Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910, Көлбастау – 10 маусым 1982, Алматы) — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры
Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 гвардиялық полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
Бауыржан Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Өмірбаяны
Балалық шағы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан.
Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1921 жылы бастауыш класты оқуға Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев пен Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
Соғысқа дейінгі өмірі
- 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
- 1932-1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
- Туған ауылына қайтып оралып, бірнеше жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.
- Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.
- 1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
- 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
- 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.
- 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
- 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.
- 1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
- 1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
- 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психологиясы" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Мәскеу үшін шайқас
Мәскеу түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколамск тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші басқарады.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.
1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.
1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
Соғыстан кейінгі жылдары
- 1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.
- 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады.
- 1952 жылы Кеңес Әскері Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды.
- 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.
- Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Кеңес Әскері әскери академиясында сабақ береді.
- 1955 жылы желтоқсан айы соңында (45 жасқа толғанда) полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды. Өмірбек Жолдасбек Қазақ Ұлттық Университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған көрінеді. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды.
Кубаға сапары
Бауыржан Момышұлы 1963 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмеді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырды. Куба әскерилерінің (негізінен әртүрлі аудиторияның) алдында дәріс оқыды (“Куба кездесулері” (“Кубинские встречи”; орысша дайындалған баяндама, 11-21 қараша 1963 жылғы жазбалардан деген мәліметтермен 1986 жылғы Алматының “Жазушы” баспасында басылған орыс тіліндегі қос томдық шығармалар жинағының екінші томына 13 беттік мәтін боп кірді; алғаш сол жылы жарияланды)). Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" (1975 жылы “Ұшқан ұя” жинағына үш әңгіме (“Жол үстінде”, “Олар менің есімде”, “Ол екеуміз”), “Ұшқан ұя” хикаятымен бірге кіргізілді, соның ішінде сапарнама мәтін көлемі – 130 бет) атты сапарнамалық кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.
1963 жылы қарашада (11-21 қараша) Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді.
1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. Кеңсай зиратына қойылды.
Батырдың 100 жылдығы
2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді .
2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында кеңес-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған..
2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
2010 жылы қыркүйек айында Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты (Алматыдағы “Өнер” баспасы басып шығарды).
Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы
Бауыржан Момышұлы жігіттік шағында-ақ ғашықтық жырлар, достарына, жерлестеріне арнау өлеңдер жазған. Оның алғы шептен жазған мақалалары мен өлеңдері, аудармалары майдан газеттерінде, «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» және басқа басылымдарда жарық көріп тұрған.
Майданда ол күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірді. Ол кез-келген жағдайда қарда да, жаңбырда да және тіпті қоршауда қалған кезде де жазба жүргізді. Осылайша, ол 38 жауынгерлік жазба кітапша жазды. Онда соғыс барысы, сарбаздардың ойы мен әрекеті туралы айтылады. Оның негізгі әдеби шығармалары оқырманды шыншылдығымен таңғалдырады. «Бір түннің тарихы» оның дарынды жазушы екенін жариялаған алғашқы туындысы.
Бауыржан соғыс уақытында «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», «Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған.
1952-1956 жылы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көрді.
Шығармалары
- Ұшқан ұя (Наша семья) (1953 жыл, орысшасы; 1975 жыл, қазақшасы)
- Мәскеу үшін шайқас (За нами Москва) (1958 жыл, роман)
- Майдан
- Төлеген Тоқтаров (бұл да аталған романның төртінші кітабында)
- (1963 жыл)
- Адам қайраты (“Мәскеу үшін шайқас” романының төртінші кітабында)
- Психология войны
- Ол екеуі (қазақша; орысша нұсқасы “Она”)
- Олар менің есімде (қазақша; орысша нұсқа “Я помню их”)
- Жол үстінде
- Куба әсерлері
- Музей апа (орысша)
- Она (орысша)
- Из строя в труд (из дневника писателя); “Қатардан еңбекке” (жазушы күнделігінен)
- Я помню их (орысша)
- Проблема литературного героя
- История одной ночи (орысша, бұл шығарма 1986 жылдық екі томның бірінші томында “За нами Москва” романынан бөлек боп енді)
- Бір түннің тарихы (“Мәскеу үшін шайқас” романына 1968 жылғы екі томдықтың бірінші томына бұ атаумен емес, жоғарыдағы бас романына төртінші кітапқа соның қазақша нұсқасы сюжеттік қалпы сақталып кіргізілді, бірақ орысша, қазақша мәтіндерінде “Мәскеу үшін шайқастағыдай” еп-елеуіңкі айырмашылықтар ұшан-теңіз)
Отбасы
- Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні — Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.
- Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жылғы)
- Бақытжамал Қалибекқызы — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.
- Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы.
- Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні (1945 жыл, 18 қаңтарда туған) — келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайын атасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.
Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар
Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысы Аса ауылындағы көшеге батырдың аты берілген:
- Бауыржан Момышұлы атындағы көше
- Бауыржан Момышұлы атындағы метро бекеті
- №131 мектеп-лицейі және «Жас Ұлан» әскери мектебі
- Бауыржан Момышұлы атындағы даңғыл
- №44 және № 120 мектептер
Жамбыл облысында
- Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауылы Бауыржан Момышұлы ауылы болып өзгертілген.
- Бауыржан Момышұлы ауылдық округі
- №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.
- Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы бар.
Ескерткіштер
- Волоколамскідегі бюст
- Кеңсай зиратында
-
-
Марапаттары
Соғыс кезінде
- 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
- 1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен;
- 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды
Соғыстан кейін
- 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен
- КСРО Президентінің 1990 ж. 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637).
- 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды
Қызықты деректер
Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин.
Бауыржан Момышұлы үш қыздан кейін, әкесінің 53 жасында дүниеге келген.
Бауыржан Момышұлы туралы
- 1967 «За нами Москва», Режиссері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев
- 2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров
- 2013 - Бауыржан Момышұлы (телесериал) Режиссері: Ақан Сатаев.
- Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан Нұршайықов
- Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек
- - авторы Бақытжан Момышұлы
- - авторы Бақытжан Момышұлы
- - авторы Бақытжан Момышұлы
- Шуақты күндер - авторы
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
“ | Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ.
| ” |
“ | Тәртіпке бас иген құл болмайды!
| ” |
“ | Отаның үшін отқа түс — күймейсің.
| ” |
“ | Ептілік пен ерлік — Ерге тән қасиет.
| ” |
“ | Сен жаудан қашсаң — өмір сенен қашады.
| ” |
“ | Тәрбиелі — тәртіптің құлы, Тәртіпті — елдің құлы.
| ” |
“ | Өз кітаптарым — өз балаларым. Олардың да Отаныма адал қызмет етуін қалаймын.
| ” |
“ | Үмітін жоғалтқан жан — ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
| ” |
“ | Елім деп езіліп, жұртым деп жұмылып, елге қызмет ет.
| ” |
Бауыржан Момышұлы |
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Герои страны, Бауыржан Момыш-улы, http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1543
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- Өмір жолы. Бауыржан Момышұлы
- Бауыржан Момышұлы және оның соғыс өнері
- Б. Момышұлының "Соғыс психологиясы" атты кітабының тұсаукесері өтті(қолжетпейтін сілтеме)
- Баурджан Момышулы. Собрание сочинений в двух томах. Том второй. Алма-Ата, издательство «Жазушы», 1986, стр. 276-289
- Азаттық радиосы, Алматыда Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті, [1]
- Азаттық радиосы, Алматыда Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды
- Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар өтуде(қолжетпейтін сілтеме)
- Бауыржан Момышұлының 30 томдық еңбектер жинағы жарыққа шықты
- Бауыржан Момышұлының айтылмаған ерлігі
- Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
- Қызыл Ту орденін беру туралы жазба
- Баукеңнің алты ерлігі(қолжетпейтін сілтеме)
- Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін деректер
- Тарихи тұлғалар. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Baurzhan Momyshuly |
- Бауыржан Момышұлы. Қазақ тілі туралы пікір
- Бауыржан Момышұлы туралы 13 дерек
- Өн-бойы ар-намыстан жаралған
- «Бiр адамды екi қайтара сынаудың қажетi жоқ» Мұрағатталған 19 сәуірдің 2017 жылы.
Бұл мақала қазақша Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне енеді. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bauyrzhan Momyshuly 24 zheltoksan 1910 Kolbastau 10 mausym 1982 Almaty kazaktyn әjgili әskeri kolbasshysy Ұly Otan sogysynda danky shykkan strateg zhәne taktik zhazushy Kenes Odagynyn BatyryBauyrzhan MomyshulyLakap atyShan timesTugan kүni24 zheltoksan 1910 1910 12 24 Tugan zheriKolbastau Zhualy audany Zhambyl oblysy ҚazakKSR KSROҚajtys bolgan kүni10 mausym 1982 1982 06 10 71 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty ҚazKSR KSROMemleket KSROӘsker tүriatty әskerҚyzmet etken zhyldary1932 1934 1936 1955AtagyGvardiya polkovnigiBaskardy9 shy gvardiyalyk atkyshtar diviziyasyShajkasyHasan shajkasy Ұly Otan SogysyMarapattaryBauyrzhan Momyshuly Ortakkorda Batys majdanyndagy 16 armiyanyn 316 atkyshtar diviziyasyndagy 1941 zhyldyn karashasynan bastap 8 shi gvardiyalyk atkyshtar diviziyasy 1073 atkyshtar polkinin 1941 zhyldyn karashasynan 19 gvardiyalyk polki zhәne batalon komandiri Ұly Otan sogysyna general major I V Panfilov baskargan әjgili diviziyasynyn kuramynda 1941 zhyldyn kyrkүjek ajynan bastap katysty Batalon komandiri retinde aga lejtenant Bauyrzhan Momyshuly Mәskeu үshin shajkasta 27 ret uryska katysty 1941 zhyldyn 16 18 karasha kүnderi vermahtyn Mәskeu bagytynda ekinshi mәrte zhasagan zhorygy kezinde aga lejtenant Momyshuly baskargan batalon diviziyadan kashykta Matronino derevnyasynyn zhanynda Volokolamsk tas zholynda askan erlikpen urys zhүrgizdi Bilikti kombattyn basshylygy arkasynda 3 kүn bojy fashister shabuylyn tojtaryp batalon үlken shygynsyz uryska kabiletti zhagdajda korshaudan shygady Bauyrzhan Momyshuly әskeri pedagogika men әskeri psihologiyany bajytushy baga zhetpes mura kaldyrgan dara tulga Onyn atak danky batyrlygy A Bektin Volokolamsk tas zholy atty kitabynda suretteldi Kitap nemis cheh evrej agylshyn francuz t b shet tilderine audaryldy Sogystan kejin Bauyrzhan Momyshuly Sovet Armiyasy Bas shtabynyn Zhogary әskeri akademiyasyn bitiredi Әskeri pedagogikalyk zhumyspen ajnalasyp Sovet Armiyasy әskeri akademiyasynda sabak beredi El tәuelsizdik algannan kejin Қazakstan Respublikasynyn tungysh Prezidenti N Nazarbaevtyn zharlygymen ogan Halyk kaһarmany degen atak berildi ӨmirbayanyBalalyk shagy Bauyrzhan Momyshuly 1910 zhyldyn 24 zheltoksanynda Zhambyl oblysynyn Zhualy audanyndagy Kolbastau auylynda tugan Dulat tajpasynyn Shymyr ruynan Imash babasy 1911 zhyly 92 zhasynda dүnieden otken Әkesi Momysh oz betimen eskishe sauat ashkan kiril alfavitimen okudy mengergen sol kezendegi kozi karakty adamdardyn biri bolgan El arasynda agash ustasy zhәne etikshi zergerligimen tanymal bolatyn Imash atasy kartajgan kezinde barlyk sharuashylykty Momysh ulyna tabystagan Әzhesinin esimi Қyztumas kartajgan shagynda agajyn tuys sary kempir dep atagan Anasy Rәziya dүnieden erte otip Bauyrzhan 3 zhasynan bastap Қyztumas әzhesinin kolynda osedi 1921 zhyly bastauysh klasty okuga Asa internatyna tүsedi 1924 zhyldan bastap zheti zhyldyk mektepti Shymkent kalasynda okidy Bul sol onirdegi 1924 zhyly ashylgan algashky zhetizhyldyk mektep bolatyn Bauyrzhanmen bir synypta Әbdilda Tәzhibaev pen Қurmanbek Sagyndykov okidy 1928 zhyly mektepti үzdik bitirip Orynbor kalasyndagy Қazak Pedagogikalyk institutyna okuga tүsedi Institut direktory Toktybaev degen kisi bolatyn Zhas balanyn katty suykta zhuka kiimmen zhүrgenin korip ozinin kabinetine shakyrtyp alady Balanyn kolyna buhgalteriyaga kagaz zhazyp berip osy kagaz bojynsha aksha alatyndygyn zhәne sol akshaga auylga kajtatyndygyn ajtady Osyndaj turmys zhagdajyna bajlanysty okudan ketedi Sogyska dejingi omiri 1928 1930 zhyldary bastauysh mektepte ustazdyk etedi Biraz uakyt audandyk atkaru komitetinin zhauapty hatshysy retinde kyzmet atkarady Audandyk miliciyada 6 ajdaj zhumys istejdi 1932 1934 zhyldar aralygynda Қyzyl Armiya katarynda kyzmet etedi 1933 zhyly polk mektebin bitiredi Tugan auylyna kajtyp oralyp birneshe zhyl karzhy mekemesinde kyzmet istejdi Atkaru komitetindegi kyzmetimen kozge tүsken Bauyrzhan Timofej Duboviktin koldauymen Shymkent onerkәsip bankinin ekonomisi bolady Osy kyzmette zhүrgen uakytta 1936 zhyly Respublikalyk banktin mengerushisi B M Barhannyn zholdamasymen Leningradtagy Finans akademiyasynyn zhanyndagy bir zhyldyk kursty bitiredi Biliktiligin bagalagan basshylyk ony KSRO onerkәsip bankinin respublikalyk baskarmasyna aga konsultant retinde tagajyndajdy 1936 zhyly zhanadan kurylyp zhatkan bolimge vzvod komandirligine shakyrylady Bul kezde rota komandiri polk shtaby bastygynyn komekshisi bolady 1939 zhyly әkesi Momysh kajtys bolady Ekinshi dүniezhүzilik sogys zhyldary 1941 zhyly Қazak әskeri komissariatynyn nuskaushysy kyzmetin atkarady Ұly Otan sogysyna 1941 zhyldyn kyrkүjeginen bastap katysty 316 atkyshtar diviziyasynyn zhasaktaluyna belsene atsalysyp sol diviziya kuramynda majdanga attanady 1941 zhyldyn 26 karashasynda marshal Rokossovskij polk komandiri etip tagajyndajdy 1941 1945 zhyldary Panfilov atyndagy 8 gvardiyalyk diviziyanyn batalon polk komandiri sogystyn songy zhyldary atalgan diviziyanyn komandiri bolady 1942 zhyldyn 6 mausymynda Қyzyl Zhuldyz ordenimen marapattalady 1944 zhyly densaulygyna bajlanysty Almaty gospitaline zhiberiledi 1945 zhyldyn 16 kantarynda Almatyga kelgen Bauyrzhandy galymdar sogys turaly әngime lekciya otkizuge shakyrtyp kezdesu ujymdastyrady Osy lekciyanyn stenogrammasy kejinrek Sogys psihologiyasy degen atpen kitap bolyp basyldy Algashynda tek orys tilinde zharyk korgen bul enbek 2010 zhyly Bauyrzhan Momyshulynyn 100 zhyldygyna oraj kazak tilinde de zharyk kordi Sogys kezinde zheke basynyn kaһarmandyk erligimen zhәne urys zhүrgizudegi әskeri sheberligimen erekshe kozge tүsedi Birneshe ret zhau korshauynan zhauyngerlerin aman esen alyp shygady Mәskeu tүbindegi shajkastagy erligi sol kezdin ozinde Odak kolemine anyz bolyp zhajylady Osynyn negizinde orystyn belgili zhazushysy A Bek Volokolamskoe shosse kazakshasy Arpalys povesin zhazdy Bul shygarma kejin birneshe tilge audarylady Zhauyngerlik is kimyldarga katysty urystan shygu sheginis zhasau tәsilderinin arnajy tarau bolyp әskeri zhargyga enui taktikada oshakty zhәne ikemdi korganys ugymdarynyn kalyptasuy Bauyrzhan Momyshulynyn osyndaj tәzhiribelerinin zhiyntygy bolyp tabylady Bauyrzhan Momyshuly zhau shepterine ishkerlej enip urys zhүrgizu teoriyasyn sogys tәzhiribesinde algash koldanushylardyn zhәne ony damytushylardyn biri boldy Mәskeu үshin shajkas Momyshulyga arnalgan poshta bolimi 2010 Mәskeu tүbindegi shajkas Bauyrzhan Momyshulynyn omirindegi erekshe kezen boldy Zhas sardar 1073 atkyshtar polkinin batalon komandiri aga lejtenant Bauyrzhan Momyshuly sarbazdarmen kakagan kysta Mәskeu tүbinin omby karyna maltyga zhүrip bes ret korshaudy zharyp shygyp zhalpy sany 27 ret kol bastap uryska kirip sogys tarihynda bolmagan taktikalyk manevrler zhasap әskeri onerge zhanalyk engizgen Komandir Momyshuly zhetik strateg askan taktik psiholog edi 1941 zhyldyn 16 18 karasha kүnderi aralygynda vermahtyn Mәskeuge ekinshi dүrkin shabuyly kezinde B Momyshuly baskargan batalon oz diviziyasynan kashykta Matronino selosynyn manynda Volokolamsk tas zholyda asa erlikpen sogysty Kombattyn daryndy basshylygynyn arkasynda nemis әskeri bul manda 3 kүnge irkilip kaldy Bul erliginen son zhas kombat oz sarbazdaryn korshaudan sogyska kabiletti zhagdajda alyp shykty Alajda alasapyran shakta kysyltayan zhagdajga ushyragan kejbir polkterdin batalon rotalarymen bajlanysy үzilip zhauyngerlerdin kaj zherde kandaj halde ekenin bilu kiynga sogady Sondaj zhagdajga ushyragandardyn biri Bauyrzhan baskargan birinshi batalon edi Bauken endi sheginudin nakty zhosparyn zhasajdy Batalonnyn aldynda zhүretin on bes adamnan kurylgan aldyngy zhakty barlajtyn barlaushy kojyp vzvod vzvodpen bolek bolek bolyp birinin izimen birin zhүrgize zhylzhudy ujgarady Batalon aldyndagy barlaushylardy aga lejtenant Rahimov pen sayasi zhetekshi baskarady Kүndiz zhau kozine tүspeu үshin zhauyngerlerine tүndeletip zhүrudi bujyrady Kүndiz kalyn togajda tynystap tүnde barlaushylar arkyly belgilengen bagytpen saktana zhүrip otyrgan zhauyngerler tabandylyk pen tozimdilik korsetip kalyn karagajly togaj ishinin kalyn karyn ombylaj zhүre otyryp eki kүnnen kejin Novlyansk pen Ivanovsk derevnyalarynyn aralygynan shygady Barlaushylardyn ajtuynsha osy Ivanovsk derevnyasynda panfilovshylardyn 1075 polkinin birinshi batalony turady eken Bular әli shajkaska katyspagandyktan tyn turady Әdiskoj tәzhiribeli komdiv I V Panfilov bul polkti uakytsha әdeji rezervte ustap tur eken B Momyshuly baskargan batalon tүgeldej zhau kolynan kaza tauyp zhojylyp ketti degen lakapty estigen olar tүgeldej aman oralgan zhauyngerlerdi zor kuanyshpen karsy aldy Bauyrzhan bastagan batalon zhauyngerlerin korgende I V Panfilov kuangannan kozine zhas alady Ivan Vasilevich kopten kormegen bauyryn kezdestirgendej Bauyrzhandy kausyra kushaktaj alyp betinen sүjip Zharajsyn sunkarym dep arkasynan kagady 19 gvardiyalyk atkyshtar polkinin komandiri retinde 1941 zhyldyn 26 30 karasha kүnderi gvardiya kapitan Momyshuly Mәskeu oblysynyn Sokolovo derevnyasynyn manynda nemis әskerinin shabuylyn 4 tәulik bojy kajtaryp sәtti urys zhүrgizdi 1941 zhyldyn 5 zheltoksanynda omyrtkaga ok tiip zharakat aldy Әzilhan Nurshajykovtyn Akikat pen Anyz kitabynda Bauyrzhan ozin sanbatka zhetkizgende dәrigerler dereu gospitalga aparu kerek dep sheshkendigin birak ol tapanshamen dәrigerdi korkytyp okty sol zherde shygarudy bujyrganyn ajtady Okty alyp zharany tangannan kejin kapitan Bauyrzhan Momyshuly urys alanyna kajta oralady Kenes әskerlerinin 1942 zhylgy kantar akpan ajlaryndagy urystarynda 8 gvardiyalyk diviziyanyn Bauyrzhan Momyshuly baskargan polk zhauyngerleri erekshe kozge tүsti Diviziya eki aj ishinde batyska karaj 500 600 shakyrym alga basyp fashisterdin myndagan soldaty men oficerlerin saptan shygarady zhaudyn koptegen tehnikasyn zhojyp zhiberdi 1944 zhyly Komdiv bolyp zhүrgen kezinde Dubrovka derevnyasynyn manynda bolgan urys kezinde tagy katty zharalanady Өz ajtuynsha kujymshakpen zherden shygyp turgan temirge kulagan eken Biraz uakyt atka otyra almaj zhәne shalkasynan zhata almaj zhүrdi birak gospitalge barmady Sol uakyttan 1944 zhyldyn nauryzyna dejin gospitalde zhatady Sol zhyly Bas Shtabytyn Әskeri Akademiyasynyn zhanyndagy oficerlerdin biliktiligin arttyru kurstaryn bitirip shygady 1945 zhyldyn 21 kantarynan bastap gvardiya polkovnik Bauyrzhan Momyshuly Ekinshi Pribaltika majdanynyn 6 gvardiyalyk armiyasynyn 2 gvardiya atkyshtar polkinin 9 gvardiya atkyshtar diviziyasyn baskardy 1945 zhyldyn akpan nauryz ajlarynda Bauyrzhan Momyshuly baskargan diviziya Priekule stanciyasynyn soltүstik batys zhagynda ornalaskan nemis әskerinin үsh bekinisin buzyp otedi Diviziya shabuylynyn nәtizhesinde 15 eldi meken bosatyldy al zhau әskerine үlken ziyan tigen bolatyn Bauyrzhan Momyshulynyn katardagy zhauyngerler zhajly ajtkan nakylga bergisiz sozderi halkymyzdyn esinde Dankty kolbasshy soldattyn minez kulkyn parasatyn eli үshin shybyn zhanyn kiyatyn erligin erekshe bagalaj bilgen Sonyn arkasynda olardy erlik zhenisterge bastap zhigerlendirip otyrgan Bauyrzhan Momyshuly sogys zhyldarynda aduyndy da katal әskeri basshy bolyp kana kojgan zhok sonymen katar karamagyndagy zhauyngerler men oficerlerdin akylgoj zhetekshisi zerdeli de bilgir bajypty da mejirman tәrbieshisi de bola bildi Gvardiya polkovnigi Bauyrzhan Momyshulynyn 1990 zhyldyn 12 zheltoksanynda tuganyna 80 zhyl toluyna oraj Kenes Odagynyn Batyry degen zhogary atak berildi B Momyshulynyn Әdilet kashanda zhenedi ol keshikse de kelmej kojmajdy degen sozi shyndykka ajnalyp el tilegi oryndaldy Әlkej Margulanmen birgeSogystan kejingi zhyldary 1946 1948 zhyldary Voroshilov atyndagy әskeri akademiyanyn tyndaushysy bolady 1948 1950 zhyldary 49 atkyshtar brigadasy komandirinin orynbasary kyzmetin atkarady 1952 zhyly Kenes Әskeri Bas Shtabynyn zhanyndagy Zhogary әskeri akademiyany tәmamdajdy 1953 zhyly akademik Van Chon Hudyn baskaruymen kelgen Қytaj delegaciyasymen kezdesedi Sogystan kejin 1950 1955 zhyldary Kenes Әskeri әskeri akademiyasynda sabak beredi 1955 zhyly zheltoksan ajy sonynda 45 zhaska tolganda polkovnik atagymen otstavkaga shykkan con elge oralady Elde biraz uakyt zhumys tabylmajdy Өmirbek Zholdasbek Қazak Ұlttyk Universitetinin әskeri kafedrasyna zhumyska almak bolady Alajda ogan da karsylyk bolgan korinedi Batyr endi tolyktaj shygarmashylykpen ajnalysady Ol kazak zhәne orys tilderinde birdej zhazyp oz omirindegi korgen bilgenderin shygarmalaryna arkau etedi Onyn kalamynan tugan omir shyndygynyn negizindegi tamasha romany men әngime povesteri kalyn okushynyn izdep okityn shygarmalaryna ajnalady Olar birneshe kajtara basylyp shygaryldy Kubaga sapary Bauyrzhan Momyshuly 1963 zhyly Fidel Kastronyn shakyruymen Kuba eline barady Sapar barysynda Kuba basshysy Fidel Kastromen kezdesudin reti kelmedi birak inisi Raul Kastromen kezdesip ol kisige үlken әser kaldyrdy Kuba әskerilerinin negizinen әrtүrli auditoriyanyn aldynda dәris okydy Kuba kezdesuleri Kubinskie vstrechi oryssha dajyndalgan bayandama 11 21 karasha 1963 zhylgy zhazbalardan degen mәlimettermen 1986 zhylgy Almatynyn Zhazushy baspasynda basylgan orys tilindegi kos tomdyk shygarmalar zhinagynyn ekinshi tomyna 13 bettik mәtin bop kirdi algash sol zhyly zhariyalandy Kubaga bargan sayahaty zhajynda Kuba әserleri 1975 zhyly Ұshkan uya zhinagyna үsh әngime Zhol үstinde Olar menin esimde Ol ekeumiz Ұshkan uya hikayatymen birge kirgizildi sonyn ishinde saparnama mәtin kolemi 130 bet atty saparnamalyk kitap zhazady Bauyrzhan Momyshuly Fidel Kastro men Ernesto Che Gevaranyn үlgi tutkan tulgasy bolgan 1963 zhyly karashada 11 21 karasha Kuba үkimetinen birneshe kajtara shakyru kelgendikten 10 kүndik saparmen baryp keledi 1982 zhyly 10 mausymda 71 zhasyna karagan shagynda Almatyda dүnie salady Kensaj ziratyna kojyldy Batyrdyn 100 zhyldygy Almatyda Bauyrzhanga kojylgan eskertkish 2010 zhyly kyrkүjektin 14 i kүni Almatyda Қazaktyn Bauyrzhany atty derekti film kopshilikke tanystyryldy Filmdi үkimet tapsyrysymen Bauyrzhan Momyshulynyn 100 zhyldyk merejtojyna arnap rezhisser Қalila Omarov tүsirdi 2010 zhyly zheltoksannyn 10 y kүni Almatydagy 28 panfilovshylar sayabagynda kenes german sogysynyn kaһarmany zhazushy Bauyrzhan Momyshulyna turgyzylgan eskertkish saltanatty zhagdajda ashyldy Zhalpy biiktigi 6 metrlik eskertkishtin tugyry granitten al batyrdyn mүsini koladan kujylgan 2010 zhyly Respublika bojynsha Bauyrzhan Momyshulynyn 100 zhyldygyna arnalgan merekelik is sharalar otti 2010 zhyly kyrkүjek ajynda Bauyrzhan Momyshulynyn 30 tomdyk shygarmalar zhinagy zharykka shykty Almatydagy Өner baspasy basyp shygardy Bauyrzhan Momyshulynyn әdebi shygarmashylygyBauyrzhan Momyshuly zhigittik shagynda ak gashyktyk zhyrlar dostaryna zherlesterine arnau olender zhazgan Onyn algy shepten zhazgan makalalary men olenderi audarmalary majdan gazetterinde Socialistik Қazakstan Kazahstanskaya pravda Қazak әdebieti zhәne baska basylymdarda zharyk korip turgan Majdanda ol kүndelik zhazyp urys alanynda korgen bilgenin basynan otken zhajttardy kagazga tүsirdi Ol kez kelgen zhagdajda karda da zhanbyrda da zhәne tipti korshauda kalgan kezde de zhazba zhүrgizdi Osylajsha ol 38 zhauyngerlik zhazba kitapsha zhazdy Onda sogys barysy sarbazdardyn ojy men әreketi turaly ajtylady Onyn negizgi әdebi shygarmalary okyrmandy shynshyldygymen tangaldyrady Bir tүnnin tarihy onyn daryndy zhazushy ekenin zhariyalagan algashky tuyndysy Bauyrzhan sogys uakytynda Serigim Zhazushyga Қalybek aga Bireulerge Omarbekke Zhardyn muny Ғ ga Ana tilin ardakta Dosyma Tolgau atty olender zhazgan 1952 1956 zhyly Oficerdin kүndeligi Bir tүnnin tarihy Bizdin semya degen algashky kitaptary zharyk kordi Shygarmalary Ұshkan uya Nasha semya 1953 zhyl orysshasy 1975 zhyl kazakshasy Mәskeu үshin shajkas Za nami Moskva 1958 zhyl roman Majdan Tolegen Toktarov bul da atalgan romannyn tortinshi kitabynda 1963 zhyl Adam kajraty Mәskeu үshin shajkas romanynyn tortinshi kitabynda Psihologiya vojny Ol ekeui kazaksha oryssha nuskasy Ona Olar menin esimde kazaksha oryssha nuska Ya pomnyu ih Zhol үstinde Kuba әserleri Muzej apa oryssha Ona oryssha Iz stroya v trud iz dnevnika pisatelya Қatardan enbekke zhazushy kүndeliginen Ya pomnyu ih oryssha Problema literaturnogo geroya Istoriya odnoj nochi oryssha bul shygarma 1986 zhyldyk eki tomnyn birinshi tomynda Za nami Moskva romanynan bolek bop endi Bir tүnnin tarihy Mәskeu үshin shajkas romanyna 1968 zhylgy eki tomdyktyn birinshi tomyna bu ataumen emes zhogarydagy bas romanyna tortinshi kitapka sonyn kazaksha nuskasy syuzhettik kalpy saktalyp kirgizildi birak oryssha kazaksha mәtinderinde Mәskeu үshin shajkastagydaj ep eleuinki ajyrmashylyktar ushan teniz OtbasyBibizhamal Mukankyzy Momyshkelini Bauyrzhannan eki zhas kishi aksary sulu kisi Bibizhamal Mukankyzynan tungysh balasy Bakytzhan Momyshuly dүniege keldi Korkina Klavdiya Grigorevna opera teatrynyn әrtisi sygan kyzy Bul kisiden Elena Bauyrzhankyzy dүniege keldi 16 09 1947 zhylgy Bakytzhamal Қalibekkyzy shet tilder institutynyn aspiranty 13 zhyl birge boldy Bakytzhan Momyshuly Bauyrzhan Momyshulynyn uly Zejnep Ahmetova Bauyrzhankelini 1945 zhyl 18 kantarda tugan kelini Bakytzhan Momyshulynyn zhubajy zhazushy kazaky dәstүrlerdi nasihattaushy Қajyn atasy turaly memuar kitaptar men makalalar zhazady Bauyrzhan Momyshulynyn aty berilgen nysandarҚazakstanda batyrdyn atymen Almaty Taraz Atyrau Semej kalalary zhәne Zhambyl oblysy Asa auylyndagy koshege batyrdyn aty berilgen Astana kalasynda Bauyrzhan Momyshuly atyndagy dangylAlmaty kalasynda Bauyrzhan Momyshuly atyndagy koshe Bauyrzhan Momyshuly atyndagy metro beketi 131 mektep liceji zhәne Zhas Ұlan әskeri mektebiShymkent kalasynda Bauyrzhan Momyshuly atyndagy dangyl 44 zhәne 120 mektepterZhambyl oblysynda Zhambyl oblysynyn buryngy Burnoe auyly Bauyrzhan Momyshuly auyly bolyp ozgertilgen Bauyrzhan Momyshuly auyldyk okrugi 45 kazak klassikalyk gimnaziyasyna Bauyrzhan Momyshulynyn esimi berilgen zhәne mekteptin aldynda Bauyrzhan Momyshulynyn byusti ornalastyrylgan Taraz kalasynda Bauyrzhan Momyshuly atyndagy Zhenis sayabagy bar Eskertkishter Volokolamskidegi byust Kensaj ziratynda Astanadagy eskertkishMarapattarySogys kezinde 1942 zhyly 6 mausymda Қyzyl tu ordenimen 1944 zhyly 6 mausymda Mәskeudi korgagany үshin medalimen 1945 zhyly shildede 1 dәrezheli Otan sogysy Қurmet Belgisi ordenderimen Қyzyl zhuldyz ordenimen 2 ret marapattaldy Sogystan kejin 1970 zhyly Enbek Қyzyl tu ordenimen Қurmet belgisi ordenimen KSRO Prezidentinin 1990 zh 11 zheltoksandagy zharlygymen B Momyshulyna 1941 1945 zhyldary sogysta nemis fashist baskynshylaryna karsy kүreste askan erligi men kaһarmandygy үshin Kenes Odagynyn Batyr atagy berildi medal 11637 2000 zhyly Ғasyr adamy dep tanyldyҚyzykty derekterҰly Otan sogysy zhyldarynda eki kazak kana diviziya baskargan Onyn birinshisi Bauyrzhan Momyshuly bolsa ekinshisi Әbilkajyr Bajmoldin Bauyrzhan Momyshuly үsh kyzdan kejin әkesinin 53 zhasynda dүniege kelgen Bauyrzhan Momyshuly turaly1967 Za nami Moskva Rezhisseri Mәzhit Begalin Bauyrzhan Momyshulyn somdagan Kәuken Kenzhetaev 2010 Қazaktyn Bauyrzhany Derekti film Қazakfilm Қalila Nematuly Omarov 2013 Bauyrzhan Momyshuly teleserial Rezhisseri Akan Sataev Akikat pen anyz avtory Әzilhan Nurshajykov Volokolamsk tas zholy avtory Aleksandr Bek avtory Bakytzhan Momyshuly avtory Bakytzhan Momyshuly avtory Bakytzhan Momyshuly Shuakty kүnder avtoryBauyrzhan Momyshulynyn kanatty sozderi Opasyzda Otan zhok Otanda opasyzga oryn zhok Tәrtipke bas igen kul bolmajdy Otanyn үshin otka tүs kүjmejsin Eptilik pen erlik Erge tәn kasiet Sen zhaudan kashsan omir senen kashady Tәrbieli tәrtiptin kuly Tәrtipti eldin kuly Өz kitaptarym oz balalarym Olardyn da Otanyma adal kyzmet etuin kalajmyn Үmitin zhogaltkan zhan eshkashan үmittenip kormegen zhan Elim dep ezilip zhurtym dep zhumylyp elge kyzmet et Bauyrzhan MomyshulyTagy karanyzSabyr Omaruly Rahimov Rakymzhan Қoshkarbaev Ivan Vasilevich Panfilov Panfilovshylar diviziyasy Aleksandr Alfredovich BekDerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Geroi strany Bauyrzhan Momysh uly http www warheroes ru hero hero asp Hero id 1543 Қazak shezhiresi 2 tom Orta zhүz zhan arys Tenizbaj Үsenbaev Өmir zholy Bauyrzhan Momyshuly Bauyrzhan Momyshuly zhәne onyn sogys oneri B Momyshulynyn Sogys psihologiyasy atty kitabynyn tusaukeseri otti kolzhetpejtin silteme Baurdzhan Momyshuly Sobranie sochinenij v dvuh tomah Tom vtoroj Alma Ata izdatelstvo Zhazushy 1986 str 276 289 Azattyk radiosy Almatyda Bauyrzhan Momyshuly turaly derekti filmnin tusaukeseri otti 1 Azattyk radiosy Almatyda Bauyrzhan Momyshulyna eskertkish ashyldy Tarazda Bauyrzhan Momyshulynyn 100 zhyldyk merejtojyna arnalgan saltanatty sharalar otude kolzhetpejtin silteme Bauyrzhan Momyshulynyn 30 tomdyk enbekter zhinagy zharykka shykty Bauyrzhan Momyshulynyn ajtylmagan erligi Қazaktyn batyr uly Bauyrzhan Momyshulynyn omirbayany Қyzyl Tu ordenin beru turaly zhazba Baukennin alty erligi kolzhetpejtin silteme Bauyrzhan Momyshuly turaly siz bilmejtin derekter Tarihi tulgalar Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2SiltemelerOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Baurzhan MomyshulyBauyrzhan Momyshuly Қazak tili turaly pikir Bauyrzhan Momyshuly turaly 13 derek Өn bojy ar namystan zharalgan Bir adamdy eki kajtara synaudyn kazheti zhok Muragattalgan 19 sәuirdin 2017 zhyly Bul makala kazaksha Uikipediyanyn zhaksy makalalar tizimine enedi