1930–1933-ші жылдардағы болған Қазақстандағы ашаршылық (кейде жай Ашаршылық) — Қазақ АКСР жеріндегі ашаршылық. Ол кезде Қазақстанда шамамен 1.5 миллион адам қайтыс болып, олардың 1.3 миллионы қазақтар болған. Ашаршылық кесірінен қазақтар саны 38-42%-ға кеміген, 1930-шы жылдардағы Кеңес одақта болған ашаршылықтардың ең үлкен пайызы. Басқа деректер бойынша ашаршылықта 2–2.3 миллион адам қайтыс болған.
Қазақстандағы ашаршылық | |
Ашаршылықтың құрбандары үшін Алматыдағы болашақта қоятын ескірткішке тірегі | |
Дата | 1930-33 жж. |
---|---|
Орны | Қазақ АКСР, Кеңестік Ресей ішіндегі автономия Кеңес Одағы |
Түрі | Ашаршылық |
Себебі | Ұжымдастыру |
Шығын | |
Өлім | 1.5-2.3 миллион адам |
Шығындар | Қазақтар республика халқының 60%-дан 38%-ға дейін түскен. Қазақ халқының отырықшыландыруы Қазақтардың елден қашу |
Жариялауға тыйым | Қазақтар республика халқының 60%-дан 38%-ға дейін түскен. Қазақ халқының отырықшыландыруы Қазақтардың елден қашу |
өңдеу |
Ашаршылық 1930-шы жылда, жыл бұрын басталған. Ашаршылық кесірінен қазақтар өз республикасында азшылық болып ұшырап, тек 1990-шы жылда қайта көпшілік болған. Ашаршылық кесірінен қазақтардың бөлігі басқа елдерге, әсіресе Қытайға, Ауғанстанға және Түркияға қаша бастады.
Ашаршылықтың басты себебі - ұжымдастыру деп саналады. Кейбір тарихшылар бұл оқиғаны геноцид деп санайды.
Ауылды кеңестендіру
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «, «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.
1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.
Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.
Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мәжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құқығын беретін қаулы шығартты.
Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Түркістан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10—16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: «Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пұт астық салығын салып, бұл астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға мәжбүр болды. Өкінішке орай мұндай жағдайлар өте көп кездеседі». Сөйтіп, жергілікті жерлерде егіншілікпен айналыспағандарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті ешкімнің ешкімді аямауы, әрқайсысы өз басын қорғау үшін жауапкершіліктен бас тарта отырып, басқаларды құрбандыққа шалу үйреншікті қалыпқа айналды.
Сталиндік-сібірлік тәсілді негізге алған Голощекин астық пен ет дайындау науқаны барысындағы қателіктерін кулактар мен байларға қарсы күрес желеуімен бүркемеледі. Азық-түлік дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, өз өмірлеріне де қауіп туғызды. Партия басшыларының қатыгез саясаты жергілікті жерлерде үрей отын шашты. Өйткені партияның арнайы және жергілікті өкілдері 107-баппен соттау, түрмеге камау әрекеттерін кең жүргізді. Ал 1932—1933 жылдары азық-түлік даярлау барысындағы жазалау шараларын қатаңдатқан, негізінен, ату жазасын белгілеген бірнеше құжат жарық көрді.
1932 жылғы 7 тамызда қабылданған «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымдар мен кооперацияның мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» заңы жазалаушылық әрекеттерді одан әрі өршіте түсті. Ол заң бойынша ату, немесе жазасын жеңілдетіп, мүмкін жағдайда мүлкін тәркілеп 10 жылға түрмеге отырғызу жазасы белгіленген еді. Осылайша қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Торғай облысында, мәселен 1931 жылғы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды.
Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан қысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бұдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазықсыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу — Қазақстанның ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару көзделді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтерде де оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды.
Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Әсіресе Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамында Құрамысов, Альшанский және Асылбеков бар комиссия ерекше белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, жері құнарсыз тоғыз аудан белгіленді. Олар темір жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаған аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 мың бай-кулак қожалықтары жер аударылатын болып белгіленді. Жер аударылатындардың әрбір жаңа ауылы 50 үйден аспауға тиіс болды.
1932—1933 жылдардағы ашаршылық
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1930 1933 shi zhyldardagy bolgan Қazakstandagy asharshylyk kejde zhaj Asharshylyk Қazak AKSR zherindegi asharshylyk Ol kezde Қazakstanda shamamen 1 5 million adam kajtys bolyp olardyn 1 3 milliony kazaktar bolgan Asharshylyk kesirinen kazaktar sany 38 42 ga kemigen 1930 shy zhyldardagy Kenes odakta bolgan asharshylyktardyn en үlken pajyzy Baska derekter bojynsha asharshylykta 2 2 3 million adam kajtys bolgan Қazakstandagy asharshylykAsharshylyktyn kurbandary үshin Almatydagy bolashakta koyatyn eskirtkishke tiregiData 1930 33 zhzh Orny Қazak AKSR Kenestik Resej ishindegi avtonomiya Kenes OdagyTүri AsharshylykSebebi ҰzhymdastyruShygynӨlim 1 5 2 3 million adamShygyndar Қazaktar respublika halkynyn 60 dan 38 ga dejin tүsken Қazak halkynyn otyrykshylandyruy Қazaktardyn elden kashuZhariyalauga tyjym Қazaktar respublika halkynyn 60 dan 38 ga dejin tүsken Қazak halkynyn otyrykshylandyruy Қazaktardyn elden kashuondeu Asharshylyk 1930 shy zhylda zhyl buryn bastalgan Asharshylyk kesirinen kazaktar oz respublikasynda azshylyk bolyp ushyrap tek 1990 shy zhylda kajta kopshilik bolgan Asharshylyk kesirinen kazaktardyn boligi baska elderge әsirese Қytajga Auganstanga zhәne Tүrkiyaga kasha bastady Asharshylyktyn basty sebebi uzhymdastyru dep sanalady Kejbir tarihshylar bul okigany genocid dep sanajdy Auyldy kenestendiruGoloshekin auyldy kenestendiru zhүmysy әli de әlsiz ony kүshejtu kerek dep eseptedi Bul istegi yagni kenestendirudegi kemshilikterdi kazak bajlaryna rulyk katynastarga zhapty Ogan zhergilikti erekshelikterdi eskere otyryp zhүrgiziletin sharalar unamady Kenestendiru isinde de taptyk turgyda karau kazhet degendi zheleu etip auyldagy aukattylarga karsy kүresti kүshejtudi usyndy Onyn bul solakaj bagyty da kazak basshylary men ziyalylarynyn karsylygyna kezikti Olardy solshyldar dep toptarga bolip kudalady Akyry Stalinnin tikelej koldauymen 1927 zhyly Қazakstandagy auyldyk kenesterge zhana sajlau otkizudi ujymdastyrdy Ol bojynsha bajlar dep eseptelgender sajlau kukynan ajyrylady Auyldarda kedejler zhinalystary otkizildi Sajlau naukanyn zhүrgizu үshin audandarga arnajy uәkilder zhiberildi Iosif Vissarionovich Stalin 1928 zhylgy 1 kazanda Қazakstandagy barlyk kenesterdin 2199 y kazak sharualarynyn 1209 y orys ukrain sharualarynyn kenesteri boldy Birak bul zhana sajlangan kenes organdary da ozderin zhetekshi kүsh retinde korsete almady Sondyktan da Goloshekin zhergilikti ujymdar men odaktarga әsirese Қosshy odagyna kobirek arka sүjeudi talap etti Zhergilikti kenesterdin belsendi organdarga ajnaluyna zhogarydan zhiberilgen uәkilder de koptegen kedergiler keltirdi Olar zhergilikti kenestermen sanaspaj basshylyk zhumysty oz koldaryna aluga umtyldy Bul kenesterdin bedelin tүsirdi Onyn үstine kazak auyldaryndagy gasyrlar bojy omir sүrip kele zhatkan rulyk tuystyk zhүjege karaganda koptegen mәselelerdi sheshude kenester kaukarsyz edi Munymen birge kazaktar kelimsek europalyktardyn үkimet tarapynan ozderine karaganda birshama zhenildikter aluyna әrkashan narazy boldy Munyn ozi kazaktar tarapynan үkimetke onyn zhergilikti organy dep tanylgan kenesterge senimsizdikti kalyptastyrdy Al selolyk kenester zhinalystarynda kulaktar men aukatty sharualar oz usynystaryn otkizuge tyrysyp otyrdy Әsirese orys kazaktary soslovielik kaldyktar men atamandyk ykpaldy saktap kaldy Bular da kenes zhumystarynyn zhandanuyna kedergi keltirdi Partiyalyk oktemdik pen totalitarlyk tәrtiptin ornaj bastauy vertikaldy baskaru zhүjesin kazhet etti Sol sebepti de kenes ujymdary demokratiyalyk sipattagy emes әkimshil әmirshil baskarudyn ozindik satysyna ajnala bastady Astyk pen et dajyndau zhәne uzhymdastyru1920 zhyldardyn sonynda Қazakstanda kүshtep astyk pen et zhinau ken etek aldy Ol әsirese Stalinnin 1928 zhyly kantardagy Sibirge saparynyn barysynda Novosibir men Ombyda sojlegen sozderinde RKFSR Қylmystyk Kodeksinin 107 babyn zhappaj koldanudy talap etuinen kejin katygezdik sipat aldy Ol bapta tauarlardy satyp alu zhasyru nemese bazarga shygarmaj ustau arkyly bagasyn zhogarlatkany үshin katal zhazalau karastyrylgan edi 1929 zhyly 13 akpanda BK b P Қazak olkelik komitetinin alkaly mәzhilisinde Goloshekin astyk dajyndau isinde ozine zheke sheshim kabyldau kukygyn beretin kauly shygartty Astyk pen et dajyndau mәzhbүrleu zhazalau zhәne үrej tugyzu arkyly zhүrgizildi Eldin turmys tirshiliginen habarsyz Goloshekin tipten eginshilikpen ajnalyspajtyn koshpeli malshylardan astyk otkizudi talap etti Mysaly astyk salygynan 2 zhyl merzimge bosatuga zhatatyn Tүrkistan oblysyndagy koshpeli mal sharuashylygy Talas zhәne Sozak audandarynda astyk dayarlau zhүrgizildi Al etke otkiziluge tiis mal basy sany kolda bar mal basynan anagurlym asyp tүsip zhatty Mәselen Balkash audanynda bar maldyn basy 173 myn bolsa etke otkiziluge tiis maldyn sany 300 myn bolyp belgilendi Audannyn 3 zhylda etke mal otkizu zhospary 160 myn bas maldan 1 5 mln bas malga yagni 10 esege dejin osti 1933 zhyly 10 16 shilde kүnderi otken BK b P Қazak olkelik komitetinin altynshy plenumynda sojlegen H Nurmuhamedov mynadaj derekter keltirdi Menin bauyrymnyn yagni 12 zhyl zhalshy bolgan kisinin bir gana siyry boldy Eginshilikpen eshkashanda ajnalyspagan Sogan karamastan ogan 1930 zhyly 5 put astyk salygyn salyp bul astykty toleu үshin songy siyryn zhәne үjdegi mүlikterin satuga mәzhbүr boldy Өkinishke oraj mundaj zhagdajlar ote kop kezdesedi Sojtip zhergilikti zherlerde eginshilikpen ajnalyspagandarga astyk maly zhoktarga et salygyn salu ken oris aldy Ony oryndamagan zhergilikti basshylar da sharualar da zhazaga tartyldy Sol sebepti eshkimnin eshkimdi ayamauy әrkajsysy oz basyn korgau үshin zhauapkershilikten bas tarta otyryp baskalardy kurbandykka shalu үjrenshikti kalypka ajnaldy Stalindik sibirlik tәsildi negizge algan Goloshekin astyk pen et dajyndau naukany barysyndagy katelikterin kulaktar men bajlarga karsy kүres zheleuimen bүrkemeledi Azyk tүlik dajyndau naukany sharualardyn sharuashylygyna gana emes oz omirlerine de kauip tugyzdy Partiya basshylarynyn katygez sayasaty zhergilikti zherlerde үrej otyn shashty Өjtkeni partiyanyn arnajy zhәne zhergilikti okilderi 107 bappen sottau tүrmege kamau әreketterin ken zhүrgizdi Al 1932 1933 zhyldary azyk tүlik dayarlau barysyndagy zhazalau sharalaryn katandatkan negizinen atu zhazasyn belgilegen birneshe kuzhat zharyk kordi 1932 zhylgy 7 tamyzda kabyldangan Memlekettik kәsiporyndardyn uzhymdar men kooperaciyanyn mүlkin korgau zhәne kogamdyk socialistik menshikti nygajtu turaly zany zhazalaushylyk әreketterdi odan әri orshite tүsti Ol zan bojynsha atu nemese zhazasyn zhenildetip mүmkin zhagdajda mүlkin tәrkilep 10 zhylga tүrmege otyrgyzu zhazasy belgilengen edi Osylajsha kankujly sayasat ustagan basshylar karapajym halyk kүjzelisin shegine zhetkizdi Aldymen mal odan son adamdar zhappaj kyryldy Torgaj oblysynda mәselen 1931 zhylgy 100 myn bas maldan 1933 zhyly bar zhogy 4 myny gana kaldy Zhappaj uzhymdastyru da zhogarydan beriletin bujryktar men nuskaular arkyly zhүrgizildi 1930 zhyly 5 kantardagy BK b P OK nin Ұzhymdastyrudyn karkyny zhәne memlekettin uzhymshar kurylysyna komektesu sharalary turaly kaulysynda Қazakstanda zhappaj uzhymdastyrudy negizinen 1931 zhyldyn kүzinde nemese 1932 zhyldyn kokteminde ayaktau mindeti kojyldy Osylajsha tagy da zhergilikti erekshelikterdi eskermesten zhogarydan kysym zhasau bastaldy Shash al dese bas aluga dajyn turgan Goloshekin uzhymdastyru isin barynsha tezdetuge tyrysty Zhappaj uzhymdastyru ajlyktaryn otkizdi 1932 zhyldyn 1 kantarynda otyrykshy audandardyn kopshiligindegi uzhymdastyru 60 80 ga dejin zhetkizildi Al koshpeli kazak auyldaryn uzhymdastyru karkyny budan da tez zhүrgizildi Ol kop zhagdajda kүshteu korkytu zhazyksyz zhazalau әreketteri arkyly iske asyrylyp otyrdy Ұzhymdastyru karsanynda Қazakstanda 1218 myn sharua kozhalyktary bolgan Ұzhymdastyru ayaktalgan son 1933 zhyldyn ortasynda onyn 628 myny gana kaldy Bajlar men kulaktardy tap retinde zhoyu sharalaryn dayarlau mәselelerine bajlanysty Өlkelik partiya komiteti zhanynan zhasyryn үshtik kuryldy Үshtiktin 1930 zhyly 23 kantarda otken algashky zhasyryn mәzhilisinde zhappaj uzhymdastyru bolatyn audandardan kulak kozhalyktaryn zher audarudy eki bagytta zhүrgizu Қazakstannyn ishinde zhәne Қazakstannan tys zherlerge zher audaru kozdeldi Osy zhumysty ujymdastyru үshin okrugterde de operativtik үshtikter kuryldy Olardyn kuramyna okrugtik partiya komitetterinin hatshylary okrugtik atkaru komitetterinin toragalary OGPU din basshy kyzmetkerleri kirdi Olarga kulak otbasylaryn esepke aluga 10 ak kүn uakyt berildi Қyskasy barlyk zhumystar shugyl asygys zhәne katal tүrde zhүzege asyryldy Partiya kenes zhәne OGPU organdary zhәne olar arandatkan sholak belsendiler oz halkyna karsy ayausyz sogys zhariyalady Әsirese Өlkelik partiya komiteti zhanynan kurylgan baj kulaktardy tap retinde zhoyu sharalaryn dayarlagan kuramynda Қuramysov Alshanskij zhәne Asylbekov bar komissiya erekshe belsendilik tanytty 1930 zhyly akpan ajynda bajlar men kulaktardyn kozhalyktary zher audarylatyn kula dүz zheri kunarsyz togyz audan belgilendi Olar temir zholdardan onerkәsip oryndarynan shekaradan әldekajda kashyk elsiz susyz shol zhәne sholejt buryn halyk turmagan ajmaktar bolatyn Algash bul audandarga shamamen 24 myn baj kulak kozhalyktary zher audarylatyn bolyp belgilendi Zher audarylatyndardyn әrbir zhana auyly 50 үjden aspauga tiis boldy 1932 1933 zhyldardagy asharshylykShabyndyk zhәne egistik zherdi kajta bolu tәrkileu azyk tүlik salygy kүshtep otyrykshylandyru men uzhymdastyru barysyndagy zorlyk zombylyktardan kop azap shekken en aldymen kazak halky boldy Bar dүniesinen mal mүlkinen kural sajmandarynan tipti zhertolesinen de ajyrylgan kazaktar asharshylykka ushyrap boskyn kүjge koshti Auyl sharuashylygynda eginshilik kolemi kүrt azajyp ketti Mal sharuashylygy teren kүjzeliske ushyrady Ұzhymdastyru karsanynda Қazakstanda 40 5 mln bas mal boldy al 1933 zhyldyn 1 kantarynda olardan kalgany bar bolgany 4 5 mln bas edi 1931 1933 zhyldary bүkil Қazakstandy kushagyna algan ashtyktan 6 2 mln respublika halkynyn 2 1 mln y kyryldy Өlkelik partiya komitetinin Torgaj audanyndagy uәkili 1932 zhyldyn kyrkүjeginde munda әr adam basyna orta eseppen 56 kilogramm gana astyk zhәne bir gana mal kalganyn al bular alty ajdan kejin mүlde tausylyp kantardyn sonyna karaj kystyn kakagan sary ayazynda nagyz kiyamet kajym ornajtynyn aldyn ala eskertip dabyl kakty Ol sonymen birge kejbir tolyk emes mәlimetter bojynsha audanda en kemi 2042 adam ashtyk kurbany bolganyn al 8500 adam ashtan olejin dep zhatkanyn Қuramysov pen Kahianidin Isaev pen Қulymbetovtyn attaryna zholdagan resmi mәlimdemesinde ashyk ajtty Anadan tugandaj tyrzhalanash ash adamdardyn dala tosinde bosyp sandalyp zhүrgenderin baskasyn bylaj kojganda olardyn daladagy atkulak pen saryshunakty tүgin kaldyrmaj zhep kojganyn zhazdy Osyndaj kajgyly zhagdajdyn korshi Batpakkara audanynda da keninen oryn alyp otyrgany da ajtyldy Goloshekin kazak dalasyndagy zhagdajdy ozi zhibergen uәkilderi arkyly zhaksy bilip tolyk habar alyp otyrdy Arnajy tapsyrmamen Sarysu audanynda bolgan O Zhandosov mynadaj mәlimet berdi Auyldardy aralagan kezimde men ondagan kүnder bojy zherlenbegen mәjitterdi kezdestirdim Әjelder zhokshylyk pen ashtykka tozimdileu Erkekterdin birden unzhyrgasy tүsip ketedi Kүjzelgender koldaryna ne tүsse de tүk kaldyrmaj zhep koyady Sүjek sayakty zhinajdy olardy zhүrek zhalgau үshin ondagan mәrte kajnatady Tamak ornyna zhartylaj ondelgen teriler de kete beredi Men ittin etin zhegen zhәne onysyn zhasyrmajtyn birneshe adamdardy kezdestirdim Onynshy auyldan kele zhatkan zholymda elsiz zhapannan eki kordim Olar kajdagy bir eski zhurttagy atylgan itterdin terisin alu үshin kalgan olimtikterine bara zhatyr eken 5 auylda ashtyktan zhartylaj isingen ayagy auyr әjel magan zhakyn kelip ogan it atyp beruimdi otindi Goloshekindik genocid kazakstandyktardy en aldymen kazak halkyn ashtykka zhәne boskyndykka ushyratty Zarlagan ana shyryldagan bala tүnerip olekse sasygan kazak dalasy bolsheviktik eksperimenttin nәtizhesi osy edi DerekkozderҚazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ә Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 304 bet suretti ISBN 9965 36 106 1 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz