Баскиім
Дәстүрлі мәдениеттегі әлеуметтік,экономикалық, аймақтық, жастық, жыныстық және т.б. жағынан айқындауыш, анықтауыш белгі ретінде жүретін әрі тұтастык зат ретінде елеулі этномәдени мәнге ие заттық мәдениет элементі. Баскиімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрініс табады. .-дың II жартысынан бастап қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістерге байланысты мәдени өмірде де үлкен өзгерістер болды.
Ерлер баскиімінің түрі онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей, далбай, шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлерімен кестеленген), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б.), бөкебай,күләпара, қырпу (іштік бөрік) және т.б. Ауқаттылар төбесі сүйірлеу келген құндыз немесе сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбінесе күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген биік қалпақ киген. Жас жігіттер ат жарыста, көкпар тартуда бастарына шеті кестеленген байламша (шыт) тартады. Мұндағы шыт ерлердің жаздық баскиім ретінде қолданылады, ол тердің көзге, бетке ағуынан қорғайды. Шытты кездемеден басқа байлауға жетерліктей етіп шетін тігіп дайындайды.
Қазақ әйелдерінің баскиімдері
Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, шылауыш және т.б.
Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.
Баскиімдерді негізінен үш өңірге (ареал) картографиялауға болады: а) батыс, Бөкей ордасынан Торғайға дейінгі Орынбор даласы мен Солтүстік Арал төңірегіне дейінгі аралық
ә) солтүстік-шығыс Ақмола мен Семей облыстары (Сібір қырғыздары өңірі)
б) оңтүстік өңір және Жетісудан Сырдарияға дейінгі аралық.
Олардың әрқайсысының ішінде де ішінара территориялық өзгешеліктерді аңғаруға болады: Мысалы, батыс ареалы құрамындағы Маңғыстау өңірі; Солтүстік шығыс құрамына кіретін Шығыс Қазақстан; ал Сырдарияның төменгі ағысы өңірінің орны алабөтен: бұл өңірде жоғарыда аталған үш өңірге тән ерекшеліктердің дені кездеседі.
Батыс комплексі мынадай айырмашылықтарымен ерекшеленеді: ер және әйел баскиімдері ішіне шетіне тері көмкерілген конус пішінді малақай (төбетай) киіледі. Сондай-ақ бұл өңірде күләпара және тігіні ерекше бұрама жаулық кеңінен таралған.
Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстандағы баскиім комплекстерін батысқа жақындастыратын түрлері - төбетей мен күләпара, бірақ батыста жақтауы тұтас күләпара басым түсіп жатады. Шығыс Қазақстандағы әйелдер баскиімі әсіресе, кимешек пішінділігімен және шағын жаулықпен ерекшеленеді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде төрт қырлы киіз қалпақ тараған. Жетісудың шығысындағы баскиімдер комплексі қатты каркасты ерекше жаулықпен ерекшеленеді.
Деректерге қарағанда Қазалы мен Перовск оязында (қазіргі Қызылорда облысы) баскиімдердің неше түрлі үлгісі болды. Жамылғыш пен кимешектің бірнеше нұсқасы солтүстік шығыс пен оңтүстік ареалдарға да тән, ал жаулықтың бір нұсқасы тек осы өңірде кездеседі - жаулықтар жұмсақ болып келеді. Ер адамдар пошымы солтүстік шығыс ареалға тән күләпара киеді.
Үлкендердің баскиімне қарағанда жасөспірімдердің баскиімдегі ерекшелік шошақ төбелі тақияда байқалады: оның етегі үш елі болып, төбесі аласа шошақ келеді. Тобесі мен етегіне әртүрлі ою-өрнек салып, кейбіреуіне төрт бүйір өрнегі мен етегіндегі өрнегі қарайлас түсіріледі, кейбіреуінің төбесіне де, етегіне де ұласпалы өрнектер айналдырылады, кестені шым кесте етіп баттастырылмай жіңішкелеп (контурмен) эдемі тігіледі. Түрлі торғын немесе кездемемен астарланады, тақия сәнді болу үшін тыс пен астардың ортасына қатырма сапынып сырылады, бұл тақияны ел арасында абай тақиясы деп те атайды.
Баскиімге тағылатын әшекей бұйымдар
Байырғы ортада баскиімді әшекейлеу барысында алтын, күміс, гауһар сияқты асыл тастарды құрамдас бөліктер ретінде пайдаланған. Әшекейлер көбінесе сәукеле, тақия, бөрік, кимешек тәрізді баскиім түрлеріне тағылған.
Айшық -жарты ай, жұлдыз бейнесі бар, күмістен соғылатын жарты ай бейнелі күміс әшекейді жаулықтың шекесіне, кимешекке қадайды.
Басжақсы - сәукеленің әшекей бұйымдарының жалпы атауы. Сәукеленің әшекей заттары көп, әрі олар қымбатқа түсетіндіктен, күйеу жағы қалыңмалдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем сәукеле әшекейлерінің атауымен бас жақсы деп айтылған.
'Бетмоншақ - сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Оны сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Бетмоншақ екі түрлі болады, бірі бірыңғай ірілі-ұсақты моншақтардан түзілсе, екіншісі матадан тігіліп, моншақтар мата бетіне қадалады, екеуінің де арасында күміс қозалар қадалады. Бетмоншақ белге дейін, тіпті одан да төмен түсіп тұрған. Бетмоншақ жас келіннің ұялшақ жүзін жартылай жасырып, бетін бүркемелеп тұрады. Сондықтан «ұялып тұр»деудің орнына «бет моншағы үзіліп тұр» деген. Ертеде сәукелеге жақмоншақ, жақтама, жақтау, жырға, сәукеленің сырғасы деген әшекейлер таққан. Сонымен қатар шытақ - сәукеленің қозасы (қоза - шар сияқты металл әшекейі) Моншақтың саны, ұзындығы қыз әкесінің дәулетіне байланысты болған. .
Жақмоншақ - сәукеле, бөрік, бергек, кимешек сияқты әйелдер баскиімдерінің екі жақ самайлығына және маңдайының алдыңғы жиегіне қасқа түсіре, тізбелі шоқ жасап шілтерлеп тағылатын әшекей. Жақмоншақты зергерлер алтын, күміс қозаларын жібек жіптерге тізіп, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.
Көзотаға - көбінесе ер адамның баскиіміне қадайтын меруерт, асыл тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті адамдар таққан.
Қозалы үкі -бөрікке қадайтын, үкі қауырсынын ораған әшекей әрі әшекей, әрі тұмар ретінде пайдаланылады. Сәукеленің сырғасы -салпыншағы мол, өзі ұзын да ауыр болғандықтан, тек саптанатты кездерде сәукелеге байлайтын сырға түрі (шекелікке ұқсас). Оны Батыс Қазакстанда сабақты сырға деп атаған. Оның мәнісі: ауыр сырғаларға жіп байлап, шашқа, сәукелеге бекітеді (қазақ қолөнерінде сабақ «жіп» деген мағынаны білдіреді).
Талмоншақ - тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі. Жас балалардың, қыздардың тақиясына тағылады.
Үкіаяқ -жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс санапып, оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына тұтынған. Үкіаяқ сырғада, сәукеледе, шаштеңгеде құрамдас бөлшек ретінде қолданылады.
Шортас - баскиімге қадайтын асыл тас.
'Шоқ – баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас; алтын шоқ. мұның шоқты деген варианты да ұшырасады. Ал бұрама шоқ үкілі шоқ асыл тасты баскиім әшекейлерінің күрделі түрлері. Қазақ тұрмысында шоқ белбеу, шоққондырған баскиім ертеде тектілікті, лауазымды, дәрежені көрсеткен. Лауазымына қарай асыл тас түрлері, түстері де әртүрлі болған.
Шырмауық -ілгекті оқа, металл ілгекті әйелдердің баскиім әшекейі. Шытыра -баскиімге, омырауға, аяқкиімге қадайтын, ағашқа, ер-тұрманға орнататын асыл тасты, не тассыз күміс әшекей. Шытырапар түріне қарай ақ шытыра, алтын шытыра, күміс шытыра, күмбез шытыра, құмырсқа бел шытыра, меруерт шытыра т.б. деп аталады.
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылар
Баскиімге қатысты жосын-жоралғылардың түрлері мол әрі олардың дені ертеден келе жатқан мифологиялық түсінікпен, ырымдармен астасып жатады. Айталық, баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
Баскиімнің төбесін басып киюге болмайды. Киіп жүрген баскиімді басқа адамға кие тұруға, сыйлауға, сатуға болмайды, жаман ырым деп есептеледі. Баскиімін біреуге сыйға берсе, қыздың, жігіттің тұрмыс құрулары кешігеді, тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқапады, адам басы кемиді деген нанымдар қапыптасқан. Сыйлыққа жаңа баскиім беру керек. Сондай-ақ баскиім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді-мыс. Сондықтан баскиімді сатып алушының өз қолымен өлшеуіне назар аударған.
Мәйіттің басын жуған кісіге баскиім беріледі. Өшіккенде тымаққа кіші дәрет сындырады. Баскиімді алдына қойып айтысқан ақындар, шешен, даукестер болған. Ойнап жүрген бала екі тымақты үсті үстіне кисе, кейін өсе келе, екі мәрте үйленеді деп жориды. Қыз басына ақ және қара орамал тартпайды. Өйткені ақ орамал әйел адам киетін жаулықтың, ал қара қайғының белгісі болып саналады.
Баскиімнің аңдаусызда немесе қасақана жерге түсірілуі жамандықтың нышаны. Ұл баласы тұрмағандар ырымдап баскиімге әртүрлі ала-құла құрақ салып қиюлайды. Балалардың қалпақтарының төбесіне шоқтап үкі немесе маржан, қызыл- жасыл шашақтар тағатын әдет болған Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдары құныкер ауылындағылардың алдына барып«Құдай кешсе кеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық (қасақана емес) іс болды, кешірім!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы баскиімін тастап сөзге, мәмілеге шақырады. Қызды алып қашу үрдісінде, қыз жағынын аяғына жығыла барған құдалар да баскиімін жерге, қыздың әке-шешесінің алдына тастау ишарасын жасайды (бірақ тастамайды). Бөркін аспанға ату деген этнографизмнің шығу тегін анықтаудың сәті түспей келеді. Өйткені баскиімді «құт кетеді» деп төңкеріп қоймайтын қазақ баскиімін лақтырады (қуанғанда) дегенді қоштаған мәлімет беруші жоқ.
Баскиімге қауырсын байлау дәстүрі
Баскиімге қауырсын тағу барлық халықтардың мифтік нанымы бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді. Бұл дәстүр кейін де жалғасқан. Бейнелеу өнері материалдары оның -.-да моңғолдар арасында да сақталғанын көрсетеді.
Баскиімге қауырсын тағу дәстүрінің арғы негізінде діни-ырымдық наным жатқаны өзгермеген күйінде көшпелі түрік халықтарының (тува, алтай, ) дін өкілдері, шамандарының (бақсылардың) қауырсын тізген баскиімінде сақталған. Қазақ арасында бұл дәстүр сақталмағанымен, оның сарқыншағын жас бала, келін, сал мен серілердің баскиіміне, дулығасына жыға қадауынан және қарқаралы баскиімінен байқауға болады. Әйткенмен түркі-моңғолдың ежелгі лауазым иелері бөрікке көзтоға (кейде көзотаға, қозатога, моңғолша «отго / отого») деп аталатын асыл тас та тағынған.
Түркі-моңғол тарихына қатысты шығыс (парсы, моңғол, Орта Азия өнері) миниатюраларында хандар мен сарай қызметкерлері көп қауырсынды баскиіммен бейнеленген. Яғни қауырсынды баскиім киетін адамдарды бейнелеуде қалыптасқан көркемдік канон болғанын білдіреді. Көшпелі халықтарда ерте заманнан бастап өте жоғары лауазым иелерінің баскиімінің маңдай тұсына, бөріктің, қалпақтың жиегіне айналдыра құтан, тырна, тауыс, бүркіт қауырсындарын тағатын. Көшпелілердің тек өзіне тән бұл дәстүр шамамен XIII-XIV ғ.-ға дейін сақталып, кейін бұл салттың ирандық (парсылық) варианты баскиімнің төбесіне не маңдайына (бір-екі қауырсынды) тағатын жығамен ауысқан. Абайдың сатқын, екіжүзді адамдарды сынағанда айтқан: Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмыс бастан жыға қисайғанда, - сөздеріндегі жығанық белгісі екендігін аңғартады.
Ерте замандарда шығыста патшалар бастарына матадан (кейде теріден) жасалған таспа (лента) байлаған. Кейін оны металдан жасап,алтын тәті (диадема) патша әміршілердің белгісіне санаған. Ондай тәтілер жұмсақ теріге не матаға бекітіліп, екі ұшына бау тағынып, шашқа, не баскиім сыртына байланған. Құлақты жаппайтын, желкелігі ғана бар мұндай күләпара тәрізді (башлық) қалпақтарды арғысы сақ-скифтер, бергі түркі, моңғолдар киген .
Баскиім пішу
Баскиімдердің тақия, киіз қалпақ, теріден тігілген бөрік пен тымақтар, сәукеле, жаулық тәрізді негізгі түрлері бүкіл қазаққа негізінен ортақ үлгіде болып келеді. Тақиялар тегіс төбелі, шошақ төбелі, тік етек формалы болып, бәрі кестеленген қара, жасыл, күрең т.б. түстегі барқыт, доқабадан тігіледі. Бөріктер биік етіп, бағалы аң терілерінен тігіледі; оқалы бөріктер оқамен сәнделеді, оған да үкі қадалады. Қалпақтар айыр етек, төрт қиықты делбегей етек, екі қиықты, етегі екі жақ шекесінен қайырылатын етек сияқты түрлендіріліп тігіледі
Төбесі биік, етегі кең пішілген айыр етекті қалпақтың төбесіне, қайырмасына ою-өрнектер тігіледі. Төрт қиықты делегей қалпақтың қайырмасы кең, мол болады, қара, жасыл, күрең түсті доқаба, барқыт, топпен тысталып, төбесі, етек қиюлары ирек өрнекпен кестеленеді. Төрт сайлы қалпақтың төрт қиық құрауын қара, яки ақ жібек, мақта жіппен кестелеп тігеді. Етегін қара, қоңыр, күрең, жасыл түсті барқыт, доқабалармен қиюлайды. Мұндай қалпақтардың етегі кең, төбесі биіктеу келеді. Кейбіреуінің төбесі шошайыңқы, етегі тарлау болады. Етегінің екі жағынан аз жырық шығарып тігетіндері де, етек қайырмасының арты биік, алды аласа қиюланатын түрлері де кездеседі. Төрт сайлы ақ қалпақ ішінде сайлары мен етектеріне кесте тігілетіндері де, қиюламай сайларының арасына лайықты өрнек салып тігілетіндері де бар. Жас жігіттер киетін қалпақ екі сайлы, төрт сайлы, кең немесе тар етек, айыр, мүйіз етекті, төбесі биік тігіледі. Жас жігіттер көбінде етек қиюы қара, күрең, жасыл доқаба барқыттармен қиюланған, төбесіне маржандап шашақ таққан, төбесі биік, етегі кеңірек қалпақтарды, кейде төрт сайы мен етек қиюы кестеленген қалпақтарды да, етегі қиюсыз ақ қалпақты да киеді. Мұндай қалпақтарды той-мерекелерде киеді. Қалпақтың етегі мен қиюына ою-өрнектер салынады, етегі қиюлы қалпақтардың етегінің жиектері де шалып тігіледі, сайларына лайықты қошқар мүйіз өрнектері салынады. Пішін нұсқаларының әртүрлілігі баскиім пішудің жалпы өзгерістеріне жатады. Қыздар бөркінің ер адамдардікінен айырмашылығы шамалы. Бұрынғы биік және үшкір конус тәрізді баскиімдер бірте-бірте аласа, төбесі жалпайыңқы баскиімге ұласып өзгеріске ұшыраған. XIX ғ. аяғындағы материалдарға қарағанда, қыздардың баскиімі қайырылмаған, яғни тері сынадан пішумен бірге, XX ғ. басында жаңа бір пошым пайда болады: жеке пішілген цилиндрлі жиектерден және төбесі жалпақ немесе томпақ төрт үшбұрышты тіліктен тұратын баскиім түрі қолданысқа кірді. Бұрын баскиімді терімен мол көмкерсе, енді терімен баскиімнің жиегін ғана көмкеретін болды. Бөрік - киіз, жүн, мақтадан төбелік, етектік маталар салып, түрлі үлгіде төбесі шошақ, дөңгелек, екі сайлы, төрт сайлы етіп, барқыт сияқты қымбат кездемемен тыстап, етек қайырмаларын қозының бұйра елтірісі мен асыл аң терілерімен қаптап тігілетін құлақсыз киім. Ерлер бөркі кәсіпке қарай сарпыс бөрік, түсірме бөрік, тігілуіне қарай жұмыр бүйірлі, тік қайырма етекті үкілі бөрік деп бөлінеді. Жас жігіттер биік қайырмалы бөріктерді көп киеді, жаз жайлауда кейде жағдайға қарай күзде де, қыста да киеді. Ертеде сайлығы биік шошақ төбелі биік бөріктер (биіктігі бір жарым немесе екі қарыс биік) болған деген мәліметтер бар .
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Захарова В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: XIX - нач. XX в. Алма-Ата: Наука, 1964
- Аргынбаев X.Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987
- Шойбеков Р.Н.Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993
- Толыбаев Қ.Бабадан қалған бар байлық. Алматы, 2000
- Ахметжан Қ. Қауырсын жыға қадаған. Баскиім кию дәстүрі кімдерден басталады? // AT. 2 ақпан, 2006
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
BaskiimDәstүrli mәdeniettegi әleumettik ekonomikalyk ajmaktyk zhastyk zhynystyk zhәne t b zhagynan ajkyndauysh anyktauysh belgi retinde zhүretin әri tutastyk zat retinde eleuli etnomәdeni mәnge ie zattyk mәdeniet elementi Baskiimde ulttyk estetikalyk talgam men tabigi ortaga bejimdelu erekshelikteri adamdardyn zhas zhәne zhergilikti rulyk erekshelikteri korinis tabady dyn II zhartysynan bastap kazak kogamynda oryn algan әleumettik ozgeristerge bajlanysty mәdeni omirde de үlken ozgerister boldy Erler baskiiminin tүri onsha kop emes kalpak borik tymak kulakshyn zhalbagaj delbegej dalbaj shyt kepesh kustandaj kolkeste bizkeste tүrlerimen kestelengen үshkүldir zhekej zhapeter takiya zerli үkili syrma shoshak tobe tikshe katipa zhәne t b bokebaj kүlәpara kyrpu ishtik borik zhәne t b Aukattylar tobesi sүjirleu kelgen kundyz nemese susar boriktin үstine barkytpen kobinese kүren tүsti kaptalgan altyn zerlermen kestelengen biik kalpak kigen Zhas zhigitter at zharysta kokpar tartuda bastaryna sheti kestelengen bajlamsha shyt tartady Mundagy shyt erlerdin zhazdyk baskiim retinde koldanylady ol terdin kozge betke aguynan korgajdy Shytty kezdemeden baska bajlauga zheterliktej etip shetin tigip dajyndajdy Қazak әjelderinin baskiimderi Қazak әjelderinin baskiimderi olardyn zhasy men otbasyndagy zhagdajyna bajlanysty bir birinen kop erekshelenedi Әjelderdin baskiimderi bergek borik zhaulyk zhelek zhyrga kimeshek kүndik oramal sәukele takiya shәli zhibek shilter oyuly tүri bar bүrkenish shylauysh zhәne t b Zhazdygүni kyzdar tүrli tүsti zhibek barkyt makpaldan tigilgen tobesi zhajpak dongelek takiya kise kys mausymynda aukattylar kәmshat borik kigen Baskiimderdi negizinen үsh onirge areal kartografiyalauga bolady a batys Bokej ordasynan Torgajga dejingi Orynbor dalasy men Soltүstik Aral toniregine dejingi aralyk ә soltүstik shygys Akmola men Semej oblystary Sibir kyrgyzdary oniri b ontүstik onir zhәne Zhetisudan Syrdariyaga dejingi aralyk Olardyn әrkajsysynyn ishinde de ishinara territoriyalyk ozgeshelikterdi angaruga bolady Mysaly batys arealy kuramyndagy Mangystau oniri Soltүstik shygys kuramyna kiretin Shygys Қazakstan al Syrdariyanyn tomengi agysy onirinin orny alaboten bul onirde zhogaryda atalgan үsh onirge tәn erekshelikterdin deni kezdesedi Batys kompleksi mynadaj ajyrmashylyktarymen erekshelenedi er zhәne әjel baskiimderi ishine shetine teri komkerilgen konus pishindi malakaj tobetaj kiiledi Sondaj ak bul onirde kүlәpara zhәne tigini erekshe burama zhaulyk keninen taralgan Soltүstik Ortalyk Shygys Қazakstandagy baskiim kompleksterin batyska zhakyndastyratyn tүrleri tobetej men kүlәpara birak batysta zhaktauy tutas kүlәpara basym tүsip zhatady Shygys Қazakstandagy әjelder baskiimi әsirese kimeshek pishindiligimen zhәne shagyn zhaulykpen erekshelenedi Қazakstannyn ontүstik onirinde tort kyrly kiiz kalpak taragan Zhetisudyn shygysyndagy baskiimder kompleksi katty karkasty erekshe zhaulykpen erekshelenedi Derekterge karaganda Қazaly men Perovsk oyazynda kazirgi Қyzylorda oblysy baskiimderdin neshe tүrli үlgisi boldy Zhamylgysh pen kimeshektin birneshe nuskasy soltүstik shygys pen ontүstik arealdarga da tәn al zhaulyktyn bir nuskasy tek osy onirde kezdesedi zhaulyktar zhumsak bolyp keledi Er adamdar poshymy soltүstik shygys arealga tәn kүlәpara kiedi Үlkenderdin baskiimne karaganda zhasospirimderdin baskiimdegi erekshelik shoshak tobeli takiyada bajkalady onyn etegi үsh eli bolyp tobesi alasa shoshak keledi Tobesi men etegine әrtүrli oyu ornek salyp kejbireuine tort bүjir ornegi men etegindegi ornegi karajlas tүsiriledi kejbireuinin tobesine de etegine de ulaspaly ornekter ajnaldyrylady kesteni shym keste etip battastyrylmaj zhinishkelep konturmen edemi tigiledi Tүrli torgyn nemese kezdememen astarlanady takiya sәndi bolu үshin tys pen astardyn ortasyna katyrma sapynyp syrylady bul takiyany el arasynda abaj takiyasy dep te atajdy Baskiimge tagylatyn әshekej bujymdarBajyrgy ortada baskiimdi әshekejleu barysynda altyn kүmis gauһar siyakty asyl tastardy kuramdas bolikter retinde pajdalangan Әshekejler kobinese sәukele takiya borik kimeshek tәrizdi baskiim tүrlerine tagylgan Ajshyk zharty aj zhuldyz bejnesi bar kүmisten sogylatyn zharty aj bejneli kүmis әshekejdi zhaulyktyn shekesine kimeshekke kadajdy Baszhaksy sәukelenin әshekej bujymdarynyn zhalpy atauy Sәukelenin әshekej zattary kop әri olar kymbatka tүsetindikten kүjeu zhagy kalynmaldan tys sәukelenin kunyn tolegen Ol tolem sәukele әshekejlerinin atauymen bas zhaksy dep ajtylgan Betmonshak sәukelenin eki zhagyna mandajyna salbyrata kadap koyatyn birneshe katar togilmeli monshak Ony sәukelenin betmonshagy dep atajdy Betmonshak eki tүrli bolady biri biryngaj irili usakty monshaktardan tүzilse ekinshisi matadan tigilip monshaktar mata betine kadalady ekeuinin de arasynda kүmis kozalar kadalady Betmonshak belge dejin tipti odan da tomen tүsip turgan Betmonshak zhas kelinnin uyalshak zhүzin zhartylaj zhasyryp betin bүrkemelep turady Sondyktan uyalyp tur deudin ornyna bet monshagy үzilip tur degen Ertede sәukelege zhakmonshak zhaktama zhaktau zhyrga sәukelenin syrgasy degen әshekejler takkan Sonymen katar shytak sәukelenin kozasy koza shar siyakty metall әshekeji Monshaktyn sany uzyndygy kyz әkesinin dәuletine bajlanysty bolgan Zhakmonshak sәukele borik bergek kimeshek siyakty әjelder baskiimderinin eki zhak samajlygyna zhәne mandajynyn aldyngy zhiegine kaska tүsire tizbeli shok zhasap shilterlep tagylatyn әshekej Zhakmonshakty zergerler altyn kүmis kozalaryn zhibek zhipterge tizip asyl tastarmen burshaktap үzbelep zhasajdy Kozotaga kobinese er adamnyn baskiimine kadajtyn meruert asyl tas Ony karapajym kisiler emes kyzmet dәrezhesi zhogary lauazymdy tekti adamdar takkan Қozaly үki borikke kadajtyn үki kauyrsynyn oragan әshekej әri әshekej әri tumar retinde pajdalanylady Sәukelenin syrgasy salpynshagy mol ozi uzyn da auyr bolgandyktan tek saptanatty kezderde sәukelege bajlajtyn syrga tүri shekelikke uksas Ony Batys Қazakstanda sabakty syrga dep atagan Onyn mәnisi auyr syrgalarga zhip bajlap shashka sәukelege bekitedi kazak kolonerinde sabak zhip degen magynany bildiredi Talmonshak takiyaga syrt kiimge birneshe katar etip tagylatyn monshak tүri Zhas balalardyn kyzdardyn takiyasyna tagylady Үkiayak zhogary zhagyna asyl tas ornatyp tomengi zhagyn kүmispen kүptep baskiimge besikke tagatyn әshekej Ertede үki kieli kus sanapyp onyn ayagyn kauyrsynyn tumar ornyna tutyngan Үkiayak syrgada sәukelede shashtengede kuramdas bolshek retinde koldanylady Shortas baskiimge kadajtyn asyl tas Shok baskiimge tagatyn altyn әshekej asyl tas altyn shok munyn shokty degen varianty da ushyrasady Al burama shok үkili shok asyl tasty baskiim әshekejlerinin kүrdeli tүrleri Қazak turmysynda shok belbeu shokkondyrgan baskiim ertede tektilikti lauazymdy dәrezheni korsetken Lauazymyna karaj asyl tas tүrleri tүsteri de әrtүrli bolgan Shyrmauyk ilgekti oka metall ilgekti әjelderdin baskiim әshekeji Shytyra baskiimge omyrauga ayakkiimge kadajtyn agashka er turmanga ornatatyn asyl tasty ne tassyz kүmis әshekej Shytyrapar tүrine karaj ak shytyra altyn shytyra kүmis shytyra kүmbez shytyra kumyrska bel shytyra meruert shytyra t b dep atalady Baskiimge katysty zhosyn zhoralgylarBaskiimge katysty zhosyn zhoralgylardyn tүrleri mol әri olardyn deni erteden kele zhatkan mifologiyalyk tүsinikpen yrymdarmen astasyp zhatady Ajtalyk baskiim kasietti ony ajyrbastauga bolmajdy ayakasty kylmajdy Zhaksy kisilerdin tymagy atadan bapaga mura esebinde kalyp otyrgan Қazak bagym auady dep baskiimdi eshkimge syjlamagan Baskiimdi ajyrbastamajdy basyndagy bagyn ketedi nemese bireudin basyndagy bәlesi zhugady Ertede shala tugan sәbidi tymakka salyp kyrkynan shygaratyn guryp bolgan Shala tugan sәbi ustauga besikke saluga kelmejdi tymak zhyly әri boleuge ustauga yngajly bolady zhәne sәbidin neshe kүni kem bolsa sonsha kүn bojy keregenin әr basyna ilinip kojylady dejdi esep kerege basy arkyly esepteledi Mysaly kyryk kүni kem bolsa keregenin kyrkynshy basynan bala tymaktan alynyp әdette zhana tugan bapanyn rәsimi zhasala bastajdy Eger bala kysta tusa onda үj kabyrgasyna birneshe shege kagylyp ilinedi Bul da tymaktyn kadiri men kasietin bejnelejtin korinisterdin biri Baskiimnin tobesin basyp kiyuge bolmajdy Kiip zhүrgen baskiimdi baska adamga kie turuga syjlauga satuga bolmajdy zhaman yrym dep esepteledi Baskiimin bireuge syjga berse kyzdyn zhigittin turmys kurulary keshigedi turmysy zhaksy adamnyn yrysy shajkapady adam basy kemidi degen nanymdar kapyptaskan Syjlykka zhana baskiim beru kerek Sondaj ak baskiim satyp alyp turgan adam ol kiimdi satushynyn kolymen basyna kidirip olshese basyndagy bagyn sol kisige beredi mys Sondyktan baskiimdi satyp alushynyn oz kolymen olsheuine nazar audargan Mәjittin basyn zhugan kisige baskiim beriledi Өshikkende tymakka kishi dәret syndyrady Baskiimdi aldyna kojyp ajtyskan akyndar sheshen daukester bolgan Ojnap zhүrgen bala eki tymakty үsti үstine kise kejin ose kele eki mәrte үjlenedi dep zhoridy Қyz basyna ak zhәne kara oramal tartpajdy Өjtkeni ak oramal әjel adam kietin zhaulyktyn al kara kajgynyn belgisi bolyp sanalady Baskiimnin andausyzda nemese kasakana zherge tүsirilui zhamandyktyn nyshany Ұl balasy turmagandar yrymdap baskiimge әrtүrli ala kula kurak salyp kiyulajdy Balalardyn kalpaktarynyn tobesine shoktap үki nemese marzhan kyzyl zhasyl shashaktar tagatyn әdet bolgan Bireuge bas urganda ayagyna tymagyn tastajtyn әdet bar Tymak uru nemese Tymak tastap keshirim surau bitimge shakyrudyn en үlken zholy Ajypker zhagynyn bedeldi adamdary men zhasy үlken zhon biletin aksakaldary kunyker auylyndagylardyn aldyna baryp Қudaj keshse kesh Bilmestik okys kezdejsoktyk kasakana emes is boldy keshirim dep otingen kezde ortaga en үlken aksakaly baskiimin tastap sozge mәmilege shakyrady Қyzdy alyp kashu үrdisinde kyz zhagynyn ayagyna zhygyla bargan kudalar da baskiimin zherge kyzdyn әke sheshesinin aldyna tastau isharasyn zhasajdy birak tastamajdy Borkin aspanga atu degen etnografizmnin shygu tegin anyktaudyn sәti tүspej keledi Өjtkeni baskiimdi kut ketedi dep tonkerip kojmajtyn kazak baskiimin laktyrady kuanganda degendi koshtagan mәlimet berushi zhok Baskiimge kauyrsyn bajlau dәstүri Baskiimge kauyrsyn tagu barlyk halyktardyn miftik nanymy bojynsha zherdegi adamnyn ruhtyk bolmysynyn aspan әlemimen bajlanysta ekendigin bildiredi Bul dәstүr kejin de zhalgaskan Bejneleu oneri materialdary onyn da mongoldar arasynda da saktalganyn korsetedi Baskiimge kauyrsyn tagu dәstүrinin argy negizinde dini yrymdyk nanym zhatkany ozgermegen kүjinde koshpeli tүrik halyktarynyn tuva altaj din okilderi shamandarynyn baksylardyn kauyrsyn tizgen baskiiminde saktalgan Қazak arasynda bul dәstүr saktalmaganymen onyn sarkynshagyn zhas bala kelin sal men serilerdin baskiimine dulygasyna zhyga kadauynan zhәne karkaraly baskiiminen bajkauga bolady Әjtkenmen tүrki mongoldyn ezhelgi lauazym ieleri borikke koztoga kejde kozotaga kozatoga mongolsha otgo otogo dep atalatyn asyl tas ta tagyngan Tүrki mongol tarihyna katysty shygys parsy mongol Orta Aziya oneri miniatyuralarynda handar men saraj kyzmetkerleri kop kauyrsyndy baskiimmen bejnelengen Yagni kauyrsyndy baskiim kietin adamdardy bejneleude kalyptaskan korkemdik kanon bolganyn bildiredi Koshpeli halyktarda erte zamannan bastap ote zhogary lauazym ielerinin baskiiminin mandaj tusyna boriktin kalpaktyn zhiegine ajnaldyra kutan tyrna tauys bүrkit kauyrsyndaryn tagatyn Koshpelilerdin tek ozine tәn bul dәstүr shamamen XIII XIV g ga dejin saktalyp kejin bul salttyn irandyk parsylyk varianty baskiimnin tobesine ne mandajyna bir eki kauyrsyndy tagatyn zhygamen auyskan Abajdyn satkyn ekizhүzdi adamdardy synaganda ajtkan Pajda үshin bireu zholdas bүgin tanda Ol turmys bastan zhyga kisajganda sozderindegi zhyganyk belgisi ekendigin angartady Erte zamandarda shygysta patshalar bastaryna matadan kejde teriden zhasalgan taspa lenta bajlagan Kejin ony metaldan zhasap altyn tәti diadema patsha әmirshilerdin belgisine sanagan Ondaj tәtiler zhumsak terige ne mataga bekitilip eki ushyna bau tagynyp shashka ne baskiim syrtyna bajlangan Қulakty zhappajtyn zhelkeligi gana bar mundaj kүlәpara tәrizdi bashlyk kalpaktardy argysy sak skifter bergi tүrki mongoldar kigen Baskiim pishuBaskiimderdin takiya kiiz kalpak teriden tigilgen borik pen tymaktar sәukele zhaulyk tәrizdi negizgi tүrleri bүkil kazakka negizinen ortak үlgide bolyp keledi Takiyalar tegis tobeli shoshak tobeli tik etek formaly bolyp bәri kestelengen kara zhasyl kүren t b tүstegi barkyt dokabadan tigiledi Borikter biik etip bagaly an terilerinen tigiledi okaly borikter okamen sәndeledi ogan da үki kadalady Қalpaktar ajyr etek tort kiykty delbegej etek eki kiykty etegi eki zhak shekesinen kajyrylatyn etek siyakty tүrlendirilip tigiledi Tobesi biik etegi ken pishilgen ajyr etekti kalpaktyn tobesine kajyrmasyna oyu ornekter tigiledi Tort kiykty delegej kalpaktyn kajyrmasy ken mol bolady kara zhasyl kүren tүsti dokaba barkyt toppen tystalyp tobesi etek kiyulary irek ornekpen kestelenedi Tort sajly kalpaktyn tort kiyk kurauyn kara yaki ak zhibek makta zhippen kestelep tigedi Etegin kara konyr kүren zhasyl tүsti barkyt dokabalarmen kiyulajdy Mundaj kalpaktardyn etegi ken tobesi biikteu keledi Kejbireuinin tobesi shoshajynky etegi tarlau bolady Eteginin eki zhagynan az zhyryk shygaryp tigetinderi de etek kajyrmasynyn arty biik aldy alasa kiyulanatyn tүrleri de kezdesedi Tort sajly ak kalpak ishinde sajlary men etekterine keste tigiletinderi de kiyulamaj sajlarynyn arasyna lajykty ornek salyp tigiletinderi de bar Zhas zhigitter kietin kalpak eki sajly tort sajly ken nemese tar etek ajyr mүjiz etekti tobesi biik tigiledi Zhas zhigitter kobinde etek kiyuy kara kүren zhasyl dokaba barkyttarmen kiyulangan tobesine marzhandap shashak takkan tobesi biik etegi kenirek kalpaktardy kejde tort sajy men etek kiyuy kestelengen kalpaktardy da etegi kiyusyz ak kalpakty da kiedi Mundaj kalpaktardy toj merekelerde kiedi Қalpaktyn etegi men kiyuyna oyu ornekter salynady etegi kiyuly kalpaktardyn eteginin zhiekteri de shalyp tigiledi sajlaryna lajykty koshkar mүjiz ornekteri salynady Pishin nuskalarynyn әrtүrliligi baskiim pishudin zhalpy ozgeristerine zhatady Қyzdar borkinin er adamdardikinen ajyrmashylygy shamaly Buryngy biik zhәne үshkir konus tәrizdi baskiimder birte birte alasa tobesi zhalpajynky baskiimge ulasyp ozgeriske ushyragan XIX g ayagyndagy materialdarga karaganda kyzdardyn baskiimi kajyrylmagan yagni teri synadan pishumen birge XX g basynda zhana bir poshym pajda bolady zheke pishilgen cilindrli zhiekterden zhәne tobesi zhalpak nemese tompak tort үshburyshty tilikten turatyn baskiim tүri koldanyska kirdi Buryn baskiimdi terimen mol komkerse endi terimen baskiimnin zhiegin gana komkeretin boldy Borik kiiz zhүn maktadan tobelik etektik matalar salyp tүrli үlgide tobesi shoshak dongelek eki sajly tort sajly etip barkyt siyakty kymbat kezdememen tystap etek kajyrmalaryn kozynyn bujra eltirisi men asyl an terilerimen kaptap tigiletin kulaksyz kiim Erler borki kәsipke karaj sarpys borik tүsirme borik tigiluine karaj zhumyr bүjirli tik kajyrma etekti үkili borik dep bolinedi Zhas zhigitter biik kajyrmaly borikterdi kop kiedi zhaz zhajlauda kejde zhagdajga karaj kүzde de kysta da kiedi Ertede sajlygy biik shoshak tobeli biik borikter biiktigi bir zharym nemese eki karys biik bolgan degen mәlimetter bar DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Zaharova V Hodzhaeva R D Kazahskaya nacionalnaya odezhda XIX nach XX v Alma Ata Nauka 1964 Argynbaev X Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin leksikasy Almaty Қazakstan 1993 Tolybaev Қ Babadan kalgan bar bajlyk Almaty 2000 Ahmetzhan Қ Қauyrsyn zhyga kadagan Baskiim kiyu dәstүri kimderden bastalady AT 2 akpan 2006Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet