Тезек Төре, Тезек Нұралин (1820 – 1879, бұрынғы Жетісу облысы Қапал уезі Алтынемел өңірі) – аға сұлтан.
Өмірбаяны
Абылай ханның шөбересі. Ата тегі Абылай – Әділ – Нұралы – Тезек төре.
Жастық шағы Ресейдің, Қытайдың және Қоқан хандығының Жетісу жері үшін өзара тайталасқан уақытына сәйкес келді. 19 ғасырдың 40-жылдары Ұлы жүздің албан тайпасына билік жүргізген Хәкімбек сұлтан қайтыс болғаннан кейін билік тізгіні Тезек төреге тиді. Тезек төренің қол астындағы албандар Үйгентас пен Құлжаға дейінгі алқапты қыстайтын болғандықтан, қытайлықтарға салық төлеп тұрды. Қытай өкіметі Тезек төреге 3-дәрежелі тәйжі лауазымын берді. 1847 жылы Тезек төре Ресейдің бодандығын қабылдады. Патша өкіметі оған 1849 жылы алтын жіппен безендірілген шекпен, 1850 жылы “ынталылығы үшін” деген жазуы бар алтын медаль берді. Батыс Сібір генерал-губернаторының ұйғарымымен албандардың аға сұлтаны болып тағайындалды. 1856 жылы Алатау округінің приставы М.Д. Премышльский Тянь-Шаньға сапарға шыққан П.П. Семеновқа көмек көрсетуді Тезек төреге тапсырды. Ол П. П. Семеновтың Тянь-Шаньды тыңғылықты зерттеуіне игі ықпалын тигізді. Шоқан Уәлихановпен тығыз қарым-қатынаста болды. Кейіннен Уәлиханов өмірінің соңғы жылдарын Тезек төренің ауылында өткізді және оның қарындасы Айсараға үйленді. 1858 жылы патша өкіметі Тезек төреге поручик шенін, күміс семсер, қару асынатын алтын белбеу, 1859 жылы капитан шенін берді. 1860 жылы Тезек төре Ұлы жүздегі дулат тайпасының аға сұлтаны Әли Әділовтың ұйымдастыруымен Қарғалы өзен бойында өткен жиынға қатысты. Онда патшалық Ресейдің үстемдігінен құтылу үшін Қоқан хандығына қолдау көрсету, оның көмегіне арқа сүйеу жөнінде шешім қабылдады. Тезек төре мұндай шешімге ниеттес екендігін танытты. Бірақ ол қоқандықтар жағына өте қоймай, Ұзынағаш шайқасы қарсаңында патша өкіметін қолдады. Сондай-ақ ол орыс әскеріне өзінің жасағымен келіп қосылуды қаламай, шайқасқа әдейі кешігіп келді. Бұдан кейін Тезек төре орыс әскерлерінің Пішпек пен Тоқмақты жаулап алуына ат салысты. 1861 жылы подполковник, 1863 жылы полковник шені, 1865 жылы 2-дәрежелі “Святой Станислав” ордені беріледі. Ресей өкіметінің тапсырмасымен 1866 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеге қазақтар тұтынатын көптеген бұйымдар жіберді. Ол қырғыздардың сарбағыш пен бұғы рулары арасында 1854 жылы басталып, ұзаққа созылған қантөгісті бейбіт жолмен шешуге араласты. Патша өкіметінің үстемдігіне қарсылық та танытты. Өз ауылымен Қытайға көшуге әрекеттенгені үшін 1868 жылы билік орындары тарапынан айыпталып, 6 ай абақтыға отырғызылды. Патша өкіметі оның соңынан қатаң бақылау қойды және оның ел ішіндегі беделін түсіру жолында әрекеттенді.
Тезек төре қайтыс болғанда оның отбасында 700 жылқы, 110 түйе, 90 сиыр, 190 күміс жамбы, 2500 алтын ақша, 50 кілем қалғандығы жайлы мұрағат мәліметі бар. Тезек төре өз заманында айтыскер ақын, белгілі күйші ретінде де танылған. Ол Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, т.б. ақындармен айтысқан.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tezek Tore Tezek Nuralin 1820 1879 buryngy Zhetisu oblysy Қapal uezi Altynemel oniri aga sultan ӨmirbayanyAbylaj hannyn shoberesi Ata tegi Abylaj Әdil Nuraly Tezek tore Zhastyk shagy Resejdin Қytajdyn zhәne Қokan handygynyn Zhetisu zheri үshin ozara tajtalaskan uakytyna sәjkes keldi 19 gasyrdyn 40 zhyldary Ұly zhүzdin alban tajpasyna bilik zhүrgizgen Hәkimbek sultan kajtys bolgannan kejin bilik tizgini Tezek torege tidi Tezek torenin kol astyndagy albandar Үjgentas pen Қulzhaga dejingi alkapty kystajtyn bolgandyktan kytajlyktarga salyk tolep turdy Қytaj okimeti Tezek torege 3 dәrezheli tәjzhi lauazymyn berdi 1847 zhyly Tezek tore Resejdin bodandygyn kabyldady Patsha okimeti ogan 1849 zhyly altyn zhippen bezendirilgen shekpen 1850 zhyly yntalylygy үshin degen zhazuy bar altyn medal berdi Batys Sibir general gubernatorynyn ujgarymymen albandardyn aga sultany bolyp tagajyndaldy 1856 zhyly Alatau okruginin pristavy M D Premyshlskij Tyan Shanga saparga shykkan P P Semenovka komek korsetudi Tezek torege tapsyrdy Ol P P Semenovtyn Tyan Shandy tyngylykty zertteuine igi ykpalyn tigizdi Shokan Uәlihanovpen tygyz karym katynasta boldy Kejinnen Uәlihanov omirinin songy zhyldaryn Tezek torenin auylynda otkizdi zhәne onyn karyndasy Ajsaraga үjlendi 1858 zhyly patsha okimeti Tezek torege poruchik shenin kүmis semser karu asynatyn altyn belbeu 1859 zhyly kapitan shenin berdi 1860 zhyly Tezek tore Ұly zhүzdegi dulat tajpasynyn aga sultany Әli Әdilovtyn ujymdastyruymen Қargaly ozen bojynda otken zhiynga katysty Onda patshalyk Resejdin үstemdiginen kutylu үshin Қokan handygyna koldau korsetu onyn komegine arka sүjeu zhoninde sheshim kabyldady Tezek tore mundaj sheshimge niettes ekendigin tanytty Birak ol kokandyktar zhagyna ote kojmaj Ұzynagash shajkasy karsanynda patsha okimetin koldady Sondaj ak ol orys әskerine ozinin zhasagymen kelip kosyludy kalamaj shajkaska әdeji keshigip keldi Budan kejin Tezek tore orys әskerlerinin Pishpek pen Tokmakty zhaulap aluyna at salysty 1861 zhyly podpolkovnik 1863 zhyly polkovnik sheni 1865 zhyly 2 dәrezheli Svyatoj Stanislav ordeni beriledi Resej okimetinin tapsyrmasymen 1866 zhyly Parizhde otken dүniezhүzilik kormege kazaktar tutynatyn koptegen bujymdar zhiberdi Ol kyrgyzdardyn sarbagysh pen bugy rulary arasynda 1854 zhyly bastalyp uzakka sozylgan kantogisti bejbit zholmen sheshuge aralasty Patsha okimetinin үstemdigine karsylyk ta tanytty Өz auylymen Қytajga koshuge әrekettengeni үshin 1868 zhyly bilik oryndary tarapynan ajyptalyp 6 aj abaktyga otyrgyzyldy Patsha okimeti onyn sonynan katan bakylau kojdy zhәne onyn el ishindegi bedelin tүsiru zholynda әrekettendi Tezek tore kajtys bolganda onyn otbasynda 700 zhylky 110 tүje 90 siyr 190 kүmis zhamby 2500 altyn aksha 50 kilem kalgandygy zhajly muragat mәlimeti bar Tezek tore oz zamanynda ajtysker akyn belgili kүjshi retinde de tanylgan Ol Sүjinbaj Baktybaj Tүbek t b akyndarmen ajtyskan Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz