Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.
Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.
Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды. С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, , Ж.Мыңбаев, С.Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.
«Кіші Қазан» курсы
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.
И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.
И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған « бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.
Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.
«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.
Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу
1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.
Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді.
Бұл зор ауқымды шараларды қауырт түрде іске асыру идеясы, авторларының көздеген басты мақсаттарының бірі — қоныс аударушыларға молырақ қазақ жерлерін босатып беру болды. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша қазақ жерін отарлау ісіне жаңа қарқын берді. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады.
1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.
«Қазақ ұлтшылдарын» жазалау
Ә.Бөкейханов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері мен белсенділерінің Кеңестік билікпен арақатынасы күрделі сипат алды. Мемлекеттік автономия алудан үміттенген ұлт-азаттық қозғалыс басшылары жаңа билікпен тіл табысуға ұмтылыс жасады. Өз ретінде кеңестік билік кешегі қарсыластары — Алаш зиялыларына қатысты екі жакты саясат ұстанды. Алғашқы кезеңде арнайы білімі бар мамандарға зәрулікті сезіне отырып билік орындары санаулы қазақ зиялыларын кеңестік кызметке тартуға әзірлігін байқатқанымен, осымен бір мезгілде алаш қайраткерлері билік тарапынан саяси ұшырап, қудалауға алынды. Өз ретінде ұлт зиялыларының өз ішінде ауызбірліктің болмауы, әсіресе билікке тартылған кейінгі буын — тәжірибесіз элитаның топшылдық дертіне шалдығуы империялық күштердің Алаш қайраткерлерімен есеп айырысуына қолайлы жағдай туғызды. Ахмет Байтұрсынұлы және басқа Алаш көшбасшыларының зиялы топ өкілдерін татуластыру әрекеттерінен ештеңе шықпады.
Смағұл Сәдуақасов биліктегі топты Мәскеулік әкімшілік алдында ұлттың ішкі өміріндегі кейбір мәселелерге байланысты толық сыр ашпауға шакырды. Ал, бірақ Орталық билік қазақ коғамы ішіндегі саяси ағымдар мен ұстанымдар жөнінде толық мәліметті сол қазақ қызметкерлерінің өздерінен-ақ алып отырды. Басқаша айтканда, империялық ұстанымдағы орталыққа қазақ қоғамының ішкі өміріндегі процестерді бақылап, өзіне тиімді бағыт-бағдар беріп отыру қиынға түскен жоқ.
1926 жылы 12 жоне 14 қараша күндері Мәскеуде, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің кезекті сессия жұмысына қатынасуға келген ұлттық автономиялық құрылымдардың 49 басшы қызметкерлері «националдар кеңесі» аталған жиналыс өткізеді. И.Сталиннің келісімінсіз өткізілген бұл кеңесте тыңдалған мен жарыссөзде орталық биліктің Ресей федерациясы құрамындағы ұлттық, автономиялық құрылымдарға жергілікті халықтардың мүддесі сол бұрынғы күйде ескерусіз аяқ асты қалып қойғандығы жан-жақты талқыға алынады. Кеңес жұмысына Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Т.Рысқулов басшылык жасайды. Бір ауыздан қабылданған қарарда кеңеске катысушылар ұлттық автономияларда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында ұлттық мәселелер бойынша кезекті кеңесті шақыруды талап етеді.
И.Сталиннің наразылығын туғызған бұл кеңес туралы орталықтың ызғарлы ұстанымын Ф.Голощекин тез арада «қазақ ұлтшылдарын» жазалау мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Мәскеудегі «националдар кеңесінің» ізін ала Қызылордада өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің III Пленумы (1926 ж. 25—30 қараша) құрамында С.Сәдуақасов, С.Қожанов және Ж.Мыңбаев бар «ұлтшылдар» тобының қызметі жөнінде мәселе қарап, «қазақ ұлтшылдығын» үзілді-кесілді айыптаған қаулы кабылдайды. Бұл іс жүзінде республикадағы жоғарғы билікті «ұлтшылдардан» біржола тазарту шарасының өзі болатын. Саяси қудалауға ұшыраған Ж.Мыңбаев пен С.Сәдуақасов көп ұзамай өмірден өтті (1929, 1933 жж.), ал С.Қожанов болса, біржола саяси қызметтен ығыстырылды.
Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға жер аударылды. М.Әуезов, және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.
Большевиктік режім осылайша қазақ ұлт-азаттык қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды. Қазақ қоғамы мәскеулік биліктің ұлт-азаттық қозғалыс басшыларына көпе-көрнеу жасаған қиянатын көзімен көрді, ендігі уақытта оның айтқанына көнбеген күнде сол алашордалықтардың кебін киетіндігін жаксы түсінді. Бұл қоғамның рухани азып-тозуына апармай қоймайтын жол еді.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak kogamyn taptyk negizde zhikteu sayasaty Birinshi dүniezhүzilik sogys onyn artyn ala kelgen revolyuciyalyk ozgerister bүkil Kenes elinin kenistigin kamtygan azamat sogysy kazak dalasyna da orasan zor auyrtpalyktar ala keldi 1916 1921 zhyldar arasynda ashtyktan kyrylgan zhәne okka ushkan kazaktardyn sany 800 mynga al atamekeninen koship ketkenderdin sany 200 myn adamga zhetti Bul sol kezendegi kazak halkynyn shamamen besten bir boligi edi Al 1921 1922 zhyldardagy asharshylyk kazak kogamyn birzholata turalatyp ketti Sharuashylyk dagdarysy zhumyssyzdardyn sanyn kүrt osirip kedej zhataktardyn kogamdagy үles salmagyn ulgajtyp zhiberdi Zhana gana ornagan kenestik bilik kүjzeliske ushyragan kogamnyn әl aukatyn zhondeu zhәne zhaksartu kamyna kirisudin ornyna en aldymen sayasi mәselelerdi sheshuge basymdylyk berdi Қogamdyk kurylystyn mundaj sipat aluy 1923 zhyly 17 22 nauryz kүnderi Orynbor kalasynda bolyp otken Қazak partiya ujymynyn III konferenciyasynda anyk bajkaldy Resej Kommunistik partiyasy okili E Yaroslavskij men Қazak үkimeti toragasynyn A Vajnshtejn ozderinin bayandamalary men sojlegen sozderinde endigi uakytta ulttyk mүddege katysty mәselelerge basymdylyk beruden bas tartyp nazardy bukara halyktyn taptyk sanasyn koteru isine burudy talap etti Bul is zhүzinde Қazak elinin ozin ozi baskaru memlekettik baskaru isinde zhergilikti erekshelikterdi eskeru memlekettik apparatty kazaktandyru zhәne baska osy siyakty zhalpyulttyk mәselelerdi tym kop koterudi toktatu zhoninde ortalyktan berilgen nuskau edi Sonymen birge ult mәselesinde ustamdylykka shakyrgan ortalyk onyn esesine taparalyk katynastar mәselesinde ymyrashyldykka zhol bermeuge kazak kedejlerinin әli oyanbagan taptyk tүjsigin shajkap olardy bajlarga karsy koyuga үndedi Bul kazak kogamynda үles salmagy bolar bolmas 0 5 ga da zhetpejtin bajlar tabyna zhәne olardyn menshigine kyzyl gvardiyalyk shabuylga otuge zhasalgan dayarlyktyn korinisi edi Ortalyk pen onyn Қazakstandagy okilderinin mundaj ustanymyna ashyk karsylyk korsetken zheke kazak basshylary az bolgan zhok Solardyn biri Smagul Sәduakasov kazak kogamyndagy taptyk kajshylyktarmen tym әuestenushiliktin zhagymdy nәtizhe bermejtindigin kazak sharualarynyn sol tarihi kezende taptyk kanaudan emes zhumyssyzdyktan sharuashylygyn zhandandyruga kazhet karzhynyn zhoktygynan azap shegip otyrgandyktaryna yagni endigi uakytta eldin revolyuciyalyk silkinisterge emes bejbit enbekke muktazh ekenin tүrli dәrezhe dengejde dәleldeuge tyrysty Sondaj ak S Sәduakasov kazak bajlarymen kүresti totenshe revolyuciyalyk sharalar arkyly emes bejbit әdis tәsilder arkyly zhүrgizudi usyndy S Sәduakasov N Nurmakov Zh Mynbaev S Қozhanov siyakty kazak sayasi kajratkerlerinin bul ortak ustanymyn bolsheviktik basshylyk socialistik kurylyska karsy korsetilgen zhergilikti ultshyldardyn karsylygy retinde kabyldady Al ult kajratkerleri bolsa endigi uakytta mundaj ustanymdarynyn ultshyldyk pigyldan emes zhergilikti omir erekshelikterinen tuyndap otyrgandygyn sogan bajlanysty ozderinin shynajy internacionalizm auytkymagandyktaryn ylgi da dәleldep otyruga mәzhbүr boldy Kishi Қazan kursy Goloshyokin Filipp Isaevich 1925 zhyl Қazakstan halky үshin sayasi zhanalyktarmen bastaldy Қazakstan kuramyna Syrdariya zhәne Zhetisu oblystarynyn enui Orynbor kalasy men guberniyasynyn bolinip shyguyna bajlanysty respublikanyn әkimshilik kurylymyna ozgerister engizildi Endigi uakytta Қazak AKSR i Adaj uezi Aktobe Akmola Oral Semej Қostanaj Zhetisu zhәne Syrdariya guberniyalarynan Қarakalpak avtonomiyalyk oblysynan turatyn boldy Қazak AKSR Ortalyk atkaru komitetinin 1925 zhylgy 9 akpandagy sheshimimen astana Orynbordan Akmeshitke koshirildi Zhana astanada 15 19 sәuir kүnderi otken Қazakstan Kenesterinin V sezi kazak halkynyn tarihi esiminin patshalyk bilik tusynda burmalanyp kyrgyz atalganyn eskerip halykka oz atyn kajtardy Sogan bajlanysty Қyrgyz AKSR i endigi uakytta Қazak Avtonomiyalyk Kenestik Socialistik Respublikasy atalatyn boldy Respublikanyn zhana astanasy Akmeshit kalasynyn aty buryngy Perovsk Қyzylorda bolyp ozgertildi Қazak kogamyna alash ziyalylarynyn ykpalynyn artuynan kauiptengen ortalyk bilik respublikadagy sayasi tәrtipti katan bakylauga alu zholyna tүsti 1925 zhyldyn 29 mamyrynda I V Stalin partiyanyn Қazak Өlkelik Komitetinin byuro mүshelerine Ak zhol gazetinin sayasi ustanymyna bajlanysty hatyn zholdady Onda I Stalin ozinin Ak zhol gazeti materialdarymen tanysyp zhariyalangan materialdardyn mazmun zhagynan shetelderde zharyk korip zhatkan Mustafa Shokaj makalalarymen sabaktas zhakyn ekenin ajta kelip mundaj synga kenestik basylymdarda oryn beriluge tiis emes degen tuzhyrymyn bildiredi I Stalin hatyndagy ekinshi mәsele alashtyk ziyalylar zhoninde boldy Kenestik basshy partiyada zhok ult ziyalylaryn sayasi zhәne ideologiyalyk kyzmetterden birzhola alastatudy usyndy I Stalin hatynan son Қazakstandagy sayasi bilikke ulttyk kadrlardy tek taptyk tegine karap tartu ken etek aldy Sonymen birge bukara arasynan iriktelgen kyzmetkerlerdin ozin ulttyk sezimi men ustanymyna bajlanysty zhikteu oryn ala bastady 1925 zhyly zhazda respublika basshylygyna Ortalyk Filipp Isaevich Goloshekindi zhiberdi Zhergilikti zhagdajmen tanysyp algan son F Goloshekin I Stalinge arnajy hat zholdap onda endigi uakytta basymdylyk zhalpyulttyk mindetterge emes kazak auylyn kenestendiruge respublika omirinde kommunisterdin үles salmagyn kүrt arttyruga baskaru apparattaryn zhergiliktendiruge yagni kazak bukarasyna kazaksha kyzmet zhasauga sondaj ak үlken sayasatka emes kalyn kazak bukarasanyn kүndelikti muktazhdyktaryn kanagattandyruga berilmek ekendigin tәptishtep ajtty F Goloshekin usyngan Kishi Қazan koncepciyasy osyndaj tuzhyrymdardan turdy zhәne ol I Stalinnin tolyk koldauyn aldy Қazakstandagy kenestik memlekettik avtonomiya kyzmetine ulttyk sipat mazmun beruge kүsh salgan sayasi top S Қozhanov S Sәduakasov Zh Mynbaev N Nurmakov t b Goloshekin usyngan bagdarlamasyn kazak auylynda azamat sogysyn tudyru әreketi esebinde kabyldady Қazak arasyndagy kelesi bir top O Isaev I Қuramysov Ғ Togzhanov t b endigi uakytta basymdylyktyn zhalpyulttyk emes taptyk sayasi mәselelerge berilgenin zhon sanady Respublika omirindegi sayasi tartys negizinen osy eki toptyn arasynda zhүrdi F Goloshekin bastagan sayasi basshylyk kazak auylyn kenestendiru zholynda turgan negizgi kedergi bajlar taby dep tүsindi Sondyktan da 1926 zhyly 20 mamyrda Zherge ornalaspaj zher pajdalanatyn koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli audandardyn shabyndyk zhәne egistik zherlerin uakytsha kajta bolu turaly zan kabyldap bajlardy mal zhajylymynan ajyru sharasyn osy zhyldyn mausym zhәne shilde ajlarynda bastap ketti Shabyndyk zhәne egistik zherlerdi kajta bolude birkatar kiyndyktar kezikti zherdi olsheu dayarlyksyz zhүrgizildi bolystyk atkaru komitetteri men auyldyk kenesterde bul sharanyn maksaty men mәnin tolyk tүsinip ony akyryna dejin zhetkizuge mүddeli kyzmetkerler asa kop bajkalmady Kishi Қazan bagdarlamasy ayasynda shabyndyk zhәne egistik zherlerdi kajta bolu arkyly kazak auylynda taparalyk majdan ashudan үmittengen kenestik basshylyk bul үmiti aktalmagan son zhana aukymdy da kauyrt sharalardy iske asyrudy kolga aldy Otyrykshylandyru kazak bajlaryn tәrkileu 1927 zhyly akpanda BOAK toralkasy koshpeli zhartylaj koshpeli kazaktardy zherge ornalastyru turaly sheshim kabyldady Goloshekin Қazakstandagy egistikke zharamdy zherlerge orys sharualaryn konystandyru maksatyn birinshi kezekke koyuga tyrysty Bul N Nurmakov Zh Sultanbekov siyakty kajratkerlerdin zandy karsylygyn tudyrdy Sol 1927 zhyly karashada otken VI Zhalpy kazaktyk partiya konferenciyasy Қazakstandy mekendejtin barlyk ulttardy zhappaj zherge ornalastyru kazhettigi zhoninde kauly kabyldady Ol kaulyny BOAK ozinin 1927 zhyly 12 zheltoksandagy kaulysynda tolyk makuldady Sonyn nәtizhesinde Қazakstan үkimeti 1928 zhyly 4 nauryzda Қazak AKSR de zherge ornalastyru tәrtibi zhәne zherdi pajdalanudy retke keltiru turaly arnajy kauly kabyldady Bul kaulyny iske asyru barysynda basymdylyk konys audarushylarga berildi Al koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli kazak kozhalyktaryn otyrykshy turmyska audaru mynadaj karkynda zhүrgizildi 1930 zhyly 87 136 1931 zhyly 77 508 1932 zhyly 77 674 zhәne 1933 zhyly 242 208 kozhalyktar arnajy belgilengen zherlerge ornalastyryldy Қazak kozhalyktaryn zhappaj otyrykshy turmyska audaru olardy memleket tarapynan materialdyk zhәne karzhylaj koldausyz kur naukanshylyk sharalar arkyly zhүrgizildi Bul zor aukymdy sharalardy kauyrt tүrde iske asyru ideyasy avtorlarynyn kozdegen basty maksattarynyn biri konys audarushylarga molyrak kazak zherlerin bosatyp beru boldy BOAK tyn 1928 zhylgy 29 nauryzdagy kaulysynda kazaktardyn belgilengen molsherden artyk zherlerin kesip alu korsetildi Osylajsha kazak zherin otarlau isine zhana karkyn berdi Budan kejin kabyldangan sheshimder men kaulylar patshalyk Resejdin kazak zherin otarlau sayasatynyn kajta tirilip kenestik zamanda zhana bagytta zhүrgenin bajkatady 1927 zhyly zheltoksan ajynda tәrkileu turaly zan dajyndau үshin arnajy komissiya kuryldy Al kelesi 1928 zhyly 27 tamyzda Bajlardyn sharuashylygyn tәrkileu turaly zhәne 13 kyrkүjekte Tәrkileuge karsylyk korsetkeni үshin kylmystyk zhauapka tartu zhәne iri zhartylaj iri feodaldardy koshiru turaly dep atalgan eki kauly kabyldandy 700 iri sharuashylyktyn mal mүlkin tәrkileu belgilendi Malmen kosa bau baksha auyl sharuashylygy kuraldary soka sajman arba shana tipten kүrke zhertoleler de tәrkileuge zhatkyzyldy 145 myn mal tәrkilenip 619 otbasy koshirildi Bajlardyn mal mүlkin tәrkileu olardyn tuystarynyn kolymen zhүrgizildi Osylajsha kazaktardy ozara arazdastyru sayasaty terendej tүsti Қazak ultshyldaryn zhazalau Magzhan Zhumabaev Ә Bokejhanov bastagan ult azattyk kozgalys kajratkerleri men belsendilerinin Kenestik bilikpen arakatynasy kүrdeli sipat aldy Memlekettik avtonomiya aludan үmittengen ult azattyk kozgalys basshylary zhana bilikpen til tabysuga umtylys zhasady Өz retinde kenestik bilik keshegi karsylastary Alash ziyalylaryna katysty eki zhakty sayasat ustandy Algashky kezende arnajy bilimi bar mamandarga zәrulikti sezine otyryp bilik oryndary sanauly kazak ziyalylaryn kenestik kyzmetke tartuga әzirligin bajkatkanymen osymen bir mezgilde alash kajratkerleri bilik tarapynan sayasi ushyrap kudalauga alyndy Өz retinde ult ziyalylarynyn oz ishinde auyzbirliktin bolmauy әsirese bilikke tartylgan kejingi buyn tәzhiribesiz elitanyn topshyldyk dertine shaldyguy imperiyalyk kүshterdin Alash kajratkerlerimen esep ajyrysuyna kolajly zhagdaj tugyzdy Ahmet Bajtursynuly zhәne baska Alash koshbasshylarynyn ziyaly top okilderin tatulastyru әreketterinen eshtene shykpady Smagul Sәduakasov biliktegi topty Mәskeulik әkimshilik aldynda ulttyn ishki omirindegi kejbir mәselelerge bajlanysty tolyk syr ashpauga shakyrdy Al birak Ortalyk bilik kazak kogamy ishindegi sayasi agymdar men ustanymdar zhoninde tolyk mәlimetti sol kazak kyzmetkerlerinin ozderinen ak alyp otyrdy Baskasha ajtkanda imperiyalyk ustanymdagy ortalykka kazak kogamynyn ishki omirindegi procesterdi bakylap ozine tiimdi bagyt bagdar berip otyru kiynga tүsken zhok 1926 zhyly 12 zhone 14 karasha kүnderi Mәskeude Bүkilresejlik Ortalyk Atkaru Komitetinin kezekti sessiya zhumysyna katynasuga kelgen ulttyk avtonomiyalyk kurylymdardyn 49 basshy kyzmetkerleri nacionaldar kenesi atalgan zhinalys otkizedi I Stalinnin kelisiminsiz otkizilgen bul keneste tyndalgan men zharyssozde ortalyk biliktin Resej federaciyasy kuramyndagy ulttyk avtonomiyalyk kurylymdarga zhergilikti halyktardyn mүddesi sol buryngy kүjde eskerusiz ayak asty kalyp kojgandygy zhan zhakty talkyga alynady Kenes zhumysyna Resej Federaciyasy үkimeti toragasynyn orynbasary T Ryskulov basshylyk zhasajdy Bir auyzdan kabyldangan kararda keneske katysushylar ulttyk avtonomiyalarda kalyptaskan zhagdajdy ozgertu maksatynda ulttyk mәseleler bojynsha kezekti kenesti shakyrudy talap etedi I Stalinnin narazylygyn tugyzgan bul kenes turaly ortalyktyn yzgarly ustanymyn F Goloshekin tez arada kazak ultshyldaryn zhazalau mүmkindigi retinde pajdalandy Mәskeudegi nacionaldar kenesinin izin ala Қyzylordada otken Қazak olkelik partiya komitetinin III Plenumy 1926 zh 25 30 karasha kuramynda S Sәduakasov S Қozhanov zhәne Zh Mynbaev bar ultshyldar tobynyn kyzmeti zhoninde mәsele karap kazak ultshyldygyn үzildi kesildi ajyptagan kauly kabyldajdy Bul is zhүzinde respublikadagy zhogargy bilikti ultshyldardan birzhola tazartu sharasynyn ozi bolatyn Sayasi kudalauga ushyragan Zh Mynbaev pen S Sәduakasov kop uzamaj omirden otti 1929 1933 zhzh al S Қozhanov bolsa birzhola sayasi kyzmetten ygystyryldy Zhogargy basshylyktyn kuramyndagy ultshyldardy kyzmetten alastaj otyryp F Goloshekin 1927 zhyldyn kүzinen bastap Mәskeudin koldauyna sүjenip ult azattyk kozgalys kajratkerlerin sottau sharalaryn iske asyrdy 1928 zhyly kazanda Қyzylorda abaktysynda A Bajtursynuly M Dulatuly H Ғabbasov bastagan 44 Alash ziyalylary kamauda otyrdy Olardyn torteui atyldy bireui konc lagerde oldi kalgandary on zhyl tүrmege kamau zhazasyna kesildi 1930 zhyly M Tynyshpaev H Dosmuhamedov Zh Akbaev zhәne baskalar bar 40 Alash kajratkerleri kamauga alynyp olardyn on besi bes zhylga zher audaryldy M Әuezov zhәne M Zhumabaev ultshyldyk ideologiyasynan bas tartatyndyktary zhoninde baspasoz arkyly mәlimdedi Bolsheviktik rezhim osylajsha kazak ult azattyk kozgalysynyn basynda turgan ziyalylar tobyn olar kalyptastyrgan azattyk ideologiyasyn zhojyp tyndy Қazak kogamy mәskeulik biliktin ult azattyk kozgalys basshylaryna kope korneu zhasagan kiyanatyn kozimen kordi endigi uakytta onyn ajtkanyna konbegen kүnde sol alashordalyktardyn kebin kietindigin zhaksy tүsindi Bul kogamnyn ruhani azyp tozuyna aparmaj kojmajtyn zhol edi DerekkozderҚazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ә Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 304 bet suretti ISBN 9965 36 106 1 Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz