Жүз жылдық соғыс (ағылш. Hundred Years' War; фр. Guerre de Cent Ans; 1337 жыл – 1453 жыл) — Франция мен Англияның арасындағы ұзаққа созылған, дүние жүзі тарихына ықпал еткен соғыс.
Жүзжылдық соғыс | |||
Сағат тілімен, жоғарғы сол жақта: Ла Рошель шайқасы, Азенкур шайқасы, Пате шайқасы және Орлеан қоршауындағы Жанна д’Арк. | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | Франция, Ұлыбритания, Нидерланд (төменгі жерлер), Пиреней түбегі | ||
Себеп | • Ағылшын Плантагенет әулетінің Француз жерлері мен тағына деген талаптары. | ||
Нәтиже | Францияның жеңісі (Пикиньи шарты, 1475.ж) | ||
Аумақтық өзгерістер | Англия Кале иелігінен басқа барлық құрлықтық иеліктерін жоғалтады. | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Соғыстың басталуы
1328 жылы француз патшасы IV Карл қайтыс болды да, таққа мұрагер табылмады. Осыны пайдаланған ағылшын патша III Эдуард (1327 – 1377) өзін қайтыс болған патшаның жиені ретінде тақтың мұрагерімін деп жариялады. Бірақ француз ақсүйектері әйелдер жағынан тараған ұрпақтың Франция тағын иеленуіне тыйым салатын ежелгі дәстүрге сүйеніп, қайтыс болған патшаның алыс туысы, Валуа әулетінен шыққан IV Филипп-ты патша тағына отырғызды. III Эдуард алғашында бұл шешіммен келісті.
Көп ұзамай жаңа патшаның белсенді әрекеттерінен өзінің Франциядағы иеліктеріне қауіп төнетінін түсінді. 1339 ж. ағылшындар Францияға сәтсіз жорық жасады. Келесі жылы жорықтарын тағы қайталады. Бұл жолғы шабуыл сәтті аяқталып, француз флоты толық жойылды. IV Филипп бітім сұрауға мәжбүр болды. Алайда бұл бітім ұзаққа созылмады. 1346 ж. ағылшын әскерлері Нормандияға басып кірді. Олар Париж қаласына дейін келіп жетіп, Францияның солтүстік аймағына қарай шабуылға шықты. Француз әскерлері, негізінен, рыцарлардан құралған еді. Ал ағылшын әскерлерінің негізін ерікті шаруалардан құралған садақшылар құрады. 1346 ж. 26 тамызда олардың арасында үлкен шайқас болды. Шайқас барысында француз жасақтары оннан аса шабуыл ұйымдастырды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған, бей-берекет шабуылдар ешқандай нәтиже бермеді. Ұзын садақпен қаруланған тәртіпті ағылшын садақшылары оларды 150 м-ден артық жақындатпай, алдымен рыцарлар мінген аттарды мертіктірді. Осыдан кейін шайқасқа ағылшын атты әскерлері араласты. 1,5 мыңға жуық француз рыцарлары қазаға ұшырап, ағылшындар 3 сарбазынан ғана айырылды. Жеңіске жеткен III Эдуард аса ірі порты бар Кале қ-сын қоршауға алды.
Кале қ-сы 10 айдан аса ерлікпен қорғанғанына қарамастан берілуге мәжбүр болды. Бұл қала 1558 жылға дейін ағылшындардың Франциядағы әскери тірегіне айналды. Кале бекінісі құлағаннан кейін екі арада 8 жылдай бейбітшілік орнады. 1350 ж. Франция тағын Валуа әулетінен шыққан II Иоанн иеленді. 1355 ж. ағылшындар соғыс қимылдарын қайта бастады. III Эдуард Бретания мен Фландрияны, оның ұлы Эдуард Қара ханзада Лантедок қамалын басып алды. Эдуард Қара ханзада 1356 ж. 19 қыркүйекте Пуатье қаласы түбінде француз патша II Иоанн-ді тұтқынға алды.
1359 ж. Лондонда француздар үшін аса қолайсыз бітім шартына қол қойылды. Халықтың тұрмысы күрт нашарлап, жаппай бас көтерулер (Жакерия көтерілісі) басталды. Осыны пайдаланған ағылшындар елді оңт-тен және солт-тен бірдей қысымға алды.
Жаңа патша V Карл (1364 – 84) ағылшындармен жаңа бітім шартын жасасып, солардың көмегімен халық толқуын басып тастады. Франция өз жерінің көп бөлігінен айрылып қалды. V Карл рыцарларды жалдамалы жасақтармен алмастырып, алғашқы далалық артиллерия бөлімдерін құрды, отандық флотты қалпына келтіруге тырысты. Ол 1369 ж. соғысты қайтадан бастап, ағылшындарды елден ығыстыра бастады және Оңтүстік Англияға бірнеше сәтті жорықтар жасады. Бұл кезде Англияда III Эдуард қайтыс болып, таққа II Ричард (1377 – 91) отырды. Елде шаруалар қозғалысы (Уат Тайлер көтерілісі) өрістеді. II Ричард француздармен бітім жасасуға мәжбүр болды. Бірақ Францияның жаңа патша VI Карл (1384 – 1422 ж. билік құрған) ел билеуге икемсіз болып шықты. Билік үшін ақсүйектер арасында өзара қырқыс басталды. Ал Англияда II Ричард тақтан тайдырылып, билікке Ланкастер әулеті келді. Екі ел арасындағы соғыс ағылшын патша V Генрих (1413 – 22) тұсында қайта жалғасты. Ол 1415 ж. көп әскермен Нормандияға келіп түсті де Бургундия герцогтығының көмегімен елдің бүкіл солт-гін Париж қ-мен қоса басып алды. 1421 жылғы бітім бойынша VI Карл тақта қалдырылды, бірақ V Генрих оның қызына үйленіп, іс жүзінде тақтың мұрагеріне айналды. Көп ұзамай екі патша де қайтыс болып, соғыс әрі қарай жалғасып кетті. Енді соғысқа шаруалар мен қала кедейлерінен құралған жасақтар да араласа бастады. 1428 ж. Франция аса ауыр жағдайда қалды.
Қазан айында Орлеан қаласын ағылшындар қоршауға алды. Осындай қиын жағдайда Жанна д’Арк бастаған жасақ пайда болды (қ. Жанна Д’Арк). Олар 1429 ж. мамырда Орлеанды азат етіп, VII Карл-нің таққа отыруын қамтамасыз етті. Алайда француз ақсүйектері ержүрек қызды ағылшындарға ұстап берді. Жанна Д’Арк өлгеннен кейін Францияда халық жасақтары жер-жерде құрылып, күшейе бастады. Олар 1436 ж. Париж бен оның төңірегін азат етіп, 1450 ж. Нормандияны бағындырды. 1453 ж. 19 қазанда Франциядағы ағылшындардың ең соңғы бекінісі Бордо құлады да, жүзжылдық соғыс ешқандай келісімшартсыз аяқталды. Бұл соғыс екі ел тарихында да үлкен рөл атқарды. Еуропадағы иеліктерінен айрылған ағылшындар басқа құрлықтардан отарлар басып алуға кірісті де, көп ұзамай аса күшті теңіз державасына айналды. Ал Франция бір орталыққа бағынған мемлекет болып қалыптасты. жүзжылдық соғыс рыцарлардың дәурені өткендігін, болашақ соғыстарда шешуші рөлді оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған халық жасақтары атқаратынын көрсетіп берді.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүz zhyldyk sogys agylsh Hundred Years War fr Guerre de Cent Ans 1337 zhyl 1453 zhyl Franciya men Angliyanyn arasyndagy uzakka sozylgan dүnie zhүzi tarihyna ykpal etken sogys Zhүzzhyldyk sogysSagat tilimen zhogargy sol zhakta La Roshel shajkasy Azenkur shajkasy Pate shajkasy zhәne Orlean korshauyndagy Zhanna d Ark Data24 mamyr 1337 19 kazan 1453OrynFranciya Ұlybritaniya Niderland tomengi zherler Pirenej tүbegiSebep Agylshyn Plantagenet әuletinin Francuz zherleri men tagyna degen talaptary NәtizheFranciyanyn zhenisi Pikini sharty 1475 zh Valua әuleti Francuz tagyn saktajdy Francuz monarhiyasynyn nygayuy Plantagenet әuletinin kuldyrauy zhәne agylshyn monarhiyasynyn әlsireui Alkyzyl men Ak raushan sogysynyn bastaluy Francuz tagyna agylshyn talaptary toktady Rycarlyktyn kuldyrauy Feodalizmnin kuldyrauy Aumaktyk ozgeristerAngliya Kale ieliginen baska barlyk kurlyktyk ielikterin zhogaltady ҚarsylastarFranciya patshalygy Burgundiya 1337 zhyldan 1419 zhylga dejin zhәne 1435 zhyldan 1453 zhylga dejin Bretan Gercogtigi Shotlandiya patshalygy Kastiliya patshalygy Vallilik koterilisshileri Genuya respublikasy Bogemiya patshalygy Aragon patshalygy Avinon papalygy 1309 1376 Angliya patshalygy Burgundiya 1419 zhyldan 1435 zhylga dejin Bretan Gercogtigi Portugaliya patshalygy Navarra patshalygy Flandriya Lyuksemburg Gercogtigi Ganttyk koterilisshiler Papa oblysyҚolbasshylaryVI Filipp II Ioann V Karl VI Karl VII Karl III Eduard II Richard IV Genrih V Genrih VI GenrihBul үlgini koru talkylau ondeuSogystyn bastaluy1328 zhyly francuz patshasy IV Karl kajtys boldy da takka murager tabylmady Osyny pajdalangan agylshyn patsha III Eduard 1327 1377 ozin kajtys bolgan patshanyn zhieni retinde taktyn muragerimin dep zhariyalady Birak francuz aksүjekteri әjelder zhagynan taragan urpaktyn Franciya tagyn ielenuine tyjym salatyn ezhelgi dәstүrge sүjenip kajtys bolgan patshanyn alys tuysy Valua әuletinen shykkan IV Filipp ty patsha tagyna otyrgyzdy III Eduard algashynda bul sheshimmen kelisti Kop uzamaj zhana patshanyn belsendi әreketterinen ozinin Franciyadagy ielikterine kauip tonetinin tүsindi 1339 zh agylshyndar Franciyaga sәtsiz zhoryk zhasady Kelesi zhyly zhoryktaryn tagy kajtalady Bul zholgy shabuyl sәtti ayaktalyp francuz floty tolyk zhojyldy IV Filipp bitim surauga mәzhbүr boldy Alajda bul bitim uzakka sozylmady 1346 zh agylshyn әskerleri Normandiyaga basyp kirdi Olar Parizh kalasyna dejin kelip zhetip Franciyanyn soltүstik ajmagyna karaj shabuylga shykty Francuz әskerleri negizinen rycarlardan kuralgan edi Al agylshyn әskerlerinin negizin erikti sharualardan kuralgan sadakshylar kurady 1346 zh 26 tamyzda olardyn arasynda үlken shajkas boldy Shajkas barysynda francuz zhasaktary onnan asa shabuyl ujymdastyrdy Birak bir ortalyktan baskarylmagan bej bereket shabuyldar eshkandaj nәtizhe bermedi Ұzyn sadakpen karulangan tәrtipti agylshyn sadakshylary olardy 150 m den artyk zhakyndatpaj aldymen rycarlar mingen attardy mertiktirdi Osydan kejin shajkaska agylshyn atty әskerleri aralasty 1 5 mynga zhuyk francuz rycarlary kazaga ushyrap agylshyndar 3 sarbazynan gana ajyryldy Zheniske zhetken III Eduard asa iri porty bar Kale k syn korshauga aldy Kale k sy 10 ajdan asa erlikpen korganganyna karamastan beriluge mәzhbүr boldy Bul kala 1558 zhylga dejin agylshyndardyn Franciyadagy әskeri tiregine ajnaldy Kale bekinisi kulagannan kejin eki arada 8 zhyldaj bejbitshilik ornady 1350 zh Franciya tagyn Valua әuletinen shykkan II Ioann ielendi 1355 zh agylshyndar sogys kimyldaryn kajta bastady III Eduard Bretaniya men Flandriyany onyn uly Eduard Қara hanzada Lantedok kamalyn basyp aldy Eduard Қara hanzada 1356 zh 19 kyrkүjekte Puate kalasy tүbinde francuz patsha II Ioann di tutkynga aldy 1359 zh Londonda francuzdar үshin asa kolajsyz bitim shartyna kol kojyldy Halyktyn turmysy kүrt nasharlap zhappaj bas koteruler Zhakeriya koterilisi bastaldy Osyny pajdalangan agylshyndar eldi ont ten zhәne solt ten birdej kysymga aldy III Eduard patsha Zhana patsha V Karl 1364 84 agylshyndarmen zhana bitim shartyn zhasasyp solardyn komegimen halyk tolkuyn basyp tastady Franciya oz zherinin kop boliginen ajrylyp kaldy V Karl rycarlardy zhaldamaly zhasaktarmen almastyryp algashky dalalyk artilleriya bolimderin kurdy otandyk flotty kalpyna keltiruge tyrysty Ol 1369 zh sogysty kajtadan bastap agylshyndardy elden ygystyra bastady zhәne Ontүstik Angliyaga birneshe sәtti zhoryktar zhasady Bul kezde Angliyada III Eduard kajtys bolyp takka II Richard 1377 91 otyrdy Elde sharualar kozgalysy Uat Tajler koterilisi oristedi II Richard francuzdarmen bitim zhasasuga mәzhbүr boldy Birak Franciyanyn zhana patsha VI Karl 1384 1422 zh bilik kurgan el bileuge ikemsiz bolyp shykty Bilik үshin aksүjekter arasynda ozara kyrkys bastaldy Al Angliyada II Richard taktan tajdyrylyp bilikke Lankaster әuleti keldi Eki el arasyndagy sogys agylshyn patsha V Genrih 1413 22 tusynda kajta zhalgasty Ol 1415 zh kop әskermen Normandiyaga kelip tүsti de Burgundiya gercogtygynyn komegimen eldin bүkil solt gin Parizh k men kosa basyp aldy 1421 zhylgy bitim bojynsha VI Karl takta kaldyryldy birak V Genrih onyn kyzyna үjlenip is zhүzinde taktyn muragerine ajnaldy Kop uzamaj eki patsha de kajtys bolyp sogys әri karaj zhalgasyp ketti Endi sogyska sharualar men kala kedejlerinen kuralgan zhasaktar da aralasa bastady 1428 zh Franciya asa auyr zhagdajda kaldy Қazan ajynda Orlean kalasyn agylshyndar korshauga aldy Osyndaj kiyn zhagdajda Zhanna d Ark bastagan zhasak pajda boldy k Zhanna D Ark Olar 1429 zh mamyrda Orleandy azat etip VII Karl nin takka otyruyn kamtamasyz etti Alajda francuz aksүjekteri erzhүrek kyzdy agylshyndarga ustap berdi Zhanna D Ark olgennen kejin Franciyada halyk zhasaktary zher zherde kurylyp kүsheje bastady Olar 1436 zh Parizh ben onyn toniregin azat etip 1450 zh Normandiyany bagyndyrdy 1453 zh 19 kazanda Franciyadagy agylshyndardyn en songy bekinisi Bordo kulady da zhүzzhyldyk sogys eshkandaj kelisimshartsyz ayaktaldy Bul sogys eki el tarihynda da үlken rol atkardy Europadagy ielikterinen ajrylgan agylshyndar baska kurlyktardan otarlar basyp aluga kiristi de kop uzamaj asa kүshti teniz derzhavasyna ajnaldy Al Franciya bir ortalykka bagyngan memleket bolyp kalyptasty zhүzzhyldyk sogys rycarlardyn dәureni otkendigin bolashak sogystarda sheshushi roldi ok dәrimen atylatyn karularmen karulangan halyk zhasaktary atkaratynyn korsetip berdi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tarih bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet