Шірік-Рабат – көне қаланың орны. Шамамен б.з.б. 4–2 ғасырлар және б.з. 10–13 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан (Жаңақала кеңшары) оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде, Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан.
- 1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) тауып,
- 1948–49 жылдары қайта зерттеген.
- 1957–58 жылдары қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі жерлеу құрылысы, үлкен қоршау, көне қорған түбіндегі тұрғын үйдің бір бөлігі, қорғаныс қамалы мен мұнарасы және кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Цитадельдің шағын бөлігі зерттелді.
- 2004 жылдан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сай Шірік-Рабат археологиялық экспедиция (жетекшісі ) зерттеуді жалғастыруда.
Шірік-Рабат | |
Мәртебесі | Республикалық маңызы бар ескерткіш |
---|---|
Қазіргі жері | |
Орналасуы | 44°05′15″ с. е. 62°54′48″ ш. б. / 44.08750° с. е. 62.91333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°05′15″ с. е. 62°54′48″ ш. б. / 44.08750° с. е. 62.91333° ш. б. (G) (O) (Я) |
|
Төбенің аумағы 850×600 м, сопақша. Етегі екі қатар дуалмен және ені 30–40 м, тереңдігі 3–4 м ормен қоршалған. Қорғанға кірер қақпалар оңтстік мен батыс жағында. Қала бірнеше рет қайта тұрғызылған.
Ең көне кезеңде (б.з.б. 4–3 ғасырлар) төбенің биік жеріне сол жерді мекен еткен патшалар жерленген 6 оба мен сыртын топырақтан үйген қорған салынған. Оңтүстік жағында жаугершілік кезде паналайтын және обаларды қорғаушылар тұрған бекініс-үйлер болған. Сәл кейінірек б.з.б. 3–2 ғасырларда қам кірпіштен өрілген үлкен сағана және бірнеше мазарлар мен жер асты катакомбалары салынған. Бірақ б.з.б. 2 ғ-да Жаңадария суының тартылуына байланысты қала өз тіршілігін тоқтатқан. Тек б.з. 9–13 ғасырлар аралығында өзен суы толысып, қайта жанданды. Қазба жұмыстары кезінде табылған жерлеу құрылыстары өте ерте заманда тоналған. Қазылған бірінші обаның биіктігі 3,5 м, диаметрі 60 м-ге жуық, ортасындағы диаметрі 30 м-ге жуық үлкен шұңқыры бар. Обаның ортасынан аумағы 7,5×7,5 м, тереңдігі 2,5 м қабір шұңқыры мен оңтүстік жағынан оған кіретін ұзын дәліз (ұзындығы 15 м) табылды. Қабір ішінен жалпақ темір семсер, үш қырлы ұңғылы қола жебе ұшы, жарты цилиндр тәрізді алтын бұйым табылды. Бұл заттар обаның көне екендігін, яғни б.з.б. 5–4 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Сырт жағынан дәліздің басталар тұсынан орта ғасырларда жерленген 10 адамның қабірі аршылды. Олар қосымша затсыз көмілген.
Сонымен қатар екінші кезеңге жататын үш түрлі жерлеу құрылысы зерттелді. Ең үлкені – қаланың шығыс бөлігі салынған. Сақталған диаметрі 38,5, биіктігі 8,4 м. Оның іші бір-біріне өтетін дәліздері бар төрт бөлмеге бөлінген. Олардың аумағы бірдей 6×6 м, ұзындығы 10 м, ені 1,7 м. Бөлменің іргелерінен бірқатар алтын әшекей бұйымдар табылды. Олардың ішіндегі бірнеше үш қырлы қола және темір жебе ұштары, темір пышақ, тотығып кеткен қанжарлар мазардың шамамен б.з.б. 4 ғасырдың аяғы немесе б.з.б. 4–3 ғасырлар аралығында салынғанын көрсетеді. Бұл жерде табылған аса бір құнды бұйым ауыр қаруланған жауынгер () сауытының бір бөлігі. Осы темір пластиналар арқылы сақ-апасиак жауынгерінің сауытын жаңғыртуға мүмкіндік туды. Зерттелген екінші мазар кішірек шаршы (19,5×19 м) бейнелі, сыртқы қабырғасының қалыңд. 5–5,5 м, қам кірпіштен соғылған. Табылған темір садақ ұшы мен керамика сынықтары бұл мазардың шамамен б.з.б. 3–2 ғ-ларда салынғанын көрсетеді. Жерлеу құрылыстарының үшінші түрі қаланың нақ ортасындағы үлкен обалар арасындағы ашық алаңнан табылды. Жер үстінде диаметрі 18–20 м, тереңдігі 0,5 м-ге жететін таяз шұңқырлар байқалып, соның екеуі зерттелді. Біріншісінде тереңдігі 5 м-ге жуық төртбұрышты қабір шұңқырының шығыс және батыс жағынан катакомбаға ұқсас жерлеу камералары салынып, аузын қам кірпіштермен өріп бекіткен. Ішінен үш адамның сүйегі табылды. Оның бірі белінде белбеуі, оған ілінген ұзын темір семсері мен пышағы бар ер адам, одан әрі іргеге қарай бір әйел және ер адам бірінің үстіне бірі қойылыпты. Бәрі де қымбат бұйымдармен әшекейленіп жерленген. Сондай-ақ оба ішінен тас, алтын моншақтар, жапсырмалар, т.б. табылды. Олардың ең құндысы – жауынгердің бас жағына қойылған керамика ыдыстың бүйіріндегі бес таңбадан тұратын жазу мен шебердің өзіндік белгісі. Бұл жазу Сыр бойынан табылған б.з.б. 4–2 ғ-лардағы ең көне жазу үлгілерінің бірі. Әлі оқылмаған. Дегенмен, көне соғды және Есік обасынан табылған жазуларға ұқсас. Қалған қабірлер түгел тоналған, қабірдегі адам сүйектері мен заттар шашылып қалған. Шірік-Рабат қазбалары Тұран ойпатын б.з.б. 1-мыңжылдықта мекендеген сақ, массагет тайпаларының мәдениеті мен шаруашылығының Оңтүстік Хорезм, одан арғы Ахемен әулеті билеген парсы елдерімен тығыз байланыста өрбіп, аса жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Қазіргі кезде көп бөлмелі үйдің 300 м2 алаңы аршылған. Қазылған жерден төрт бөлме шықты. Олардан әр түрлі деңгейде хумдар, көзелер, құтылар, сырты мен іші шыны бояумен сырланған ыдыс сынықтары, ошақ, тандыр және табылды. Бұл заттардың жасалу мерзімі шамамен 9–12 ғасырлар.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shirik Rabat kone kalanyn orny Shamamen b z b 4 2 gasyrlar zhәne b z 10 13 gasyrlar aralygynda omir sүrgen Қyzylorda oblysy Қarmakshy audany Komekbaev auylynan Zhanakala kenshary ontүstik batyska karaj 100 km zherde Zhanadariya arnasynyn sol zhak zhagalauyndagy en biik tobenin үstine ornalaskan 1946 zhyly Horezm arheologiyalyk zhәne etnografiyalyk ekspediciya zhetekshisi S P Tolstov tauyp 1948 49 zhyldary kajta zerttegen 1957 58 zhyldary kazba zhumystary zhүrgizildi Nәtizhesinde eki zherleu kurylysy үlken korshau kone korgan tүbindegi turgyn үjdin bir boligi korganys kamaly men munarasy zhәne kejingi ortagasyrlyk kezendegi Citadeldin shagyn boligi zertteldi 2004 zhyldan memlekettik Mәdeni mura bagdarlamasyna saj Shirik Rabat arheologiyalyk ekspediciya zhetekshisi zertteudi zhalgastyruda Shirik RabatMәrtebesiRespublikalyk manyzy bar eskertkishҚazirgi zheri Қazakstan Қyzylorda oblysyOrnalasuy44 05 15 s e 62 54 48 sh b 44 08750 s e 62 91333 sh b 44 08750 62 91333 G O Ya Koordinattar 44 05 15 s e 62 54 48 sh b 44 08750 s e 62 91333 sh b 44 08750 62 91333 G O Ya T Shirik Rabat Tobenin aumagy 850 600 m sopaksha Etegi eki katar dualmen zhәne eni 30 40 m terendigi 3 4 m ormen korshalgan Қorganga kirer kakpalar ontstik men batys zhagynda Қala birneshe ret kajta turgyzylgan En kone kezende b z b 4 3 gasyrlar tobenin biik zherine sol zherdi meken etken patshalar zherlengen 6 oba men syrtyn topyraktan үjgen korgan salyngan Ontүstik zhagynda zhaugershilik kezde panalajtyn zhәne obalardy korgaushylar turgan bekinis үjler bolgan Sәl kejinirek b z b 3 2 gasyrlarda kam kirpishten orilgen үlken sagana zhәne birneshe mazarlar men zher asty katakombalary salyngan Birak b z b 2 g da Zhanadariya suynyn tartyluyna bajlanysty kala oz tirshiligin toktatkan Tek b z 9 13 gasyrlar aralygynda ozen suy tolysyp kajta zhandandy Қazba zhumystary kezinde tabylgan zherleu kurylystary ote erte zamanda tonalgan Қazylgan birinshi obanyn biiktigi 3 5 m diametri 60 m ge zhuyk ortasyndagy diametri 30 m ge zhuyk үlken shunkyry bar Obanyn ortasynan aumagy 7 5 7 5 m terendigi 2 5 m kabir shunkyry men ontүstik zhagynan ogan kiretin uzyn dәliz uzyndygy 15 m tabyldy Қabir ishinen zhalpak temir semser үsh kyrly ungyly kola zhebe ushy zharty cilindr tәrizdi altyn bujym tabyldy Bul zattar obanyn kone ekendigin yagni b z b 5 4 gasyrlarda salynganyn korsetedi Syrt zhagynan dәlizdin bastalar tusynan orta gasyrlarda zherlengen 10 adamnyn kabiri arshyldy Olar kosymsha zatsyz komilgen Sonymen katar ekinshi kezenge zhatatyn үsh tүrli zherleu kurylysy zertteldi En үlkeni kalanyn shygys boligi salyngan Saktalgan diametri 38 5 biiktigi 8 4 m Onyn ishi bir birine otetin dәlizderi bar tort bolmege bolingen Olardyn aumagy birdej 6 6 m uzyndygy 10 m eni 1 7 m Bolmenin irgelerinen birkatar altyn әshekej bujymdar tabyldy Olardyn ishindegi birneshe үsh kyrly kola zhәne temir zhebe ushtary temir pyshak totygyp ketken kanzharlar mazardyn shamamen b z b 4 gasyrdyn ayagy nemese b z b 4 3 gasyrlar aralygynda salynganyn korsetedi Bul zherde tabylgan asa bir kundy bujym auyr karulangan zhauynger sauytynyn bir boligi Osy temir plastinalar arkyly sak apasiak zhauyngerinin sauytyn zhangyrtuga mүmkindik tudy Zerttelgen ekinshi mazar kishirek sharshy 19 5 19 m bejneli syrtky kabyrgasynyn kalynd 5 5 5 m kam kirpishten sogylgan Tabylgan temir sadak ushy men keramika synyktary bul mazardyn shamamen b z b 3 2 g larda salynganyn korsetedi Zherleu kurylystarynyn үshinshi tүri kalanyn nak ortasyndagy үlken obalar arasyndagy ashyk alannan tabyldy Zher үstinde diametri 18 20 m terendigi 0 5 m ge zhetetin tayaz shunkyrlar bajkalyp sonyn ekeui zertteldi Birinshisinde terendigi 5 m ge zhuyk tortburyshty kabir shunkyrynyn shygys zhәne batys zhagynan katakombaga uksas zherleu kameralary salynyp auzyn kam kirpishtermen orip bekitken Ishinen үsh adamnyn sүjegi tabyldy Onyn biri belinde belbeui ogan ilingen uzyn temir semseri men pyshagy bar er adam odan әri irgege karaj bir әjel zhәne er adam birinin үstine biri kojylypty Bәri de kymbat bujymdarmen әshekejlenip zherlengen Sondaj ak oba ishinen tas altyn monshaktar zhapsyrmalar t b tabyldy Olardyn en kundysy zhauyngerdin bas zhagyna kojylgan keramika ydystyn bүjirindegi bes tanbadan turatyn zhazu men sheberdin ozindik belgisi Bul zhazu Syr bojynan tabylgan b z b 4 2 g lardagy en kone zhazu үlgilerinin biri Әli okylmagan Degenmen kone sogdy zhәne Esik obasynan tabylgan zhazularga uksas Қalgan kabirler tүgel tonalgan kabirdegi adam sүjekteri men zattar shashylyp kalgan Shirik Rabat kazbalary Turan ojpatyn b z b 1 mynzhyldykta mekendegen sak massaget tajpalarynyn mәdenieti men sharuashylygynyn Ontүstik Horezm odan argy Ahemen әuleti bilegen parsy elderimen tygyz bajlanysta orbip asa zhogary dengejde damyganyn korsetedi Қazirgi kezde kop bolmeli үjdin 300 m2 alany arshylgan Қazylgan zherden tort bolme shykty Olardan әr tүrli dengejde humdar kozeler kutylar syrty men ishi shyny boyaumen syrlangan ydys synyktary oshak tandyr zhәne tabyldy Bul zattardyn zhasalu merzimi shamamen 9 12 gasyrlar DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet