Қызылжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1967 жылы Бескөл ауданы болып құрылған. 1997 жылы Соколов ауданының қосылу нәтижесiнде аумағы кеңейді. Аумағы 6,15 мың км2. Орталығы – Бескөл ауылы, облыс орталығымен аралығы 12 км.
Қазақстан ауданы | |
Қызылжар ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | Бескөл |
Ауылдық округтер саны | 19 |
Ауыл саны | 69 |
Әкімі | Сақтаған Сәдуақасов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, №11 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 54°51′ с. е. 69°15′ ш. б. / 54.850° с. е. 69.250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°51′ с. е. 69°15′ ш. б. / 54.850° с. е. 69.250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы | 6,15 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 46 499 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | орыстар (56,1%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 150700-150714 |
Автомобиль коды | 15 |
Қызылжар ауданының әкімдігі | |
|
Тарихы
Бескөл ауданы 1967 жылы 2 қаңтарда құрылды. Құрамына Мамлют ауданының Архангел, Боголюбов, Куйбышев, Петерфельд; Соколов ауданының Асанов, Бескөл, Прибрежный, Светлополь; Ленин ауданының Новоникольск ауылдық кеңестері енді. Сол жылы 6 қаңтарда Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданынан Бескөл ауданына берілді.
1968 жылы 26 тамызда орталығы Рассвет ауылында Рассвет ауылдық кеңесі құрылды; Боголюбов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Куйбышев ауылдық кеңесіне берілді және Заречный ауылдық кеңесі Ленин ауданына кері қайтарылды.
1969 жылы 19 мамырда Андреевка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 9 маусымда Андреев ауылдық кеңесі атауы берілді.
1972 жылы 26 маусымда Плоское ауылында құрылған ауылдық кеңеске 7 шілдеде Шахов ауылдық кеңесі атауы берілді.
1976 жылы 3 шілдеде Новокаменка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 20 шілдеде Новокамен ауылдық кеңесі атауы берілді.
1979 жылы 7 қыркүйекте Леденево ауылында құрылған ауылдық кеңеске 24 қыркүйекте Леденев ауылдық кеңесі атауы берілді.
1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды.
1997 жылы 12 ақпанда Новокамен ауылдық округі Архангел ауылдық округіне, Шахов ауылдық округі Прибрежный ауылдық округіне қосылды. Сол жылы 18 сәуірде таратылған Соколов ауданының аумағы қосылып, Бескөл ауданы Қызылжар ауданы болып өзгертілді.
2000 жылы маусымда Рощин ауылдық округі (орталығы Пеньково а.) мен Лесной ауылдық округі (орталығы Пресновка а.) құрылды.
2003 жылы 27 наурызда Қызылжар ауылдық округі (орталығы Элитное а.) құрылды.
Жер бедері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Оңтүстiгiнде Есiл және Аққайың, шығысында М. Жұмабаев, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседі. Аудан жері Есіл өзенiнiң бойында, орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Жер бедері жота-жонды, бел-бұйратты, тоғайлы-ойпаңды, жазық жерлер мен Есіл-Тобыл және Есіл-Ертіс өзендері аралықтарындағы Батыс Сібір жазығының көл шұңқырлары да жатады. Аудан аумағының бүкіл меридиандық бағытымен жайылмасында ескі арналары мен шығанақ-қойнауы мол Есіл өзені ағып жатыр. Оның аудан аумағындағы ұзындығы 166 км. Өзеннің кең аңғары шөптесінге бай, мұнда бетеге, боз, бидайық, сұлыбас, қалуен, жусан және басқа да азықтық, емдік шөп өседі. Ауданның аумағының 18%-ын орман қамтыған. Кейбір жер телімдерінде «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген байырғы геологиялық дәуірдің реликті өсімдіктері сақталған. Ағаштан қайың, көктерек, сібір үйеңкісі, терек өседі. Бұталары: тал, итмұрын, шие, т.б. Жеуге жарамды саңырауқұлақ, жидектер бар. Хайуанаттар әлемі – бұлан, елік, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, ондатра, т.б. Құстары: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, тектестер, т.б. Өзен-көлдерінде шабақ, табан, алабұға, шортан, лақа, шаян өседі. «Қызыл кітапқа» ақ тышқан, елік, борсық, өсімдіктен – Шолпанкебіс, бұйра лалагүл, саз қазанағы, көктем жанаргүлі, ақ-тұңғиық, кәдімгі арша енгізілген. Ауданда "Согров табиғи қорықшасы", "Серебряный бор" орманы, т.б. республикалық деңгейдегі мемлекеттік табиғат ескерткіштері орналасқан.
Халқы
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
32999 | ▼32665 | ▲34386 | ▲50258 | ▼44454 | ▼44414 |
Тұрғындары 44 214 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (57,26%), қазақтар (31,30%), немістер (3,19%), украиндар (2,27%), татарлар (1,67%), беларустар (0,76%), поляктар (0,46%), армяндар (0,40%), әзербайжандар (0,28%), чуваштар (0,18%), башқұрттар (0,17%), (0,14%), өзбектер (0,17%), тәжіктер (0,11%), басқа ұлт өкілдері (1,63%).
Әкімшілік бөлінісі
69 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Архангель ауылдық округі | Архангельское ауылы | 2 | 1918 |
Асанов ауылдық округі | Асаново ауылы | 5 | 1944 |
Берёзов ауылдық округі | Большая Малышка ауылы | 5 | 2072 |
Бескөл ауылдық округі | Бескөл ауылы | 1 | 8805 |
Бугров ауылдық округі | Бугровое ауылы | 4 | 1106 |
Вагулин ауылдық округі | Вагулино ауылы | 5 | 1844 |
Виноградов ауылдық округі | Виноградовка ауылы | 3 | 1027 |
Куйбышев ауылдық округі | Боголюбово ауылы | 3 | 2602 |
Қызылжар ауылдық округі | Бәйтерек ауылы | 6 | 1931 |
Лесной ауылдық округі | Пресновка ауылы | 2 | 1129 |
Налобин ауылдық округі | Налобино ауылы | 4 | 1308 |
Новоникольский ауылдық округі | Новоникольское ауылы | 3 | 1798 |
Петерфельд ауылдық округі | Петерфельд ауылы | 7 | 2965 |
Прибрежный ауылдық округі | Прибрежное ауылы | 3 | 2696 |
Рассвет ауылдық округі | Рассвет ауылы | 4 | 1924 |
Рощин ауылдық округі | Пеньково ауылы | 3 | 2226 |
Светлопольский ауылдық округі | Знаменское ауылы | 4 | 1624 |
Соколов ауылдық округі | Соколовка ауылы | 1 | 2749 |
Якорь ауылдық округі | Якорь ауылы | 4 | 2786 |
Аудан экономикасы (1990 жылдар)
Қызылжар ауданының дәстүрлі кәсібі – астық, ет, сүт өнеркәсібі. 1992 жылға дейін 16 кеңшар мен 6 ұжымдар, сондай-ақ 2 аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігі, мемлекеттік асыл тұқымды станса, 2 ірі құс фабрикасы болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұл шаруашылықтардың негізінде шаруа қожалықтары, жеке сауда-коммерциялық мекемелер мен акционерлік бірлестіктер құрылды.Қазір өндеу өнеркәсібі орындарының ішінде май және нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету мен жергілікті өнеркәсіп комбинаттары, көліктік және құрылыс-жөндеу ұйымдары жұмыс істеуде. Бескөл ауылы аумағында Солтүстік Қазақстан Мал шаруашылығы және малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ тәжірибе шаруашылығы бар. Бескөл құс фабрикасы диеталық жұмыртқа мен құс етін шығарады.
Жол торабы
Аудан бойынша Қазақ (Петропавл – Алматы), Ресей Федерациясының ; Петропавл – Есім (РФ), Петропавл – Көкшетау, Петропавл – Қорған, Петропавл – Омбы (РФ) автомобиль жолдары, Уфа – Петропавл – Омбы мұнай құбыры өтеді.
Инфрақұрылымы
Ауданда 67 жалпы білім беретін мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, Новоникол «Жасөспірімдер үйі», 2 балабақша, облыстық жасөспірімдер мен балалардың велоспорт спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің дене тәбиесі дайындығы мектебі, Архангел коррекциялық балалар үйі, жетім балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернаты, 9 мәдениет үйі, 6 клуб, 15 кітапхана, 3 киноқондырғы қызмет көрсетеді. Ауданда орталық аурухана, ауылдық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 47 фельдшерлік пункт, 14 дәріхана, 1 санэпидстанса бар. 1989 жылы Прибрежный ауылдық округінің аумағында радон суының қоры табылды, бұл қайнар көзі негізінде емдеу профилакторийі жұмыс істейді. 1991 жылы Михайловка ауылында жер асты минералды суларын шығару басталды.
Қызылжар ауданы 1967 жылдан бастап орыс тілінде «Маяк», 2003 жылдан бастап қазақ тілінде «Қызылжар» газеттері шығады.
Тарихи ескерткіштері
Қызылжар ауданында тарихи және археологиялық 20 ескерткіш, саяси тұтқындар жол телімі (18 ғ.) және пошталық жол (19-ғ. басы) тіркелді.
Дереккөздер
- Қысқа тарихи анықтама. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы. Тексерілді, 3 желтоқсан 2016.
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
Сыртқы сілтемелер
- Қызылжар ауданының ресми сайты Мұрағатталған 3 маусымның 2013 жылы.
- Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты(қолжетпейтін сілтеме)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzylzhar audany Soltүstik Қazakstan oblysynyn soltүstik boliginde ornalaskan әkimshilik bolinis Audan 1967 zhyly Beskol audany bolyp kurylgan 1997 zhyly Sokolov audanynyn kosylu nәtizhesinde aumagy kenejdi Aumagy 6 15 myn km2 Ortalygy Beskol auyly oblys ortalygymen aralygy 12 km Қazakstan audanyҚyzylzhar audanyӘkimshiligiOblysySoltүstik Қazakstan oblysyAudan ortalygyBeskolAuyldyk okrugter sany19Auyl sany69ӘkimiSaktagan SәduakasovAudan әkimdiginin mekenzhajyBeskol auyly Gagarin koshesi 11Tarihy men geografiyasyKoordinattary54 51 s e 69 15 sh b 54 850 s e 69 250 sh b 54 850 69 250 G O Ya Koordinattar 54 51 s e 69 15 sh b 54 850 s e 69 250 sh b 54 850 69 250 G O Ya Қurylgan uakyty1967 zhylZher aumagy6 15 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny46 499 adam 2023 Ұlttyk kuramyorystar 56 1 kazaktar 32 26 nemister 3 15 ukraindar 2 22 tatarlar 1 74 belarustar 0 7 polyaktar 0 51 armyandar 0 38 әzerbajzhandar 0 38 ozbekter 0 22 baska ult okilderi 2 34 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi150700 150714Avtomobil kody15Қyzylzhar audanynyn әkimdigiTarihyBeskol audany 1967 zhyly 2 kantarda kuryldy Қuramyna Mamlyut audanynyn Arhangel Bogolyubov Kujbyshev Peterfeld Sokolov audanynyn Asanov Beskol Pribrezhnyj Svetlopol Lenin audanynyn Novonikolsk auyldyk kenesteri endi Sol zhyly 6 kantarda Zarechnyj auyldyk kenesi Lenin audanynan Beskol audanyna berildi 1968 zhyly 26 tamyzda ortalygy Rassvet auylynda Rassvet auyldyk kenesi kuryldy Bogolyubov auyldyk kenesi taratylyp aumagy Kujbyshev auyldyk kenesine berildi zhәne Zarechnyj auyldyk kenesi Lenin audanyna keri kajtaryldy 1969 zhyly 19 mamyrda Andreevka auylynda kurylgan auyldyk keneske 9 mausymda Andreev auyldyk kenesi atauy berildi 1972 zhyly 26 mausymda Ploskoe auylynda kurylgan auyldyk keneske 7 shildede Shahov auyldyk kenesi atauy berildi 1976 zhyly 3 shildede Novokamenka auylynda kurylgan auyldyk keneske 20 shildede Novokamen auyldyk kenesi atauy berildi 1979 zhyly 7 kyrkүjekte Ledenevo auylynda kurylgan auyldyk keneske 24 kyrkүjekte Ledenev auyldyk kenesi atauy berildi 1994 zhyly 12 kantarda buryngy auyldyk kenester shekarasynda auyldyk okrugter kuryldy 1997 zhyly 12 akpanda Novokamen auyldyk okrugi Arhangel auyldyk okrugine Shahov auyldyk okrugi Pribrezhnyj auyldyk okrugine kosyldy Sol zhyly 18 sәuirde taratylgan Sokolov audanynyn aumagy kosylyp Beskol audany Қyzylzhar audany bolyp ozgertildi 2000 zhyly mausymda Roshin auyldyk okrugi ortalygy Penkovo a men Lesnoj auyldyk okrugi ortalygy Presnovka a kuryldy 2003 zhyly 27 nauryzda Қyzylzhar auyldyk okrugi ortalygy Elitnoe a kuryldy Zher bederi osimdigi men zhanuarlar dүniesiOntүstiginde Esil zhәne Akkajyn shygysynda M Zhumabaev batysynda Mamlyut audandarymen zhәne soltүstiginde Resej Federaciyasynyn Tүmen oblysymen shektesedi Audan zheri Esil ozeninin bojynda ormandy dala zonasynda ornalaskan Zherdin үstingi kabaty kara topyrakty Zher bederi zhota zhondy bel bujratty togajly ojpandy zhazyk zherler men Esil Tobyl zhәne Esil Ertis ozenderi aralyktaryndagy Batys Sibir zhazygynyn kol shunkyrlary da zhatady Audan aumagynyn bүkil meridiandyk bagytymen zhajylmasynda eski arnalary men shyganak kojnauy mol Esil ozeni agyp zhatyr Onyn audan aumagyndagy uzyndygy 166 km Өzennin ken angary shoptesinge baj munda betege boz bidajyk sulybas kaluen zhusan zhәne baska da azyktyk emdik shop osedi Audannyn aumagynyn 18 yn orman kamtygan Kejbir zher telimderinde Қazakstan Қyzyl kitabyna engizilgen bajyrgy geologiyalyk dәuirdin relikti osimdikteri saktalgan Agashtan kajyn kokterek sibir үjenkisi terek osedi Butalary tal itmuryn shie t b Zheuge zharamdy sanyraukulak zhidekter bar Hajuanattar әlemi bulan elik kaban kaskyr tүlki koyan ondatra t b Қustary akku kaz үjrek bүrkit tektester t b Өzen kolderinde shabak taban alabuga shortan laka shayan osedi Қyzyl kitapka ak tyshkan elik borsyk osimdikten Sholpankebis bujra lalagүl saz kazanagy koktem zhanargүli ak tungiyk kәdimgi arsha engizilgen Audanda Sogrov tabigi korykshasy Serebryanyj bor ormany t b respublikalyk dengejdegi memlekettik tabigat eskertkishteri ornalaskan Halky1970 1979 1989 1999 2009 2021 32999 32665 34386 50258 44454 44414 Turgyndary 44 214 adam 2019 Ұlttyk kuramy orystar 57 26 kazaktar 31 30 nemister 3 19 ukraindar 2 27 tatarlar 1 67 belarustar 0 76 polyaktar 0 46 armyandar 0 40 әzerbajzhandar 0 28 chuvashtar 0 18 bashkurttar 0 17 0 14 ozbekter 0 17 tәzhikter 0 11 baska ult okilderi 1 63 Әkimshilik bolinisi69 eldi meken 19 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2009 Arhangel auyldyk okrugi Arhangelskoe auyly 2 1918Asanov auyldyk okrugi Asanovo auyly 5 1944Beryozov auyldyk okrugi Bolshaya Malyshka auyly 5 2072Beskol auyldyk okrugi Beskol auyly 1 8805Bugrov auyldyk okrugi Bugrovoe auyly 4 1106Vagulin auyldyk okrugi Vagulino auyly 5 1844Vinogradov auyldyk okrugi Vinogradovka auyly 3 1027Kujbyshev auyldyk okrugi Bogolyubovo auyly 3 2602Қyzylzhar auyldyk okrugi Bәjterek auyly 6 1931Lesnoj auyldyk okrugi Presnovka auyly 2 1129Nalobin auyldyk okrugi Nalobino auyly 4 1308Novonikolskij auyldyk okrugi Novonikolskoe auyly 3 1798Peterfeld auyldyk okrugi Peterfeld auyly 7 2965Pribrezhnyj auyldyk okrugi Pribrezhnoe auyly 3 2696Rassvet auyldyk okrugi Rassvet auyly 4 1924Roshin auyldyk okrugi Penkovo auyly 3 2226Svetlopolskij auyldyk okrugi Znamenskoe auyly 4 1624Sokolov auyldyk okrugi Sokolovka auyly 1 2749Yakor auyldyk okrugi Yakor auyly 4 2786Audan ekonomikasy 1990 zhyldar Қyzylzhar audanynyn dәstүrli kәsibi astyk et sүt onerkәsibi 1992 zhylga dejin 16 kenshar men 6 uzhymdar sondaj ak 2 audandyk mamandandyrylgan sharuashylyk birlestigi memlekettik asyl tukymdy stansa 2 iri kus fabrikasy bolgan Naryktyk ekonomikaga otuge bajlanysty bul sharuashylyktardyn negizinde sharua kozhalyktary zheke sauda kommerciyalyk mekemeler men akcionerlik birlestikter kuryldy Қazir ondeu onerkәsibi oryndarynyn ishinde maj zhәne nan zauyttary turmystyk kyzmet korsetu men zhergilikti onerkәsip kombinattary koliktik zhәne kurylys zhondeu ujymdary zhumys isteude Beskol auyly aumagynda Soltүstik Қazakstan Mal sharuashylygy zhәne maldәrigerlik gylymi zertteu instituty sondaj ak tәzhiribe sharuashylygy bar Beskol kus fabrikasy dietalyk zhumyrtka men kus etin shygarady Zhol torabyAudan bojynsha Қazak Petropavl Almaty Resej Federaciyasynyn Petropavl Esim RF Petropavl Kokshetau Petropavl Қorgan Petropavl Omby RF avtomobil zholdary Ufa Petropavl Omby munaj kubyry otedi InfrakurylymyAudanda 67 zhalpy bilim beretin mektep 2 kәsiptik tehnikalyk mektep Novonikol Zhasospirimder үji 2 balabaksha oblystyk zhasospirimder men balalardyn velosport sport mektebi balalar men zhasospirimderdin dene tәbiesi dajyndygy mektebi Arhangel korrekciyalyk balalar үji zhetim balalarga arnalgan Sokolov arnajy mektep internaty 9 mәdeniet үji 6 klub 15 kitaphana 3 kinokondyrgy kyzmet korsetedi Audanda ortalyk auruhana auyldyk auruhana 9 otbasylyk dәrigerlik ambulatoriya 8 feldsherlik akusherlik punkt 47 feldsherlik punkt 14 dәrihana 1 sanepidstansa bar 1989 zhyly Pribrezhnyj auyldyk okruginin aumagynda radon suynyn kory tabyldy bul kajnar kozi negizinde emdeu profilaktoriji zhumys istejdi 1991 zhyly Mihajlovka auylynda zher asty mineraldy sularyn shygaru bastaldy Қyzylzhar audany 1967 zhyldan bastap orys tilinde Mayak 2003 zhyldan bastap kazak tilinde Қyzylzhar gazetteri shygady Tarihi eskertkishteriҚyzylzhar audanynda tarihi zhәne arheologiyalyk 20 eskertkish sayasi tutkyndar zhol telimi 18 g zhәne poshtalyk zhol 19 g basy tirkeldi DerekkozderҚyska tarihi anyktama Soltүstik Қazakstan oblysynyn Қyzylzhar audany әkiminin resmi internet resursy Tekserildi 3 zheltoksan 2016 Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Soltүstik Қazakstan oblysynyn әkimshilik aumaktyk kurylysynyn tarihy bojynsha anyktama 29 shilde 1936 zh 1 kantar 2007 zh Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 I tom Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktarySyrtky siltemelerҚyzylzhar audanynyn resmi sajty Muragattalgan 3 mausymnyn 2013 zhyly Қyzylzhar audanynyn әleumettik ekonomikalyk tolkuzhaty kolzhetpejtin silteme