Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Есік обасы — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, жағалауында орналасқан. 1969 — 70 жылдары (жетекшісі , мүшелері , ) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — . Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диаметрі 30 — 90 м, биіктігі 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.
Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диаметрі 60 м, биіктігі 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген. Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солтүстік-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диаметрі 58 м, биіктігі 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңдігі 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Есік обасы сақ кезеңінің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.
Есік обасындағы қабір құрылысы, былайша тұрғызылған болса керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима — лақат жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым: ұзындықтары бірдей бөренелерді көлденеңінен лақаттың қабырғасы болатындай етіп соққан. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр, лакаттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып шығарылған.
Лақаттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол үстінен де ұзын қабырғаларына көлденеңінен қойылған беренелермен жабылған. Түбіне жақсылап өнделген он тақтайдан бір-біріне жақсы қиюластырып еден төселген. Еденге өлік пен неше түрлі нәрселер койылған.
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалары мен әшекейлеп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бес қаруы түгел асылған өлік қойылған. Қалыптасқан салт бойынша, өлік аяқ-қолы созылып, басын батыска, бетін жоғары қаратып шалқасынан жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен темен қойылып, сол қолы бір жағына созылып жатыр.
Оң жағында бел тұсына темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар өткерме шегелеген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдын бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма-тоға ерекше көз тартады.
Сол қолының қарында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бұнақтала оралған қамшы, одан жоғарырақ - ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.
Лақаттың еденіне өлік тамағы салынған және ыдыстар қойылған. Жазуы бар күміс тостаған мен алшақ тұрған алтынмен қапталған қола тегененің де соларға жататыны анық. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатыр.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және ағаш ыдыстар белек қойылған. қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында — екі қатарда төрт табақша, алдыңғы жағында — тегенелер мен ожау түр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың алдында тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяк бөлек, каңқаның бас жағында тұр. Лақаттың шығыс кабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә, лақаттың есігі (Бесшатыр обаларындағы сияқты) оның шығыс жағында болса керек.
Жерлеу ғұрпы жасалып, дене қойылған соң лақат қысқа бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де. Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 17—18 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. Ол алтынмен мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын аптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік (65—70 сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киім жылқы, барыс, таутеке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. мойнында — үшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында — перузадан жасалған салпыншақтары бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан зооморфтық стильде жасалған, көздін жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен қапталған құрама белдік тағылған. Белдіктің оң жағына қызыл қынға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылқы бейнеленген алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсак алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сұғындырылған. Сақ жауынгері саусағына екі алтын жүзік таққан, олардың біреуі — сәнді бас киім киіп қырын қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын (жүзік-мөр). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б. з. б. IV ғасырдың алды - III г. деп белгіленіп отыр.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Esik obasy sak dәuirinen saktalgan eskertkish b z b 5 4 gasyrlar Almaty oblysy Enbekshikazak audanynyn ortalygy Esik kalasynyn manynda zhagalauynda ornalaskan 1969 70 zhyldary zhetekshisi mүsheleri zerttegen Bul mandagy sak dәuirinen saktalgan obalar birneshe topka bolinedi Munyn ishinde en kornektisi Қorym kuramynda soltүstikten ontүstikke sozyla 3 km zherdi alyp zhatkan 45 topyrak diametri 30 90 m biiktigi 4 15 m oba bar Arasynan alty үlken oba kazyldy bulardyn katty tonalgan үsheuinen zattaj derek kezdespegen Tortinshisinen үlken tortburyshty kabir ishine basyn batyska karata birge zherlengen eki adamnyn mүrdesi temir tүjreuish koptegen altyn zhapsyrmalar tabyldy Esik obasy bizdin zamanymyzdan buryn V IV gasyrlarda omir sүrgen sak tajpalarynyn tarihy men mәdenietinen habar beretin asa kornekti eskertkish Obadan tabylgan 4 mynnan astam bujymdardyn kobi altynnan zhasalgan Sakalar koseminin sauyt sajmanyna bejneli altyn kabyryshakpen okalangan teri sauyty Esik obasy Al altynshy oba әlemdik manyzy bar Altyn adamnyn tabyluy sebepti gylym men mәdenietke Esik obasy degen atpen endi Sak hanzadasy diametri 60 m biiktigi 6 m obanyn astyndagy shyrsha borenelerden zhasalgan agash kabirge kojylgan Munyn ozi bүjirdegi kosymsha kabir al negizgi kabir tolygynan tonalyp ketkeni anyktaldy Hanzada 4 myn altyn әshekej tagylgan kiimimen karu zharak ydys ayagymen zherlengen Kүmis tostaganga tүsirilgen 26 tanbaly zhazu kazir Esik zhazba eskertkishi degen atpen belgili zhәne munyn әlipbilik zhazu ekendigine kүmәn keltirilmejdi Budan soltүstik batyska taman ornalaskan tagy bir obanyn diametri 58 m biiktigi 4 5 m Қazu barysynda obanyn birneshe ret kezektesip kalangan tas zhәne topyrak kabattarynan turatyny sondaj ak tonalgandygy da anyktaldy Үlken kabirdin aumagy 5 1h2 3 m terendigi 1 8 m Tonau kezinde birshama bүlingen kabir ishinen kishirek zhuka altyn zhapsyrmalar kүmis syrga kysh ydystar zhәne koladan kujylgan guryptyk ydys tabyldy Sirek kezdesetin mundaj ydys Zhetisuda tungysh ret kezdesti ol konus pishindes alasa tugyr men zhajpak tostagannan turady Ғuryptyk zhoralardy otkizu kezinde saktar osyndaj ydyska hosh iis shygaratyn zattardy zhagyp tүtindetip koyatyn bolgan Esik obasy sak kezeninin әleumettik ekonomikalyk dengejin korsetetin erekshe eskertkishterge zhatady Esik obasyndagy kabir kurylysy bylajsha turgyzylgan bolsa kerek әueli uzyna bojy batystan shygyska bagyttalgan tikburyshty kabir shunkyryn kazgan Onyn tүbine borene kima lakat zhasalgan Onyn kurylymy ote karapajym uzyndyktary birdej borenelerdi koldeneninen lakattyn kabyrgasy bolatyndaj etip sokkan Buryshtarynda boreneler ozara bajlanbagan tek tүjisip kana tur lakattyn uzyn zhәne koldenen kabyrgalaryndagy borenelerdin ushtary kabirdin opyrylyp tүspeui үshin kezek kezek umsyndyrylyp shygarylgan Lakattyn kabyrgalaryna boreneler bes katar etip salynyp ol үstinen de uzyn kabyrgalaryna koldeneninen kojylgan berenelermen zhabylgan Tүbine zhaksylap ondelgen on taktajdan bir birine zhaksy kiyulastyryp eden toselgen Edenge olik pen neshe tүrli nәrseler kojylgan Shamasy edennin olik zhatkyzylgan tusyna usak altyn kaptyrmalary men әshekejlep tigilgen mata tosenish toselgen boluy kerek Tosenish үstine tamasha sәndi kiimi kigizilip bes karuy tүgel asylgan olik kojylgan Қalyptaskan salt bojynsha olik ayak koly sozylyp basyn batyska betin zhogary karatyp shalkasynan zhatkyzylgan on kolynyn sausaktary kindiginen temen kojylyp sol koly bir zhagyna sozylyp zhatyr On zhagynda bel tusyna temir semser kojylgan Қaru iletin aspaly beldikke altyn kaptyrmalar men zholbarys basynyn bederli bejnesi bar otkerme shegelegen Beldiktin sol zhagyna shauyp bara zhatkan bulan men at pishininde zhasalgan eki altyn tiligi zhapsyrylgan kajyspen kaptalgan agash kyny bar temir akinak ilingen Onyn әshekejleri arasynan beldiktin aspalary үshin zhasalgan bүktetilgen kaskyrdyn bederli bejnesi salyngan cilindr formaly eki kaptyrma toga erekshe koz tartady Sol kolynyn karynda altyn ushty simvoldy zhebe odan zhogaryrak saby zhalpak altyn taspamen bunaktala oralgan kamshy odan zhogaryrak ishine kola ajna men kyzyl boyau salyngan shagyn zhibek korzhyn zhatty Lakattyn edenine olik tamagy salyngan zhәne ydystar kojylgan Zhazuy bar kүmis tostagan men alshak turgan altynmen kaptalgan kola tegenenin de solarga zhatatyny anyk Onyn ishinde zhyrtkysh kustyn tumsygy men tyrnaktary tүrinde zhasalgan birneshe mүsindik altyn tilikter zhatyr Ydystardy ornalastyruda belgili bir tәrtip saktalgan Қysh zhәne agash ydystar belek kojylgan kabyrgaga zhakyn agash ydystar art zhagynda eki katarda tort tabaksha aldyngy zhagynda tegeneler men ozhau tүr Ekinshi kabyrga zhanyna kysh kumyralar bir birine tүjistirilip bir katarga tizilip kojylgan olardyn aldynda tegeneler ornalaskan tegenelerdin arasynda eki kүmis tostagan men kasyk birge kojylgan Қola ayak bolek kankanyn bas zhagynda tur Lakattyn shygys kabyrgasy zhagyndagy eden boligi zattardan bos Sirә lakattyn esigi Besshatyr obalaryndagy siyakty onyn shygys zhagynda bolsa kerek Zherleu gurpy zhasalyp dene kojylgan son lakat kyska borenelermen zhabylyp shunkyr topyrakpen komilgen de Antropologtardyn anyktauynsha Esik obasyna zherlengen adam 17 18 zhasar bet bitimine karaganda ol saktarga zhatady Ol altynmen mol tigilgen sәndi kiim kiingen Basyna tүgeldej tүri de kolemi de әr tүrli altyn aptyrmalarmen sәndelgen tobesi shoshak biik 65 70 santimetrge dejin bas kiim kigen Bas kiim zhylky barys tauteke kus bejnelengen 150 dej altyn kaptyrmalarmen zhәne togalarmen sәndelgen mojnynda үshy zholbarystyn basy ispettes altyn alka sol zhak syrgalarynda peruzadan zhasalgan salpynshaktary bar koz salgan altyn syrga bolgan Үstine mata kojlek kigizilgen onyn oniri men zhenderi neshe tүrli altyn kaptyrmalar men tizbeler aralastyryp әshekejlep kestelengen kojlektin syrtynan kiilgen kyzyl boyaumen boyalgan bylgary beshpenttin on bojy zholbarystyn basy bejnelengen altyn togalarmen zhәne үsh sala zhapyrak formasyndagy kishkene togalarmen kaptalgan Beshpenttin syrtynan zoomorftyk stilde zhasalgan kozdin zhauyn alatyn on alty kolemdi kaptyrmamen kaptalgan kurama beldik tagylgan Beldiktin on zhagyna kyzyl kynga salyngan uzyn temir semser sol zhagyna bulan men zhylky bejnelengen altyn kaptyrmalar shegelengen kyny bar temir akinak ilingen Shalbar tigis tigisi bojymen usak altyn shettiktermen әdiptelgen zhәne balaktary beshpenttegidej altyn kaptyrmalar shegelengen saptama etikke sugyndyrylgan Sak zhauyngeri sausagyna eki altyn zhүzik takkan olardyn bireui sәndi bas kiim kiip kyryn karap turgan adamnyn bas bejnesi bar altyn zhүzik mor Esik obasyndagy kabirdin merzimi b z b IV gasyrdyn aldy III g dep belgilenip otyr Tagy karanyzEsik Altyn adamyDerekkozderҚazak enciklopediyasy Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet