Қайшылы - ескіден келе жатқан қазақтың ежелгі руының бірі. Бұл ру өкілдері жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен. Қазіргі уақытта негізінен Қазақ халқының Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі тайпасының құрамына жатқызылады. Және бір бөлігі Жалайыр тайпасының құрамында да аталады. Кіші жүз Төртқараның ішінде Қайшылылар кездеседі деген дерек те бар. Бұлардан басқа Қарақалпақ, Өзбек халықтарының құрамдас руы ретінде де кездестіреміз. Тіпті сонау Иран Ислам Республикасының оңтүстігіндегі Фарс провинциясында көшпенді ғұмыр кешетін (Әзірбайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы жеке тілде сөйлейді) құрамында жеке ру ретінде Кайшуглы, Гайшгулы немесе Гашгули атауымен кездестіруге болады. Міне осыншама территорияға шашылған ру өкілдерінің түп-төркіні қасиетті Қазығұрт пен қарт Қаратау (бүгінгі күні Бәйдібек ауданындағы Үсіктас ауылы) саналады.
Сіргелі Қайшылы
Қайшылы - шежіре бойынша Сіргелінің Үштаңбалы тармағына жатқызылады. Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, шежіре дерегіндегі ата-тегінің таралуына қарағанда, Сіргелі - Бақтиярдың немересі, Үйсінге аға, бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Жаңабай, Айтбозым, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қоңыр), Қарабатыр, Бәйжігіт, Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген, Жәдігер), Батыр (Құдайберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкөңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Қаракөңірдекке бөлінеді. Халық аузында «Ойсыл қырғыны» дейтін оқиға туралы аңыз бар. Аңыздың мазмұны былай: Үйсіннің ағасы Ойсылдың отыз ұлы болады: Әліхан, Бақырхан, Қорқыт, Төбеке батыр, Тура, Шолақ, Бәйгел, Әмірбек, Өтеп, Тыныбек, Шыныбек, Нұрбек, Нұрымбет, Құлымбет, Қосақбай, Алшынбай, Жұрынбай, Байымбет, Жарымбет, Садық, Сыдық, Төлеп, Арыстан, Бораш, Жарас, Жанас, Сырымбет, Тұрымбет, Жалмамбет… Бұл жерде Ойсылдың ұлдары дегеннен гөрі, әулеті дегенге келіңкірейді. Ойсылдың ұлдарының бәрі батыр, жаужүрек болыпты. Хан Жәнібек тұсында Тұрымбет деген баласы ту ұстаушы – «тубегі» қызметінде екен. Сырымбет деген баласының әйелі Ізбике бәйбіше ханның қамқа тонын тігетін шебер екен. Оның лақап аты «Алтын қайшылы Ізбике бәйбіше» болыпты. Хан Жәнібектің бір қызы бой жетіп қалып, осы Ізбике бәйбішеге келіп, киім тіктіріп жүргенде Ойсылдың Бораш дейтін мырзасына, батырына ұшырасып қалады. Бір-бірін ұнатады. Ақыр соңы қыз екіқабат боп қалады да, іс насырға шабады. Ол заманның жосығы бойынша хан мен қарашаның арасында бұндай тірлік болмауы тиіс екен. Ақыры Жәнібек хан үлкен той жасап, оған Ойсылға қараған әулетті түгел шақыртып, қымызға қызара бөрте бастаған уақытта, «Жау кеп қалды!» деген дабыспен сыртқа ұмтылғандардың басын қағып тастай береді. Бұл жер, «Өлікті» атанған. Бораш мырзаның бәйбішесі емшектегі Құбасай атты баласымен төркіндеп Байұлы-Алшын жақта болған екен, Құбасай содан аман қалып, нағашы жұртында ер жетеді. Кейіннен ер жеткен Құбасай еліне оралғанда сірге таққан таймен келіпті. Сондықтан, «Ойсын қырғынынан» аман қалған кейбір Ойсыл әулеті кейін еңсе тіктеп, өз алдына таңба алғанда «Сірге тайлы Құбасайдың» әулеті деп жүріп, барша әулет «Сіргелі» аталып кетеді. Бұл оқиғаны З. Сәдібековтің «Қазақ шежіресі» деп аталатын кітабында егжей-тегжейлі анық жазылған. Бұл еңбегін негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданындағы Қаржан топырағынан шыққан шежіреші Мелдешұлы Әлімбай ақсақалдың жазбасынан XX ғасырдың басында алғанын айтады. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы кезеңге қатысты қызықты да шым-шытырық аңыздар мен деректер көп. «Ойсылдың отыз ұлының қырғыны» аңызы да осы кезеңге жатқызылады. Оған басты себеп аңыздағы Жәнібек хан деген кейіпкердің атауы болса керек. Бірақ, біздіңше аңыз желісіндегі бұл оқиға (егер шын мәнінде болған оқиға деп қарасақ) XV ғасырдан да ертерек болған сияқты. Аңызда Бораш мырза деген кісі аты аталады. «Мырза» айқындауыш титулына қарағанда не Ноғай ордасының, не Қырым хандығының елбилеуші ақсүйектерінің қатарында болған сияқты. Ноғай ордасында хан тұқымы емес, қарадан шыққан тұлғалар билік жүргізген ғой. Едіге тұқымы өзара қырқысып, орданы тоздырғанда Асан Қайғы біраз елді бастап жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығына ойысқан. Бұл қауым Қасым тұсындағы батыс тұстан қосылған елге қарағанда ертерек сіңіскендіктен әкімшілік-территориялық құрылым жағынан Ұлы жүздің қатарына жатқызылды. Аңыздағы «сірге тайлы» Құбасайдың елге оралуы осыны еске түсіреді.
Жалайыр Қайшылы
Жалайырдың ішіндегі Қайшылылар шежіре деректері бойынша Сіргелі-Қайшылылардың XV ғасырда ауған бір тармағы ретінде аталады. Аңыздағы «Ойсыл ұрпақтарының қырғынында» барша Ойсыл ұрпақтарымен бірге қаза болған Сырымбеттің хан ордасында тігіншілікпен айналысатын «Алтын қайшылы» Ізбике (Айызбике, Айшабике, Уызбике) ісмерден туған екі баласы аман қалады: Нан (Нәнді би) мен Тола (Төле). Ойсылдың жаулары оның ұрпағын түгел жою үшін барша тұқымын қазбалай қудалайды, қырады. Ізбике ісмер үлкен ұлы Нанды сырт көзден жасырып, өзі асырап бағады, ал Толаны қуғыннан аман алып қалу үшін өзінің төркіні – Жалайыр жұртына асырыпты. Ісмер Ізбикенің «Алтын қайшылы» деген айқындауыш ныспысына байланысты оның балаларынан тарайтын рудың атауы мен таңбасы «Қайшылы» аталады. Міне, осылайша барша Қайшылы ұрпағы шежіре мен аңыз бойынша осы Нан мен Толадан таратылады. XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін қос Қайшылы (Сіргелі ішіндегі Қайшылылар мен Жалайыр ішіндегі Қайшылылар) өзара қыз алыспаған. Одан кейін де екі жақтың ақсақалдары арасында қыз алысу туралы келісім-кеңес болғаны туралы оқыған да, естіген де емеспіз. Демек, әлі күнге екі Қайшылы өзара қыз алыспайды деген сөз. Бұл өзара туыстықтың тағы бір дәлелі.
Қарақалпақ ішіндегі Қайшылылар
Қарақалпақтар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығына қараған, негізінен Түркістан маңын мекендеген, әкімшілік-территориялық бөлініске орай Ұлы жүзге жатқызылған. XVІІІ ғасырда қалмақ-қазақ соғысы ушығып, «Алқакөл сұлама», «Сауран айналған»оқиғаларына ұласады. Ел дүрлігіп, көшкенде Қайшылылардың бір тармағы Қаратаудағы қонысынан Түркістанмаңындағы қарақалпақтармен бірге Үргеніш, Бұқара жаққа ауып, соларға сіңіп кетеді. Қазір олар қарақалпақтың Онтөрт ру арысының ірі руы. Орыс ғалымы Л. С. Толстов көрнекті ілімпаз Т.А. Жданконың «Қарақалпақтардың тарихи этнографиялық очерктері» атты кітабында (Мәскеу-Ленинград. 1950ж.) қарақалпақ руларының төркіні әпсаналар түрінде жазылған. Мысалы, «Қайшылы мен Қазаяқлы рулары» жөніндегі әпсанада «Бұқара ханы той берген. Батырлар арасында қайшылылардың бабасы Байполат пен қазаяқлылардың бабасы Сунан болған. Біріншісіне хан қайшыны тамға қылып берген, екіншісіне қаздын аяғын тамға қылған» деген дерек ұсынады. Бұл дерек қарақалпақ құрамындағы қайшылылар Қаратау маңынан көшкен деген біздің ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, қарақалпақ құрамындағы қайшылы мен қазаяқлы руларының таңбасы қазақтың Ұлы жүз ішіндегі Сіргелінің Үштаңбалы тармағы мен оның ішіндегі Қайшылының таңбаларын еске түсіреді. Қарақалпақтар мен Бұқара ханы ауып келген екі жаңа елді (Қайшылы мен Үштаңбалы) туыстығына қарай ажыратпаған, бірге қоныс берген болып шығады, тек екіншісінің таңбасының қаздың аяғына ұқсастығына байланысты ру атауын аздап өзгерткен.
Шығыс Еуропа жұртындағы Қайшылы таңбалылар
15-17 ғасырларда Қырым хандығы Ұлы Литва княздігімен одақтас болғанын тарихтан білеміз. Бұл одақ негізінен соғыс жағдайында өзара әскери қолдап отыру, көмектер алмасып отыру мақсатында құрылған. Одақтың аясында Қырым хандығы ақсүйектерінің қатарында Ұлы Литва княздігіне одақтас әскери көмек қатарында барып, сонда қалған «қайшылы» таңбалы (герб) польша-литва татарларының, поляк ақсүйектерінің түпкі тегі Қаратау Қайшылылары болса керек, оған дәлел Ноғай ордасын билеген Едіге бидің шыққан тегі. Ресейдің татартекті князь әулеттерінің тізімінде «Қайшылы» таңбалы Дәугәллә (Довгялло, Даўгяла) әулеті княздері кездеседі. Бұл әулетті түптен келгенде XV ғасырда Асан Қайғыға ілеспей қалған, не одан да ертерек уақытта Ноғай ордасындағы Сіргелі немесе Үштамғалы ішіндегі қайшылы таңбалы ақсүйек әулеттерден шыққан тұлғалардың Ноғай ордасы мен Қырым хандығының әскери қызметімен Ұлы Литва княздігіне барып, сарай маңындағы қызметтермен сонда қалып қойған тұқымынан шығады. Тіпті орыс пен белорустың танымал тарихшы-археографы Дмитрий Иванович Довгялло (белор. Дзмітрый Іванавіч Даўгяла); 1868 ― 1942) өзін орыс санағанымен, өзінің шыққан тегі Ұлы Литва княздігіне қатысты көне әулеттен шыққанын мақтан еткен екен. Демек, әулет тарихын, түп-төркіні түркі текті екенін жақсы білсе керек-ті. Бір қуанарлығы - әулет (род-қазақша ру) таңбасы, тіпті аталуы да сол күйінде сақталуы еді. Әулеттің «Дәугәллә» аталуы да қазаққа жақындататын сызықтың шетін бастайды (дәу – большая, кәллә - голова), мұндай сөзжасамды оңтүстіктің қазақтары әлі күнге пайдаланып келеді. Тарих үшін, жазба тарихы әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тарихы үшін мұны да қағазға бір түртіп қойған дұрыс. Халқымыздың тарихына қатысты кез-келген сызықтарын зерттей беру керек. Кейінгі ұрпақ үшін, тарихи тәлімі үшін.
Қазіргі уақыттағы Қайшылы ұрпақтары
Қазіргі күні қазақ құрамындағы Қайшылы ұрпақтары негізінен Түркістан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандарында, Өзбекстанның Ташкент қаласының бірнеше бөліктерінде: 4 жильгородокта, Қыбырайда, Шыршықта топтасып тұрады. Таңбасы барлық Қайшылыға ортақ "Х" (қайшы) таңба, алғашқы ұраны жалпы үйсінге ортақ «Бақтияр», кейінгі ұраны «Ақшабдар». Жылына бір рет бас қосып отыратын «Ақсақалдар алқасы» жұмыс істейді, әр жыл сайын Қазығұрттағы Алтынтөбе ауылында «Ғайып ата» молалар қорымындағы «Нан ата белгісінде» арнайы ас өткізіп отырады. «Алтын қайшылы Ізбике ана» қайырымдық-қоғамдық қоры жұмыс істейді.
Дереккөздер
- З. Сәдібеков, "Қазақ шежіресі", Ташкент, 1993 жыл
Сыртқы сілтемелер
[1] Мұрағатталған 17 маусымның 2014 жылы. Қайшылы тарихы
[2] Мұрағатталған 14 наурыздың 2016 жылы. Бәйдібек баба: Ақиқат пен аңыздың алтын арқауында
[3] Список татарских княжеских родов России
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қajshyly eskiden kele zhatkan kazaktyn ezhelgi ruynyn biri Bul ru okilderi zher zhүzine tarydaj shashylyp ketken Қazirgi uakytta negizinen Қazak halkynyn Ұly zhүz kuramyndagy Sirgeli tajpasynyn kuramyna zhatkyzylady Zhәne bir boligi Zhalajyr tajpasynyn kuramynda da atalady Kishi zhүz Tortkaranyn ishinde Қajshylylar kezdesedi degen derek te bar Bulardan baska Қarakalpak Өzbek halyktarynyn kuramdas ruy retinde de kezdestiremiz Tipti sonau Iran Islam Respublikasynyn ontүstigindegi Fars provinciyasynda koshpendi gumyr keshetin Әzirbajzhan men tүrikmen tilderinin ortasyndagy zheke tilde sojlejdi kuramynda zheke ru retinde Kajshugly Gajshguly nemese Gashguli atauymen kezdestiruge bolady Mine osynshama territoriyaga shashylgan ru okilderinin tүp torkini kasietti Қazygurt pen kart Қaratau bүgingi kүni Bәjdibek audanyndagy Үsiktas auyly sanalady Sirgeli ҚajshylyҚajshyly shezhire bojynsha Sirgelinin Үshtanbaly tarmagyna zhatkyzylady Қazak shezhiresinde Sirgeli Ұly zhүzdin kuramyndagy ezhelgi tajpalardyn biri Mәselen shezhire deregindegi ata teginin taraluyna karaganda Sirgeli Baktiyardyn nemeresi Үjsinge aga bauyr bolyp keletin Ojsyldyn uly Sojtip kazaktyn shygu tarihy sirgelilerdi үjsin dәuirine dejin aparady Bizdin gasyrdyn 20 zhyldarynyn basynda Shymkent uezinde zhүrgizgen zertteuinin nәtizhesinde E A Shmidt Bajuly men Үshtanbalyga bolinetin Sirgeli ruynyn atateginin tolyk taraluyn korsetedi Bajuly oz kezeginde Elibaj Zhanabaj Ajtbozym Shaldar Қojsoj Shoman Қonyr Қarabatyr Bәjzhigit Zhajdak Alpar Tursynaj Itemgen Zhәdiger Batyr Қudajberdi Berdibaj bolyp keledi Үshtanbaly bolsa Tutanbaly Қajshyly Akkonirdek Shengeldi Mandaj Үshkara Қozhamberdi Қudys Қarakonirdekke bolinedi Halyk auzynda Ojsyl kyrgyny dejtin okiga turaly anyz bar Anyzdyn mazmuny bylaj Үjsinnin agasy Ojsyldyn otyz uly bolady Әlihan Bakyrhan Қorkyt Tobeke batyr Tura Sholak Bәjgel Әmirbek Өtep Tynybek Shynybek Nurbek Nurymbet Қulymbet Қosakbaj Alshynbaj Zhurynbaj Bajymbet Zharymbet Sadyk Sydyk Tolep Arystan Borash Zharas Zhanas Syrymbet Turymbet Zhalmambet Bul zherde Ojsyldyn uldary degennen gori әuleti degenge kelinkirejdi Ojsyldyn uldarynyn bәri batyr zhauzhүrek bolypty Han Zhәnibek tusynda Turymbet degen balasy tu ustaushy tubegi kyzmetinde eken Syrymbet degen balasynyn әjeli Izbike bәjbishe hannyn kamka tonyn tigetin sheber eken Onyn lakap aty Altyn kajshyly Izbike bәjbishe bolypty Han Zhәnibektin bir kyzy boj zhetip kalyp osy Izbike bәjbishege kelip kiim tiktirip zhүrgende Ojsyldyn Borash dejtin myrzasyna batyryna ushyrasyp kalady Bir birin unatady Akyr sony kyz ekikabat bop kalady da is nasyrga shabady Ol zamannyn zhosygy bojynsha han men karashanyn arasynda bundaj tirlik bolmauy tiis eken Akyry Zhәnibek han үlken toj zhasap ogan Ojsylga karagan әuletti tүgel shakyrtyp kymyzga kyzara borte bastagan uakytta Zhau kep kaldy degen dabyspen syrtka umtylgandardyn basyn kagyp tastaj beredi Bul zher Өlikti atangan Borash myrzanyn bәjbishesi emshektegi Қubasaj atty balasymen torkindep Bajuly Alshyn zhakta bolgan eken Қubasaj sodan aman kalyp nagashy zhurtynda er zhetedi Kejinnen er zhetken Қubasaj eline oralganda sirge takkan tajmen kelipti Sondyktan Ojsyn kyrgynynan aman kalgan kejbir Ojsyl әuleti kejin ense tiktep oz aldyna tanba alganda Sirge tajly Қubasajdyn әuleti dep zhүrip barsha әulet Sirgeli atalyp ketedi Bul okigany Z Sәdibekovtin Қazak shezhiresi dep atalatyn kitabynda egzhej tegzhejli anyk zhazylgan Bul enbegin negizinen Ontүstik Қazakstan oblysy Қaratas kazirgi Қazygurt audanyndagy Қarzhan topyragynan shykkan shezhireshi Meldeshuly Әlimbaj aksakaldyn zhazbasynan XX gasyrdyn basynda alganyn ajtady XV gasyrda Қazak handygy kurylganyn tarihtan zhaksy bilemiz Osy kezenge katysty kyzykty da shym shytyryk anyzdar men derekter kop Ojsyldyn otyz ulynyn kyrgyny anyzy da osy kezenge zhatkyzylady Ogan basty sebep anyzdagy Zhәnibek han degen kejipkerdin atauy bolsa kerek Birak bizdinshe anyz zhelisindegi bul okiga eger shyn mәninde bolgan okiga dep karasak XV gasyrdan da erterek bolgan siyakty Anyzda Borash myrza degen kisi aty atalady Myrza ajkyndauysh titulyna karaganda ne Nogaj ordasynyn ne Қyrym handygynyn elbileushi aksүjekterinin katarynda bolgan siyakty Nogaj ordasynda han tukymy emes karadan shykkan tulgalar bilik zhүrgizgen goj Edige tukymy ozara kyrkysyp ordany tozdyrganda Asan Қajgy biraz eldi bastap zhanadan shanyrak kotergen Қazak handygyna ojyskan Bul kauym Қasym tusyndagy batys tustan kosylgan elge karaganda erterek siniskendikten әkimshilik territoriyalyk kurylym zhagynan Ұly zhүzdin kataryna zhatkyzyldy Anyzdagy sirge tajly Қubasajdyn elge oraluy osyny eske tүsiredi Zhalajyr ҚajshylyZhalajyrdyn ishindegi Қajshylylar shezhire derekteri bojynsha Sirgeli Қajshylylardyn XV gasyrda augan bir tarmagy retinde atalady Anyzdagy Ojsyl urpaktarynyn kyrgynynda barsha Ojsyl urpaktarymen birge kaza bolgan Syrymbettin han ordasynda tiginshilikpen ajnalysatyn Altyn kajshyly Izbike Ajyzbike Ajshabike Uyzbike ismerden tugan eki balasy aman kalady Nan Nәndi bi men Tola Tole Ojsyldyn zhaulary onyn urpagyn tүgel zhoyu үshin barsha tukymyn kazbalaj kudalajdy kyrady Izbike ismer үlken uly Nandy syrt kozden zhasyryp ozi asyrap bagady al Tolany kugynnan aman alyp kalu үshin ozinin torkini Zhalajyr zhurtyna asyrypty Ismer Izbikenin Altyn kajshyly degen ajkyndauysh nyspysyna bajlanysty onyn balalarynan tarajtyn rudyn atauy men tanbasy Қajshyly atalady Mine osylajsha barsha Қajshyly urpagy shezhire men anyz bojynsha osy Nan men Toladan taratylady XX gasyrdyn 30 shy zhyldaryna dejin kos Қajshyly Sirgeli ishindegi Қajshylylar men Zhalajyr ishindegi Қajshylylar ozara kyz alyspagan Odan kejin de eki zhaktyn aksakaldary arasynda kyz alysu turaly kelisim kenes bolgany turaly okygan da estigen de emespiz Demek әli kүnge eki Қajshyly ozara kyz alyspajdy degen soz Bul ozara tuystyktyn tagy bir dәleli Қarakalpak ishindegi ҚajshylylarҚarakalpaktar Tәuke hannyn tusynda Қazak handygyna karagan negizinen Tүrkistan manyn mekendegen әkimshilik territoriyalyk boliniske oraj Ұly zhүzge zhatkyzylgan XVIII gasyrda kalmak kazak sogysy ushygyp Alkakol sulama Sauran ajnalgan okigalaryna ulasady El dүrligip koshkende Қajshylylardyn bir tarmagy Қarataudagy konysynan Tүrkistanmanyndagy karakalpaktarmen birge Үrgenish Bukara zhakka auyp solarga sinip ketedi Қazir olar karakalpaktyn Ontort ru arysynyn iri ruy Orys galymy L S Tolstov kornekti ilimpaz T A Zhdankonyn Қarakalpaktardyn tarihi etnografiyalyk ocherkteri atty kitabynda Mәskeu Leningrad 1950zh karakalpak rularynyn torkini әpsanalar tүrinde zhazylgan Mysaly Қajshyly men Қazayakly rulary zhonindegi әpsanada Bukara hany toj bergen Batyrlar arasynda kajshylylardyn babasy Bajpolat pen kazayaklylardyn babasy Sunan bolgan Birinshisine han kajshyny tamga kylyp bergen ekinshisine kazdyn ayagyn tamga kylgan degen derek usynady Bul derek karakalpak kuramyndagy kajshylylar Қaratau manynan koshken degen bizdin ojymyzdy tagy da dәleldej tүsedi Өjtkeni karakalpak kuramyndagy kajshyly men kazayakly rularynyn tanbasy kazaktyn Ұly zhүz ishindegi Sirgelinin Үshtanbaly tarmagy men onyn ishindegi Қajshylynyn tanbalaryn eske tүsiredi Қarakalpaktar men Bukara hany auyp kelgen eki zhana eldi Қajshyly men Үshtanbaly tuystygyna karaj azhyratpagan birge konys bergen bolyp shygady tek ekinshisinin tanbasynyn kazdyn ayagyna uksastygyna bajlanysty ru atauyn azdap ozgertken Shygys Europa zhurtyndagy Қajshyly tanbalylar15 17 gasyrlarda Қyrym handygy Ұly Litva knyazdigimen odaktas bolganyn tarihtan bilemiz Bul odak negizinen sogys zhagdajynda ozara әskeri koldap otyru komekter almasyp otyru maksatynda kurylgan Odaktyn ayasynda Қyrym handygy aksүjekterinin katarynda Ұly Litva knyazdigine odaktas әskeri komek katarynda baryp sonda kalgan kajshyly tanbaly gerb polsha litva tatarlarynyn polyak aksүjekterinin tүpki tegi Қaratau Қajshylylary bolsa kerek ogan dәlel Nogaj ordasyn bilegen Edige bidin shykkan tegi Resejdin tatartekti knyaz әuletterinin tiziminde Қajshyly tanbaly Dәugәllә Dovgyallo Daygyala әuleti knyazderi kezdesedi Bul әuletti tүpten kelgende XV gasyrda Asan Қajgyga ilespej kalgan ne odan da erterek uakytta Nogaj ordasyndagy Sirgeli nemese Үshtamgaly ishindegi kajshyly tanbaly aksүjek әuletterden shykkan tulgalardyn Nogaj ordasy men Қyrym handygynyn әskeri kyzmetimen Ұly Litva knyazdigine baryp saraj manyndagy kyzmettermen sonda kalyp kojgan tukymynan shygady Tipti orys pen belorustyn tanymal tarihshy arheografy Dmitrij Ivanovich Dovgyallo belor Dzmitryj Ivanavich Daygyala 1868 1942 ozin orys sanaganymen ozinin shykkan tegi Ұly Litva knyazdigine katysty kone әuletten shykkanyn maktan etken eken Demek әulet tarihyn tүp torkini tүrki tekti ekenin zhaksy bilse kerek ti Bir kuanarlygy әulet rod kazaksha ru tanbasy tipti ataluy da sol kүjinde saktaluy edi Әulettin Dәugәllә ataluy da kazakka zhakyndatatyn syzyktyn shetin bastajdy dәu bolshaya kәllә golova mundaj sozzhasamdy ontүstiktin kazaktary әli kүnge pajdalanyp keledi Tarih үshin zhazba tarihy әli tolyk zerttele kojmagan kazak tarihy үshin muny da kagazga bir tүrtip kojgan durys Halkymyzdyn tarihyna katysty kez kelgen syzyktaryn zerttej beru kerek Kejingi urpak үshin tarihi tәlimi үshin Қazirgi uakyttagy Қajshyly urpaktaryҚazirgi kүni kazak kuramyndagy Қajshyly urpaktary negizinen Tүrkistan oblysynyn Bәjdibek Қazygurt Ordabasy Saryagash Shardara audandarynda Өzbekstannyn Tashkent kalasynyn birneshe bolikterinde 4 zhilgorodokta Қybyrajda Shyrshykta toptasyp turady Tanbasy barlyk Қajshylyga ortak H kajshy tanba algashky urany zhalpy үjsinge ortak Baktiyar kejingi urany Akshabdar Zhylyna bir ret bas kosyp otyratyn Aksakaldar alkasy zhumys istejdi әr zhyl sajyn Қazygurttagy Altyntobe auylynda Ғajyp ata molalar korymyndagy Nan ata belgisinde arnajy as otkizip otyrady Altyn kajshyly Izbike ana kajyrymdyk kogamdyk kory zhumys istejdi DerekkozderZ Sәdibekov Қazak shezhiresi Tashkent 1993 zhylSyrtky siltemeler 1 Muragattalgan 17 mausymnyn 2014 zhyly Қajshyly tarihy 2 Muragattalgan 14 nauryzdyn 2016 zhyly Bәjdibek baba Akikat pen anyzdyn altyn arkauynda 3 Spisok tatarskih knyazheskih rodov Rossii