепциясын және бақыт пен бақытсыздық себептерін талқылаған. Сопылық метафизикасын Фұс̣ус̣ әл-хикәм («Хикмет зерлері») деген еңбегінде ибн Араби (1165—1240) терең қарастырды. Оның негізгі доктринасы — уәхдәт әл-уҗуд (араб. وحدة الوجود) немесе «Болмыстың трансцендентті бірлігі».
Мұтағали хикмет
Мұтағали хикмет (араб. حكمة المتعالية, хикмәт әл-мүтәʿалийәһ) немесе трансценденттік теософия мектебін XVII ғасырда парсы философы Молла Садра қалыптастырды. Оның философиясы мен онтологиясының ислам философиясы үшін маңызы XX ғасырдағы Батыс философиясы үшін Мартин Хайдеггер философиясының маңызына парапар. Молла Садра «шындық табиғатының жаңа философиялық түсінігін» алға тартып, ислам философиясында — Батыс философиясынан жүз жыл бұрын — «эссенциализмнен экзистенциализмге маңызды өткел» жасады.
«Эссенция экзистенциядан ілгерінді» деген идеяны ибн Сина мен Сұһрауарди қалыптастырған философиялық мектептер қорғап келді. Экзистенциализмнің іргелі концепциясы саналатын «экзистенция эссенциядан ілгерінді» деген кереғар идеяны өз еңбектерінде ибн Рұшд пен Молла Садра дамытқан.
Дереккөздер
- https://www.jstor.org/stable/826146
- Мусульманская философия (фальсафа): антология (перев. с араб.; в соав. с Н. В. Ефремовой). — Казань, 2009.
- https://iphlib.ru/library/collection/newphilenc/document/HASH0155bee878519a2e6289cb55
- https://plato.stanford.edu/entries/arabic-islamic-influence/
- Fakhry, Majid (2006). "Philosophy and the Qurʾān". In McAuliffe, Jane Dammen (ed.). Encyclopaedia of the Qurʾān. Vol. IV. Leiden: Brill Publishers. doi:10.1163/1875-3922_q3_EQCOM_00146. ISBN 90-04-14743-8.
- Oliver Leaman (2002). An Introduction to Classical Islamic Philosophy (ط. 2). Cambridge University Press. ص. 211–12. ISBN:0521793432.
- https://books.google.com/books?id=fuv8J-g7EdAC&pg=PA1#v=onepage&q&f=false
- Мусульманская философия (фальсафа): антология (перев. с араб.; в соав. с Н. В. Ефремовой). — Казань, 2009.
- Abboud, Tony (2006). Al-Kindi: the father of Arab philosophy. Rosen. ISBN 978-1-4042-0511-6.
- https://web.archive.org/web/20101206132830/http://imamat-news.ru/index.php?option=com_content&view=article&id=16190&catid=33:Nasledie-Islama&Itemid=401
- Stroumsa, Sarah (1992). "Avicenna's Philosophical Stories: Aristotle's Poetics Reinterpreted". Arabica. 39 (2): 183–206. doi:10.1163/157005892X00166. ISSN 0570-5398. JSTOR 4057059. Archived from the original on 13 October 2022. Retrieved 13 October 2022.
- Nahyan A.G. Fancy (2006), pp. 80–81, "Pulmonary Transit and Bodily Resurrection: The Interaction of Medicine, Philosophy and Religion in the Works of Ibn al-Nafīs (d. 1288)", Electronic Theses and Dissertations, University of Notre Dame Archived 4 April 2015 at the Wayback Machine[page needed]
- Leaman, 25, 27. "In this book [Intentions of the philosophers] he seeks to set out clearly the views of his opponents before demolishing them, in the subsequent Incoherence of the philosophers."
- Anwar, Sabieh (October 2008), "Is Ghazālī really the Halagu of Science in Islam?", Monthly Renaissance, 18 (10), retrieved 2008-10-14
- Утраченное Просвещение: Золотой век Центральной Азии от араб ского завоевания до времен Тамерлана/Стивен Фредерик Старр. — Пер. с англ. С. 548
- https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&ved=2ahUKEwjZ9JPgm--DAxVf-AIHHVd1DScQFnoECA0QAQ&url=https%3A%2F%2Fiphras.ru%2Fuplfile%2Froot%2Fbiblio%2Fpj%2Fpj_2015_8(3)%2F60-77.pdf&usg=AOvVaw1U6LlWiepkKaOPLYf1yI81&opi=89978449
- Tony Street (July 23, 2008). "Arabic and Islamic Philosophy of Language and Logic". Stanford Encyclopedia of Philosophy. Retrieved 2008-12-05.
- Science and Muslim Scientists Archived 2007-10-20 at the Wayback Machine, Islam Herald
- Mysticism in Sufi Islam". Oxford Research Encyclopedia of Religion. Oxford: Oxford University Press. May 2015. doi:10.1093/acrefore/9780199340378.013.51. ISBN 978-0-19-934037-8. Archived from the original on 28 November 2018. Retrieved 4 January 2022.
- Chittick, William C. "Ebn al-‘ArabiMohyi-al- Din Abu ‘Abd-Allah Mohammad Ta’IHatemi." Encyclopedia Iranica (1996): Web. 3 Apr 2011. <http://iranica.com/articles/ebn-al-arabi بایگانیشده در ۱۹ ژوئیه ۲۰۱۱ توسط Wayback Machine>
- Kamal, Muhammad (2006). Mulla Sadra's Transcendent Philosophy. Ashgate Publishing, Ltd. pp. 9, 39. ISBN 0-7546-5271-8.
- Irwin, Jones (Autumn 2002). "Averroes' Reason: A Medieval Tale of Christianity and Islam". The Philosopher. LXXXX (2).
- Razavi (1997), p. 129
- Irwin, Jones (Autumn 2002). "Averroes' Reason: A Medieval Tale of Christianity and Islam". The Philosopher. LXXXX (2).
- Razavi (1997), p. 130
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Islam filosofiyasy islamdyk dәstүr ayasynda kalyptaskan filosofiyalyk ilimder zhiyntygy Islam filosofiyasyn orta gasyrlarda negizinen islam dinin kabyldagan zhәne arab tilin sirek kezderi parsy tilin pajdalangan Shygys halyktarynyn ojshyldary ondirdi sondyktan filosoftar men filosofiya tarihshylary arab filosofiyasy musylman filosofiyasy arab musylman filosofiyasy zhәne t b terminderdi de pajdalanady Kejinirek musylman elderinin memlekettik tilderinde tүrik urdu zhәne t b filosofiyalyk enbekter koptep zhazyla bastajdy Қazirgi islam filosoftary agylshyn tilinde de zhazady ojtkeni olardyn enbekteri negizinen arab elderinin Pәkistannyn agylshyn tilin zhaksy biletin elitasyna sondaj ak Batys elderindegi musylman diasporalaryna bagyttalgan Ortagasyrlyk arab kolzhazbasyndagy surette Aristotel shәkirt tәrbielep otyr Islamnyn altyn gasyrymen tustas keletin erte islam filosofiyasy әl Kindiden IX gasyr basy bastalyp ibn Rushdpen XII gasyr ayagy ayaktalady Ibn Rushdtyn olimimen islam filosofiyasynyn perepatetikalyk nemese mәshshailik mektebi dep atalgan erekshe pәni tokyrap Andalusiya siyakty Batys musylman elderinde zhәne Soltүstik Afrikada filosofiyalyk belsendilik birshama azajdy Islam filosofiyasy Shygys musylman elderinde ajtarlyktaj uzak saktalyp әsirese Sefevilik Persiyada Osman imperiyasynda zhәne Ұly mogol imperiyasynda birneshe filosofiyalyk mektep orkendedi atap ajtkanda avicennizm sinauiya averroizm rushdiya ishrakiya transcendenttik teosofiya mutagali hikmet sopylyk filosofiya isfaһandyk filosofiya Ibn Haldun ozinin Mukaddima degen enbeginde tarih filosofiyasyna manyzdy үles kosty XIX gasyr ayagy XX gasyr basyndagy Nәһda Oyanys kozgalysy kezinde islam filosofiyasyna kyzygushylyk kajta zhandanyp sodan әlige dejin saktalyp keledi Islam filosofiyasy hristiandyk Europaga үlken әserin tigizgen Arabsha filosofiyalyk mәtinderdin latyn tiline audaryluy ortagasyrlyk latyn әlemindegi barsha derlik filosofiyalyk pәnnin transformaciyasyna әkelip musylman filosoftarynyn ykpaly әsirese tabigat filosofiyasynda psihologiyada metafizikada katty bilindi KirispeIslam filosofiyasy tүrlishe anyktalatyn zhәne koldanylatyn zhalpylama termin Aukymdy magynasynda ol Ғalamnyn zharaluy men Zharatushynyn erkine katysty islamdyk mәtinderden Қuran men sүnnetten tarajtyn musylmandyk dүnietanymdy bildiredi zhәne bir magynasynda maturidi ashgari mүtәzili sekildi kәlam mektepterine karata koldanylady tar magynasynda islam imperiyasy biliginin astynda nemese arab musylman mәdenieti men islam orkenieti ayasynda damygan neoplatonizm aristotelizm sekildi grek filosofiyalyk zhүjelerin bildiretin fәlsafa sozinin audarmasy Dini mәtinderde kezdesetin hikmet arab حكمة hikmәһ danalyk bilgelik sozi filosofiya sozine zhakyn magynany beretindikten islam filosoftary osy termindi de zhii pajdalangan Klassikalyk nemese erte islam filosofiyasynyn negizgi kajnarlary islam әsirese Қurannan alyngan ideyalar zhәne erte musylmandar shapkynshylyk nәtizhesinde muralagan grek filosofiyasy sondaj ak islamga dejingi үndi filosofiyasy men parsy filosofiyasy Erte filosofiyalyk pikirtalastar grek filosofiyasy үlgisimen din men akyl үjlesimi tonireginde orbigen Islam filosofiyasy mindetti tүrde dini suraktarmen ajnalyspajdy zhәne tek musylmandar tarapynan ondirilmejdi Sonymen katar filosofiyalyk zertteulerdin pajdasy men zandylygyn islamdagy oj mektepterinin bәri mojyndaj bermejdi Tagy bir eskeretini akyl arab عقل ʿәkl kejde islam zannamasynyn kajnary dep tanylsa da onyn magynasy filosofiyadagy akyldan baska boluy mүmkin Klassikalyk islam filosofiyasyErte islam ojy negizgi eki bagytta damydy Birinshisi sholastikalyk islam teologiyasynyn racionalistik formasyna katysty kәlam tikelej audarmasy soz ekinshisi filosofiyamen katar logika matematika fizikany kamtityn fәlsafa tikelej audarmasy filosofiya Bul eki bagytty үjlestiruge tyryskan filosof teologtar da boldy atap ajtkanda ibn Sina ibn Rushd ibn әl Һajsam Әbu Rajhan әl Biruni zhәne t b Kәlam ʿIlm әl kәlam arab علم الكلام islam teologiyasy principterin dialektika arkyly anyktajtyn filosofiyalyk bagyt Kәlamdagy algashky pikirtalastar erikti zhaktajtyn kadariler arab قدر kәdr zhazmysh sozinen men tagdyrdy zhaktajtyn zhabariler arab جبر җәbr kudiret sozinen arasynda orbigen Һizhra bojynsha II gasyrda Basra Irak teologiyalyk mektebinde zhana kozgalys pajda boldy Hasan әl Basridin shәkirti Uasyl ibn Ata auyr kүnә arkalagan musylmannyn zhagdajy mәselesinde ustazymen kelise almaj bul toptan bolinip shygady Ol aldyngy kadariler men zhabarilerdin radikal pikirlerin zhүjeleuge kirisip akyrynda mүʿtәzilәһ arab اعتزال iʿtizal bolingen azhyragan sozinen dep atalgan zhana mekteptin negizin kalady Mүtәzililer islam doktrinalaryn katan racionalizm arkyly tүsindirdi Olar islamdagy racionaldyk teologiyany kalyptastyruga talpyngan algashkylardyn biri Alajda mүtәzililer ozge kәlam mektepterinin okilderi atap ajtkanda maturidi men ashgari mүtәkallimderi teologtary tarapynan katan synalady Ashgari mektebinin galymy Fahr әd Din әr Razi mүtәzililerge karsy Әl mүtәkәllimӣn fӣ ʿilm әl kәlam Islam teologiyasyndagy teologtar degen enbek zhazdy Kejinderi kәlam tek zhүrek mindetterin anyktajtyn teologiya sozinin magynasynda koldanylyp dene mindetterin anyktajtyn fikһ ke kukyktanuga karsy kojylyp keldi Fәlsafa Fәlsafa arab فلسفة fәlsәfәһ terminin kobine nakty musylmandyk perepatetizm nemese Shygys aristotelizmi mektebine katysty koldanady Odan bolek Ih uan әs s әfa Tazalyk bauyrlary bastagan tagy bir үrdis neoplatondyk zhәne neopifagorlyk dүnietanymdy Aristotel tilimen tarkatkan Һizhra bojynsha I gasyrda halifat aumagy zhyldam ulgajyp musylmandar zhana mәdeniettermen tanysady Aldymen Үmәuiler kejinnen Abbasiler biligi tusynda ezhelgi grek sanskrit siriya tilderinen gylymi zhәne filosofiyalyk mәtinder arabshaga audaryldy Grek filosofiyasyn dәriptep fәjlasuf atangan algashky mәshshai musylman perepatetik arabtar filosofy әl Kindi sanalady Musylman filosoftary Platon Aristotel sekildi grek ojshyldary kozkarastaryn islam ojymen biriktirdi Mundaj zhүjeni algash usyngan ekinshi ustaz әl Farabi Budan ary akyl men nakyl үjlesimi mәselesine erte musylman ojshyldary Ih uan әs s әfa ibn Sina ibn Rushdten otip kejingi musylman ojshyldary Suһrauardi Mir Damad Molla Sadraga dejin kalam tartady Fәlsafanyn kelesi bir үlken okili ibn Sina islam ojyndagy logika mantyk etika ahlak metafizikany zhana dengejge koterdi Onyn negizgi әri kopshilik enbegi arabsha biren sarany parsysha ol zhazgan Daneshnameһ je ʿӘlaʾi ʿӘlaʾ әd Dәulaga arnalgan bilik kitaby zhana parsy tilindegi algashky filosofiyalyk tuyndy Aristotelge shәrhterinde kommentarijlerinde ol birinshi ustazdy zhii synap izhtiһad tүrindegi pikirtalaska zhүgingen Ibn Sinanyn neoplatondyk emanaciya shemasy XII gasyrda kәlamnan irgeli oryn aldy Klassikalyk kezennin ayagy XIV gasyrga tiesili surettegi ibn Rushd bejnesi XII gasyr sheninde filosoftar men ortodokstar tarapynan birdej ajyptalgan kәlam zhaktaushysy tabylmaj zhokka ajnaldy Birak sonymen bir kezende fәlsafa da katan synga ushyrajdy Musylman perepatetizmine en karymdy sokky zhasagan әl Ғazali Ol ozinin Tәһafut әl fәlasifәһ Filosoftardyn kisynsyzdygy degen enbeginde mәshshailik mekteptin negizgi argumentterin zharamsyz etip shygardy Erte islam filosofiyasynyn songy okilderinin biri ibn Rushd fәlsafa kozkarastaryn әl Ғazali synynan korgauga kiristi Ibn Rushd teoriyalary ibn Bazhzha men ibn Tufajl olar әl Farabi men ibn Sina ilimderine sүjengen teoriyalarynan katty erekshelenbejdi Birak әl Farabi ibn Sina zhәne t b islam filosoftary dәstүrli senimderge bylajsha ajtkanda kol sugatyn takyryptardy atүsti karastyrsa ibn Rushd olarga ajryksha naktylyk pen basymdyk bere toktalgan Әl Ғazali synyna zhauap retindegi Tәһafut әt tәһafut Қisynsyzdyn kisynsyzdygy degen enbeginde ibn Rushd filosofiyany racionalistik turgyda zhaktap shykty Batys galymdary klassikalyk islam filosofiyasynyn ibn Rushdpen ayaktaluyn tikelej әl Ғazali synymen bajlanystyryp keldi Mysaly S F Starr kozkarasynsha ibn Rushd kesh kaldy Әl Ғazalidin gylym men filosofiyany karkyndy әshkereleui arabsha okityn bukara arasynda bayagyda ak bedelge zhetken edi Budan bylaj musylman әleminde erkin gylymi zertteulerge alshandata filosofiya soguga oryn kalmajdy Degenmen islam әlemindegi racionalizmnin kuldyrauyn әl Ғazali synynan kori әleumettik ekonomikalyk zhәne sayasi sebepterge tirejtin pikirler kejinderi zhii ajtylyp zhatyr Kejingi islam filosofiyasyErte islam racionalizminin tokyrauy turaly dәstүrli kozkaraska karamastan Dmitrij Gutas pen Stenford filosofiya enciklopediyasy Stanford Encyclopedia of Philosophy XI XIV gasyrlar aralygyn islam filosofiyasynyn nagyz altyn gasyry dep korsetedi Bugan әl Ғazalidin medreselerdegi oku bagdarlamasyna logikany sәtti engizip artynsha sinauiyanyn avicennizmnin orkendegeni muryndyk bolgan Musylmandyk Ispaniya men Portugaliyadagy sayasi bilik hristiandar kolyna otken son Batys Europa musylmandary sәjkesinshe filosofiyamen ajnalyskan zhok Bul okigalar sonymen katar islam әleminin batysy magrib men shygysy mashrik arasyndagy bajlanys үzilisine әkeldi Birak shygys musylmandary filosofiyamen ajnalysa bergen Osman imperiyasynda zhәne kazirgi Iran men Indiya aumagyndagy musylman patshalyktarynda koptegen filosofiyalyk enbek zhazyldy Onyn үstine medreselerde mantyk bүgingi kүnge dejin okytylyp keledi Bul fakt islam filosofiyasynyn pre modern tarihshylary nazarynan tys kalgan Ibn Rushdtan kejin islam filosofiyasynyn birneshe kejingi mektebi orkendedi Mir Damad bastagan Isfaһan mektebi shigalyk islamnyn intellektualdyk murasyna zor үles kosty Bul zhana mektepterdin kejbiri islam әleminde әlige dejin belsendi Olardyn arasyndagy en manyzdylary Ishrakiya Sopylyk filosofiya Mutagali hikmet Ishrakiya Ishrakiya nemese ishrak hikmeti arab حكمة الإشراق hikmәt әl ishrak XII gasyrda Shiһabuddin Suһrauardi negizin kalagan islam filosofiyasynyn mistikalyk mektebi Suһrauardidin Kitәb hikmәt әl ishrak Ishrak hikmeti kitaby degen enbegi avicennizm perepatetizm neoplatonizm ykpalynda zhazylsa da islam filosofiyasy tarihyna zhanashyl әri tolymdy үsteme Ishrakiya mektebi kesimdi mindettilik ideyasyn damyta otyryp islam filosofiyasyndagy logikada grek logikasyna zhүjeli teristeme usyndy Sopylyk filosofiya Sopylyk filosofiya baska filosofiyalyk dәstүrler sekildi koptegen tarmakka bolinedi Onyn ozindik kosmologiyasy metafizikasynan bolek birkatar biregej koncepciyasy bar Sopylyk filosofiyanyn algashky avtorlarynyn biri әl Ғazali 1058 1111 Men koncepciyasyn zhәne bakyt pen bakytsyzdyk sebepterin talkylagan Sopylyk metafizikasyn Fus us әl hikәm Hikmet zerleri degen enbeginde ibn Arabi 1165 1240 teren karastyrdy Onyn negizgi doktrinasy uәhdәt әl uҗud arab وحدة الوجود nemese Bolmystyn transcendentti birligi Mutagali hikmet Iranda 2010 zhyly Molla Sadraga arnap shygarylgan poshta markasy Mutagali hikmet arab حكمة المتعالية hikmәt әl mүtәʿalijәһ nemese transcendenttik teosofiya mektebin XVII gasyrda parsy filosofy Molla Sadra kalyptastyrdy Onyn filosofiyasy men ontologiyasynyn islam filosofiyasy үshin manyzy XX gasyrdagy Batys filosofiyasy үshin Martin Hajdegger filosofiyasynyn manyzyna parapar Molla Sadra shyndyk tabigatynyn zhana filosofiyalyk tүsinigin alga tartyp islam filosofiyasynda Batys filosofiyasynan zhүz zhyl buryn essencializmnen ekzistencializmge manyzdy otkel zhasady Essenciya ekzistenciyadan ilgerindi degen ideyany ibn Sina men Suһrauardi kalyptastyrgan filosofiyalyk mektepter korgap keldi Ekzistencializmnin irgeli koncepciyasy sanalatyn ekzistenciya essenciyadan ilgerindi degen keregar ideyany oz enbekterinde ibn Rushd pen Molla Sadra damytkan Derekkozderhttps www jstor org stable 826146 Musulmanskaya filosofiya falsafa antologiya perev s arab v soav s N V Efremovoj Kazan 2009 https iphlib ru library collection newphilenc document HASH0155bee878519a2e6289cb55 https plato stanford edu entries arabic islamic influence Fakhry Majid 2006 Philosophy and the Qurʾan In McAuliffe Jane Dammen ed Encyclopaedia of the Qurʾan Vol IV Leiden Brill Publishers doi 10 1163 1875 3922 q3 EQCOM 00146 ISBN 90 04 14743 8 Oliver Leaman 2002 An Introduction to Classical Islamic Philosophy ط 2 Cambridge University Press ص 211 12 ISBN 0521793432 https books google com books id fuv8J g7EdAC amp pg PA1 v onepage amp q amp f false Musulmanskaya filosofiya falsafa antologiya perev s arab v soav s N V Efremovoj Kazan 2009 Abboud Tony 2006 Al Kindi the father of Arab philosophy Rosen ISBN 978 1 4042 0511 6 https web archive org web 20101206132830 http imamat news ru index php option com content amp view article amp id 16190 amp catid 33 Nasledie Islama amp Itemid 401 Stroumsa Sarah 1992 Avicenna s Philosophical Stories Aristotle s Poetics Reinterpreted Arabica 39 2 183 206 doi 10 1163 157005892X00166 ISSN 0570 5398 JSTOR 4057059 Archived from the original on 13 October 2022 Retrieved 13 October 2022 Nahyan A G Fancy 2006 pp 80 81 Pulmonary Transit and Bodily Resurrection The Interaction of Medicine Philosophy and Religion in the Works of Ibn al Nafis d 1288 Electronic Theses and Dissertations University of Notre Dame Archived 4 April 2015 at the Wayback Machine page needed Leaman 25 27 In this book Intentions of the philosophers he seeks to set out clearly the views of his opponents before demolishing them in the subsequent Incoherence of the philosophers Anwar Sabieh October 2008 Is Ghazali really the Halagu of Science in Islam Monthly Renaissance 18 10 retrieved 2008 10 14 Utrachennoe Prosveshenie Zolotoj vek Centralnoj Azii ot arab skogo zavoevaniya do vremen Tamerlana Stiven Frederik Starr Per s angl S 548 https www google com url sa t amp rct j amp q amp esrc s amp source web amp cd amp ved 2ahUKEwjZ9JPgm DAxVf AIHHVd1DScQFnoECA0QAQ amp url https 3A 2F 2Fiphras ru 2Fuplfile 2Froot 2Fbiblio 2Fpj 2Fpj 2015 8 3 2F60 77 pdf amp usg AOvVaw1U6LlWiepkKaOPLYf1yI81 amp opi 89978449 Tony Street July 23 2008 Arabic and Islamic Philosophy of Language and Logic Stanford Encyclopedia of Philosophy Retrieved 2008 12 05 Science and Muslim Scientists Archived 2007 10 20 at the Wayback Machine Islam Herald Mysticism in Sufi Islam Oxford Research Encyclopedia of Religion Oxford Oxford University Press May 2015 doi 10 1093 acrefore 9780199340378 013 51 ISBN 978 0 19 934037 8 Archived from the original on 28 November 2018 Retrieved 4 January 2022 Chittick William C Ebn al ArabiMohyi al Din Abu Abd Allah Mohammad Ta IHatemi Encyclopedia Iranica 1996 Web 3 Apr 2011 lt http iranica com articles ebn al arabi بایگانی شده در ۱۹ ژوئیه ۲۰۱۱ توسط Wayback Machine gt Kamal Muhammad 2006 Mulla Sadra s Transcendent Philosophy Ashgate Publishing Ltd pp 9 39 ISBN 0 7546 5271 8 Irwin Jones Autumn 2002 Averroes Reason A Medieval Tale of Christianity and Islam The Philosopher LXXXX 2 Razavi 1997 p 129 Irwin Jones Autumn 2002 Averroes Reason A Medieval Tale of Christianity and Islam The Philosopher LXXXX 2 Razavi 1997 p 130