Славяндар (укр. слов'яни, болг. славяни, пол. Słowianie) — тайпалар тобы, қазіргі Солтүстік-шығыс, Орталық және Оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының арғы тегі.
Славяндардың шығу тегі, қалыптасуы туралы тарихи деректер археол. қазба ескерткіштер мен Грекия, Рим, Византия авторларының (, , , Иордан, Прокопий Кесарийский, т.б.) және араб авторларының орта ғасырдағы жазбаларына сүйеніп жазылған. Славяндар туралы ежелгі тарихи деректер б.з. 1 — 2 ғ-ларына жатады, ол Балтық түбегі мен Карпат аралығын мекендеген венедтердің есімімен байланысты. Птолемейдің дерегі бойынша 2 ғ-да Венед тайпасының ішінде Суавен дегендер болған. Біраз зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл тайпа бүкіл славяндар атауы ретінде Оңтүстік Еуропаға тараған. Ал батыс көршілері ұзақ уақыт “венедтер” деген атпен аталған. 7 ғ-дағы (Әбу Мәлік әл-Ахтал) Славяндар (сакалиба) тұңғыш рет ұшырасады. Славяндардың шығыстағы көршісі скифтер, сарматтар, оңтүстіктете фракийлер мен иллирийлер, батыста кельттер болды. Ежелгі Славяндар отаны мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Польшалық ғалымдар (Т.Лер-Сплавинский, М.Рудницкий) Славяндар Одер мен Висла аралығын, ал басқа зерттеушілер (К.Мошинский, Г.Улашин, Ф.Филин, т.б.) Висланың батыс жағын мекендеген деп көрсетеді. Орыс, поляк, чехословак археологтарының басым көпшілігі славяндар германдар мен балтық халықтары сияқты мал өсіріп, егін еккен тайпалар деген қорытындыға келді. Бұлар б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықтарда Қара теңіздің солт. жағалауы, Карпат етегіндегі Орталық, Солтүстік-Шығыс Еуропаны мекен етті. Сол заманнан бастап олар осы өңірлердегі барлық этн. топтардың қалыптасуына ықпал етті. Б.з. 2 — 4 ғ-ларында герман тайпаларының (готтар, гепидтер) оңт-ке қоныс аударуына байланысты Славяндар жері тұтастығынан айырылып, 5 ғ-дың ақырына қарай анттар, склавиндер болып екі топқа бөлінді. 7 — 8 ғ-ларда Балқанға өткен Славяндар бірлестігіндегі драгувиттер, сагудаттар, верзиттер, северлер, т.б. тайпалар қоныс аударды. Славяндар орналасуына қарай батыс (поляк, чех, словак, т.б. халықтардың арғы аталары), шығыс (орыс, украин, белорус), оңт. (болгар, серб, словен, т.б.) болып 3 топқа бөлінді. Олар көрші халықтармен (германдар, балтық халықтары, түркілер, фин-угор тайпалары, т.б.) тұтас мәдени байланыстар орнатты.
Балтық және славяндық археологиялық мәдениет картасы III—IV ғғ.
III—IV ғғ. Батыс және оңтүстік славян тайпаларының жері Днепр өзенінің орта ағысы, Припятьтің оңтүстігі, Орталық Еуропа, солтүстік Карпат таулары, Висла, Одер, Нейсе өзендерінің бойы және Балтық теңізінің жағалауы, Балқан түбегін алып жатты. Шығыс славян тайпаларының жері Припять өңірінен Десна, Рос өзендеріне дейін, жоғарғы Ока өзені, Днепр мен Еділ өзенінің аралығы, Ильмен көлі мен Волхов өзені аймағын қамтыды.
Шаруашылығы
Батыс және Оңтүстік славян тайпаларының негізгі шаруашылығы егіншілік болған. Славян тайпалары бидай, арпа, күздік бидай (қара бидай), сұлы еккен. Жерді темір ұшты ағаш соқаға өгіз жегіп жыртқан. Алған өнімдерін қоймаларда сақтаған. Егінді қол орақпен орып, бидайды қол диірменге тартып, ұнға айналдырған. Славяндар мал шаруашылығымен де айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, ешкі және шошқа өсірген. Құс та ұстаған. Ата-бабаларынан келе жатқан аң аулау кәсібімен айналысқан. Славян тайпалары қолөнермен айналысып, темірден, ағаштан және қыштан ыдыстар жасаған. Өздеріне қажетті балта, қол орақ, шалғы, пышақ, семсер, қылыш, қалқан т.б. жасаған. Сонымен катар өзен жағасында өмір сүрген тайпалар ағаштан қайықтар жасап пайдаланған.
Қоғамдық құрылымы
Батыс славян тайпаларында VIII-IX ғасырларда өндіргіш күш жедел дамыды. Ол қоғамдық құрылымның дамуына әсер етіп, IX ғасырда Чехия және Словакия жерінде ежелгі феодалдық мемлекеттің құрылуына әкелді. 833-836 жылдары кінәз Моймир Морав жеріндегі неміс феодалдарын жеңіп, орталық Еуропада тұңғыш Батыс славян мемлекетін құрды. Ол мемлекет Ұлы Морав деп аталды. Бұл мемлекеттің құрамына Моравия және Батыс Словакия,Чехия, Силезия, Краков жерлері кірді. Ұлы Морав мемлекеті 862 жылы Константинополь шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Сөйтіп Ұлы Моравия өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Кирилл мен Мефодий IX ғасырда Ұлы Морав шіркеуінде славян әліппесінің ұлы үлгісін жасады. Бұл әліппе славян елдерінің арасындағы мәдени байланыстың дамуына зор ықпал жасады. Ұлы Моравия мемлекеті Орталық Еуропада неміс феодалдарының жаулап алу саясатына қарсы тұрып, Батыс славян мемлекеттілігін сақтап қалды. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына Чех мемлекеті құрылды. Алғашқы кінәзі Пшемыслав түкымынан шыққан I Болеслав (935-967) болды. Бұл мемлекет ежелгі феодалдық монархия негізінде құрылды. Мемлекетті Ұлы кінәз және оның әскери көмекшілері басқарды.
Балтық және славяндық археологиялық мәдениет картасы V—VI ғғ.
Польша жерінде IX ғасырдың орта кезінде полян тайпаларының ірі кінәздік бірлігі құрылды. X ғасырда батыста Одер өзеніне дейін, шығыста Батыс Буг, Карпат тауынан Балтық теңізіне дейінгі жерде Кіші және Ұлы Польша тайпалары бірігіп, Польша мемлекеті құрылады. Мемлекетті алғашқы Польшаның Ұлы кінәзі Мешко (960-992) басқарды. I Мешко билік еткен кезде Польшада феодалдық қатынастар дамып, күшті мемлекетке айналды. Польша мемлекетінің алғашқы астанасы Гнезно қаласы болды. 966 жылы I Мешко Рим шіркеуінен христиан дінін қабылдады. Латын үлгісіндегі христиан дінін қабылдау Польша мемлекетінің Батыс Еуропа елдерімен байланысын күшейтті. Католик шіркеуі елдің саяси дамуына көп әсер етті. Польша мемлекетінің басқару жүйееі феодалдық монархия болды. Ұлы кінәз шетел шапқыншылығынан қорғану үшін көптеген әскер ұстады. Польшаға Х-ХІІ ғасырларда неміс феодалдары үздіксіз шабуыл жасап отырды. I Болеслав Храбрый (992-1025) кезінде Польша мемлекеті бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекетке айналды. I Болеслав Храбрый кезінде Киев Русі мемлекетімен достық қатынас орнады. 1025 жылы I Болеслав король деген атакка ие болды. VI-VIII ғасырлар аралығында славяндарда алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, феодалдық таптық қоғам орнады. Өндіргіш күштер жедел дамып, құрал-саймандар жетілдіріле түсті. Шаруашылықта жеке меншіктік қатынастар орнығып, мүлік теңсіздігі күшейе түсті. Сонымен қатар славяндар қоғамында көршілік, қауымдық меншік те дамыған. Жайылымдар, орман және өзен жағалаулары қауым болып пайдаланылды. Славяндар көрші Шығыс Рим империясымен соғыстарда қолға түскен тұтқындарды айырбастап немесе сатып отырған. Сол кезде өмір сүрген Псевдо-Маврикий: «VI ғасырда славяндар тұтқындарды көптеп сатқан» дейді. Славяндар қоғамы тайпалық одақ болған. Тайпалық одақты әскери көсем басқарған. Оның қол астындағы бірнеше мың тұрақты әскері көрші елдерге жорықтар жасап, олжа түсіріп отырған. VII-IX ғасырлар аралығында Батыс жөне Оңтүстік славян тайпаларында таптық қоғам жетіліп, мемлекеттер құрылды. 681 жылы Балқан түбегінде Аспарух хан Болгар мемлекетін құрды. VII ғасырдың басында Еділ бойында түрік тайпаларының Болгар хандығы болған. Аспарух - осы болгар тайпалық одағын басқарған Кубрат ханның баласы. VII ғасырдың ортасында Хазарлардың қысымымен ығысқан болгар тайпаларының бір бөлігі Византияға қарайтын Дунайдың оңтүстік жағалауына өтіп кетеді. Осында Аспарух хан Болгар мемлекетінің негізін қалады. VI ғасырда Орталық Еуропадағы славян тайпаларына аварлар шабуыл жасап, казіргі Венгрия жеріндегі тайпаларды бағындырады. 623 жылы Само бастаған славян тайпалары аварларды жеңіп, Батыс славян тайпасының Само кінәздігі аталған алғашқы мемлекетін кұрды. Славян тайпалары V-VI ғасырларда Шығыс Рим империясына шабуыл жасап, Балқан түбегін жаулап алады. Константинополь қаласы құлап, Шығыс Рим империясы күйрейді. Сөйтіп, славяндар ерте құлдық құрылыстың жойылуына, феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына өз үлесін қосты.
Славяндар мекендейтін қазіргі мемлекеттер
Пайдаланылған cілтемелер
- Машулин А.В., Древние славяне в отрывках греко-римских и византийских писателей по 7 в.н.э. // “Вестник древней историй”, 1941, ғ1; Славяне накануне образования Киевской Руси, М., 1963.
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- D. Kirk. Europe’s Population in the Interwar Years
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Slavyandar ukr slov yani bolg slavyani pol Slowianie tajpalar toby kazirgi Soltүstik shygys Ortalyk zhәne Ontүstik shygys Europa halyktarynyn argy tegi Slavyandar mekendejtin zherler Slavyandardyn shygu tegi kalyptasuy turaly tarihi derekter arheol kazba eskertkishter men Grekiya Rim Vizantiya avtorlarynyn Iordan Prokopij Kesarijskij t b zhәne arab avtorlarynyn orta gasyrdagy zhazbalaryna sүjenip zhazylgan Slavyandar turaly ezhelgi tarihi derekter b z 1 2 g laryna zhatady ol Baltyk tүbegi men Karpat aralygyn mekendegen venedterdin esimimen bajlanysty Ptolemejdin deregi bojynsha 2 g da Vened tajpasynyn ishinde Suaven degender bolgan Biraz zertteushilerdin pikirine karaganda bul tajpa bүkil slavyandar atauy retinde Ontүstik Europaga taragan Al batys korshileri uzak uakyt venedter degen atpen atalgan 7 g dagy Әbu Mәlik әl Ahtal Slavyandar sakaliba tungysh ret ushyrasady Slavyandardyn shygystagy korshisi skifter sarmattar ontүstiktete frakijler men illirijler batysta keltter boldy Ezhelgi Slavyandar otany mәselesi tolyk sheshimin tapkan zhok Polshalyk galymdar T Ler Splavinskij M Rudnickij Slavyandar Oder men Visla aralygyn al baska zertteushiler K Moshinskij G Ulashin F Filin t b Vislanyn batys zhagyn mekendegen dep korsetedi Orys polyak chehoslovak arheologtarynyn basym kopshiligi slavyandar germandar men baltyk halyktary siyakty mal osirip egin ekken tajpalar degen korytyndyga keldi Bular b z b 3 2 mynzhyldyktarda Қara tenizdin solt zhagalauy Karpat etegindegi Ortalyk Soltүstik Shygys Europany meken etti Sol zamannan bastap olar osy onirlerdegi barlyk etn toptardyn kalyptasuyna ykpal etti B z 2 4 g larynda german tajpalarynyn gottar gepidter ont ke konys audaruyna bajlanysty Slavyandar zheri tutastygynan ajyrylyp 5 g dyn akyryna karaj anttar sklavinder bolyp eki topka bolindi 7 8 g larda Balkanga otken Slavyandar birlestigindegi draguvitter sagudattar verzitter severler t b tajpalar konys audardy Slavyandar ornalasuyna karaj batys polyak cheh slovak t b halyktardyn argy atalary shygys orys ukrain belorus ont bolgar serb sloven t b bolyp 3 topka bolindi Olar korshi halyktarmen germandar baltyk halyktary tүrkiler fin ugor tajpalary t b tutas mәdeni bajlanystar ornatty Baltyk zhәne slavyandyk arheologiyalyk mәdeniet kartasy III IV gg III IV gg Batys zhәne ontүstik slavyan tajpalarynyn zheri Dnepr ozeninin orta agysy Pripyattin ontүstigi Ortalyk Europa soltүstik Karpat taulary Visla Oder Nejse ozenderinin bojy zhәne Baltyk tenizinin zhagalauy Balkan tүbegin alyp zhatty Shygys slavyan tajpalarynyn zheri Pripyat onirinen Desna Ros ozenderine dejin zhogargy Oka ozeni Dnepr men Edil ozeninin aralygy Ilmen koli men Volhov ozeni ajmagyn kamtydy SharuashylygyBatys zhәne Ontүstik slavyan tajpalarynyn negizgi sharuashylygy eginshilik bolgan Slavyan tajpalary bidaj arpa kүzdik bidaj kara bidaj suly ekken Zherdi temir ushty agash sokaga ogiz zhegip zhyrtkan Algan onimderin kojmalarda saktagan Egindi kol orakpen oryp bidajdy kol diirmenge tartyp unga ajnaldyrgan Slavyandar mal sharuashylygymen de ajnalyskan Zhylky siyr koj eshki zhәne shoshka osirgen Қus ta ustagan Ata babalarynan kele zhatkan an aulau kәsibimen ajnalyskan Slavyan tajpalary kolonermen ajnalysyp temirden agashtan zhәne kyshtan ydystar zhasagan Өzderine kazhetti balta kol orak shalgy pyshak semser kylysh kalkan t b zhasagan Sonymen katar ozen zhagasynda omir sүrgen tajpalar agashtan kajyktar zhasap pajdalangan Қogamdyk kurylymyBatys slavyan tajpalarynda VIII IX gasyrlarda ondirgish kүsh zhedel damydy Ol kogamdyk kurylymnyn damuyna әser etip IX gasyrda Chehiya zhәne Slovakiya zherinde ezhelgi feodaldyk memlekettin kuryluyna әkeldi 833 836 zhyldary kinәz Mojmir Morav zherindegi nemis feodaldaryn zhenip ortalyk Europada tungysh Batys slavyan memleketin kurdy Ol memleket Ұly Morav dep ataldy Bul memlekettin kuramyna Moraviya zhәne Batys Slovakiya Chehiya Sileziya Krakov zherleri kirdi Ұly Morav memleketi 862 zhyly Konstantinopol shirkeuinen hristian dinin kabyldady Sojtip Ұly Moraviya oz tәuelsizdigin saktap kaldy Kirill men Mefodij IX gasyrda Ұly Morav shirkeuinde slavyan әlippesinin uly үlgisin zhasady Bul әlippe slavyan elderinin arasyndagy mәdeni bajlanystyn damuyna zor ykpal zhasady Ұly Moraviya memleketi Ortalyk Europada nemis feodaldarynyn zhaulap alu sayasatyna karsy turyp Batys slavyan memlekettiligin saktap kaldy X gasyrda Ұly Moraviya memleketinin ornyna Cheh memleketi kuryldy Algashky kinәzi Pshemyslav tүkymynan shykkan I Boleslav 935 967 boldy Bul memleket ezhelgi feodaldyk monarhiya negizinde kuryldy Memleketti Ұly kinәz zhәne onyn әskeri komekshileri baskardy Baltyk zhәne slavyandyk arheologiyalyk mәdeniet kartasy V VI gg Polsha zherinde IX gasyrdyn orta kezinde polyan tajpalarynyn iri kinәzdik birligi kuryldy X gasyrda batysta Oder ozenine dejin shygysta Batys Bug Karpat tauynan Baltyk tenizine dejingi zherde Kishi zhәne Ұly Polsha tajpalary birigip Polsha memleketi kurylady Memleketti algashky Polshanyn Ұly kinәzi Meshko 960 992 baskardy I Meshko bilik etken kezde Polshada feodaldyk katynastar damyp kүshti memleketke ajnaldy Polsha memleketinin algashky astanasy Gnezno kalasy boldy 966 zhyly I Meshko Rim shirkeuinen hristian dinin kabyldady Latyn үlgisindegi hristian dinin kabyldau Polsha memleketinin Batys Europa elderimen bajlanysyn kүshejtti Katolik shirkeui eldin sayasi damuyna kop әser etti Polsha memleketinin baskaru zhүjeei feodaldyk monarhiya boldy Ұly kinәz shetel shapkynshylygynan korganu үshin koptegen әsker ustady Polshaga H HII gasyrlarda nemis feodaldary үzdiksiz shabuyl zhasap otyrdy I Boleslav Hrabryj 992 1025 kezinde Polsha memleketi bir ortalykka bagyndyrylgan kүshti memleketke ajnaldy I Boleslav Hrabryj kezinde Kiev Rusi memleketimen dostyk katynas ornady 1025 zhyly I Boleslav korol degen atakka ie boldy VI VIII gasyrlar aralygynda slavyandarda algashky kauymdyk kurylys ydyrap feodaldyk taptyk kogam ornady Өndirgish kүshter zhedel damyp kural sajmandar zhetildirile tүsti Sharuashylykta zheke menshiktik katynastar ornygyp mүlik tensizdigi kүsheje tүsti Sonymen katar slavyandar kogamynda korshilik kauymdyk menshik te damygan Zhajylymdar orman zhәne ozen zhagalaulary kauym bolyp pajdalanyldy Slavyandar korshi Shygys Rim imperiyasymen sogystarda kolga tүsken tutkyndardy ajyrbastap nemese satyp otyrgan Sol kezde omir sүrgen Psevdo Mavrikij VI gasyrda slavyandar tutkyndardy koptep satkan dejdi Slavyandar kogamy tajpalyk odak bolgan Tajpalyk odakty әskeri kosem baskargan Onyn kol astyndagy birneshe myn turakty әskeri korshi elderge zhoryktar zhasap olzha tүsirip otyrgan VII IX gasyrlar aralygynda Batys zhone Ontүstik slavyan tajpalarynda taptyk kogam zhetilip memleketter kuryldy 681 zhyly Balkan tүbeginde Asparuh han Bolgar memleketin kurdy VII gasyrdyn basynda Edil bojynda tүrik tajpalarynyn Bolgar handygy bolgan Asparuh osy bolgar tajpalyk odagyn baskargan Kubrat hannyn balasy VII gasyrdyn ortasynda Hazarlardyn kysymymen ygyskan bolgar tajpalarynyn bir boligi Vizantiyaga karajtyn Dunajdyn ontүstik zhagalauyna otip ketedi Osynda Asparuh han Bolgar memleketinin negizin kalady VI gasyrda Ortalyk Europadagy slavyan tajpalaryna avarlar shabuyl zhasap kazirgi Vengriya zherindegi tajpalardy bagyndyrady 623 zhyly Samo bastagan slavyan tajpalary avarlardy zhenip Batys slavyan tajpasynyn Samo kinәzdigi atalgan algashky memleketin kurdy Slavyan tajpalary V VI gasyrlarda Shygys Rim imperiyasyna shabuyl zhasap Balkan tүbegin zhaulap alady Konstantinopol kalasy kulap Shygys Rim imperiyasy kүjrejdi Sojtip slavyandar erte kuldyk kurylystyn zhojyluyna feodaldyk katynastardyn kalyptasyp damuyna oz үlesin kosty Slavyandar mekendejtin kazirgi memleketter ulttyk flag Pragadagy Slavyandyk kongresste bekitilgen 1848Belarus Bolgariya Bosniya zhәne Gercegovina Makedoniya Respublikasy Polsha Resej Serbiya Slovakiya Sloveniya Ukraina Horvatiya Chehiya ChernogoriyaPajdalanylgan ciltemelerMashulin A V Drevnie slavyane v otryvkah greko rimskih i vizantijskih pisatelej po 7 v n e Vestnik drevnej istorij 1941 g1 Slavyane nakanune obrazovaniya Kievskoj Rusi M 1963 Қazak Enciklopediyasy 7 tom D Kirk Europe s Population in the Interwar YearsBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet