Драматургия (гр. δρᾱμᾰτουργῐ́ᾱ) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385). Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.
Taрихы
Ежелгі римдіктер грек драматургиясының сыртқы пішінін мұра етіп, оны өздерінің қоғамдық өмірінің қажеттілігіне сәйкес жаңа рухпен байытты. Олардың трагедиялары қанды оқиғаларға (Сенека, б.з.б. 47 — 65), ал комедиялары гротескке (Теренции, б.з.б. 195 — 159, Плавт, б.з.б. 3 ғасырдың ортасы — 184) толы болды. Орта ғасырларда драматургия көпшілік ойын-сауық, пұтқа табынушылық дәстүрімен қайта жаңарды. Христиан діні Еуропа халықтарының негізгі сеніміне айналғаннан кейін (5 — 6 ғасырлар) шіркеулерде литургиялық драма (10 ғасыр) пайда болды. Қалалардың дамуына байланысты драматургияда Тәурат оқиғаларын суреттеген мистерия, фарс жанры пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде Испания мен Англияда драматургия өзінің “алтын ғасырын” басынан өткерді. Англияда У.Шекспир адамзат трагедиясын суреттесе, Испанияда Лопе де Вега мен Кальдерон (1600 — 1681) әлемнің қайшылығын көрсетеді. Қайта өрлеу дәуірінде трагедия мен комедия өз дамуының жоғары сатысына көтерілді. 17 ғасырда Францияда абсолюттік монархия орнағаннан кейін классицизм драматургиясы дамыды. Драматургияда ішкі композициялық үйлесім, бөлімдер арасындағы логикалық байланыс басты орынға шықты. Классицизм трагедияларының ішкі пафосы — адам сезімін қорғауға құрылды (П.Конель, Ж.Расин). Классицизм драматургиясы Мольердің комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. 18 ғасырдағы ағартушылық дәуірінің өкілдері (Францияда Дидро, Германияда Лессинг) драматургияда өмірдің ақиқатын реалистік тұрғыдан бейнелеп, оны жанр, сюжет, мінез бен тіл жағынан бір қалыпқа келтіруге тырыстты. Классицизм мен реализмге қарағанда ақыл мен сананы бірінші орынға қойған сентименталистер мен “штюрмерлер” (“Дауыл мен тегеуірін” драматургиясының өкілдері), сезімді өнердің ең басты өрісі деп есептеген романтизм өкілдері (Гете мен Шиллердің бастапқы пьесалары) ерте кездегі тарихты нақты суреттеуге талпынды (В.Гюго, А.Виньи, Байрон, Шелли, А.Дюма) Батыс Еуропадағы драматургияның дамуындағы жаңа кезеңді 19 ғасырдың 2-жартысында қоғамдық өмірде өте маңызды әлеуметтік-философиялық және этикалық мәселелерді көтерген Г.Ибсен реалистік драмамен ашты. 19 ғасырдың аяғында драматургияда да екі бағыт: натурализм және символизм пайда болды. Натурализмді негіздеуші теоретик Э.Золяның айтуынша, пьесада кейіпкерлердің өмірін нақтылы түрде көрсету керек (Ибсен, Г.Гауптманның кейбір шығармалары). Ал символистер, керісінше, өмірді нақтылы түрде суреттеуден бас тартып, болмыстың мистикалық мәнін түсіндіруді көздеді (М.Метерлинк, Верхарн). 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Ресейде сыншыл реализм дамыды (Д.И. Фонвизин). А.С. Пушкин драматургияда әлеуметтік талдау жасап, өмірдегі қайшылықтар мәніне үңілді. А.С. Грибоедов әлеуметтік-сатиралық комедияны жалғастырды. Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, М.Е. Салтыков-Щедрин, А.В. Сухово-Кобылин, А.Н. Островский сыншыл реализм драматургиясының арнасын кеңейтті. Өмір шындығына терең бойлау, қоғам кемістіктерін сынау бағдары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов драматургиясында әлеуметтік-философиялық мазмұнға ие болды. 20 ғасырда драматургиядағы көркемдік бағыт-бағдарларға бай ғасыр болды. Сыншыл реализм де (Б.Шоу, Дж.Голсуорси, М.Горький, т.б.). сонымен қатар символистік драматургия (Метерлинк, Г.Д. Аннунцио, А.Блок, т.б.) одан әрі дами түсті. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін реалистік драматургиямен (Францияда М.Паньоль, АҚШ-та Л.Хелман. А.Миллер, Англияда С.Моэм, т.б.) қатар, өмір шындығынан бас тартпай, бірақ шарттылық, фантастика, эксцентрика формалары қолданылған “сана драматургиясы” (Англияда — Шоу, Италияда Л.Пиранделло, Францияда — Ж.Жирору, Ж.Ануй, Ж.П. Сартр, Швейцарияда — Ф.Дюрренматт) өріс алды. 20 ғасырдың 20 — 30-жылдары экспрессионалистік драматургия (Германияда — Г.Кайзер, В.Газенклевер, АҚШ-та — Э.Райс, т.б.) кең етек жайды. 20 ғасырда дүниежүзілік соғыстар мен қоғамдық өзгерістер әсерімен үлкен әлеуметтік мәселелер көтерген жаңа көркемдік ізденістегі драматургия үстем болды. Қазақ сөз өнерінде драматургия 20 ғасырдың басында қалыптасты. Қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Бұлардың тәжірибелері отандық драматургияның пайда болуына, ұлттық драм. шығармалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы сахналық талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның дүниеге келуіне негіз болды. 1915 жылы К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны” драмасы жеке кітап болып Уфада басылып шықты. Төңкеріс қарсаңында және одан кейін Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ж.Шанин, т.б-дың алғашқы драма шығармалары ұлттық драматургия жанрының негізін қалады. Еуропа үлгідегі драматургияның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден қойған Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы (“Рәбиға”, “Мансапқорлар”, “Қанапия — Шәрбану”) 1916 — 1917 жылы, ал “Ел қорғаны”, “Шернияз”, “Сылаң қыз” 1920 — 1925 жылдар ішінде жазылған. Бұларда сол уақыттағы қазақ қоғамындағы тұрмыс-салттан бастап, әлеуметтік оқиғалар суреттелген. Аймауытов қазақтың ауыз әдебиетін жетік біле тұра, көне дәуірді бейнелейтін пьеса жазбаған. Оның пьесаларының барлығында өз кезеңінің болмысы суреттелген. Және басқа драматургтердің шығармаларына ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де айқын. Барлық пьесаларының шымылдығы жеке кейіпкерлердің психология толғанысынан бастау алады. Аймауытов пьесалары сол жылдары жеке-жеке кітап болып басылып шыққан.
Қазақстан драмаратургиясы
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сәкен Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар” драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі заң”, т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны — “Перизат — Рамазан” және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”.
20 ғасырдың 20 — 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің “Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы — отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “Торсықбай” мен “Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің желісі — ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі — Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Айша”, “Сәлде”, “Көзілдірік”, т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері — скетч, водевильге тән түрлері кездеседі.
Әуезовтің үлесі
Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов 20 ғасырдың 20-жылдары “Еңлік — Кебек”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше — тоқал”, “Қарагөз” пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында да өткен замандағы қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын суреттеп, сан қилы кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады. Күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан “Еңлік — Кебек” халық жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеу мен жөндеулерден кейін ұлттық драматургияның қайталанбас көркем, классикалық дүниесіне айналды. Трагедияның түпнұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып басылып шықты. 20-жылдардағы драматургияның көркемдік шоқтығы биігі “Қарагөз” — махаббат пен жеке бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін шығарма. Трагедия ауыз әдебиетінен ұтымды пайдаланған “жар-жар”, “беташар”, айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше көрік, поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық материалды пайдаланып жазылған осы пьесалар отандық драматургия жанрының дамуына ерекше ықпал етті. Драматургияның тақырыптық аясы кеңейіп, сюжет пен тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін сомдаудың, диалог пен монолог құрудың тың үлгілері жасалған, көркем-идеялық мазмұны терең пьесалар театр репертуарын байыта түсті. Қазақстан топырағында өтіп жатқан күрделі де сан қилы саяси-әлеуметтік құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа құрылған Майлиннің “Майдан”, Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған “Амангелді”, І.Жансүгіровтің “Кек”, “Түрксіб”, “Біздің жігіттер”, Әуезовтің “Түнгі сарын”, т.б. пьесалар жазылып, сахнада қойылды. Бұлардың кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап жазылғанымен, тарихи шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан.
Қазақ драматургиясының өркендеуі
20 ғасырдың 40 — 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының өткен ғасырлардағы әлеуметтік болмысын суреттейтін “Абай” трагедиясы отандық драматургияның көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. Ұлы Отан соғысы кезінен бері қойылып келе жатқан “Қарақыпшақ Қобыланды” драмасы сахнада халқымыздың бостандық жолындағы күресін бейнелейтін қаҝармандық тақырыпты орнықтырды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” — отандық драматургияда махаббат тақырыбын әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды мәселелерін қозғаған Ш.Хұсаиновтың “Марабай”, аңыз-ертегінің негізінде жазылған “Алдаркөсе” комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Тәжібаевтың “Майра” пьесалары да отандық драматургияның ірі жетістіктері болды. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясы”, Әбішевтің “Достық пен махаббат” пьесалары халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерді бейнелейді. 20 ғасырдың 60 — 70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ.Мұқамеджанов, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев, Т.Ахтанов, С.Аянбеков, С.Жүнісов, Ә.Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Драматургияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалар театр репертуарларынан берік орын алды. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті”, “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек”, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай!”, “Ой, жігіттер-ай!”, Ахтановтың “Сәуле”, Әбішевтің “Армандастар”, “Нұрлы жаңбыр”, Хұсаиновтың “Сырымбет саласында”, Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Таразидің “Күлмейтін комедия”, т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. 20 ғ-дың 70 — 80-жылдары қазақ драматургтері қатары О.Бөкеев, Н.Оразалин, Қ.Ысқақов, Б.Мұқаев, О.Бодықов, Д.Исабеков, А.Сүлейменов, Т.Әбдіков, И.Оразбаев, С.Балғабаев және т.б. жаңа таланттармен толықты. Бұлардың шығармаларында өз замандастарының ой-арманы, өмірлік көзқарасы терең бейнеленді. Бөкеевтің “Құлыным менің”, “Текетірес”, Оразалиннің “Шырақ жанған түн”, “Тас киіктер”, Ысқақовтың “Таңғы жаңғырық”, Мұқаевтың “Қош бол менің ертегім”, Исабековтің “Әпке”, “Мұрагерлер”, Сүлейменовтің “Қыздай жесір — штат қысқарту”, “Жетінші палата”, “Кек”, т.б. шығармалар отандық драматургияны әр қырынан байытқан елеулі туындылар ретінде бағаланды.
Тәуелсіз Қазақ драматургиясы
Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі мен қызметі драма шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың “Жан қимақ”, Оразбаевтың “Шыңғыс хан”, “Естайдың қорланы”, С.Сматаевтың “Той үстінде топалаң”, Б.Әбілдаұлының “Төле би”, О.Дастановтың “Әзірет Сұлтан”, А.Бекбосыновтың “Соңғы сезім” Таразидің “Алатау сынды алабым”, М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері”, Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан”, Шахимарденнің “Томирис” пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың “Заманақыр”, Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді.
Қосымша ақпарат
- Бүгінгі қазақ драматургиясы
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
- Кардулло Берт. Драматургия деген не? Нью-Йорк: Peter Lang Publishing, 2005. 4-бет.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- «Ана тілі» газеті 12 маусым 2009 жыл
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dramaturgiya gr drᾱmᾰtoyrgῐ ᾱ kandaj da bir halyktyn nemese zhazushynyn belgili bir dәuir men kezendegi dramalyk shygarmalarynyn zhiyntygy Dramaturgiya shygarmalardyn algashky үlgileri Ezhelgi Grekiyada dini dәstүrlerden Dionis kudajga tabynudan bastalgan Olardyn syuzhetinin negizin kudajlar men miftik kejipkerler kurady Ezhelgi grekter dramaturgiyasy kudajlardyn әdilettiligi men әlemdik tәrtip turaly oj tolgady Eshil adamnyn kukygy men ony kajgy kasiretke dushar etetin zhagdajlarga karsy narazylykty bejnelep korsetti Sofokl Evripid adamdardyn kemshilikteri men kemistikterine olardyn bir birimen karym katynastaryna kүlip dini tabynushylyktaryna kүmәnmen karady Aristofan b z b 445 385 Osylajsha dramaturgiyanyn komediya zhәne tragediya zhanrlary tudy TarihyEzhelgi rimdikter grek dramaturgiyasynyn syrtky pishinin mura etip ony ozderinin kogamdyk omirinin kazhettiligine sәjkes zhana ruhpen bajytty Olardyn tragediyalary kandy okigalarga Seneka b z b 47 65 al komediyalary groteskke Terencii b z b 195 159 Plavt b z b 3 gasyrdyn ortasy 184 toly boldy Orta gasyrlarda dramaturgiya kopshilik ojyn sauyk putka tabynushylyk dәstүrimen kajta zhanardy Hristian dini Europa halyktarynyn negizgi senimine ajnalgannan kejin 5 6 gasyrlar shirkeulerde liturgiyalyk drama 10 gasyr pajda boldy Қalalardyn damuyna bajlanysty dramaturgiyada Tәurat okigalaryn surettegen misteriya fars zhanry pajda boldy Қajta orleu dәuirinde Ispaniya men Angliyada dramaturgiya ozinin altyn gasyryn basynan otkerdi Angliyada U Shekspir adamzat tragediyasyn surettese Ispaniyada Lope de Vega men Kalderon 1600 1681 әlemnin kajshylygyn korsetedi Қajta orleu dәuirinde tragediya men komediya oz damuynyn zhogary satysyna koterildi 17 gasyrda Franciyada absolyuttik monarhiya ornagannan kejin klassicizm dramaturgiyasy damydy Dramaturgiyada ishki kompoziciyalyk үjlesim bolimder arasyndagy logikalyk bajlanys basty orynga shykty Klassicizm tragediyalarynyn ishki pafosy adam sezimin korgauga kuryldy P Konel Zh Rasin Klassicizm dramaturgiyasy Molerdin komediyalarynda zhogary korkemdik biikke koterildi 18 gasyrdagy agartushylyk dәuirinin okilderi Franciyada Didro Germaniyada Lessing dramaturgiyada omirdin akikatyn realistik turgydan bejnelep ony zhanr syuzhet minez ben til zhagynan bir kalypka keltiruge tyrystty Klassicizm men realizmge karaganda akyl men sanany birinshi orynga kojgan sentimentalister men shtyurmerler Dauyl men tegeuirin dramaturgiyasynyn okilderi sezimdi onerdin en basty orisi dep eseptegen romantizm okilderi Gete men Shillerdin bastapky pesalary erte kezdegi tarihty nakty suretteuge talpyndy V Gyugo A Vini Bajron Shelli A Dyuma Batys Europadagy dramaturgiyanyn damuyndagy zhana kezendi 19 gasyrdyn 2 zhartysynda kogamdyk omirde ote manyzdy әleumettik filosofiyalyk zhәne etikalyk mәselelerdi kotergen G Ibsen realistik dramamen ashty 19 gasyrdyn ayagynda dramaturgiyada da eki bagyt naturalizm zhәne simvolizm pajda boldy Naturalizmdi negizdeushi teoretik E Zolyanyn ajtuynsha pesada kejipkerlerdin omirin naktyly tүrde korsetu kerek Ibsen G Gauptmannyn kejbir shygarmalary Al simvolister kerisinshe omirdi naktyly tүrde suretteuden bas tartyp bolmystyn mistikalyk mәnin tүsindirudi kozdedi M Meterlink Verharn 18 gasyrdyn sony men 19 gasyrdyn basynda Resejde synshyl realizm damydy D I Fonvizin A S Pushkin dramaturgiyada әleumettik taldau zhasap omirdegi kajshylyktar mәnine үnildi A S Griboedov әleumettik satiralyk komediyany zhalgastyrdy N V Gogol I S Turgenev M E Saltykov Shedrin A V Suhovo Kobylin A N Ostrovskij synshyl realizm dramaturgiyasynyn arnasyn kenejtti Өmir shyndygyna teren bojlau kogam kemistikterin synau bagdary L N Tolstoj A P Chehov dramaturgiyasynda әleumettik filosofiyalyk mazmunga ie boldy 20 gasyrda dramaturgiyadagy korkemdik bagyt bagdarlarga baj gasyr boldy Synshyl realizm de B Shou Dzh Golsuorsi M Gorkij t b sonymen katar simvolistik dramaturgiya Meterlink G D Annuncio A Blok t b odan әri dami tүsti 1 dүniezhүzilik sogystan kejin realistik dramaturgiyamen Franciyada M Panol AҚSh ta L Helman A Miller Angliyada S Moem t b katar omir shyndygynan bas tartpaj birak sharttylyk fantastika ekscentrika formalary koldanylgan sana dramaturgiyasy Angliyada Shou Italiyada L Pirandello Franciyada Zh Zhiroru Zh Anuj Zh P Sartr Shvejcariyada F Dyurrenmatt oris aldy 20 gasyrdyn 20 30 zhyldary ekspressionalistik dramaturgiya Germaniyada G Kajzer V Gazenklever AҚSh ta E Rajs t b ken etek zhajdy 20 gasyrda dүniezhүzilik sogystar men kogamdyk ozgerister әserimen үlken әleumettik mәseleler kotergen zhana korkemdik izdenistegi dramaturgiya үstem boldy Қazak soz onerinde dramaturgiya 20 gasyrdyn basynda kalyptasty Қazak zhastary ujymdastyrgan әdebiet ojyn sauyk keshteri ulttyk sahnalyk oner men dramaturgiyanyn bastamasy boldy Bulardyn tәzhiribeleri otandyk dramaturgiyanyn pajda boluyna ulttyk dram shygarmalardyn zhazyluyna ykpal zhasady Қazakstannyn әr tүkpirindegi algashky sahnalyk talpynystar Қazan tonkerisimen ilese ulttyk dramaturgiyanyn dүniege keluine negiz boldy 1915 zhyly K Togysovtyn Nadandyk kurbany dramasy zheke kitap bolyp Ufada basylyp shykty Tonkeris karsanynda zhәne odan kejin Zh Ajmauytov M Dulatov Қ Kemengerov M Әuezov S Sejfullin Zh Shanin t b dyn algashky drama shygarmalary ulttyk dramaturgiya zhanrynyn negizin kalady Europa үlgidegi dramaturgiyanyn kyry men syryn mengeruge kazak topyragynda algash ret den kojgan Ajmauytov Onyn tungysh үsh pesasy Rәbiga Mansapkorlar Қanapiya Shәrbanu 1916 1917 zhyly al El korgany Sherniyaz Sylan kyz 1920 1925 zhyldar ishinde zhazylgan Bularda sol uakyttagy kazak kogamyndagy turmys salttan bastap әleumettik okigalar surettelgen Ajmauytov kazaktyn auyz әdebietin zhetik bile tura kone dәuirdi bejnelejtin pesa zhazbagan Onyn pesalarynyn barlygynda oz kezeninin bolmysy surettelgen Zhәne baska dramaturgterdin shygarmalaryna uksamajtyn ozindik erekshelikteri de ajkyn Barlyk pesalarynyn shymyldygy zheke kejipkerlerdin psihologiya tolganysynan bastau alady Ajmauytov pesalary sol zhyldary zheke zheke kitap bolyp basylyp shykkan Қazakstan dramaraturgiyasyҰlttyk dramaturgiyada tonkeris takyrybyn algash kotergen Sәken Sejfullin boldy Onyn Bakyt zholynda Қyzyl sunkarlar dramaga lajykty sipat saktalgan Bul atalgan pesalardyn үgittik bagytynan korkemdik zhәne tarihi shyndyktyn tutastygynan okiganyn kuzhattyk dәldiliginen etnograf bederinin saktaluynan korinedi Osy takyryptyn zhalgasy retindegi Shaninnin Shahta pesasy birneshe ret zhondelip ondelgen nuskasynda kazak zhumysshylarynyn omirin sayasi kүreske aralasuyn surettejdi 20 gasyrdyn 20 zhyldaryndagy otandyk dramaturgiyada әjel bostandygy men tendigi basty takyrypka ajnaldy Solardyn biri 1926 zhyly Kemengerovtyn Altyn sakina men Eski oku pesalary Қazak drama teatrynyn sahnasynda kojyldy Teatrdyn algashky zhyldaryndagy repertuarynan B Majlinnin shagyn komediyalary Zh Tilepbergenovtin Sүjiskender Perizat Ramazan R Malabaevtyn Үj tutkyndary Ғuryp kүni S Ablanovtyn Kүndespejtin katyn A Tokmaganbetovtyn Eki zan t b pesalary oryn aldy Bulardyn ishinde teatr repertuarynda uzak saktalgany Perizat Ramazan zhәne A Ospanov pen E Өteulinnin Zarlygy 20 gasyrdyn 20 30 zhyldaryndagy dramaturgiyada tragediya zhanrynyn damuy ajkyn korinis berdi Olardyn kobisi tarihi epostyk zhyrlardyn negizinde zhazylgan Kezinde teatr repertuarynan berik oryn algan Shaninnin Arkalyk batyry 1924 zhyly zheke kitap bolyp basylyp shykty Eki bolimnen turatyn pesa premerasy sahnada katarynan eki kүn zhүrgen Arkalyk batyr tragediyasy otandyk dramaturgiyadagy folklorlyk materialdy igerudin tungysh kadamy Shaninnin birneshe shagyn komediyalyk shygarmalary da sahnaga shykty Olar Torsykbaj men Ajdarbek bulardyn syuzhetterinin zhelisi auyz әdebietinin negizine kurylgan kazaktyn әjgili әzilkeshterinin tonireginen orbitin anyz әngimeler men olardyn kүldirgi әreketteri Komediya zhanryna erekshe konil audaryp negizin kalaushylardyn biri Majlinnin koptegen shagyn kүlkili shygarmalary teatr men үjirmelerdin repertuarynan berik oryn aldy Atap ajtkanda Shanshar molda El mektebi Neke kiyar Ajsha Sәlde Kozildirik t b Bularda komediyanyn shagyn үlgileri sketch vodevilge tәn tүrleri kezdesedi Әuezovtin үlesiҰlttyk dramaturgiyanyn pajda bolyp kalyptasuy men damuyna erekshe enbek sinirgen uly kalamger Әuezov 20 gasyrdyn 20 zhyldary Enlik Kebek El agasy Bәjbishe tokal Қaragoz pesalaryn zhazyp sahnaga shygardy Bulardyn barlygynda da otken zamandagy kogamnyn әleumettik kajshylyktaryn surettep san kily kejipkerlerdin kajtalanbas bejnelerin zhasady Kүni bүginge dejin sahnadan tүspej kele zhatkan Enlik Kebek halyk zhyrynyn negizinde zhazylyp birneshe ondeu men zhondeulerden kejin ulttyk dramaturgiyanyn kajtalanbas korkem klassikalyk dүniesine ajnaldy Tragediyanyn tүpnuskasy 1923 zhyly zheke kitap bolyp basylyp shykty 20 zhyldardagy dramaturgiyanyn korkemdik shoktygy biigi Қaragoz mahabbat pen zheke bastyn bostandygy zholyndagy kүresti surettejtin shygarma Tragediya auyz әdebietinen utymdy pajdalangan zhar zhar betashar ajtys zhәne baska olen zhyrlar erekshe korik poetikalyk mazmun beredi Folklorlyk materialdy pajdalanyp zhazylgan osy pesalar otandyk dramaturgiya zhanrynyn damuyna erekshe ykpal etti Dramaturgiyanyn takyryptyk ayasy kenejip syuzhet pen tartys ujymdastyrudyn kejipker bejnelerin somdaudyn dialog pen monolog kurudyn tyn үlgileri zhasalgan korkem ideyalyk mazmuny teren pesalar teatr repertuaryn bajyta tүsti Қazakstan topyragynda otip zhatkan kүrdeli de san kily sayasi әleumettik kubylystardy bejnelep otkir tartyska zhana tirshilik zholyndagy ajkaska kurylgan Majlinnin Majdan Ғ Mүsirepovpen birigip zhazgan Amangeldi I Zhansүgirovtin Kek Tүrksib Bizdin zhigitter Әuezovtin Tүngi saryn t b pesalar zhazylyp sahnada kojyldy Bulardyn kejbireuleri partiyalyk ideologiyaga yngajlap zhazylganymen tarihi shyndyk arkauy үzilmej shynajy bejneleu tapkan Қazak dramaturgiyasynyn orkendeui20 gasyrdyn 40 50 zhyldary ulttyk dramaturgiya zhana beleske koterildi Buryngy tarihi kүreskerlik takyryp M Akynzhanovtyn Isataj Mahambet Sәbit Mukanovtyn Kүres kүnderinde Әuezov pen Ә Tәzhibaevtyn Ak kajyn Әuezovtin Abaj tragediyalarynda zhalgasyn tapty Ұly Abajdyn omiri men kazak halkynyn otken gasyrlardagy әleumettik bolmysyn surettejtin Abaj tragediyasy otandyk dramaturgiyanyn korkemdik kuatynyn moldygyn korsetip berdi Sondaj ak Әuezovtin Қarakypshak Қobylandy Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan sulu pesalary kүrdeli zhanrdyn ozindik ereksheligin mengerudin үlgisine ajnaldy Ұly Otan sogysy kezinen beri kojylyp kele zhatkan Қarakypshak Қobylandy dramasy sahnada halkymyzdyn bostandyk zholyndagy kүresin bejnelejtin kaҝarmandyk takyrypty ornyktyrdy Қozy Korpesh Bayan sulu otandyk dramaturgiyada mahabbat takyrybyn әlemdik үlgi dәrezhesine kotergen kүrdeli pesa Osy zhyldary kүndelikti tirliktin manyzdy mәselelerin kozgagan Sh Husainovtyn Marabaj anyz erteginin negizinde zhazylgan Aldarkose komediyasy zharyk kordi Қazak halkynyn әr kezendegi uly kajratkerlerine arnalgan Mүsirepovtin Akan seri Aktokty Akynzhanovtyn Ybyraj Altynsarin Mukanovtyn Shokan Uәlihanov Tәzhibaevtyn Majra pesalary da otandyk dramaturgiyanyn iri zhetistikteri boldy Ұly Otan sogysy men odan kejingi kezendegi omir bolmysyn surettejtin Әuezovtin Syn sagatta Ә Әbishevpen birigip zhazgan Namys gvardiyasy Әbishevtin Dostyk pen mahabbat pesalary halkymyzdyn basyna tүsken auyr kezenderdi bejnelejdi 20 gasyrdyn 60 70 zhyldary dramaturgiya elimiz omirindegi eleuli әleumettik mәselelerdi kotergen tyn shygarmalarmen tolykty Osy kezende kazak dramaturgiyasyna oz koltanbalary bar Қ Mukamedzhanov Қ Bajsejitov Қ Shangytbaev T Ahtanov S Ayanbekov S Zhүnisov Ә Tarazi Ә Әshimov t b bir top dramaturgter kelip kosyldy Dramaturgiyanyn baska zhanrlarymen birge komediyalyk shygarmalar teatr repertuarlarynan berik oryn aldy Muhamedzhanovtyn Boltirik borik astynda Қudagi kelipti Қuyrdak dajyn Өzime de sol kerek Bajsejitov pen Shangytbaevtyn Beu kyzdar aj Oj zhigitter aj Ahtanovtyn Sәule Әbishevtin Armandastar Nurly zhanbyr Husainovtyn Syrymbet salasynda Zhүnisovtin Azhar men azhal Tarazidin Kүlmejtin komediya t b shygarmalar zhazylyp sahnada kojyldy 20 g dyn 70 80 zhyldary kazak dramaturgteri katary O Bokeev N Orazalin Қ Yskakov B Mukaev O Bodykov D Isabekov A Sүlejmenov T Әbdikov I Orazbaev S Balgabaev zhәne t b zhana talanttarmen tolykty Bulardyn shygarmalarynda oz zamandastarynyn oj armany omirlik kozkarasy teren bejnelendi Bokeevtin Қulynym menin Teketires Orazalinnin Shyrak zhangan tүn Tas kiikter Yskakovtyn Tangy zhangyryk Mukaevtyn Қosh bol menin ertegim Isabekovtin Әpke Muragerler Sүlejmenovtin Қyzdaj zhesir shtat kyskartu Zhetinshi palata Kek t b shygarmalar otandyk dramaturgiyany әr kyrynan bajytkan eleuli tuyndylar retinde bagalandy Tәuelsiz Қazak dramaturgiyasyҚazakstan Respublikasy derbes memleketke ajnalgan son buryn ajtuga zhazyp zhariyalauga zhabyk bolyp kelgen koptegen tarihi kubylystar ulttyn maktanyshy bolgan uly kajratkerler omiri men kyzmeti drama shygarmalar arkauyna ajnala bastady Yskakovtyn Zhan kimak Orazbaevtyn Shyngys han Estajdyn korlany S Smataevtyn Toj үstinde topalan B Әbildaulynyn Tole bi O Dastanovtyn Әziret Sultan A Bekbosynovtyn Songy sezim Tarazidin Alatau syndy alabym M Bajserkenovtyn Abylaj hannyn akyrgy kүnderi Ә Kekilbaevtyn Abylaj han Shahimardennin Tomiris pesalarynda halkymyzdyn basynan keshken san kily tagdyry tarihi dәldikpen erekshe korkemdik kuatpen bejnelengen Al Sүlejmenov pen Mukaevtyn Zamanakyr R Mukanovanyn Mәngilik bala bejne pesalary ekologiya takyrybyn әlemge әjgili bolgan Semej poligonynyn kazak halkyna әkelgen tragediyasyn surettejdi Қosymsha akparatBүgingi kazak dramaturgiyasyDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 Kardullo Bert Dramaturgiya degen ne Nyu Jork Peter Lang Publishing 2005 4 bet Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Ana tili gazeti 12 mausym 2009 zhylBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz