Жанқұтты Ботантайұлы, Жақсы Жанқұтты (1810, Қарағанды облысы Шет ауданы Аюлы тауының баурайы — 1873, Сауд Арабиясы, Мекке) — шешен, би.
Өмірбаяны
Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашады. Кейін әкесі Жанқұттыны Қарқаралы қаласындағы медресеге оқуға береді (1824). Медресені бітіргеннен кейін ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Ол Жанқұттыға былай деп бата берген екен: “Аллаға жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол, халқыңа жағам десең — әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!”. Құнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған Жанқұтты бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. Қажылыққа екі рет барған (1850, 1873). Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: “Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой” деп жүріп кетеді. Сол сапарында Меккеде қайтыс болған. Жақсы Жанқұттыты атанған шешен, бидің кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол. Жанқұттының алғаш жұртқа танылуы Жамантаймен жауаптасуы. Қарқаралыға аға сұлтан болып сайланған Жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Жер көріп, танысын деген ниетпен Ботантай Жанқұттыны ертіп келеді, мұны көрген Жамантай: “Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім?” депті. Сонда Жанқұттыты: “ұафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм ішіп едік, бір ақсақал “еті арық екен” деп тыжырынып отырды, бүгін мені көріп сіз тыжырынып отырсыз! Сонда бұл қалай? Адам алжыса астан шошиды, төре алжыса жастан шошиды деген осы ма? Болмаса, “асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады” деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқандығыңыз?” депті. Жамантай қасындағылардың бірі: “Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен!” дегенде, Жамантай төре: “Болайын деп емес, болып тұрған, төрт құбыласы тең түсіп толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің округтің ішіндегі дауға қатысты мәселені осы шешетін болсын”, деп шешім шығарыпты. Жалпы, Жанқұттының айтқан сөздерінен үш түрлі бағыт байқалады: 1) халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттері; 2) ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; 3) ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлуі. Жанқұтты туралы деректер Қ.Жұмалиевтің “XVІІІ— XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті” (1967), Б.Адамбаевтың “Халық даналығы” (1984), “Ел аузынан” (1990) еңбектерінде келтірілген.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме
Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін:
- - Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды.
Сонда Жанқұтты:
- - Адал болсаң, судай бол,
- Су арамды кетіреді.
- Мықты болсаң жердей бол,
- Жер жаһанды көтереді, -
деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқүұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
- Аллаңа жағам десең, азанды бол,
- Ағайынға жағам десең, қазанды бол,
- Халқыңа жағам десең, өділ бол.
- Судай таза бол,
- Жердей берік бол,
- Өмірің ұзақ болсын,
- Сөзің халқыңа куат болсын! -
деп батасын беріп аттандырған екен.
Жанқұттының өскен ортасы қасиетті Сарыарқаның өнегелі де, тәрбиелі елі болған. Талай өнерпаз, білімдар, парасатты, әруақты ата-бабалар ғұмыр кешкен сол бір аймақтан Қаз дауысты Қазыбек, Шортанбай жырау Қараменде, Сеңкібай, Шабанбай, Жидебай, Жалаңбас, Боранбай тәрізді ділмар шешен билер, не бір батырлар шыққан ғой. Міне, осындай өнегелі халық арасынан тәлім алған Жанқұтты да осал болмаған.
Атақты жырау Шортанбай Кенесары ханның ақылгөй ақыны болса, Жанқұтты оның батыр сарбазы оң жағында отыратын кеңесші бас биі екен. Сол бір ұлт-азаттық қозғалыстың жорық, шайқасына талай қатысып ел азаттығы үшін, үрім-бұтақ болашағы үшін күрескен азамат Жанқұтты бидің бұл саладағы атқарған қызметі, билік, кесім, шешендік сөздері кезінде хатқа түспеген. Ауызша айтылып жүрген нұсқалары ұмытыла бастаған.
Кезінде Шабанбай биден бата алған Жанқұтты шешен жайлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мынадай дерек жазып қалдырған "Құлжаннан Айдабол, Амантай, Дәріпсөлі, Маман, Шуаш. Шуаштан, Ботантай, Айбада, Ботантайдан Жанқұтты. Бұл Жанқұтты Мұса, Секербай заманында ауызға ілігіп, көзге түскен қазақ жақсыларының касқа маңдайы болған. Бірі ескі заң, бірі - жаңа заң, Бұл Жанқұтты жаңа заңды көрген жок, ескі заңды қажыға барып қалып, басына тас орнаттырып, тасына жаздырған: "Қазақ, Арғын, Сарым руынан Жанқұтты Ботантайұлы. Мекке мен Мединені көрмеген кісі анадан тудым, жалған дүниенің жүзіне келмедім десе де болар", депті. Онан бұрын әулиелерді зиярат қыла Алатау, Қаратауға барған. Үйсін Төле бидің қасында отырып, билік айтып, төре берген төбесін көремін деп барғанда, Алатау Қаратаудың пәлен қалай, түген қалай деп сұрағандарына айтқан: "Тобықты Құнанбай шыңның басынан шыққан қайнар бұлақ, қыпшақ Ыбырай қажымас қара болат, Мұса қабыршағы колға тұрмас жылмағай қара балық, Шыңғыс төре мұсылманға суық, орысқа жуық". Бұл сөздерді Көктіңұлы Сапақтың бел баласы Иманберді датқаға сөйлеген. Тобықты Құнанбай, қыпшақ Ыбырай, Төртуыл Мұса осы үшеуі қазақтың маңдайына нағып сыйып жүргеніне айран-асырмын, деген Жанқұтты". Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын тынымсыз жинап, артына ұлан-асыр мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіптен келтіріліп отырған бұл үзіндіден ең алдымен Жанқұтты бидің шыққан тегі, арғы ата-бабалары туралы мәлімет алсақ, екіншіден оның қасиетті Меккеге бір емес, екі рет барып Қажы аталғанын, Құнанбай, Ыбырай, Мұса және Шоқанның атасы Шыңғысқа берген жоғары батасын аңғарамыз.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме
Бірде Жанқұтты шешен аға сұлтан Құнанбайдың үйінде отырғанда оған Абай келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың жас, үйленбеген шағы екен. Абайдың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен би аланы қасына отырғызып оған бірнеше сұрақ қояды:
- -Шырағым, дүние неге сүйенеді?
Абай:
- -Дүние үмітке сүйенеді.
Жанқұтты:
- -Көздің көрмесі бола ма?
Абай:
- -Көз қабағын көрмейді.
Жанқұтты:
- -Шам жарығының түспесі бола ма?
Абай:
- -Шам жарығы түбіне түспейді.
Жанқұтты:
- - Болат пышақтың кеспесі бола ма?
Абай:
- -Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді.
Жанқұтты:
- -Тамағына тартпайтын махлұқат бола ма?
Абай:
- -Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды.
Абай жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрапты. Сонда Абай:
- — Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
- Талпынған мен балапан үядағы.
- Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
- Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.
- Көз көруі жетпейді қабағына,
- Шам жарығы түспейді табанына,
- Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,
- Мақлұкат тарпай қоймас тамағына,
— депті.
Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай:
- -Ата, сізден сұрақ сүрауға бола ма? — дейді.
- -Е, шырағым, сұрай ғой, — депті Жанқұтты.
- -Ата, арзан не, қымбат не,дауасыз не? - депті Абай. Жанқұтты:
- -Шырағым, арзан — өтірік, қымбат — шындық, дауасыз — кәрілік емес пе? Жанарың отты екен — ақындығың, маңдайың жазық екен — ойлылығың шығар, халкыңның қалаулы азаматы бол! — деп батасын беріпті.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме
Бірде Құнанбай, Алшынбай, Мұса үшеуі бірігіп, ел арасында даулы мәселелер көбейіп кетті, барымта жиі қайталанатын болды деген желеу етіп, ел жинап, мәслихат өткізбек болады. Дуанбасылар шақыртқан соң халық жиылады. Халықтың бас-аяғы түгел жиналып болғанымен дуанбасылар келе қоймайды. Шілденің аптап ыстығында халық бірнеше күн тосып қалады. Ел арасынан реніш сөздер шыға бастайды. Соны сезген Жанқұтты шешен халықты дуанбасылар келмейтін болды деп таратып жіберіп, өзі үшеуінің алдынан шығады. Алшынбай тұрып:
- -Е, Жанқұтты, халық, жиналды ма? - депті.
- -Халық жиналмақ түгіл жиылыс бітіп қойды. Сіздер кешікеннен кейін сырқаттанып қалды ма - деп, жиылыста қаралатын төрт мәселенің біріне өзім билік айтып, үшеуін үшеуіңізге қалдырып, кейін бір кезі келгенде айтар деп халықты таратып жібердім, - депті Жанқұтты.
- -Оның да дұрыс болтан екен, бізге қайсысын қалдырдың? - депті Алшынбай. Сонда Жанқұтты тұрып:
- -Мұсажан, астық дауын саған қалдырдым, Алшеке, тақыр жердің билігін саған қалдырдым, Құнанбай актобық аттың билігін саған қалдырдым, - деген екен.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме
Шешеннің қартайған шағында ел арасында даулы мәселе болып, соны шешу үшін билік айтуға жастар арасынан адам шыға қоймайды. Соған қынжылған Жанқұтты би:
- -Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ бітсейші, бір атадан алты жаман туғанша, алты атадан бір жақсы тусайшы, елге тұлға болатын, - деген нақыл сөз айтыпты.
Жанқұттының жыр үлгісінде айтқан накылдары:
- Бір сөз айтсаң жақсыға,
- Аталы сөзге тоқтайды.
- Бір сөз айтсаң жаманға,
- Өмірінде ұқпайды.
- Надандықтың белгісі,
- Өзін-өзі мақтайды.
- Көкірегі соқырға,
- Өмірде таң атпайды.
- Шешеннің сөзі дария,
- Қап түбінде жатпайды.
- Тон бітпеске тон бітсе,
- Қағуменен тоздырады.
- Жаман болса алғаны.
- Ер жігітті аздырады.
- Жақсыменен сөйлессең,
- Құмарыңды қандырады.
- Жаманменен сөйлессең,
- Көңіліңді қалдырады.
- Кез болсаңыз суайтқа,
- Өтірік айтып нандырады.
- Өсекшімен сөйлессең,
- Ұрмай-соқпай талдырады.
- Жолдас болсаң сараңмен,
- Жол үстінде қалдырады
- Жаман болса достарың,
- Өзін жауға алдырады.
- Жаман болса - жақын жау,
- Шайпау болса - қатын жау,
- Шабан болса - атың жау,
- Тартыншақ болса - түйең жау,
- Тебеген болса - биең жау.
- Күнде келсе - күйеу жау,
- Жымысқы болса - жиен жау,
- Тіл алмаса - ұлың жау,
- Арсыз болса - қызың жау.
- Әйелің жақсы болса -
- қонағың мен үйіңнің тұрағы,
- Балаң жақсы болса -
- екі көздің шамшырағы.
- Атың шабан болса -
- бұл жалғанның азабы,
- Әйелің жаман болса -
- дүниенің дозағы.
- Балаң жаман болса -
- көрінгеннің мазағы.
- Әйелің жақсы болса -
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгіме
- - Не жетім? - деген сұраққа Жанқұтты:
деп термелеген екен.
Жанкұтты шешеннің осындай ақыл, нақыл, үшін оны ел құрметтеп "", "" деп кеткен. Жанқұтты 63 жасында қайтыс болған. Шешен жөнінде академик Қ. Жұмалиев өзінің "XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті" деген еңбегінде және зерттеуші ақын Жеңіс Қашқынов бірқатар деректеме мақалалар жазды.
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhankutty Botantajuly Zhaksy Zhankutty 1810 Қaragandy oblysy Shet audany Ayuly tauynyn baurajy 1873 Saud Arabiyasy Mekke sheshen bi ӨmirbayanyBala kezinde auyl moldasynan okyp musylmansha sauatyn ashady Kejin әkesi Zhankuttyny Қarkaraly kalasyndagy medresege okuga beredi 1824 Medreseni bitirgennen kejin el ishindegi әr tүrli bilik әkimshilik zhumystaryna aralasady Zhankutty oz zamanynyn әdil bii ot auyzdy orak tildi shesheni Shabanbaj bidin batasyn alyp tәlim tәrbiesin korgen Ol Zhankuttyga bylaj dep bata bergen eken Allaga zhagam desen azandy bol Agajynga zhagam desen kazandy bol halkyna zhagam desen әdil bol Sudaj taza bol Zherdej berik bol Өmirin uzak bolsyn Ajmagyn suat bolsyn Sozin halkyna kuat bolsyn Қunanbaj Alshynbaj Қusbek tore siyakty el zhaksylarymen karym katynasta bolgan Zhankutty bala Abajdyn bolashagyn bolzhap bata bergen Қazhylykka eki ret bargan 1850 1873 Songy barganda Қunanbajdyn kelesi zhyly barajyk degen sozine Keler zhylga karar edim azhal karamajdy goj dep zhүrip ketedi Sol saparynda Mekkede kajtys bolgan Zhaksy Zhankuttyty atangan sheshen bidin kejingi urpakka osiet etip kaldyrgan үlgi bolarlyk nakyl sozderi mol Zhankuttynyn algash zhurtka tanyluy Zhamantajmen zhauaptasuy Қarkaralyga aga sultan bolyp sajlangan Zhamantaj tore eldin igi zhaksylaryn zhinapty Zher korip tanysyn degen nietpen Botantaj Zhankuttyny ertip keledi muny korgen Zhamantaj Bul katyn kalash bala shaganyn osek ajtatyn zheri emes alkaly toptyn bas kosatyn mәzhilisi emes pe myna bala kim depti Sonda Zhankuttyty uafu etiniz keshe kelgende bir үjge konak bolyp dәm iship edik bir aksakal eti aryk eken dep tyzhyrynyp otyrdy bүgin meni korip siz tyzhyrynyp otyrsyz Sonda bul kalaj Adam alzhysa astan shoshidy tore alzhysa zhastan shoshidy degen osy ma Bolmasa asyl tastan shygady akyl zhastan shygady degen ataly sozdi attap ketkeniniz kaj saskandygynyz depti Zhamantaj kasyndagylardyn biri Sozin kara bolajyn dep turgan bala eken degende Zhamantaj tore Bolajyn dep emes bolyp turgan tort kubylasy ten tүsip tolyp turgan zhas eken budan bylaj bizdin okrugtin ishindegi dauga katysty mәseleni osy sheshetin bolsyn dep sheshim shygarypty Zhalpy Zhankuttynyn ajtkan sozderinen үsh tүrli bagyt bajkalady 1 halykka kamkor bolu syrtky dushpandarynan korganu үshin zhasagan is әreketteri 2 el birligin saktau ru arasyndagy dauly mәselelerdi sheshu barysynda әdil kazylyk zhasau 3 urpakka ulagatty soz kaldyru zhastardy tәrbieleuge ajryksha mәn berip konil bolui Zhankutty turaly derekter Қ Zhumalievtin XVIII XIX gasyrlardagy kazak әdebieti 1967 B Adambaevtyn Halyk danalygy 1984 El auzynan 1990 enbekterinde keltirilgen Zhankutty Botantajuly turaly әngimeZhankutty on zheti zhasynda әkesinin ajtuymen Sary elinin bedeldi bii Shabanbajga bata aluga barady Zhankuttynyn zhasyn surap bilgennen kejin Shyragym dүniede ne adal әlemde ne mykty dep surajdy Sonda Zhankutty Adal bolsan sudaj bol Su aramdy ketiredi Mykty bolsan zherdej bol Zher zhaһandy koteredi dd degen eken Zhauabyna riza bolgan Shabanbaj bi bala Zhankүuttyny birneshe kүn konak etip keterinde Allana zhagam desen azandy bol Agajynga zhagam desen kazandy bol Halkyna zhagam desen odil bol Sudaj taza bol Zherdej berik bol Өmirin uzak bolsyn Sozin halkyna kuat bolsyn dd dep batasyn berip attandyrgan eken Zhankuttynyn osken ortasy kasietti Saryarkanyn onegeli de tәrbieli eli bolgan Talaj onerpaz bilimdar parasatty әruakty ata babalar gumyr keshken sol bir ajmaktan Қaz dauysty Қazybek Shortanbaj zhyrau Қaramende Senkibaj Shabanbaj Zhidebaj Zhalanbas Boranbaj tәrizdi dilmar sheshen biler ne bir batyrlar shykkan goj Mine osyndaj onegeli halyk arasynan tәlim algan Zhankutty da osal bolmagan Atakty zhyrau Shortanbaj Kenesary hannyn akylgoj akyny bolsa Zhankutty onyn batyr sarbazy on zhagynda otyratyn kenesshi bas bii eken Sol bir ult azattyk kozgalystyn zhoryk shajkasyna talaj katysyp el azattygy үshin үrim butak bolashagy үshin kүresken azamat Zhankutty bidin bul saladagy atkargan kyzmeti bilik kesim sheshendik sozderi kezinde hatka tүspegen Auyzsha ajtylyp zhүrgen nuskalary umytyla bastagan Kezinde Shabanbaj biden bata algan Zhankutty sheshen zhajly Mәshһүr Zhүsip Kopejuly mynadaj derek zhazyp kaldyrgan Қulzhannan Ajdabol Amantaj Dәripsoli Maman Shuash Shuashtan Botantaj Ajbada Botantajdan Zhankutty Bul Zhankutty Musa Sekerbaj zamanynda auyzga iligip kozge tүsken kazak zhaksylarynyn kaska mandajy bolgan Biri eski zan biri zhana zan Bul Zhankutty zhana zandy korgen zhok eski zandy kazhyga baryp kalyp basyna tas ornattyryp tasyna zhazdyrgan Қazak Argyn Sarym ruynan Zhankutty Botantajuly Mekke men Medineni kormegen kisi anadan tudym zhalgan dүnienin zhүzine kelmedim dese de bolar depti Onan buryn әulielerdi ziyarat kyla Alatau Қaratauga bargan Үjsin Tole bidin kasynda otyryp bilik ajtyp tore bergen tobesin koremin dep barganda Alatau Қarataudyn pәlen kalaj tүgen kalaj dep suragandaryna ajtkan Tobykty Қunanbaj shynnyn basynan shykkan kajnar bulak kypshak Ybyraj kazhymas kara bolat Musa kabyrshagy kolga turmas zhylmagaj kara balyk Shyngys tore musylmanga suyk oryska zhuyk Bul sozderdi Koktinuly Sapaktyn bel balasy Imanberdi datkaga sojlegen Tobykty Қunanbaj kypshak Ybyraj Tortuyl Musa osy үsheui kazaktyn mandajyna nagyp syjyp zhүrgenine ajran asyrmyn degen Zhankutty Қazaktyn auyz әdebieti nuskalaryn tynymsyz zhinap artyna ulan asyr mura kaldyrgan Mәshһүr Zhүsipten keltirilip otyrgan bul үzindiden en aldymen Zhankutty bidin shykkan tegi argy ata babalary turaly mәlimet alsak ekinshiden onyn kasietti Mekkege bir emes eki ret baryp Қazhy atalganyn Қunanbaj Ybyraj Musa zhәne Shokannyn atasy Shyngyska bergen zhogary batasyn angaramyz Zhankutty Botantajuly turaly әngimeBirde Zhankutty sheshen aga sultan Қunanbajdyn үjinde otyrganda ogan Abaj kelip sәlem beredi Ol kezde Abajdyn zhas үjlenbegen shagy eken Abajdyn tapkyrlygyn olen shygaratyndygyn estip zhүrgen sheshen bi alany kasyna otyrgyzyp ogan birneshe surak koyady Shyragym dүnie nege sүjenedi Abaj Dүnie үmitke sүjenedi Zhankutty Kozdin kormesi bola ma Abaj Koz kabagyn kormejdi Zhankutty Sham zharygynyn tүspesi bola ma Abaj Sham zharygy tүbine tүspejdi Zhankutty Bolat pyshaktyn kespesi bola ma Abaj Bolat pyshak oz sabyn ozi kespejdi Zhankutty Tamagyna tartpajtyn mahlukat bola ma Abaj Өz tamagyna tartpajtyn mahlukat bolmajdy Abaj zhauabyna riza bolgan sheshen ogan olen tүrinde zhauap beruin surapty Sonda Abaj Siz sunkar samgaj ushkan kiyadagy Talpyngan men balapan үyadagy Өrnekti olen sozben zhauap bersem Dүnienin zhalgyz үmit tiyanagy Koz korui zhetpejdi kabagyna Sham zharygy tүspejdi tabanyna Өz sabyn bolat pyshak ozi kespes Maklukat tarpaj kojmas tamagyna dd depti Et zhelinip kymyz ishilgennen kejin Abaj Ata sizden surak sүrauga bola ma dejdi E shyragym suraj goj depti Zhankutty Ata arzan ne kymbat ne dauasyz ne depti Abaj Zhankutty Shyragym arzan otirik kymbat shyndyk dauasyz kәrilik emes pe Zhanaryn otty eken akyndygyn mandajyn zhazyk eken ojlylygyn shygar halkynnyn kalauly azamaty bol dep batasyn beripti Zhankutty Botantajuly turaly әngimeBirde Қunanbaj Alshynbaj Musa үsheui birigip el arasynda dauly mәseleler kobejip ketti barymta zhii kajtalanatyn boldy degen zheleu etip el zhinap mәslihat otkizbek bolady Duanbasylar shakyrtkan son halyk zhiylady Halyktyn bas ayagy tүgel zhinalyp bolganymen duanbasylar kele kojmajdy Shildenin aptap ystygynda halyk birneshe kүn tosyp kalady El arasynan renish sozder shyga bastajdy Sony sezgen Zhankutty sheshen halykty duanbasylar kelmejtin boldy dep taratyp zhiberip ozi үsheuinin aldynan shygady Alshynbaj turyp E Zhankutty halyk zhinaldy ma depti Halyk zhinalmak tүgil zhiylys bitip kojdy Sizder keshikennen kejin syrkattanyp kaldy ma dep zhiylysta karalatyn tort mәselenin birine ozim bilik ajtyp үsheuin үsheuinizge kaldyryp kejin bir kezi kelgende ajtar dep halykty taratyp zhiberdim depti Zhankutty Onyn da durys boltan eken bizge kajsysyn kaldyrdyn depti Alshynbaj Sonda Zhankutty turyp Musazhan astyk dauyn sagan kaldyrdym Alsheke takyr zherdin biligin sagan kaldyrdym Қunanbaj aktobyk attyn biligin sagan kaldyrdym degen eken Zhankutty Botantajuly turaly әngimeSheshennin kartajgan shagynda el arasynda dauly mәsele bolyp sony sheshu үshin bilik ajtuga zhastar arasynan adam shyga kojmajdy Sogan kynzhylgan Zhankutty bi Қaragajga karsy butak bitkenshe emenge iir butak bitsejshi bir atadan alty zhaman tugansha alty atadan bir zhaksy tusajshy elge tulga bolatyn degen nakyl soz ajtypty Zhankuttynyn zhyr үlgisinde ajtkan nakyldary Bir soz ajtsan zhaksyga Ataly sozge toktajdy Bir soz ajtsan zhamanga Өmirinde ukpajdy Nadandyktyn belgisi Өzin ozi maktajdy Kokiregi sokyrga Өmirde tan atpajdy Sheshennin sozi dariya Қap tүbinde zhatpajdy dd Ton bitpeske ton bitse Қagumenen tozdyrady Zhaman bolsa algany Er zhigitti azdyrady Zhaksymenen sojlessen Қumaryndy kandyrady Zhamanmenen sojlessen Konilindi kaldyrady Kez bolsanyz suajtka Өtirik ajtyp nandyrady Өsekshimen sojlessen Ұrmaj sokpaj taldyrady Zholdas bolsan saranmen Zhol үstinde kaldyrady Zhaman bolsa dostaryn Өzin zhauga aldyrady dd Zhaman bolsa zhakyn zhau Shajpau bolsa katyn zhau Shaban bolsa atyn zhau Tartynshak bolsa tүjen zhau Tebegen bolsa bien zhau Kүnde kelse kүjeu zhau Zhymysky bolsa zhien zhau Til almasa ulyn zhau Arsyz bolsa kyzyn zhau dd Әjelin zhaksy bolsa konagyn men үjinnin turagy dd Balan zhaksy bolsa eki kozdin shamshyragy dd Atyn shaban bolsa bul zhalgannyn azaby dd Әjelin zhaman bolsa dүnienin dozagy dd Balan zhaman bolsa koringennin mazagy dd dd Zhankutty Botantajuly turaly әngime Ne zhetim degen surakka Zhankutty El konbasa zher zhetim Қus konbasa kol zhetim zhok shal zhetim zhok mal zhetim Sokyr bolsa koz zhetim Tyndalmagan soz zhetim Tyndaushysyz dana zhetim Ata anasyz bala zhetim Қagazsyz kalam zhetim Akylsyz adam zhetim dd dep termelegen eken Zhankutty sheshennin osyndaj akyl nakyl үshin ony el kurmettep dep ketken Zhankutty 63 zhasynda kajtys bolgan Sheshen zhoninde akademik Қ Zhumaliev ozinin XVIII XIX gasyrdagy kazak әdebieti degen enbeginde zhәne zertteushi akyn Zhenis Қashkynov birkatar derekteme makalalar zhazdy DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet SiltemelerҚazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet