Саясаттану (грек, politike — мемлекетті басқару өнері, logos — сөз, түсінік, ілім) — саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX ғасырдың 50 жылдары саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 жылы ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
- саяси теория;
- саяси институттар;
- саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
- халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Саясаттану әдістері
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
- Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
- Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
- Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
- Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
- Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
Саясаттанудың қызметі
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы , мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б.
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл - әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.
Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.
XX ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О.Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А.Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О.Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А.Тойнби 21 кейінірек, 13 аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтері неміс ғалымы К.Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді қолдаушы зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет өз дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді.
Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы америкалық зерттеуші С.Хантингтон қолдайды. Оның пікірінше, қайшылықтар өркениеттік сипат алады. Ол ірі сегіз өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын америкалық, африкалық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді:
- саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негіздірек;
- өркениеттік өзін-өзі танудың өсуі, өркениеттер арасындағы айырмашы¬лықтар мен ортақтың тереңдеуін түсіну;
- ұлттық-мемлекеттердің бірегейлік көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің бірегейлік көзіне айналуы;
- батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және ол¬ардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;
- өркениет дау-жанжалдарының көзі - мәдени ерекшеліктер мен айырмашы¬лықтар мәселенің "Сен кімсің?" тұрғысынан қойылады.
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
- Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
- Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
- Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
- Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
- Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.
- Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
- Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
- Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.
- Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
- Ұлттық саясаттық энциклопедия Мұрағатталған 22 наурыздың 2022 жылы.
- Саясаттану Мұрағатталған 14 наурыздың 2017 жылы. ашық каталогте
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sayasattanu grek politike memleketti baskaru oneri logos soz tүsinik ilim sayasat sayasi үrdis sayasi bilik turaly gylym XX gasyrdyn 50 zhyldary sayasattanu derbes gylym salasy zhәne oku pәni retinde kalyptasty 1948 zhyly YuNESKO bastauymen Sayasi gylymnyn halykaralyk birlestigi kuryldy Sayasi gylymnyn zertteu obektileri sayasi teoriya sayasi instituttar sayasi partiyalar toptar kogamdyk pikir halykaralyk katynastar Sayasattanu eki sipatta karastyrylady gylym zhәne oku pәni retinde Sayasattanu gylym retinde kogamnyn sayasi salasyn sayasi ojdyn pajda boluy men damuyn sayasi zhүje sayasi katynastar men үrdister sayasi sana men sayasi mәdeniet halykaralyk sayasi үrdisti zerttejdi Sayasattanu pәn retinde okushylarga sayasi mәseleler bojynsha nakty bilim zhүjesin beredi nakty sayasi shyndyktyn mәni men bolashakta damuyn negizgi sayasi instituttar ujymdar kozgalystar men үrdister sayasi katynastar zhүjesindegi zheke tulganyn kukyktyk zhagdajy men onyn sayasi omirge katysu zholdaryn zhan zhakty ashyp korsetedi Sayasattanu pәn retinde postkenestik kenistikte XX g 90 zh bastap oku bagdarlamalaryna engizildi Қazakstan Respublikasynyn zhogary oku oryndarynda sayasattanu mindetti pәn retinde okytylady әlemdegi әjgili sayasattanushylardyn biriSayasattanu әdisteriSayasattanu әdisteri sayasattanu gylym retinde zhalpy gylymi әdisterdin belgili bir koryn pajdalanady Ғylymi zertteudin kandaj da bir әdisteri men kuraldarynyn basymdylygy sayasattanudyn gylym retindegi pәninin ozindik ereksheligine bajlanysty Sayasattanu әdisteri әleumettanulyk tarihi salystyrmaly taldau kurylymdyk funkcionaldyk bihevioristik zhүjelik Әleumettanulyk әdis sayasatty kogam omirinin ekonomikalyk әleumettik kurylym mәdeniet zhәne t b zhagdajyna bajlanysty anyktajdy Tarihi tәsil sayasi kubylystardy merzimi zhagynan dәjekti zamanyna karaj buryngy kazirgi zhәne bolashaktyn bajlanysyn ajkyndaj otyryp karastyrady Ol әr tүrli sayasi okigalardy procesterdi derekterdi olardyn bolgan uakyt mezgilin eske ala tanyp biludi talap etedi Salystyrmaly әdis әr tүrli elderdegi sayasi kubylystardy salystyryp olardyn zhalpy zhaktaryn zhәne zheke erekshelikterin azhyratuga mүmkindik beredi Zhүjeleu әdisi sayasi kubylystardy baska kүrdeli kurylymnyn bir boligi retinde karap ony kurajtyn elementterdin әleumettik omirdegi ornyn kyzmetin ajnaladagy ortamen baska kubylystarmen bajlanysyn zerttejdi Bihevioristik әdis zheke adamdar men toptardyn is әreketin belgili bir sayasi zhagdajlarda adamdardyn ozderin ozderi kalaj ustauyn taldauga negizdeledi Қurylymdyk funkcionaldyk әdis sayasi instituttardyn sayasi katynas tar subektilerinin kyzmetin saraptau zholymen sayasi procesterdi zertteu әdisi Funkciya arkyly kurylymdardyn әleumettik mәni kogamdyk sayasi procestegi orny men roli lajykty tүrde anyktalady Karl Marks kommunizm ideyasynyn negizin kalaushySayasattanudyn kyzmetiSayasattanudyn kyzmeti kaj gylym bolmasyn belgili bir kyzmetterdi funkciyalardy atkarady Ogan en aldymen tanymdyk kyzmeti zhatady Sayasi bilim kogamdagy okigalardy tanyp biluge olardyn sayasi mәnin tүsinuge zhәne bolashakty bolzhauga mүmkindik beredi Kelesi kyzmeti bagalau Ol sayasi kurylyska instituttarga is әreketterge zhәne okigalarga sayasi baga beredi Demokratiyalyk memleketterde sayasattanu sayasi әleumettenu mindetin atkarady Ol azamattykty halyktyn demokratiyalyk sayasi mәdeniettiligin kalyptastyrady Sayasattanu retteushilik baskaru kyzmetin atkarady Onyn ereksheligi kogamnyn sayasi omirimen tygyz bajlanysynda Sogan oraj ol adamdardyn sayasi omirinde ozin ozi ustauyna is әreketine tikelej әser etedi Sayasi damudyn үrdis bagdaryn bakylaj otyryp sayasattanu kogamdyk okigalardy tiimdi baskaru үshin naktyly maglumattar beredi Sayasattanu sayasi omirdi zhetildiru mindetin de atkarady Bul gylym sayasi instituttar men katynastarda baskaruda reformalar zhasap olardy kajta karauda teoriyalyk negiz bolady Onyn komegimen zan shygarushy zhәne atkarushy organdar kabyldajtyn kukyktyk zhargylar men sayasi baskarushylyk sheshimder aldyn ala sarapka salynyp zertteledi kogamda nemese onyn zheke ajmaktarynda kalyptasyp zhatkan naktyly zhagdajlar sayasi turgydan taldanady Solardyn negizinde ol kejbir sayasi instituttardyn zhojylyp onyn ornyna bүgingi talapka saj baskalary kelu kerektigin negizdejdi memlekettik baskarudyn kolajly үlgilerin izdestiredi әleumettik sayasi shielenisterdi auyrtpalyksyz sheshu zholdary men әdisterin korsetedi En sonynda sayasattanudyn bolzhau kyzmetin atagan zhon Sayasi zertteulerdin kundylygy sayasi procesterdin үrdisin ajnytpaj bejneleumen gana tynbajdy Ol belgili bir sayasi zhagdajlarda aldyngy katarly ozyk sayasi ozgerister zhasauga bagyttalgan gylymi negizdelgen bolzhaumen ayaktaluy tiis Sayasi gylymnyn tүpkilikti maksaty da sonda Sayasattanudyn tүsinikteri men kategoriyalarySayasattanudyn tүsinikteri men kategoriyalary baska gylym salalaryndagy siyakty sayasattanudyn da ozindik ugymdary kategoriyalary bar Ogan sayasi kubylystar men procesterdin mәnin bildiretin gylymi terminder soz tirkesteri zhatady Mysaly sayasat sayasi bilik sayasi zhүje sayasi tәrtip sayasi partiya sayasi mәdeniet sayasi әleumettenu sayasi omir sayasi katynastar kogamdyk үjymdar memleket demokratiya egemendik kukyktyk memleket azamattyk kogam ishki sayasat syrtky sayasat zhәne t b Sayasattanudagy orkeniettik tәsilSayasattanudagy orkeniettik tәsil әlemdik tarihty ozindik sipat pen zheke damu dinamikasyna tәn zhergilikti orkenietter kezenderinen turady dep eseptejtin tuzhyrymga negizdeledi Sayasattanudagy orkenietti tәsil nakty kogamnyn sayasi ujymyn zerttegende birinshi kezekte sayasi omirdegi orkeniettik ulttyk mәdeni erekshelikterin karastyrady Bul tәsildin pajda boluy orys ojshyly N Ya Danilevskij 1822 1855 enbekterimen tygyz bajlanysty Ol ozinin Resej zhәne Europa 1869 enbeginde sayasi gylymda algash ret zhergilikti mәdeni tarihi tүrleri orkenietter bar ekenin teoriyalyk turgydan dәleldedi Mәdeni tarihi tүrler bir birimen zhәne syrtky әlemmen үzdiksiz kүreste bul zhagdajda kalyptasu er zhetu kartayu zhәne kuldyrau siyakty tabigi dәuirlerdi basynan keshiredi N Ya Danilevskij zheke derbes kundylyktary bar 10 orkenietti korsetedi Әr mәdeni tarihi tүrler kogamnyn sayasi zhүjesine negiz bolatyn ozindik idealdy үlgini kalyptastyrady Mineki osylaj dүniezhүzilik tarih orkenietter men olarga sәjkes sayasi erezhelerdin kezekpen auysyp otyruynan turady XX g orkeniettik tәsil nemis filosofy O Shpengler 1880 1936 men agylshyn sayasattanushysy A Tojnbi 1889 1975 enbekterimen әri karaj damytyldy O Shpengler ozine tәn sayasi ujymdary bar 9 zhergilikti mәdenietti korsetedi Al A Tojnbi 21 kejinirek 13 ajmaktyk mәdenietti korsetedi Өrkeniettik tәsildin negizgi elementteri nemis galymy K Yaspers enbekterinde de korinis tapkan Өrkeniettik tәsildi koldaushy zertteushilerdin pikirinshe әr zhergilikti orkeniet oz damuynda pajda bolu osu kuldyrau zhәne ydyrau zhojylu siyakty dәuirlerdi basynan keshiruine bajlanysty kelesi bir orkenietke oryn beredi Қazirgi zamanda orkeniettik tәsildi orkenietter kaktygysy teoriyasynyn avtory amerikalyk zertteushi S Hantington koldajdy Onyn pikirinshe kajshylyktar orkeniettik sipat alady Ol iri segiz orkeniettin ozara karym katynasy turaly ajtady Olar batystyk konfuciandyk zhapondyk islamdyk үndilik latyn amerikalyk afrikalyk zhәne pravoslav slavyandyk Hantington orkenietter arasynda manyzdy dau zhanzhaldar tudyruy mүmkin bes sebepti korsetedi sayasi ideologiya men sayasi tәrtipter arasyndagy ajyrmashylyktardan gori orkeniettik ajyrmashylyktar negizdirek orkeniettik ozin ozi tanudyn osui orkenietter arasyndagy ajyrmashy lyktar men ortaktyn terendeuin tүsinu ulttyk memleketterdin biregejlik kozi retindegi rolinin әlsireui Dinnin biregejlik kozine ajnaluy batystyk emes elderdegi elitanyn batystandyrudan bas tartuy zhәne ol ardyn ozderinin mәdeni tamyrlaryna kajta oraluy orkeniet dau zhanzhaldarynyn kozi mәdeni erekshelikter men ajyrmashy lyktar mәselenin Sen kimsin turgysynan kojylady Sayasattanu paradigmalary grek paradeiqma teoriya үlgi sayasattanuda paradigma dep sayasi omirdi bejneleudi bilimdi ujymdastyrudyn kisynyn bildiretin әleumettik kubylystardyn bir tobyn teoriyalyk pajymdau үlgisi dep mojyndagan negizgi tugyrnama zhelisin ajtady Paradigma zhasau arkyly zertteushide belgibir sayasi kubylysty zerdeleudin negizgi olshemi kalpy kalyptasady Sogan oraj ol derekterdi zhinap taldajdy tүsindiredi maglumattardy zhinaktajdy zhүjelejdi Sayasattanu paradigmalaryn zhinaktaj kele olardy teologiyalyk naturalistik әleumettik zhәne tiimdi syni dep zhүjeleuge bolady Teologiyalyk paradigma sayasatty bilikti kudajdyn kudiretimen tүsindiredi Bul paradigma sayasi gylymnyn algashky dami bastagan kezeninde pajda bolgan Ol kezde barlyk әleumettik sayasi kurylys memleket kudajdyn kudiretimen zhasalady zhәne damidy delingen Naturalistik paradigma sayasatty әleumettik sipaty zhok tabigi sebeptermen atap ajtkanda geografiyalyk ortamen biologiyalyk zhәne psihologiyalyk ereksheliktermen tүsindiredi Geografiyalyk ortanyn sayasatka ykpal etuin teoriyalyk tүrde negizdegen francuz ojshyly Zh Boden 1529 1596 boldy Onyn ideyasyn odan әri damytkan Sh Monteske 1689 1755 Onyn ojynsha geografiyalyk orta әsirese klimat halyktyn ruhyn memlekettin kurylys tүrin kogamdyk kurylystyn syr sipatyn ajkyndap sayasatynda sheshushi rol atkarady Sayasatty biologiyalyk sebeptermen tүsindirushiler nemis galymy P Majer avstriyalyk K Lorenc sayasi procesti adamnyn tua bitken fiziologiyalyk kasietterimen bajlanystyrady Al psihologiyalyk bagyttyn negizin kalaushylar sayasi damu procesin adamnyn psihologiyalyk kasietterimen tүsindiredi Bul bagyttyn negizin kalagandar G Tard G Lebon E Dyurkgejm zhәne t b Әleumettik paradigma sayasattyn tabigaty men pajda boluyn әleumettik faktorlar arkyly tүsindiredi Mysaly marksizm sayasattyn mәnin ekonomikalyk katynastardan shygarady Ol kogamnyn әrbir ekonomikalyk bazisi kazhetti tүrde әzine sәjkes kondyrma tudyrady dedi Yagni belgili bir ekonomikalyk bazis negizinde sayasi kukyktyk filosofiyalyk dini etikalyk estetikalyk t s s kozkarastar men ideyalar pajda bolyp damidy Tiimdi racionaldy syni paradigma sayasattyn tabigatyn onyn oz ishindegi sebeptermen kasiettermen elementtermen tүsindiredi Ony zhanzhaldyk zhәne mәmilege kelu paradigmalary dep ekige boluge bolady Zhanzhaldyk paradigma XIX g pajda boldy Onyn negizin kalagandar K Marks A Bentli Zemmel zhәne t b Olar sayasi omirde dau zhanzhal shielenister sheshushi rol atkarady dejdi Қazir bul teoriyany koldaushylarga R Darendorf Dzh Berton zhәne t b zhautady Birak olar K Marks siyakty sayasi dau zhanzhaldy tap kүresine kogamdyk kurylystyn tүbegejli ozgeruine aparmajdy kogamdagy bilik korlary үshin bәsekelestikti әleumettik tapshylyktan tuatyn mәselelerdi sheshu sayasi agzanyn ozin ozi zhetildirip damuyna әkeledi dejdi Mәmilege kelu konsensus paradigmasynyn әkilderine M Veber T Parsons zhatady Olar sayasi әmirdegi dau zhanzhal kajshylyktardy zhokka shygarmajdy Alajda olardy mәmilege keluden kejingi ekinshi orynga koyady Halyktyn arman ansarynyn negizgi әleumettik zhәne mәdeni kundylyktarynyn bagdarlarynyn birligi adamdar arasynda tuatyn kajshylyktardy sanaly tүrde rettep sheshuge kogamda turaktylyk pen yntymaktastykty ornatuga komektesedi Olar sayasi mәselelerdi sheshuge kүsh koldanuga kogamnyn revolyuciyalyk zholmen damuyna karsy Bul bagytty ustanushylar orta tap sanynyn kobeyui arkasynda Batys elderinde taptyk karsylasu zhojyldy dej kelip onyn kogamdagy roline үlken үmit artady DerekkozderSayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Syrtky siltemelerҰlttyk sayasattyk enciklopediya Muragattalgan 22 nauryzdyn 2022 zhyly Sayasattanu Muragattalgan 14 nauryzdyn 2017 zhyly ashyk katalogte