Су қоры
Жер бетінің 77.5 процентін (мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр.
Теңіз суында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп.
Теңіз суында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді, йодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пайдаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. АҚШ пен Ұлыбритания жыл сайын 600 млн. тонна құм, қиыршық және ұлутастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті.
Мұхиттар мен теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43 процентін, оттектің 50-70 процентін береді.
1900 жылы дүние жүзінде 7 млн. тонна балық ұсталса, 1980 жылы 64.6 млн. тоннаға жетті. Балықты енді теңіз жағалауында ғана емес, ашық теңізге шығып, жағадан алыс кетіп, ұзақ уақыт жүріп аулайтын болды. Теңіз суларынан криль аулау, тағы басқа ұстау да тез өсіп келеді.
Теңіз су толқындары, әсіресе көтеріліп жағадан шыққанда және кері серпіліп қайтқанда, энергия қуатын беретіні белгілі. Мысалы, Ла-Маншта болатын толқын есебінен бүкіл Еуропа елдерінің электр қуатын көп пайдаланатын кездегі қажетін өтеуге болар еді.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
- физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- өнеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру:
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Дереккөздер
- Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Su kory Zher betinin 77 5 procentin muzdardy batpaktardy kosyp eseptegende su alyp zhatyr Su korlaryna ozen kol teniz zher asty taular men polyar shenberdegi muzdar atmosferalyk auadagy ylgal kiredi Өnerkәsipte auyl sharuashylygynda turmystyk kazhetke kobine ozen kol zhәne zher asty tushy sular zhumsalady Olardyn kory bүkil gidrosferadagy sudyn tek 1 procenti gana Gidrosferadagy su korlary tomendegi molsherde bolingen Kolemi zhәne su korlarynyn molsheri zhoninde gidrosferanyn en iri boligi muhittar Muhit sularynda pajdaly kender biologiyalyk resurstar energiya kuaty himiya zhәne dәri dәrmek ondiristeri үshin kazhetti shikizattar kory ote kop Қurlykta zhyl sajyn azajyp bara zhatkan pajdaly kender ornyn muhit sularynan alyp toltyruga әbden bolady Mine sondyktan da iri memleketter muhittardy ozara bolisip menin menshigim degen belgilerin kojyp zhatyr Teniz suynda altynnyn magnittin platinanyn almazdyn tantal niobittin cirkonijdin tagy baskalarynyn kory kurlyktagy molsherge ten Onda komirdin temirdin mystyn nikeldin kalajynyn korlary da kop Teniz suynda mineraldy zattar da az emes Ondagy as tuzyn natrij sulfatyn kalij tuzyn bromdy magnijdi jodty birkatar elder kazirdin ozinde pajdalanyp zhүr Tenizde kurylys materialdary da bar AҚSh pen Ұlybritaniya zhyl sajyn 600 mln tonna kum kiyrshyk zhәne ulutastaryn alady Teniz tүbinde fosforit kyzyl saz әk korlary da zhetkilikti Muhittar men tenizder zher sharynda onetin biologiyalyk onimderdin 43 procentin ottektin 50 70 procentin beredi 1900 zhyly dүnie zhүzinde 7 mln tonna balyk ustalsa 1980 zhyly 64 6 mln tonnaga zhetti Balykty endi teniz zhagalauynda gana emes ashyk tenizge shygyp zhagadan alys ketip uzak uakyt zhүrip aulajtyn boldy Teniz sularynan kril aulau tagy baska ustau da tez osip keledi Teniz su tolkyndary әsirese koterilip zhagadan shykkanda zhәne keri serpilip kajtkanda energiya kuatyn beretini belgili Mysaly La Manshta bolatyn tolkyn esebinen bүkil Europa elderinin elektr kuatyn kop pajdalanatyn kezdegi kazhetin oteuge bolar edi Dүniezhүzilik su korlarynyn lastanuy bүkil adamzat kauymyn alandatyp otyr Sudyn lastanuy kop tүrli әri en sonynda su ekozhүjesin bүldirumen ayaktalady Su ajdyndarynyn lastanuyn bylajsha toptajdy biologiyalyk lastanu osimdik zhanuar mikroorganizmder zhәne ash bejimdi zattar himiyalyk lastanu uytty zhәne su ortasynyn tabigi kuramyn bүldiretinder fizikalyk lastanu zhylu kyzu elektr magnitti oris radioaktivti zattar Sudyn sapasy lastanu dengeji үnemi bakylauga alynyp otyrady Sudyn kuramyndagy himiyalyk kospalar tuzdyk kuramy erigen bolshekter temperatura әr tүrli boluy mүmkin Dүniezhүzilik densaulyk saktau ujymy auyz sudyn 100 den astam sapalyk korsetkishin usyngan Su bassejninin lastanuynyn negizgi sebepteri tazartylmagan agyn sulardy ozen kolderge zhiberu Bugan zhol beretinderi turgyn үj kommunaldyk sharuashylyktar onerkәsip oryndary auyl sharuashylygyn himiyalandyru halyk sharuashylygynyn baska da salalary Agyn sularga kujylatyn las sular da birneshe topka bolinedi Olardy kospalar erimejtin kolloidty eritinder las sular mineraldyk organikalyk bakterialdyk biologiyalyk dep zhiktejdi DerekkozderҚazakstannn fizikalyk geografiyasy Almaty Atamura 2008 ISBN 9965 34 809 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geografiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet