Еврипид (б.з.д. 480–406) — үшінші трагедия ақыны. 92 драмалық шығарма жазған, бізге содан 17 трагедия мен 1 сатиралық драма жеткен. Оның трагедиялары әр түрлі саяси көзқарастарға және қазіргі заман туралы ойларға толы. 35 жылдық шығармашылық өмірінде үлкен табысқа жеткен емес, бар-жоғы бес рет бірінші бәйге алған. Соғыс атаулыға қарсы жазылған патриоттық шығармаларында ("Троя әйелдері," "Андромаха," "Геракл," "Гераклидтер") антикалық дәуірдің демократиялық идейларына қатты көңіл бөлді. Еврипид жасаған бейнелер мен сюжеттерден кейін көптеген әдебиетшілер үлгі алды. Драматург кейіпкерлерін шындық өмірге жақындатты. Оның жағымды кейіпкерлері байлыққа қызығушылық қылмыс жасауға апаруы мүмкін деген ой айтады. Ол соғыстың адамдарға, әсіресе әйелдер мен балаларға қаншама қайғы-қасірет әкелетінін көрсетеді ("Гекуба," "Троя әйелдері"). Соғысты тек өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін ғана бастауға болады, — деп есептейді Еврипид.
Еврипидтің танымал трагедияларының бірі — "Медея". Оның сюжеті аргонавтар туралы аңыз-мифтен алынған.
Афиндықтарға Еврипидтің адамдардың өмірін, ойын, мінезін барынша айқын көрсетуі, миф пен дінге жеңіл қарауы ұнамады. Еврипид атақ пен даңққа тек өлгеннен кейін ие болды. Тек б.з.д. IV-ші ғасырдан бері ұлы трагедия ақыны деп аталып келеді.
Өмірі
Еврипид – ежелгі Грекияның ең соңғы «ұлы трагик» ақыны, «сахна философы» атанған драматург.
Еврипид б.з.б. 480 жылы 23 қыркүйекте Саламин аралындағы жеңіс күнінде дүниеге келген делінеді. Ғылымда «Паросс шежіресі» деген атпен белгілі, грек тарихындағы ірі оқиғаларды б.з.б. ІІІ ғасырға дейін қарастырған, ХVІІ ғасырда табылған мраморлық тақтада Еврипидтің туған жылы б.з.б. 484 жыл деп көрсетіледі. Аристофанның «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» комедиясында Еврипидтің ата-анасы жеміс-жидек сатумен айналысқан қарапайым адамдар делінеді. Ал кей деректерде, Еврипидтің әкесі – Мнесарх пен анасы – Клейтоның афиндық дәулетті отбасына жатқандығын, Еврипидтің Аполлон храмында қызмет еткенін жазады.
Еврипид жақсы білім алған, философ Анаксагор мен Архелайдың, софистер Протогор мен Продиктің досы болған. Продик пен Анаксагордан шешендік өнер, әдебиет бойынша тәлім алса, Сократтан философиялық дәрістер тыңдайды. Бала күнінде Еврипид гимнастикамен айналысып, ұл балалар арасындағы жарыстарда жеңімпаз атанады. Олимпиялық ойындарға қатысуға талаптанғанымен, жасының кішілігіне байланысты қабылданбайды. Одан бөлек сурет өнерімен де айналысты. Бірақ, кейіннен гимнастиканы да, сурет өнерін де тастап, бірыңғай поэзия мен философияға бет бұрады.
Еврипидтің тағы бір ерекшелігі – оның сол заман үшін сирек дүние болып табылатын бай кітапханасы болды. Еврипид құнды кітаптарды жинады, өзі де кітап жазды. Алғашқы «Пелиада» атты драмасы б.з.б. 455 жылы қойылды, бірақ автор мен қазылар арасында келіспеушіліктер болғандықтан, ол жеңіске жеткен жоқ. Драма жазудағы шеберлігі үшін Еврипид б.з.б. 441 жылы алғаш жүлдесін жеңіп алғаннан бастап, өмірінің соңына дейін (б.з.б. 406 жыл) жазуды тоқтатқан жоқ.
Драматург елдің саяси өміріне араласқан да, ешқандай мемлекеттік қызмет атқарған да жоқ, тек оңашада отырып жазумен ғана айналысты. Тіпті, қаланың у-шуынан қашып, үңгірде тұрып, көптеген құнды дүниелер тудырған. Оның үстіне Еврипид табиғатынан тұйық, ауыр мінезді, көп сөйлемейтін, көп адамдармен араласа бермейтін біртоға жан болатын. Бірақ, соған қарамастан, Еврипид өз заманының озық ойлы адамдарымен араласа отырып, қоғамның өткір мәселелерін көтере білді. Эллиндік дәуірде шетелдіктерге Саламин аралындағы Еврипидтің үңгірін көрсету дәстүрге айналған.
Еврипид көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын ала алмаған жан. Ол өз дәуіріндегі ең келелі, өзекті мәселелерді көтергенімен, оны замандастары бағалаған жоқ. Мәселен, драматургтың жазған 92 драмасының тек үшеуі ғана театрлық сайыстарда жүлделі орынға ие болды. Ал өлгеннен кейін «Вакхандықтар» мен «Авлидтегі Ифигения» драмалары жеңіске жетті. Өміріндегі осындай келеңсіз жайлар әсер еткен болуы керек, драматург қартайған шағында, нақтылай айтқанда б.з.б. 408 жылы македон патшасы Архелайдың еліне шақырған ұсынысын қабылдап, сонда көшіп кетеді. Македон елінде Архелай патшаға арнап «Архелай» драмасын жазады. Оған қоса, Дионис культіне байланысты жергілікті салт-дәстүр негізінде «Вакхандықтар» деп аталатын драмасын жазып қалдырады.
Еврипид б.з.б. 406 жылдың басында Македонияда мәңгілікке өмірмен қош айтысады. Афиндықтар драматургтың денесін туған қаласына қойғысы келгенімен, Архелай патша қарсы болып, оны Македония астанасы Пелл қаласында жерлеп, ескерткіш орнатады. Архелай патшаның Еврипидке қаншалықты зор құрмет көрсеткенін Аристотель «Саясат» атты еңбегінде жазып қалдырған.
Еврипидтің қазасын естігенде Софокл кезекті трагедиясының соңғы репитициясын жүргізіп жатқан екен. Өзінің ұлы қарсыласына деген құрметтің белгісі ретінде Софокл қойылым үстінде сахнаға қара жамылып шығып, актерлар мен хор орындаушыларды жалаңбас, веноксыз шығарады. Мұнан кейін афины театрында Еврипидке арнап статуя қойылады.
Шығармашылығы
Драматург Еврипид шығармалары: «Алкестида» (б.з.б. 438 жыл, 2 орын), «Медея» (б.з.б. 431 жыл, 3 орын), «Гераклидтер» (б.з.б. 430 жыл, 1 орын), «Ипполит» (б.з.б. 428 жыл, 1 орын), «Андромаха» (б.з.б. 425 жыл), «Гекуба» (б.з.б. 424 жыл), «Жалбарынушылар» (б.з.б. 423 жыл), «Электра» (б.з.б. 420 жыл), «Геракл» (б.з.б. 416 жыл), «Троялықтар» (б.з.б. 415 жыл, 2 орын), «Тавридтегі Ифигения» (б.з.б. 414 жыл), «Ион» (б.з.б. 414 жыл), «Елена» (б.з.б. 412 жыл), «Финикиялықтар» (б.з.б. 410 жыл), «Циклоп» (б.з.б. 408 жыл, сатиралық драма), «Орест» (б.з.б. 408 жыл), «Вакхандықтар» (б.з.д 407 жыл, 1 орын), «Авлидтегі Ифигения» (б.з.б. 407 жыл).
Еврипид тірі күнінде Эсхил мен Софокл секілді ақынға лайықты сый-құрметке ие болып, қошемет көрмегенімен, оның шығармаларының өміршең, шынайы болғандығы драмаларының көп сақталуынан да білінеді. Эсхил, Софоклмен салыстырғанда, Еврипид көп оқылған драматург болды. Мәселен, атақты драматургтер Эсхил мен Софоклдың тек жеті-жетіден ғана драмалары сақталса, Еврипидтің 92 драмасынан 18-і сақталған. Оның 17-сі трагедия болса, біреуі («Циклоп») сатиралық драма болып табылады. Ал кейбір еңбектерде Еврипидке телініп жүрген «Рес» драмасын тілі мен жазылу стиліне қарап көптеген антик әдебиетін зерттеушілер Еврипидтің туындысы деп санамайды.
Еврипидтің кейінгі заманда ғана жиі оқылған драматург емес, өз дәуірінде де халқының сүйіктісі болғаны Плутарх жазбаларынан білінеді. Б.з.б. 413 жылы афиндықтар Сицилияға әскери жорық жасап, жеңіліске ұшырайды. Сонда тұтқынға түскен көптеген афиндықтардың бостандық алуына себеп болған Еврипид шығармалары болған. Бұл жөнінде Плутарх: «Сицилиялықтар афиндықтарды құлдыққа сатты, маңдайларына ат сияқты таңба басты... Тұтқынға түскендердің біразын Еврипид құтқарды деуге болады. Себебі, гректермен салыстырғанда сицилиялықтар Еврипид талантына табынушылар болды. Сырттан келгендер Еврипид драмаларының үзінділерін әкелсе, сицилиялықтар оны дереу жаттап алып, бір-біріне айтып беретін. Тұтқында болып, босап шыққандардың көпшілігі Еврипидке келіп, рахмет айтып, бостандыққа қалай қол жеткізгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Яғни олар Еврипид өлеңдерін естерінде сақталып қалғандарын қожайындарына айтып беріп, еркіндік алса; кейбіреулері Еврипид трагедияларындағы өлеңдерді айтып өз тамақтарын асырады» деп жазады.
Еврипид Феспид пен Эсхилдан кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның ең маңызды көркемдік ерекшелігі – ол трагедиялық кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіндегі күресті көрсете алды. Егер Софокл кейіпкерлері өз позициясына, өз әрекетінің дұрыстығына кәміл сенген, сол үшін өмірін қиюға да өкінбейтін жандар болса, Еврипид кейіпкерлері мың ойланып, мың толғанып, өз әрекетінің дұрыс-бұрыстығын саралап, күмәнданумен болады. Кейіпкерлердің ішкі күйзелісі бұл драматургтың, Еврипидтің күйзелісі болып танылады. Себебі, Еврипид трагедия жанрындағы өзіне дейін қалыптасқан моральдық нормалар мен мифологиялық шындықтарды жоққа шығарды. Эсхил мен Софокл қалыптастырған көпірмелі сөздерден бас тартты. Кейіпкерлердің ішкі әлеміне, сезіміне, ақыл-ойына көп көңіл бөлді. Егер хор партиясы Эсхилда әрекетпен байланысты, ал Софоклда міндетті болса, Еврипидта маңызды емес. Эсхил трилогиясының сюжеті Еврипидте бір трагедияның көлеміне сыйып кетеді. Драмадағы орынды үнемдеу үшін және көбірек айту үшін Еврипид прологты енгізеді. Пролог драманың жалпы барысымен байланысты емес, ол кіріспе іспетті рөл атқарады. Софокл әрекет бірлігін, композиция құрылымын бағаласа, Еврипид үшін ең маңыздысы – патетикалық көріністерді жасау, кейіпкерлердің характерін ашып көрсету және аудиторияның алдында көрермендерді толғандыратын философиялық, этикалық, әлеуметтік, діни мәселелерді талқылау.
Антик әдебиетін зерттеуші М.Иманғазин Еврипид трагедияларын тақырыбы мен мазмұнына қарай екі топқа бөліп қарастырады. Оның бірі – трагедия болса, екіншісін – әлеуметтік-тұрмыстық драмалар деп көрсетеді. Зерттеушінің пайымдауынша, Еврипидтің «Ион», «Елена», «Алкестида» секілді әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында ерлікпен аты шыққан қаһармандар емес, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар өмірі суреттеледі. Және мұнда классикалық антик трагедияларына рұқсат етілмейтін комедиялық элементтер мен жақсылықпен аяқталатын сәтті қорытындылар тән деп көрсетеді.
Еврипид трагедияларында өз дәуірінің адам міндеті, мемлекет пен оның заңдарының рөлі секілді өзекті мәселелерін көтеріп, жаугершілік соғысқа қарсы шығып, религиялық дәстүрлерді сынға алып, адамдардың гуманистік идеяларын дәріптеп отырады. Еврипид трагедияларының образдары – үлкен сезімге ие адамдар, олар өз бақыты жолында қылмыс жасауға дейін барады да, өз ары мен сезімінің алдында іштей арпалысқа түседі. Еврипид мықты психолог ретінде олардың азапқа толы жан-дүниесін шебер суреттей білген. Еврипидті замандастары толық түсіне алмады, себебі автордың табиғатқа, қоғамға, религияға қатысты өткір көзқарасы сол заманғы идеологияның шеңберіне сыймады. Еврипидтің бұл батыл көзқарасын эллинизм дәуірінің көптеген трагиктері бөлісіп, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық драмаларында кеңінен суреттеп отырды. Әсіресе, комедиограф Менандрдың тұрмыстық комедияларына ерекше әсер етті. Еврипид драмалары рим қоғамында да танымал болды. Б.з.б. ІІІ ғасырда алғашқы рим ағартушысы Ливий Андроник өз замандастарын Еврипид драмаларымен таныстырды. Ливий Андроник өзі грек болғандықтан, рим сахнасына грек трагедияларын, соның ішінде Еврипид трагедияларын көбірек шығаруға тырысты. Көрнекті рим ақыны Энний де Еврипид жетістіктеріне сүйене отырып, өз трагедияларын тудырды.
Эннийдің бізге белгілі 20 драманың 12-і грек драмасының үлгісінде жазылған. Соның ішінде, «Авлидтегі Ифигения», «Медея» трагедияларының прологы мен бірнеше өлеңдері біздің заманымызға дейін жеткен. Еврипид трагедияларының құндылығын рим драматургы Акций де айтып кеткен. Б.з.б. І ғасырда римдік ақын, көрнекті философ Сенека Еврипид сюжеттеріне негіздей отырып, трагедияның жаңа типін тудырды. Аристофан Еврипидті трагедиялық ақын десе, Белинский «ежелгі Грекияның ең романтикалық ақыны» деп таниды.
Еврипидтің «Медея», «Елена», «Троя арулары» атты трагедияларын орыс тілінен қазақ тіліне ақын Қ.Жұмағалиев аударды. Ол Алматы қаласы, «Өнер» баспасынан 1986 жылы жарық көрді.
Трагедия
Трагедияларын қою үшін Еврипид те Софокл сияқты үш актерді қолданды. Мұнда хор көріністің дамуымен тығыз байланысты болған жоқ. Кейде хор әні драматургтің ойлары мен көзқарастарын көрсетеді. Кейіпкерлер тілі жеңілдеп, тұрмыстық сахналар енгізілді.
- Мысалы: өлім, ауруды көрсету, ғашық әйелдің уайымы, сахнаға балалардың I шығуы және т.б.
Грекияның классикалық трагедиясының даму үрдісі Еврипид I шығармашылығымен тоқталады. Ежелгі Грекияда трагедия саласында бұдан кейін үлкен шығарма жазылмады. Трагедия ақырындап тек оқуға арналған әдеби жанр ретінде қалыптасты. Оның орнын б.з.д. IV ғасырдың ортасында дами бастаған тұрмыстық драма — жаңа аттикалық комедия басады. Еврипид шығармаларында қаһармандық I тақырып бәсеңдейді де, керісінше, адам психологиясына, қоршаған ортаға деген қызығушылық күшейе түсті.
Дереккөздер
- Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1973; 1986
- История античной литературы. Чистякова Н.А, Вулих Н.В. –Л., 1971
- Все шедевры мировой литературы в кратком изложении. Сюжеты и характеры. Зарубежная литература древних эпох, средневековья и Возрождения / Ред. И сост. В.И.Новиков. –М.: Олимп: АСТ, 1997. – 848 с.
- Плутарх. Сравнительное жизнеописание. М., 1999, 1168с. Серия «Антология мысли».
- Тоқшылықова Г.Б. Антика әдебиетінің тарихы. Алматы, 2010.
- Иманғазин М. Жәдігерлер жаңғырығы. Айт, 2007, №2, 55-58-беттер.
- История античной литературы. Тронский И.М. Москва. Высшая школа. 1988.
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Evripid b z d 480 406 үshinshi tragediya akyny 92 dramalyk shygarma zhazgan bizge sodan 17 tragediya men 1 satiralyk drama zhetken Onyn tragediyalary әr tүrli sayasi kozkarastarga zhәne kazirgi zaman turaly ojlarga toly 35 zhyldyk shygarmashylyk omirinde үlken tabyska zhetken emes bar zhogy bes ret birinshi bәjge algan Sogys ataulyga karsy zhazylgan patriottyk shygarmalarynda Troya әjelderi Andromaha Gerakl Geraklidter antikalyk dәuirdin demokratiyalyk idejlaryna katty konil boldi Evripid zhasagan bejneler men syuzhetterden kejin koptegen әdebietshiler үlgi aldy Dramaturg kejipkerlerin shyndyk omirge zhakyndatty Onyn zhagymdy kejipkerleri bajlykka kyzygushylyk kylmys zhasauga aparuy mүmkin degen oj ajtady Ol sogystyn adamdarga әsirese әjelder men balalarga kanshama kajgy kasiret әkeletinin korsetedi Gekuba Troya әjelderi Sogysty tek oz elinin tәuelsizdigin saktau үshin gana bastauga bolady dep eseptejdi Evripid Evripid mүsini b z b Ezhelgi rimdik tүpnuska kopiyasy Evripidtin tanymal tragediyalarynyn biri Medeya Onyn syuzheti argonavtar turaly anyz miften alyngan Afindyktarga Evripidtin adamdardyn omirin ojyn minezin barynsha ajkyn korsetui mif pen dinge zhenil karauy unamady Evripid atak pen dankka tek olgennen kejin ie boldy Tek b z d IV shi gasyrdan beri uly tragediya akyny dep atalyp keledi Otyrgan Evripid II g LuvrӨmiriEvripid ezhelgi Grekiyanyn en songy uly tragik akyny sahna filosofy atangan dramaturg Evripid b z b 480 zhyly 23 kyrkүjekte Salamin aralyndagy zhenis kүninde dүniege kelgen delinedi Ғylymda Paross shezhiresi degen atpen belgili grek tarihyndagy iri okigalardy b z b III gasyrga dejin karastyrgan HVII gasyrda tabylgan mramorlyk taktada Evripidtin tugan zhyly b z b 484 zhyl dep korsetiledi Aristofannyn Fesmoforlar mejramyndagy әjelder komediyasynda Evripidtin ata anasy zhemis zhidek satumen ajnalyskan karapajym adamdar delinedi Al kej derekterde Evripidtin әkesi Mnesarh pen anasy Klejtonyn afindyk dәuletti otbasyna zhatkandygyn Evripidtin Apollon hramynda kyzmet etkenin zhazady Evripid zhaksy bilim algan filosof Anaksagor men Arhelajdyn sofister Protogor men Prodiktin dosy bolgan Prodik pen Anaksagordan sheshendik oner әdebiet bojynsha tәlim alsa Sokrattan filosofiyalyk dәrister tyndajdy Bala kүninde Evripid gimnastikamen ajnalysyp ul balalar arasyndagy zharystarda zhenimpaz atanady Olimpiyalyk ojyndarga katysuga talaptanganymen zhasynyn kishiligine bajlanysty kabyldanbajdy Odan bolek suret onerimen de ajnalysty Birak kejinnen gimnastikany da suret onerin de tastap biryngaj poeziya men filosofiyaga bet burady Evripidtin tagy bir ereksheligi onyn sol zaman үshin sirek dүnie bolyp tabylatyn baj kitaphanasy boldy Evripid kundy kitaptardy zhinady ozi de kitap zhazdy Algashky Peliada atty dramasy b z b 455 zhyly kojyldy birak avtor men kazylar arasynda kelispeushilikter bolgandyktan ol zheniske zhetken zhok Drama zhazudagy sheberligi үshin Evripid b z b 441 zhyly algash zhүldesin zhenip algannan bastap omirinin sonyna dejin b z b 406 zhyl zhazudy toktatkan zhok Dramaturg eldin sayasi omirine aralaskan da eshkandaj memlekettik kyzmet atkargan da zhok tek onashada otyryp zhazumen gana ajnalysty Tipti kalanyn u shuynan kashyp үngirde turyp koptegen kundy dүnieler tudyrgan Onyn үstine Evripid tabigatynan tujyk auyr minezdi kop sojlemejtin kop adamdarmen aralasa bermejtin birtoga zhan bolatyn Birak sogan karamastan Evripid oz zamanynyn ozyk ojly adamdarymen aralasa otyryp kogamnyn otkir mәselelerin kotere bildi Ellindik dәuirde sheteldikterge Salamin aralyndagy Evripidtin үngirin korsetu dәstүrge ajnalgan Evripid kozi tirisinde ozine lajykty bagasyn ala almagan zhan Ol oz dәuirindegi en keleli ozekti mәselelerdi kotergenimen ony zamandastary bagalagan zhok Mәselen dramaturgtyn zhazgan 92 dramasynyn tek үsheui gana teatrlyk sajystarda zhүldeli orynga ie boldy Al olgennen kejin Vakhandyktar men Avlidtegi Ifigeniya dramalary zheniske zhetti Өmirindegi osyndaj kelensiz zhajlar әser etken boluy kerek dramaturg kartajgan shagynda naktylaj ajtkanda b z b 408 zhyly makedon patshasy Arhelajdyn eline shakyrgan usynysyn kabyldap sonda koship ketedi Makedon elinde Arhelaj patshaga arnap Arhelaj dramasyn zhazady Ogan kosa Dionis kultine bajlanysty zhergilikti salt dәstүr negizinde Vakhandyktar dep atalatyn dramasyn zhazyp kaldyrady Evripid b z b 406 zhyldyn basynda Makedoniyada mәngilikke omirmen kosh ajtysady Afindyktar dramaturgtyn denesin tugan kalasyna kojgysy kelgenimen Arhelaj patsha karsy bolyp ony Makedoniya astanasy Pell kalasynda zherlep eskertkish ornatady Arhelaj patshanyn Evripidke kanshalykty zor kurmet korsetkenin Aristotel Sayasat atty enbeginde zhazyp kaldyrgan Evripidtin kazasyn estigende Sofokl kezekti tragediyasynyn songy repiticiyasyn zhүrgizip zhatkan eken Өzinin uly karsylasyna degen kurmettin belgisi retinde Sofokl kojylym үstinde sahnaga kara zhamylyp shygyp akterlar men hor oryndaushylardy zhalanbas venoksyz shygarady Munan kejin afiny teatrynda Evripidke arnap statuya kojylady ShygarmashylygyDramaturg Evripid shygarmalary Alkestida b z b 438 zhyl 2 oryn Medeya b z b 431 zhyl 3 oryn Geraklidter b z b 430 zhyl 1 oryn Ippolit b z b 428 zhyl 1 oryn Andromaha b z b 425 zhyl Gekuba b z b 424 zhyl Zhalbarynushylar b z b 423 zhyl Elektra b z b 420 zhyl Gerakl b z b 416 zhyl Troyalyktar b z b 415 zhyl 2 oryn Tavridtegi Ifigeniya b z b 414 zhyl Ion b z b 414 zhyl Elena b z b 412 zhyl Finikiyalyktar b z b 410 zhyl Ciklop b z b 408 zhyl satiralyk drama Orest b z b 408 zhyl Vakhandyktar b z d 407 zhyl 1 oryn Avlidtegi Ifigeniya b z b 407 zhyl Evripid tiri kүninde Eshil men Sofokl sekildi akynga lajykty syj kurmetke ie bolyp koshemet kormegenimen onyn shygarmalarynyn omirshen shynajy bolgandygy dramalarynyn kop saktaluynan da bilinedi Eshil Sofoklmen salystyrganda Evripid kop okylgan dramaturg boldy Mәselen atakty dramaturgter Eshil men Sofokldyn tek zheti zhetiden gana dramalary saktalsa Evripidtin 92 dramasynan 18 i saktalgan Onyn 17 si tragediya bolsa bireui Ciklop satiralyk drama bolyp tabylady Al kejbir enbekterde Evripidke telinip zhүrgen Res dramasyn tili men zhazylu stiline karap koptegen antik әdebietin zertteushiler Evripidtin tuyndysy dep sanamajdy Evripidtin kejingi zamanda gana zhii okylgan dramaturg emes oz dәuirinde de halkynyn sүjiktisi bolgany Plutarh zhazbalarynan bilinedi B z b 413 zhyly afindyktar Siciliyaga әskeri zhoryk zhasap zheniliske ushyrajdy Sonda tutkynga tүsken koptegen afindyktardyn bostandyk aluyna sebep bolgan Evripid shygarmalary bolgan Bul zhoninde Plutarh Siciliyalyktar afindyktardy kuldykka satty mandajlaryna at siyakty tanba basty Tutkynga tүskenderdin birazyn Evripid kutkardy deuge bolady Sebebi grektermen salystyrganda siciliyalyktar Evripid talantyna tabynushylar boldy Syrttan kelgender Evripid dramalarynyn үzindilerin әkelse siciliyalyktar ony dereu zhattap alyp bir birine ajtyp beretin Tutkynda bolyp bosap shykkandardyn kopshiligi Evripidke kelip rahmet ajtyp bostandykka kalaj kol zhetkizgenderin ajtyp rizashylyktaryn bildirdi Yagni olar Evripid olenderin esterinde saktalyp kalgandaryn kozhajyndaryna ajtyp berip erkindik alsa kejbireuleri Evripid tragediyalaryndagy olenderdi ajtyp oz tamaktaryn asyrady dep zhazady Evripid Fespid pen Eshildan kejingi tragediya zhanryndagy uly reformator boldy Onyn en manyzdy korkemdik ereksheligi ol tragediyalyk kejipkerlerdin ishki zhan dүniesindegi kүresti korsete aldy Eger Sofokl kejipkerleri oz poziciyasyna oz әreketinin durystygyna kәmil sengen sol үshin omirin kiyuga da okinbejtin zhandar bolsa Evripid kejipkerleri myn ojlanyp myn tolganyp oz әreketinin durys burystygyn saralap kүmәndanumen bolady Kejipkerlerdin ishki kүjzelisi bul dramaturgtyn Evripidtin kүjzelisi bolyp tanylady Sebebi Evripid tragediya zhanryndagy ozine dejin kalyptaskan moraldyk normalar men mifologiyalyk shyndyktardy zhokka shygardy Eshil men Sofokl kalyptastyrgan kopirmeli sozderden bas tartty Kejipkerlerdin ishki әlemine sezimine akyl ojyna kop konil boldi Eger hor partiyasy Eshilda әreketpen bajlanysty al Sofoklda mindetti bolsa Evripidta manyzdy emes Eshil trilogiyasynyn syuzheti Evripidte bir tragediyanyn kolemine syjyp ketedi Dramadagy oryndy үnemdeu үshin zhәne kobirek ajtu үshin Evripid prologty engizedi Prolog dramanyn zhalpy barysymen bajlanysty emes ol kirispe ispetti rol atkarady Sofokl әreket birligin kompoziciya kurylymyn bagalasa Evripid үshin en manyzdysy patetikalyk korinisterdi zhasau kejipkerlerdin harakterin ashyp korsetu zhәne auditoriyanyn aldynda korermenderdi tolgandyratyn filosofiyalyk etikalyk әleumettik dini mәselelerdi talkylau Antik әdebietin zertteushi M Imangazin Evripid tragediyalaryn takyryby men mazmunyna karaj eki topka bolip karastyrady Onyn biri tragediya bolsa ekinshisin әleumettik turmystyk dramalar dep korsetedi Zertteushinin pajymdauynsha Evripidtin Ion Elena Alkestida sekildi әleumettik turmystyk dramalarynda erlikpen aty shykkan kaһarmandar emes kүndelikti omirde kezdesetin karapajym adamdar omiri suretteledi Zhәne munda klassikalyk antik tragediyalaryna ruksat etilmejtin komediyalyk elementter men zhaksylykpen ayaktalatyn sәtti korytyndylar tәn dep korsetedi Evripid tragediyalarynda oz dәuirinin adam mindeti memleket pen onyn zandarynyn roli sekildi ozekti mәselelerin koterip zhaugershilik sogyska karsy shygyp religiyalyk dәstүrlerdi synga alyp adamdardyn gumanistik ideyalaryn dәriptep otyrady Evripid tragediyalarynyn obrazdary үlken sezimge ie adamdar olar oz bakyty zholynda kylmys zhasauga dejin barady da oz ary men seziminin aldynda ishtej arpalyska tүsedi Evripid mykty psiholog retinde olardyn azapka toly zhan dүniesin sheber surettej bilgen Evripidti zamandastary tolyk tүsine almady sebebi avtordyn tabigatka kogamga religiyaga katysty otkir kozkarasy sol zamangy ideologiyanyn shenberine syjmady Evripidtin bul batyl kozkarasyn ellinizm dәuirinin koptegen tragikteri bolisip ozderinin әleumettik turmystyk dramalarynda keninen surettep otyrdy Әsirese komediograf Menandrdyn turmystyk komediyalaryna erekshe әser etti Evripid dramalary rim kogamynda da tanymal boldy B z b III gasyrda algashky rim agartushysy Livij Andronik oz zamandastaryn Evripid dramalarymen tanystyrdy Livij Andronik ozi grek bolgandyktan rim sahnasyna grek tragediyalaryn sonyn ishinde Evripid tragediyalaryn kobirek shygaruga tyrysty Kornekti rim akyny Ennij de Evripid zhetistikterine sүjene otyryp oz tragediyalaryn tudyrdy Ennijdin bizge belgili 20 dramanyn 12 i grek dramasynyn үlgisinde zhazylgan Sonyn ishinde Avlidtegi Ifigeniya Medeya tragediyalarynyn prology men birneshe olenderi bizdin zamanymyzga dejin zhetken Evripid tragediyalarynyn kundylygyn rim dramaturgy Akcij de ajtyp ketken B z b I gasyrda rimdik akyn kornekti filosof Seneka Evripid syuzhetterine negizdej otyryp tragediyanyn zhana tipin tudyrdy Aristofan Evripidti tragediyalyk akyn dese Belinskij ezhelgi Grekiyanyn en romantikalyk akyny dep tanidy Evripidtin Medeya Elena Troya arulary atty tragediyalaryn orys tilinen kazak tiline akyn Қ Zhumagaliev audardy Ol Almaty kalasy Өner baspasynan 1986 zhyly zharyk kordi Tragediya Tragediyalaryn koyu үshin Evripid te Sofokl siyakty үsh akterdi koldandy Munda hor korinistin damuymen tygyz bajlanysty bolgan zhok Kejde hor әni dramaturgtin ojlary men kozkarastaryn korsetedi Kejipkerler tili zhenildep turmystyk sahnalar engizildi Mysaly olim aurudy korsetu gashyk әjeldin uajymy sahnaga balalardyn I shyguy zhәne t b Grekiyanyn klassikalyk tragediyasynyn damu үrdisi Evripid I shygarmashylygymen toktalady Ezhelgi Grekiyada tragediya salasynda budan kejin үlken shygarma zhazylmady Tragediya akyryndap tek okuga arnalgan әdebi zhanr retinde kalyptasty Onyn ornyn b z d IV gasyrdyn ortasynda dami bastagan turmystyk drama zhana attikalyk komediya basady Evripid shygarmalarynda kaһarmandyk I takyryp bәsendejdi de kerisinshe adam psihologiyasyna korshagan ortaga degen kyzygushylyk kүsheje tүsti DerekkozderAntichnaya literatura Pod red Prof A A Taho Godi Vtoroe izdanie pererabotannoe M 1973 1986 Istoriya antichnoj literatury Chistyakova N A Vulih N V L 1971 Vse shedevry mirovoj literatury v kratkom izlozhenii Syuzhety i haraktery Zarubezhnaya literatura drevnih epoh srednevekovya i Vozrozhdeniya Red I sost V I Novikov M Olimp AST 1997 848 s Plutarh Sravnitelnoe zhizneopisanie M 1999 1168s Seriya Antologiya mysli Tokshylykova G B Antika әdebietinin tarihy Almaty 2010 Imangazin M Zhәdigerler zhangyrygy Ajt 2007 2 55 58 better Istoriya antichnoj literatury Tronskij I M Moskva Vysshaya shkola 1988 Өner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet