Семирамида аспалы бағы — Вавилонның алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша -нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған.
Семирамида аспалы бағы | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Мемлекет |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hanging Gardens of Babylon |
Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.
Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдаттың оңтүстік жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Шығу тарихы
Навуходоносор II атты Вавилон патшасы (б.з.б 605—569) ең басты жауы - Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы әскери одақ құрады.
Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II-нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.
Жердегі жұмақ
Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.
Қызықты мәліметтер
- Бақтың әр жағы 4 плетронға тең болған. Плетрон - гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса,бақтың ауданы 123,2 м² болған.
- Вавилонның көп ғимараттары ашық көк кірпіштермен безендірілген.
- Бақтарды күту, егу, суару, жерді қопсыту, өсімдіктерді отырғызып, оларды кесу-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді.
- Патшаның әскери жеңістерінің нәтижесінде оның жаулары да көп болды, осыған байланысты аспалы бақтарды қарулы әскерлер күзетті.
- Ешкім де сеніммен Аспалы бақта қандай өсімдіктер өскендігі жөнінде айта алмайды, бірақ патша Ашурнасирпала II (б.з.б. 883-859) осы жерден алыс емес Нимруде қаласындағы бақта мирт, арша, бадам, құрма, зәйтүн, паслен, анар, қара өрік, алмұрт, айва, інжір және жүзім өсірген.
- Бақтарға су Ефрат өзенінен каналдар жүйесі арқылы берілген.
- Аспалы бақтың әр қабатының табаны саз кірпіштен қаланған, араларына қамыс жайылып, су өтпес үшін оларды қарамаймен және қабатталған қорғасынмен жапқан.
- Ағаштар көлеңке және ылғалды сақтау үшін бір-біріне жақын егілген. Олар: кипарис, қарағаш, самырсын, емен, , үйеңкі және т.б. Бұл ағаштар: мысалы, пальма мықтылығымен қатар, шірімейтін қасиетті болған, сол қасиеті үшін құрылысқа пайдаланған.
Өсімдіктер
Қолда бар сипаттамаларға сәйкес, бақтар гүлдермен, піскен жемістермен, жасанды сарқырамалармен және тығыз жапырақтарға толы террассалармен безендірілген. Вавилондық әдебиетке, тарихи дәстүрге және аймақтың экологиялық-географиялық ерекшеліктеріне негізделген ботаниктердің бақылауы бойынша бақшаларда өсімдіктердің келесі түрлері өсірілген:
- Еуропалық зәйтүн
- Айва
- Қарапайым алмұрт
- Інжір
- Қарапайым бадам
- Жүзім
- Құрма
Әдебиет
- Мекішев Б .Сүйін.А, Семирамиданың аспалы бағы, кітабы.: Әлемнің жеті кереметі.
- Өнер әлеміне саяхат, А., 1982; Федосик В.А., Семь чудес света, Минск,05.02.02
- Әлемнің ұлы кереметтері, Алматы кітап, 2005 жыл. Авторы- Рассел Эш, суретшісі - Ричард Бонсон
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Semiramida aspaly bagy Vavilonnyn alyp kurylys Әlemnin zheti keremetinin biri Bul sәulet tuyndysy ezhelgi dәuirde bilik zhүrgizgen patsha nin bujrygymen ozi turatyn sәuletti sarajdyn ken aulasynda turgyzylgan Semiramida aspaly bagyZhalpy mәlimetMemleketIrakOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Hanging Gardens of Babylon Tarihi derekterge karaganda Navuhodonosor b z b 605 562 zhyldar aralygynda patshalyk etip kuryp kejin Vavilon kalasynyn atagyn shygargan Tabany tortburyshty tort kabatty alyp kurylys tepkishekteri zhogary koterilgen sajyn kusyrylyp biiktej beredi Semiramida aspaly bagynyn әrbir terrasaly tepkishekteri үstine kalyn kunarly topyrak togiledi әri sonyn betine Vaviloniyanyn Midiyanyn zhәne baska elderden arnajy aldyrgan aluan tүrli zhemis agashtary men kok zhelekti butalar otyrgyzylady Sholdi aua rajy ystyk Vaviloniya elinde kokke shanshyla zhapyraktary zhajkalyp osken agashtardyn sayasynan esken salkyn samaldy aspaly bak zhergilikti turgyndardy tan tamasha kaldyrady Sol dәuirdin kuәgerleri kaldyrgan derekterge karaganda osyndaj tangazhajyp tamasha aspaly bak dүnie zhүzinin eshbir elinde bolmaganga uksajdy Sonysymen ol әlemnin zheti keremetinin birine ajnalsa kerek Buny Bagdattyn ontүstik zhagynan 88 km kashyktyktagy Vavilon kalasynyn ornyna zhүrgizilgen arheologiyalyk kazbalar kezinde bak terrasalaryn suaruga arnalgan alyp konstrukciyaly kurylystardyn tabyluy da dәleldej tүsedi Shygu tarihyNavuhodonosor II atty Vavilon patshasy b z b 605 569 en basty zhauy Vavilon memleketinin astanasyn eki ret talkandatkan Assiriyaga karsy tartys үshin Midiya hany әskeri odak kurady Zheniske zhetken olar Assiriya zherin oz arasynda bolip alady Olardyn әskeri odagy Navuhodonosor II nin Midiya hanynyn kyzy Amitiske үjlenuimen rastaldy Tauly zhәne zhasyl Midiyada osken patshajymdy zhalan kumdy zhazykta ornalaskan shandy da duly Vavilon kuantpady Ony zhubatu үshin Navuhodonosor aspaly bak turgyzudy bujyrady Birak tarihi gylymda zhanylysyp bak atauyn odan eki gasyr buryn omir sүrgen assiriyalyk Semiramida patshajymnyn atauymen atap ketken Zherdegi zhumak Derekterge karaganda Navuhodonosor Aspaly bakty Amitis үshin Vavilonnyn shandagynda oz elin ansap zhүrgen kezinde salgyzgan Қalyn osken osimdikter әlemi onyn esine Midiyanyn kazirgi Iran kok shalgyn tobelerin esine tүsiretin Bul zhasandy zholmen zhasalgan zhumakta zhubajlar kydyratyn demalatyn zhәne saraj kyzmetshilerimen birge tamaktanatyn bolgan Қyzykty mәlimetterBaktyn әr zhagy 4 pletronga ten bolgan Pletron grekterdin uzyndyk olshemi ol 30 8 m ge ten olaj bolsa baktyn audany 123 2 m bolgan Vavilonnyn kop gimarattary ashyk kok kirpishtermen bezendirilgen Baktardy kүtu egu suaru zherdi kopsytu osimdikterdi otyrgyzyp olardy kesu zhүzdegen kuldarga zhumys tauyp berdi Patshanyn әskeri zhenisterinin nәtizhesinde onyn zhaulary da kop boldy osygan bajlanysty aspaly baktardy karuly әskerler kүzetti Eshkim de senimmen Aspaly bakta kandaj osimdikter oskendigi zhoninde ajta almajdy birak patsha Ashurnasirpala II b z b 883 859 osy zherden alys emes Nimrude kalasyndagy bakta mirt arsha badam kurma zәjtүn paslen anar kara orik almurt ajva inzhir zhәne zhүzim osirgen Baktarga su Efrat ozeninen kanaldar zhүjesi arkyly berilgen Aspaly baktyn әr kabatynyn tabany saz kirpishten kalangan aralaryna kamys zhajylyp su otpes үshin olardy karamajmen zhәne kabattalgan korgasynmen zhapkan Agashtar kolenke zhәne ylgaldy saktau үshin bir birine zhakyn egilgen Olar kiparis karagash samyrsyn emen үjenki zhәne t b Bul agashtar mysaly palma myktylygymen katar shirimejtin kasietti bolgan sol kasieti үshin kurylyska pajdalangan ӨsimdikterҚolda bar sipattamalarga sәjkes baktar gүldermen pisken zhemistermen zhasandy sarkyramalarmen zhәne tygyz zhapyraktarga toly terrassalarmen bezendirilgen Vavilondyk әdebietke tarihi dәstүrge zhәne ajmaktyn ekologiyalyk geografiyalyk erekshelikterine negizdelgen botanikterdin bakylauy bojynsha bakshalarda osimdikterdin kelesi tүrleri osirilgen Europalyk zәjtүn Ajva Қarapajym almurt Inzhir Қarapajym badam Zhүzim ҚurmaӘdebietMekishev B Sүjin A Semiramidanyn aspaly bagy kitaby Әlemnin zheti keremeti Өner әlemine sayahat A 1982 Fedosik V A Sem chudes sveta Minsk 05 02 02 Әlemnin uly keremetteri Almaty kitap 2005 zhyl Avtory Rassel Esh suretshisi Richard Bonson