Шорманов Мұса (1819, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 26 желтоқсан 1884, Омбы) – Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен.
Өмірбаяны
Қаржас руынан шыққан атақты би Шорман Күшікұлының үлкен ұлы. Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған. Шорманов өз заманы үшін жеткілікті білімді, көпке танымал және беделді адам болған. Александр Лукин деген офицердің қолында екі жыл оқып, орысша сөйлеу мен жазуды үйренген ол 1833 ж. Баянауыл сыртқы округі ашылғанда үмбетейлердің болысы болып сайланды, 1843 жылдан округтік қазысы болды. 1844 ж. Баянауылда мешіт құрылысын ұйымдастырып, медресе ашты. 1847 – 49 ж. Сібірден 60 мыңдай қазақтарды көшіріп әкеліп, округке таратып қоныстандырды. 1854 жылдан – аға сұлтан. Шорманов Мәскеу мен Петербургте екі рет: 1855 ж. Ресей патшасы Николай І қайтыс болғанда, 1856 ж. Александр ІІ патша таққа отырған салтанатына барған. Қоғамдық істермен белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Ш.Уәлихановпен тығыз байланыста болды. Абайдың әкесі Құнанбай істі болып, Омбыға тергеуге шақырылғанда, Дала генерал-губернаторына кепілдеме беріп, қамаудан босатып алған. 1868 ж. жаңа басқару ережесі бойынша округтер жабылып, аға сұлтандық жойылғаннан кейін 1869 ж. Шормановқа полковник әскери атағы беріліп, жылына 350 сом жалақы төленетін демалысқа шығарылды. Енді ол елінің этнографиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Сібірде шығып тұратын газеттерге материалдар ұсынып, Географиялық қоғам ұйымдастырған көрмелер мен оның Г.Н. Потанин, Н.И. Ядринцев, Н.Ф. Костылецкий сияқты мүшелеріне қазақ елі жөнінде материалдар дайындап тұрды. Орыстың кен іздеуші көпестері келе бастағанда оларға жол көрсетуші қазақтарға жер-су аттарын орысшаламау жағын қатаң тапсырған. 1882 ж. Дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің тапсыруымен Павлодар мен Семей уездерінің шекарасын белгілеуге қатысқан. Қазақ жастарының білім алуына үлкен көңіл бөліп, көшпелі дала гимназиясын ашу жөнінде Батыс Сібір басшыларына бірнеше рет хатпен өтініш білдірген. Шорманов Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Ақкелін қонысында жерленген.
Дереккөздер
- Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shormanov Musa 1819 kazirgi Pavlodar oblysy Bayanauyl audany Bayanauyl auyly 26 zheltoksan 1884 Omby Bayanauyl syrtky okruginin aga sultany bi sheshen ӨmirbayanyҚarzhas ruynan shykkan atakty bi Shorman Kүshikulynyn үlken uly Shorman bidin Musadan baska Mustafa Isa Auzhan atty үsh uly men Zejnep atty kyzy bolgan Shormanov oz zamany үshin zhetkilikti bilimdi kopke tanymal zhәne bedeldi adam bolgan Aleksandr Lukin degen oficerdin kolynda eki zhyl okyp oryssha sojleu men zhazudy үjrengen ol 1833 zh Bayanauyl syrtky okrugi ashylganda үmbetejlerdin bolysy bolyp sajlandy 1843 zhyldan okrugtik kazysy boldy 1844 zh Bayanauylda meshit kurylysyn ujymdastyryp medrese ashty 1847 49 zh Sibirden 60 myndaj kazaktardy koshirip әkelip okrugke taratyp konystandyrdy 1854 zhyldan aga sultan Shormanov Mәskeu men Peterburgte eki ret 1855 zh Resej patshasy Nikolaj I kajtys bolganda 1856 zh Aleksandr II patsha takka otyrgan saltanatyna bargan Қogamdyk istermen belsene aralasyp ozinin tugan zhieni belgili galym Sh Uәlihanovpen tygyz bajlanysta boldy Abajdyn әkesi Қunanbaj isti bolyp Ombyga tergeuge shakyrylganda Dala general gubernatoryna kepildeme berip kamaudan bosatyp algan 1868 zh zhana baskaru erezhesi bojynsha okrugter zhabylyp aga sultandyk zhojylgannan kejin 1869 zh Shormanovka polkovnik әskeri atagy berilip zhylyna 350 som zhalaky tolenetin demalyska shygaryldy Endi ol elinin etnografiyalyk erekshelikterin zertteumen ajnalysty Sibirde shygyp turatyn gazetterge materialdar usynyp Geografiyalyk kogam ujymdastyrgan kormeler men onyn G N Potanin N I Yadrincev N F Kostyleckij siyakty mүshelerine kazak eli zhoninde materialdar dajyndap turdy Orystyn ken izdeushi kopesteri kele bastaganda olarga zhol korsetushi kazaktarga zher su attaryn orysshalamau zhagyn katan tapsyrgan 1882 zh Dala general gubernatory G A Kolpakovskijdin tapsyruymen Pavlodar men Semej uezderinin shekarasyn belgileuge katyskan Қazak zhastarynyn bilim aluyna үlken konil bolip koshpeli dala gimnaziyasyn ashu zhoninde Batys Sibir basshylaryna birneshe ret hatpen otinish bildirgen Shormanov Pavlodar oblysy Bayanauyl audanyndagy Akkelin konysynda zherlengen DerekkozderSerik Imantajuly Zhaksybaev Қarzhas urpaktary Pavlodar EKO 2008 400 b 1000 taralym ISBN 9965 08 265 0 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet