Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов (1900, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 1937) – қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист.
Омбы гимназиясын (1917) бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетінде (1922– 23), Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы халық ш. институтында (1923– 24) оқыған. Жас кезінде Омбы қаласында құрылған «Бірлік», «Жас азамат» қазақ жастарының ұйымдарына қатысқан. 1919 – 22 жылдары Ресей коммунистік жастар одағы Сібір бюросы жанындағы қазақтатар секциясының хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, Ақмола жалпы білім комитетінің алқа мүшесі, 1922 – 23 жылдары Ташкентте шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923 – 24 жылдары КСРО ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарды. 1924 – 26 жылдары БК(б)П ОК баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926 – 28 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 – 32 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1935 – 36 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936 – 37 жылдары Қазақ КСР ХКК жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1937 жылдары репрессияға ұшыраған.
Абай туралы еңбектері
Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі - «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол - сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғabbas Sәduakasuly Togzhanov 1900 kazirgi Soltүstik Қazakstan oblysy Uәlihanov audany 1937 kogam kajratkeri әdebiet synshysy publicist Omby gimnaziyasyn 1917 bitirip Tashkenttegi Orta Aziya universitetinde 1922 23 Mәskeudegi V G Plehanov atyndagy halyk sh institutynda 1923 24 okygan Zhas kezinde Omby kalasynda kurylgan Birlik Zhas azamat kazak zhastarynyn ujymdaryna katyskan 1919 22 zhyldary Resej kommunistik zhastar odagy Sibir byurosy zhanyndagy kazaktatar sekciyasynyn hatshysy Enbekshi zhastar gazetinin redaktory Akmola guberniyasy totenshe komissiyasynyn hatshysy Akmola zhalpy bilim komitetinin alka mүshesi 1922 23 zhyldary Tashkentte shykkan Zhas alash gazetinin zhauapty hatshysy 1923 24 zhyldary KSRO ult isteri zhonindegi halyk komissariaty Ortalyk Kүnshygys baspasy kazak sekciyasynyn hatshysy kyzmetterin atkardy 1924 26 zhyldary BK b P OK baspasoz boliminin nuskaushysy 1926 28 zh Қazakstan olkelik partiya komiteti baspasoz boliminin mengerushisi 1926 32 zh Enbekshi kazak kazirgi Egemen Қazakstan gazetinin redaktory 1935 36 zhyldary Қazakstan Zhazushylar odagy baskarmasynyn toragasy 1936 37 zhyldary Қazak KSR HKK zhanyndagy korkemoner isteri zhonindegi baskarma bastygy kyzmetterin atkardy 1937 zhyldary repressiyaga ushyragan Abaj turaly enbekteriTogzhanov Abaj turaly algashky aukymdy enbegi Abaj atty monogr ocherkinen 1935 sol kezde үstem bolgan turpajy sociologizmnin zhәne sogan bajlanysty tugan Abaj үstem taptan shykty sondyktan da ol sol taptyn okili degen agat pikirdin silemi bajkalady Togzhanov taptyk turgydan Abaj kazaktyn kapitaldaskan feodaldarynyn zhokshysy degen tuzhyrym zhasajdy Abajdyn tilejtin armany zhaksy baj onerli epti baj kedej bukaranyn kamyn ojlamady orystyn dvoryandar bastagan ultrasyn үlgi kylady degen solakaj syn korinis beredi Taptyk turgydan osylaj dej turganmen de ocherkte Abajdyn akyndyk sheberligine bajlanysty sony ojlar ajtkan Ol Abaj realizmin zhogary bagalagan Abaj kazaktyn zhazba ult әdebietin zhasauga bas boldy orys әdebietinin үlgilerin aldy zhana әdebiet tүrlerin zhasady kazaktyn til bajlygyn uksata bildi Soz patshasy olen tilin әdemilep syrlap kundyzsha kulpyrtkan Abaj bolatyn 128 6 dej kelip onyn akyndygyn tausylmajtyn bulakka tenejdi Akyn turaly ojlaryn Abaj samorodok karadan okymaj shykkan talant 137 6 dep tүjindejdi Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz