Тарихи-мәдени этнографиялық орталық — Түркістан қаласында орналасқан тарихи-этнографиялық мұражай, қазақ халқының мұрасы мен рухани қазынасының қайнар көзі саналатын этноорталық.
Тарихи-мәдени этнографиялық орталық | |
---|---|
Орталықтың сырт келбеті | |
Құрылған уақыты | 16 желтоқсан 2010 |
Орналасқан жері | Түркістан қаласы, Қазақстан |
Мұражай түрі | Тарихи-этнографиялық мұражай |
Директоры | Гүлжанат Ыбырахымқызы Дюсенбаева |
Ортаққордағы санаты: Тарихи-мәдени этнографиялық орталық |
Тарихы
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталық 2010 жылдың наурыз айынан бастап салына бастаған. Алматы қаласындағы басшылық ететін «Этнодизайн Қазақ – 2030» ЖШС-нің ұжымы құрылысты 9 ай ішінде аяқтап, сол жылдың желтоқсан айында ол пайдалануға берілген. Түркістандағы «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың» ашылуы қаланың тарихи-мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.
Орталықтың ашылу салтанаты 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ұйымдастырылып, сол кезден бастап мұражай халыққа қызмет көрсете бастады.
Негізгі мақсаты – халықты Түркістанның рухани өмірінен, тарихынан хабардар етіп, оның ел мәдениетінде алар орнын, маңызын орталық қорындағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы көрсету. Орталықтың міндеті – болашақта Түркістан тарихынан сыр шертетін ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру.
«Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан» деген Елбасының пікірін негізге ала отырып ашылған «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық» болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.
Музей қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 23 ақпанындағы №45 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мұражай қорын қалыптастыру және сақтау ережесіне сәйкес жұмыс жасайды, ереже бойынша мұражай қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады делінген:
- Мұражай жәдігерлері мұражай жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен;
- Жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен;
- Сот арқылы немесе өзгеде осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтардың немесе жекелеген заттардың есебінен;
- нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылған тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың және көмбелердің есебінен толықтырылып отырады.
Орталық сонымен қатар оқушыларға тәрбие беруде де маңызды рөл атқарады. Республиканың барлық аумағында «Тарихи-мәдени этнографиялық орталықпен» таныстыру мақсатында ұйымдастырылған оқушылар экскурсиясы құрылып, Түркістан қаласына ағылуда. Орталықта Түркістанның төл тарихына арналған музейлік экспозиция жасақталған. Орталыққа қарасты Түркістан қаласында Н.Оңдасынов атындағы тарихи-мемориалдық мұражайы атты филиал жұмыс жасайды.
Тәрбие беру жұмысы тәжірибесінде мектеп мұғалімдерінің мұражайлармен байланыстарының мұражайда жүргізілетін оқу сапарын бірге дайындау, ұйымдастыру; мұражай сабағын дайындауда мұғалім мен мұражай қызметкерінің байланысы; мұражай мұрағаттарын көрнекі құрал ретінде пайдалану; тәрбиелік мәні бар іс-шараларды бірге ұйымдастыру; мұғалімдер үшін мұражайда дәрістер, семинарлар, конференциялар өткізу; мектепке мұражай ұйымдастыруға көмегі сынды әр түрлі формалары қалыптасқан.
Мұражай ғимараты
Орталықтың музейлік экспозициясы 3800 шаршы метрді қамтиды. Ғимарат 3 қабаттан, 5 көрме залынан, конференция залынан, қолөнершілердің шеберханасы және тарихшылардың зерттеу жұмыстарына арналған бөлмелерден тұрады.
Орталықтың бірінші қабатында Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы, орта ғасырлардағы Түркістан тарихы, Шыңғысхан мен Әмір Темір дәуіріндегі Түркістан тарихы және Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихын көрсететін көптеген экспозициялар қойылған.
Екінші қабатта «Қазақ хандығы және Түркістан – Қазақ хандығының Ақ Ордасы» атты экспозициялық зал орналасқан.
Үшінші қабатта «Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан» атты экспозициялар қойылған. Мұнда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Түркістан қаласында салынған ғимараттар мен болашақта салынатын жаңа Түркістанның макеттері қойылған.
Бөлімдері
Біздің дәуірімізден 1 миллион жыл бұрын өмір сүрген "тік жүретін адамнан" бастап, өз замандастарына дейінгі кезеңдерді қамтитын, ғасырлар қойнауынан жұмбақ сыр шертетін орталықтың экспозициясы негізгі сегіз ірі бөлімнен тұрады, олар:
- "Ерте дәуірдегі Түркістан тарихы"
- "Орта ғасырлық Түркістан тарихы"
- "Шыңғыс хан мен Әмір Tемір дәуіріндегі Түркістан тарихы"
- "Оңтүстік Қазақстан жеріне Ислам дінінің таралу тарихы"
- "Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұрасы"
- "Қазақ хандығы тарихы және Түркістан – қазақ хандығының Ақордасы"
- 19-20 ғасырлардағы Түркістан тарихы"
- "Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістан"
Аталған тақырыптар бойынша дайындалған экспозиция орталықтың үш қабатына толығымен орналасқан. Төменгі қабатта қызметкерлер үшін бөлмелер қарастырылған. Орталықтың экспозициясы 1770 құнды жәдігерлермен қамтылған, оның ішінде негізгісі - 1313, қосалқы - 457. Сондай-ақ орталықта ежелгі заманнан бастап қазіргі заманғы бұйымдар мен құнды материалдар қойылған. Мәселен, тігін машинасы, үтік, киіз үй, ескі компьютер, күміс білезік, сақина, зеңбірек, садақ, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, қыш ыдыстар, Тайқазан макеті, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының қуыршағы, «Алтын адамның» мүсіні, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті, болашақтағы Түркістанның көрінісі, т.б.
Орталықтағы қолөнер бұйымдары
Орталықтың екінші қабатының оң қанатындағы экспозициясынан Түркістан қаласының 19-20 ғғ. тарихын көруге болады. Соның ішінде музейге келушілерді осы аймақтың қолөнер шеберлерінің жасаған зергерлік бұйымдары өте қатты қызықтырады.
Бұл экспозициядан қазақ шеберлерінің зергерлік бұйымдарды жасауда сан алуан техникалық тәсілдерді жетік меңгергенін аңғаруға болады. Өмір салтының көшпелі болуына қарамастан, олардың зергерлік кәсіпте биік техникалық және эстетикалық деңгейге көтерілуі көптеген туристерді таң-тамаша қалдырады. Оның үстіне Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс пен алтын сияқты металдардың бай қоры болғандықтан, оларды өңдеу арқылы әсемдік бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан бастау алады.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе, күмістен соғылған сырғалар, шолпы, , алқа, жүзік, білезіктер, қапсырмалар мен секілді көптеген сәндік әшекейлер ертеден-ақ кең тараған бұйымдар қатарына жатады. Зергерлік өнердің ғасырлар бойы үздіксіз дамуының нәтижесінде 19 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Музей экспозициясына шығарылған зергерлік бұйымдар осы 19-20 ғасырларға тән. Олар музейді ашу кезіндегі ұйымдастыру жұмысы барысында оңтүстік өңірдің тұрғындары арасынан жинақталған. Мұражайдың негізгі жәдігері ретінде Хан мен Ханшаның «Отау жүзіктерін» атауға болады. Күміс жүзік пен сақина киіз үй формасында жасалған. Бірнеше қанық түсті эмальмен боялған әсем жүзіктерге асыл тастардан ерекше нәзік етіліп көздер орнатылған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан өңіріне тән, қазақтың кіші жүзінен шыққан қыздарына арнайы жасалатын, ортасына таңбалар салынған, ерекше зерленіп жасалған күміс жүзіктер де мұражайдың мақтануға тұратын жәдігері болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңіріне тән «Құс тұмсық» жүзіктерінің, сырғаларының, алқалар мен өңір әшекейлерінің де сан алуан түрлері музей экспозициясын түрлендіріп тұр.
Музей экспонаттары
Орталықтың кіре берісінде қазақ халқының ежелден келе жатқан мұрасы – Киіз үй орнатылған. Ол – «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған қазақ ата-бабаларының негізгі баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, табысы әрі тарихи ескерткіші. Киіз үйде қазақ ата-бабасының түсінігі мен түйсігі, ұғымы, танымы, талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатқандықтан, ол ұлттың бас мұрасы ретінде орталықтың бірінші қабатына орналастырылған. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көруге болады.
Киіз үй құрылысы атауларынан қазақ тілінің бай қазынасын танып білуге болады. Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй.
Сондай-ақ, бұл орталықта Алаш үкіметіне қатысты да экспозиция дайындалған. Алаш үкіметін құрушылардың портреттері мен деректер келтірілген.
Хан сайлауы
Орталықтың басты экспонаттарының бірінде қазақ халқының хан сайлау рәсімі көрсетілген. Ол көне монғолдық дәстүрден аса көп өзгермеген күйінде ХІХ ғасырға дейін сақталған. А.И.Левшиннің сипаттауы бойынша, «Хан сайланатын орын мен уақыт белгіленетін, онда халықтың көптеп жиналуы және әр ру-тайпа басшыларының қатысуымен кіші-гірім мәжіліс өткізілетін. Тақ мұрагері анықталған соң, әйгілі билер мен сұлтандар оны ақ киізге отырғызып «Хан, Хан, Хан» деп үш рет көтеретін. Хан көтерілген ақ киіз, сайлауға қатысқандарға «хан талапай» деп аталатын теберік ретінде таратылатын».
«...1771 жылы үш жүздің барлық атақты кісілері, Үш алаш қазақ жұрты хандары, қалалар мен далалық аймақтар және Түркістан жұртының атақты кісілері мені барлық хандардың ағасы қылып қоюға келісті. Біздің дәстүріміз және алдынғы хандар салған жолмен біздің әулие Әзірет - Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның бейіті басында Фатиха оқылып мен хан етіп сайландым...» (құжат).
Хан тағы
Хан тағы – қазақ хандары отыратын орын. Орталықтағы экспонаттардың бірі.
«Батыр туса, ел ырысы» тақырыбы аясында әзірленген орталықтағы экспонаттар арқылы қазақ жауынгерлігі туралы ақпарат алуға болады. Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болатын дәстүрлі жауынгерлік қару-жарағының даму тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтиды.
Қазақтың дәстүрлі жауынгерлік қару-жарағы қазақ халқын құраған ру тайпалардың әрқайсысына тән қару-жарақ үлгілерінің негізінде дамып, даму барысында өзі мәдени, саяси, әскери қатынастарда болған халықтардың әскери өңірінің ықпалында болып, Қазақ хандығының құрылуымен төлтума бітімге ие болды. Көшпелі халықтарға тән жауынгерлік қарулар мен қорғаныс жарақтарының көпшілігі қазақтарда ХVІІ – ХVІІІ ғасырларға дейін, ал жекелеген түрлері ХІХ ғасырларға дейін қолданылып келді.
Осы экспонатта қазақ еліне тән қару-жарақтар қойылған.
«Ел іші - өнер кеніші» деген тақырыпта біріктірілген орталық экспонаттары қазақ халқының өнерінен сыр шертеді. Қазақтың аса бай тарихи, мәдени мұрасы, ұлттық аспаптары, ұлттық ою-өрнектері, ісмерлігі, қолтумасының қайталанбас сипаты, киім-кешегі ұлттық мақтаныш сезімін тудырады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз. Ою-өрнектер ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріліп отырған.
Көне Түркістан
«Көне Түркістан» атты экспонаттар жинағы ежелгі Түркістан шаһарының барлық бет-бейнесінен, тарихынан мағлұмат береді.
«Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз, әфсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды жәдігерліктер мол. Біз осының бәрін ерекшелеп қажетімізге жаратуымыз керек.» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Қожа Ахмет Йасауи ілімі мен мұрас»ы бөлімінде Ясауи салған сопылық жол жайында мағлұматтар, суреттер, тағы басқа дүниелер қамтылған. Х-ХII ғасырда Түркістанда жаңа ұлттық мирасты жаңғыртқан ислами жол дүниеге келді. Ол Ахмет Ясауидің түркілік сопылық ілімі, «Ясауи» дәстүрі, «Ясауи» тарихаты еді. Қ.А. Ясауи өз туындыларын қыпшақ, оғыз ұлыстарының ана тілінде, көне түрік тілінде жазған. Ясауи ілімі сопылық әдебиеттің негізін қалап қана қоймай, түркі халықтарының мемлекет, ұлт болып қалыптасуына әсер етті.
Өзге экспонаттар
- Қазақтың бесқаруы
- Қару-жарақтар
- Қазақ батырлары
- Ел іші - өнер кеніші
- Ұлттық аспаптар
- Қ.А.Ясауи залындағы үйренушілер суреті
Ерекше мәдени құнды жәдігерлер
Атауы | Сипаттамасы |
---|---|
Мыс үккіш | IV-XV ғасырлардағы келі-келсап тәріздес жасалған кіші үлгісі. Үккіштің ыдысы ернеуі сыртқа қарай иілген, астыңғы түбі жіңішкеріп табаны тегіс, жалпақ, сыртқы қабырғасынан 1 см-дейін шығыңқы етіп, қалың құйылып жасалған. Мыс үккіштің сабы жұмыр ұзынша келген екі басы және орта бөлігі жаңғақ көлеміндей дөңгелектеніп, ұстауға және үгуге лайықтанып жасалған. |
Мыс қазан | IV-VІ ғасырларда тұрмыста қолданылған бұйым. Ол қатты күйдірілген сырты қарайған, қалыңдығы жұқарған. Пішіні шұңғыл, ауызғы ернеуі сыртқа қарай бір елідей иіле қайрылған, екі тұтқасы бар.Тұтқасы қарапайым қазан құлағындай емес, әшекейленіп өрнектеле жасалған. |
Аспалы мыс шырағдан (ХIV-ХV ғасырлар) | Аспалы мыс шырағдан, 19х13см ұзын жіңішке бау шынжырмен 0,5х124 см ыдысқа бекітілген, қазан тәрізді, беті өсімдік бейнелі өрнектермен өрнектелген, мыстан жасалған. Шырағданың сыртына түскен ою-өрнегі кедір-бүдірлі етіп жасалған. |
Безбен таразы (ХII ғасыр) | Белдемшесі ағаштан істелген таразы, ағашы сынған. Таразының тайпақ келген кіші көлемде тостағандары бар. Бұл таразының өте кіші көлемде гір тастары бар. Гір тастары алты қырлы, беті мен астында сызықтары бар. Бұл таразымен бағалы металдар мен дәрі-дәрмек қоспаларын өлшеген болуы керек. Гір тастарының жалпы салмағы 100 грамм мөлшерінде. |
Кіші құман самаурын | Пішіні самаурын тәріздес етіп жасалған құман, ал шүмегі басқа самаурындар сияқты емес ұзынша келген құманың шүмегі тәріздес. Самаурының бүйірі 27,5 см, ал ұзындығы 28 см, табаны жалпақша келген сыртына қарай шиіріліп қайрыла жасалған, табанында тесіктері бар - от жаққанда ауа кіріп тұру үшін тесілген тәрізді. Қолға ұстар тұтқасы құманның тұтқасы тәріздес. Кіші құман самаурын мыстан құйылып жасалған, ішіне 2 литр су кетеді. |
Мыс құман | XVIII-XIX ғасырларда жуынуға арналған ыдыс. Құман өрнектеліп, бүйірі он бес қырлы етіп жасалған. Бүйірінің кейбір қырлары майысқан. Мойны домалақ шеңбер тәріздес сыртқа қарай шығыңқы етіп жасалған. Құманның қақпағы күмбез тәрізді. Табаны жалпақ, сыртқа қайырылып, жапсырылып жасалған. Құманның бүйірі 24,5 см, ұзындығы 38,5 см. |
Жез құман | ХVIII-XIX ғасырларда қолданылған бұйым. Сырты тегіс, мойнында сыртқа шығыңқы етіп жасалған домалақ шеңбері бар. Құманның қақпағы домалақ күмбезге ұқсас етіліп жасалған. Құманның су құяр аузында арабшалап жазылған жазуы бар. Табаны жалпақ сыртқа қайырылып жасалған. Бүйірі 18 см, ұзындығы 29 см. |
Кіші жез құман | Кіші жез құманның бүйірі 16 см, ұзындығы 25 см. Құман (XIV-XV ғасырлар) әсемделіп, өрнектеліп жасалған. Сыртында шығыс үлгісінде бейнеленген өрнектері бар. Құманның су құяр аузында кіші көлемде шығыс аркасы тәріздес етіп салған бейнесі бейнеленген, бүйірі он үш қырлы етіп жасалған, қырларының төбе жағы шығыс аркасы етіп жасалған. Тұтқасы құманға бекітіліп өрнектеліп жасалған. Табаны кедір бүдірлі етіп өрнектеліп жалпақша келген. |
Мыс тостаған | XIV ғасырда қолданылған бұйым. Ол шұңғыл етіп, қырланып жасалған. Ішкі жақ жиегінде шеңбер етіп сызылған екі сызығы бар, сол шеңбердің ішінде жақша тәріздес бейне бейнеленген. Ал сыртында шығыс үлгісінде бейнеленген өрнектері бар. |
Қ.А.Ясауидің мөрі | ХІІ ғасырға тән бұйым. Мөрдің қолға ұстар сабы ағаштан жасалған. Ал сияға батырып мөр басатын жері жұмсақ резіңкеден жасалған, сол мөр басатын резіңкеге арабша жазулар ойылып жазылған. Бүйірі 18 см, ал ұзындығы 10 см, ағаш сабына резіңке мықтап бекітілген. |
Қымызға арналған ұлттық ыдыс-аяқ топтамасы | Бұл - ХVІІІ-ХІХ ғасырлар үлгісімен жасалған, қымызға құюға арналған ағаштан жасалған топтама. Ағаштан шұңғыл етіп ойылып, сырты оюланып өрнектеліп жасалған. Жиегі темір қапсырмамен қапсырылып, оюланып жасалған. Сыртқы бүйірінің жиегінде темір қапсырмаларға көк түсті тастар жапсырылып безендірілген. |
Білезік (ХІХ ғасыр) | ХІХ ғасырда жасалған білезік (6,2х1,8 см). Жайпақ етіп соғылып, екі ұшы сүйірленіп біткен. Бетінде геометриялық өрнектері бар. |
Білезік (ХІХ ғасыр) | Білезіктің (6,5х 2,8 см) (жаңа) ортасы жайпақ болып келіп екі ұшы сүйірленіп біткен. Орталық бөлігінде шаңырақ тәрізді дөңгелек металдан жасалған өрнек түсіп, оның ортасына көк түсті тастан көз отырғызылған, екі жанына қарай осы металдан ою жасалып жабыстырылған. |
Білезік (ХІХ-XX ғасырлар) | Білезік (6х 2,3 см), жаңа, сары түсті металдан жасалған, жайпақ етіп соғылып бетіне ақ түсті мельхиордан жасалған өрнек жабыстырылған. Ортасына дөңгелек формалы бирюза тастан көз отырғызылған. |
Білезік (XX ғасыр) | Білезік (6х2,5см), жаңа, жайпақ, ортасына күміс сымдардан өрнек жапсырылып, оның бетіне үш көз отырғызылған, ортасына үлкен жасыл түсті, екі жанына кішкене бирюза тастан көздері бар. |
Білезік (XX ғасыр) | Білезік (6,3х3 см), жаңа оймышталып өрнектелген, жиектері жіңішке күміспен жиектеліп көмкерілген, ортасына сия көк түсті сопақша келген тастан көз отырғызылған. |
Білезік, сырға топтамасымен | ХІХ-XX ғасырларда жасалынған, ұзындығы 17 см сырға 7 см. Білезік, сырға топтамасы – әшекей. Жүзіктері де бар. Әшекейлер толығымен бирюза тастарымен әшекейленген. Бес білезіктің үш дана жүзігі білезіктермен шынжыр арқылы біріктірілген. Сырғаның төменгі жағында үш жапырақша салпыншақ бар. |
Мыс тостаған (XIV ғасыр) | Мыс тостаған, шұңғыл етіп тік қырланып жасалған. Ернеуінің d-23см,биіктігі 11см ,табанының d-10,5 см. Ішкі жақ жиегінде шеңбер етіп сызылған екі сызығы бар, сол шеңбердің ішінде жақша тәріздес бейне бейнеленген.Ал сыртында шығыс үлгісінде бейнеленген өрнектері бар. |
Мыс құман (ХVIII-XIX ғасырлар) | Кіші мыс құманның бүйірі 45 см, ал ұзындығы 28 см. Құман әсемделіп өрнектеліп жасалған. Құманның сырты шығыс үлгісінде жасалған. Құманның су құяр аузында кіші көлемде шығыс аркасы тәріздес етіп салған бейнесі бейнеленген, бүйірі дөңгелек етіп жасалған, тұтқасы құманға бекітіліп иіліп өрнектеліп жасалған. Табаны жалпақ тегіс етіп әсемделіп жасалған. Құманның қақпағы тұтқасына бекітілген, формасы қоңырау тәрізді етіп жасалған. Құманның мойыны жіңішке, ұзынша етіп жасалған. |
Мыс кәрлен (XVIII-XIX ғасырлар) | Мыс кәрлен (тазик) шығыс үлгісінде дәрет алуға,жуынуға арналып жасалған. Бүйірі 65 см, биіктігі 10см, ернеуінің диаметрі 38см, табанының диаметрі 16см. Табаны тегіс кіші тостағанша етіп жасалған, ернеуі сыртқа қарай жалпақ етіп қайырыла жасалған. Ернеуінің жалпақтығының ұзындығы 10 см. Ернеуі мен табаны үйлестіріп, әсемделіп жасалған. |
Қыш құман (XIII-XIV ғасырлар) | Кіші қыш құман бүйірі 65см,ұзындығы 21см. Бүйірі шығыңқы, формасы табанына қарай көлемі кішірейген,табанының d-10см.Бүйіріне тұтқасы аралығында қызыл ангобпен дөңгелене тарақша етіп өрнек түскен.Тұтқасы мен бүйірінің орта бөлігіне дейін үш сызықпен жолақша түскен. |
КСРО ақшасы (11х17,5) (25 (жиырма бес) рублей) | 1909 жылы шығарылған үлкен көлемді қағаз ақша. Ақшаның оң жақ беті ашық қызғылт және ашық жасыл түспен боялған. Ақшаның оң жартысына патшаның суреті түскен және суретінің айналасы өсімдік сабақтары және тәж бейнелеген. Ақшаның ортаңғы бөлігінде бүркіттің басы екіге бөлінген бейнесі бар. Оң жақ бұрышына «25 рублей» деп жазылған. Ақшаның сол жақ беті ашық қызғылт түспен боялған. Ақшаның сол жақ бұрышына өсімдік сабақтарымен өгіздің басының бейнесі түскен, өгіз тұмсығына дөңгелек сым ілінген, оның ортасына «25» деп жазылған. |
Шолпы (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) | Ұзындығы 47 см, күміс металдан жасалынған. Шолпы, шынжыры көне, күмбез тәрізді бөлігі мен шашақтары жұқа метал пластинадан соғылып, олар сегіз дана және салпыншақтары да сегіз данадан құрастырылған. |
Белдік (ХІХ-XX ғасырлар) | Ұзындығы 96 см, ені 5,5см. Белдік, жаңа үлгі. Тері бетіне бастырылып рельефті өрнек салынып, алты жерінен төрт бұрышты метал пластина жабысқан, аралары үш қатар даналық күмістермен бөлінген, топса бетінде қоңыр түсті пластина беті жасыл түсті көздері бар. |
Алқа сырғасымен (ХІХ ғасыр) | Алқа, сегіз пластинадан құрастырылып шынжырмен ұшталып біткен. Пластиналар беті күміс сымдармен оймышталып өрнектеліп жабыстырылған, ортасында 5 пластинаның қоңыр, қызыл түсті тастан көздері бар. Төменгі үш пластинканың астына шаңырақша формалы салпыншақ ілінген. Сырға, тамшы формасы болып келіп, төменгі жағына үш жапырақша іспетті салпыншақ ілінген беті сыммен өрнектеліп ортасына дөңгелек формалы қоңыр, қызыл тастан көз отырғызылған |
Өңіржиек (ХІХ-XX ғасырлар) | Ұзындығы 44см. Өңіржиек, үш бөліктен тұрады, бой тұмар тәрізді етіп жасалған орта бөлігіне тұмарша тәрізді етіп қосқан бөлшегі бар. Бетінде қоңыр қызыл түсті тастан көздер 5 дана орналасқан. Олардың формалары әр түрлі. Өңіржиектің бетіне күміс сымдардан ою өрнектер салынған. |
Шолпы (ХІХ ғасыр) | Ұзындығы 22 см. Шолпы, шынжыры көне, күмбез тәрізді бөлігі мен шашақтары жұқа метал пластинадан соғылып, олар сегіз дана және шалпыншақтарыда сегіз данадан құрастырылған. |
Сырға (XX ғасыр) | Ұзындығы 12,5 см. Сырға, жаңа үлгімен жасалған жұқа метал пластинадан оймышталып және бетіне жабыстырылып әшекейленген ортасында қара түсті көзі бар. Сырғаның астында салпыншағы жапырақ тәріздес етіп бекітілген. |
Жүзік (ХІХ ғасыр) | Құс тұмсық жүзік (ХІХ ғасыр соңы) бетіне бидай масағы тәрізді өрнек түскен, тұмсық ұшы зерленіп біткен. |
Жүзік (ХІХ ғасыр) | Жүзік күміс көзі қызыл түсті көзінің бетіне күміс зерленіп әшекейленген және жиектері де жұмырланып дөңгеленген әшекейлер жабыстырылған, сабағы жалпақ, бетіне өрнектер түсірілген. |
Жүзік (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) | Жүзік - Хан мен Ханшаның отау жүзігі, қалың етіп құйылып сүйірлене үшкір етіп жасалған, сүйір ұшында дөңгелек көз отырғызылған. Жиектері кедір бұдырлы етіп әшекейленген және жиегінде 4 ашық қызыл түсті көздері бар. Жүзіктің жиегі жасыл, ашық қызыл түспен боялып әшекейленген. Ханшаның жүзігі де дәл осы тәрізді әшекейленген. |
Жүзік (ХVІІІ ғасыр) | Жүзік қалыңдау етіп жасалған, күміс жүзік, қызылмен боялған шыны көзінің бетіне күміс зерленіп әшекейленген, сопақша келеген, жүзіктің бетімен, жиегі де безендірілген. Асты тегіс ал саусақ кірер сабы сары металмен бекітілген. |
Жүзік (XX ғасыр) | Жүзік күміс, бетіне қызыл тас отырғызылған тастың бетіне күміс сымдармен сегіз деген санға ұқсас етіп бейне әшекейленіп түсірілген. |
Шекелік (ХІХ ғасыр) | Шекелік күміс, көздері бар, шолпы бөлшектері әр кезеңде соғылған, күмбез тәрізді салпыншақтары бар бөлігімен шынжыры көне ХІХ ғасырға тән, ортасына төрт бұрышты қоңыр-қызыл түсті тастан көздері бар бөлігі жаңа үлгі бес дана көздер. |
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Түркістанда тарихи-мәдени этнографиялық орталық ашылды (қаз.). Хабар арнасы. khabar.kz (22 желтоқсан 2010). Тексерілді, 28 қараша 2011.
- Төреғали ТӘШЕНОВ Түркістан тарихын түлеткен этноорталық (қаз.). Айқын газеті. aikyn.kz (13 мамыр 2011). Тексерілді, 28 қараша 2011.
- «Ұстаз» газеті, №18-19, 2011, 31 мамыр
- «Түркістан» газеті, № 46, 2011, 3 қыркүйек
- «Мектеп» журналы, «Мұражай - халықтың рухани қазынасының қайнар көзі», 15 бет, 2011, маусым, № 06 (94), Тіркеу куәлігі № 4077-Ж
Бұл мақала қазақша Уикипедияның таңдаулы мақалалар тізіміне енеді. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalyk Tүrkistan kalasynda ornalaskan tarihi etnografiyalyk murazhaj kazak halkynyn murasy men ruhani kazynasynyn kajnar kozi sanalatyn etnoortalyk Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalykOrtalyktyn syrt kelbetiҚurylgan uakyty 16 zheltoksan 2010Ornalaskan zheri Tүrkistan kalasy ҚazakstanMurazhaj tүri Tarihi etnografiyalyk murazhajDirektory Gүlzhanat Ybyrahymkyzy Dyusenbaeva Ortakkordagy sanaty Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalykTarihyKone TүrkistanҚazak handygyBolashaktagy Tүrkistan Mәdeni mura memlekettik bagdarlamasy ayasynda ashylgan ortalyk 2010 zhyldyn nauryz ajynan bastap salyna bastagan Almaty kalasyndagy basshylyk etetin Etnodizajn Қazak 2030 ZhShS nin uzhymy kurylysty 9 aj ishinde ayaktap sol zhyldyn zheltoksan ajynda ol pajdalanuga berilgen Tүrkistandagy Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalyktyn ashyluy kalanyn tarihi mәdeni omirindegi eleuli okiga boldy Ortalyktyn ashylu saltanaty 16 zheltoksan Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdik kүninin karsanynda ujymdastyrylyp sol kezden bastap murazhaj halykka kyzmet korsete bastady Negizgi maksaty halykty Tүrkistannyn ruhani omirinen tarihynan habardar etip onyn el mәdenietinde alar ornyn manyzyn ortalyk koryndagy tarihi zhәdigerler zhinagy arkyly korsetu Ortalyktyn mindeti bolashakta Tүrkistan tarihynan syr shertetin gylymi zertteu ortalygyna ajnaldyru Әrbir halyk әrbir tәuelsiz memleket ozinin ruhani ortalygyn naktylap aluy kerek Қazakstannyn ruhani ortalygy Tүrkistan degen Elbasynyn pikirin negizge ala otyryp ashylgan Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalyk bolashakta Tүrkistan tarihyn zerdelejtin gylymi zertteu ortalygyna ajnalmak Muzej kory Қazakstan Respublikasy Mәdeniet zhәne akparat ministrinin 2007 zhylgy 23 akpanyndagy 45 bujrygymen bekitilgen Қazakstan Respublikasy murazhaj koryn kalyptastyru zhәne saktau erezhesine sәjkes zhumys zhasajdy erezhe bojynsha murazhaj koryn kalyptastyru tomendegidej zhүzege asyrylady delingen Murazhaj zhәdigerleri murazhaj zhinaktaryn ielenushisinen satyp alu zholymen Zheke zhәne zandy tulgalardan syj nemese mura retinde kabyldangan zattar esebinen Sot arkyly nemese ozgede osyndaj kuzyreti bar memlekettik organdardyn sheshimi arkyly tәrkilengen murazhajlyk manyzy bar zhinaktardyn nemese zhekelegen zattardyn esebinen nәtizhesinde nemese ozge de zhagdajlarda tabylgan tarihi korkemdik kundylykty kurajtyn zattardyn zhәne kombelerdin esebinen tolyktyrylyp otyrady Ortalyk sonymen katar okushylarga tәrbie berude de manyzdy rol atkarady Respublikanyn barlyk aumagynda Tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalykpen tanystyru maksatynda ujymdastyrylgan okushylar ekskursiyasy kurylyp Tүrkistan kalasyna agyluda Ortalykta Tүrkistannyn tol tarihyna arnalgan muzejlik ekspoziciya zhasaktalgan Ortalykka karasty Tүrkistan kalasynda N Ondasynov atyndagy tarihi memorialdyk murazhajy atty filial zhumys zhasajdy Tәrbie beru zhumysy tәzhiribesinde mektep mugalimderinin murazhajlarmen bajlanystarynyn murazhajda zhүrgiziletin oku saparyn birge dajyndau ujymdastyru murazhaj sabagyn dajyndauda mugalim men murazhaj kyzmetkerinin bajlanysy murazhaj muragattaryn korneki kural retinde pajdalanu tәrbielik mәni bar is sharalardy birge ujymdastyru mugalimder үshin murazhajda dәrister seminarlar konferenciyalar otkizu mektepke murazhaj ujymdastyruga komegi syndy әr tүrli formalary kalyptaskan Murazhaj gimaratyOrtalyktyn muzejlik ekspoziciyasy 3800 sharshy metrdi kamtidy Ғimarat 3 kabattan 5 korme zalynan konferenciya zalynan kolonershilerdin sheberhanasy zhәne tarihshylardyn zertteu zhumystaryna arnalgan bolmelerden turady Ortalyktyn birinshi kabatynda Erte dәuirdegi Tүrkistan tarihy orta gasyrlardagy Tүrkistan tarihy Shyngyshan men Әmir Temir dәuirindegi Tүrkistan tarihy zhәne Ontүstik Қazakstan zherine Islam dininin taralu tarihyn korsetetin koptegen ekspoziciyalar kojylgan Ekinshi kabatta Қazak handygy zhәne Tүrkistan Қazak handygynyn Ak Ordasy atty ekspoziciyalyk zal ornalaskan Үshinshi kabatta Tәuelsiz Қazakstandagy zhana Tүrkistan atty ekspoziciyalar kojylgan Munda Қazakstan tәuelsizdik algannan kejingi Tүrkistan kalasynda salyngan gimarattar men bolashakta salynatyn zhana Tүrkistannyn maketteri kojylgan BolimderiAziada ojynshygy Bizdin dәuirimizden 1 million zhyl buryn omir sүrgen tik zhүretin adamnan bastap oz zamandastaryna dejingi kezenderdi kamtityn gasyrlar kojnauynan zhumbak syr shertetin ortalyktyn ekspoziciyasy negizgi segiz iri bolimnen turady olar Erte dәuirdegi Tүrkistan tarihy Orta gasyrlyk Tүrkistan tarihy Shyngys han men Әmir Temir dәuirindegi Tүrkistan tarihy Ontүstik Қazakstan zherine Islam dininin taralu tarihy Қozha Ahmet Yasaui ilimi men murasy Қazak handygy tarihy zhәne Tүrkistan kazak handygynyn Akordasy 19 20 gasyrlardagy Tүrkistan tarihy Tәuelsiz Қazakstandagy zhana Tүrkistan Atalgan takyryptar bojynsha dajyndalgan ekspoziciya ortalyktyn үsh kabatyna tolygymen ornalaskan Tomengi kabatta kyzmetkerler үshin bolmeler karastyrylgan Ortalyktyn ekspoziciyasy 1770 kundy zhәdigerlermen kamtylgan onyn ishinde negizgisi 1313 kosalky 457 Sondaj ak ortalykta ezhelgi zamannan bastap kazirgi zamangy bujymdar men kundy materialdar kojylgan Mәselen tigin mashinasy үtik kiiz үj eski kompyuter kүmis bilezik sakina zenbirek sadak muzykalyk aspaptar karu zharaktar kysh ydystar Tajkazan maketi 2011 zhylgy kysky Aziya ojyndarynyn kuyrshagy Altyn adamnyn mүsini Қozha Ahmet Yasaui kesenesinin maketi bolashaktagy Tүrkistannyn korinisi t b Ortalyktagy koloner bujymdaryҚysh ydystarTajkazan maketi Ortalyktyn ekinshi kabatynyn on kanatyndagy ekspoziciyasynan Tүrkistan kalasynyn 19 20 gg tarihyn koruge bolady Sonyn ishinde muzejge kelushilerdi osy ajmaktyn koloner sheberlerinin zhasagan zergerlik bujymdary ote katty kyzyktyrady Bul ekspoziciyadan kazak sheberlerinin zergerlik bujymdardy zhasauda san aluan tehnikalyk tәsilderdi zhetik mengergenin angaruga bolady Өmir saltynyn koshpeli boluyna karamastan olardyn zergerlik kәsipte biik tehnikalyk zhәne estetikalyk dengejge koterilui koptegen turisterdi tan tamasha kaldyrady Onyn үstine Қazakstan zherinde mys zhez temir zhәne kүmis pen altyn siyakty metaldardyn baj kory bolgandyktan olardy ondeu arkyly әsemdik bujymdar zhasau isi ote kone zamandardan bastau alady Қazak zergerleri negizinen tүsti metaldardan san aluan әsemdik bujymdar zhasagan Әsirese kүmisten sogylgan syrgalar sholpy alka zhүzik bilezikter kapsyrmalar men sekildi koptegen sәndik әshekejler erteden ak ken taragan bujymdar kataryna zhatady Zergerlik onerdin gasyrlar bojy үzdiksiz damuynyn nәtizhesinde 19 gasyrdyn basynda kazak halkynyn dәstүrli koloneri ajtarlyktaj zhogary dengejge koterildi Muzej ekspoziciyasyna shygarylgan zergerlik bujymdar osy 19 20 gasyrlarga tәn Olar muzejdi ashu kezindegi ujymdastyru zhumysy barysynda ontүstik onirdin turgyndary arasynan zhinaktalgan Murazhajdyn negizgi zhәdigeri retinde Han men Hanshanyn Otau zhүzikterin atauga bolady Kүmis zhүzik pen sakina kiiz үj formasynda zhasalgan Birneshe kanyk tүsti emalmen boyalgan әsem zhүzikterge asyl tastardan erekshe nәzik etilip kozder ornatylgan Sonymen katar Batys Қazakstan onirine tәn kazaktyn kishi zhүzinen shykkan kyzdaryna arnajy zhasalatyn ortasyna tanbalar salyngan erekshe zerlenip zhasalgan kүmis zhүzikter de murazhajdyn maktanuga turatyn zhәdigeri bolyp tabylady Sondaj ak Қazakstannyn ontүstik onirine tәn Қus tumsyk zhүzikterinin syrgalarynyn alkalar men onir әshekejlerinin de san aluan tүrleri muzej ekspoziciyasyn tүrlendirip tur Muzej eksponattaryKiiz үjAlash Orda үkimeti Ortalyktyn kire berisinde kazak halkynyn ezhelden kele zhatkan murasy Kiiz үj ornatylgan Ol Kiiz tuyrlykty agash uykty kazakpyz dep ataly soz ajtyp kaldyrgan kazak ata babalarynyn negizgi baspanasy mәdenieti maktanyshy tabysy әri tarihi eskertkishi Kiiz үjde kazak ata babasynyn tүsinigi men tүjsigi ugymy tanymy talgamy oner tәzhiribesinin tutas үlgisi korinisi zhatkandyktan ol ulttyn bas murasy retinde ortalyktyn birinshi kabatyna ornalastyrylgan Bir gana kiiz үjden sәulet kurylys suret koloner mәdeniet siyakty birneshe onerdin basyn kurajtyn gazhajyp tuyndyny koruge bolady Kiiz үj kurylysy ataularynan kazak tilinin baj kazynasyn tanyp biluge bolady Orda saltanatty zhogary mәrtebeli adamdar bas kosatyn eldik mәsele sheshetin nemese asa kurmetti han bi sultandar otyratyn үj Sondaj ak bul ortalykta Alash үkimetine katysty da ekspoziciya dajyndalgan Alash үkimetin kurushylardyn portretteri men derekter keltirilgen Han sajlauy Han sajlauy Ortalyktyn basty eksponattarynyn birinde kazak halkynyn han sajlau rәsimi korsetilgen Ol kone mongoldyk dәstүrden asa kop ozgermegen kүjinde HIH gasyrga dejin saktalgan A I Levshinnin sipattauy bojynsha Han sajlanatyn oryn men uakyt belgilenetin onda halyktyn koptep zhinaluy zhәne әr ru tajpa basshylarynyn katysuymen kishi girim mәzhilis otkiziletin Tak murageri anyktalgan son әjgili biler men sultandar ony ak kiizge otyrgyzyp Han Han Han dep үsh ret koteretin Han koterilgen ak kiiz sajlauga katyskandarga han talapaj dep atalatyn teberik retinde taratylatyn 1771 zhyly үsh zhүzdin barlyk atakty kisileri Үsh alash kazak zhurty handary kalalar men dalalyk ajmaktar zhәne Tүrkistan zhurtynyn atakty kisileri meni barlyk handardyn agasy kylyp koyuga kelisti Bizdin dәstүrimiz zhәne aldyngy handar salgan zholmen bizdin әulie Әziret Қozha Ahmet Jasaui dүnie salgan Tүrkistan kalasynda onyn bejiti basynda Fatiha okylyp men han etip sajlandym kuzhat Han tagy Han tagy Han tagy kazak handary otyratyn oryn Ortalyktagy eksponattardyn biri Batyr tusa el yrysy takyryby ayasynda әzirlengen ortalyktagy eksponattar arkyly kazak zhauyngerligi turaly akparat aluga bolady Қazak etnosynyn dәstүrli mәdenietinin bir boligi bolatyn dәstүrli zhauyngerlik karu zharagynyn damu tarihy birneshe mynzhyldykty kamtidy Қazaktyn dәstүrli zhauyngerlik karu zharagy kazak halkyn kuragan ru tajpalardyn әrkajsysyna tәn karu zharak үlgilerinin negizinde damyp damu barysynda ozi mәdeni sayasi әskeri katynastarda bolgan halyktardyn әskeri onirinin ykpalynda bolyp Қazak handygynyn kuryluymen toltuma bitimge ie boldy Koshpeli halyktarga tәn zhauyngerlik karular men korganys zharaktarynyn kopshiligi kazaktarda HVII HVIII gasyrlarga dejin al zhekelegen tүrleri HIH gasyrlarga dejin koldanylyp keldi Osy eksponatta kazak eline tәn karu zharaktar kojylgan El ishi oner kenishi degen takyrypta biriktirilgen ortalyk eksponattary kazak halkynyn onerinen syr shertedi Қazaktyn asa baj tarihi mәdeni murasy ulttyk aspaptary ulttyk oyu ornekteri ismerligi koltumasynyn kajtalanbas sipaty kiim keshegi ulttyk maktanysh sezimin tudyrady Halyk sheberlerinin kolynan shykkan bujymdardyn oyu ornekpen bezendirilmegeni ote az Oyu ornekter ezhelgi zamandarda kalyptasyp halkymyzdyn tarihymen turmystagy әdet guryp salt dәstүrine saj damyp tүrlenip zhetildirilip otyrgan Kone Tүrkistan Kone Tүrkistan atty eksponattar zhinagy ezhelgi Tүrkistan shaһarynyn barlyk bet bejnesinen tarihynan maglumat beredi Tүrkistan tonireginde el auzynda zhүrgen mәndi anyz әfsana men әngime kop konenin kozi asyldyn synygy kundy zhәdigerlikter mol Biz osynyn bәrin erekshelep kazhetimizge zharatuymyz kerek Nursultan Әbishuly Nazarbaev Қozha Ahmet Jasaui ilimi men muras y boliminde Yasaui salgan sopylyk zhol zhajynda maglumattar suretter tagy baska dүnieler kamtylgan H HII gasyrda Tүrkistanda zhana ulttyk mirasty zhangyrtkan islami zhol dүniege keldi Ol Ahmet Yasauidin tүrkilik sopylyk ilimi Yasaui dәstүri Yasaui tarihaty edi Қ A Yasaui oz tuyndylaryn kypshak ogyz ulystarynyn ana tilinde kone tүrik tilinde zhazgan Yasaui ilimi sopylyk әdebiettin negizin kalap kana kojmaj tүrki halyktarynyn memleket ult bolyp kalyptasuyna әser etti Өzge eksponattar Қazaktyn beskaruy Қaru zharaktar Қazak batyrlary El ishi oner kenishi Ұlttyk aspaptar Қ A Yasaui zalyndagy үjrenushiler suretiErekshe mәdeni kundy zhәdigerlerAtauy SipattamasyMys үkkish IV XV gasyrlardagy keli kelsap tәrizdes zhasalgan kishi үlgisi Үkkishtin ydysy erneui syrtka karaj iilgen astyngy tүbi zhinishkerip tabany tegis zhalpak syrtky kabyrgasynan 1 sm dejin shygynky etip kalyn kujylyp zhasalgan Mys үkkishtin saby zhumyr uzynsha kelgen eki basy zhәne orta boligi zhangak kolemindej dongelektenip ustauga zhәne үguge lajyktanyp zhasalgan Mys kazan IV VI gasyrlarda turmysta koldanylgan bujym Ol katty kүjdirilgen syrty karajgan kalyndygy zhukargan Pishini shungyl auyzgy erneui syrtka karaj bir elidej iile kajrylgan eki tutkasy bar Tutkasy karapajym kazan kulagyndaj emes әshekejlenip ornektele zhasalgan Aspaly mys shyragdan HIV HV gasyrlar Aspaly mys shyragdan 19h13sm uzyn zhinishke bau shynzhyrmen 0 5h124 sm ydyska bekitilgen kazan tәrizdi beti osimdik bejneli ornektermen ornektelgen mystan zhasalgan Shyragdanyn syrtyna tүsken oyu ornegi kedir bүdirli etip zhasalgan Bezben tarazy HII gasyr Beldemshesi agashtan istelgen tarazy agashy syngan Tarazynyn tajpak kelgen kishi kolemde tostagandary bar Bul tarazynyn ote kishi kolemde gir tastary bar Gir tastary alty kyrly beti men astynda syzyktary bar Bul tarazymen bagaly metaldar men dәri dәrmek kospalaryn olshegen boluy kerek Gir tastarynyn zhalpy salmagy 100 gramm molsherinde Kishi kuman samauryn Pishini samauryn tәrizdes etip zhasalgan kuman al shүmegi baska samauryndar siyakty emes uzynsha kelgen kumanyn shүmegi tәrizdes Samaurynyn bүjiri 27 5 sm al uzyndygy 28 sm tabany zhalpaksha kelgen syrtyna karaj shiirilip kajryla zhasalgan tabanynda tesikteri bar ot zhakkanda aua kirip turu үshin tesilgen tәrizdi Қolga ustar tutkasy kumannyn tutkasy tәrizdes Kishi kuman samauryn mystan kujylyp zhasalgan ishine 2 litr su ketedi Mys kuman XVIII XIX gasyrlarda zhuynuga arnalgan ydys Қuman ornektelip bүjiri on bes kyrly etip zhasalgan Bүjirinin kejbir kyrlary majyskan Mojny domalak shenber tәrizdes syrtka karaj shygynky etip zhasalgan Қumannyn kakpagy kүmbez tәrizdi Tabany zhalpak syrtka kajyrylyp zhapsyrylyp zhasalgan Қumannyn bүjiri 24 5 sm uzyndygy 38 5 sm Zhez kuman HVIII XIX gasyrlarda koldanylgan bujym Syrty tegis mojnynda syrtka shygynky etip zhasalgan domalak shenberi bar Қumannyn kakpagy domalak kүmbezge uksas etilip zhasalgan Қumannyn su kuyar auzynda arabshalap zhazylgan zhazuy bar Tabany zhalpak syrtka kajyrylyp zhasalgan Bүjiri 18 sm uzyndygy 29 sm Kishi zhez kuman Kishi zhez kumannyn bүjiri 16 sm uzyndygy 25 sm Қuman XIV XV gasyrlar әsemdelip ornektelip zhasalgan Syrtynda shygys үlgisinde bejnelengen ornekteri bar Қumannyn su kuyar auzynda kishi kolemde shygys arkasy tәrizdes etip salgan bejnesi bejnelengen bүjiri on үsh kyrly etip zhasalgan kyrlarynyn tobe zhagy shygys arkasy etip zhasalgan Tutkasy kumanga bekitilip ornektelip zhasalgan Tabany kedir bүdirli etip ornektelip zhalpaksha kelgen Mys tostagan XIV gasyrda koldanylgan bujym Ol shungyl etip kyrlanyp zhasalgan Ishki zhak zhieginde shenber etip syzylgan eki syzygy bar sol shenberdin ishinde zhaksha tәrizdes bejne bejnelengen Al syrtynda shygys үlgisinde bejnelengen ornekteri bar Қ A Yasauidin mori HII gasyrga tәn bujym Mordin kolga ustar saby agashtan zhasalgan Al siyaga batyryp mor basatyn zheri zhumsak rezinkeden zhasalgan sol mor basatyn rezinkege arabsha zhazular ojylyp zhazylgan Bүjiri 18 sm al uzyndygy 10 sm agash sabyna rezinke myktap bekitilgen Қymyzga arnalgan ulttyk ydys ayak toptamasy Bul HVIII HIH gasyrlar үlgisimen zhasalgan kymyzga kuyuga arnalgan agashtan zhasalgan toptama Agashtan shungyl etip ojylyp syrty oyulanyp ornektelip zhasalgan Zhiegi temir kapsyrmamen kapsyrylyp oyulanyp zhasalgan Syrtky bүjirinin zhieginde temir kapsyrmalarga kok tүsti tastar zhapsyrylyp bezendirilgen Bilezik HIH gasyr HIH gasyrda zhasalgan bilezik 6 2h1 8 sm Zhajpak etip sogylyp eki ushy sүjirlenip bitken Betinde geometriyalyk ornekteri bar Bilezik HIH gasyr Bileziktin 6 5h 2 8 sm zhana ortasy zhajpak bolyp kelip eki ushy sүjirlenip bitken Ortalyk boliginde shanyrak tәrizdi dongelek metaldan zhasalgan ornek tүsip onyn ortasyna kok tүsti tastan koz otyrgyzylgan eki zhanyna karaj osy metaldan oyu zhasalyp zhabystyrylgan Bilezik HIH XX gasyrlar Bilezik 6h 2 3 sm zhana sary tүsti metaldan zhasalgan zhajpak etip sogylyp betine ak tүsti melhiordan zhasalgan ornek zhabystyrylgan Ortasyna dongelek formaly biryuza tastan koz otyrgyzylgan Bilezik XX gasyr Bilezik 6h2 5sm zhana zhajpak ortasyna kүmis symdardan ornek zhapsyrylyp onyn betine үsh koz otyrgyzylgan ortasyna үlken zhasyl tүsti eki zhanyna kishkene biryuza tastan kozderi bar Bilezik XX gasyr Bilezik 6 3h3 sm zhana ojmyshtalyp ornektelgen zhiekteri zhinishke kүmispen zhiektelip komkerilgen ortasyna siya kok tүsti sopaksha kelgen tastan koz otyrgyzylgan Bilezik syrga toptamasymen HIH XX gasyrlarda zhasalyngan uzyndygy 17 sm syrga 7 sm Bilezik syrga toptamasy әshekej Zhүzikteri de bar Әshekejler tolygymen biryuza tastarymen әshekejlengen Bes bileziktin үsh dana zhүzigi bileziktermen shynzhyr arkyly biriktirilgen Syrganyn tomengi zhagynda үsh zhapyraksha salpynshak bar Mys tostagan XIV gasyr Mys tostagan shungyl etip tik kyrlanyp zhasalgan Erneuinin d 23sm biiktigi 11sm tabanynyn d 10 5 sm Ishki zhak zhieginde shenber etip syzylgan eki syzygy bar sol shenberdin ishinde zhaksha tәrizdes bejne bejnelengen Al syrtynda shygys үlgisinde bejnelengen ornekteri bar Mys kuman HVIII XIX gasyrlar Kishi mys kumannyn bүjiri 45 sm al uzyndygy 28 sm Қuman әsemdelip ornektelip zhasalgan Қumannyn syrty shygys үlgisinde zhasalgan Қumannyn su kuyar auzynda kishi kolemde shygys arkasy tәrizdes etip salgan bejnesi bejnelengen bүjiri dongelek etip zhasalgan tutkasy kumanga bekitilip iilip ornektelip zhasalgan Tabany zhalpak tegis etip әsemdelip zhasalgan Қumannyn kakpagy tutkasyna bekitilgen formasy konyrau tәrizdi etip zhasalgan Қumannyn mojyny zhinishke uzynsha etip zhasalgan Mys kәrlen XVIII XIX gasyrlar Mys kәrlen tazik shygys үlgisinde dәret aluga zhuynuga arnalyp zhasalgan Bүjiri 65 sm biiktigi 10sm erneuinin diametri 38sm tabanynyn diametri 16sm Tabany tegis kishi tostagansha etip zhasalgan erneui syrtka karaj zhalpak etip kajyryla zhasalgan Erneuinin zhalpaktygynyn uzyndygy 10 sm Erneui men tabany үjlestirip әsemdelip zhasalgan Қysh kuman XIII XIV gasyrlar Kishi kysh kuman bүjiri 65sm uzyndygy 21sm Bүjiri shygynky formasy tabanyna karaj kolemi kishirejgen tabanynyn d 10sm Bүjirine tutkasy aralygynda kyzyl angobpen dongelene taraksha etip ornek tүsken Tutkasy men bүjirinin orta boligine dejin үsh syzykpen zholaksha tүsken KSRO akshasy 11h17 5 25 zhiyrma bes rublej 1909 zhyly shygarylgan үlken kolemdi kagaz aksha Akshanyn on zhak beti ashyk kyzgylt zhәne ashyk zhasyl tүspen boyalgan Akshanyn on zhartysyna patshanyn sureti tүsken zhәne suretinin ajnalasy osimdik sabaktary zhәne tәzh bejnelegen Akshanyn ortangy boliginde bүrkittin basy ekige bolingen bejnesi bar On zhak buryshyna 25 rublej dep zhazylgan Akshanyn sol zhak beti ashyk kyzgylt tүspen boyalgan Akshanyn sol zhak buryshyna osimdik sabaktarymen ogizdin basynyn bejnesi tүsken ogiz tumsygyna dongelek sym ilingen onyn ortasyna 25 dep zhazylgan Sholpy HVIII HIH gasyrlar Ұzyndygy 47 sm kүmis metaldan zhasalyngan Sholpy shynzhyry kone kүmbez tәrizdi boligi men shashaktary zhuka metal plastinadan sogylyp olar segiz dana zhәne salpynshaktary da segiz danadan kurastyrylgan Beldik HIH XX gasyrlar Ұzyndygy 96 sm eni 5 5sm Beldik zhana үlgi Teri betine bastyrylyp relefti ornek salynyp alty zherinen tort buryshty metal plastina zhabyskan aralary үsh katar danalyk kүmistermen bolingen topsa betinde konyr tүsti plastina beti zhasyl tүsti kozderi bar Alka syrgasymen HIH gasyr Alka segiz plastinadan kurastyrylyp shynzhyrmen ushtalyp bitken Plastinalar beti kүmis symdarmen ojmyshtalyp ornektelip zhabystyrylgan ortasynda 5 plastinanyn konyr kyzyl tүsti tastan kozderi bar Tomengi үsh plastinkanyn astyna shanyraksha formaly salpynshak ilingen Syrga tamshy formasy bolyp kelip tomengi zhagyna үsh zhapyraksha ispetti salpynshak ilingen beti symmen ornektelip ortasyna dongelek formaly konyr kyzyl tastan koz otyrgyzylganӨnirzhiek HIH XX gasyrlar Ұzyndygy 44sm Өnirzhiek үsh bolikten turady boj tumar tәrizdi etip zhasalgan orta boligine tumarsha tәrizdi etip koskan bolshegi bar Betinde konyr kyzyl tүsti tastan kozder 5 dana ornalaskan Olardyn formalary әr tүrli Өnirzhiektin betine kүmis symdardan oyu ornekter salyngan Sholpy HIH gasyr Ұzyndygy 22 sm Sholpy shynzhyry kone kүmbez tәrizdi boligi men shashaktary zhuka metal plastinadan sogylyp olar segiz dana zhәne shalpynshaktaryda segiz danadan kurastyrylgan Syrga XX gasyr Ұzyndygy 12 5 sm Syrga zhana үlgimen zhasalgan zhuka metal plastinadan ojmyshtalyp zhәne betine zhabystyrylyp әshekejlengen ortasynda kara tүsti kozi bar Syrganyn astynda salpynshagy zhapyrak tәrizdes etip bekitilgen Zhүzik HIH gasyr Қus tumsyk zhүzik HIH gasyr sony betine bidaj masagy tәrizdi ornek tүsken tumsyk ushy zerlenip bitken Zhүzik HIH gasyr Zhүzik kүmis kozi kyzyl tүsti kozinin betine kүmis zerlenip әshekejlengen zhәne zhiekteri de zhumyrlanyp dongelengen әshekejler zhabystyrylgan sabagy zhalpak betine ornekter tүsirilgen Zhүzik HVIII HIH gasyrlar Zhүzik Han men Hanshanyn otau zhүzigi kalyn etip kujylyp sүjirlene үshkir etip zhasalgan sүjir ushynda dongelek koz otyrgyzylgan Zhiekteri kedir budyrly etip әshekejlengen zhәne zhieginde 4 ashyk kyzyl tүsti kozderi bar Zhүziktin zhiegi zhasyl ashyk kyzyl tүspen boyalyp әshekejlengen Hanshanyn zhүzigi de dәl osy tәrizdi әshekejlengen Zhүzik HVIII gasyr Zhүzik kalyndau etip zhasalgan kүmis zhүzik kyzylmen boyalgan shyny kozinin betine kүmis zerlenip әshekejlengen sopaksha kelegen zhүziktin betimen zhiegi de bezendirilgen Asty tegis al sausak kirer saby sary metalmen bekitilgen Zhүzik XX gasyr Zhүzik kүmis betine kyzyl tas otyrgyzylgan tastyn betine kүmis symdarmen segiz degen sanga uksas etip bejne әshekejlenip tүsirilgen Shekelik HIH gasyr Shekelik kүmis kozderi bar sholpy bolshekteri әr kezende sogylgan kүmbez tәrizdi salpynshaktary bar boligimen shynzhyry kone HIH gasyrga tәn ortasyna tort buryshty konyr kyzyl tүsti tastan kozderi bar boligi zhana үlgi bes dana kozder Tagy karanyzҚozha Ahmet Yasaui kesenesiDerekkozderTүrkistanda tarihi mәdeni etnografiyalyk ortalyk ashyldy kaz Habar arnasy khabar kz 22 zheltoksan 2010 Tekserildi 28 karasha 2011 Toregali TӘShENOV Tүrkistan tarihyn tүletken etnoortalyk kaz Ajkyn gazeti aikyn kz 13 mamyr 2011 Tekserildi 28 karasha 2011 Ұstaz gazeti 18 19 2011 31 mamyr Tүrkistan gazeti 46 2011 3 kyrkүjek Mektep zhurnaly Murazhaj halyktyn ruhani kazynasynyn kajnar kozi 15 bet 2011 mausym 06 94 Tirkeu kuәligi 4077 Zh Bul makala kazaksha Uikipediyanyn tandauly makalalar tizimine enedi