Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838)
Көтерілістің шығу себептері
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
- «Өздеріндей хандардың,
- Қарны жуан билердің
- Атандай даусын ақыртып,
- Лауазымын көкке шақыртып,
- Басын кессем деп едім,
- Еділдің бойы ен тоғай,
- Ел қондырсам деп едім,
- Жағалай жатқан сол елге
- Мал толтырсам деп едім!», —
деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.
1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.
1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.
Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.
1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады.
1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.
1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді.
Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».
1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.
Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.
Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.
Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.
Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.
Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.
Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.
Тастөбе түбіндегі шайқас
Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.
Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші әлсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді.
1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды.
Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.
Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды.
Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.
Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді.
Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда ұстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.
Көтерілістің тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы мен бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2
Бұл — Қазақстан тарихы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstandagy 1836 1838 zhyldardagy halyk azattyk koterilis Isataj Tajmanuly men Mahambet Өtemisuly bastagan sharualar koterilisi 1836 1838 Koterilistin shygu sebepteri1836 1838 zhyldary Bokej handygynda asa iri halyk azattyk koterilisterinin biri bolyp otti Ol koterilistin basty sebebi zherdin zhetispeushiligi edi Mәselen Ishki Ordadagy 20 mynga zhuyk otbasy sharuashylygy zher tapshylygynan zardap shekti En zhakyn shurajly zherlerdin bәrin de iri pomeshikter men bajlar ozara bolisip alyp kojgan bolatyn Қatardagy karapajym kazaktar zherdi solardan zhalga alyp pajdalandy Қazak aksүjekteri orys pomeshikterinen zhalga algan zherlerdi ozderinin zheke kalauy bojynsha kazak auyldaryna koterinki kymbat bagaga tagy da kajyra zhalga berip otyrdy Sojtip kazaktardan әr tүrli ajyppuldar men alym salykty eselep alyp turdy Resej pomeshikteri Yusupov pen Bezborodkonyn Kaspij tenizi zhagasynda kolemi orasan zor zher telimderi boldy Zhajyk әskeri kenesi Үlken zhәne Kishi Өzen bojyndagy zhәne kolderinin toniregindegi zherlerdi oz pajdasyna basyp aldy Zhajyk bojyndagy zherlerdi Zhajyk kazak әskerleri iemdendi Қazaktardyn kesip otip zhagalaudagy zhajylymdardy pajdalanuyna katan tyjym salyndy Dalalyk kazaktar ishki zhak betke ishki zhak kazaktary dalalyk syrtky zhak betke ote almady Zherdin zhetkiliksizdigi saldarynan kazaktar zherdi sharualarynan Zhajyk kazaktarynan zher ielenushi iri pomeshikter men kazak bajlarynan kymbat bagamen zhalga alyp pajdalanuga mәzhbүr boldy Zhәngir han tarapynan salynatyn alym salyk tүrleri de enseni ezip zhiberdi Ol oz zheke basynyn pajdasyna zhinap alynatyn biryngaj salyk tүrin engizdi Patsha үkimeti hannyn ozi zhasap algan fiskaldyk karzhy zhүjesine aralaspady 1836 zhyly halyk koterilisi bastaldy Onyn kozgaushy kүshi katardagy baktashy kazaktar boldy Koterilis tuynyn astyna birkatar starshyndar da zhinaldy Sultandar munyn akyry ne bolar eken dep әliptin artyn bagyp bejtarap kaldy nemese koterilisshilerge karsy shykty Halyk koterilisin elge belgili bedeldi batyrlar Isataj Tajmanuly 1791 1838 men Mahambet Өtemisuly 1803 1845 baskardy Onyn ekeui de berish ruynyn zhajyk atasynan bolatyn Isataj Tajmanuly 1791 zhyly dүniege kelgen 1808 zhyly Zhajyktyn sol zhagalauynda katty asharshylyk bolgan kezde onyn ruy zhaksy zhagdaj izdep Ishki Ordaga otip ketuge mәzhbүr bolgan edi Isataj 21 zhasynda oz ruynyn zhajyk atasyna starshyn bolyp tagajyndalady Ol oz kandastarynyn arasynda orasan zor bedel men syj kurmetke bolendi Isataj Tajmanulynyn en zhakyn serigi akyn Mahambet Өtemisuly boldy Ol tatar zhәne orys tilderin zhaksy biletin Biraz uakyt Orynbor kalasynda turgan Mahambet Өtemisuly belgili orys zhazushysy әri etnografy V I Dalmen zhaksy tanys boldy V I Dal Orynbor general gubernatorynyn zhanyndagy erekshe tapsyrmalar zhonindegi sheneunik kyzmetin atkaratyn Mahambet sayahatshy galym G S Karelinmen de tygyz karym katynas zhasap turgan G S Karelin әr kezderi Ishki Ordada zhәne Orynborda kyzmet istegen bolatyn Mahambettin patsha әkimshiliginin kolshokpary han sultandar men onyn toniregindegilerdin ozbyrlygyn ajyptajtyn zhalyndy zhyrlary barlyk kazakka tanys Өzderindej handardyn Қarny zhuan bilerdin Atandaj dausyn akyrtyp Lauazymyn kokke shakyrtyp Basyn kessem dep edim Edildin bojy en togaj El kondyrsam dep edim Zhagalaj zhatkan sol elge Mal toltyrsam dep edim dd dd dd dd dep Mahambet halyk azattyk kүrestin maksaty turaly shabyttana zhyrlady 1836 zhylgy akpanda koterilisshiler Zhәngir hanga karsy ashyk tanshyk shabuylga shykty Munyn basty sebebi Isataj Tajmanulynyn Han ordasyna kyr korsetui boldy Ol hannyn shakyruyna barudan үzildi kesildi bas tartty Onyn үstine ozine karasty auyldardy kystaudan koshirip alyp koterilisshilerdin үlken zhasagyn toptastyrdy 1836 zhylgy koktemde koterilisshiler kosynyna Қarauylkozha Babazhanuly bastagan karuly han zhasagy zhakyn keldi Ogan karsy Isataj Tajmanuly zhaksy karulangan 200 zhigitti ozi bastap shykty Ol kolyna tu ustap shygyp edi Қarsylasyn zhekpe zhek shajkaska shakyrdy Birak Қarauylkozha Babazhanuly da onyn toniregindegiler de zhekpe zhek shajkastan bas tartty batyrdyn usynysyn kabyl almady Han zhasagy үlken shajkaska shyguga bata almaj sheginip ketti Koterilisshiler ozderinin kosynyna kajtyp oraldy Isataj Tajmanovtyn koterilistin basshysy retindegi atagy bүkil Kishi zhүzge mәlim boldy Zhәngir han men onyn toniregindegiler Isatajga zhala zhabuga koshti Bir barymta kezinde sojylga zhygylyp kaza tapkan bir zhylkyshy karttyn olimine Isatajdyn zhәne onyn adamdarynyn katysy bar degendi dәleldeuge tyrysty Isataj Tajmanuly bul zhalany Zhәngir hannyn kelisimimen Қarauylkozhanyn ujymdastyrganyn zhaksy tүsindi Қarauylkozhanyn үstinen Zhәngir hanga shagym tүsiru ujgaryldy 1836 zhәne 1837 zhyldary shagym men peticiya beru arkyly Isataj Tajmanuly Zhәngir han zhәne onyn toniregindegi zhandajshaptardy kalyn kopshiliktin koz aldynda әshkerelemek boldy Shagym peticiya zholdau zhappaj narazylyk sheruine ulasty Mundaj algashky sheruge 1836 zhyly ote kop adam katysty Zhәngir han halyktyn kaһarynan shoshyp ketti Isataj batyr halyk kalyn zhinalgan Tolybaj shatkalynda oz otinishin tabys etti Zhәngir han onyn ajtkan talaptaryn tүgel tyndap shygyp kordalanyp kalgan problemalardy 12 kүnnin ishinde sheshuge uәde berdi Birak ol uәdesinde turmady Sojtip Zhәngir han halyk aldyndagy bedelinen ajyryla bastady 1836 zhyldyn kүzinde Isataj Tajmanuly әr tүrli rulardyn auyldaryn aralap zhүrip Zhajyk kazak әskerlerinin iemdenip otyrgan zherlerin oz betterinshe tartyp aluga shakyrdy Koterilis koseminin halyk arasyndagy bedeli men abyrojy kүn sanap arta berdi Koterilisshiler han zhasagyna esengirete tojtarys berdi Hannyn toniresindegi zhandajshaptardyn biri bi serkesh ruynyn kazaktaryna shabuyl zhasady Serkeshter koterilisshilerdin zhagynda edi Isataj serkeshterge shabuyl zhasagandardy zhazalau үshin kuramynda 270 sarbazy bar karuly zhasakty zhumsady Olar әlgi bidin auylyn shauyp tolyk kүjzeltip ketti 1837 zhyldyn bas kezinde koterilisshilerge bajbakty ruynyn be deldi starshyny Zhүnis Zhanteliүlynyn koly kelip kosyldy Endi koterilis aumagynyn shekarasy keneje tүsti Koterilisshilerdin katary da udajy arta berdi Koterilis aukymynan kauiptengen Orynbor shekara komissiyasy Isataj Tajmanovty ustap alyp isin sotta karauga tapsyrma beredi Bugan karsy koterilisshilerdin basshysy general gubernator V A Perovskijge shagym zhasady Өlke basshysynyn kazaktarga degen kozkarasy zhaman emes edi Birde үjlenu tojyn otkizip zhatkan kazaktarga shabuyl zhasap tonap ketkeni үshin Perovskijdin zhүzbasy Buhmatov pen bir top kazakty myn adamdyk saptyn ortasynan otkize dүre sokkyzyp olardy әskeri kyzmetten birzhola kuyp zhibergeni belgili bolatyn Birak ol olke bileushisi retinde patsha үkimetinin otarshyldyk sayasatyn zhүrgizdi Isataj batyr ogan zholdangan otinish shagymynda bylaj dep zhazdy Bizdin otinishterimiz ben shagymdarymyzga eshkim de kulak aspajdy Bizdin mal mүlkimizdi talan tarazhga salyp tonap ketedi Sojtip biz imperator taksyrdyn kol astyna adal nietpen berilgendigimiz zhoninde ant kabyldagan bola tursak ta kүn sajyn korkynyshty үrej keshemiz 1837 zhyldyn zhazy men kүzinde koterilisshiler iri bajlardyn auyldaryna shabuyldy kүshejtti Sol zhyly kүzde kuramynda 200 sarbazy bar zhasak Қarauylkozha Babazhanulynyn auylyn shauyp kul talkan etip ketti 50 adam sonyn ishinde 2 sultan tutkynga alyndy Koterilisshilerdin eleuli kүshi birte birte Han ordasyna zhakyndap kele zhatty Koterilisshiler Zhәngir handy zhaktaushylardyn mal mүlki men shurajly zhajylymdaryn basyp alumen boldy Koterilisshiler Astrahan guberniyasy Chernoyar uezinin aumagyn da basyp otti Onda kalmaktar men karakalpaktardyn zhәne tatarlardyn auyldaryna shabuyl zhasap talkandap ketti Koterilisshilerdin kelesi bir shagyn zhasagy Balshykty kamaly manynda sultan auylyn shauyp ketti Sultannyn dүnie mүlki men malyn olzhalady Koterilisshilerdin Han ordasyn kamauga aluyKoterilis Isataj Tajmanuly bastagan koterilisshiler 1837 zhylgy kazannyn ayak kezinde Han ordasyna on shakyrymdaj zhakyn keldi Zhәngir han da onyn toniregindegiler de korshauda kaldy Koterilisshilerdin zhalpy sany eki myn adamnan asatyn edi Alajda Isatajdyn Han ordasyn kүshpen basyp algysy kelmedi Koterilisshiler Zhәngir hannan Balky zhәne Қarauylkozha bilerdi oz tonireginen kuyp zhiberudi bilikti ru starshyndarynyn kolyna berudi talap etti Zhәngir handa үrej kalmady Ol koterilisshilermen kelissoz zhүrgizuge koshti Hannyn kolyna zhana talap peticiya tabys etildi Onda eger hanga kojylyp otyrgan talaptar oryndalmajtyn bolsa koterilisshilerdin bүkil auyl ajmagymen Ishki Ordany tastap koterile koship ketetini eskertildi Ogan halyk arasynda ykpaldy 300 rubasy men starshyn zhәne batyrlar kol kojdy Bul zhagdaj Zhәngir hannyn zhagdajyn kүrt nasharlatyp zhiberdi Patsha үkimetinin әkimshiligi de katty alandady Koterilisshiler Zhajyktan buzyp zharyp syrtky betke koshetindej kүn tua kalsa ogan karsy aldyn ala shugyl sharalar kabyldauga kiristi Shekara bekinisi kүshejtile bastady Isataj Tajmanuly hanmen eki aradagy shielenisti zhagdajdy bejbit kelissozder arkyly sheshuge bolatynyna patsha әkimshiligin sendiruge tyrysty Batyr uakyttan utudy ojlastyrdy Қys tүsip Zhajyktyn muzy katkan bojda onyn sol zhak betine koship ketpek boldy Al bul eki arada Orynbor әkimshiligi men Zhәngir han kazaktardyn әskeri kүshterin shugyl tүrde toptastyryp үlgerdi Zhazalau sharalaryn zhүzege asyratyn Zhәngir han zhasaktary da әzir boldy Sojtip kyska merzimnin ishinde koterilisshilerge karsy 1000 nan astam adam shogyrlandyryldy Tastobe tүbindegi shajkasShielenistin kan majdanda sheshiletin uakyty tayap keldi 1837 zhylgy 15 karashada Tastobe degen zherde koterilisshiler men zhazalaushy otryadtar arasynda keskilesken kandy shajkas bolyp otti Kok sүngini sheber pajdalana biludin zharamdy zhaksy attardy tandap minudin shajkas otken zher zhagdajymen bes sausaktaj zhaksy tanys boluynyn nәtizhesinde koterilisshiler urystyn algashky zhartysynda basymdyk tanytyp edәuir zheniske zhetti Alajda koterilisshilerdi zhazalaushylar zenbirekpen tolassyz atkylaj bastady Koterilisshiler bugan shydaj almaj kejin sheginuge mәzhbүr boldy Olardyn sonynan birneshe shakyrymga dejin kugyn zhasaldy Ondagan adam kaza tapty Қugyn kezinde koterilisshilerdin biraz maly zhau kolynda kaldy Tastobe tүbindegi zhenilisten kejin koterilisshiler shagyn toptarga bolinip Ishki Orda aumagyna tarap ketti Koterilisshilerdin kүshi әlsirep moraldyk ruhy da tomen tүsti Zhazalaushy әsker barlyk kүshti koterilistin basshysyn kolga tүsiruge zhumsap bakty Isatajdyn basyna 500 som kүmis aksha tigildi 1837 zhylgy 13 zheltoksanga karagan tүni koterilisshiler Zhajyk ozenin kesip otti Sarajshyk bekinisinen sultan 80 kazak zhәne ozinin adamdarymen koterilisshilerdin sonyna tүsti Қugyn kezinde birneshe koterilisshi tutkynga alyndy Sultan Ajshuakuly kansha әreket zhasasa da koterilis basshysyn kolyna tүsire almady 1838 zhyldyn bas kezinde Isataj Tajmanuly ozinin kasyna ergen zhasagymen birge Үlken Borsykty kumyndagy Shekti ruynyn shetine ilikti Bul zherde ogan baska da kazaktar top tobymen kelip kosyldy Koterilisshilerdin kүshin biriktiru әreketiKoterilis Koktem shygysymen kazaktardyn kozgalysy zher zherde kajtadan kүsheje tүsti Mәselen Elek ozeninin bojynda zhasagy is kimyl zhasady Aral Kaspij aralygynda Zhүsip batyrdyn zhasaktary pajda boldy Al Ortalyk Қazakstan dalalarynda bүlikshil sultan agangan Kenesary Қasymuly bastagan asa kuatty koterilis keninen kulash zhajdy Mine mundaj zhagdajda Isataj Tajmanuly Hiua handygynan bolinip shykkan sultan Қajypkali Esimulymen kүsh biriktiruge sheshim kabyldady Sultan ozin han dep zhariyalady Onyn zhasagynda 3000 ga zhuyk sarbaz bar edi Bul eki zhasak bir birimen Ojyl ozeninin sagasyndagy shekti ruynyn auyldarynda kosyldy Patsha үkimeti үshin ote kүrdeli kauipti zhagdaj kalyptasty Onyn үstine bүkil Kishi zhүzdin koteriliske shykkan kүshterin biriktiru nieti de bajkaldy Sondyktan Orynbor olkesinin general gubernatory kazaktardyn kozgalysyn basyp zhanshu үshin iri әsker kuramyn attandyrdy Tau bekinisi zhagynan bugan kosymsha sultan B Ajshuakulynyn kosyny shykty Onyn kuramynda Zhajyk polkinin 100 kazagy bar edi Orynbordan shykkan podpolkovnik Geke bastagan otryadta Orynbor kazak polkinin eki zhүz Zhajyk kazak polkinin zhүz elu shekara shebindegi bekinisterdin elu soldaty men eki zenbiregi bolatyn Koterilistin zheniliske ushyrauynyn sebepteri men saldaryZhazalaushy otryadtyn әskeri tehnikalyk turgydan basymdygy birden bajkaldy 1838 zhylgy 2 shilde kүni Қiyl zhәne Akbulak ozenderinin bojynda koterilisshiler men zhazalaushylar arasynda sheshushi shajkas otti Onyn barysynda koterilistin basshysy Isataj Tajmanuly kaza tapty Koterilisshilerdin kalgan toby kejin sheginip dala kojnauyna sinip ketti Zhazalaushy әsker olardyn sonynan kugyn ujymdastyrdy Shajkasta koterilisshilerden 80 ge zhuyk adam kaza tapty Isataj Tajmanulynyn kazasynan kejin koterilis bәsen tarta bastady Zhekelegen zhasaktar Tomengi Zhajyk shekara shebine tayau zherlerde Ojyl ozeninin bojynda gana is kimyl korsetip zhүrdi Mahambet Өtemisuly biraz uakyt boj tasalap zhasyrynyp zhүruge mәzhbүr boldy Kejinirek kazaktardy Zhәngir hanga zhәne patsha үkimetine karsy koteriluge үgittedi 1845 zhyly bileushi sүltan adamdarymen kaktygys kezinde kapylysta kazaga ushyrady Koterilis basyp zhanshylgannan kejin ogan katyskandardy kugyndau bastaldy Koptegen adamdarga olimshi etip dүre sogyldy Koterilisshilerdin birkatary katorgaga ajdaldy mal mүlki tәrkilendi Koteriliske negurlym belsene katyskandar Shygys Sibirge birzholata zher audaryldy Koterilistin zheniliske ushyrauynyn negizgi sebepteri mynada edi en aldymen kozgalys aldyn ala mukiyat ujymdastyrylmady onyn ajkyn bagdarlamasy bolmady koterilis zhergilikti shashyranky sipat aldy Koterilistin basshylary Kenesary Қasymuly men Zholaman Tilenshiuly bastagan zhasaktarymen bajlanys zhasaj almady Patsha үkimetinin әskerleri myltyk zenbirektermen zharaktandyrylgan edi Kejde zenbirekten үsti үstine birneshe ok atudyn ozi koterilisshilerdi kejin sheginuge mәzhbүr etti Қazaktardyn kolynda ondaj karu bolgan zhok Koterilistin zhenilip kaluynyn basty sebepterinin biri bul zholy da Syrym Datulynyn zhasaktary siyakty eki bagytta әri patsha үkimetine әri han biligine karsy kүres zhүrgizildi Munyn ozi koteriliske katysushylardyn zhagdajyn әlde kajda kiyndata tүsti Onyn үstine koterilisshilerdi kazak zhasakta ry men tүrakty orys armiyasy bolimsheleri zhan zhagynan tүgeldej derlik korshauda ustady Kishi zhүzdin dalalyk boligindegi kazaktardan komek kүtu de mүmkin bolmady Өjtkeni Zhajyktyn syrt zhagyndagy kandastarmen bajlanys zhasauga shekara shebindegi orys әskerleri zhol bergen zhok Koterilistin tarihi manyzyIsataj Tajmanuly men Mahambet Өtemisuly baskargan koterilistin orasan zor tarihi manyzy boldy Bul patsha үkimeti kurgan zhana әkimshilik aumaktyk birliktin aumagynda kazaktardyn otarshyldykka karsy iri baskoterui edi Onyn ult azattyk sipaty basym boldy Koterilis ayausyzdykpen basylgannan kejin de zhalgasa berdi 1842 zhyly Zhәngir hanga karsy men bastagan baskoteruler bolyp otti Zhәngir han koterilisshilerdin kejbir talaptaryn oryndauga mәzhbүr boldy Atap ajtkanda halyktan zhinalatyn alym salyk kolemin edәuir zhenildetti Patsha үkimetine narazylyk bildirgen starshyndardyn pikirimen sanasu kerektigin tүsindi DerekkozderҚazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamura 2008 352 bet suretti kartaly ISBN 9965 34 816 2 Bul Қazakstan tarihy bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz