Жаулық – көлемі үлкен ақ матаны әйелдің басына орап тартатын баскиімнің ерекше түрі. Оның көлемі кейбір өңірлерде, мысалы, Жетісуда, 14 м-ге дейін жеткен. Әдетте, шыт, бәтес, сәтен сияқты матаның ақ түстісінен жасалады. Баскиімнің бұл түрінің "ақ жаулық" деп аталынуы сондықтан". Осыған байланысты ел арасында "ақ жаулық", "ақ жаулықты аналар" деген тіркестер жиі айтылады. Тіпті, әйел адамды "ақ жаулық" деп атау да қалыптасқан. Жаулықтың үй және шаруа жұмыстарында бастарына салатын күнделікті және той-жиында салатын қымбат бағалысы да болады.
Жаулық түрлері
Қазақ әйелдері жас ерекшелігіне қарай баскиімнің әртүрлілерін пайдаланды: а) күйеуге шығарға дейін тақия және үкілі тақия; ә) үйлену үрдісі барысында сәукеле; б) некесі қиылып, "жат жұртқа" келін болуының символы ретінде ; в) алғашқы баласы дүниеге келгенде кимешек; д) балалары ер жетіп, "сары қарын" әйел болғанда (шамамен 25 жастан әрі) жаулық киді. Демек, аталмыш баскиімнің түрлері әйел адамның ғұмырының тиісті кезеңдерінің символдары болып табылады. Ал жаулықты әйел адамның жоғарыда айтылған жастан бастап пайдалануы оның үй шаруашылығын "дөңгелетіп" алып кететіндей тәжірибесі мол отбасының ардақты анасы деген мәртебеге ие болғандығын білдіреді. Жаулықты кимешексіз де, кимешектің үстінен бастырып та пайдаланды.
Жаулық түрлерінің аймақтық ерекшеліктері
Жаулық пішіміне, киілу тәсіліне, көлеміне, материалына байланысты алуан түрлі болып келеді және әр өңірде әртүрлi атауларға ие болған. Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде – шылауыш, Орталық, Шығыс Қазақстанда матаның пішіміне байланысты – шаршы, ал жаулықтың кең тараған өлкесі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде – қарқара, деп аталатын түрлері бар.
Жаулықты киюдің аймақтық ерекшелiктерi де болды. Мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде сәндік үшін жаулықты кимешектің үстінен киді. Егер сол кимешек қызыл жіппен (шым) кестеленсе отағасының барлығын, ал жай ақ жіппен "су тарту" өрнегімен кестеленген болса әйелдің жесір екендігін білдірді.
Жаулық тарту тәсілдері
Дәстүрлі қазақы ортада жаулықты күннiң аптабы мен суығынан, желдiң өтiнен қорғау үшін жамылғы ретінде де пайдаланылатындай көлемді пішімде жасалған. Осындай жаулықты ортасынан үшбұрыштай бүктеп, бүктелген жағын маңдай тұсына келтіре басқа жауып, бір ұшы арқадан төмен жіберіп, ал қалған екі ұшы кеуде тұсына айқастырыла жамылған. Жаулықты тартудың жолдары да әртүрлі болып келеді. Батыс Қазақстан өңірінде жаулықты тартар алдында шаршыны екі қабаттап үшбұрыштап, маңдай тұсына келетін бүктелген жағын тағы да қабаттап бүктеп, маңдайынан бастап тартқанда, үшбұрышты етегі желке тұсына келіп, екі ұшын да желке тұсына қарай қайтара байлағанда, төбесі дөңгеленіп тұрады. Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулықты тартқан. Мұндай күрделi оралатын жаулықтарды түйреуiштер арқылы бекiтiп, бөрiк сияқты оралған күйiнде шешiп киген. Жаулықты тартудың ең күрделісі және ең ауқымдысы Жетісу өңірінде қолданылды.
Жаулықты сипаттауда қосымша атауы қатар айтылады. Мәселен, бұрама жаулық, сәукеле жаулық, сұлама жаулық деген атаулар да кездеседі. Жаулықты тек басқа ғана емес, иыққа да жамылғыш ретінде пайдаланған.
Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдап, басқа біреуге бермеген.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- П. Обычай киргизов Семипалатинской области // РВ. No9. М., 1878;
- Этнографические очерки киргизов Перовского и Казалинского уездов. Сочинение Х.Кустанаева воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии под ред. Н.А. Воскресенского. Ташкент, 1894;
- Добросмыслов А.И. Указатель киргизских слов и выражений // Суд у киргиз Тургайской области в ХVІІІ и ХІХ веках. Казань, 1904. С.99;
- Есімболова М.Қ. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Эверо, 2004;
- Ибрагимов И.И. Қазақ халқының этнографиялық очерктері // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Алматы: Арыс, 2006;
- Қазақ ССР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этно-графия Институтының этнографиялық экспедициялар материалдарынан (ХХ ғ. 60-80-жылдар).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhaulyk kolemi үlken ak matany әjeldin basyna orap tartatyn baskiimnin erekshe tүri Onyn kolemi kejbir onirlerde mysaly Zhetisuda 14 m ge dejin zhetken Әdette shyt bәtes sәten siyakty matanyn ak tүstisinen zhasalady Baskiimnin bul tүrinin ak zhaulyk dep atalynuy sondyktan Osygan bajlanysty el arasynda ak zhaulyk ak zhaulykty analar degen tirkester zhii ajtylady Tipti әjel adamdy ak zhaulyk dep atau da kalyptaskan Zhaulyktyn үj zhәne sharua zhumystarynda bastaryna salatyn kүndelikti zhәne toj zhiynda salatyn kymbat bagalysy da bolady Zhaulyktyn onirlik tүrleri 1 Shymkent oblysy 2 Mangystau oblysy 3 Tauly Altaj oblysy 4 Torgaj oblysy 5 Shygys Қazakstan oblysy 6 Aktobe oblysy 7 Zhambyl oblysy 8 Қyzylorda oblysy 9 10 Almaty oblysy 11 Қostanaj oblysy 12 Semej oblysy materialdar sovet kezeninde zhinalgandyktan oblys ataulary Қazakstannyn әkimshilik territoriyalyk oblystyk birlikterinin sol dәuirde koldanysta bolgan ataulary bojynsha berilip otyr Қazak SSR ҒA Sh Sh Uәlihanov atyndagy tarih arheologiya zhәne etnografiya Institutynyn etnografiyalyk ekspediciyasy material darynan HH g 70 shi zhyldardyn ayagy 80 zhyldar Zhaulyk tүrleriZhaulyk salu tүrleri Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg tip Zharinova 1895 atty enbekten Қazak әjelderi zhas ereksheligine karaj baskiimnin әrtүrlilerin pajdalandy a kүjeuge shygarga dejin takiya zhәne үkili takiya ә үjlenu үrdisi barysynda sәukele b nekesi kiylyp zhat zhurtka kelin boluynyn simvoly retinde v algashky balasy dүniege kelgende kimeshek d balalary er zhetip sary karyn әjel bolganda shamamen 25 zhastan әri zhaulyk kidi Demek atalmysh baskiimnin tүrleri әjel adamnyn gumyrynyn tiisti kezenderinin simvoldary bolyp tabylady Al zhaulykty әjel adamnyn zhogaryda ajtylgan zhastan bastap pajdalanuy onyn үj sharuashylygyn dongeletip alyp ketetindej tәzhiribesi mol otbasynyn ardakty anasy degen mәrtebege ie bolgandygyn bildiredi Zhaulykty kimesheksiz de kimeshektin үstinen bastyryp ta pajdalandy Zhaulyk tүrlerinin ajmaktyk erekshelikteriZhaulyk Tipy narodnostej turkestanskogo kraya Kirgiz kazachka Turkestanskij albom po rasporyazheniyu Turkestanskogo general gubernatora K P fon Kaufmana 1 go 1871 1872 gg Chasti etnograficheskaya istoricheskaya promyslovaya arheologicheskaya SPb 1871 atty enbekten Zhaulyk pishimine kiilu tәsiline kolemine materialyna bajlanysty aluan tүrli bolyp keledi zhәne әr onirde әrtүrli ataularga ie bolgan Zhetisu Altaj onirlerinde shylauysh Ortalyk Shygys Қazakstanda matanyn pishimine bajlanysty sharshy al zhaulyktyn ken taragan olkesi Қazakstannyn ontүstik zhәne ontүstik shygys boliginde karkara dep atalatyn tүrleri bar Zhaulykty kiyudin ajmaktyk erekshelikteri de boldy Mysaly Қazakstannyn batys onirinde sәndik үshin zhaulykty kimeshektin үstinen kidi Eger sol kimeshek kyzyl zhippen shym kestelense otagasynyn barlygyn al zhaj ak zhippen su tartu ornegimen kestelengen bolsa әjeldin zhesir ekendigin bildirdi Zhaulyk tartu tәsilderiZhaulyk Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg tip Zharinova 1895 atty enbekten Zhaulyk salgan әjelder Dәstүrli kazaky ortada zhaulykty kүnnin aptaby men suygynan zheldin otinen korgau үshin zhamylgy retinde de pajdalanylatyndaj kolemdi pishimde zhasalgan Osyndaj zhaulykty ortasynan үshburyshtaj bүktep bүktelgen zhagyn mandaj tusyna keltire baska zhauyp bir ushy arkadan tomen zhiberip al kalgan eki ushy keude tusyna ajkastyryla zhamylgan Zhaulykty tartudyn zholdary da әrtүrli bolyp keledi Batys Қazakstan onirinde zhaulykty tartar aldynda sharshyny eki kabattap үshburyshtap mandaj tusyna keletin bүktelgen zhagyn tagy da kabattap bүktep mandajynan bastap tartkanda үshburyshty etegi zhelke tusyna kelip eki ushyn da zhelke tusyna karaj kajtara bajlaganda tobesi dongelenip turady Arka zherinde zhogary zhәne tomen dep atalatyn kos zhaulykty tartkan Mundaj kүrdeli oralatyn zhaulyktardy tүjreuishter arkyly bekitip borik siyakty oralgan kүjinde sheship kigen Zhaulykty tartudyn en kүrdelisi zhәne en aukymdysy Zhetisu onirinde koldanyldy Zhaulykty sipattauda kosymsha atauy katar ajtylady Mәselen burama zhaulyk sәukele zhaulyk sulama zhaulyk degen ataular da kezdesedi Zhaulykty tek baska gana emes iykka da zhamylgysh retinde pajdalangan Қazak әjelderi ozinin basyna salyp zhүrgen zhaulygyn basymdagy bak baskaga koshedi dep yrymdap baska bireuge bermegen DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterP Obychaj kirgizov Semipalatinskoj oblasti RV No9 M 1878 Etnograficheskie ocherki kirgizov Perovskogo i Kazalinskogo uezdov Sochinenie H Kustanaeva vospitannika IV klassa Turkestanskoj uchitelskoj seminarii pod red N A Voskresenskogo Tashkent 1894 Dobrosmyslov A I Ukazatel kirgizskih slov i vyrazhenij Sud u kirgiz Turgajskoj oblasti v HVIII i HIH vekah Kazan 1904 S 99 Esimbolova M Қ Zhetisu sojlenisinin leksikalyk erekshelikteri Almaty Evero 2004 Ibragimov I I Қazak halkynyn etnografiyalyk ocherkteri Қazak halkynyn dәstүrleri men әdet guryptary 2 tom Almaty Arys 2006 Қazak SSR ҒA Sh Sh Uәlihanov atyndagy tarih arheologiya zhәne etno grafiya Institutynyn etnografiyalyk ekspediciyalar materialdarynan HH g 60 80 zhyldar