Гидрология — су туралы ғылым. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылығын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. Мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор.
Гидрология( гидро-су және грек. logos – ілім) – табиғи суларды, оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы гидрология мұхиттар гидрологиясына (мұхиттану) және құрлық гидрологиясына жіктеледі. Құрлық гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер гидрологиясы; көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология); батпақтар гидрологиясы (); жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар гидрологиясы (гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы гидрология, гидрография, гидрометрия, инженер идрология және гидрологиялық болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану, теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді. Республика аумағындағы 85 мың өзен мен маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер, үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен тоғандар, т.б. су объектілерінің гидрологиялық жағдайы олардың география орнына, жер бедеріне және климатқа тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда жарияланып отырады.
Гидрология — табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары бойынша гидрология құрлық гидрологиясы және мұхитты зерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса бастады.
Дереккөздер
- *Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алматы, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gidrologiya su turaly gylym Gidrosferanyn kasietin dinamikasyn zhәne zherdin geografiyalyk kabygyndagy baska elementtermen ozara bajlanystylygyn zerttejtin gylym Zerttejtin obektileri bojynsha ol kurlyk gidrologiyasy zhәne muhittar men tenizder okeanologiya gidrologiyasy bolyp ekige bolinedi Sumen kamtamasyz etu elektr kuatyn alu egin suaru kopirler salu tagy baskalar Mәselelerdi sheshu zhoninde gidrologiyanyn manyzy ote zor Gidrologiya gidro su zhәne grek logos ilim tabigi sulardy olarda otip zhatkan procesterdi olardyn atmosferamen litosferamen zhәne biosferamen bajlanysyn zerttejtin gylym Gidrologiyanyn zertteu nysandaryna muhittar tenizder ozender men kolder bogender batpaktar muzdyktar topyrak zhәne zher asty sularynyn fizika himiya kasietteri zhatady Zhalpy gidrologiya muhittar gidrologiyasyna muhittanu zhәne kurlyk gidrologiyasyna zhikteledi Қurlyk gidrologiyasy zertteu nysandary bojynsha ozender gidrologiyasy kolder men bogender gidrologiyasy limnologiya batpaktar gidrologiyasy zher asty sularynyn gidrologiyasy gidrogeologiya muzdyktar gidrologiyasy glyaciologiya bolyp al zertteu bagyty men әdis tәsilderine karaj zhalpy gidrologiya gidrografiya gidrometriya inzhener idrologiya zhәne gidrologiyalyk bolzham salalaryna zhikteledi Muhittanu nemese muhittar gidrologiyasy dүniezhүz muhitta otip zhatkan fizika himiya geologiya zhәne biologiya procesterdi zerttejdi Muhittanu muhit fizikasyna fiz muhittanu teniz fizikasy muhit biologiyasy men geologiyasyna muhit gidrografiyasyna t b bolinedi Respublika aumagyndagy 85 myn ozen men mausymdyk zhylgalar 48 mynnan astam kolder үlkendi kishili zhүzdegen bogender men togandar t b su obektilerinin gidrologiyalyk zhagdajy olardyn geografiya ornyna zher bederine zhәne klimatka tygyz bajlanysty kalyptaskan Қazakstan zherinin zhazyk boliginde zhinalgan kar zhamylgysyndagy su resurstary kardyn eru rezhimi kar tүsu men kar eru kezderindegi meteorologiya zhagdajlar men topyraktyn gidrofizika ahualy t b faktorlar men derekter әr zhyl sajyn shygatyn gidrologiya zhylnamalarda zhariyalanyp otyrady Gidrologiya tabigi sulardy zhәne olarda bolatyn kubylystar men procesterdi zerttejtin gylym salasy Zher turaly gylymdar sanatyna zhatady Geofizikamen geografiyamen kobine fizikalyk geografiyanyn boligi dep karastyrylady sondaj ak geologiya zhәne biologiya gylymdarymen tygyz bajlanysty Gidrologiya pәnine gidrosfera suynyn barlyk tүrleri muhittar tenizder ozender kolder batpaktar topyrak zhәne zher asty sulary sondaj ak atmosfera sulary zhatady Zerttejtin nysandary bojynsha gidrologiya kurlyk gidrologiyasy zhәne muhitty zertteu bolyp bolinedi Gidrologiya XVII gasyrda kalyptasa bastady Derekkozder Russko kazahskij tolkovyj geograficheskij slovar Pod obshej redakciej akademika AN KazSSR prof S K Kenesbaeva i kandidata filol nauk A A Abdrahmanova Almaty Izd vo Nauka 1966 str 204 Akademiya nauk Kazahskoj SSR Institut yazykoznaniya Sektor fizicheskoj geografii Sostaviteli Zh Aubakirov S Abdrahmanov K Bazarbaev Қazak enciklopediyasy Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geologiya Almaty Mektep baspasy 2003 ӀSVN 5 7667 8188 1 ӀSVN 9965 16 512 2 O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz