Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Радиация
Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақтығы жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңт-ке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ға дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солт-те 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңт-те – 1 ай.
Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері солт-тен оңт-ке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа температурасын өзгертеді. Қаңтар айының орташа температурасы Қазақстанның солт. және шығыс аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа температурасы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 —30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа температурасының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік температура 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа температурасы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.
Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғ. деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа температурасы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.
Атмосфера айналымы
Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа температурасы жоғарылайды. Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, температура шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады. Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелері (биікт. 4000 – 5000 м-лік) мен Каспий және Арал т-дері сияқты су айдындары да ықпалын тигізеді. Табиғи кедергі саналатын тау жүйелері атмосферадағы ендік бағыттағы шептік белдемін солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтеді. Осы ауа массасы сонымен бірге тау бөктеріндегі жергілікті климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегіндегі өңірлерінің термиялық режимі жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келеді. Таудағы температура жазық жердегіден төмен келеді. Тау беткейлері төңірегіндегі ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда температураның ауытқу амплитудасы кеміп, температура инверсиясы (жалпы биіктікке байланысты ауа температурасының көтерілуі) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштірек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тік бағыттағы ауа ағыны күшейіп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге дейін артады. Жазық өңірлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерінде жылына 2 рет (наурыз – сәуір және қараша – желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздік айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендік бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдік етсе, оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпіліс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдің солт.-шығыс бөлігінен жиі-жиі байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлігіне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2 – 3 есе көбірек түседі. Аумақты климаттың қалыптасуына қыста ғана ықпал жасайды. Керісінше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана қатысады. Көлемі шағын Балқаш көлінің де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигізетін әсері мол. Қазақстан жеріндегі соғатын желдің орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, Каспий т-нің жағалауында 6 м/с-тан астам, ал Жетісу қақпасында соғатын Ебі желінің жылд. 70 м/с-қа жетеді.
Климаттық белдеулер
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 – 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 – 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 – 113 күнге дейін созылады.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм, оның 70 – 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 – 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 – 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады).
Шөлейт (шөлейтті дала) климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 – 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 – 45, 35°С-тан жоғарғысы – 10 – 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 – 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 – 29 күнге созылады.
Қазақстанның таулы және тауалды аудандарының термикалық жүргісі оларға іргелес жазықтардың термикалық жүргісінен күрт ерекшеленеді. Әдетте, таулардағы температура жазықтарға қарағанда төмен және де биіктеген сайын температураның амплитудасы азаяды (кемиді). Сонымен қатар тауалды және таулы белдемдерде қыста, негізінен, радиац.-орограф. инверсиялар дамыған. Оған тіктеме бойынша ауа температурасының кері жүрісі мәжбүрлейді, яғни белгілі бір биіктікке дейін температура өседі. Мыс., Тянь-Шань тауларында қаңтардағы орташа инверсия теңіз деңгейінен 1300 – 1500 м биіктікке дейін таралады, одан биікте ауаның қалыпты үлестірімі қалыптасады, яғни биіктеген сайын ауаның температурасы төмендейді. көбінесе инверсиялық қабаттың жоғ. шекарасы теңіз деңгейінен 700 – 900 м биіктікте жатады, алайда таулы қазаншұңқырларда инверсиялық қабат жоғары орналасады. Жылы жарты жылдықта мұнда климаттың жергілікті ерекшеліктері айқын көрініске ие – таулық-аңғарлық айналым және фен секілді жылы желдер, олар ауа температурасының тәуліктік жүргісіне өзіндік сипат енгізеді. Тау беткейлерінің биіктігі мен экспозициясы, бедердің тілімдену сипаты, тау аңғарларының тереңдігі мен ені, олардың өзара орналасуы және бірқатар өзге де факторлар мұндағы әр түрлі микроклиматтар мен жергілікті термикалық жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды.
Каспий және Арал т-деріндегі, Балқаш, Зайсан, және бірқатар өзге де көлдер секілді ірі су нысандарының ауа температурасының жүргісіне әсері негізінен жылдың жылы кезеңінде байқалады. Ол әсер көбінесе бриздік айналым әрекетінің шеңберімен шектеледі.
Өсімдіктердің жылумен қамтамасыздығы, жалпы алғанда, оңт-тен солт-ке қарай нашарлайды. Мыс., егер Қазақстанның қиыр оңт-нде ауаның орташа тәуліктік температурасының жиынтығы, ауаның орнықты температурасы +10°С-тан жоғары кезеңде, 4200°С-тан асады, ал солт. облыстарда (Солт. Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарының солт. бөліктері және Қарағанды облысының солт.-батыс бөлігі) бұл жиынтық 2 есе және одан да көп мөлшерде аз.
Қазақстанда соңғы 50 жылда (1954 – 2003) ауа температурасының өсу үрдісі байқалады. Орташа алғанда, Қазақстандағы ауаның жылдық орташа температурасы жоғарыда көрсетілген кезеңде 1,5°С өскен және өсуі бірқалыпты емес. Орташа жылдық температураның ең үлкен өсімі (2,0 – 2,5°С-қа) Қазақстанның солт.-шығысында (Павлодар), шығысында (Семей) және оңт-нде (Қызылорда) байқалады. Тек Қазақстанның оңт.-батысында (Ақтау) температураның 50 жылдағы өсімі 0,7°С-ты құрады.
Тянь-Шаньның таулы аудандарында жылдық жауын-шашын жиынтықтары, теңіз деңгейінен биіктікке және беткейлердің экспозициясына байланысты кең ауқымда өзгереді (400-ден 900 мм-ге дейін). Алтайдың батыс беткейлерінде жылына 1000 мм-ге дейін жауын-шашын жауса, ал оның шығыс беткейлері құрғақ күйде қалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері теңіз деңгейінен 1800 – 2000 м биіктіктерге дейін өседі де, бұл деңгейден биікте, шамалы азаюы байқалады. Қыста, бұлттылықтың биіктігінің төмендеуіне байланысты жауын-шашынның ең көп жауатын белдемі теңіз деңгейінен 1000 – 1500 м биіктікте орналасады, ал жазда теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің жер биіктігіне тікелей тәуелділігі байқалады.
Жауын-шашынның жылдық жүргісінде республика аумағының геогр. орнына байланысты елеулі айырмашылықтар байқалады. Солт. Қазақстанда ең мол атмосф. жауын-шашын жазда байқалса, ал оңт. пен оңт.-шығыста – көктемде Қазақстанның солт. жартысында жауын-шашынның жылдық жиынтығының шамамен 70 – 80%-ы жылдың жылы кезеңінде жауады да, оңт-ке қарай жылжыған сайын суық кезеңдегі жауын-шашын мөлшері өсе түседі. Жазда кейбір жылдары оңт-те жауын-шашын 2 – 3 ай бойы жаумайды. Мұндай кезеңдерде жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей буланып кететін «құрғақ» жаңбыр жауады. Жазғы жауын-шашын кезінде күннің күркіреуі жиі байқалады.
Қазақстандағы соңғы 50 жылдағы (1954 – 2003) атмосф. жауын-шашынның өзгеруіндегі жалпы үрдіс оң. Жауын-шашын мөлшерінің ең көп өсуі (50 жылда 60 мм-ден астам) Қазақстанның солт. облыстарында (Қостанай, Павлодар, Ақтөбе) анықталған. Тек Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жауын-шашын мөлшерінің өзгеру үрдісі теріс болды және бұл жерлерде жауын-шашын мөлшерінің азаюының орташа көрсеткіші 15 – 60 мм-ді құрады. Қазақстандағы жел жүргісі, негізінен, қысымдық-айналымдық жағдайларымен анықталады. Жылдың суық кезінде жел жүргісі, негізінен, Сібір антициклонының батыс сілемі ықпалымен қалыптасады. Осы сілемнің барлық топография карталары бойынша жақсы байқалатын климаттық осінен, қыс айларында республиканың солт-не және оңт-не қарай ауа қысымы төмендейді, ал жер бетіне жақын изобаралар негізінен солт.-шығысқа және оңт.-шығысқа қарай шашырайды. Қыстың барлық жағдайында Қазақстанның басым бөлігінде орталық аудандардан ауа массаларының шеткі облыстарға қарай шашырай ағуы байқалады. Осыған байланысты Қазақстанның батыс бөлігі және Алтайдың кейбір аудандарын есептемегенде, бағыты бойынша қарама-қарсы дерлік басым желдер қалыптасатын екі үлкен белдемдер ерекшеленеді.
Жазда Қазақстандағы жел жүргісі, Еуразияның үлкен бөлігіндегідей күрт өзгереді. Жылдың бұл кезінде қыспен салыстырғанда, ауа массаларының құрлықтың ең шеткі солт. ендіктерінен орталық аудандарға қарай басымдылықпен ығысуы айқын көрініске ие. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның жоғары температурасы және құрлықтың күшті жылынуы, жалпы алғанда, Еуразия аумағындағы бар (қысым) өрісінің айтарлықтай қайта құрылуына әкеп соқтырады. Алайда Қазақстандағы бағыты бойынша басым желдер жаз айларындағы әлсіздігі барысында шашыраңқылығынан туындайды. Жылдың бұл кезінде тымық күндердің көбірек қайталануы байқалады.
Қазақстанның жазық аумағындағы желдің жылдық орташа жылдамдығы жалпы алғанда оңт-тен солт-ке қарай артады (4 – 5 м/с дейін). Желдің төмен жылдамдықтары (1 – 2 м/с) Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тауалды аудандарында байқалады. Күрделі жер бедері жағдайларында жел жылдамдығының үлкен құбылмалылығы туындайды. Мыс., егер бедердің желден қорғалған пішіндерінде (қазаншұңқырлар, беткейлердің ық және төм. бөліктері, т.б) желдің жылдамдығы әлсіз (1 м/с дейін) болса, ал асуларда, шыңдарда және жел өткізуші дәліздерде желдің жылдық орташа жылд. 5 м/с-тан асады. Жел өткізуші дәліз – Жетісу (Жоңғар) қақпасы және Каспий т-нің шығыс жағалауы Қазақстанның ең желді аудандары болып табылады. Ондағы желдің жылдық орташа жылд. 6 м/с-тан асады.
Желдің жылдамдығы жыл бойы өзгереді. Қазақстанның үлкен бөлігінде желдің ең үлкен жылдамдықтары жылдың өтпелі кезеңдеріне тұспа-тұс келсе, ал ең әлсіз желдер жазда болады. Жел жылдамдықтарының максимумы асуларға, тау шыңдарына, жел өткізуші дәліздерге және жағалауларға (Каспий т.) тән, ал қысқы минимумдар мен жазғы максимумдар желден қорғалған орындарға (қазаншұңқыр, тауалды аудандары, т.б.) тән. Қар жамылғысы. Қар жамылғысы сипаттамаларының аумақтық үлестірімінде жазықтағы ендік белдемдік және таулық бедер жағдайындағы биіктік-экспозициялық белдемдік айқын байқалады. Қазақстанның ашық кеңістіктік жағдайында қардың тасымалдануы және бұрқасынның қайталану үдерістерімен қар жиналудың қайшылықтары өте зор. Еліміздің солт.-шығыс және солт. аудандарында орнықты қар жамылғысы қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасады және наурыздың соңы – сәуірдің басында аяқталады. Қазақстанның жазық бөлігінде қар жамылғысы қарашаның соңы – желтоқсанның басында қалыптасады және тұрақсыздығымен ерекшеленеді, кей жылдары қар болмауы да мүмкін. Қар жамылғысының қалыңдығы солт-те 25 – 30 см-ден, оңт-те 6 см-ге дейін кемиді. Тауларда тұрақты қар жамылғысы қазанның үшінші онкүндігінде – қарашаның басында қалыптасып, мамырға дейін жатады, ал қар жамылғысының орташа қалыңд. 30 – 60 см болса, биік тауларда 100 – 200 см-ге жетеді. Қазақстанның ең қарлы аудандарына наурыз – сәуірде 2600 – 2800 м биіктіктерде қалыңд. 400 см, кей жылдары 700 – 800 см қар жиналатын Оба және Үлбі өзендерінің алабы жатады. Ал ең мол қар қорлары 1800 см-ден асуы мүмкін.
Атмосф. құбылыстарға жауын-шашындар және әр түрлі тұмандар, бұрқасындар мен жаяу борасындар, электрлік құбылыстар – күн күркіреу, жарқылдар, полюстік сәулелену; долы жел, шаңды боран, шаңды борасын құйын, қара құйын, көктайғақ, мұнар, мұз инелері, қырау жатады. Тұманның Қазақстан аумағындағы үлестірімі күрделі сипатқа ие. Жер бедері кедір-бұдыр болып келетін Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және де Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы таулы және тауалды аудандарында тұманның үлестірімі ошақтық сипатта дамыған. Тұманның ең көп жылдық қайталанғыштығы Мұғалжарда (67 күн), Алтайда (Өскемен – 51 күн), Қордайда (63 күн) байқалады. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында тұманды күндердің саны көбірек байқалады (Қарағандыда – 37, Алматыда – 56, Қарсақбайда – 54).Тұмандар әсіресе шөлдерде өте сирек байқалады. Қазақстанның көпшілік бөлігінде тұманның қайталанғыштық максимумы желтоқсан және қаңтар айларында байқалады. Солт-те және батыс аудандарда тұманданудың жоғары мәні көбінесе наурызда, қар еру кезеңіне тән. Тұманды күндер тау етектеріне қарағанда жазықтарда сирек байқалады. Алматы маңындағы тау етектерінде Іле аңғарымен салыстырғанда тұманды күндердің саны 4 – 5 есеге артып, жылына 75 – 100 күнге жетеді. Тұманның ұзақтығы оңт. және оңт.-шығыстағы шөл аймағында 80 – 90 сағаттан, еліміздің оңт., оңт.-шығыс облыстарындағы тауалды және таулы аудандарында 300 – 500 сағатқа жетеді. Тұманның ұзақтығы әсіресе Мұғалжар тауларында жоғары. Онда тұман жылына 50 – 60 күнге дейін, ал кейбір жылдары 100 күнге жетеді. Ең ұзақ тұмандар қыс кезінде байқалады, ал жазда тіпті жоқ деуге болады. Бұрқасындар күшті жел кезінде, ұлпа қар болған жағдайда туындайды. Бұрқасынды күндердің орташа саны біркелкі емес, алайда орташа алғанда солт-тен оңт-ке қарай 30 – 40 күннен (кей жерлерде 51) 1 – 5 күнге дейін кемиді. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-тен оңт-ке қарай 300 – 400 сағаттан (кей жерлерде 500 және одан да көп) 1 – 5 сағатқа дейін азаяды. Қазақстанда Атбасар, Мұғалжар, Біршоғыр, Жаңғызтөбе сияқты бұрқасындар өте ұзақ уақыт болатын бірнеше ошақ бар. Бұрқасындардың жалпы ұзақтығы солт-те 300 – 500 сағаттан (кей жерлерде 500 сағаттан да көп) оңт-те 1 – 5 сағатқа дейін кемиді.
Желдің жылдамдығына тәуелді атмосф. құбылысқа шаңды дауыл жатады. Далалық белдемдегі шаңды дауылды күндердің саны жылына 20 – 38 күнге тең, ал топырақ бетінің жағдайына тәуелді шөлдерде (Арал маңы және Балқаш маңында) 50 – 60 күнге дейін жетеді. Найзағай зор будақты-жауынды бұлттардың дамуымен тығыз байланысты, сондықтан найзағай кезінде күшті долы желдер, нөсерлі жаңбырлар жиі байқалады және бұршақ ұруы да сирек емес. Қазақстанның солт-ндегі жазық бөлігінде найзағайдың қайталанғыштығы жоғары, онда жылына орташа есеппен 20 – 25 күн найзағайлы болып келеді. Қиыр оңт-те найзағайлы күндердің саны жылына 8-ге дейін төмендейді. Таулы аудандарда найзағайлы күндердің саны 30 – 35 күн аралығында құбылады, кей жерлерде 55 күнге дейін жетеді. Қазақстанда найзағай көбінесе жылдың жылы мезгілінде байқалады. Қыста найзағай өте сирек кездеседі. Тауалды және таулы аймақтарда жазықпен салыстырғанда, найзағайдың жиілігі айтарлықтай жоғары. Мыс., Іле Алатауындағы найзағайлы күндердің саны жылына орта есеппен 30 – 35 күнге жетеді.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ken bajtak Қazakstan zherinde onyn geografiyalyk ornyna yagni negizgi kozi muhittardan tym shalgaj ornalasuyna zhәne zher bederinin sipatyna bajlanysty kuan kontinenttik klimat kalyptaskan Baska kez kelgen aumakty ajmaktar siyakty respublika klimatyna da radiaciyalyk zhәne cirkulyaciyalyk faktorlar kesheni erekshe әser etedi Қazakstan үshin Koppen Gejger klimattyk klassifikaciya shemasyRadiaciyaҚazakstan aumagy үstinde bүkil zhyl bojy aua kabaty үstemdik etedi al ogan korshiles ajmaktarga solt batys zhәne ont tom kysymdy kabattar tәn keledi Zhalpy respublika aumagynyn kopshilik boliginde anticiklondyk aua rajy basym Sondyktan munda shugylaly ashyk kүnder uzaktygy zhylyna solt ten ont ke karaj 2000 sag tan 3000 sag ka dejin artyp otyrady Zhylyna solt te 120 ont te 260 kүn udajy ashyk bolady bultty kүnder sany tiisinshe 60 kүnnen 10 kүnge dejin Balkash ojysynda kemidi Mine osylardyn nәtizhesinde zhiyntyk radiaciya molsheri de solt ten ont ke karaj 4200 den 5500 MDzh m2 ge dejin birtindep artady Sol siyakty tosenish bettin zher betinin sәule kajtaru kabiletine bajlanysty siniriletin radiaciya molsheri de ont ke karaj birkalypty kobejedi Sәule kajtaru kabiletin kysta turakty kar zhamylgysy kalyptaskanda en zhogary mәnine 70 80 ga zhetip zhazda kopshilik zherde 20 30 ga dejin tomendejdi Radiaciyanyn zhyldyk tiimdi sәulelenu mәni solt te 1500 den ont te 2100 MDzh m2 ge dejin ozgeredi Teris mәndi radiaciyalyk balanstyn mausymdyk uzaktygy solt te 3 5 4 5 aj karasha nauryz ont te 1 aj Dala Batys Қazakstan Қazakstanda zhyludyn bulanuga zhumsalatyn zhyldyk shygynynyn molsheri solt ten ont ke karaj 630 dan 420 MDzh m2 ge kemidi Sholdi onirdin kuanshylyk mausymynda zhyludyn kop molsheri turbulentti zhylu almasuga ketedi Tek topyraktyn koktemgi ylgalga kanykkan kezinde sol siyakty kogaldy zherlerde bulandyruga ketetin zhylu molsheri auany turbulentti zhylu almasu zholymen kyzdyratyn zhylu shygynynan artyk bolady Zhazgy shurattyk kubylys yagni bulanu esebinen kүndizgi aua temperaturasynyn kala toniregine karaganda tomenirek boluy Almatyda zhaksy bajkalady Radiaciya men zhylu balansynyn ozgerisi aua temperaturasyn ozgertedi Қantar ajynyn ortasha temperaturasy Қazakstannyn solt zhәne shygys audandaryndagy 18 S tan ont audandarynda 3 S ka dejin koteriledi Shildenin ortasha temperaturasy bul audandarda tiisinshe 19 S tan 28 30 S ka dejin Қazakstannyn solt shygysynda klimattyn kontinenttigi tym zhogary bul onirde kantar men shildenin ortasha temperaturasynyn ajyrmashylygy 41 S ka zhetedi Ont audandarda 10 aj bojy ortasha tәuliktik temperatura 0 S tan zhogaryrak bolady Respublikanyn solt nde kys uzak karly әri suyk ayaz kej uakyttarda 45 S tan 50 S ka zhetedi Zhazy konyrzhaj zhyly kyska kejde aua temperaturasy 35 S tan 45 S ka dejin kyzuy mүmkin Koktemnin songy үsigi shildede al kүzdin erte үsigi tamyzdyn ayagynda tүsui mүmkin Қazakstannyn ont audandarynyn kysy zhumsak Bul onirdin kys ajlarynda zhii zhii kajtalanatyn zhylymyk kubylysy kezinde aua temperaturasynyn en zhog dengeji 15 20 S ka dejin koteriledi Sogan karamastan munda kejbir kүnderi 30 35 S tipti 40 S tan da tomen ayazdar bajkalady Respublikanyn kiyr ont nde koktemgi songy үsik sәuirdin ayagynda algashky үsik kyrkүjektin 2 zhartysynda tүsui yktimal Ontүstik Қazakstannyn tauly onirinen tys boliginde zhaz tym ystyk әri uzak Kejbir zhyldary aua temperaturasy 45 47 S ka topyraktyn betki kabaty 70 S ka zhәne odan da zhogary kyzuy mүmkin Kүn energiyasynyn munshama kop kory Қazakstan aumagynda gelioenergetikany damytuga mүmkindik beredi Atmosfera ajnalymyҚazakstan zheri kys mausymynda Sibir anticiklonynyn tarmagy men zhaz ajlarynda azorlyk anticiklondyk yadrosynyn ykpalyna zhii ushyrap otyrady Osygan bajlanysty respublikanyn solt nde ont batys zhәne batys al zhazda solt batys bagyttan sogatyn zhel basym keledi Қazakstandagy atmosf procester Solt zharty shardyn Euraziya sektorynyn 3 iri aumakty ajnalymy ykpalymen kalyptasady Egerde ciklondar men anticiklondardyn almasu zholdary endik bagytpen otse onda ol endik bagyttagy ajnalym delinedi Endik bagyttagy ajnalym kezinde Қazakstannyn kopshilik boliginde zhauyn shashynnyn molsh kemip aua temperaturasy zhogarylajdy Europalyk ajnalym kezinde respublikaga suyk aua massalarynyn enui zhiilejdi temperatura shugyl tomendejdi zhauyn shashyn molayady zhel kүshejedi Sibirlik ajnalymda ont ten tarajtyn zhyly aua massalary ulgajyp aua temperaturasy zhogarylajdy zhauyn shashyn kemidi Respublika klimatynyn kalyptasuyna onyn zher betinin әr tektiliginin de әseri bolady Қazakstandagy atmosf cirkulyaciyalyk procesterge ont zhәne ont shygystagy tau zhүjeleri biikt 4000 5000 m lik men Kaspij zhәne Aral t deri siyakty su ajdyndary da ykpalyn tigizedi Tabigi kedergi sanalatyn tau zhүjeleri atmosferadagy endik bagyttagy sheptik beldemin solt shygys bagytka karaj ojystyryp aua massasynyn zaulama agynyn kүshejtedi Osy aua massasy sonymen birge tau bokterindegi zhergilikti klimatty kalyptastyrushy tau angarlyk aua ajnalymyn tudyrady Қazakstannyn taulyk zhәne tau etegindegi onirlerinin termiyalyk rezhimi zhapsarlas zhatkan zhazyktar zhagdajyna karaganda mүldem baskasha keledi Taudagy temperatura zhazyk zherdegiden tomen keledi Tau betkejleri toniregindegi aua kabatynyn radiaciyalyk salkyndauynan zhәne betkejmen tomen karaj ojyskan auanyn zhylynuynan tauly audandarda temperaturanyn auytku amplitudasy kemip temperatura inversiyasy zhalpy biiktikke bajlanysty aua temperaturasynyn koterilui kalyptasady Inversiya kys mausymynda negurlym kүshtirek kalyptasady Tau zhotalaryna zhakyndagan sajyn tik bagyttagy aua agyny kүshejip zhauyn shashyn shugyl artady Ortasha zhyldyk zhauyn shashyn molsh zhazykta 100 200 mm bolsa tau bokterinde 500 600 mm ge dejin artady Zhazyk onirlerde zhyldyk zhauyn shashynnyn maksimumy zhaz ajlarynda al tau bokterinde zhylyna 2 ret nauryz sәuir zhәne karasha zheltoksan bajkalady Su ajdyndary brizdik ajnalymdy tudyrady ol kurlykta ondagan kilometrge gana taralady Orta endik bojyndagy su ajdyndarynyn solt shygys zhagalauynda zhazda zhyly ylgaldy aua agyny үstemdik etse ont batys zhagynda atmosf suyk serpilis pajda bolady Bul kubylysty Aral t men Kaspijdin solt shygys boliginen zhii zhii bajkauga bolady Su ajdyndarynyn ont batys boligine karaganda solt shygysynda zhauyn shashyn 2 3 ese kobirek tүsedi Aumakty klimattyn kalyptasuyna kysta gana ykpal zhasajdy Kerisinshe Aral t atmosfera ajnalymyna zhaz ajlarynda gana katysady Kolemi shagyn Balkash kolinin de atmosfera ajnalymyna zhәne bulttylykka tigizetin әseri mol Қazakstan zherindegi sogatyn zheldin ortasha zhyld 4 4 5 m s Kaspij t nin zhagalauynda 6 m s tan astam al Zhetisu kakpasynda sogatyn Ebi zhelinin zhyld 70 m s ka zhetedi Klimattyk beldeulerҚazakstan aumagyn 4 klimattyk beldeu dala sholejt shol kamtidy Ormandy dala klimattyk beldemi respublikanyn ylgaly en mol boligi Ortasha zhyldyk zhauyn shashyn molsh 242 315 mm ge dejin onyn 80 y zhyldyn zhyly mezgilinde zhauady 10 S tan zhogary ortasha tәuliktik aua temperaturasynyn zhyldyk zhiyntyk molsh 2100 S Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzakt 160 170 tәulik En kyska zhyl mausymy koktem uzakt 1 5 aj zhazy 3 ajga sozylady Қysy uzak kazannan sәuirdin sonyna dejin Қuanshylyktyn ortasha zhyldyk molsh 37 kүn kejbir zhyldary 110 113 kүnge dejin sozylady Dalalyk klimattyk beldem respublikanyn solt ndegi biraz ajmakty kamtidy Zhyldyk zhauyn shashyn molsh 200 300 mm onyn 70 80 y zhaz ajlaryna tәn Turakty kar zhamylgysy 140 160 kүnge sozylady kardyn ortasha kalynd 30 sm dej Dүlej zheldi kүnder kop zhәne eroziyalyk procester kүshti damygan 10 S tan zhogary auanyn ortasha tәuliktik temperaturasynyn zhyldyk zhiyntyk molsh 2100 2300 S Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzakt 170 180 tәulik Қuanshylyktyn ortasha zhyldyk molsh 69 kүn Ormandy dala klimattyk beldemine karaganda kysy zhәne koktemi kyska zhazy uzak kүzi 1 ajga zhuyk kyrkүjekten bastalady Sholejt sholejtti dala klimattyk beldem nemese kuan dala Қazakstannyn orta boligindegi zhazyk onirdi alyp zhatyr Zhyldyk zhauyn shashyn molsh ont ke karaj 279 mm den 153 mm ge dejin kemidi onyn 43 27 y zhyldyn suyk mausymynda tүsedi Turakty kar zhamylgysy 120 kүndej saktalady Қar zhamylgysynyn kalyndygy batystan shygyska karaj 20 sm den 60 sm ge dejin artady Auanyn ortasha tәuliktik temperaturasy 25 S tan zhogary kүnder sany 30 45 35 S tan zhogargysy 10 20 kүn Vegetaciyalyk osip onu kezeninin uzakt 170 200 tәulik Қysy katal aua rajy kubylmaly keledi zhazy ystyk radiaciyanyn zhiyntyk molsheri tym zhogary Anyzak lebi kejbir zhyldary ajyna 27 29 kүnge sozylady Қazakstannyn tauly zhәne taualdy audandarynyn termikalyk zhүrgisi olarga irgeles zhazyktardyn termikalyk zhүrgisinen kүrt erekshelenedi Әdette taulardagy temperatura zhazyktarga karaganda tomen zhәne de biiktegen sajyn temperaturanyn amplitudasy azayady kemidi Sonymen katar taualdy zhәne tauly beldemderde kysta negizinen radiac orograf inversiyalar damygan Ogan tikteme bojynsha aua temperaturasynyn keri zhүrisi mәzhbүrlejdi yagni belgili bir biiktikke dejin temperatura osedi Mys Tyan Shan taularynda kantardagy ortasha inversiya teniz dengejinen 1300 1500 m biiktikke dejin taralady odan biikte auanyn kalypty үlestirimi kalyptasady yagni biiktegen sajyn auanyn temperaturasy tomendejdi kobinese inversiyalyk kabattyn zhog shekarasy teniz dengejinen 700 900 m biiktikte zhatady alajda tauly kazanshunkyrlarda inversiyalyk kabat zhogary ornalasady Zhyly zharty zhyldykta munda klimattyn zhergilikti erekshelikteri ajkyn koriniske ie taulyk angarlyk ajnalym zhәne fen sekildi zhyly zhelder olar aua temperaturasynyn tәuliktik zhүrgisine ozindik sipat engizedi Tau betkejlerinin biiktigi men ekspoziciyasy bederdin tilimdenu sipaty tau angarlarynyn terendigi men eni olardyn ozara ornalasuy zhәne birkatar ozge de faktorlar mundagy әr tүrli mikroklimattar men zhergilikti termikalyk zhagdajlardyn ozindik erekshelikterinin kalyptasuyna zhagdaj zhasajdy Kaspij zhәne Aral t derindegi Balkash Zajsan zhәne birkatar ozge de kolder sekildi iri su nysandarynyn aua temperaturasynyn zhүrgisine әseri negizinen zhyldyn zhyly kezeninde bajkalady Ol әser kobinese brizdik ajnalym әreketinin shenberimen shekteledi Өsimdikterdin zhylumen kamtamasyzdygy zhalpy alganda ont ten solt ke karaj nasharlajdy Mys eger Қazakstannyn kiyr ont nde auanyn ortasha tәuliktik temperaturasynyn zhiyntygy auanyn ornykty temperaturasy 10 S tan zhogary kezende 4200 S tan asady al solt oblystarda Solt Қazakstan Қostanaj Pavlodar Akmola oblystarynyn solt bolikteri zhәne Қaragandy oblysynyn solt batys boligi bul zhiyntyk 2 ese zhәne odan da kop molsherde az Қazakstanda songy 50 zhylda 1954 2003 aua temperaturasynyn osu үrdisi bajkalady Ortasha alganda Қazakstandagy auanyn zhyldyk ortasha temperaturasy zhogaryda korsetilgen kezende 1 5 S osken zhәne osui birkalypty emes Ortasha zhyldyk temperaturanyn en үlken osimi 2 0 2 5 S ka Қazakstannyn solt shygysynda Pavlodar shygysynda Semej zhәne ont nde Қyzylorda bajkalady Tek Қazakstannyn ont batysynda Aktau temperaturanyn 50 zhyldagy osimi 0 7 S ty kurady Tyan Shannyn tauly audandarynda zhyldyk zhauyn shashyn zhiyntyktary teniz dengejinen biiktikke zhәne betkejlerdin ekspoziciyasyna bajlanysty ken aukymda ozgeredi 400 den 900 mm ge dejin Altajdyn batys betkejlerinde zhylyna 1000 mm ge dejin zhauyn shashyn zhausa al onyn shygys betkejleri kurgak kүjde kalady Zhauyn shashynnyn zhyldyk molsheri teniz dengejinen 1800 2000 m biiktikterge dejin osedi de bul dengejden biikte shamaly azayuy bajkalady Қysta bulttylyktyn biiktiginin tomendeuine bajlanysty zhauyn shashynnyn en kop zhauatyn beldemi teniz dengejinen 1000 1500 m biiktikte ornalasady al zhazda teniz dengejinen 300 m biiktikke dejin zhauyn shashyn molsherinin zher biiktigine tikelej tәueldiligi bajkalady Zhauyn shashynnyn zhyldyk zhүrgisinde respublika aumagynyn geogr ornyna bajlanysty eleuli ajyrmashylyktar bajkalady Solt Қazakstanda en mol atmosf zhauyn shashyn zhazda bajkalsa al ont pen ont shygysta koktemde Қazakstannyn solt zhartysynda zhauyn shashynnyn zhyldyk zhiyntygynyn shamamen 70 80 y zhyldyn zhyly kezeninde zhauady da ont ke karaj zhylzhygan sajyn suyk kezendegi zhauyn shashyn molsheri ose tүsedi Zhazda kejbir zhyldary ont te zhauyn shashyn 2 3 aj bojy zhaumajdy Mundaj kezenderde zhanbyr tamshylary zher betine zhetpej bulanyp ketetin kurgak zhanbyr zhauady Zhazgy zhauyn shashyn kezinde kүnnin kүrkireui zhii bajkalady Қazakstandagy songy 50 zhyldagy 1954 2003 atmosf zhauyn shashynnyn ozgeruindegi zhalpy үrdis on Zhauyn shashyn molsherinin en kop osui 50 zhylda 60 mm den astam Қazakstannyn solt oblystarynda Қostanaj Pavlodar Aktobe anyktalgan Tek Shygys Қazakstan zhәne Akmola oblystaryndagy zhauyn shashyn molsherinin ozgeru үrdisi teris boldy zhәne bul zherlerde zhauyn shashyn molsherinin azayuynyn ortasha korsetkishi 15 60 mm di kurady Қazakstandagy zhel zhүrgisi negizinen kysymdyk ajnalymdyk zhagdajlarymen anyktalady Zhyldyn suyk kezinde zhel zhүrgisi negizinen Sibir anticiklonynyn batys silemi ykpalymen kalyptasady Osy silemnin barlyk topografiya kartalary bojynsha zhaksy bajkalatyn klimattyk osinen kys ajlarynda respublikanyn solt ne zhәne ont ne karaj aua kysymy tomendejdi al zher betine zhakyn izobaralar negizinen solt shygyska zhәne ont shygyska karaj shashyrajdy Қystyn barlyk zhagdajynda Қazakstannyn basym boliginde ortalyk audandardan aua massalarynyn shetki oblystarga karaj shashyraj aguy bajkalady Osygan bajlanysty Қazakstannyn batys boligi zhәne Altajdyn kejbir audandaryn eseptemegende bagyty bojynsha karama karsy derlik basym zhelder kalyptasatyn eki үlken beldemder erekshelenedi Zhazda Қazakstandagy zhel zhүrgisi Euraziyanyn үlken boligindegidej kүrt ozgeredi Zhyldyn bul kezinde kyspen salystyrganda aua massalarynyn kurlyktyn en shetki solt endikterinen ortalyk audandarga karaj basymdylykpen ygysuy ajkyn koriniske ie Zhyldyn zhyly mezgilindegi auanyn zhogary temperaturasy zhәne kurlyktyn kүshti zhylynuy zhalpy alganda Euraziya aumagyndagy bar kysym orisinin ajtarlyktaj kajta kuryluyna әkep soktyrady Alajda Қazakstandagy bagyty bojynsha basym zhelder zhaz ajlaryndagy әlsizdigi barysynda shashyrankylygynan tuyndajdy Zhyldyn bul kezinde tymyk kүnderdin kobirek kajtalanuy bajkalady Қazakstannyn zhazyk aumagyndagy zheldin zhyldyk ortasha zhyldamdygy zhalpy alganda ont ten solt ke karaj artady 4 5 m s dejin Zheldin tomen zhyldamdyktary 1 2 m s Қazakstannyn ont zhәne ont shygysyndagy taualdy audandarynda bajkalady Kүrdeli zher bederi zhagdajlarynda zhel zhyldamdygynyn үlken kubylmalylygy tuyndajdy Mys eger bederdin zhelden korgalgan pishinderinde kazanshunkyrlar betkejlerdin yk zhәne tom bolikteri t b zheldin zhyldamdygy әlsiz 1 m s dejin bolsa al asularda shyndarda zhәne zhel otkizushi dәlizderde zheldin zhyldyk ortasha zhyld 5 m s tan asady Zhel otkizushi dәliz Zhetisu Zhongar kakpasy zhәne Kaspij t nin shygys zhagalauy Қazakstannyn en zheldi audandary bolyp tabylady Ondagy zheldin zhyldyk ortasha zhyld 6 m s tan asady Zheldin zhyldamdygy zhyl bojy ozgeredi Қazakstannyn үlken boliginde zheldin en үlken zhyldamdyktary zhyldyn otpeli kezenderine tuspa tus kelse al en әlsiz zhelder zhazda bolady Zhel zhyldamdyktarynyn maksimumy asularga tau shyndaryna zhel otkizushi dәlizderge zhәne zhagalaularga Kaspij t tәn al kysky minimumdar men zhazgy maksimumdar zhelden korgalgan oryndarga kazanshunkyr taualdy audandary t b tәn Қar zhamylgysy Қar zhamylgysy sipattamalarynyn aumaktyk үlestiriminde zhazyktagy endik beldemdik zhәne taulyk beder zhagdajyndagy biiktik ekspoziciyalyk beldemdik ajkyn bajkalady Қazakstannyn ashyk kenistiktik zhagdajynda kardyn tasymaldanuy zhәne burkasynnyn kajtalanu үderisterimen kar zhinaludyn kajshylyktary ote zor Elimizdin solt shygys zhәne solt audandarynda ornykty kar zhamylgysy karashanyn birinshi onkүndiginde kalyptasady zhәne nauryzdyn sony sәuirdin basynda ayaktalady Қazakstannyn zhazyk boliginde kar zhamylgysy karashanyn sony zheltoksannyn basynda kalyptasady zhәne turaksyzdygymen erekshelenedi kej zhyldary kar bolmauy da mүmkin Қar zhamylgysynyn kalyndygy solt te 25 30 sm den ont te 6 sm ge dejin kemidi Taularda turakty kar zhamylgysy kazannyn үshinshi onkүndiginde karashanyn basynda kalyptasyp mamyrga dejin zhatady al kar zhamylgysynyn ortasha kalynd 30 60 sm bolsa biik taularda 100 200 sm ge zhetedi Қazakstannyn en karly audandaryna nauryz sәuirde 2600 2800 m biiktikterde kalynd 400 sm kej zhyldary 700 800 sm kar zhinalatyn Oba zhәne Үlbi ozenderinin alaby zhatady Al en mol kar korlary 1800 sm den asuy mүmkin Atmosf kubylystarga zhauyn shashyndar zhәne әr tүrli tumandar burkasyndar men zhayau borasyndar elektrlik kubylystar kүn kүrkireu zharkyldar polyustik sәulelenu doly zhel shandy boran shandy borasyn kujyn kara kujyn koktajgak munar muz ineleri kyrau zhatady Tumannyn Қazakstan aumagyndagy үlestirimi kүrdeli sipatka ie Zher bederi kedir budyr bolyp keletin Қaragandy Aktobe Shygys Қazakstan oblystary zhәne de Қazakstannyn ont zhәne ont shygysyndagy tauly zhәne taualdy audandarynda tumannyn үlestirimi oshaktyk sipatta damygan Tumannyn en kop zhyldyk kajtalangyshtygy Mugalzharda 67 kүn Altajda Өskemen 51 kүn Қordajda 63 kүn bajkalady Қalalar men onerkәsip ortalyktarynda tumandy kүnderdin sany kobirek bajkalady Қaragandyda 37 Almatyda 56 Қarsakbajda 54 Tumandar әsirese sholderde ote sirek bajkalady Қazakstannyn kopshilik boliginde tumannyn kajtalangyshtyk maksimumy zheltoksan zhәne kantar ajlarynda bajkalady Solt te zhәne batys audandarda tumandanudyn zhogary mәni kobinese nauryzda kar eru kezenine tәn Tumandy kүnder tau etekterine karaganda zhazyktarda sirek bajkalady Almaty manyndagy tau etekterinde Ile angarymen salystyrganda tumandy kүnderdin sany 4 5 esege artyp zhylyna 75 100 kүnge zhetedi Tumannyn uzaktygy ont zhәne ont shygystagy shol ajmagynda 80 90 sagattan elimizdin ont ont shygys oblystaryndagy taualdy zhәne tauly audandarynda 300 500 sagatka zhetedi Tumannyn uzaktygy әsirese Mugalzhar taularynda zhogary Onda tuman zhylyna 50 60 kүnge dejin al kejbir zhyldary 100 kүnge zhetedi En uzak tumandar kys kezinde bajkalady al zhazda tipti zhok deuge bolady Burkasyndar kүshti zhel kezinde ulpa kar bolgan zhagdajda tuyndajdy Burkasyndy kүnderdin ortasha sany birkelki emes alajda ortasha alganda solt ten ont ke karaj 30 40 kүnnen kej zherlerde 51 1 5 kүnge dejin kemidi Burkasyndardyn zhalpy uzaktygy solt ten ont ke karaj 300 400 sagattan kej zherlerde 500 zhәne odan da kop 1 5 sagatka dejin azayady Қazakstanda Atbasar Mugalzhar Birshogyr Zhangyztobe siyakty burkasyndar ote uzak uakyt bolatyn birneshe oshak bar Burkasyndardyn zhalpy uzaktygy solt te 300 500 sagattan kej zherlerde 500 sagattan da kop ont te 1 5 sagatka dejin kemidi Zheldin zhyldamdygyna tәueldi atmosf kubylyska shandy dauyl zhatady Dalalyk beldemdegi shandy dauyldy kүnderdin sany zhylyna 20 38 kүnge ten al topyrak betinin zhagdajyna tәueldi sholderde Aral many zhәne Balkash manynda 50 60 kүnge dejin zhetedi Najzagaj zor budakty zhauyndy bulttardyn damuymen tygyz bajlanysty sondyktan najzagaj kezinde kүshti doly zhelder noserli zhanbyrlar zhii bajkalady zhәne burshak uruy da sirek emes Қazakstannyn solt ndegi zhazyk boliginde najzagajdyn kajtalangyshtygy zhogary onda zhylyna ortasha eseppen 20 25 kүn najzagajly bolyp keledi Қiyr ont te najzagajly kүnderdin sany zhylyna 8 ge dejin tomendejdi Tauly audandarda najzagajly kүnderdin sany 30 35 kүn aralygynda kubylady kej zherlerde 55 kүnge dejin zhetedi Қazakstanda najzagaj kobinese zhyldyn zhyly mezgilinde bajkalady Қysta najzagaj ote sirek kezdesedi Taualdy zhәne tauly ajmaktarda zhazykpen salystyrganda najzagajdyn zhiiligi ajtarlyktaj zhogary Mys Ile Alatauyndagy najzagajly kүnderdin sany zhylyna orta eseppen 30 35 kүnge zhetedi